Ларды енгізудің талаптары: әдістемелік ұсыным



жүктеу 284.13 Kb.

бет1/3
Дата28.04.2017
өлшемі284.13 Kb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

__________________________________________________

 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ 

ЖҰМЫСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ 

ТАЛАПТАРЫ 

___________________________________

Әдістемелік ұсыным 

АСТАНА 

2014


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген

Пікір жазғандар:

А.Ж.Салиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Ж.Б.Бликова, Астана қаласы «Sultan» балаларды дамыту және сауықтыру

орталығының директоры                                                            

А.Б.Оразова, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «№31 «Еркемай» бөбекжайы-

ның» әдіскері

                                                         

                                                                              

Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу-оқыту жұмысында инновациялық технология-

ларды енгізудің талаптары: әдістемелік ұсыным. 

– Астана, 2014, – 36 б.

Әдістемелік ұсыным мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелеу жұмыстары-

на инновациялық технологияларды енгізу және қолдану бойынша бірыңғай талаптар және 

практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту 

мен тәрбие сапасын және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Құралда 

бала  дамуында  түрлі  интеграциялық  тәсілдерді  педагогтың  еркін  үйлестіруіне,  заманауи 

технологияның кең көлемінде  инновациялық педагогикалық әдістерді, формаларды таңда-

уға, тәжірибеде тиімді қолдану үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың си-

паттамасы мен әдістемелік  қолдауына мүмкіндік беретін жүйелі материалдар ұсынылған. 

Мектепке 

дейінгі 

білім 


беру 

жүйесіндегі 

педагог 

қауымға, 

педагоги-

калық 


жоғары 

оқу 


орындары 

мен 


колледж 

студенттеріне 

арналған. 

«Мектепке дейінгі балалық шақ 

республикалық орталығы», 2014


3

КІРІСПЕ

Республикамыздың заманауи кезеңінде шығармашыл тұлғаға бағытталған 

оқытудың  инновациялық  технологияларына  зор  көңіл  бөлінуде.  Мектепке 

дейінгі ұйымның әр ұжымының міндеті – тәрбиеленушілердің білімді меңге-

руі  дамыған  танымдық  қабілеттері  жағдайында  жүргізілетіндей  оқыту  про-

цесін  ұйымдастыру,  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыру.

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  педагогикалық  үдеріс  мектепке  дейінгі 

жастағы баланы тиімді дамытуға ықпал ететін жаңа технологияларды мақсат-

ты  ендіруге  бағытталады.  Қазіргі  педагогикада  инновация  –  білім  беру,  тәр-

биелеу  жұмысына  жаңалықты  енгізу,  яғни  жаңа  әдіс-тәсілдерді,  амалдарды, 

құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады.

Бүгінде  республикада  мектепке дейінгі  ұйымдар өзінің қызметінде түрлі техно-

логиялардың элементтерін пайдаланады. Педагог пен баланың өзара қарым-қаты-

насын жүзеге асыратын оқытудың интерактивті әдісін қолдану өзекті болып келеді. 

Құралда  бала  дамуында  түрлі  интеграциялық  тәсілдерді  педагогтың  ер-

кін  үйлестіруіне,  заманауи  технологияның  кең  көлемінде  инновациялық 

педагогикалық  әдістерді,  формаларды  таңдауға,  тәжірибеде  тиімді  қолда-

ну  үшін  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  сипаттамасы  мен 

әдістемелік    қолдауына  мүмкіндік  беретін  жүйелі  материалдар  ұсынылған. 

Әдістемелік  ұсыным  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  оқу-тәр-

биелеу  жұмыстарына  инновациялық  технологияларды  енгізу  және  қол-

дану  бойынша  бірыңғай  талаптар  және  практикалық  ұсыныстармен 

қамтамасыз  етуге  бағдарланған  және  мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбие 

сапасын  және  педагогтардың  кәсіби  шеберлігін  арттыруға  бағытталған. 

Мақсаты: 

мектепке 

дейінгі 

ұйымдар 


жұмысында 

инноваци-

ялық  бағдарлама  мен  технологияны  енгізудің  бірыңғай  талапта-

ры  және  тәжірибелік  ұсынымдарымен  әдістемелік  қамтамасыз  ету. 

Міндеттері: 

-  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды  қолда-

ну  бойынша  тәрбиелеу-оқыту  жұмысын  ұйымдастырудың  ерекшеліктерін 

-мектепке 

дейінгі 

білім 


беру 

мазмұнын 

жаңар-

ту 


мақсатында 

мектепке 

дейінгі 

ұйым 


жұмысына 

инноваци-

ялық  бағдарлама  мен  технологияны  енгізу  қажеттілігін  негіздеу;

-мектепке 

дейінгі 

ұйымдар 


жұмысына 

инноваци-

ялық 

бағдарлама 



мен 

технологияны 

енгізу 

тәртібін 



ұсыну;

-  мектепке  дейінгі  ұйымның  тәрбиелеу-оқыту  үдерісінде  инноваци-

ялық  бағдарламалар  және  технологияларды  қолдану  саласында  тәрби-

ешілердің    кәсіптік  құзіреттілігінің  деңгейін  арттырудың  жолдарын  анықтау;

-  мектепке  дейінгі  ұйымның  тәрбиелеу-оқыту  үдерісінде  интерак-

тивті  нысандарды  қолдану  дағдыларын  дамытудың  тиімді  әдістерін  іздеу; 

-  мектепке  дейінгі  ұйым  тәрбиешілері  мен  педагогтарында  мектепке 

дейінгі  жастағы  балалармен  интерактивті  өзара  қарым-қатынас  үшін    ақпа-

раттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдана  білуді  қалыптастыру;

- тәрбиелеу үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында педагогтар мен тәр-



4

биеленушілердің  жұмыстың  жаңа  түрлері  мен  әдістерін  меңгеруге  ықпал  ету.

Қорытынды, шынайы білім беру практикасына инновациялық бағдарламалар 

мен технологияларды кезеңді енгізуді, педагогтардың кәсіптік және әдістемелік 

құзіреттілігінің өсуін, мектепке дейінгі білім беру сапасы және  инновациялық 

қызметке  дайындық  деңгейін  арттыруды  қолдайтын  оқыту  ортасы  құрылады. 

Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  интеграциялауымен  байланысты  барлық 

білім  беру  жүйесін  жаңғырту  үдерісі  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту-

ды  ұйымдастыруға  жоғары  талаптар  қоя  отырып,  осы  үдеріске  жаңа,  барын-

ша  тиімді  психологиялық-педагогикалық  тәсілдемені  іздеуді  қарқындатады. 

  Қоғамның  заманауи  даму  сатысында  инновациялық  үдерістер, 

бірінші  кезекте,  баланың  әлеуетті  қабілеттіліктерін  ашудың  бірін-

ші  деңгейі  ретінде  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесіне  әсер  етеді.


5

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША         

ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Инновациялар бала тұлғасына, оның қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған 

педагогикалық практикада қолданылатын жаңа әдістерді, нысандарды, құралдар-

ды, технологияларды анықтайды. Қазақстанның заманауи даму сатысында білім 

беру үдерістерінде өзгерістер орын алуда: мектепке дейінгі білім беру жүйесін-

дегі педагогтардың назарын балалардың шығармашылық және интеллектуалдық 

дамуына, эмоционалды-еріктік және қозғалыс аясын түзеуге бұра отырып, білім 

беру мазмұны күрделене түсуде; дәстүрлі әдістердің орнын баланың танымдық 

дамуын белсендіруге бағытталған тәрбие мен оқытудың белсенді әдістері басуда. 

Инновациялық  технологиялар  –  заманауи  әлеуметтік-мәдени  жағдай-

да  баланың  тұлғалық  дамуында  динамикалық  өзгерістер  есебінен  по-

зитивті  нәтижеге  жетуге  бағытталған  тәрбиелеу  құралдарының,  оқы-

ту  тәсілдері  мен  әдістерінің  жүйесі.  Инновациялық  технологиялар 

педагогикалық  іс-әрекет  үдерісінде  өзінің  тиімділігін  дәлелдеген  білім  беру-

дің  прогрессивті  технологиялары  мен  стереотиптік  элементтерін  үйлестіреді. 

Мектепке 

дейінгі 

ұйымның 


педагогикалық 

кадрлары-

ның  кәсіби  қызметінде  келесі  технологиялар  қолданылып  келеді: 

• денсаулық сақтау технологиялары;

• жобалық әрекет технологиясы;

зерттеуші әрекет технологиясы;

• ойын технологиясы;

• жекелік-үйлестіруші технологиясы;

• тәрбиеленуші мен тәрбиешінің портфолио технологиясы; 

• ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Халықаралық тәжірибе зерттеуі көрсеткендей, заманауи білім берудің өзекті 

міндетінің бірі мектеп жасына дейінгі интеллектуалды дамыған балаларды ерте 

жастан анықтау, оқыту және тәрбиелеу болып табылады. Мәселен, Ресейде, Жапо-

нияда, Финляндияда, АҚШ-та, Қытайда және басқа дамыған елдерде әл-ауқаттың 

дамуы ерте жастан балалардың интеллектуалдық дамуына капитал салуымен бай-

ланысты. Барлық осы елдерде интеллектуалды дамыған баланы тәрбиелеуде ғылым 

жетістіктері мен жаңа ақпараттық технологиялар қолданылады, олар жаңа типті 

ұйымдар желісі – интеллектуалды мектепке дейінгі ұйым арқылы іске асырылады. 

Жетекші  халықаралық  тәжірибе  негізінде  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытуға  білім  берудің  заманауи  әдістерін  ендіреді.  «Балбөбек»,  «Қайнар», 

«Алғашқы  қадам»  (1-3  жас),  «Зерек  бала»  (3-5  жас),  «Біз  мектепке  бара-

мыз»  (5-6  жас)  және  т.б.  білім  беру  бағдарламаларымен  қатар  Монтессори 

технологиясы,  Н.  Зайцев,  Ф.  Фребель  жүйесі  бойынша  Вальдорфский  педа-

гогикасы  (Штайнер  әдістемесі)  бойынша  оқу  материалдары  қолданылады. 

Модельдеу,  жобалық-зерттеу,  интеллектуалдық-ойын  тәсілдері  негізін-

де  құрылған  интеллектуалдық  технологиялар  айрықша  қызығышулық  туды-

рады.  Олар  интеллектуалды  балаларды  математикаға,  мәдениетке,  тілдерге, 

логикаға  жан-жақты  дамытуға  бағытталған.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардың 

білім  беру  үдерісіне  инновациялық  технологияларды  ендіру  әрбір  баланың 

интеллектуалдық  сұраныстарын  барынша  тиімді  шешуге  мүмкіндік  береді. 



6

Оларға  3  жастан  6  жасқа  дейінгі  балаларды  тілге,  математикаға,  логикаға 

оқытуға  арналған  «E-Blocks»  интерактивті  бағдарламасымен  қамтамасыз  ету; 

оқыту  кешендері,  балалардың  жан-жақты  дамуына,  тілдерге  ерте  оқытуға, 

Қазақстан  халқының  мәдениеті  мен  ұлттық  мәдениетті  оқытуға  бағытталған 

оқыту  кешендері:  сөйлейтін  қаламы  бар  «Даналық  әліппесі»;  сөйлейтін  қа-

ламы  бар  «ZEREK»;  «Интерактивті  дыбыстық  картасы»  жатады.  Сонымен 

қатар  жетекші  отандық  және  шетелдік  инновациялық  әдістер  мен  технологи-

яларды  одан  әрі  тереңірек  зерттеуін,  бейімделген  технологияларды  анықтау 

және  апробациядан  өткізу,  білім  беруді  жаңғыртумен  байланысты  әлемдік 

білім  беру  деңгейіне  сәйкес  болу  мақсатында  оларды  ендіруді  қажет  етеді. 

«Даналық  әліппесі»  әр  адамның  рухани  әлемін  өнермен  байыту,  са-

насын  халқымыздың  даналыққа  жеткізетін  ізгі  қасиеттерімен  ояту,  тілін 

ақылмен  билеуге  жеткізетін  шешендік  өнермен  дамыту  мақсатын-

да  елімізде  тұңғыш  рет  жаңа  технология  негізінде  әзірленді.  «Даналық 

әліппесіне»  баланың  туғаннан  бастап,  жеке  дамуы  мен  қалыптасуына 

мүмкіндік  туғызатын,  даналықтың  қайнаркөзі  болып  табылатын  рухани  құн-

дылықтарымыз  -  қобыз,  сыбызғы,  домбыра  күйлері,  бесік  жыры,  халық  әні, 

халық  дүниетанымы,  билер  сөзі,  халық  ертегісі,  халық  даналығы,  жыраулар 

дастаны, бабалар батасы зерделеніп, таңдалып жинақталды. Бұл халықтық туын-

дылар электрондық дыбыстау құралы - «Сөйлейтін қалам» арқылы тыңдалады.

Мәтіндік жазба нұсқасына үн дарыту «Сөйлейтін» қалам және кітап бетінде-

гі арнайы қойылған белгілер арқылы жүзеге асады. «Сөйлейтін» қалам дегеніміз 

– кәдімгі автоқалам түрінде және көлемінде жасалған құрал. «Сөйлейтін» қалам-

ның ұшын кітаптағы мәтінге қойылған белгілерге тигізгенде, сол белгінің белгілеп 

тұрған жеріндегі мәтін немесе оның үзіндісіне үн бітіп, кәдімгі жанды сөз естіледі. 

Ол – компанияда алдын ала жазылып, қалам ішіне орнатылған бағдарламаға енгізіл-

ген диктордың оқуындағы мәтін. Тыңдау ұғынықты болу үшін диктордың дикци-

ясының анық, қуатты және мәнерлі әрі техникалық тазалығы қамтамасыз етілген.

  «Zerek»  сөйлейтін  қаламы  -  бұл  өзі  үшін  арнайы  шығарылған  кітап  бет-

терінен ақпаратты оқуға және оны кіріктірілген динамиктің жәрдемімен дыбы-

стауға  мүмкіндік  беретін  электронды  құрылғы.  Кітап  беттеріндегі  ақпаратты 

тыңдау үшін беттің қызықтыратын тұсына «Zerek» сканерін жақындату қажет, 

содан  кейін  кіріктірілген  динамиктің  жәрдемімен  ауызша  сүйемелдеу  қосыла-

ды.  Осындай  бір  ғана  қаламның  жәрдемімен  көптеген  әр  түрлі  кітаптар  мен 

оқу құралдарының дыбысын шығаруға болады. Қалам және кітаптар әріптерді, 

дыбыстарды  дұрыс  айтуға,  сөйлемдерді  дұрыс  оқуға,  санауға  үйретеді,  тіпті 

шет  тілдерін  меңгеруге  көмектеседі,  сондай-ақ  сұрақ  қою  арқылы  баланың 

білімін  тексереді.  «Zerek»  сөйлейтін  қаламы»  жобасы  қазақ  тіліндегі  «Optical 

ID»  электронды  жүйе  функциясы  кіріктірілген  жалғыз  жоба  болып  табылады.

Сонымен бірге, инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құрал-

дар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрон-

дық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, 

инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген инте-

рактивтік  бағдарламалық  бөлімдер,  қозғалмалы  объектілер  құруға  мүмкіндік 

беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табу-

да.  Қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялар  әрбір  баланың  шығармашылық 


7

қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ баланың танымдық 

іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. 

Осындай  құралдардың  бірі-мультимедиялық  оқулықтарды  балабақшаларда 

кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдын-

да жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар 

арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді. Балабақша ба-

ласына  мультимедиялық  оқулықтар  біріншіден,  балалардың  қызығушылығын 

арттырады,  екіншіден,  зейін  қойып  көрумен  қатар  түсінбеген  жерлерін  қайта 

көруге  мүмкіндік  алады.  Мультимедиялық  оқулықтар  балабақшада  балаларға 

арналған  таптырмас  құрал  болып  табылады.  Өйткені,  балалардың  зейіні  әр 

түрлі  әдемі  түстерге,  ойыншықтарға,  әдемі  суреттерге,  әсемдікке  әуес  бола-

ды.  Мультимедиялық  электронды  оқулықтар  бала  үшін  де,  тәрбиеші  үшін  де 

күнде  дамытылып  отыратын  анық  түрдегі  әдістемелік  жүйе  болып  табылады.

Жаңа  білім  беру  жүйесін  дамыту  негізіне  оқытудың  заманауи  тех-

нологиясы  жатады:  Интернет-технология,  электронды  пошта  техно-

логиясы,  компьютерлік  оқыту  бағдарламалары,  Web-технологиялары, 

«кейс-стади»  (аналитикалық  және  сыни  ойлауды,  сонымен  қатар  креативті 

дамыту  үшін  үздік  әдістемелердің  бірі  ретінде  саналады,  кейс-әдіс,  практи-

калық  мысалдарда  оқыту,  нақты  жағдайлар  әдісі,  жағдайлық  оқыту,  жағдай-

лық  тапсырмалар),  рефлексия  өзін-өзі  тану  және  өзін-өзі  бағалау  әдісі 

ретінде,  тренингтік  технологиялар,  жобалар  әдісін  қолданумен  оқыту  техно-

логиясы.  Қазіргі  кезде  сабақтар  мен  сыныптан  тыс  шараларды  өткізуде  ақпа-

раттық-коммуникациялық  технологияларды  қолданбай  елестету  мүмкін  емес.



ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ–

КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар деп оқыту педагогикасында ар-

найы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды - есеп-

теуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. 

Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік 

технологиясы» термині пайда болды. Компьютерлік технологиялар бағдарлама-

лаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи компьютерлер мен коммуника-

цияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, әлі зерттеле қоймаған нұсқа-

ларды ашады. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары – бұл 

педагогтың  компьютер  арқылы  ақпараттарды  дайындау  және  беру  үдерістері. 

Компьютерлік  технологиясының  мақсаты  ақпаратпен  жұмыс  жа-

сау  қабілетін  қалыптастыру,  коммуникациялық  қабілеттіліктерді  да-

мыту,  «ақпараттық  қоғам»  тұлғасын  дайындау,  зерттеу  қабілетін  қа-

лыптастыру,  оңтайлы  шешімдерді  қабылдау  қабілеті  болып  табылады. 

Ақпараттық  технологиялар  ата-аналар,  педагогтар  мен  мамандардың  ерте 

жастан  оқыту  саласында  мүмкіндіктерін  едәуір  кеңейтеді.  Заманауи  компью-

терді қолдану мүмкіндіктері баланың қабілеттіліктерін дамуын барынша толық 

және табысты іске асыруына мүмкіндік береді. Ақпараттық коммуникациялық 



8

технологиялар  интеллектуалды,  шығармашылық  қабілеттіліктерді  дамытуға, 

жаңа  білімдерді  өз  бетімен  алуына  мүмкіндік  береді.  Ақпараттық  коммуника-

циялық технологиялар тәрбиешіге бала тұлғасының байытылған даму әлеуетін 

салуына мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, балалардың танымдық мүм-

кіндіктер деңгейі артады, балалардың сабақтарға қызығушылығы едәуір өседі. 

Түсіндіру  мен  бекітуде,  ойын  нысанында  жаңа  үйреншікті  тәсілдерді  қол-

дану  балалардың  еріксіз  назарын  арттырады,  ерікті  назарын  дамуына  көмек-

теседі. Сабақтан тыс компьютерлік ойындар баланың білімін бекітуіне көмек-

теседі;  оларды  өз  құрдастарынан  интеллектуалды  даму  тұрғысынан  алдағы 

немесе  олардан  артта  қалған  балалармен  жеке  сабақ  өткізу  үшін  қолдануға 

болады;  интеллектуалдық  іс-әрекет  үшін  қажетті  психикалық  қабілеттілік-

терді  дамыту  үшін:  қабылдау,  назар,  жады,  ойлау,  ұсақ  моториканы  дамыту. 

Мектепке 

дейінгі 

ұйымдарда 

ақпараттық 

– 

коммуникаци-



ялық  технология  құралдарын  қолданудағы  мақсат  -  баланың  та-

нымдық 


қызығушылығын 

қалыптастыру. 

Балада 

танымдық 



қы-

зығушылықтың  болуы  олардың  оқу  іс-әрекеттерге  белсенді,  білімінің 

сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Интерактивті  тақтаның  жетістіктерінің  кіші  жастағы  балаларда  оқуға, 

жаңа  білім  алуға  деген  құштарлық  туғызады.  Интерактивті  тақта  ақпаратты 

кеңінен  ұсыну  құралы  болып  келеді  және  баланың  мотивациясын  күшейтеді. 

Мультимедиалық  технологияларды  пайдалану  арқылы  (түс,  графика,  дыбыс, 

замануи  видеотехникалық  құралдар)  түрлі  жағдайлар  мен  ортаны  моделдеуге 

болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйре-

нушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.

Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу бөлмесі келесі міндеттерді орындайды:

• балаларды жаңа технологиялары арқылы оқыту;

• сауық және ойын орталығы;

• мұнда көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер орындалады;

• балаларға және тәрбиешілерге жұмыстануға өте жағымды жағдайлар 

туғызады;

• балаларды компьютерлік технологияның мүмкіндіктері мен дағдыларымен 

таныстырады.

Электрондық  жүйеде  оқытуда  мультимедияны  пайдалану,  балаларға  ақпа-

ратты  беру  жылдамдығын,  оны  түсінуді  көтеріп  ғана  қоймай,  соңымен  қа-

тар  мынандай  маңызды  сапаларды  интуиция,  образдық  ойлауын  дамытады.

Мектепке  дейінгі  мекемеде  интерактивті  тақтаны  пайдалану  тәсіл-

дері  өте  көп.  Бұлар  презентациялар,  интерактивті  оқыту  бағдарлама-

лары,  графикалық,  бағдарламалық  орталықтарда  жобалар  құрастыру.

  Интерактивті  тақтаны  пайдалануда  қандай  дағдылар  болу  қажет:

• компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі;

• Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану;

• Интернет жүйесінде жұмыстану практикасы (бейнелерді, әзір презентаци-

ялар мен оқыту бағдарламаларын тауып алу)

• ActivInspire бағдарламасында флипчарт-сабақтар құру. 



Флипчарт  -  бұл  материалдарды  құруға  және  көрсетуге  болатын  жұмыс 

үстелі. Бұл көптеген беттері бар кітапты еске түсіретін дәстүрлі қағаз флипчар-



9

тының экранды түрі, бір мезгілде бірнеше флипчарт ашуға болады. Бір мезгіл-

де сегіз флипчартқа дейін ашуға болады. Әрбір флипчарт бүкіл экранға жазуға 

немесе өлшемі бойынша өзгертуге және ұқыпты етіп мозаика етіп орналасты-

руға  болатын  жеке  терезеде  ашылады.  Белсенді  флипчарт  -  бұл  берілген  әре-

кеттерді орындауға болатын флипчарт. Флипчарт бетінің саны шектеусіз (оның 

саны компьютердің есептеу мүмкіндігі мен жадының көлеміне ғана шектеулі). 

Флипчарт 

бетінде 

төмендегі 

әрекеттерді: 

- бейнелеу фонын қосуға;

- ескертулер жазуға және түсініктеме белгілер енгізуге;

- суреттер құруға немесе кең ауқымды кітапхана қорынан суреттер қолда

нуға;

- ішкі қосымшадан бейнелерді импорттауға;



- сілтемелер қосуға;

- бейнелерді түсіруге және оларды флипчартқа қондыруға;

- географиялық картаға бейнелеп көрсетуге;

- фильмдер мен ойындарды көрсетіп орындауға болады.

Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтай-

лы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқы-

ту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану 

дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Әрбір педа-

гогикалық технологиялар педагогтың қызметінде инновациялық технологиялар, 

соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қолданылса,  

ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті қызықты әрі оқыту нәтижесінің сапасы артады.   

ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ИННОВА-    

ЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Инновация – бұл қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәти-



же.  Инновацияға  деген  қажеттілік  қандай  да  бір  мәселені  шешу  жолында 

туындайды,  түпкі  мен  шынайы  нәтиже  арасында  қарама-қайшылық  туады. 

Инновацияны  жете  түсініп,  инновациялық  технологияларды  балабақша 

өміріне  кеңінен  енгізуде  оң  нәтиже  алу  үшін  келесі  шарттарды  ұстану  қажет:

Бірінші  -  инновацияны  енгізуге  деген  мотивациялық  жағдай,  яғни  жаңа 

іс-әрекетті  қабылдауға,  әрі  қарай  меңгеруге  деген  себеп-салдардың  туында-

уы.  Инновациялық  іс-әрекет  жоспарын  қарастыра  отырып,  әр  педагог  нақты 

мәселені  шешу,  оның  жалпы  нәтижесі  үшін  жауапкершілікті  сезінуі  тиіс. 

Екінші  –  инновациялық іс-әрекетке дайындық – бұл құзіреттілікті қалыптасты-

ру. Осы құзіреттілік ақпаратты қабылдау, жеткізу және шынайы бағалаудан тұрады.

Инновациялық  технологияларды  қолдануда  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқыту  маманы  қызметінің  мақсаты  нақты  талаптар  жиынтығынан  құрылады: 

1. Тәрбие үдерісінің ішкі және сыртқы жақтарының бірлігін жүзеге асыру. 

2.  Баланың  қабілеттерін  жетілдіретін,  олардың    потенциалдық  мүмкін-

діктерін  анықтайтын  және  жеке  дамытуды  қамтамасыз  ететін  түрлі  әре-

кеттер  сабақтар  енгізу  арқылы  тәрбиеленушінің  танымдық  қызметін  пе-



10

дагогикалық  мақсатты  ұйымдастыру.  Оқыту  үдерісіне  енгізілген  іс-әрекет 

түрлері  сабақты  байытады,  себебі  танымдық  үдеріске  ерекшелік  енгізеді: 

көркем  іс-әрекеті  әлемді  меңгеруге  түрлілік  әкеледі;  еңбек  —  практика-

лық  құнды  білім  береді;  ойын  —  материалды  жақсы  қабылдауға  ықпал  етеді. 

3. Балалар меңгеретін оқу материалының мазмұнын байыту және түрлендіру. 

4.Балалардың  танымдық  белсенділігін  қалыптастыру  үшін  мектеп-

ке  дейінгі  ұйымның  педагогикалық  процесіне  тәрбиеленушілердің  та-

нымдық  белсенділігін  нығайтатын,  олардың  өзіндік  шығармашылық  із-

денуін  қанағаттандыратын  оқытудың  жетілдірілген  тәсілдерін  енгізу. 

5. Балалармен көптүрлі, жан-жақты, сөздік қорға бай қатынасты ұйымда-

стыру, олардың бойында танымдық стимулдар әсерін ұлғайту, түрлі қарым-қа-

тынастарды қалыптастыру.

6. Сабақты жаттығу элементтерімен түрлендіру, жеке тапсырмаларды 

қолдану, ұжымдық талдау дағдыларын қолдану арқылы балаларды танымдық 

іс-әрекетке баулу.

7. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу-оқыту үдерісінде қолданылатын  

инновация ұғымын жетік меңгеру;

8. Инновациялық технологияларды жетік меңгеру;

9. Инновациялық технологиялар жүйесін құрудың тиімді әдістерін анықтау; 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану  білім  беру  қы-

зметінің  бір  бөлігі  ғана  болуы  керектігін  ескерген  жөн.  Ол  мектепке  дейін-

гі  жаста  қажетті  эмоционалдық  адамдық  қатынасты  ауыстырып  емес,  то-

лықтыру  керек.  Қарқынды  даму  прогресіне  келешек  ұрпақтың  денсаулығын 

құрбан  етіп  баруға  болмайды,  алайда  сонымен  бірге  компьютерлер  –  бұл 

біздің  болашағымыз.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  білім  беру  үдерісіне 

ақпараттық–коммуникациялық  технологияларды  енгізу  ұсынған  ақпара-

тының  дизайнымен  сабақты  тартымды,  заманауи  етуге  мүмкіндік  береді. 



Компьютердің артықшылығы:

• ақпаратты компьютер экранында ойын түрінде ұсыну балалардың зор 

қызығушылығын шақырады;

• мектепке дейінгі жастағы балаға түсінікті ақпараттың жаңа түрін ұсынады;

• қозғалыс, дыбыс, мультипликация баланың көңілін көбірек аударады;

• балалардың танымдық белсенділігінің стимулы болады;

• оқытудың жекелеу мүмкіндігін ұсынады;

• мектепке дейінгі жастағы бала компьютер жанындағы өзінің әрекетінде 

сенімділікке ие болады;

• күнделікті өмірде көрінбейтін өмірлік жағдайларды моделдеуге мүмкіндік 

береді.

- Сабақ баланың қауіпсіздігіне жауапты педагогтың немесе тәрбиешінің 



қатысуымен ғана өткізіледі. Мұндай сабақтарға арнайы кабинет қажет. 

- Көру кезінде көзге күш салмау үшін компьютер экранындағы бейне анық 

болуы қажет. 

- Жарықтан қорғану үшін жеңіл перделер немесе жалюзи қолданылады.

- Компьютермен жұмыс кезінде бөлмеде спецификалық жағдайлар құрыла-

ды: ауаның ылғалдығы бәсеңдейді, ауа температурасы жоғарылайды, сон-

дықтан еден тұрақтылыққа қарсы жабылуы керек, кілеммен жабуды қолдануға 


11

жол берілмейді. 

- Ыңғайлы микроклиматты қолдау үшін сабақтың алдында және соңында 

кабинетті желдету және ылғалды тазалау қажет. 

- Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен жұмыста сабақтың жалпы 

ұзақтығы 25-30 минутты құрайды. Оның ішінде 5-7 минут балалар тікелей 

компьютермен жұмыстанады, басқа мультимедиялық құралдарға (тұсаукесер, 

слайд-шоу, фотоальбомдар) тағы 5-10 минут.

- Мультимедиялық технологияларды әрбір сабақта қолдануға болмайды, се-

бебі, бұл сабақтарды дайындау және ұйымдастыру кезінде педагогтан, сонымен 

бірге, балалардан да интеллектуалдық және эмоционалдық күш күнделікті 

даярлықтан да көбірек қажет етіледі. 



Мектепке  дейінгі  ұйымның  компьютерлік  бағдарламасына  талаптар:

• Зерттеушілік сипат;

• Балалардың жеке жұмыстары үшін жеңілдігі;

• Дағдылар мен ұсынымдардың кең спектрін дамыту;

Жас ерекшелік сәйкестігі;

• Қызықтылығы.



Бағдарламаны жіктеу:

• Ой-қиялын, есте сақтауды дамыту;

• Шет тілдерінде сөйлейтін сөздіктер;

• Қарапайым графикалық редакторлар;

Ойын-саяхаттар;

• Оқуға, математикаға оқыту;

• Мультимедиялық тұсаукесерлерді қолдану;

•  Сабақтарға және стенд, топтар, кабинеттерді безендіруге, сондай-ақ флип-

чарт сабақтарға көрнекі материалдарды іріктеп таңдау (сканерлеу, Интернет; 

принтер, тұсаукесер;

•  Сабақтарға  қосымша  танымдық  материалдарды  іріктеп  таңдау, 

мерекелер 

мен 

басқа 


да 

іс-шаралар 

сценарияларымен 

танысу.


• 

Балалармен  білім  беру  сабақтарының  тиімділігін  және  ата-а-

налар  жиналысын  өткізу  процесінде  олардың  педагогикалық  құзірет-

тілігін  арттыру  үшін  Рower  Рoint  бағдарламасында  тұсаукесер  құру. 

Қорытынды:  Заманауи  ақпараттық  технологияларды  сауатты  қолда-

ну  балаларды  оқуға  ынталандыруға  зор  әсерін  береді.  Нақты  шынайы 

нәрселерді  құруға  немесе    құбылысты  түспен,  қозғалысты  дыбыспен 

түрлендіруіне  мүмкіндік  береді.  Бұл  балалардың  қабілеттерін  мей-

лінше  кеңінен  ашуға,  ақыл-ой  әрекетін  белсендіруге  ықпал  етеді.

 


12


  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал