Ұлан даланың Ұлы күйшісі туралы С. Ләмбекұлының хикаяты хақында Оқыдық, пікір айтамыз



жүктеу 54.74 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі54.74 Kb.

ҰЛАН ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ КҮЙШІСІ 

туралы С. Ләмбекұлының хикаяты хақында 



Оқыдық, пікір айтамыз 

Жерлес жазушымыз Са-

парғали Ләмбекұлы өзінің 

шығармашылық ғұмырна-

масында халқымыздың 

қатпарлы тарихына үңіліп, 

шежірелер даңғылында 

елеулі іздер қалдырған 

қадау-қадау қайраткерлер 

туралы ірілі-ұсақты туын-

дылар жазып келеді. Осы 

тұрғыдан келгенде Са-

парғали Ләмбекұлының 

Қарқаралының айтулы ре-

волюционер азаматтары-

ның бірі Мұқатай Жәні-

беков хақындағы романы 

оқырмандар есінде. 

Өткен жылы Алматының 

"Өнер" баспасы жерлес жа-

зушыларымыз С. Ләмбекұ 

лының "Тәттімбет" хикая-

тын және Ә. Әзиевтің "Жер 

жарасы" романын жеке 

кітап етіп басып шығарған 

болатын. Әзиевтің романы 

туралы пікірімізді газет 

бетінде жариялағанымыз 

оқырман жұртшылықтың 

есінде болар. Бүгінгі әңгіме 

- С. Ләмбекұлының 

"Тәттімбеті" туралы. 

Қарқаралы, Балқантау, 

Абыралы, Қызыларай өңі-

рін ежелден-ақ исі қазақ 

халқының ұлт-азаттық, 

тәуелсіздік жолындағы қа-

сиетті күресінде батыр-

лығымен, жаужүрек қаһар-

мандығымен ерекше көзге 

түскен Арқаның ең үлкен 

руы - қаракесектер мекен 

етеді. Ел тағдыры сынға 

түсер алмағайып шақта осы 

елдің ішінен күллі алаш ба-

ласына билік айтқан Қаз 

дауысты Қазыбек би сынды 

ұлы көсемдер, шаршы топта 

қара сөзге дес бермеген ше-

шендер, қол бастаған 

баһадүр батырлар, аузымен 

құс тістеген асқақ әнші, 

ақиық жыршы-ақындар аз 

шықпаған. Сол жеті атасы-

нан бері уызы арылмаған 

қордалы да аруақты орта-

дан шыққан ұлы сазгер-

күйші Тәттімбет еді. 

Жерлес жазушымыз Са-

парғали Ләмбекұлы Тәт-

тімбет бейнесін әр қырынан 

сомдауды мақсат етіпті. 

Асылында, өмірде нақты 

болған белгілі бір тарихи 

тұлға туралы шығарма жа-

зу қаламгерге бір жағынан 

сол қайраткердің басынан 

өткен белгілі деректі 

оқиғалардың сарабын 

қуалап отыру жағынан сәл-

пәл оңайырақ көрінсе, 

екінші жағынан үлкен жау-

апкершілік те жүктейді. 

Өйткені, жазушы өзінің ба-

сты геройының тұлғасын 

асқақтатып, жан-жақты со-

мдасам деген игі мақсаты 

үстінде онымен бір тұста 

өмір сүрген тарихта ат-

есімдері белгілі өзге 

қайраткерлердің бейнесін 

жазуда тарихи әділдік 

биігінен табылып, қиянатқа 

бармауы керек. Міне, бұл -

тарихи шығарма жазудың 

өзіне тән қиындығы мен 

ерекшелігін көрсетеді. 

Осы тұрғыдан келгенде 

жазушы С. Ләмбекұлы ұлы 

күйшінің сазгерлік бей-

несін сомдауды ең бірінші 

мақсат-мұраты етіп алдына 

қойған. Тақыр жерге гүл 

өспейтіндігі сияқты, нәрсіз 

орта, ортаның пайымды 

қолды адам шын дарын мен 

талантқа құнарлы өріс бола 

алмаса керек. Жоғарыда 

аңғартып өткеніміздей, бұл 

жағынан алғанда күйші 

Тәттімбетті құдай қолдап 

әруақ жебеген. Оның баба-

сы исі қазаққа Қарқаралы 

хан Бертіс атымен белгілі 

болса, өз әкесі "Қазанғап 

сөйлесе қара арғымақты су 

үстінде шығарады деген" 

Қарқаралы дуанының аузы 

дуалы төбе билерінің бірі 

еді. Ал немере ағасы Әли 

өнерде қанатты шебер дом-

бырашы адам болған. 

Тәттімбетті қаршадайынан 

күй өнеріне баулыған да 

сол қадірлі ағасы еді. Де-

мек, сазгер-күйшінің "әу" 

бастан нәр алған топырағы 

құнарлы. 

Екінші жағынан табиғат 

жас күйшіге сергек сезім, 

көреген кез, жүйрік көңіл 

берген. Жас Тәттімбет қар-

шадай кезінен табиғатқа, 

өмірге ғашық болып өсті. 

Оның көкірегінде күмбір 

күйдің әуені сонау бала-ба-

лаң шағында өзі ескен 

туған жерінің ғажайып сұ 

лулығынан нәр алып, туа 

бастағаны анық. "Қазір ба-

ла кезіндегідей тастан-

тасқа ырғып биікке шық-

паса да, кей-кейде өзімен-

өзі ой құшағына оранып. 

ақырын аяңдап біраз же-

ріне дейін көтеріліп қай-

тады, әр тасымен сырласа-

ды, әр бұтасымен мұң-

дасады", - деген хикаят 

жолдары болашақ қүйшінің 

өмірге келе жатқанын 

аңғартқандай емес пе? 

Асылы, құдайтағала тегін 

адамды өнерпаз етіп жарат-

паған. Әрбір өнер адамы 

сияқты күйшілік те өмірдегі 

шынайы сұлулық пен жан 

тазалығынан, табиғат пен 

тірлікке, әдемілікке ғашық-

тық пен сүйіспеншіліктен 

бұлықсып туса керек. Та-

биғат пен өмір арасындағы 

ғажайып бір үйлесім де 

осы. Қара көңіл, тар пиғыл, 

ниеті теріс жан баласы 

күллі елді тамсандырар 

мың күй түгілі, бір күй 

туғыза алар ма екен? 

Тәтекеңнің құдыретті де 

тылсым күйлерінің бірі де 

бірегейі - "Сылқылдақтың" 

Малқара атты өзі өнерлі-

домбырашы, өзі сылқым сұ 

лу, өзі мінезді перизат 

қызға арналуы да тегін 

емес. Күйшінің: "Малқара" 

бұл төңіректегі ерен домбы-

рашы еді. Басына жаулық 

салған соң өнерінен қол 

үзіп кетпесе жарады. Мен 

"Сылқылдақты" соған ар-

нағанмын. Туған жерге, 

оның суы мен шөбіне, ең 

аяғы қолда өскен жануар-

ларға бір-бір күй шығар-

ғанда оған бірдеңе бағыш-

тамағаным ұят қой, - деген 

Тәтекеңнің жан сыры осы 

ой түйінін айғақтай түсері 

ақиқат. 


Тәттімбет пен осы сұлу да 

өнерлі қыздың домбыра 

сайысы әсерлі суреттелген. 

Міне, тағы бір күйдің та-

рихы... Күйші көзі жұмулы 

болғанымен. көнілі ояу. Сол 

кезде үй сыртынан безек 

қаға шырылдаған бозторғай 

үні естілді. Тәрізі, боз-

торғай қызыл шақа бала-

пандарын әлдебір жаудан 

қорғап, безек қағып тұр. 

Сол сәт көкірегінде күм-

бірлеген жақсы күй әуені 

туып келе жатты. "Боз-

торғай" күйі осылай туған 

еді. 

Тәтекеңнің күйшілік-саз-



герлік өнерінің құдыреті өз 

алдына бөлек әңгіме, әрине. 

Кіші жүз Құрманғазының 

күйлері тасыған тасқындай, 

ағылған жосындай, атылған 

жасындай екпіндетіп, сел-

детіп келсе, Тәтекеңнің 

күйлері адамның тұла бой-

ын баурап әкететін жібек 

самалдай жайлы, жаз кү-

ніндей жаймашуақ жарқы-

раған күн нұрындай 

сәулелі, сырлы боп келеді. 

Осы тұрғыдан романдағы 

Дәулеткерей күйшінің 

Тәтекеңе арнап айтқан: 

"Сенің "Сылқылдағың" 

қандай жүректі болса да 

бүлкілдетеді, "Былқыл-

дағың" барлық буынды бо-

сатады, "Көкейкестің" кө-

ңіл біткенді күрсінтеді", -

деуі де көп сырды аңғартса 

керек. Сағынышты көңіл-

ден туған "Саржайлау" күйі 

де осылар тақылеттес. 

Біз Тәтекеңнің ұлы саз-

гер-күйші ғана емес, зама-

нында ел сөзіне, ел билігіне 

араласқан шоқтықты тұлға, 

аузы дуалы тебе би 

болғанын да жақсы білеміз. 

Романда Тәтекеңнің оны 

азаматтық-кісілік тұлғасы, 

қара қылды қақ жарған 

әділдігі біршама жағымды 

қырынан суреттелген. Қа-

шан да сезімтал да сергек 

жүрегімен ақ-адал сөзін 

айтудан қаймықпаған тілді 

де түкпірлі Тәттімбет сол 

замандағы атақты аға сұ 

лтандар Мұса. Құсбек, Құ 

нанбайлармен тең отырып 

сөйлесетін дәрежеде 

болған. 


Тәтекеңнің Қу өңіріндегі 

кен қазбаларын тауып оны 

пайдаға асыру жолындағы 

қимыл-қарекеті де халқы-

ның болашағын ойлаудан 

туған игі іс екендігіне ро-

ман беттерін оқығанда көз 

жеткіземіз. Ойшыл дана 

күйшшің қазақ жерін отар-

лауға келген отаршылдарға 

деген көзқарасы бір бөлек 

те, орыс халқының өнеріне, 

жаңашылдығына, оқу-ілі-

міне деген көзқарасы бір 

бөлек, Ол да Абай мен 

Шоқан сияқты іс жүзінде 

екі Ресейдің отаршыл, оз-

быр, қандыбалақ қарақ-

шылар мен демократтар, 

халықшылдар Ресейінің 

арасы жер мен көктей 

екендігін жүйрік көңілмен 

пайымдай білген екен. 

Роман деректі тарихи 

желіге құрылғандықтан да 

оның танымдық қасиеті 

мол, ел мен жер атаулары-

ның тарихына, шешендік 

және ғақлия сөздерге де 

едәуір орын беріліпті. 

Өз басым Күдері қожаның 

туған жермен қоштасу жы-

рының "Қарқаралы қазы-

лық" деп басталатынын 

оқып осындағы "қазылық-

тың" мәнісін түсінбей 

жүруші едім. Сөйтсек, С. 

Ләмбекұлының үлкендер-

ден естіп жазып отыр-

ғанындай Бес қазылық бар 

екен. олар - Қарқаралы, 

Кент, Қызыларай, Баянау-

ыл, Көкшетау екен. Роман-

дағы Кент, "Қызыл кеніш", 

Қу таулары атаулары тура-

лы ел аузындағы әңгімелер 

де қызықты. Әсіресе, 

Қарқаралы, Шайтанкөл 

атаулары туралы әдемі 

аңыздар, Қарқаралы, Қу 

өңірінің ғажайып сұлу 

көріністері Тәттімбет сын-

ды ұлы сазгердің көкірек 

көзімен суреттелетін сәттер 

тартымды шыққан. 

Ұзақ уақыт, тіпті мәңгілік 

өзгермейтін, көнермейтін 

үлкен ұғымдар бар. Сол ұғ-

ымдарды әр буын, әр ұр-

пақтың санасына құйып 

отыру - зиялы қауым пары-

зы. Тәтекең Қу-Мыржық 

бауырында туғанымен, 

Қарқаралының сүйіп өсіп, 

сұлулығына тамсанып, қа-

сиетіне бас ұрады. Өйткені, 

исі қазақтың аруақты баба-

сы, біртуар шешен данасы 

Қаз дауысты Қазыбек би -

үш жүздің басын қосумен 

бірге соның ішінде қалың 

қаракесектің шоқтығы биік 

шонары болды. Ал Қар-

қаралы, Қу, Абыралы - сол 

бір атаның кір жуып, кіндік 

кескен жерлері. Арқа 

төсіндегі бір-бірімен жал-

ғас жатқан Қарқаралы, Қу 

мен Абыралы, Қызыларай -

бұл таулардың бауырын ме-

кен еткен бір елді бөл-

шектеуге болмайтынын Тә-

текең, Кенже сынды 

ақылгөй даналарымыз үр-

діс еткен екен. 

Біз Тәттімбет туралы ту-

ындыны жан-жақты талдау 

міндетін қойғанымыз жоқ. 

Жерлес жазушымыздың 

жаңа кітабының тілі қыр 

даласының жанды баурар 

жібек самалындай қоңыр-

жай, танымдық қасиеті мол 

екендігін көрсете келіп, 

кейбір тарихи қайрат-

керлердің (әсіресе Құна-

нбайдың) беинелерін сал-

ған шыққанын да айта кет-

песке де болмайды. Жазу-

шы көркем образ жасауда 

бірқатар реттерде дайын 

схема шеңберіне түсіп, 

психологиялық, ішкі иірім-

дік талдаудан гөрі жалаң 

суреттеу, құрғақ баяндау 

сарабына түсіп кетеді. 

Әрине, кемшіліксіз туын-

ды өмірде кездеспейді. Он-

дай кемшіліктерден "Тәт-

тімбет" романы да сау емес. 

Бірақ, бүгінгі әңгіме бұл ту-

ралы емес. Ең бастысы -

ұлан даланың ұлы күйшісі, 

дана бабамыз Тәтекең тура-

лы жаңа кітап дүниеге 

келді. Біз Тәтекеңмен 

жүздестік, Тәтекеңмен сыр-

ластық. 


Біздің қаламдас жер-

лесіміз, жазушы ағамыз 

Сапекең өзіне біткен ерек-

ше еңбекқорлығымен жаңа 

бір туындысын елге ұсы-

нып, үлкен шаруаның ба-

сын қайырыпты. Бір тәлімді 

ұлағаты осында жатыр. 



Мақсым ОМАРБЕКҰЛЫ, 

журналист-қаламгер. 

Балқантау.-1995.-12 сәуір 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал