Ұлан аудандық газеті



жүктеу 228.05 Kb.

бет1/3
Дата07.09.2017
өлшемі228.05 Kb.
  1   2   3

 № 76 (7902)       11 ТАМЫЗ  2015 ЖЫЛ       СЕЙСЕНБІ      Е–mail: ulantany@mail.ru      1932 ЖЫЛДАН ШЫҒАДЫ

ҰЛАН АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ

2 бет


Сот жүйесі

алдында -

ауықымды 

міндеттер

Международная

панорама

7  стр.


87

жыл


ҰЛАН АУДАНЫ

1928


3 бет

«1414» 

бірыңғай

байланыс

қызмет көрсетеді

Мемлекеттік тілді дамыту 

қоры жасаған портал Қазақстан 

Республикасының Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаевтың баста-

масымен өзінің «Жібек жолы» 

бейбітшілік сыйлығына алған 

қаржысына әзірленді. Елба-

сы осы аталған сыйлықтың бір 

бөлігін әлеуметтік жобаларды 

жүзеге асыру үшін Қорға берген 

болатын. Сол жобалардың бірі 

www.abaialemi.kz порталы бо-

лып отыр.

Тұсаукесер рәсіміне қоғам 

қайраткерлері, ақын-жазушылар 

қауымы, түркітанушылар, та-

рихшылар, ғалымдар, Абай 

шығармаларының аудармашы-

лары және алыс-жақын шетел-

дерден келген қонақтар қатысты. 

Осы салтанатты шара барысында 

ұлы ақынның шығармашылығы 

мен өміріндегі бұған дейін 

белгісіз болып келген жайттарға 

арналып, Қордың арнайы тап-

сырысымен түсірілген «Абайдың 

ұлы жұмбағы» атты жаңа рухани-

ағартушылық деректі фильм 

көрсетілді.

www.abaialemi.kz онлайн 

порталында ұлы Абай дәуірі, 

оның ізбасарлары туралы 

мәлімет, абайтану еңбектері, 

замандастарының естеліктері, 

Абайға арналған шығармалар 

бар. Порталда түрлі ақпарат 

көздері: кітаптар, газет-жур-

налдар, ғылыми басылым-

«Abaialemi.kz»

энциклопедиялық онлайн

порталы ашылды

Семейде Абайдың 170 жылдығын 

мерекелеу аясында ақынның өмірі 

мен шығармашылығына арналған

www.abaialemi.kz энциклопедиялық он-

лайн порталының тұсаукесер рәсімі өтті.

дар, деректі фильмдер, фото 

мұрағаттардан алынған дерек-

тер орналастырылған. Мұн-

дағы қазақ, латын және араб 

тілдеріндегі ақпарат мынадай 

бөлімдер бойынша орналасқан: 

Абайдың өмірбаяны, шығар-

машылығы, Абай әлем 

тілдерінде, Абай өлеңдері, Абай 

туралы естеліктер, абайтану, 

абайтанушы-ғалымдар, «Абай 

жолы» эпопеясы, естелік жерлер, 

Абай мұражайы, фотогалерея.

Іс-шара соңында Мемлекеттік 

тілді дамыту қорының дирек-

торы Азат Шауеев аталған 

порталдың жас жеткіншектер, 

студенттер, абайтанушы ға-

лымдар, ақын шығармаларын 

өзге тілге аударып жүрген ау-

дармашылар, Абайдың руха-

ни мұрасына қызығушылық 

білдірген ғаламтор жүйесіндегі 

барлық пайдаланушылар 

үшін аса маңызды екенін атап 

өтті. «Біздің Қор қазіргі заман 

мүмкіншіліктерін пайдалана 

отырып, әлемнің қай түкпірінен 

болмасын қазақтың жазба 

әдебиетінің негізін қалаған 

тұлға туралы ақпарат алуға 

тілек білдірген адамның қажетті 

мәліметті табуына мүмкіндік 

беретін осындай тұңғыш интер-

нет-порталды іске қосып отыр», 

деді ол.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

В минувшую пятницу 

значимое событие про-

изошло в Привольном, 

где прошла празднич-

ная церемония тор-

жественного открытия 

новой врачебной ам-

булатории в предве-

рии 20-летнего юбилея 

Конституции страны и 

в рамках реального во-

площения пяти инсти-

туциональных реформ 

конкретного нацио-

нального плана «100 ша-

гов».

Празднично одетые, с улыб-

ками на лицах собрались при-

вольненцы у нового здания 

больницы, украсившего облик 

выросшего здесь за послед-

ние годы целого современного 

микрорайона, в состав которо-

го вписались и новая школа, и 

спортивный комплекс, и детский 

сад еще советских времен, на ре-

монт которого нынче выделены 

солидные бюджетные средства 

в рамках дальнейшего развития 

Жиын барысында аудандық 

ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Е.Құнанбаев күн тәртібімен таныс-

тырып, аудандағы ардагерлеріміз 

мұрындық болған шаралар мен тәлім-

тәрбиелік жұмыстарды қамтыған кең 

көлемде баяндама жасады. Алдағы 

күндерде ардагерлермен бірлесіп 

атқарылатын шараларды да атап өтті. 

Бұл күні сөз алған ардагерлер әртүрлі, 

оң шешімін таппай тұрған мәселелерді 

тілге тиек етті. Жұмылған жұдырықтай, 

біріміз бас болып, біріміз қош болып 

жұмыс жасасақ, алынбайтын қамал, 

 

аспайтын  асуымыз  болмайтынын  сөз  



етті. 

Ардагерлер кеңесінің басын 

біріктірген жиынға қатысушылар 

көкейкесті түрлі мәселелердің шешу 

жолдарын қарастырып, ұсыныстарын 

орта салып, ашық пікір алысып, 

толғандырып жүрген сауалдарын 

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жуықта Сағыр ауылдық Мәдениет үйінде жоспарға 

сәйкес аудандық ардегерлер кеңесінің алқалы жи-

ыны өтті. Жиынға облыстық ардагерлер кеңесі 

төрағасының орынбасары Ғ.Кусанова, облыстық 

ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ж.Әшімов және 

ауылдық округтегі ардагерлер кеңесінің басшылары 

және мүшелері қатысты.

қойып, тұщымды жауаптарын алды. 

Сондай-ақ ауылдық округ кеңесінің 

төрағалары атқарып жатқан жұмыстары 

жайында баяндамалары тыңдалып, өз 

пікірлерімен бөлісті.

Ардагерлер кеңесінің бүгінгі 

қоғамдағы алар орны, оларға жүктеліп 

отырған қоғамдық міндеттер жайында 

көпшілік назарын аударды. «Қариясы 

бар елдің-қазынасы бар» деген дана 

халқымыз қашанда қарияларды 

қадір тұтып, олардың өнегеге толы 

өмірінен тәлім алған, ақыл-кеңестерін 

сұрап отырған. Ынтымағы мен бірлігі 

жарасқан ауданымыздағы ардагерлер 

қауымы жастарға қашанда жол сілтеп, 

бағыт-бағдар беруден еш жалыққан 

емес. Ауданымызда бұл бағытта ауыл 

ақсақалдарынан құрылған ардагерлер 

ұйымы жұмыс жасайды. Олар ауданы-

мызда өткен  мәдени, тәлім-тәрбиелік 

іс-шаралардың  үнемі   басы-қасынан  

табылып  отырады.

Сөз басын жаңа құрылым өкілдеріне 

құтты болсын айтып, жұмыстарына 

сәттілік тілеуден бастаған Е.Құнанбаев 

талқылаудағы мәселенің туындау 

себептері жайлы сөз қозғап, жан-жақты 

келісе отыра жасалған, ардагерлер 

және ақсақалдар кеңесінің құрамы 

есімдерін жиналған қауымға жария 

етіп, сайлады. 

Жиында қорытынды сөз алған 

облыстық ардагерлер кеңесі 

төрағасының орынбасары Ғалия 

Кусанова киелі Ұлан өңірінің 

ақсақалдары қашанда даналық, 

көрегендік қасиеттерімен ерекшеленіп 

тұратындықтарын айта келіп, «сын 

түзелмей, мін түзелмейді» сол себепті 

де, қоғамымыздың алдыңғы толқыны 

болып табылатын ардагерлер еліміздің  

болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, кем-

кетікті түзеуде жол сілтеуден еш 

 

жалықпай, алдыңғы қатардан  көрінеді  



деген  тілегін  жеткізді.

Бұдан соң жиынға қатысушылар туған 

өлкедегі тарихы терең орындардың бірі 

Ақбауырға саяхат жасап, киелі жердің 

тарихи сырларымен танысты. 

З. ЖАНАЕВА

образцового села, где предусмо-

трено также привести в надлежа-

щий порядок сельский очаг куль-

туры.

Разделить радость торжества в 



гости к привольненцам приехали 

в этот день заместитель акима рай-

она Роза Мамырбаева, секретарь 

районного маслихата Назигуль 

Сейсембина, первый заместитель 

председателя районного филиала 



            Новая больница

            в Привольном

партии «Нур Отан» Серик Асыл-

баев, представители здравоох-

ранения, многочисленные гости. 

С концертной программой на 

празднике выступили самодея-

тельные артисты РДК, а в завер-

шение церемонии у здания новой 

больницы прошла традиционная 

ярмарка «Дорога в школу».



Подробнее - в последующих 

номерах газеты.

2

Сейсенбі, 11 тамыз 2015 жыл

e-mail: ulantany@mail.ru

Ұлан таңы

Мемлекет басшысы міндеттеген «100 нақты 

қадам» Ұлт жоспары сот саласына тың міндеттер 

жүктеді.  Белгіленген бағыт-бағдар бойынша жүріп, 

ондағы тапсырмаларды орындау – ортақ міндет. Ел-

басы өз сөзінде бұл бағдарламаны орындау аясында Қазақстанның бәсекеге 

қабілеттілігі артатынын  бес реформа арқылы нақтылап көрсетті. Мемлекет 

басшысы Н.Назарбаевтың  жүктеген тапсырмаларын іс жүзіне асыру бойын-

ша Ұлан аудандық сотының ұжымы да белсене кірісіп, өз міндеттерін жүйелі 

атқаруда.   

Сот жүйесі алдында жаңа 

ауқымды міндеттер тұр. Мем-

лекет басшысының тапсырма-

сына сәйкес, «100 қадам» Ұлт 

жоспары аясында сот құрылысы 

мен сот ісін жүргізуді түбегейлі 

жаңғырту көзделді. Атап айтсақ, 

«Кәсіби мемлекеттік аппа-

рат құру», «Заңның үстемдігін 

қамтамасыз ету», «Бiртектiлiк пен 

бiрлiк», «Индустрияландыру және 

экономикалық өсім», «Есеп беретін 

мемлекетті қалыптастыру». Бізге 

қатысты мәселе заң үстемдігін 

қамтамасыз етуге бағытталған 

екінші реформада 19 жаңалық 

енгізілген болса, оның 11 

қадамы, яғни 16-26 қадамдар 

аралығы республикамыздағы сот 

жүйесін реформалауға қатысты 

мәселелерді қамтыған.

Елбасы  бір сөзінде 

инвестициялық даулар бойын-

ша жеке сот істерін жүргізуді 

құруды атап өткен болатын. Сот 

корпусының алдына қойған 

міндет – азаматтардың құқықтары 

мен бостандықтарына шек-

теу келтірмеу, ұлт жоспары-

на байланысты негізгі мәселе 

жаһандық экономикалық 

кризистік жағдайда еліміздегі 

бизнестің дамуы, экономиканың 

өз дәрежесінде жұмыс атқаруы. 

Инвестицияның сырттан келетінін 

ескеретін болсақ, елімізде 

тұрақтылық болмаса және келген 

инвестицияның қайтару, орында-

лу тетіктеріне мемлекет кепілдік 

бермесе, ондай жағдайда қыруар 

қаржының елге жоламайты-

ны белгілі. Сол инвестицияның 

негізгі кепілдемесінің бірі елімізде 

қабылданған Заң және оның 

орындалуы болып табылады. 

Заң орындалуы сот корпусына 

 

жүктелген.



Сот корпусында жұмыс 

 

атқаратын судьялардың білік-



тілігіне баса назар аудару қажеттігін 

Елбасы атап көрсетті. Бұл бағытта 

түрлі шара жасалды. Оның бірі – 

Жоғарғы соттың пайымдауы бой-

ынша, мамандандырылған, білім 

алған үміткер судья біліктілігін 

және жұмыс сапасын жақсартуы. 

Сондықтан қалыптасқан Сот төрелігі 

институтында оқыған үміткер ма-

гистрант болып шығады. Бітірген 

магистрант кейіннен судьялық 

лауазымға қатысуға да құқы бар, 

қатыспауға да құқы бар. Ал енді 

Жоғарғы сот мемлекеттен қаржы 

бөлінгеннен кейін, Сот төрелігі ин-

ститутын бітіріп шыққан түлек, яғни 

магистрант міндетті түрде судья ла-

уазымына үміткер болуға мүмкіндігі 

бар. Қазір судьяға үміткер 25 жас-

тан бастап болса, ендi  бұл 30 жасқа 

дейінгі мамандар жұмысқа тар-

тылатын болады. Өйткені бұл да іс 

жүзінен туындайтын дүние. 17-18 

жаста мектеп бітірген бала жоғарғы 

оқу орындарынан білім алады, оған 

сосын жұмыс өтілі қажет, екі жыл ма-

гистратурада оқиды. Сонымен  бірге 

судьяларды аттестациялау мәселелері 

де көтерілуде. Аттестациялау 

мәселесі де бұрынғы   жүйедей емес, 

мемлекеттік қызметшілерден бөлектеу 

болу мәселесі қарастырылуда. Яғни, 

бес жыл ішінде бір рет аттестациядан 

өту қажеттігі қозғалуда. Бұл сынақ 15 

жыл жұмыс өтілі бар судьялардан ғана 

алынады.  Ал жұмыс өтілі 15 жылдан 

жоғары судьялар аттестациялауға 

қатыстырылмайды. Егер судья 

жоғары лауазым иесінен үміткер бо-

латын болса, сот төрағалығына, алқа 

төрағалағына мұндай жағдайда атте-

стациялаудан  өтеді.

Реформа аясында азаматтық-

құқықтық даулар бойынша сот-

тарда сот үдерістерін жеңілдету 

және сот үдерісін жеделдету үшін 

прокурорлардың қатысуын қысқарту 

шаралары да қарастырылады. 

Бұл бағыттағы жаңа нормалар 

да Азаматтық процестік кодекске 

енгізілген. Қазірдің өзінде соттар-

да азаматтық-құқықтық даулар 

бойынша прокурордың қатысуын 

төмендетуге бағытталған жұмыстар 

атқарылып жатыр. 

Инвестициялық сотты ашу, оның 

жұмысын  жолға  қою  бойын-

ша тиімді жұмыстар атқарылуда. 

Қарышты қадамдар оң нәтижесін 

берген жағдайда  заңды  үстемдігі  

артады. Бұрынғы Заң бойынша сот 

билігі орындау мәселесі бойынша 

да орталықтандырылған инсти-

тут ретінде қарастырылған бола-

тын. Сот шешімі орындалуымен 

құнды. Шешім орындалмаса, оның 

бағасы да болмайды.  Сондықтан 

мемлекеттік орындау құзыры сот 

жүйесінде болған еді. Бүгінде 

 

жеке меншік сот орындау жүйесі 



заң жүзінде енгізілді. Бұның негізгі 

қажеттілігі – сот шешімін орындау 

кезінде бәсекелестіктің туындауына 

ықпал жасау.  Бәсекелестік болған 

жерде әрқашан алға басушылық 

болады.  Бірінші орында сапасы 

артады. Ілгерушілік болатыны ай-

дан анық. Әлде де жетілдірілетін 

институт  болып есептеледі. Заң та-

лабына сәйкес, республикалық сот 

корпусы тек қана істі қараумен ай-

налысуы тиіс. Сот орындау парағы 

тараптарға беріледі. Тараптар 

мемлекеттік сот орындаушы тиімді 

ме, әлде жеке сот орындау тетігі 

тиімді ме, өздері  баға беріп, оны 

таңдайды.

Атап айтқанда, 16-қадам бой-

ынша азаматтардың сот төрелігіне 

қолжетімділігін жетілдіру үшін 

сот жүйесі инстанцияларын 

оңтайландыру, бес сатылы сот 

жүйесінен үш сатылы сот төрелігі 

жүйесіне көшу қарастырылған. 

Азаматтардың сот төрелігіне 

қолжетімділігін арттыру мәселесі Ел-

басы назарынан ешқашан тыс қалған 

емес. Азаматтардың, мемлекеттің 

және ұйымдардың бұзылған не-

месе даулы құқықтары мен 

бостандықтарының және заңмен 

қорғалатын мүдделерінің соттар 

тарапынан дер кезінде қорғалып, 

олардың жоғарғы саты сот инстан-

цияларына жүгіну арқылы уақыт 

оздырмай, істердің үш сатылы сот 

инстанциясында шешілуі заңдылық 

пен құқық тәртібін нығайтуда құқық 

бұзушылықтың алдын алу бағытында 

жасалған оң қадам.

Судья лауазымына кандидаттар-

ды іріктеу тетіктерін көбейту және 

біліктілік талаптарын қатайтуға баса 

назар аударылып, сот істерін жүргізуге 

қатысудың 5 жылдық өтілі 17-қадамда 

міндеттелді.  Сонымен қатар судья 

қызметіне үміткердің кәсіби дағдысы 

мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық 

тестілер жүйесін енгізу, үміт-кердің 

соттарда стипендия төленетін бір 

жылдық тағылымдамадан өтуі, 

одан кейін судьяның бір жылдық 

сынақ мерзімінен өтуі тиіс екені та-

лап етілді. Аталмыш құжатта ай-

ыптаушы мен қорғаушы жақтар 

арасындағы теңгерімді қамтамасыз 

ету барысында азаматтардың құқын 

шектейтін барлық тергеу қызметі 

жөніндегі өкілеттіктер біртіндеп тер-

геу судьясының құзыретіне берілуі 

қамтылып отыр. Сот төрелігі ин-

ституты мемлекеттік басқару ака-

демиясынан бөлініп, Қазақстан 

Республикасының Жоғарғы соты 

жанында қызмет атқарады.Сонымен 

қатар, инвестициялық даулар бойын-

ша жеке сот істерін жүргізу қадамы іске 

асырылатын болса, еліміздің Жоғарғы 

сотында ірі инвесторлар қатысатын 

дауларды қарау үшін инвестициялық 

алқа өз жұмысын бастамақ.

20-шы қадамда барлық сот 

процестеріне бейнетаспаға жазу 

шараларын міндетті түрде енгізу 

керектігін баса айтқан болатын. 

Сондай-ақ судьяның бейне жазу-

ды тоқтатуға немесе аудио жазу 

материалдарын редакциялауға 

мүмкіндігі болмауы тиіс деген. 

Елбасының жүктеген нақты тап-

сырмаларын іс жүзіне асыра келе, 

бүгінде Ұлан аудандық сотындағы 

сот процестері ашық түрде өтеді,  

бейнебақылау орнатылған. Сот 

жүйесі жұмысының барынша 

ашықтығына қол жеткізу үшін, 

Жоғарғы сот төрағасы жетекші 

партияның жемқорлыққа қарсы 

бағытталған бағдарламасын негізге 

алып, жұмыс атқаруда. Енді сот 

жұмысының сапасы сот қызметіне 

жүгінген әрбір азаматтың берген 

бағасынан түзіледі. 

Сот жүйесінде сыбайлас 

жемқорлықпен күрес шара-

лары күшейтілуде. «Қазақстан 

Республикасының 2015-2025 

жылдарға арналған Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы стратегиясын» 

іске  асыру аясында сот органда-

рында сыбайлас жемқорлықтың 

алдын алудың негізгі бағыттарын 

жүзеге асыруда. Мемлекет бас-

шысы Н.Назарбаев сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы страте-

гия мен сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл жөніндегі 

Партиялық бағдарламаны бекіте 

отырып, жемқорлық – ұлттық 

қауіпсіздікке төнген жойқын қатер 

екендігін айта келе, қоғам на-

зарын осы мәселеге аударған 

болатын. Жемқорлықпен күрес 

– барша Қазақстан қоғамының 

маңызды міндеті. Сот әділдігінің 

мінсіз жүйесі мемлекеттің сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы тиімді 

саясатының шешуші құралы – құқық 

үстемдігін қамтамасыз етудің негізі 

болып табылады. Ұлан аудандық 

сотындағы әрбір қызметкер өз 

жұмысына аса жауапкершілікпен 

қарап,  жемқорлыққа жол бер-

мей заң аясында өз қызметтерін 

атқарып келеді.  

21-ші қадамда: «Алқабилер соты 

қолданылатын салаларды кеңейту 

қажеттілігі» көрсетілген. Алқабилер 

қылмыстық істерге қатысады. Бұл 

қылмыстың ауырлық дәрежесіне 

қарайды. Өте, аса ауыр қылмыстар 

алқабилердің қатыстырылуымен 

қарастырылады. Экономиканың 

дамуы, қоғамда болып жатқан 

шиеліністер, терроризмнің белең 

алуы 100 қадамның жарыққа 

шығуына себепші болды. Бұл 

батыл бастама еліміздің ішкі 

жағдайына ғана емес, сыртқы 

факторларына да байланысты ту-

ындады. Мемлекетке ауыр зардап 

шектіретін, қоғамдық қауіптілігі зор 

қылмыстарды алқабилермен қарау 

аясын кеңейту қарастырылуда. 

Қазіргі уақытта тергеу судьялары 

ашылды. Олардың жұмыс ауқымын 

кеңейту заң жүзінде реттеледі. 

Осы ретте азаматтық, қылмыстық 

істердің тезірек әрі тиімді қаралуына 

мүмкіндік туды. 

Судьялардың есеп беру тәртібін 

күшейту үшін өзге мемлекеттік 

ұйымдардағыдай бізде де әр тоқсан 

сайын есеп беру жоспарда бар. 

Жариялылығын бұқаралық ақпарт 

құралдары өкілдері арқылы жүзеге 

асырамыз. Арыз-шағымдарды 

электронды түрде қабылдауға да 

мүмкіндік туған. Ұлт көшбасшысы 

судьялардың есеп беру тәртібін 

күшейту мақсатында судьялардың 

жаңа этикалық кодексін жасау-

ды тапсырды. Кодексте азаматтар 

судьялардың әрекеттері бойынша 

еліміздің  Жоғарғы сотының жаны-

нан  құрылған  арнайы  сот  алқасына 

шағымдана  алады.

Инвестициялық даулар бойын-

ша жеке сот істерін жүргізуді құру, 

Дубай тәжірибесі бойынша Аста-

на қаласында «aifc» халықаралық 

арбитраждық орталығын құру, 

шетелдік және халықаралық 

соттардың үздік стандарттары 

бойынша сот істерін жүргізуді 

қамтамасыз ету үшін Жоғарғы 

сот жанынан беделді шетелдік 

судьялар мен заңгерлер 

қатысатын халықаралық кеңес 

құру, сот рәсімдерін оңайлату 

және сот процестерін жедел-

дету үшін азаматтық-құқықтық 

даулар жөніндегі соттарға 

прокурордың қатысуын қысқарту 

және т.б. маңызды мәселелер 

Ұлт жоспарының 23, 24, 25, 

26-қадамдарында көрініс тап-

қанын айта  кеткеніміз  жөн.

Бүгінде елімізде сот сала-

сында жүріп жатқан қарқынды 

жұмыстардың бірі сот қызметінің 

ашықтығын жолға қою деп 

айтуға болады. Осы мақсатты 

заманауи технология негізінде 

дыбыс-бейнежазба жүйелерін 

сот үрдістерінде қолдануға ай-

рықша назар аударылуда. 100 

қадамда сот істерінің ашықтығын 

қамтамасыз ету мақсатында сот 

отырыстарын дыбыс-бейне жаз-

баларын жүргізу арқылы өткізуге 

ерекше мән берілген. Сот оты-

рысын аудио немесе бейнежазу 

құралдарымен тіркеп жазуды сот 

отырысының хатшысы жүргізеді. 

 Істі талқылаудың аудио неме-

се бейнежазу құралдарын пай-

далану арқылы тіркеп жазған 

жағдайда сот отырысының 

хатшысы жазбаша нысанда 

қысқаша хаттама жасайды. Сот 

отырысының аудио немесе бейне-

жазбасын қамтитын материалдық 

жеткізгіш пен қысқаша хатта-

масы іс материалдарына қоса 

тіркеледі. Бұл судьялар мен сот 

талқысына қатысушылардың 

процессуалдық нормаларды 

сақтауына ықпал ететін бола-

ды.  Судьялардың жұмысын 

оңтайландырып, бюджет және 

сот өндірісіне қатысушылардың 

қаржысын, уақытын үнемдеуге, 

сот отырысы хаттамасының са-

пасын арттыруға, мәселелерді 

объективті түрде шешуге жол 

ашады.

 «100 қадам» Ұлт жоспарын 



жүзеге асыру аясында әділсот 

институты енгізіледі. ҚР Жоғарғы 

сотында республика соттарының 

2015 жылдың бірінші 

жартыжылдығында атқарған 

жұмыс қорытындыларына 

арналған кеңейтілген кеңесте 

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы 

Қайрат Мәми осылай мәлім етті.

Сот отырысының қа-

тысушылары Сот кабинетін 

пайдаланып, деректерді 

сақтаудың орталықтандырылған 

жүйесі арқылы шынайы уақыт 

режимінде сот отырысы жазба-

ларын көру мүмкіндігін қолдана 

алады. «Сот кабинеті» элек-

тронды сервизі арқылы аудан 

 

тұрғындары өзінің шағым арыз-



дарын жолдап, дер кезінде тиісті 

шешімдерін хабарлама арқылы 

алуға дағдыланып та қалды. Сот 

кабинеті шалғайдағы халыққа 

өте тиімді болды. 

Ұлт Жоспарында елімізде заң 

үстемдігін қамтамасыз етудің 

барлық жолдары қарастырылған. 

Заң үстемдігі – қоғамның, 

мемлекеттің дамуының бірден-

бір негізі. Заңның үстемдігін 

қоғамда орнататын бірден 

бір орган ол – сот органы. 

Сот – биліктің бір тармағы 

ретінде азаматтардың бұзылған 

құқықтарын қалпына келтіріп, 

оларды қорғаудың кепілі болып 

табылады. Біздің міндет – Елба-

сы бағыт-бағдарын айқындап 

берген нақты міндеттерді мінсіз 

орындау болмақ.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал