Лекция Лекция тақырыбы: Волейболды дамыту тарихы Қазіргі кездегі волейбол тарихы бойынша барлық материалдардың бәрінде



жүктеу 87.77 Kb.

Дата13.09.2017
өлшемі87.77 Kb.
түріЛекция

№1. Лекция 

Лекция тақырыбы: Волейболды дамыту тарихы 

 

Қазіргі кездегі волейбол тарихы бойынша барлық материалдардың бәрінде 



негізінде  үш  жағдай  бірауыздан  бекітіледі:  туу  жылы-  1895;  страна  –  АҚШ, 

қала  –  Хелиок  (Массачусетс  штаты);  ойын  әкесі  –  дене  шынықтыру  мұғалімі 

Вильям Дж. Морган. Бірақ, осы ойын біраз ертеректе, Европада, Ресейде  және 

Азия континентінде (Қытай, Жапония, Корея) пайда болғаны туралы деректер 

бар. Кейде бұл ойын Ресейде «Жұдырық добы» деп аталған. 

Негізгі  мағлұматқа  сәйкес  Вильям  Морган  бұл  ойынды  әйгілі  баскетбол 

күшіне  сәйкес  келмейтін  орта  жастағы  бизнесмендер  үшін  ойлап  тапқан. 

Теннистік  торды  ол  197  см  биіктікке  көтерді,  және  алаңға  сиятын  кез-келген 

мөлшердегі  ойыншылар  саны  ойнай  алады.  Басқа  мағлұмат  бойынша, 

американдық  өрт  сөндірушілер  жіпті  екі  баған  арасында  керіп,  одан  резеңке 

камераны лақтыра бастаған.  

 Бірақ  осы  ойын  көпшіо-лік  алдында  алғаш  рет  1896  жылы  шілде  айында 

Спрингфилде  қаласында  христиан  жастарының  Одағы  конференциясында 

көрсетілді. 

 Ойынның  негізгі  идеясы  «допты  қолменсоққанда,  тордан  асып  ұшуға 

мәжбүр  ету»  болғандықтан,  профессор  Альфред  Т.Хальстед  оның  атын 

волейболға (ұщатын доп) өзгертуді ұсынды. Ұсыныс өте сәтті болды және жүз 

жылдан астам тарихы бар. 

1900  жылы  американдық  «Сполдинг»  фирмасы  бірінші  волейбол  добын 

дайындады,  және  сол  жылы  ойыннның  алғаш  ресми  ережелері  қабылданды. 

1912 жылы осы ережелер қайта қарастырылды. 

Біртіндеп  ойыннның  даңқы  арта  түседі.  1900  жылы  волейбол  Орта  және 

Оңтүстік  Американың  көптеген    қалаларында,  Канадада  әйгілі  бола  бастады. 

1913  жылы  ол  Маниладағы  ойындардың  Алыс  Шығыс  бағдарламасына 

еңгізілген, американдық экспедициялық әскери бөлімшесімен экспортталған ол, 

брінші Дүниежүзлік соғыс алдында Европада пайда болды. 

Мұнда  оның  даңқы  ерекше  тез  тарайды  және  барлық  континентті  жаулап 

алды.  Волейбол  кең  тараған  елдерде  –  Чехословакия,  Фанция,  СССР.  Бірінші 

ресми елдердің біріншіліктері өте бастайды. (Чехословакия, Польша). 

Қазақстанда  ерлер  волейболының  даму  тарихы  өзінің  басын  соғыстан 

кейінгі уақыттан алады. 

1948  ж.  бастап  республикалық  жарыстардың  жеңімпаздары  «СКИФ», 

«Авангард», «Медик» (барлығы Алматы қаласы), тренерлер К.Климентьевпен, 

П.Д.Деражинскиймен,  Г.Иконниковпен  бірге  кезек-кезек  сол  жылдары 

Бүкілодақтық  жарыстарға  қатысып,  турнир  кестесінің  соңғы  жолынан  орын 

алатын. Осылай 50-ж. ортасына дейін жалғасты. 

Дәл  осы  уақытта,  әлемге  қазақстандық  волейболды  ашқан  «Буревестник» 

жұлдызды  командасының  басы  қаланған.  Оның  негізін:  З.  Джаркешев, 

М.Маденов, Д.Махмутов, А.Баяхудинов, Г.Кучин – тренерлер К.В.Ильюшенко, 

Б.Н.Дмитриев құрады.  

1953 жылы бұл команда, Ташкент қаласында ақтық бөлімде (Қазан қаласы) 

Бүкілодақтық 

жастар 

біріншілігінің 



таңдаулы 

турнирінде 

барлық 

қарсыластарын жеңді, тек Ресей және Украйна командаларынан ғана жеңілді. 



Екі жылдан кейін команданы талантты волейболист (алдында «Авангард», 

«Медик»  астаналық  клубтары  үшін  қатысқан),  тамаша  тренер  және  педагог, 

спрот ұйымдастырушысы Октябрь Қыдырбайұлы Жарылқапов болды. 

Оның басқаруымен «Буресевтник» командасы республикада әрдайым күшті 

болды. Совет Одағының жетекші клубтарының шебер деңгейіне жақындады. 

1959  ж.  оның  командасы  құрамында:  З.Жаркешев,  М.Маденов, 

А.Кормановский,  Б.Козерог,  Е.Пресняков,  А.Баяхунов,  Н.Локтев,  Б.Росмяков, 

Н.Костенецкиймен  бірге,  «Локомотив»  (Киев),  «Университет»  (Ленинград), 

«Спартак»  (Вильнюс),  «Локомотив»  (Москва)  командаларымен    бәсекеде  «А» 

СКВО  (Рига)  командасымен  өтпелі  ойынға  өтуді  жеңп  алды.  Кездесу 

Свердловск  қ.  бейтарап  алаңда  өтті.  Ригалықтар  3:2  және  3.0  есепте  жеңді, 

жоғары лигамен кездесу әлі болған жоқ. 

Жас  команданың  жоспары  негізнен,  1961  ж.  Тула  қаласында  Алматының 

«Б»  класс  волейболистері  күшті  командалардың  ақтық  турнирінде  2-ші  орын 

алған  команда  Грозный  қ.  волейболистерімен  бірге,  күштілер  лигасына  кірді. 

1963  ж.  ССР  халықтар  Спартакиадасында  жаңа  табысқа  жетті.  Грузия  және 

Украйна  командаларымен  бірдей  ұпай  жинаған  олар  Қазақстанның 

құрамасында 5-ші орын алды.  

1966 ж. бастап команданы Октябрь Қыдырбайұлы Жарылқаповтың әріптесі, 

оның  алмаспайтын  капитаны  –  Заңғар  Асанханұлы  Жаркешев  басқарды. 

З.Жаркешевпен  басқарылатын  ұжымның  табысты  шыңы  «Буревестник» 

(Алматы)  1969  ж.  Ленинградта  СССР  кәсіподағының  Спартакиадасында 

жеңімпаз, одан кейін Совет Одағының чемпионы болды.  

Кейінгі  екі  жыл  қатарынан  1970  және  1971  жылдары,  Европада  ешкімге 

белгісіз  Қазақстандық  «Буревестник»  (Алматы)  командасы  Европалық 

чемпиондардың  Кубогын  сенімді  түрде  жеңе  бастады.  Ақтық  ойында 

«Буревестниктің»  Брнодан  «Зброевна  зетор»  Чехословакиялық    клубы  ек  рет 

қарсыласы  болды,  ал  оған  дейін  біздің  волейболистер,  құрамында  алты  Әлем 

Чемпионы бар, «Стяуа» (Бухарест), «Гонвед» (Будапешт), СК «Лейпциг» (ГДР) 

сияқты беделді клубтарды жеңіп жүрген. 

1948  ж.  бастап  Бүкілодақтық  жарыстарға  қатыса  жүріп,  Қазақстанның 

әйелдер  командасы  ерлер  сияқты  әлсіздер  қатарында  болып  жүрді.  ДСО 

«Еңбек» жанындағы  АҚК (Алматы құрылыс комбинаты) командасының әйгілі 

болуының  қалыптасуы  1959  ж.  басталды.  Оның  ұйымдастырушысы  және 

алғашқы тренері Борис Николаевич Дмитриев болды.  

1963  ж.  Челябинск  қаласынан  Алматыға  өзінің  тәрбиеленуші  қыздар 

тобымен  Карл  Петрович  Войнов  көшіп  келді.  Оның  басқаратын  командасы 

1967 ж. СССР халықтарының 4-ші Спартакиадасында 8-ші орын алды. 

1968  ж.  ұжымның  аға  тренері  Жұмаш  Адибекұлы  Махмутов,  ал  1970 

жылдан бастап екінші тренері болып Виктор Семенович Дьяков тағайындалды. 

Олар  республиканың  басқа  қалаларында  жұмыс  істейтін  тренерлерді 

қызықтырып және белсендедіріп жас талантты здеуге үлкен көңіл бөлді. Және 

АҚҚ-да 

Целиноградтан, 



Қарағандыдан, 

Павлодардан, 

Теміртаудан, 

Лениногорскіден,  Балхаштан  және  де  алматылықтренерлердің  тәрбиеленуші 

қыздары пайда бола бастады. Өзінің республикасының ойыншыларына бәс тігу 

команданың жинақылығының негізгі қағидасы болды.  



1971 ж. Қазақстанның әйелдер құрама командасы 8-ші орынды ала отырып 

СССР-дің 5-ші спартакиадасына қатысты.  

Команданың  ойыншылары  СССР-дің  спорт  шебері  болды,  ал  ұжымның 

жетекшісі  Д.А.Махмутовқа  және  В.С.Дьяковке  «Қазақ  ССР-нің  еңбек  сіңірген 

тренері» атағы берілді. АҚК волейболист қыздары «А» класты бірінші лиганың 

ең бір күшті командаларының абыройына ие болды.  

Арман жүзеге 1980 ж. асты, АҚК ауыспалы ойындардың торын өте отырып, 

СССР  чемпионатының  жоғарғы  лигасында  Қазақстанды  көрсету  құқығына  ие 

болды. Бірақ елдің үздік клубтарымен танысу қысқа мерзімді болды. Команда 

атаулы  ұжымдармен  күрес  тең  жүргізуге  дайын  болмады,  және  күштілер 

санында бір маусым ғана болып бірінші лигаға қайта келді. 

1982 ж. АҚК – командасын, осыған дейін республиканың мектептегі қыздар 

құрама  командасымен  жұмыс  істеген        Қазақ  ССР-нің  еңбек  сіңірген  тренері 

Нелли Алексеевна Щербакова басқарды. Ол басқарған құрама, 1978 ж. мектеп 

оқушыларының 15-ші Бүкілодақтық Спартакиадасында қола наградасын алды, 

ал  1982  ж.  16-шы  Спартакиадада  чемпион  болды.  Сол  команданың  күшті 

ойыншылары жаңа АҚК командасының қабырғасын құрады. 

Олар  1983  ж.  бірінші  лига  арасындағы  командалар  арасындағы  СССР-дің 

45-ші  біріншілігіне  аты  шықты.  24  матчтан  тұратын  жеңіліссіз  серияны 

көрсеткен  алматылық  команда  сенмді  түрде  бірінші  орын  алды  және  екінші 

қайтара Совет Одағының волейболист қыздарының күштілер класына жолдама 

алды.  


Бұл  табыс  жас  волейболист  қыздардың  басын  айналдырмай,  оларға  күш 

және  өзеріне  деген  сенімділік  берді  және  бұл  одан  үлкен  таңқаларлық 

жағдайдың себебі болды. 

1984  ж.  дейін  Совет  волейболист  тарихы,  жоғары  лига  дебютант  қыздары 

СССР  чемпионы  болғанын  естіген  емес.  АҚК  волейболист  қыздары  

чемпионаттың  үнемі  ойыншылары,  «Уралочка»  (Свердловск),  «Динамо» 

(Москва),  «ЦСКА»  (Москва)  сияқты  аты  шыққан  және  бірқатар  тәжірибелі 

командаларды жоғарғы лига   командалары арасындағы СССР Чемпионатының 

46-шы ақтық ойындарында алға шығып, осы дәстүрді бұзды. 

Командаға  сол  жылы  қатысқан:  Е.Чебукина,  И.Ризен,  Л.Перевертова, 

О.Кривошеева, С.Михолетова, М.Юрова, Л.Носенко, Н.Бабичева, Н.Фадейкина, 

И.Коновалова, Т.Миллер, С.Котова. 

Құрамында Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Ризен, Л.Перевертова, Л.Носенко 

С.Лихолетова    сияқты  жетекші  ойыншылары  СССР-дің  әртүрлі  құрамаларына 

шақырылды, ал оған дейін алдыңғы ұрпақ Н.Смолеева, Л.Берген әлемнің және 

Европаның  олимпиададаның  ойындарының  чемпиондары  және  жүлдегерлері 

болды. 

Тамаша  спортсмен  қыздарды  дайындаған  Н.А.Щербакова,  Е.Н.Кольченко, 



Е.П.Лавкин  сияқты  тренерлер  «ССР-дің  еңбек  сіңірген  тренері»  деген  елдің 

жоғарғы тренерлік атағына ие.  



 

Техникалық – тактикалық әдстерді оқыту кезеңдері 

Совет  үкіметі  кезінде  дене  шынықтыру  жүйесінде  ойынның  тактикасын 

және  техникасын  оқытудың  тұрмыстық  әдісі  қалыптасты  және  уақытпен 

тексерілді. Оқу дайындық үрдістерді жүргізудің теориясы мен тәжірибелі басқа 



ойындардағы  волейболды  оқыту  және  дайындық  4  кезеңге  бөлінеді.  Олардың 

өзара  байланысы  және  өзара  қатыстылығына  қарамастан,  оларды  шешетін, 

өзіне ғана тән мәселелері бар әрбір кезеңнің өзіндік меншігі бар. 

1. Бастапқы кезең. 

Бастапқы  кезеңге  көрсетілетін  түрдің  немесе  әрекеттің  таныстыру  және 

айналысатын адамның санасында әдістің мазмұны және үлгісін анық бейнелеу, 

ойынды жүргізу үшін тәжірибелік мағыналығын құру кіреді. 

Дайындықтың  және  оқытудың  бастапқы  кезеңінің  негізгі  үйренетін  әдәсті 

оқытушы-  тренердің  өзі  немесе  оның  техникасын  жеткілікті  білетін, 

айналысатын адамның көрсетуі болып табылдады.  

Көрсетушінің  әрекеті  түсіндірілуі  тиіс.  Әдісті  орындау  тәсілі  және  оның 

ойындағы мәні туралы бейне толық болу үшін, волейболмен айналысатындарға 

видеороликтер,  видеофильмдер,  оқу  ойындарын  және  арнайы  жарыстарды 

көрсетеді. 

Айналысушылардың  мүмкіндігін  анықтау  үшін  және  кейінгі  тәсілдерін 

және  техника  –  тактикалық  әрекеттерді  меңгеруде  табысты  қысқа  жолмен 

жетуді  таңдау,  бұл  кезеңде  өзіндік  оқу  әрекетін  жүргізу  немесе  ойын 

практикасында қандай түрде кездессе, сондай түрдегі әдістер ұсынылады. 

2. Әдістерді және әрекеттерді қарапайым жағдайларда үйрену. 

Екінші  кезеңнің  мәселесі  –  техникалық  амалдардың  орындау  барысында 

дене  бөліктерінің  қимылдарының  және  бастапқыдан  соңғы  фазаға  дейінгі 

орындалатын техникалық әрекеттерінің брізділігін жаттау.  

Бұл  мәселенің 

шешу тәсілі толық және бөлшектелген оқыту әдісі болып табылады. 

Қимыл-қозғалыстарды  орындау  және  топтастыру  техникасы  бойынша 

күрделі  және  де  басқа  іс-әрекеттермен  брігіп  ойында  орындалатын  амалдар 

жатталған  жағдайда  оқыту  процесін  жеделдету  үшін  амал  немесе  іс-әрекеттер 

құрамдас  бөліктерге  бөлнетін  және  брізділікте  жатталатын  бөлінген    әдіс 

қолданылады: 

1. бастыдан екінші дәрежеліге; 

2. белгіліден белгісізге; 

3. қарапайымнан күрделіге. 

Игеру  шамасы  бойынша  жеке  әлементтер  құрастаралыды  және  амал 

толығымен  жетілдріледі.  Жұмыс  барысында  бір  әдіс  келесіні  шығармайды, 

кейде толықтыратынын ескеру керек. 

 

3. Амалдарды күрделенген жағдайларда жетілдіру 

Техникалық  амалдар  мен  техникалық  іс-әрекеттер  ойынға  жақын 

жағдайларда орындалады. Бұның мақсаты (3 кезең) – динамикалық стереотипті 

шығару, жиі өзгеретін күрделі ойын жағдайларында жатталған амалды табысты 

қолдануға көмектесетін берік қозғалмалы дағды жасау. 

Оқу  процес  кезеңдерінен  ең  маңызды  шешмін  шешу  үшін  ойында 

кездесетін  стандартты  жағдайларды  көп  қайтара,  қайталауда  болатын 

жаттығулар  әдісі  ұсынылады  (типі:  6  зонада  допты  қабылдау;  2  зонада  допты 

қабылдау – 4 зонада лақтыру және шабуыл ұрыс). 

Сандық  қайталаулар  нақты  техникалық  амалдарды  орындаудың  сапалы 

жақсартуына  және  ойында  туындайтын  жағдайларда  тактикалық  мақсаттарды 

аз уақытта шешуге әсер етеді.  


4. Ойын жағдайларында амалдар мен әрекеттерді жетілдіру. 

Мақсат  –  ойында  техникалық  амалдар  мен  тактикалық  әрекеттерді 

қолдануда қозғалмалы дағдыны нық бекіту. Қозғалмалы дағдыны бекітуге әсер 

ететн  құрал  терінде  оқу,  оқу-жаттығу,  жаттығу  ойындарда  алдында жатталған 

амалдарды  және  тактикалық  комбинацияларды  көп  қайитара  және  арнайы 

қайталау болады. 

 

Оқыту қағидалары 

Оқыту – оқушының блімді игеру және дағдаларды дамыту заңдылықтарына 

сәйкес  құрылатын  педагогикалық  үрдіс.  Әрбір  жаттығу  нақты  мақсаттарды 

шешуге  бағытталған  және  дидактикалық  қағидаларғы  сәйкес  орындалады. 

Сондықтан  да,  мұғалім,  жаттықтырушы  жаңа  амалды  түсіндіре  отырып,  оның 

мақсатын  айтуы,  содан  соң  оқушыны  ойында  амалды  орындау  жағдайына 

тікелей байланысты болатын бөліктермен таныстыруы қажет. 

 

Саналылық және белсенділік қағидасы. 

Қағиданы сақтау мұғалімнен оқушылар алдына нақты мақсаттарды қоюды 

талап етеді:  мұғалім балаларды сабақ үстінде болып жатқанды толық талдауға 

үйретеді;  жолдастарының  жетістіктерін  бақылауға;  орындалған  қателерді 

бағалауға және жеке өзі түзетуге үйретеді. 

 

1.  Көрнекілік  қағидасы  дайындалушыларда  белгіл  фактілер,  құбылыстар, 

әрекеттер  туралы  айқын  және  нақты  түснікті  көрнекті  құралдардың  немесе 

техникалық оқыту құралдардың көмегі арқылы туғызу қажеттілігінен шығады. 

Көрнекілік  оқушыларда  оқылатын  материалға  қызығушылығын  тудырады, 

жаттығуларды  игеру  үрдісін  жеңілдетеді,  қозғалмалы  дағдыларды  берік 

бекітуге  әсер  етеді.  Көрнекілік  қағидасын  іске  асырудың  аса  тиімді  құралы 

амалды  (әрекеттерді,  жаттығуларды)  оны  орындау  техникасын  түсіндірумен 

бірге үлгілі көрсету болып табылады. 

Көрнекілік  қағидасын  жүзеге  асыру  барысында  келесі  әдістемелік 

амалдарды қолдану қажет: 

1. жаттығулардың көрсетілуін түсіндірумен бріктіру: 

2.  көрсетудің  барлық  түрлерін  қолдану  (жаттығуды  қалыпты  немесе 

баяулатылған темпте орындау, бөлулерде немесе бірге және т.с.с.); 

3. көрнекті құралдарды кеңінен қолдану (фотосуреттер, кестелер, плакаттар, 

сызбалар,  кинограммалар,  макеттер,  бейнежазбалар),    оқу-жаттықтырушы 

сабақьарды, оқыту ойындарын және сайыстарды (комментариялармен) қарауды 

жүргізу; 

4.  өткен ойындарды  таңдау, жеке  ойыншылардың және  толық  команданың 

әрекеттерін сипаттау. 

Көрнекілік  қағидасы  оқытудың  және  жаттығудың  барлық  кезеңдерінде 

қолданылады. 

2.  Қол  жетушілік  қағидасы    оқушылардың  алдына  олар  үшін  қиын 

мақсаттар  қоюда  және  оларды  іске  асыруға  сондай  құралдарды  таңдауда 

болады.  Оқу  материалын  балалардың  жеке  жас-жыныстық  ерекшеліктеріне 

және  дайындық  дәрежесіне  сәйкес  таңдау  керек.  Осы  жағдайларды  дұрыс 



сақтау  олардың  сабақ  үлгерімін  жоғарылатуға,  сабаққа  аса  белсенді 

қатынасуына әсер етеді. 

Аса  күрделі  техникалық  амалдырды  үйрету  барысында  дайындық  және 

теңестіру 

жаттығуларды 

қиындық 


дәрежесі 

бойынша 


оларды 

дайындалушыларға  рұқсат  етлген  және  сол  уақытта  оларды  орындау 

барысында  белгілі  күш  салулар  талап  етлген  есеппен  қолданылу  тиіс.  Бұл 

белгілі  жаттығуды  орындауға  қызығушылық  туғызады  және  аса  үлкен 

қиындықтарды жеңу дағдысын тәрбиелеуге әсер етеді. 

Егер  жаттығуларды  тым  жеңілдетсе,  онда  олар  дайындалушыларға  үлкен 

қызығушылық  пен  белсенділк  тудырмайды,  мақсатқа  жетуде  жгер  мен 

қайсарлығын  тәрбиелеугеәсер  етпейді.  Аса  күрделі  тапсырмалар  балалардың 

физикалық 

және 


моральдық 

күштерін 

үзеді, 

сабақтарға 



деген 

қызығушылықтарын  төмендетеді.  Балалрмен  жұмыс  істегенде    екі  жақты 

ойындарды  өткізу  және  сайысқа  қарсыласты  таңдау  барысында  рұқсат  ету 

қағидасын жүзеге асыру өте маңызды. 



3.  Жүйелілік  және  бірізділік  қағидасы  жаңа  материал  оқытылғанмен 

ұштасады,  біртіндеп  білімдері,  дағды  мен  шеберлігі  кеңейтіледі  және 

тереңдетіледі.  Оқытудағы  жүйелілік  оқу  үрдісін  толықтай  және  оның  жеке 

кезеңдерін дұрыс жоспарлаумен жетеді.  

Оқытуды  басты  амалдардан  және  оладыорындаудың  негзгі  тәсілдерінен 

бастау керек, содан кейін екіншісіне көшу қажет. Негзгі амалдарды игеру басқа 

амалдарды және оларды орындау тәсілдерін игеруге алғы шарттарды туғызады. 

Оқытуда жүйелілікті қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді ұстану қажет: 

1. Оқылатын материалдарды бірізділік және бртіндеп күрделендіру керек; 

2. бастыдан екіншіге өту; 

3. жеңілден қиынға; 

4. қарапайыимнан күрделіге. 

Тактикалық  комбинациялар  жеңілден  күрделні  де  оқытады.  Күрделілер 

қарапайымдылар  негізінде  оқылады:  алғашқысында  ек-үш  ойыншылардың 

содан  соң  барлық  команда-ойыншылардың,  содан  соң  барлық  команданың 

өзара әрекет етуі. 

Жеке  бр  сабақта  және  бір  сабақтан  келесі  сабаққа  жұмыс  көлемін  жүйелі 

ұлғайту  маңызды  болып  табылады.  Жұмыс  көлемін  бртіндеп  ұлғайту  жарақат 

алудың алдын алудың міндетті шарты болып табылады. 

 

5.  Беріктілік  қағидасы    білімді,  дағдыларды  және  шеберлікті  игеруді 

ұйғарады.  Бұл  қағиданы  іске  асырудағы  шешші  міндеттерде  оқылған 

материалдарды  қайталау  және  әрекеттер  амалдарын  жетілдіру  болады.  Берік 

дағдыларды  қалыптастыру  үшін  жаттығулар  тек  әдеттегі  жағдайларда  ғана 

емес,  ауыспалы  күрделі  жағдайларда  да  қайталанады,  бірақ  жаттығуларды 

орындауда  дағдыларды  жетлдіру,  егер  тек  оқушылар  оларды  орындаудың 

дұрыс  амалдарын  игерген  жағдайда  ғана  болады.  Ойын  дағдылары  мен 

шеберлікті берік игеру, оларды пайдалану оқушыларда ойын шығармашылығы 

мен белсенділігін дамытуға әсер етеді. 



6.  Теорияның  практикамен  байланысы  қағидасы  оқылатын  теориялық 

жағдайлардың ойынның техникасы мен тактикасына үйретумен, үйренушілерде 

дағдыны  және  шеберлікті  қалыптастырумен,  қозғалмалы  қасиеттерді 


шығарумен, денешынықтыру жаттығуларды сабақтарының барысында гигиена 

талаптарын байланыстылығында болады. 



Тәрбиелеуші оқыту 

Оқытуда  әрдайым  тәрбиелік  сипаты  болады.  Сондықтан  тәрбие  беру 

қағидасын дұрыс сақтау тек оқыту тиімділігін ғана емес, дайындалушылардың 

тұлғалық  даму  үйлесімділігінде  де  жоғарылатады,  ал  ол  өз  кезегінде  олардың 

тұлғааралық  қарым-қатынастар  мен  өзара  әрекеттердің  жақсаруына  әрекет 

етеді.  


1. 

Жаттықтырушы-оқытушының  жеке  мысал  қағидасы  көбінесе, 

барлығында болмаса да, дайындалушылардың жаттығу үрдісіне және күнделкті 

жұмыста  қоғамдық-құқықтық  нормаларды  сақтауға  қатынасын  анықтайды. 

Жаттықтырушы-оқытушы,  ең  басты,  өз  кәсібіне  берілген,  командалық 

мүдделер  мен  нәтижелерге  жету  үшін  өзінің  тұлғалық,  өмірлік  игіліктерінен 

безуге  даяр  адам.  Жаттықтырушы-оқытушы  әділ  болуы  тиіс.  Бұл  дегеніміз  – 

жоғары  дамыған  зияткерлікпен  үйлесетін  жетклікті,  өмірлік  және  кәсіби  ие 

болуы тиіс. 

Жаттықтырушы-оқытушы – қатал ең басты өзіне-өзі шекті талап етуші болу 

міндет.  Топ  мүшелерінің  дайындық  және  жүріс-тұрыс  үрдісі  талаптары  мен 

нормаларын 

кез-келген 

ауытқушылықтары 

жаттықтырушы-оқытушы 

назарынан тыс қалмауы керек және тиісті бағасын алу міндет. 

Жаттықтырушы-оқытушы – команда мүшелерінің арасындағы өзара қарым-

қатынастарда,  дайындық  үрдісінде,  әлеуметтік-тұрмыстық  сыйақыларды 

бөлуде әділ жүргізуші. Барлық осы сапалар үйлесімділікте көрінуі қажет және 

біреуінің испертрофиясы келесіні толтыра алмайды. Мысалы, артық қатал болу 

зияткерлік шектеулгін толтырмайды және керісінше. 

2.  Педагогикалық  этика  және  өмірлік  нормалар  ережелерін  сақтаумен 

қолданылатын көтермелеу және жазалау қағидасы дайындық үрдісіне жасампаз 

қатынасын белсенді етеді. 

3.  Жан-жақтылық  қағидасы  тек  кәсіби  шеберлікке  ие  болуды  ғана  емес, 

жоғары азаматтық патриотизмге және кең жалпы білім беру аясына ие болуды 

ұйғарады.  

4.  Бақылау  және  еңбек  нәтижелері  қағидасы,  ең  біріншіден,  өзін 

жаттығуларға  қатысуды  есепке  алуда  байқалады,  және  оқылатын 

материалдарды игеруде табысты көрінеді. Бұл қағида көтермелеу және жазалау 

қағидасымен өте тығыз байланысты болуы керек. 

 


Әдебиеттер: 

 

Негізгі: 

1. Ариянц А.Г. Волейбол. М., ФиС., 1986 

2. Айриянц А.Г. Волейбол. Правила соревнований., 1992 

3.  Вершинский  Е.В.  Спортивные  игры.  Гл.  «Волейбол».,  под  редакцией 

Козлова М.С., 1962 

4. Железняк Ю.Д. 120 уроков по волейболу. М., 1965 

5. Амалин М.Е. Тактика волейбола. М., 1962 

6. Ивойлов А.В. Тактическая подготовка волейболистов. М., 1960 

7.  Ивойлов  А.В.,  Ахрема  А.,  Герман  К.Б.  Волейбол  /тактика,  техника, 

тренировка/. Минск, 1992 

8. Клещев Ю.И. Тактическая подготовка волейболистов. М., 1963 

9. Чехов О.С. Основы волейбола. М., ФиС, 1989 

10.  Андрушишин  И.Ф.,  К.В.  Ильющенко  Учебное  пособие  для 

физкультурных вузов Алматы, 1999. 

11.  Матвеев  Л.П.  Теирия  и  методика  физического  воспитания.  -  М:ФиС  

1991 

 

Қосымша: 



1.  Алиханов  С.И.  Исследования  нападающих  ударов  в  волейболе  методом 

акселерации. Теория и практика физической культуры. М., №5, 1960 

2. Голомозов В.А. Обоснование техники и тактики игры. Минск, 1962 

3. Фурманов Д. Волейбол. М., ФиС., 1963 



 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал