Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



жүктеу 5.44 Kb.

бет9/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.44 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

да  қалсын»  дегендей  бала-шағаға  қолдан 
келгенше  материалдық  жағдай  жасап  ке-
туге  ұмтылу.  Сондықтан  да,  данышпан 
қазағым:  дүниенің  соңына  түсемін  деп, 
адамгершіліктен  жұрдай  болып  қалмау 
Мəні жоғалмаған мақала
ДҮНИЕҚОРЛЫҚ: 
ЖАҚСЫ MA, ЖАМАН БА?
үшін,  таза  еңбегімен,  білімімен,  іскерлік 
қабілетімен жиналған аздыкөпті дəулетіне 
қанағат  ету  жағын  кімнің  болса  да  əсте 
шығармауды  талап  етіп  отырған. «Бала-
шағаның  қамы»  деген  пердемен  араны 
ашыла бермесін деген қазағым: «дүниеге 
келген əрбір нəрестенің ырыздығын құдай 
өзі  жаратады,  өзі  береді», «əкенің  малы 
балаға мал болмайды» – дегенді де қатты 
ескерткен. Ал, Исламның қасиетті Құран 
кəрімі  болса: «біріңнің  малыңды  бірің 
нақақ жеп кетпеуді (4-сүре, 29 аят)» сендер 
бақдəулеттің  бəсекесіне  түсіп  жүрсіңдер»  
(102;   1-2), деп одан аулақ болғанға үндейді.
Дəл  қазіргі  біздің  жағдайымыздағыдай, 
əртүрлі  қылмыс,  күнə  жолдарымен  дүние-
мүлікті  жинап  алып:  «біздің  дəулетіміз  де, 
əулетіміз  де  жеткілікті.  Бізге  азап  жуы-
майды»  (34,35)  деп  күпірлік  жасағандарға, 
Алланың түбі бір қарғысы сөзсіз тиетіндігінде 
қатаң  ескертеді.  Қазекем  болса,  «дəулетке 
мас болған айықпайды» деген қауіпті де естен 
шығармауды жөн көрген. Шынында да, та-
бан ақы, маңдай термен келген байлыққа 
ешкім де мас бола бермейді, ал, оны арам-
нан жинаса, мас болудың да,  құтырудың 
да  əкесі  сонда.  Сөйтіп  түптің  түбінде  бір 
азғындайды  да.  Осындай  жағдайларды 
ескерген елім: «көп асқанға бір тосқан» бо-
ларын да білген. Əлбетте, елдің бəрі бірдей 
халықтың  аталы  сөзімен,  талабымен 
ғана  өмір  сүрмегендіктен,  дүние  жинауда 
адамгершілік шегінен шықпайтын шека-
раны елдің бəрі біле бермеген де, білсе де 
оны  əмісе  құптауды  жөн  көрмеген.  Сол 
себепті  халық  дүниеқорлықтың  жақсы 
емес  екендігін  қанша  ескерткенімен, 
күлкіге мазаққа айналдырғанымен (Плюш-
кин
,
  Қарабай  образдары  жасалғанымен
байлық  соңына  түсушілік  кімге  де  болса 
көп уақытта (кейде əділетсіз де«дүниеқор» 
деген  атты  тануға  мəжбүр  еткен.  Бірақ, 
бала-шағаның,  отбасының  мұқтажына 
ғана  емес,  одан  жүз,  мың  есе  асып  та-
сып  жататын  байлық  табан  ақы  маңдай 
термен,  білімділік,  іскерлік  қабілетімен, 
үнемділікпен,  ұқыптылықпен  қаражат 
атаулыны  көзін  тауып  жұмсаумен  қо-
Секен ДОРЖЕНОВ,
саясаттанушы

№12    2014    А И АТ
42
42
сыл ған  үстіне  қосылып,  ондаған  тіптен 
жүздеген жылдар бойы, ұрпақтан-ұрпаққа 
қор жиналса, оның атын «дүние», «қор» де-
мегенде не дейміз? Жалпы, баюға ұмтылу 
ниетінде  (болшевиктік  көзқарастарды 
былай  қойғанда)  жаман  ештеме  де  жоқ. 
«Ке дейдің  байға,  байдың  қүдайға  жет-
сем дегені», тіптен, əлеуметтік прогрестің 
ең  мықты  деген  қозғаушы  күштерінің 
бірі екені де белгілі емес пе?  Олай болса, 
жо ғарыдағыдай  дəулет,  байлық  жолдарын  
қуғандарға дүниеқорлар деп кінə тағу əділетті 
бола қоя ма екен? Сондықтан, олардың бұл 
қылығын адал, адами дүниежандылық десек 
болмай ма?! (Бұл жөнінде қараңыз: Гаухар 
Исаева. «Казахстан:  рэкет,  мошенниче-
ство, сутенерство». Алматы,  Аль-Фараби
1995).  Олай  болса,  жоғарыдағыдай  дəулет, 
байлық  жолдарын  қуғандарға  дүниеқорлар 
деп  кінə  тағу  əділетті  бола  қоя  ма  екен? 
Сондықтан,  олардың  бұл  қылығын  адал, 
адами  дүииежандылық  десек  болмай  ма? 
Ал, байлық мақсатындағы ойтілек, пейіл, 
қанағат  дегеннен  жұрдай,  қоғамдағы 
заңдарға қарсы жолдармен, өркениеттілік, 
адамгершілік  принциптерінің  талапта-
рынан  мүлдем  алшақ,  қасқырша  шау-
ып  бас  салып,  тіптен,  ну  тоғайдағы 
(джунглидегідей)  əлсіздің  күштіге  жем 
болатын тəсілімен іске асып жатса, оның 
аты  тойымсыз,  арам,  жыртқыштық – 
дүниеқорлық делінсе əділетті болмай ма?! 
Қашанда  негативті  жəйттерге,  көріністерге 
келгенде,  алдыңғы  жүлдені  бермейтін  рес-
публикамыз,  əлде  де  ТМД-да  көш  басында 
келе жатқандаймыз. Ал, қазіргі біздің өтпелі 
кезеңдегі  жағдайдағыдай,  аяқ  астынан, 
яғни, 2-3 жылда-ақ, ұрлап-жырлап, алдап-
арбап, қорқытып-үркітіп пара алып, неше 
түрлі  үйлер  салып,  коттедждер  салып, 
астана  облыс  орталықтарынан  бірнеше 
жерден пəтер сатып алып, оларды жалға 
беріп (ешбір салық та төлемей)... байлығын 
қоярға жер таппай енді сатып алуға тіптен 
тікұшақ,  ұшақ  іздеп,  жеркөкке  сыймай, 
аран  дегеніңіз  ашылған  үстіне  ашылып, 
«ашыққаннан  құныққан  жаман  екенін», 
əсіресе,  билік  тұтқасындағылар  жап-
пай  дəлелдеп,  əйгілеп  жатса,  оның  аты 
жоғарыда сөз етілген екінші анықтамаға, 
яғни,  адами  дүниежандылық  дегенге 
ешбір ауызың бармайтын жыртқыштық, 
нəпсісіздік   емей   немене?   Жалпы,   өтпелі   
кезеңдік  жыртқыштық  дүниеқорлықпен 
большевиктік билікқұмарлық бір-бірінен 
ажырамас  біртұтас  құбылыс  болса 
керек-ті.  Сондықтан  да,  жыртқыштық 
дүниеқорлық  дегеніміз – большевиктік 
билікқұмарлық,  ал,  большевиктік  билік-
құмарлық  дегеніміз – жыртқыштық  дү-
ние қорлық  десек  қозғалып  отырған  мə-
се ленің  бірталай  жағы  түсінікті  бола  ма 
деймін.
Дүние-байлық деп есі кеткендер, негізінен 
өте сараң болып келеді.
Солай аталып қалам ба деп, жыртқыштық-
дүниеқорлық  жолына  түскендер:  той  жаса-
ғанда,  құда  түскенде,  ас  бергенде,  өлік 
жөнелткенде көрер көзге тек мақтану мақса-
тымен  дүниеңізді  «шашып»  жібергені  бол-
маса  басқа  уақыттарда  кедей-кепшіктерге, 
мүсəпірлерге рақым жасау дегеннен жұрдай 
тегінде.  Себебі:  еңбексіз,  қылмысты  жол-
дар  мен  табылған,  жиналған  дəулетте 
адамдылық  исі  ешқашан  болмаған, 
бол  майды.  Оған  нақтылы  бір  ғана  мы-
сал,   1917 ж,  Қазан  төнкерісінен  кейінгі 
байлардан  жыртқыштықпен  тартылып 
алынған,  жиналған  большевиктік  дү-
ниеқорлық  дəлел  емес  пе?  Сол  себепті 
де  АҚШ-тың  Мəриленд  университетінің 
профессоры  Мансур  Олсен  «саяси  бю-
роны  мемлекеттің  байлығын  үнемі  та-
лаушылыққа  салған  отырықшыл  бан-
дит»  («Известия» 1995, 18-сəуір),  деп  өте 
əділ  атаған.  Большевиктер  партиясының 
қаймағы – саяси бюро осындай болған соң, 
өзгелерінің кім екені белгілі емес пе? Соның 
нəтижесінде  КОКП  орталық  комитетінің 
бас  секретарынан  бастап,  аудандық  бірінші 
хатшыларға  дейін  патшалардың,  хандардың 
жағдайында  өмір  сүрді  де,  қалың  ел,  Ре-
сей  профессоры  Д.  Волкогонов  айтқандай 
«XX  ғасырдағы  крепостнойлықта,  ке-
дейлікте,  құлдықта,  жалпы  сорлылықта 
күн  кешті.  Ал,  КСРО  ыдырап,  КОКП 
тараған  соң  барлық  сатыдағы  «көсем-
дерге»  жасалынған  ерекше  жағдай 
«жойыл  ғаннан соң» олар қараптан қарап 
оты рып жұмақ тұрмысынан айрыла сала 
ма, сондықтан жалма-жан қой терісін жа-
мылып,  əкім  болып  шыға  келіп: «біздің 
де  күндіз-түні  ойлайтынымыз  халықтың 
қамы»  дегенді  жалғастырып,  бұлбұлша 
сайрап  тек  жеу,  жұту  дегеніңізді  он,  жүз, 
тіптен мың есе үдетті емес пе? Ойлағандары 
тек  халықтың  қамы  болса,  неге  көпшілік 
ел-жұртпен  басшылар  арасындағы  тұрмыс 
жағдай  айырмашылығы  қазірде  де  жермен 
көктей,  жұмақ  пен  тозақтай.  Себебі  Кеңес 
өкіметінің кезінде бар байлық мемлекеттікі, 
халықтікі делінгенімен, ол тек номенклатура 
деп  аталған  паразит  үстем  таптың  қолына 
шоғырланды. Енді болса, бұрынғы партократ-
тарымыз,  бандократтарға  (əп  жыландарға
айналып  мемлекеттік  мүліктерді  мейлінше 
тездетіп өз меншіктеріне көшіруде. Адамзат 
тарихында ешбір елде, ешбір жерде ешқашан 
Секен ДОРЖЕНОВ. Дүниеқорлық: жақсы ма, жаман ба?

№12    2014    А И АТ
43
43
болмаған  түпсіз  аран  Кеңес  Одағындағы 
кей бір  дүниеқоңыздардың  көмейінен  ашы-
лып  сала  берді.  Большевиктік,  өтпелі 
кезеңдік жыртқыштық дүниеқорлық үдеп 
тұрғанда  материалдық  жоқшылықта 
отырғанда, көп балалыларға жаны ашы-
майтынын 74 жыл  көзіміз  көргенде,  өзі 
туған халқы осылай аш құрсақ жалаңаш-
жалпы  отырғанда  Ресейден,  басқа  мем-
ле кет терден  артистер  шақырып,  олар-
дың  толық  қалталарын  одан  əрі  де 
қа лындатып  жатқан  əсіре  қызылдар 
–  дү ниеқоңыздықтың  жаңарған  бір  түрі. 
Ал,  нысапты  адами  дүниежанды  байлар 
қашанда, қай елде де бар. Олар мешіттер, 
шіркеулер, мектептер, ауруханалар, кітап-
ханалар,  мұражайлар,  жетімдер  үйлерін 
салдырып  қана  қоймай,  оларға  ауық-
ауық материалдық жəрдемдер беріп отыр 
ғой.
Тағы бір айта кететін жəйт. Дүниемүлікті, 
байлық атаулыны кейбір адам бақыттың бір 
түрі деп келген. Бізде бүгінгі күнде осы ойға, 
тіптен, зиялы атаулылардың да көпшілігі ден 
қойған  сияқты.  Материалдық  жағдай  орта-
ша болса да (мұның да деңгейін анықтаған 
ешкім жоқ) алтынды металдың бір түрі деп 
қана  есептеген,  валютаны  қағаз  деп  қана 
қараған,  байлық  атаулыны  қазақ  атамдай 
«қолдың кірі» деп санаған қанағатшыл адам-
дар да өзін бақыттымын деп білген. Рас, он-
дай адамдар қашанда аз болған. Кейінгі 3-4 
жылда  пайда  болған  миллионер,  милли-
ардер адамдардың барлығы дерлік өздерін 
бақытты 
санамайтындығы, 
байлық 
–  бақыттылықтың  белгісі  еместігін 
дəлелдесе  керек-ті.  Нравалық,  адамдық 
көзқараспен  қарағанда,  əр  түрлі  жан 
түршігерлік амал айлалар мен миллионер 
болып  алып,  арамнан  жиналғанын  іші 
білетіндер: «ақыры  не  боламын!» – деп 
қайғырып  ұйықтай  алмай  депрессияға, 
жүйке  дерттеріне  ұшырап  жүргендер, 
міне, бақытсыздардың бұларда бір тобы.
Байлыққа  да,  билікке  де  құнықпайтын, 
тіптен,  оларға  қызыға  да  қоймайтындар 
бақыт ты  ғана  емес,  ұлы  да  ма  деймін.  Се-
бебі,  жер  бетіндегі  ұлы  деп  есептелінген 
адамдардың,  тіптен,  ешбірінің  артында  аса 
материалдық байлық та қалмаған ғой. Айта 
кететін бір жəйт, ел басқарғандар, зиялы-
лар  қашанда  адамзат  тарихында  дүние-
мүлік деп өліп өшпегендіктен адамгершілік 
үлгісін көрсете білген ғой. Жыртқыштық 
дүниеқорлық жаппай орын алған қоғамда 
адамгершіліктің (сөз жүзінде ғана болма-
са)  исі  де  болмайтындығы  заңды!  Жəне 
де мұндай қоғамда жақсы келешек бола-
ды деу, жұқалап айтқанның, өзінде нағыз 
утопия. Жыртқыштық дүниеқорлық жолына 
жаппай  түсушіліктің  түбі  үлкен  трагедияға 
апарады-ау.  Дана  халқым:  «өзі  тоймастың 
көзі тоймас», «жақсы арына құл, жаман – 
малына құл», «жақсыны арман аздырар, 
жаманды  құлқын  тоздырар», «құзғын  ас 
таңдамайды»,  деп  мұндай  қорқаулардың 
түбі  жақсылыққа  əкелмейтінін  бұдан 
жүздеген жылдар бұрын-ақ ескертпеп пе еді? 
Қанша уақыт өтсе де осы аталы сөздер неге 
ескірмейді? Бұл сұраудың төңірегінде ойна-
латын басшылар бар ма? Бар болса, неге онша 
сезілмейді?  Арамдық  пен  жыртқыштық 
дүниеқорлық  арасындағы  ажырағысыз 
табиғи, органикалық біртұ тастық та көңіл 
бұратын жəйт (Əлбетте екеуінің арасында 
айырма  да  болар,  ол  жағын  философтар 
аңықтар).  Бала-шағаға  жетерлік  тамақ, 
ас,  киім-кешек,  үй-жай  мəшине  болған 
соң,  соған  қанағат  етсе,  ешкімді  алдама-
са,  арбамаса,  пара  беруге  мəжбүрлемесе, 
біреуге қол ұшын бергені үшін ақша, ал-
тын  дəметпесе.  Жалпы,  қазағымның: 
«өз  нəпсісін  жеңген  батыр»  деген  аталы 
сөзінің  астарында  да,  адалдықта  жатқан 
жоқ па? (Айтпақшыдай: «ақ жүрсең, тоқ 
жүресің, домаланып көп жүресің!» дегенде 
мақалымыз бар ғой).
«Дүниеге  тойдым  жетеді!»  дегенді  екі-
нің  бірі  айта  бермейді.  Дегенмен  де,  өзі-
нің  бар  қабілетін  халқына,  көпшілік  үшін 
жұмсадым деп жүргендер «барына қанағат 
тұтпаса», ел-жұртта өсіп келе жатқан ұрпақ 
та  азғындық  жолға  түсе  бермей  ме?  Оның 
арты не болады? Сократ айтқандай: «тəні де, 
жаны  да  ластанған  адамдардан  тұратын 
қоғам» орнайтындығы даусыз. Капитализмді 
«іріген,  шіріген  қоғам»  деп  жүргенімізде, 
өзіміз сондай болып шықпадық па? Ақыры 
бірер процентті байлар болмаса, əлеуметтің 
көпшілігінің əл-ауқаты төмен. Жоғарыда 
айтылған  дүниеқорлық  ниетіміз  бұдан 
ары жалғаса берсе, ірігеннің де, шірігеннің 
де əкесі сонда болар.
Тегіс  дүниеге  ерекше  қызығып,  оны 
қуып  кете  берсе,  іргелі  ел  болуымыз  да 
неғайбыл бола ма деймін. Себебі, айуандық 
тойымсыздық  жолына  түскен  кісілер  үшін 
«ел,  отан»  деген  ұғымдар  болмайды.  Тек 
«байлық», «дəулет» деген нəрселер өмірдің 
мақсатына айналады да, сол жолда кімді де 
болса сатуға барады. Абай атамыз: «тегінде 
адам  баласы,  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген 
нəрселермен  озбақ»  деп  дəлелді-ақ  жазған, 
бірақ,  оны  есіне  сақтағандар  тым  аз  болып 
отыр.
Байлығының,  табысының  көзін  біліп, 
одан  салық  алып  отыру  үшін  іргелі  мемле-
кет тердің  барлығында  декларация  жақсы 
Мəні жоғалмаған мақала

№12    2014    А И АТ
44
44
жолға  қойылған.  Бізде  ол  əзірге  өмірге  он-
ша  енбей  отыр.  Жоғарыдағылар: «арам 
жолмен  байып  жатқандар  тойып  алсын!» 
деп  отырған  болулары  керек.  Ны сап-
сыздардың  тойғанын  күтсек,  адам 
баласының  көзінің  топырықтан  бас қаға 
қана ғаттанбайтынын  есептесек,  сірə, 
көп күтеміз ғой. Сайып келгенде дүниеге 
тойым сыздық жер бетіне мың даған қанды 
трагедияларды,  Рим,  Британия,  Ресей, 
КСРО империяларын туғызды. Бұлардың 
тарихына  үңілсек,  аш көздікке  салынған 
үлкен  мемлекеттер  де  топырағына  да 
тоймаған.
КСРО ыдыраған соң, егемендік алғаннан 
кейін  бізде  кейбір  адамдардың  пейілі 
өзгеріп,  дүниеқорлық  дерті  қаулап  өсті. 
Себебі,  біріншіден,  кезінде  қанша  жерден 
жек  көрсек  те,  капитализм  өмірімізге  ден-
деп  еніп,  қолдан  келгендері  жан-жақтан 
қамтып  қалу  үстінде,  қысқасы  кейбір 
адамдардың  арасында  «билік  қайда  болса, 
дүние-мүлік  сонда!»  деген  солақай  прин-
цип  етек  алып  барады.  Екіншіден,  бəрі  бір 
орталыққа бағынып отырған кезде, ашығын 
айтайық Мəскеуге жазып жүріп, əйтеуір бір 
шырылдаған  шындықтың  түбіне  жетіп,  си-
рек  болса  да  əділетті  шешім  қабылданатын 
еді... Үшіншіден, «социалистік» деп аталған 
қоғам  «буржуазиялық»  деп  аталған  қоғам 
асып  бара  жатқан  түгі  де  жоқ.  Олай  бола-
тыны  социализм  о  баста  миллиондаған 
адамның  қанымен  орнаған  ар-ұят,  иман, 
адамгершілік, ақиқат, əділеттілік ... деген өте 
сирек еді. Төртіншіден, адамзат тарихының 
мыңдаған жылдардан бері қарай қалыптасқан 
нравалық  гуманистік  талаптары  коммунизм 
құрушылардың моральдық кодексімен алмас-
тырылып  өмір  сүргендігімізден  «советтік» 
делінген  адамдардың  көбінде  бұрмаланған, 
бұзылған  мінез-құлық,  көзқарас,  принцип-
тер  қалыптасты.  Ұрлап,  пара  алып  оты-
рып (қолынан ұстап алмасаң) «шімірікпей» 
ұр лаған,  алған  жоқпын, «көрмедім» 
деу  ауызша,  телефон  арқылы  берілген 
бұйрықтарынан,  нұсқауларынан  мүлдем 
бас тарту, түрлі супер топастарды əлдебір 
таққа отырған туыс, ағайын, жекжаттың 
арқасында  «жасырын»  қолдап,  көкке 
жеткізіп отырғанын мойындамау... сөйтіп, 
артында  сенері  болған  соң  ойына  келген 
көргенсіздікті  оңды-солды  жасау.  Мұның 
бəрін жасырып, жапқанымен, айдан анық 
көрінген де, қазірде де көрініп отыр. Гете 
айтқандай:  «Сама  эпоха  чудовищно  гро-
моздит свои преступления и представля-
ет  их  напоказ».  Бұл  ойға  ешкім  ештеңе 
қоса алмаса керек-ті. Тек, апырау «өзімнен 
кейін  не  болса  сол  болсын!»  деген  психо-
логия  үстемдік  ете  берсе: «өліп-тіріліп,  ар-
ұяттан безіп, нысап дегеннен жұрдай болып 
жинап жүргеніңіз бір күні қатты шашылмас 
па екен? Болу да, толу да түбінде бір асып 
төгілуде болмаушы ма еді? Мыңдаған өмір 
жылдарынан  алынған  осындай  ұлттық 
данышпандық  ойларымызды  да  шыны-
мен  ұмыттық  па?  Бұлтылдатпай  айтсақ, 
жалпы «советтік» деген құрылым табиғатты 
да,  қоғамды  да,  адамның  ойлау  жүйесін  де, 
мінез-құлқын да мүлдем бүлдіріп, аздырып, 
уландырып  біткен.  Соның  нəтижесінде, 
осының  бəрінің  бастаушысы,  іске  асырушы 
болған КОКП биліктен кеткенімен, қой терісін 
жамыла  қойған  оның  əртүрлі  дəрежедегі, 
сұрқиялықтан  алдына  жан  салмаған  кө-
семдері  «билікте  тұрғанда  жыртқыштық-
дүниеқорлық  дерті нен  айығуда»  мүмкін 
емес, «Қорыққан  бұрын  жұдырықтайды» 
дегендей  билік  басына  құзғын  қарғалардай 
үймелей  толып  алған  тоғышарлар: «ерте 
жарықта  қамтып  қалайық»  деген  пиғылын 
ашықтан  ашық  іске  асыруда.  Қашанда 
өзінің  қабілетіне,  күшіне  сенген  адамдар 
мұндайды ешқашан істемесе керек-ті. Біздегі 
қалыптасып,  орын  алған  большевиктік, 
необольшевиктік,  дүниеқорлық  тарихта  еш-
бір  болмаған  құбылыс.  Адамзат  тарихында 
өтпелі  кезеңде  əркім-ақ  қамтып  қалғанға 
тырысқан. Бірақ, дəл біздікіндей көрсеқызар, 
қомағай,  тəсілмен,  өз  мемлекетінің  ішінде 
оты рып  алып  байлықты  жұта  беру  деген 
ешбір елжұрттың тарихында кездеспеген ке-
сел.
Адамнан  да,  көз  жастан  да,  қарғыстан 
да  құдайдан  да  именбейтін,  қорықпайтын 
(тегінде: «Құдайдан қорықпағаннан қорық» 
деген  сөз  бекерден  шықпаған  ғой),  жендет-
тердей  болған,  айығуы  қыйынға  айналған 
жыртқыштық-дүниеқорлық  жолына  түскен 
айдаһарларға жол беріп, билікте отырғандар 
(жемтіктес,  сыбайлас  болғандықтарынан 
ғана болу керек) бүкіл республиканы зұлым-
дық  ордасына  айналдырар  ма  екен  деген 
де  қауіп  ел  ішінде  жоқ  емес-ті.  «Адамның 
құлқы  түзелмей,  құлпы  түзелмейтінін» 
еске  алсақ,  өркениеттілік,  прогресс 
атау лыларға  біз  бұрылған  сайын,  олар 
алыстап  бара  жатыр  ма?  Қалай?  Деген-
менде,  зиялы  қауым  тегіс,  қалың  ел-жұрт, 
большевизм  əкелген  жер  жүзінде  болмаған 
дүниеқорлықтан  ауылын  алыс  ұстаса,  ат 
төбеліндей  болған  дүниеқорлық  жолына 
тү сіп,  дəулет  азғындығының  даңғылымен 
кетіп  бара  жатқандар  нені  бүлдіріп  жіберер 
дейсің?
«Үмітсіз – шайтан» деген емес пе.
«У мен дерт» кітабынан, 1997 ж.
Секен ДОРЖЕНОВ. Дүниеқорлық: жақсы ма, жаман ба?

№12    2014    А И АТ
45
45
Қазақстан тəуелсіз мемлекет атанғалы 
үздіксіз  реформаларды  бастан  өткеріп 
келеді:  алғашқы  кездегі  реформалар 
социалистік  жоспарлы  экономикадан 
капиталистік нарықтық экономикаға өту 
кезеңі,  яғни, «өтпелі кезең» деп аталды. 
Араға ондаған жылдар салып, біз өтпелі 
кезеңді аяқтадық. Одан кейінгі басталған 
реформалар  мемлекетті  жетілдіру  мен 
экономиканы əртараптандыру бағытта 
жүрді. Қоғамның рухани өмірі де назардан 
тыс  қалған  жоқ:  білім  жəне  мəдениет 
саласында  ірі  жобалар  қабылданып, 
жүзеге асырыла бастады. Осы өзгерістерге 
назар аударсақ − осыған дейінгі жүргізілген 
реформалардың  барлығы  дамуға 
арналған  деуге  болады.  Сондықтан, 
қарапайым қисынға жүгінсек, мұндай − 
үдемелі дамуды қамтамасыз етіп отырған 
мемлекетте      −  «тоқырау», «дағдарыс» 
деген қауіптің «заты түгілі аты жоқ» болуы 
тиіс еді. Бірақ, қоғамда қазіргі жағдайына 
деген кө ңіл бөлушілік ұдайы өсіп келеді: 
Ендеше,  біздің  де  еліміздегі  «адамдық 
факторлармен» өлшенетін көрсеткіштерге 
назар  аударуымыз  бекерден  бекер  емес 
сияқты.  Мысалы, «кө леңкелі  экономика», 
«көлеңкелі саясат», «коррупция», «қылмыс» 
жəне тағы басқа келеңсіздіктерді тізбелемей-
ақ, адамның ең қымбат нəрсесі – «өз өмі-
ріне  қол  жұмсау» (ғылыми  айналымда 
−  «суицид») «адамның  шарасыздықтың 
шарықтау шегіне жетіп, ол үшін өмір сүрудің 
мəн-мағынасының толық жойылуы» деп ұғар 
болсақ, онда өзіне қол жұмсау фактілерінің 
шамадан тыс көбейіп кетуі: а) адамдардың 
тұрмыс жағдайының қиындап кетуін; ə) 
қоғамның моральдік-психикалық тұрғыда 
депрессиялық  жағдайға  тап  болғанын; 
б)  мемлекеттің  қоғам  алдында  кетік-
кемшілікке жол беруін; г) адамдардың өз 
болашағына деген сенімінің сұйылуын, 
Ойтолғақ
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ 
ЗИЯЛЫЛЫҒЫНЫҢ  ДАҒДАРЫСЫ
арманы  мен  қиялының  күйреуін;  ғ) 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал