Лекция. Тақырыбы: бизнес-мәдениетті қалыптастыру жоспары: Кәсіпкерлік ойлау; Кәсіпкерліктің түрлері; Кәсіпкерліктің мәні



жүктеу 82.96 Kb.
бет1/8
Дата13.11.2022
өлшемі82.96 Kb.
#23848
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
1644430967
stud.kz 6505, Инновационные методы обучения физике, Туған өлкем құралай

4-лекция.Тақырыбы:БИЗНЕС-МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жоспары:


    1. Кәсіпкерлік ойлау;

    2. Кәсіпкерліктің түрлері;

    3. Кәсіпкерліктің мәні.

    4. Бизнес үшін команданың маңызы;

    5. Командада кім болуы керек?

    6. Бизнесті дамыту кезеңдері;

    7. Ағынды күй.

1.Кәсіпкерлік ойлау
Таяуда Қазақстан дамудың келесі кезеңіне өтті. 2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бо- лашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын жария етті. Осы еңбегінде Елбасы қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап өтті: бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; елдің эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы («Рухани жаңғыру» бағдарламасы).
Кәсіпкерлер экономикалық қатынастардың қатысушылары ретінде осы үдерісте жетекші рөл атқарады. Қазақстанды және қазақстандық тауарларды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ету; әділдік пен прагматизм негізінде серіктестермен және тұтынушылармен қарым-қатынас жасау; ұлттық бірегейлікті жоғалтпай, бизнесті жүргізудің үздік инновациялық тәсілдері мен тетіктерін таңдау; бизнес-процестерге жаңа білім мен технологияларды әкелу кәсіпкерлердің қолынан келетін іс; олар елдің эволюциялық және ашық дамуына көмектеседі.
Алдағы бөлімдерде біз кәсіпкерлердің экономика үшін маңыздылығын талқы- лаймыз. Қазір кәсіпкерлердің кім екенін және олардың басқа – кәсіпкер емес адамдардан айырмашылығы қандай екенін талдаймыз.
Кәсіпкерлердің басқа адамдардан басты айырмашылығы – олар ойлаудың ерекше үш қасиетіне ие: олар белсенді, жауапты және нәтижеге бағытталған.
XX ғасырдағы менеджменттің ең ықпалды теоретиктерінің бірі Питер Друкер айтқандай, ойлау типі осындай адамдар әрқашан өзгерістер іздейді, оларға жауап береді және оларды мүмкіндік ретінде пайдаланады. Олар әлемді өзгертуге ұмтылады және осы себеппен, Evernote бас директоры Фил Либин пайымдауынша компанияларды ашады. Америкалық ин- вестор Джеймс Алтачердің пікірінше, олар сәтсіздікке төзе алады, идеяларды генера- циялай алады, осы идеяларды сата алады, осы идеяларды жүзеге асыра алады және өз қателіктеріне қарамастан, алға қарай келесі әрекеттерге ұмтылады.
«Ашока: қоғам үшін инновациялар» коммерциялық емес қорының негізін қалаушы және төрағасы, әлеуметтік кәсіпкер Билл Дрейтон олардың қиындықты көре білетін және оған жауап іздейтінін растайды. Garage Technology Ventures компаниясының басқарушы директоры, Apple Computer компаниясының алғашқы қызметкерлерінің бірі Гай Кавасаки олар үшін бизнес – жұмыс емес, болашақты өз- гертетін ақыл-ойдың күйі екеніне сенеді.
Қарапайым адам пассионарлық тәсіл принциптерін ұстамайды (мақсатқа ұмтылу және сол мақсатқа жету үшін барлығына дайын болуды білдіреді), ол өте сақ бола- ды, тәуекелге ұшыраудан қорқады және ешқашан өз еркімен ешқандай жұмысты мойнына алмайды, қиындықтардың алдында ол басын ала қашады және кім келіп, оған не істеу керек екенін айтар екен деп күтеді. Тығырықтан шығудың амалы ретінде ол кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар адамдарға үміт артады.

жүктеу 82.96 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет