ҰЛАҒат шілде



жүктеу 2.63 Kb.

бет1/7
Дата13.09.2017
өлшемі2.63 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

Әбу Насыр әл Фараби:
Бақыттың мәні - парасаттылықта!
 ҰЛАҒАТ
         
ШІЛДЕ             

                  
ИЮЛЬ
            
        
ТАМЫЗ 
      2013        
АВГУСТ
       
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  
Зейнеп АХМЕТОВА, Бөлек АМАНБАЕВА, 
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ, 
Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Қалдыбек БӨЛЕЕВ, 
Құбығұл ЖАРЫҚБАЕВ, Серғазы ҚАЛИЕВ, Жұмағали                       
НАУРЫЗБАЕВ, Жарылқасын НҰСҚАБАЕВ, Жәмила         
НАМАЗБАЕВА, Сақыпжамал ҰЗАҚБАЕВА.
 
 
 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» 
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 
Республикалық ғылыми-психологиялық және 
педагогикалық басылымы. Жұрнал екі айда бір рет 
1994 жылдың шілде айынан бастап шығады. 
 
 
Республиканское научно-психологическое и 
педагогическое издание товарищества с 
ограниченной ответственностью «Қазақ тілі мен 
әдебиеті» және  «Ұлағат». Журнал выходит один 
раз  в два месяца с июля 1994 года. 

МАЗМҰНЫ 

 СОДЕРЖАНИЕ
Ғылым ғаламында
Ақылбек ШАЯХМЕТ.                     Баспасөзде журналистік шеберліктің
                                                              қалыптасуы............................................................3
Үміт ШӘРІПОВА.                           «Абай жолы» романындағы бірыңғай
                                                              мүшелердің стильдік қызметі............................19
Кеңесіне Тамыздың
Ой маржанын ағыздың...
Айсұлу ӨТЕПОВА.                           Нұрсұлтан Назарбаевтың ақындық қыры мен
                                                              өлең сөзге көзқарасы...........................................25
Гүлсім ДҮЙСЕНБИЕВА.                 Қазақ тілі сабағын әр түрлі әдіспен өту............32
Гүлзада ҮСЕЙІНОВА.                     Білім мен тәрбие – егіз.......................................38
Анар ИБРАЕВА.                                Өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы
                                                              оқушының тілін ұстарту.....................................47
Мереке ӘБДІҒАЛИЕВА.                  Мақал-мәтелдерді сабақта қолдану арқылы
                                                              оқушының сөйлеу тілін жетілдіру.....................52
Ұстаздар ұсынысы
Ораз САТЫБАЛДИЕВ,                    Шектерді оқыту арқылы болашақ
Назира МЕКЕБАЙ.                           математика мұғалімдерін кәсіби 
                                                              жұмыстарға төселдіру.........................................58 
Колледж кеңістігінде
Жәудір НАҚЫСҚОЖАЕВА,           «Бар ізгілік білімменен алынар,
Жұлдыз ЖҰМАБАЕВА,                   Білімменен өмірге
Лиза ӘЖІБЕК.                                   жол салынар»......................................................69
Педагогикалық әдістеме: озық тәжірибе
Айгүл ТҰРАРБЕКҚЫЗЫ.                Тілді дамыту – ойды дамыту.............................88
Серғазы ӘБІЛМАЖАНОВ.             Жазба жұмыстарын алу әдістемесі...................92
Жанар ТІЛЕУҚАБЫЛҚЫЗЫ.       Сын тұрғысынан ойлау технологиясын
                                                               қолдану арқылы оқушылардың 
                                                               шығармашылық қабілетін дамыту....................99     
 
Әдеби кеш
Рахила НАРАЛИЕВА,   
Гүлсара НҰРЖІГІТОВА,                 Тұмағаңның тұма жырлары –
Қарашаш ЕМБЕРГЕНОВА.            ел есінде............................................................114 
                                                            
В мире педагогики
Бибинур КИСИКОВА.                      Использование ролевых игр один из приемов
                                                               повышения интересов студентов на 
                                                               занятиях иностранного языка.........................118
Лаззат ЕРСАРИНА.                           Роль педагогического наследия
                                                               Ы.Алтынсарина в развитии образования......129
Балғындар базарында
Кенжегүл ИМАНБАЙ.                      Тренинг: «Мен зерек баламын».....................139
Оңаша ойға шомғанда
Әйгерім ҚАСЫМБЕКОВА.             Абай атама арнау. Семсер жырлы өр ақын....141

3
Ғылым ғаламында
Ақылбек  ШАЯХМЕТ,
ҚМУ профессоры, жазушы.
БАСПАСӨЗДЕ ЖУРНАЛИСТІК 
ШЕБЕРЛІКТІң ҚАЛЫПТАСУЫ
Газетті  шығару  үрдісі  белгілі  бір  кезеңдерге, 
қоғамдық  жағдайларға  байланысты    болса,  қазақ 
басылымдары да осы жағдайды түгел бастан өткерді. 
1905-1907  жж.  революциялық  оқиғалардан  кейін 
қазақ  қоғамының  идеялық  өмірі  жандана  түсті, 
үкіметтен  тыс  баспа  органын  ашу  туралы  мәселе 
көтеріле бастады.
1906  жылы  28  мамырда  Ақтөбеде    Мемлекеттік 
Думаға депутат сайлау кезінде қазақ тілінде журнал 
шығару  мәселесі  күн  тәртібіне  қойылды.  Осы 
мақсат үшін қаржы жинауға және қазынашы қылып 
С.Иманшаловты  тағайындауға  шешім  қабылданды. 
Алайда  журналдың  шығуы  базаның  жеткіліксіздігі 
және редакцияның мекені қай жерде орналасу қажет 
екені  анықталмағанына  байланысты  кері  шегеріле 
берді. 
1908  жылы    Орынборда    Смағұл  Иманшаловтың 
және  Серәлі  Ланинның  басшылығымен  абыройлы 
ақсақалдардың  жаңа  бас  қосуы  өткізіліп,  онда 
халықтан  жиналған  қаржыға  қазақ  тілінде  газет 
шығару ұйғарылды. Бірақ бұл игі бастама да  аяқсыз 
қалды.
Осындай кеңестер Петербургте Мемлекеттік Дума 
мүшелері  мен  қазақ  интеллигенциясы  арасында  

4
1905-1907 жылдары да өткізілді. Оларға   Москвада 
оқып жатқан қазақ студент жастары қатысты.
1907  жылы  Мемлекеттік  Дума  депутаты 
Қосшығұлов    Петербургтегі  татар  баспасымен 
қазақтың «Серке» журналын шығару туралы келісті. 
Алайда,  оның  алғашқы  санының  өзі  цензураға    өте 
сенімсіз  болып  көрінді  де,  оны  басып  шығаруға 
тыйым салынды. Дәл осы жылы Троицк қаласында   
«Қазақ газетінің» бірінші саны ( ақпан, 1906 ж.) қазақ 
және орыс тілдерінде жарық көрді. Ол «Киргизская 
газета»  деп  аталды.  Оның  бастамашылары, 
яғни,  инициаторлары  Е.Исмаилов,  Ж.Андреев, 
Х.Сосновский,  Есмұхамедов,  Имантаев  болды. 
Олардың арасында Мұхамеджан Серәлин да болған 
екен деген деректер бар. 
Бұл  газет  те  алғашқы  журналдың  кебін  киді. 
Бірінші  санынан  кейін  қайта  шықпай  қалды.  Қазақ 
жастарының  бір  тобы  «Дала»  («Степь»)  газетін  
Томск  қаласында  шығармақ  болды,  ол  да  көпке 
ұзамай жабылып тынды. Уфада оқып жүрген студент 
қазақтар  қолжазба  «Садақ»  журналының  бірнеше 
санын шығарды. Мұндай бастамалар жер-жерде өріс 
алды. 
ХХ  ғасыр  басында  ұлттық  баспасөз  құру  ұлттық 
жеңіске  пара-пар  еді.  Бұл  қозғалыс  бірте-бірте 
күш  ала  бастады.  Патша  үкіметі  империяның  тағы 
шайқалып  қалғанынан  қатты  қауіптеніп,  қазақтың 
ұлттық  баспасөз  органын  шығаруға  рұқсат  беруге 
мәжбүр болды, бірақ оған қатаң цензуралық бақылау 
орнатты. Осылайша ұлт тіліндегі кез келген материал 
ең алдымен қатал сұрыптаудан өтетін болды. Патша 

5
үкіметінің қолайына жақпайтын материалдар алынып 
тасталды.
1905-1908 
ж.ж. 
революциялық 
өрлеуді  
реакция  алмастырып,  ол  өз  кезегінде  әлеуметтік 
текетірестерге орын берді. Демократия туралы патша 
манифесі,  Мемлекеттік  Дума  төңірегіндегі  күрес 
Россияны алғашқы дүниежүзілік соғысқа алып келді.  
«Храни  царя  и  Отечество»  ұраны  кейін  «Долой 
царя»,  «Хлеб  и  свободу  народам»  деген  ұрандарға 
ұласты.  Революциялық  алғышарт  (ситуация)  пайда 
болып,  ол  көп  ғасыр  бойы  туы  жығылмаған  патша 
режиміне қарсы бағытталды. Әлеуметтік теңсіздікке, 
адамды  адам  қанауға  қарсы  шайқас  басталды.  Бұл 
кездегі  мерзімдік  басылымдарда  өлкедегі  отарлау 
саясатының  зардабы,  өзгеше  ойлайтындарға  қысым 
жасау туралы материалдар жарияланды. 
Қазақ  мерзімдік  басылымдарының  негізін 
партиялар  салған  жоқ,  олар  әлі  қалыптасып  үлгер-
меген  болатын.  Сондықтан  да  олардың  басым 
көпшілігі  орыс  және  қазақ  мәдениеттерінің 
тоғысында  қазақ  зиялыларының  тікелей  бастамасы 
арқасында пайда болды.
Патша  үкіметі  болса  өздерінің  саясатын  жүзеге 
асыру үшін қазақтар арасындағы шенеуніктер тобын 
(кастасын) жасау әрекетіне кірісті. Жергілікті оқыған 
қазақтардың  көпшілігі  сол  білімді  қазақтардың 
арқасында өздерінің құқықтарын қорғамақшы болды.
Х1Х ғасырдың 80-ші жылдарында қазақ даласында 
еуропалық білімді меңгерген алғашқы қазақтар пайда 
болды, ХХ ғасырдың басында олардың саны жүзден 
асты. Петербург, Москва, Қазан,  Томск қалаларында 

6
білім алып жатқан  қазақ студенттерінің саны көбейе 
бастады.
Гимназияларды, 
орыс-қазақ 
училищелерін, 
мұғалімдер курстарын, болыстық және ауылдық қазақ 
мектептерін бітіргендер саны күрт өсіп, мектептерде 
орыс  тілі  міндетті  түрде  оқытыла  бастады.  Алайда 
орыс тілінде сауатты сөйлейтін және жаза білетіндер 
саны  онша көп емес болатын.
Х1Х ғасырдың аяғында, әсіресе, ХХ ғасыр басын-
да еуропалық білім алғандар санының ұлғаюы қазақ 
қоғамында ерекше рөл атқарды және қоғам өміріне 
елеулі өзгерістер әкелді.
Алғашқы  орыс  революциясы  қарсаңында  қазақ 
қауымының  көптеген  саласында  жаңа  құбылыстар 
қалыптаса  бастады.  Россияның  озық  ойы  санаға  да 
әсер етті. Қала мәдениетіне үрке қараудан гөрі оны 
түсінуге  талпыныс,  жаңа  экономикалық  қарым-
қатынастарды  дамытуға  ұмтылыс  байқалды.  Бірақ 
Россияның қазақ даласының  экономикалық өміріне 
ықпалы өте баяу болды.
Идеялық  өмірге  революция  ерекше  әсер  етті. 
1905-1907  жж.    революциядан  кейін  патриоттық 
сана-сезімі бар қазақ интеллигенциясы орыстар мен 
қазақтардың патша үкіметіне қарсы бірлескен күресі 
туралы сөз қозғай бастады.
Алғашқы  орыс  революциясы  буржуазиялық-
демократиялық болатын. Сондықтан да ол әлеуметтік 
теңдік,  бостандық  ұранын  көтерді,  феодалдық-
монархиялық  жүйеге  қарсы  шықты.  Мұндай  саяси 
талаптар  түрлі  ұлт  өкілдерінің  мақсат-мұратымен 
де  сәйкес  келді.  Социал-демократиялық  идеялар 

7
Қазақстанда  да  құнарлы  топырақ  тапты.    Маркстік  
идеялардың  Россияда қанат жаюы Қазақ өлкесіне де 
ықпал жасады,  лениншіл  «Искра» газетінің сандары 
Петропавл, Көкшетау, Верный, Орал қалаларындағы 
үйірме мүшелері арасында таратылды. Қазақстанның 
кейбір  марксистері  газетпен  қоян-қолтық  байланыс 
жасап  тұрды.  Бұған  «Искра»  газетінің  бетінде 
жарияланған Қазақстандағы кейбір жұмысшылардың 
ауыр  жағдайы  туралы  жазылған  материалдар  айғақ 
бола  алады.  Орыс  революциясы  аяқталар  тұста 
Қазақстанда  большевиктік  «Степная  жизнь»  газеті 
астыртын  жарық  көріп,  оған  В.  Куйбышевтың  өзі 
басшылық жасады.
Күн  сайын  жарыққа  шығатын  қоғамдық-саяси 
және  әдеби  басылым  «Степная  правда»  газетінің 
алғашқы  саны    1907  ж.  16  маусымында  Петропавл 
қаласында  басылып  шықты.  Газетке  редактор-
баспагер  К.И.Геркулесов  қол  қойды.  18  және  19  
маусымда газеттің тағы екі саны басылды, ал оның 
төртінші санына жергілікті басшылық тыйым салды.
  «Степной  край»  (Омск,  1883-1905  жж.), 
«Тургайская  газета»  (Оренбург,  1895-1910  жж.) 
газеттері де ресми басылымдар болды. Осы кезеңде 
үкіметке  қарсы  және  соғысқа  қарсы  бағытталған 
қазақ  тіліндегі  парақшалар  шыға  бастады.  Ал    осы 
кезеңдегі басылымдар қатарына «Киргизская газета» 
(  Троицк,    1906  ж.  ақпан),  «Урал»  (1907  ж.)    деп 
аталған алғашқы  большевиктік газеттерді, сонымен 
бірге  Қазақстандағы  алғашқы  кәсіподақ  органы 
–  «Трудовая  жизнь»  (  Семипалатинск,  1907  ж.) 
журналын жатқызуға болады.

8
«Серке»  және  «Қазақ  газеті»  сол  уақытта 
айтарлықтай  із  қалдырды  деп  айту  қиын.  «Серке» 
1907  ж.  28  наурызында    татар  газеті  «Ульфаттың» 
қосымшасы есебінде басылды, ол Петербургте шы-
ғып келген еді. Газеттің бір саны жарыққа шыққан-
нан кейін оны үкімет жауып тастады. Газет редакторы 
Х.Ибрагимов, баспагері Ш.Қосшығұлов болды.
«Қазақ газеті» 1907 ж. наурызда  Троицк қаласында 
жарық  көрді.  Газет  редакторы–  Хаим  Шумов  – 
Сосновский,  баспагерлер  –  Жетпісбай  Андреев  пен 
Ешмұхамед Иманбаев.
Шешендер  сөзінен  бастау  алған  журналистік 
шеберлік  жүре  келе  қалыптаса  бастады.  Орысша 
таза сөйлеп, мақала жаза алатын тілшілердің басым 
көпшілігі сол кезде қазақ тілін де шебер меңгерген, 
ана тілінің уызына жарыған адамдар болатын. 
Қазақ  тіліндегі  алғашқы  газеттердің  кейбіреуі 
сол  тұстағы  «Туркестанские  ведомости»  және 
«Акмолинские  областные  ведомости»  газеттерінің 
қосымшасы ретінде ғана басылды. 
Қазақ  халқының  ұлы  ағартушысы  Ыбырай 
Алтынсаринның  публицистикалық  мұрасы  да 
аса  бай.  Оған    оның  эпистолярлық  мұраларын  да 
жатқызуға  болады.  Өзінің  жазған  хаттарында  ол 
ғылыми  және  әлеуметтік  мәселелерді  жиі  көтереді. 
Қазақстанда ХІХ ғ. 50-60-шы жылдарында газеттер 
мен журналдардың болмауы хат жанрын өз ойларын 
білдіру  үшін  қолдануға  мәжбүрледі.  Эпистолярлық 
қызмет  стиль  ерекшелігін  де  көрсетеді.  Әр  сөзге 
үлкен  мағына  беріледі,  сондықтан  әрбір  хаттың  өзі 
әдеби шығарма болып есептеледі. 

9
Н.Ильминский 
құрастырған 
«Алтынсарин 
туралы  естеліктер»  жинағында    Ы.Алтынсаринның  
достарына  (Н.  И.  Ильминскиге,  В.В.  Катеринскиге, 
В.В.  Григорьевке),    1860-1889  жж.  кезеңде  жазған 
хаттары  жарияланды.  Ы.  Алтынсаринның    Н.  И. 
Ильминскиге  жазған  хаттары    айырықша  зерттеуді 
қажет  етеді.  Онда  көптеген  әлеуметтік  мәселелер 
тілге өзек болған. 
Демократиялық  және  гуманистік  ұстанымдар 
оқулықтар,  көркем  шығармалар  және  балаларға 
арналған туындыларды аудару кезінде ерекше назарға 
алынды.
Қазақ халқының өмірінде айырықша орын алатын  
ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  жарық  көрген  «Қырғыз 
хрестоматиясы»  аудармалардан,  өлеңдер  мен 
мақалалардан  құралған.    1879  ж.  2  желтоқсанында 
бұл шығарма «Оренбургский листокта»  жарияланды.
Ы.Алтынсаринның  журналистік  талантының 
көрінуіне  кезінде  қолайлы  жағдайлар  болмады.  Ол 
кезде  қазақ  даласында  бірде-бір  баспахана  болған 
жоқ. Газеттер шығару да жүзеге аспады. Сондықтан 
да    «Қырғыз  хрестоматиясы»    Алтынсаринға  газет 
және  журнал  беттеріне  айналды.  Халыққа  деген 
пікірді  жеткізудің  осы  жалғыз  ғана  мүмкіндігін  ол 
асқан шеберлікпен пайдаланды. 
«Қырғыз 
хрестоматиясында» 
жанрлық 
ерекшеліктер  тайға  таңба  басқандай  көрінеді. 
Онда  сонымен  бірге  кітап  бастырудың  түрлі 
себеп-салдарлары  да  анық  аңғарылады.  «Қырғыз 
хрестоматиясы» мектепте оқуға арналды.
Автордың оқу-әдістемелік, педагогикалық дидак-

10
тикасы  хрестоматияда  әлеуметтік  публицистика 
деңгейіне  дейін  көтеріледі,  Ыбырай  Алтынсарин 
мектептегі  тәрбиелік  міндеттерді  шешу  мүддесінен 
де  жоғары  көтеріліп,  жалпыхалықтық  мәселелерді 
қояды.
«Қырғыз  хрестоматиясы»  қазақ  публицисти-
касының  бір  көрінісі  десек,  онда  өткен  ғасырдың 
соңындағы 
қазақ 
қоғамындағы 
қарама-қай-
шылықтар,  қазақтардың  көшпенді  өмір  салтынан 
отырықшылыққа көшуі, диқаншылықпен айналысуы, 
өнер мен ғылымға бет бұру қажеттілігі көрініс тапқан. 
Алтынсаринның  аталған  хрестоматияда  Ізбасты 
бидің,  тағы  басқа  шешендердің  сөздерін  мысалға 
келтіруі де оның байырғы сөз өнеріне деген құрметін 
көрсетеді.
Публицистикалық  қызметті  өрістетуге  оның  өзі 
шығуына қатты қолдау жасаған 1873 жылдан шыға 
бастаған  «Оренбургский  листок»  газеті  (Орынбор 
өлкесінің  апталық  газеті)  үлкен  ықпал  жасады. 
Реакциялық-монархтық  баспасөзге  қарағанда,  бұл 
газет жергілікті тұрмысты көрсетуге маңыз аударды. 
«Оренбургский  листоктың»  очерктері  арасында  «за 
подписью И.А.» деп қол қойылған публицистикалық 
очерктер  батылдығымен,  халық  қасіретін  көрсете 
білуімен, терең мазмұнымен ерекшеленді.
Алтынсарин  көп мақаласында инициалдарын ғана 
көрсеткені қалай деген заңды сұрақ туады. Ол біраз 
уақыт «Оренбургский листок» газетіне мүлде жазбай 
қойды.  1881-1882  ж.    оның  туындылары  қайтадан 
жарық көре бастады. Бірақ, тұрақты түрде емес, ара-
тұра ғана басылып жүрді.

11
Торғай 
облысы 
халықтық 
училищелері 
инспекторы қызметін атқарған қазақ ағартушысының 
журналистік  қызметі  губернатор  мен  патша 
шенеуніктері  тарапынан  қолдау  таба  қоймағанын 
түсінуге  болады.  Оның  «Оренбургский  листок» 
газетіндегі жарияланымдары қазақ даласының әдеби 
және мәдени өміріндегі ерекше құбылыс болды. Х1Х 
ғасыр  аяғында  Ыбырайдың  көптеген  мақалалары 
Россияның басқа да басылымдарында жарық көрді.
«Түркістан  уалаятының  газетi»  12  жыл  бойы, 
1882 жылға дейін шығып тұрды, ол қазақ халқының 
ұлттық мұрасына қосылған баға жетпес үлес болды. 
Газеттің  ресми  емес  бөлімінде  тарих,  мәдениет, 
әдебиетке,  этнографияға,  әлем  халықтарының 
географиялық  және  экономикалық  жағдайларына 
арналған  материалдар  басылып  тұрды.  Қазақтар 
тұңғыш рет өздерінің ана тілінде әлем халықтарының 
орналасуы,  Түркістан  жұртшылығының  жағдайы 
туралы  материалдармен  танысу  мүмкіндігіне  ие 
болды.  Газетте    Ақмола,  Торғай  облыстары,  Бөкей 
Ордасы  (қазір  Батыс    Қазақстанның  сыртында 
қалған  және  Астрахань,  Самар  губернияларымен 
қатар  Россияның  аудандарына  іргелес  орналасқан 
мекендер) тұрғындарының өміріне, тұрмысына және 
мәдениетіне арналған материалдар басылды.
«Түркістан  уалаятының  газетi»    қазақтар  мен 
өзбектердің  революцияға  дейінгі  кезеңдегі  аса 
маңызды  тарихи  құжаты  болып  табылады,  ол  
Қазақстанда,  сонымен  бірге  Өзбекстанда  тұңғыш 
баспасөз  негізін  қалады.  Газет  елдің  ішкі-сыртқы 
жағдайы,  сауда  мен  отырықшылық  мәселелері,  мал 

12
шаруашылығы,  оқу-ағарту  саласы,  әдебиет  пен 
өнерге  байланысты  мәселелер  көтеріп,  олардың 
барлығына қызу үн қосып отырды.
«Түркістан уалаятының газетi»  қазақ оқырманда-
рын  әлемдік  ғылым,  әдебиет  пен  мәдениеттің 
озық  үлгілерімен  таныстырып  отырды.  Онда  қазақ 
халқының  ұлы  ғалымы  Шоқан  Уәлиханов  туралы 
алғашқы жарияланымдар жарық көрді. Этнография, 
археология,  статистика  және  Түркістандағы  мәдени 
өмір,  қазақтардың  Орта Азияның басқа халықтарымен 
тығыз қарым-қатынасы, байланыстары туралы жан-
жақты мағлұматтар берілді.
Газет  қазақ  әдеби  тілін  қалыптастыруда 
айырықша  орын  алады.  «Түркістан  газеті»  тұңғыш 
рет  арабтың  «Мың  бір  түн»  ертегілерін  қазақ 
тіліне  аударып,  жариялады,  Россия  мемлекеті 
шежіресінің  материалдарын,  әлем  халықтарының 
шығармашылығының түрлі үлгілерін басты.
«Дала  уалаяты»  газетінде  де  жергілікті 
жаңалықтарға  үнемі  орын  беріліп,  қазақтың  мақал-
мәтелдері  жарияланып  тұрды.  Сонымен  бірге 
қазақтарға билер соты қажет пе деген сауалға жауап 
іздестіріліп, сол тұстағы билер соты мен орыс соты 
салыстырылды.  Қазақтардың  дала  демократиясы 
жағдайындағы    билер  дауы  жан-жақты  суреттеліп, 
олардың құқықтары мен міндеттері айтылды.
Қазақтың  мерзімді  басылымдарының  алғашқы 
қарлығаштары  туралы  зерттеуші  ғалым  С.Исаев 
былай  дейді:  «…Әуелгі  кезде  мерзімді  баспасөз 
тілі  жазба  әдеби  тілдің  өзіндік  ерекшеліктері 
орныққан нормалары бар жүйелі тілдік өрнектерімен 

13
публицистикалық  мазмұны  сай  сөз  тігісімен 
сипатталатын  тұрақты  көрініс  ретінде  бірден 
қалыптасып  кете  алмады.  Біздің  байқауымызша, 
оның  басты  себебі,  революциядан  бұрынғы  газет-
журнал  шығару  ісінің  тарихы  онша    терең,  мерзімі 
ұзақ  болмауында  ғана  емес,  сонымен  бірге  сол 
мәселені,  жалпы  баспа  ісінің  қазақ  қауымы  үшін 
жаңалық  болуымен,  баспа  ісінің  көршілес  татар, 
башқұрт,  өзбек  халықтары  өкілдерімен  тығыз 
қарым-қатынаста  болуымен  және  маман  да  сауатты 
журналистердің жетіспеуімен тікелей байланысты».
Б.Әбілқасымов  алғашқы  қазақ  газеттерінің 
бағдарламалары  туралы  айта  келіп:  «Ол  программа 
бойынша газет жоғары ұлықтардың қазақ даласына 
қатысты 
бұйрық-жарлықтарымен 
қазақтарды 
таныстырып  тұруға,  сондай-ақ  олардың  арасына 
елдің  табиғаты,  тұрмысы,  шаруашылық  жайы 
туралы  хабарларды  таратуға  тиісті  болғанын  тілге 
тиек  етеді.  Патша  үкіметі  сөз  жүзінде  осылай  дей 
тұрса да, іс жүзінде қазақ халқын ағартуды тіпті де 
көксеген жоқ. Шын мәнінде оның көздегені – үкімет 
жарлықтарын ана тілінде тарату арқылы оны сөзсіз 
орындатуды қамтамасыз ету, жергілікті халықтарды 
басқаруды  жеңілдету,  қазақтың  артта  қалған 
патриархалды  шаруашылығын  біраз  ілгері  көтеріп, 
оны  патша  үкіметінің  шикізат  жөніндегі  қажетін 
өтейтін  дәрежеге  жеткізу,  сондай-ақ  қазақтың  өз 
тілін  дамытып  отырып,  сол  кездің  өзінде  «патша 
үкіметінің  орыстандыру  саясатына  зиянын  тигізе 
бастаған  шағатай,  түрік,  татар  тілдерінің  ықпалына 
қарсы  күресу  болды.  Сөйтіп  өзінің  отаршылдық 

14
саясатын одан әрі күшейте беру мақсатын ұстады»,– 
дейді.
Ахмет  Байтұрсынұлы  секілді  ұлт  зиялыларының 
алғашқы  мақалалары  прогрессивті  бағытта  шыға 
бастаған  «Айқап»  журналында  жарық  көру 
мүмкіндігіне  ие  болды.Оған  қазақтың  тұңғыш 
журналистерінің бірі болған М.Серәлиннің игі әсері 
болғаны даусыз.
Журналдың шығу тарихы әріден басталады.1910 ж. 
патша үкіметі М. Серәлиннің журнал шығару туралы 
өтінішіне қол қойды және журналды шығаруға рұқсат 
берді. 1911 ж. қаңтар айында Троицк қаласында қазақ 
тарихындағы  алғашқы  журнал  –  «Айқап»  жарыққа 
шықты,  сол  жылдың  16  наурызында  «Қазақстан» 
газетінің алғашқы саны жарияланды. Ол орыс және 
қазақ тілдерінде басылды. 
Мұхамеджан  Серәлин  журналдың  редакторы 
ғана  емес,  оның  алғашқы  ұйымдастырушысы,  дем 
берушісі,  идеялық  жетекшісі  болды.  Журналдың 
жарық көруі үлкен серпіліс туғызады. Өйткені қазақ 
қоғамында бұрын-соңды мұндай идея жүзеге аспаған 
еді.


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал