Лекция: 20 Семинар 10 СӨЖ 30 соөЖ 30 Аралық бақылау 4 Консультация 2 Емтихан: 3



жүктеу 495.5 Kb.

бет2/4
Дата08.01.2017
өлшемі495.5 Kb.
түріЛекция
1   2   3   4

Пайдаланылатын әдебиеттер: 

 

 



1. Дәрімбетов Б. Тазару: әдеби сын. –Алматы: Жазушы, 1991.151 б. 

2. 

Алпысбаев 

Қ. 

Поэма 


және 

сюжет.–Алматы:Қазақ                                                                

университеті, 1992. – 124 б. 

3.  Майтанов  Б.  Суреттеу  мен  мінездеу.  –  Алматы:  Қазақ 

универститеті, 1991. – 46 б. 



4.  Әшімбаев  С.  Шындыққа  сүйіспеншілік.  –  Алматы:  Жазушы, 

1993. – 624 б. 



5.  Қирабаев  С.  Әдебиетіміздің  ақтаңдақ  беттері.–Алматы:Білім, 

1995. – 287 б. 



6.  Әдебиеттану  ғылымына  кіріспе.  –  Алматы:  КазПИ, 1996.  – 199 

б. 


7.  Майтанов  Б.  Қазақ  романы  және  психологиялық  талдау.  – 

Алматы: Санат, 1996. – 335 б. 



 8. 

Әдебиеттану  терминдер  сөздігі  /Құраст.:  З.Ахметов, 

Т.Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б. 

 9.  Исмакова  А.С.  Казахская  художественная  проза.  Поэтика, 

жанр,  стиль  (начало  ХХ  века  и  современность).  –  Алматы:  Ғылым, 

1998. – 392 с. 

      10.  Ысқақұлы  Д.  Сын  жанрлары:  Оқу  құралы.  –  Алматы:  Санат, 

1999. – 288 б. 



11.  Ақшолақов  Т.  Көркем  шығарманың  эстетикалық  табиғаты: 

Зерттеу. Толықт. 2-бас. – Алматы: Ғылым, 2001. – 338 б. 



12.  Қирабаев  С.  Ұлт  тәуелсiздiгi  және  әдебиет:  Зерттеулер  мен 

мақалалар. – Алматы: Ғылым, 2001. – 448 б. 



13.  Аманшаев  Е.  Албасты  туралы  аңыз:  Проза,  драматургия, 

әдебиеттану. – Алматы: Өлке, 2001. – 288 б. 



14.  Дәдебаев  Ж.  Жазушы  еңбегi:  Жазушының  өмiр  шындығынан 

өнер  туындысын  жасау  шеберлiгi.  –  Алматы:  Қазақ  университетi, 

2001. – 340 б. 

15.  Жұмабек  С.Е.  Сын  әуенi:  Әдеби  ой-толғаныстар.  –  Астана: 

Елорда, 2001. – 288 б. 



16.  Кәрiбаева  Б.  Қазiргi  қазақ  әдебиетiнiң  көркемдiк  даму 

арналары: Зерттеу. – Астана: Елорда, 2001. – 312 б. 



17.  Кәрiбаева  Б.  Қара  өлең  және  лирика  /ҚР  Бiлiм  және  ғылым 

министрлiгi.  –  Алматы:  Ы.Алтынсарин  ат.  Қаз.  бiлiм  Акад.  Респ. 

Баспа каб., 2001. – 173 б. 

18.  Кекiлбайұлы  Ә.  Үш  белес:  Көсемсөздер.  –  Алматы:  Арыс, 

2001. – 261 б. 



19. Нарымбетов Ә.Қ., Омарбекова Д. Қазақ әдебиетi: Әдебиеттану, 

сын  және  өнердiң  библиографиялық  көрсеткiшi.  Т.  5:  1965-1966.  1-



бөлiм  /ҚР  Бiлiм  және  ғылым  министрлiгi,  М.О.  Әуезов  атындағы 

Әдебиет және өнер институты. Орталық ғылыми кiтапхана. – Алматы, 

2001. – 278 б. 

20. Нұрғали Р. Драма өнерi: Зерттеу. – Алматы: Санат, 2001. – 480 

б. 


21.  Ысқақұлы  Д.  Сын  өнерi:  Әдеби  сынның  теориясы.  –  Алматы: 

ҚАЗақпарат, 



      22.  Ахметов  М.З.  Образы  певцов  и  поэтов  в  художественной 

литературе: Монография. – Алматы: Фараб, 2001. – 107 с. 

 2001. – 304 б. 

23. Есмагулова Г.Ж. Экзистенциальная идея свободы в творчестве 

М.Жумабаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 51 с. 



24.  Кадиялиева  А.Ж.  Художественный  образ  и  художественное 

произведение  (в  аспекте  изучения  творчества  русских  писателей  ХХ 

века  и  русско-казахских  литературных  связей):  Монография.  – 

Алматы: Ғылым, 2001. – 370 с. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тәуелсіздік жылдардағы әдебиет» пәнінен лекция – семинар 

сабақтарының тақырыптары 

 

1-лекция. 1991-2001жж. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде.  

 

Тәуелсіздігіміздің  алғашқы  он  жылы  және  бір  ақиқатты  еске  салып 

отыр.  Ол  –  уақыттың,  уақытпен  бірге  қоғамның,  адамның  әп-сәтте 

өзгеретіндігі.  Он  жыл  бізге  әжептәуір  мерзім  көрінсе  де,  тарих  үшін 

қас қағым сәт. Сол көзді ашып жұмғандай шақта еліміздің қоғамдық 

құрылысы  нарықтық  жүйеге  көшіп  үлгерді.  Өндіріс  құрал-

жабдықтарына  қоғамдық  меншік  сатылып,  қазына-байлық  негізінен 

жеке  меншік  иелігіне  ауысты.  Рухани  салада  сөз  бостандығына  жол 

ашылып,  баспа, 

ақпарат 


құралдары 

тоталитарлық 

цензура 

бақылауынан құтылып, еркін тыныстай бастады. Адамның өзі де көп 

өзгеріп, “жаңа қазақ”, “жаңа орыс” типтері пайда болды, т.т. 

 

Студенттің өзін - өзі тексеру сұрақтары:  

 

1. Тәуелсіздік жылдардағы әдебиет пәнінің мақсат-міндеттері 



2. Жаңаша талдау технологиялары 

3. Әдебиеттің даму процесін әлемдік мәдениет контексінде қарастыру 

 

2-лекция. Тәуелсіздік жылдардағы проза жанрының дамуы.  

 

 



Тәуелсіздiк  дәуiрi  он  жылдық  әдеби  процесс  арнасын  жаңа 

бағытқа  бұрды.  Ел  көңілінің  гүлiн  ашқан  әдеби  дәуiрдiң  алғашқы   

жемістерін  тере  де  бастадық.      Сөз  өнерiнiң    зор  саласы  –  проза, 

жетекші жанры –  роман бабында екені ерекше қуантады.  Әбдіжамил 

Нұрпейісовтің 

“Соңғы 


парыз” 

роман-дилогиясы, 

Зейнолла 

Қабдоловтың  “Менің  Әуезовiм”  роман-эссесі,  Шерхан  Мұртазаның 

“Ай  мен  Айша”,  Мұхтар  Мағауиннің  “Мен”,      Қалихан  Ысқақовтың 

“Ақсу  –  жер  жаннаты”,  Рамазан  Тоқтаровтың  “Абайдың  жұмбағы”, 

Әкiм Таразидiң “Жаза”, Төлен Әбдiковтың “Парасат майданы”, Софы 

Сматайдың  “Жарылғап  батыр”,  Қабдеш  Жұмаділовтың  “Дарабоз”, 

Қалмұқан  Исабаевтың  “Шоң  би”,  Баққожа  Мұқайдың  “Өмірзая”,  

Оразбек Сәрсенбайдың  “Шеңбер”, Кәдірбек Сегізбайдың  “Беласқан”, 

Бексұлтан  Нұржекеұлының  “Әйел  жолы  жіңішке”,  Тұрсынхан 

Зәкенұлының  “Көк  бөрiлердiң  көз    жасы”,  Жанат  Ахмедидiң 

“Шырғалаң”,  Хасен  Әдiбаевтың  “Отырар  ойраны”,  Ұзақбай 

Доспамбетидiң  “Қызыл  жолбарыс”,  Асқар  Алтайдың  “Алтай 

новелласы”,  Әлiбек  Асқардың  “Өр  Алтай,  мен  қайтейiн  биiгiңдi”, 

Смағұл  Елубайдың  “Мiнәжат”,  Тынымбай  Нұрмағамбетовтың 



“Айқай”  атты  шығармалары,  т.б.  қазақ  прозасының  он  жылдығы  аса  

шабытты, мол табысты еңбек кезеңіне айналып кеткенін көрсетеді. 

 

Студенттің өзін - өзі тексеру сұрақтары:  

 

1.

 



Проза жанрының дамуы 

2.

 



Түр мен жаңашылдық, ізденістер 

3.

 



Қазақ прозасының жетістіктері 

 

 



3-лекция.  Алғашқы  онжылдықтағы  жарық  көрген  повесть-

хикаяттарға шолу.  

                         

Бүгінгі  шындықты бүгін бейнелеп беруге оңтайлы эпос түрі – әңгiме, 

одан соң повесть. Әңгiме адам өмiрiндегi  тұтқиылдан кездесетiн бiр 

оқиғаға,  эпизодқа  арқа  тiреп  жазылса,  повестiң  шаруасы  күрделiрек. 

Повесть яки хикаят бірер не әлденеше  оқиғаны қат-қабатымен, дәуiр-

дәуiрiмен суреттеуге неғұрлым ебдейлі жанр. 

 

Тәуелсіздіктің он жылы ішінде туған повестердің баяны – халық 



өмірінің  кешегі  күндерінен.  Өткен  шақпен  есеп  айырысады.  Бүгінгі 

нарық заманы тақырыбынан жазылғаны саусақпен санарлық. Бiрақ аз 

жазылса да, саз жазылып жатқанын баса айтуымыз керек. Бiр хикаят  

нарықты  сынай  отырып,  жақтайды,  адам  тiрлiгiне  жаңа  тыныс 

бергенiн алға тартады. Екiншiсi, нарық пен демократияның ел өмiрiне 

әкелген кесiрлi жақтарына шүйiледi.   

Қай тақырыпқа қалам сiлтесе де бүгiнгi повесть атаулы таптық 

тұрғыға  тұтылудан,  не  жазса  да  ресми  нұсқау-нормативтерге  дөп 

тимей кете ме деп алаңдаудан әмiсе азат. Кеңестiк санаға өзiн қарсы 

қоятын  сана  қалыптасты.  Ендiгi  шығармалар  iзденiске  бай.  Дүниенi 

жаңаша  сезiну,  еркiн  ойлап,  ойлағаныңды  ашық  жазу    бұрын  қалам 

тартылмаған  проблемаларға,  аттап  баспайтын  материалға  жол  ашты, 

образды  өмiр  философиясын  жасауға,    руханият,  инсаният  өлкесiне 

терең де батыл бойлауға мүмкiндiк бердi.      

 

 

Студенттің өзін - өзі тексеру сұрақтары:  



 

1.

 



Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ повесі 

2.

 



Қазақ повестеріндегі аштық, репрессия тақырыбы 

3.

 



Қазақ повестеріндегі кейіпкерлер келбеті 

 

 



 

4-лекция. Әңгіме жанрының Тәуелсіздік жылдарда дамуы.  

 

Қазақстан  тәуелсiздiк  алғалы  да  он  жылдан  аса  уақыт  өттi. 



Осынау  айналдырған  он  жылдың  iшiнде  елiмiзде    айта  қаларлықтай 

өзгерiстер мен жаңарулардың болғаны  айдай ақиқат. Заң да, заман да, 

қоғам  да  өзгердi.  Өтпелi  кезең  деп  ат  қойып,  айдар  таққан 

тәуелсiздiктiң  алғашқы  жылдары  адамдардың  ой-санасы  мен  мiнез-

құлқында  да  өзгерiстер  болмай  қойған  жоқ.  Жаңа  заманға  сай  жаңа 

адамдардың типi пайда болды. 

Тәуелсiздiк    ұлттық  жаңғыруларға  кеңiнен  жол  ашты.  

Нарықтық  қатынастарға  көшу  барысында  түрлi  қиыншылықтарды 

басымыздан  кешiрдiк.  Осындай  түбiрлi  өзгерiстер  көптеген  қазақ 

қаламгерлерiнiң  қиялына қанат бiтiрiп, шабытына шабыт қосты. Оны 

соңғы он жылда (1991-2001) жарық  көрген қазақ әңгiмелерiнен анық 

аңғаруға болады. 

М.Мағауин, 

Ш.Мұртаза, 

Қ.Жұмадiлов, 

Б.Нұржекеұлы, 

Қ.Түменбай,  Н.Ораз,  Т.Ахметжан  сынды  қаламгерлер  осынау  шағын 

жанрдың көсегесiн  көгертуге әжептәуiр үлес қосты.  

 

 

Студенттің өзін - өзі тексеру сұрақтары:  



 

1. М. Мағауин әңгімелеріндегі кейіпкерлерді талдау 

2. Ш. Мұртаза әңгімелеріндегі ұлттық характер көрінісі 

3. Т.Ахметжан, Б.Нұржекеұлы әңгімелеріндегі әлеуметтік талдау 

 

 

 

 

 

5-лекция. Тәуелсіздік жылдардағы лирика. 

 

Қазақ  елi  тәуелсiздiкке  қол  жеткiзген  1991  жылғы  атаулы 



күннен жаңа қоғамдық дәуiр, жаңа тарихи кезең басталды. Осыған 

орай,  тәуелсiздiк  жылдарындағы  қазақ  поэзиясының  мақсат-

мұраты,  тыныс-демi,  өрнек-айшықтары  да  жаңаша,  өзгеше  болып 

қалыптаспағы заңды болатын. Алдымен кешегi кеңестiк замандағы 

идеология  келмеске  кеттi.  Тәуелсiздiк  мұраттарын  тәуелсiздiк 

алғаннан кейiн қалай жырлау керектiгi жөнiнде қалыптасқан қағида, 

дайын  қалып  жоқ-тұғын.  Қазақ  поэзиясы  өзiнiң  дәстүрлi  даму 

арнасынан  ауытқымаса  да,  мазмұндық,  көркемдiк,  идеялық  жаңа 

шешiмдер табуға ұмтылды. Тоқсаныншы жылдардың бас кезiнде-ақ 


ұлттық мүдде, елдiк мұрат дейтiн ұғымдарға ерекше екпiн түсiрiле 

бастаған.  

Ұлттық сананың, тарихи сананың оянуы өткен жолымызға қайта 

үңiлтiп,  қаншама  жылдар  бойы  айтылмай,  жазылмай  келген 

ақиқаттың  ақ  таңдақтары  мен  қара  таңдақтарын  анықтауға, 

жүрiп  өткен  асуларымыз  бен  алдық  деген  асқарларымыздың 

қаншалықты тарихи маңызы болғанын бағалауға, мәдени, әдеби 

әлемiмiздегi  жарық  жұлдыздарымыздың  тарихи  әдiлеттi  орнын 

тануға мүмкiндiк ашты. 

 

Студенттің өзін - өзі тексеру сұрақтары:  



 

1.

 



Тәуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясы 

2.

 



Ақындар поэзиясындағы ұлттық мүдде, елдік мұрат 

3.

 



Поэзия  саласындағы  мазмұндық,  көркемдік,  идеялық  жаңа 

шешімдер 

 

 

6  –  лекция.  Махаббат  тақырыбы  –  Тәуелсіздік  жылдардағы 



қазақ прозасында.  

 

 



Әр жаңа уақыт әдебиетке өз тақырыбын ала келеді. Сөз өнерінің 

ежелден сіңісті тақырыптарына жаңа ырғақ, екпін қосады. Бірақ  түп 

тамырымен  өзгерте  алмайды.    Махаббат  секілді  мәңгілік  тақырып 

әлемдік  әдебиеттің  барша  кезеңінің,  бар  жанрының  өзегі.  “Қыз, 

бозбала  жиылмай,  тойдың  сәні  келмейді”  дейтіндей,  махаббат 

боздақтарынсыз  әдебиет  сәні  келмейді.  Прозаның  кесек  жанрының 

“роман”  аталуы    оның  асық  жүректерді  жырлайтын,  ер-әйелдің 

бөлекше  жарастығын  шертетін  табиғатына  мезгейді.    “Бұлардың 

арасында  роман  болған”  деген  тіркесті  жиі  естиміз.  “Махаббатсыз 

дүние  бос”,  -  депті  ұлы  Абай.  Ғашық  жүректердiң  күйдiм-

жандымынсыз роман да бос.  Махаббатсыз роман тұл. Жалынсыз бос 

сөз. 


Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  бір  әлеуметтік-экономикалық 

жүйенің  екінші  жүйені  ауыстыруына  дөп  келді.  Өтпелі  кезең 

халық  бұқарасына  оңайға  соққан  жоқ.  Ел  тұрмысы  құлдырай 

төмендеді.  Тұрмыс  тауқыметін  тарту  рухани  құндылықтардың 

арзандауымен  тiркестi.  Зинақорлық  деген  кінәрат  етек  ала 

бастады.  Міне,  осы  қиын-қыстау  кезеңде  қазақ  әдебиеті  ежелгі 

қымбат  рухи  асыл  мұраттарынан  көз  жазып  қалған  жоқ.  Секс 

культi  әдебиетімізге  елеулі  нұқсан  тигізе  алмады.  Махаббаттың 



ақ  туын  желбіреткен  жаңа  романдар  бірінен  кейін  бірі  жарық 

көргені  айтылғанға  толық  дәлел.    Қай  заманның  материалына 

жазылса  да,    махаббат  тақырыбы    ар-инабат,  биік  моральдық  

талап деңгейiн берiк ұстанған бағытынан жазбады. 

 

Студенттің өзін - өзі тексеру сұрақтары:  

 

1.



 

Махаббат тақырыбындағы романтикалық повестер 

2.

 

Тәуелсіздік жылдардағы махаббат тақырыбының жаңа қыры 



3.

 

Махаббат тақырыбы, биік моральдық талап деңгейі 



 

 

 



 

7

 

– лекция. Тәуелсіздік жылдардағы көркем әдеби сын.  

 

 



 

     Қазақ  әдебиетi  мен  қазақ  әдеби  сыны  құстың  қос  қанатындай,  егiз 

қатар  келе  жатқан,  көркем  ойдың  екi  арнасы.  Бiрiнсiз  бiрiн  толық 

танып бiлу қиын. Оның үстіне әдебиет сынын әрдайым әдеби дамумен 

сабақтас,  тығыз  қарым-қатынаста  өркендеп  келе  жатқан  әрі 

көркемдiк-эстетикалық  ойдың  өзіндік  заңдылықтарына  арқа  сүйей 

отырып  қалыптасатын  іргелі  саласы  ретінде  қарастырсақ,  оның 

көптеген  ерекшеліктері  айшықталып  көрінеді.  Ең  алдымен  әдеби-

көркем  сынның  бірнеше  ғасырлар  бойында  іргесі  қаланып,  өзіндік 

танымдық-көркемдік белестеріне қол жеткізген төл туындылар тізбегі 

–  яғни  төл  тарихы  қалыптасқан.  Уақыт  сынынан  мүдірмей  өткен, 

сөйтіп бүгінгі оқырманмен де жүздесіп  отырған сандаған туындылар 

дүниеге келді.   

Қазiргi  қазақ  әдебиетi  айтулы,  iрi,  шынайы  көркем  дүниелерге 

ие  болған,  өскен,  өркендеген  әдебиеттердiң  қатарында.  Соңғы 

жылдары  ақталған,  әдебиет  тарихына  қайта  оралған,  айтулы  алаш 

арыстары  негiзiн  қалаған,  М.Әуезов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов, 

С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  I.Жансүгiров,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсiрепов, 

Ғ.Мұстафин сияқты әдебиет классиктерi  шаңырағын көтерген қазiргi 

қазақ  әдебиетi  оның  әр  жанрдағы,  әралуан  тақырыптағы  көркем 

туындылары әлемдiк көркемдiк оймен қанаттас дамуда. Қазіргі әдеби 

сыны, оның бүгінгі тарихи деңгейі де айта қалғандай өреге көтерілген. 

Әсiресе егемендiк алғаннан кейiнгi жылдары жарық көрген әдеби-сын, 

әдеби-эстетикалық талдау еңбектерi қазiргi әдеби процесiмiздiң даму, 

өркендеу  бағытында  екендiгiн,  көркемдiк-эстетикалық  танудың  жаңа 

белестерiне қол артып отырғандығын анық аңғартып отыр.  



 

 

 



Студенттің өзін - өзі тексеру сұрақтары:  

 

1.



 

Тәуелсіздік жылдардағы сынның орны 

2.

 

Ғалымдардың сыни шығармалары 



3.

 

Қазақ баспазөзіндегі сынның қызметі 



 

 

 



 

8  –  лекция.  Әдебиеттану  ғылымының  Тәуелсіздік  жылдардағы 

дамуы.  

 

Тәуелсiздiк  тұсында  қазақ  әдебиеттану  ғылымы  ұлттық  сөз  өнерi 



тарихын,  оның  танымал  тұлғаларының  өмiрi  мен  шығармашылық 

мұраларын талдап таразылау ісін кең жолға қойды. Әсiресе, кеңестiк 

жүйе  тұсында  қалың  көптiң  назарынан  тыс  қалып  келген  әдеби-

мәдени  мұраларды,  ел  үшiн  ерен  еңбек  еткен  тарихи  тұлғаларды, 

халық жадынан шығып, ұмытыла бастаған көне кезеңнiң жәдiгерлерiн 

т.т.  жинап-жариялау  мен  бастыруда  айтарлықтай  еңбек  еттi. 

Халықтың  дәстүрлi    мәдениетiн,  әдеби-рухани  мұрасын  зерттеу  мен 

зерделеу  жолындағы  алуан  iзденiстерде  қоғам,  өмiр,  уақыт  тынысы 

негiзгi назарда болды. 

  Әдебиеттану  ғылымындағы,  әсiресе  тәуелсiз  онжылдықтағы 

жетiстiктердi 

айтқанда, 

бiрсыпыра 

зерттеу 


еңбектерiнiң 

мемлекеттiк  тұрғыдан,  әдебиет  жұртшылығының  тарапынан 

жоғары бағаланғандығын алдымен атап өту керек. 

 

 

Студенттің өзін - өзі тексеру сұрақтары:  

 

1.

 



Қазақ әдебиеттану ғылымының дамуы 

2.

 



Әдебиеттану ғылымы тәуелсіздік жылдарда 

3.

 



Тәуелсіздік жылдардағы ғалымдар еңбектері 

 

 



 

 

 

 

 

 

9  –  лекция.  Тәуелсіздік  жылдардағы  тарихи  роман:  ел,  жер, 

ұлт тағдыры.  

 

Тарихи роман жайдан-жай жазылмайды. Өзі дүниеге келген  



уақыт зәрулігіне бұл жанр да қызмет етпек. Және қызметі бүгінгі 

заман  тақырыбына жазылған шығармадан кем соқпауы тиіс. Толық 

қанды тарихи романды алғаш рет жанр есебінде туғызып 

қалыптастырған Вальтер Скотт бiр кезде  Наполеон Бонапарт пен 

революция талқандаған ескі тәртіпті  көксеген. Сол  романшы секілді 

ескіні көксейді деді ме, кешегі тоталитаризм өткенге үңілуді жақтырта 

бермейтін. Өзімен бірге сөз бостандығын, еркіндігін қоса ала келген 

тәуелсiздiгiмiздiң көк байрағы азат ел аспанында желбiрген күннен 

бастап-ақ, тарихқа, мәдени асыл мұраға жөн-жосықсыз шабуылдау 

өзiнен өзi демiгiп тыйым тапты. Есесiне жасампаздық шығармагерлiк 

еңбекке шексiз мүмкiндiк туды. Қазiр шығарма авторлары үшiн 

қандай да архив есiгi ашық. Олар тарихтан тапқан тың материалын, 

соның негiзiнде жасаған қандай да түйiнiн   еш алаңсыз еркiн, сарқа 

айта алады.  

Тәуелсiздiктiң он жылы iшiнде жарық көрген тарихи туындылар, 

әрине,  бәрi  бiрдей,  дәл  өткен  ғасырдың  аяқ  шенiнде  жазыла 

бастамаған. Қолға алынуы, зерттелiп ойластырылуы кеңес кезiне 

тура  келгеннiң  өзiнде    жазылу  барысында  бұрын    айтудан 

жасқанып, қысылып-қымтырылып жүрген жерлердi ендi шындық 

күйiнде  жеткiзуге  сәтi    түскенiне  қуанбаған  жазушы  болмаған 

шығар деп жорамалдауға толық негiз бар.  Ол шығармаларды бас-

басына  атап  талдағанда,  әдебиет  қоржыны  бүгiнгi  Қазақстан 

дiлгiрлiгiне қызмет ететiн сан алуан туындыға байи түскенiне көз 

жеткiземiз. 

 

 

Студенттің өзін - өзі тексеру сұрақтары:  



 

1.

 



Қ.Жұмаділов «Дарабоз» романындағы батырлардың сомдалуы 

2.

 



Тәуелсіздік жылдардағы тарихи романдар 

3.

 



Тарихи романдардағы халықтық дәстүрдің көріністері 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

10 – лекция. Тәуелсіздік жылдардағы драматургия саласы.  



 

 

Драма  жоқ  жерде  театр  өнерiнiң  ғұмыры  ұзаққа  бармасы  – 

аксиома.  Драматургия  театр  өмiрiндегi  ең  басты  және  шешушi 

құрал.  Яғни,  театр  негiзi  –  әдебиет.  Драматургия  –  әдебиет 

жанры. Драматургияның әдебиеттiң өзге салаларынан  гөрi аз-кем 

айырмашылығы  оның  адамдар  жан-дүниесiндегi  асқақ  сезiм  мен 

отты  құштарлықты  психологиялық  тұрғыда  кiсiнiң  жан 

күйзелiсiмен  ұштастырып,  өмiр  мәселелерiн  барынша  шынайы 

суреттеуiнде.  Осы  ретте,  драмалық  шығарманың  екi  бағыты 

айқындалады.  Бiрiншiсi  –  көркем  әдебиет  қалпындағы  нұсқасы 

болса, екiншiсi – оның сахналық материал тұрғысындағы көрiнiсi. 

Бұл  екеуiн  бiр-бiрiнен  бөлiп  қарауға  болмайды.  Өйткенi,  драма 

сахна  үшiн  де,  көркем  шығарма  үшiн  де  аса  қажеттi  рухани 

құндылық. Әрине, тәуелсiздiгiмiзге дейiн де төл драматургиямыз 

жайында    аз  сөз  болмаған.  Аталған  жанр  жөнiнде 

Қ.Мұхамеджановтың  екi  томдық  “Пьесалар”,  “Өнер  жайлы 

ойлар”,  С.Ордалиевтiң  “Қазақ  драматургиясының  очерктерi”,  

Ә.Тәжiбаевтың 

“Қазақ 

драматургиясының 



дамуы 

мен 


қалыптасуы”, Р.Нұрғалиевтың “Күретамыр” секiлдi т.б. көптеген 

авторлардың  салиқалы  еңбектерiнде  сол  кезгi  заман  лебiмен 

дүниеге келген шығармалар бiршама байыпты сарапталады. Яғни, 

мұндай еңбектердiң дүниеге келуi руханият қауымы ой-қиялының 

өсiп-жетiлуiне,  театрлар  репертуарының  кеңейе  түсуiне    үлкен 

үлес қосты. 



 

 

Студенттің өзін - өзі тексеру сұрақтары:  

 

1. Тәуелсіздік жылдардағы қазақ драмасының дамуы 



2. Бүгінгі драмадағы дәстүр тағылымы 

3. Қазіргі драмадағы жаңа ізденістер 



 

 

11 – лекция. Тәуелсіздік жылдардағы поэмалар.   

 

Тәуелсiздiк  жылдары  қазақ  ақындары  өлең  өлкесiнiң  өрелi 



жанры  –  поэмаға  құлаш  ұруын  үдете  түстi.  Ел  көгiнде  желбiреген 

азаттық туы қазақ ақындарының шабытына шабыт қосты.  



Поэма  жанрының  әр  дәуiрдегiдей,  ең  басты  көркемдiк 

ерекшелiгi бұл жылдарда да айқын көзге шалынады. Ақын атаулының 

бәрi  де  өз  туындысында  өзi  өмiр  сүрген  заманның  ең  үлкен  де 

ауқымды  мәселесiн  жырлауды  басты  нысана  етiп  ұстайтыны  аян. 

Тәуелсiздiк  жылдарында  да  қазақ  поэмаларында  қазақ  қоғамындағы 

ең  өзектi,  көкейтестi  мәселелердiң  көркем  суретке  айналғанын 

байқалады.  

Қазақ халқына тәуелсiздiктiң аса жеңiл жолмен, көктен оп-оңай 

түсе  қалмағаны  тарихи  ақиқат.  Тәуелсiздiкке  ғасырлар  бойғы  ерлiк 

күреспен, шиеленiскен тартыспен халықтың әрең дегенде қолы жеттi. 

Мiне,  бұл  тарихи  ақиқатты  эпик  ақындар  өз  шығармаларында  басты  

көркемдiк нысана етiп ұстағаны бiрден көрiндi. 

Атап айтқанда, ХХ ғасырдың аяқ тұсындағы 1986 жылғы қазақ 

жастарының  орыс  империясының  отаршылдық  озбырлық  саясатына 

қарсы қаһармандық күресiне арналған шығармалар эпикалық жанрда, 

соның iшiнде поэмада да пайда болды. Бұл ретте атап айтуға тұрарлық 

көркем туындылар: ақындар Асқар Егеубаевтың “Желтоқсан”, Зәбира 

Сүлейменқызының  “Желтоқсан  ызғары”,  Несiпбек  Айтұлының 

“Мұқағали–Желтоқсан”  атты  дастандары.  Бұл  поэмалар  сюжеттi 

шығармалар  емес. Олар  жанрдың  лирико-публицистикалық саласына 

жатады. 

Аталған  поэмаларында  ақындар  сол  жылғы  (1986,  17-18 

желтоқсан) қазақ халқының басынан кешкен қанды қырғынды айқын 

бейнелеп  бердi.  Азуы  алты  қарыс  қарулы  әскердiң  қазақ  жастарын 

аяусыз  басып-жаншығанын  шынайы  шындыққа  сәйкес  дұрыс 

суреттедi.  Қолында    ешбiр  қаруы  жоқ  жас  жiгiт,  жас  қыздардың 

әдiлетсiздiкке, дүлей зұлымдыққа қарсы ерлiк күресiн биiк шабытпен 

толғады.  Қазақ  жастарының  қаһармандық  тұлғасы  осы  поэмалардан 

айқын 

көрiнедi. 



Сондықтан 

да, 


Асқар 

Егеубаев, 

Зәбира 

Сүлейменқызы, 



Несiпбек 

Айтұлының 

аталған 

туындыларын 

тәуелсiздiк жылдарындағы эпикалық жанрдың елеулi жетiстiстiгi деп 

таныған жөн. 

 

 

 




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал