Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



жүктеу 5.44 Kb.

бет22/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.44 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

нан  қозғалып  бара  жатқан  жездемді 
тоқтатып: 
- Масқара, енді не болады? – дедім 
жыламсырап. 
Жездем: – Не  болатынын  өзің  ет 
құлағымен естисің! – деді де жұмысына 
кетті. 
Арада  бір,  екі  күн  өткенде  көршіміз 
барлық  көрші-қолаңдарын  үйіне  шақыр-
ды. Апа-жездем мені де алып барды. Үй  
толы адам. Жақын маңдағы  иісі қазақтың 
бəрі шақырылған. Туыс-туған, аға-бауыр, 
қайын  жұрты,  нағашы-жиен  атаулының 
барлығын    қалдырмаса  керек.  Ес  білген 
бала-шағаның  да  қарасы  көп.  Дауыл 
алдын дағы  тыныштықтай  ешкімде  үн 
жоқ.  Əркім  өз  ойымен  арпалысып  отыр. 
Бұл  тыныштық  көпке  бармады.  Жас  
ша масы елудің жуан ортасына ілінген, 
осы ауданда беделді қызметте отырған  
Балаусаның əкесі, көрші ағамыз орны-
нан  тұрды.  Əдетте  жаны  жайсаң,  түрі 
жылы  адам  сияқты  еді.  Бірақ,  қазір  
түрінен  ондай  белгі  байқалмайды. 
Сұрланып  алыпты. – Айналайын  ел 
–  жұртым,  өздеріңізде  естіп  жатқан 
шығарсыздар.  Мені  тірідей  өлтіріп 
кетті. Мен ғана емес-ау, сіздерді де жер-
ге  қаратты.  Бəріміздің  намысымызды 
қорлады (Неге екенін қызының атын ау-
зына  алмай  əңгімесін  осылай  бастады).  
Жастайынан  үлдемен-бүлдеге  орап 
өсірдім.  Бетінен  қақпадым.  Бар  айы-
бым  əліппені  Қытай  тілінде  танытып 
едім.  Онда  да  жаман  оймен  Қытайша 
оқытпадым.  Қатарынан  қалмасын, 
болашақта  өз  нанын  қиналмай  тауып 
жесін  деп  едім.  Қайдағы  бір  базарда 
доңыздың  етін  сатқан  Қытайға  тисін 
демеп едім. Əттең,  бəрі керісінше бол-
ды. Соның жемісі, міне, бүгінгі жағдай. 
Бұл  кешірілмеуге  тиіс.  Мен  мынадай 
шешімге  келдім.  Араларыңызда  ме-
нің  барлық  жақын-жанашырларым 
отыр. Сондай-ақ, молдамызда осында. 
Біз  ақылдаса  келе  ол  баланы  шіріген 
жұмыртқа  деп  таныдық.  Бұдан  бы-
лай  бізден  тараған  ондай  тұқым  жоқ. 
Сіздердің де ондай қыздарыңыз жоқ! – 
деп санаңыздар. Ешкім де босағасынан 
аттатпасын. Көшеде көрсеңіздер бетіне 
тура  қарамаңыздар.  Ата-бабасының 
ардақты  дəстүрімен  алтын  дініне    тү-
кір ген  адамды  ешқашан  аяуға  бол-
майды. Мына бала соған лайық. Амал 
не,  қолдан келсе атып-ақ тастар едім. 
Оған  мына  елдің  заңы  жол  бермейді. 
Сондықтанда,  осындай  шешімге  кел-
дік. 
Жұрт  біткен  үнсіз.  Менің  өнебойым 
мұзап барады. «Тірі өлік» – деп əлденеше 
рет  ішімнен  күбірледім.  Отырғандардың 
барлығы  осы  өкіммен  келісетін  сияқты. 
Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін 
Балаусаның анасының  да қабағы  қатулы. 
Түрінен ешқандай қобалжу байқалмайды. 
Қара тастай қатып отыр. Көрші ағамның 
соңғы  сөзі  қатылдау  шықты.  Тағы  да 
мүлгіген  тыныштық  орнады.  Кіріп-шы-
ғып  жүрген  келіншектер  дастархан 
жəйді.  Дастархан  жайыла  салысымен  
сы  быз ғының  үніндей  қоңыр  дауысын 
көте  ріңкіреп,  молда  ағамыз  аруақтарға 
бағыштап  құран  оқыды.  Құран  оқылып 
бол ғасын  шəй  құйыла  бастады.  Шəй 
ішіп отыр деген аты болмаса «У» жұтып 
жатқан  сияқтымыз.  Жиналған  жұрттың  
бəрі  өздерін  кінəлі  сезінгендей,  бірінің  
бетіне  бірі  қарай  алмайды.  Қоғамның 
түсініксіз  тұстарын  енді-енді  көре 
бастаған  менің  бала  жүрегім  қарс  ай-
рылып  барады.  Көрші  аға-тəтемді 
аяғаным  соншалық  аяқтарын  құ-
шақтап  зар  еңірегім  келді.  Амал  не? 
Міне, бұл жағдай менің есімнен кетпек 
емес. Əлі күнге санамда. Ойлаған сай-
ын  рухым  артып,  бойыма  ұлттық  на-
мыс  нұр  болып  құйылады.  Əлемдегі 
əр қазақ ата-дəстүріне осылай қараса,  
бізді ешқашан жау алмас еді-ау! Бірақ, 
арамыздағы «Балық ауыз, бақа тілдес» 
тілі шұбар, ділі жетімдер бұны қайдан 
ұқсын!!!
Боямасыз өмір                           

№12    2014    А И АТ
104
104
Телесериал профессор М.Барманқұловтың 
айтуы  бойынша  бас-аяғы  бүтін  жеке-жеке 
фильм дер  топтамасы.  Олардың  əрқайсысы 
белгілі-бір  оқиғаға құрылады. Оларды ортақ 
кейіпкерлер  біріктіреді,оқиғалар  мен  сюжет-
тер  бірінен-біріне    жалғасып  жатады.  Онан 
соң  əрбір  серия  тақырыптық  желіге  бай-
ланып, үлкен бір идея сомдайды. Мұндай 
шығармашылық теледидар табиғатына да 
қолайлы.  Себебі,  сериалдың  хронометра-
жы 30-40 минут шамасында болатын жеке 
фильмдерін телебағдарламаның кез-келген 
жеріне  ендіруге    болады.  Екіншіден  əрбір 
фильм,  оқиғасы  шиеленіскен,  қызықты 
жерінен  бітіп  қалады  да  көрермен  соның 
жалғасын  күтуге  мəжбүр  болады.  Мұның 
өзі көрерменді тарту тəсілі болып шығады. 
Бүгінгі күні теледидардың басым көрсетілімі 
телесериалдар  болатыны  осыдан  болса 
керек.
Əлем елдеріндегі сияқты, қазақстандықтар 
да  шетелдік  фильмдерді  қарауды  күнделікті 
өмір  дағдысына  айналдырған.  Əсіресе,  түрік 
сериалдары  немесе  корея  телехикаялары  өз 
ұлтымыз көрермендеріне майдай жағып, судай 
сіңіп келе жатқанын жасыруға болмай қалды. 
Ол  дұрыс  та.  Өйткені,  Корей  халқының 
үлкенді сыйлау, кішіге ізет, досқа адалдық 
дейтін адами қасиеттерді жағымды да шы-
найы көрсете біледі.Сонымен қатар, фабула-
ны көп боямаламай шынайы етіп көрсетуге 
тырысады. Яғни, кинодраматургтер көркем 
фильмнің  сценариін    өмір  шындығына 
барынша  жақын  етіп  жазған.  Осының  өзі 
Корей сериалдарының құнын көтеріп тұрады. 
Ал, Түрік киношығармашылығы тектілік пен 
ұлтты  ұлықтайтын  биік  идеяларды  жырлай-
ды.  Мұнда да шындықты ту ету тенденциясы 
бар.  Демек, бұл елдердің телетуындыларынан 
қазақ көрермендері игі əсер алады.
Соңғы кездері үнді картиналары  да қазақ 
көрермендерінің жан сарайына тереңдеп бара 
жатқандай. «Келін»  десе  екі  қазақтың  үшеуі 
ішкен  асын жерге қоя салып, сол фильм тура-
лы əңгімеге қызу кірісіп кетеді. Мұның  асып 
бара  жатқан  ағаттығы  жоқ.  Қайта  құптарлық  
себептері  бар.  Ол  еларалық  ұғынысқа  ба-
стайтын  ойсалар  кинобаян  эпизодтарының 
əсерлілігі.  Онан соң, қоныс-өрісі мүлде бөлек  
халықтардың  қарапайым  тірлігінің  ұқсас 
жақтары  да  жоқ  емес.  Олардың  жанымызға 
жақын  салт-ғұ рыптарына,  бізге  беймəлім 
менталитетіне зер салып, өзіміздің танымдық 
көкжиегімізді  ке ңейту  мүмкіндігі  болғаны 
əрине  жақсы.  Сонымен,  үнді  киносы  қазақ 
жұртшылығына  көп тен  таныс  екенін  білеміз. 
Бірақ,  бұрынғы  кино ленталар  үлкен  экранға 
арналғандықтан  оны  халық  кинотеатрлардан 
көретін.  Содан  ба,  əлде,  сол  заманның  кино 
жасау  мектебі  мықты  болды  ма,  əйтеуір,  сол 
үнді киносына тай лы-таяғымыз қалмай бара-
тынбыз. Меніңше, екін шісі дұрыстау  болар, ол 
кездің киноиндус триясы күрделі болғанымен, 
шығармашылық 
құндылығы, 
идеялық 
ұстаным дары жоғары еді. Қалай болғанда да ол 
кездегі көрермендердің əсер ленуін бүгінгімен 
мүлде салыстыра  алмайсыз. 
Ия,  баяғы  «Господин -420» (Бродя-
га)  картинасынан  басталатын  адамның 
жүрегін 
сыздатып, 
жанарынан 
жас 
сорғалатын, ли рикалық шиеленісті сюжет-
терге  құрылған,   үнді  шедеврлерін  қазақ 
қариялары  əлі  ұмытқан  жоқ.  Ал,  қазіргі 
көрермендер  сол  бір  аға-аталары,  əже-
апаларының сезім сəттерін бастан кеше ала 
ма?  Жоқ!  Оның  екі  себебі  бар.  Біріншісі 
бүгінгі  жастар  «боевик»  көреді, «үрей»  се-
риалдарын тамсана тамашалайды. Бұл енді 
бала-немерелеріміздің  еншісіне  жазылған. 
Десек  те,  үнді  киноларының  ке ше гісі  мен 
бүгінгісінің  арасы  жер  мен  көктей  екенін 
айтпасқа  болмайды.  Көркемдік  жа ғынан 
да,  идея  көтеру  жағынан  да  екі  басқа 
дүниелер.  Мұны  талдап  түсіну  қажет-
ақ.  Енді,  осы  қазіргі  үнді  картиналарының 
шығармашылық  болмысына  зер  салайық. 
Ой  елегінен  өткізер  болсақ,  өміртаным 
тұрғысынан  алғанда  бұл  кино туындылардың 
өнегелі жағынан гөрі керағар  ықпал-əсерлері 
басым.  Алысқа  бармай-ақ,  осы    қазір 
жалғасы жүріп жатқан  «Келінді» саралап 
көрейік.  Сценарлық  жүйе  бойынша,  кей 
жерлерінде образдардың сомдалуы сенімге 
сыймай  қалады.  Яғни,  кинокейіпкер  бол-
мысы,  өзінің  өмірдегі  прототипіне  ұқсауы 
жағынан күдік туғызады,  дəлірек айтқанда 
өмірде  дəл  сондай  адам  кездесуі  мүмкін  бе 
деген  дүдəмал  ойға  қаласыз.      Əңгімелеп 
отырған    фильм  драматургиясының  қазығы 
–  Каляни-кем пірдің  түрі  өзгермесе  де,  мінезі 
теріс айналып шыға келетін сəттер бар. Біздің 
ұғымымызда  не ме реден  артық  жан  болмай-
ды  емес  пе!?  «...Жан  беруге  көнер  ем,  сен 
аман бол немерем», – деп жүрген  халықпыз. 
Көзқарас
ТЕЛЕСЕРИАЛДАРДЫҢ  ТӘЛІМІ  ҚАНДАЙ?

№12    2014    А И АТ
105
105
Қандай  халық  болса  да,  немеренің  тəттілігін 
жоққа  шығара  қоймас.  Ал,  мына,  фильмде 
бала  кезінен  бауырына  басып,  бүкіл  бұзық 
қылықтарын,  еркелікке  балап,  кешіре  жүріп, 
ешкімге кейітпей, қорғаштап келген немересі  
Жəгиштен  бір сəтте ат құйрығын шорт кесіп 
теріс  айналады  да,  Ананди-келінге  жан-
жүрегімен құлап түседі, қайран қаласыз! Жа-
райды  бұл  сценарий  авторының  «Даналық 
пен  əділдік    қариядан  тарайды»  деген  ұлы 
идеяға  кино  желісін  желкеден  тартып  иіп 
əкелгені делік. Ендеше, мұның несі үлгі. Біздің 
қазақты  баласы  мен  немересінен  бездірмек 
түгіл,  оларды    жамандап  көріңіз!..  Екінші 
бір эпизодта Жəгиштің екінші əйелі, дəрігер-
студент  бола  тұра  өз  бетімен  ота  жасайды. 
Мұның өзі үлкен бір шиеленісті жағдай ретінде 
көрсетіледі. Алдымен, оны аурухана басшыла-
ры  «ит  талаған  терідей»  етеді.  Ол  дəрігерлік 
этиканы  бұзған  болады,  ұстаздарын  ұятқа 
қалдырып,  аурухананың  атына  кір  келтірген, 
аса  тəртіпсіз  студент  деп  танытады.  Тіпті, 
оқудан шығару мəселесі қойылады...  Келесі бір 
эпизодта ол нағыз адами дəрігер  болып шыға 
келеді! Мұндағы себеп, студент-дəрігердің ота 
жасаған адамы сол аурухананың қамқоршысы 
(біздіңше  құрылтайшысы)  екен.  Оқиға 
желісі бойынша, əлгі құрылтайшы  науқас 
ауруханаға түскенде, жұмыс орнында бірде-
бір  маман-хирург  болмай  қалады  да,  сту-
дент ота жасауға мəжбүр болады. Сонда, өз 
қамқоршыларына көмек көрсететін ешбір 
дəрігер  табылмай  қалып,  тағдыры  сту-
дентке қарап қалуы– мүлдем күлкілі. Жа-
райды мұны да елемей-ақ қояйық. Қызық 
болғанда,  кеше ғана «оқудан шығарамыз!» 
–  деп  зілдене  зіркілдеген    дəрігерлер,  енді, 
сол  студент-дəрігердің  алдында  құрдай 
жорғалап қалады. Қоғадай жапырыла жам-
парсып құрметтеп жарыса мақтағандарын 
қайтерсіз!  Жоқ,  бұл  біздің  кинодраматур-
гия  талаптарына  сай  емес.  Осы  эпизод 
арқылы    фильм  авторлары  аурухананың 
дəрігерлерін  тура    мағынада  мазаққа  ай-
налдырады.  Бұл  да  сценарий  авторының  
өрескел қателігі деп  бағалаймын.    
Үнді  кинематографияны  сынап  талдау-
ды  осымен  тоқтатайық.  Енді,  өзіміздің  ки-
номыз  туралы  айтар  болсақ,  біздің  кино 
мектебіміз  олардан  əлдеқайда  озық  екені 
даусыз.  Жақында  «Алдар-көсе»  сериа-
лы  телеэкранға  шыға  бастады.  Оған 
тартылған  актерлар  құрамы  жастар 
екен,  өз  рольдерін  жақсы  алып  шыққан.  
Əсіресе, бозбала – Алдардың ролін сомдаған  
актердің  түр-əлпетінен  қуақылық  нышаны 
көрініп тұрғаны – режиссер (Д.Махаматдинов) 
талғамының  тамаша  жемісі  десе  болғандай.   
Жас  таланттың  актердің  (Д.Серғазин)  қуақы 
бетқұбылту  шеберлігі  жақсы  қабылданады. 
Жүріс-тұрысы да қазақ даласында өскен бала-
ны меңзейді, аңыз жанрына жарасып-ақ тұр... 
Телеэкранға  жарқ етіп шыққан жас талант деп 
айтуға əбден болады.  Мұның өзі режиссерлық 
топ жасаған кастингтің сəтті шыққан нəтижесі. 
Жалпы, фильмнің режиссурасы  тəуір... Десек 
те, біз əңгімелеп отырған бала Алдар тура-
лы  фильмдер  тізбегінің  айтпасқа  болмай-
тын  əттеген-айы  да  жоқ  емес.  Фильмдегі 
екі эпизод қарныңды аштырады. Біріншісі 
– Алдар жаюлы тұрған  өз жейдесін өзі атып 
салады да, əйеліне ішінде өзім болмағаныма 
шүкір, деп көрер көзге  Қожанасыр болып 
қалады!? Алдар мен Қожанасырдың    бол-
мыстары да, ақыл парасаттары да екі бөлек 
емес  пе?  Алдар  ақылды  қу,  Қожанасыр 
аңқау,  бірақ,  ақылды,  сөзден  ұтқыр  жан. 
Рас, екеуі де халықтық пер сонаждар, содан 
да екеуі де адал парасат иелері. Бірақ,  бұл 
екеуінің іс-əрекеттері бірдей не ұқсас деуге 
құқық  бермейді.  Ал,  киноэкран  арқылы  
екеуінің  əрекеттерін  бұлай  алмастырып 
көрсету  ауыз  əдебиетіне  қиянат  жасау  бо-
лып шығады!
Онан  соң,  тағы  бір  эпизодта – Алдар 
көсе  Райымбек  деген  байды  алдап  кетеді. 
Жарайды  Алдар  алдамаған  бай  аз  шығар, 
бірақ,  халқымыздың  атақты  батыры,  ардақты 
ақылгөй  əулиесінің атын ақымақ байға бергені 
қалай?!  Фильм авторларына қазақтың қыруар 
аттары  жетпеген  бе?  Шындап  келгенде  бұл 
екеуі қазақ киносының беделін белінен шой-
рылтатын мəселелер. Өйткені, киноның өзі 
ақылшы, үлгі өнеге таратушы екенін ешкім 
жоққа шығармайды. Осы себептен де атал-
мыш сериалдың авторы ма, редакторы ма, 
қайсысы болса да, оларды қазақ фолькло-
рынан бейхабар, ұлттық рухымызға жаны 
ашымайтын шығармашылар деп айтпасқа 
амалым жоқ!  
Қосылған ƏБЖАНОВ,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, 
филология ғылымдарының 
кандидаты
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:
1. М. Барманқұлов.  «Денги или  власть»  
Алматы  1997 ж.
2. З. Қабдолов. «Сөз өнері» Алматы 1992 
ж.
3. Kinoidia.org/Load/indijskij_serial_ke-
lin_ne vest ka_anandi_onlajn_besplatno/1-1-
0-1.
4. thefi lmkz.net/komedia/2728-aldar-kose 
te   le serial-2011-2012.html.
Қосылған ƏБЖАНОВ. Телесериалдардың тəлімі қандай?

№12    2014    А И АТ
106
106
Бүгінгі  күнде  мамандардың  кəсіби  дайындығын 
гуманистік аспектісіз, тұлғаның рухани дамуының ма-
ңыз дылығын ескермей, бір жақты қарастыруға мүлдем  
болмайды.  ХХІ  ғасырда  ЮНЕСКО-ның  пікірінше, 
же тек ші ғылым психология, яғни адамның жаны ту-
ралы, оның өзіндік санасы мен өзін басқаруы туралы 
ғылым болуы керек. Көріп отырғанымыздай, адамның 
ақыл-ойына емес, оның жанына кездейсоқ баса назар 
ау дарылып  отырылған  жоқ.  Əлеуметтанушылардың 
мə  ліметтеріне  сүйенсек,  қазіргі  кезде  көптеген  жа-
стар  адамның  ақылын,  интеллектісін  басқа  құнды-
лықтардан артық көреді. Заманауи «білімді адам – тек 
маман немесе тек тұлға ғана емес, ол мəдениетті жəне 
өмірге  дайын  адам.  Қарапайым  əдеттегі  өмір  мен 
жолға қойылған өндіріске ғана дайын емес, сонымен 
қатар  сынақтарға,  күнделікті  өмірдегі  ауысуларға, 
өзгерістерге дайын» [1]. Қазақстан Республикасының 
Президенті  Н.Ə.На  зарбаев: «Бізге  ендігі  жерде 
«жи нақ талған»  эконо микалық  өсуді  жай  пайдала-
ну  емес,  осы  өсуді  нақты  басқаруды  үйрену,  сөйтіп 
оны  сапалық  жаңа  деңгейдегі  экономикалық  дамуға 
ұлас тыру  керек», – деп  атап  көрсетті [2]. «Əлемдік 
шаруашылық  байланыстарына  белсене  кіріккен  бар-
лық  осы  заманғы  бақуатты  мемле кет тер  «парасатты 
экономикаға» сүйенген болатын. Ал ондай экономика 
жасақтау үшін, ең алдымен, өз қа рауы мыздағы адами 
капиталымызды дамытқанымыз жөн» [3]. 
Білім беру негізіне нарықтық модель жеке белсен-
ділік пен даралылық принципін енгізеді. 
Бүгінгі  күнде  білімге  көзқарастың  өзгеруін  атап 
өту  керек.  Меншіктің  жетекші  формасы  зияткерлік 
меншік  болып  табылады.  Басынан  бастап  біртұтас, 
əмбебап  білімге  қойылым  ұстанған  университеттік 
білімге ден қою қуанарлық жағдай. Мұндай білім бе-
руге жаңа, тұтас, əмбебап, партикулярлық дүниетаным 
əдіснамасынан  тыс  тұрғыдан  қарауды  қа жет  етеді. 
Демократиялық мемлекет құру жағ дайын да мəдениет 
пен білім беру жаңа статусқа иеленеді, мəдениет білім 
беру базисіне айналады, ал білім қоғамның модерни-
зациялану факторының бірі болып табылады. 
Осылайша  білім  көмегімен  қалыптасқан  адам 
ғана ХХІ ғасырда қоғам модернизациясының субъекті 
бола  алады.  Заманауи  білім  беру  адамның  бойында 
рухани  жəне  материалдық,  сезімдік  жəне  рационал-
ды  үйлесімділік  тұрғысынан,  адамның  космос пен, 
табиғатпен  органикалық  бірлігі  тұрғысынан  қарас-
ты рылатын біртұтас философиялық дүниетаным не-
гі  зінде  құрылуы  керек.  Қаншалықты  таңданарлық, 
қан ша лықты  жалықтырған  болса  да,  мысалы 1994 
жылы Қазақстан Республикасында гуманизация жəне 
гу манитаризация туралы заң қабылданды, ол туралы 
көп  айтылып  жəне  жазылып  жүр,  алайда,  гумани-
зация  – ол ХХІ ғасырдағы білім беруді адамзаттың 
бү кіл мəселелерін шешудің маңызды құралы етуге кө-
мек тесетін негіз. 
Қазақстан  Президенті  Н.Ə.Назарбаев  өзінің 
«Қа   зақстан  жолы – 2050: бір  мақсат,  бір  мүдде, 
бір  болашақ»  Жолдауында:  Мен  қоғамда  «Қазақ 
елінің  ұлттық  идеясы  қандай  болуы  керек?»  деген 
сауал  жиі  талқыға  түсетінін  көріп  жүрмін.  Біз  үшін 
болашағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты  ұйыстырып, 
ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мəңгілік 
Ел идеясы», – деп атап көрсетті. Қазіргі кезеңде білім 
берудің түпнегізі ұлттық «Мəңгілік Ел» идеясы болып 
табылады [4]. 
Заманауи білім беру үрдісі міндетті түрде нақты 
халықтың,  нақты  бір  елдің  этнопедагогикалық  ерек-
шеліктерімен байланысты болуы қажет, бұл қоғамдағы 
интегративті, коммуникативті үрдістің оның бөлігінің 
толық жойылуы емес, этноұлттық даму байлығы ар-
қылы  көрінетін  жалпыадами  коммуникацияның  бар 
екендігін дəлелдейді. Əр халықтың педагогикасы ха-
лық тың  жинақтаған,  екшеленіп,  тексерілген  оқыту 
мен тəрбиелеудің тəсілдері мен əдістерін  өз жадында 
сақ тайды.  Сондықтан  кез-келген  мемлекеттік  білім 
беру жəне тəрбилеу жүйесі этноұлттық педагогиканың 
озық үлгілері негізінде құрылуы тиіс. 
Ыбырай  Алтынсарин – қазақ  педагогикасының 
клас сигі.  Ол  қазақ  халқының  этникалық  ерекше лік-
теріне негізделген педагогика теориясын құрған жəне 
оны  практикада  қолданған  ХІХ  ғасырдың  ал ғашқы 
кəсі би  мұғалімі  болды.  Педагогтың  өз  оқу шысына 
деген шексіз махаббаты, оған жақсылық тілеу, оның 
бі лім ді,  ақылды  адам  болуын  тілеу  осы  қазақ  хал-
қының педагогикасының негізінде жатыр. Ы. Алтын-
сарин  осының  негізінде  арнайы  оқыту  технология-
сы – материалдың  күрделілігін,  оқушылардың  жас 
ерекшеліктерін ескеру жəне т.б. оқыту мен тəрбиелеу 
жүйе сіне  үйлесімді,  органикалық  тұрғыдан  енетін 
білімді жеткізу əдістері қалыптасатынын көрсетті.  Ы. 
Алтынсарин өзінің оқыту, оқулықтар құрастыру тəжі-
рибесіне сүйене отырып, пəн логикасын емес, оқушы 
логикасын ұстануы қажет деген тұжырымға келді. 
Ы.Алтынсариннің пікірінше, оқыту жəне тəрбие-
леу  барысында  халық  шығармашылығын  пайда лану 
балаларды  ұлттық  салт-дəстүрлерді  құрмет  теуге 
үйретеді,  адамгершілік  қасиеттердің  қалыптасуына 
көмек теседі. «Қазақ  баласы  ортаны  ғылыми  танып-
білмеді; алайда ол өзін қоршаған табиғат құбы лыс тары 
туралы  көп  білді,  Сарыарқа  даласында  жақсы  бағыт 
ала  білді;  ол  атқа  жақсы  шапты,  са  дақ тан  дəл  атты, 
аңшылыққа, ақындар айтысына қа тысты, ертегішілерді 
тыңдады. Қазақ баласы ұтқыр мақалдарды, ертегілерді, 
жұмбақтарды,  ойындарды,  адамгершілік  үйретулерді 
қабылдап, естерінде сақ тады». 
Көптеген ғасырлар бойы Қазақстандағы дəстүрлі 
білім беру əдістері этноұлттық ерекшеліктерді ескере 
отырып қалыптасқан. Ең алдымен халықтық педагоги-
ка туралы сөз болып отыр. Кеңес Одағында 70-ші жыл-
дары жеке халықтардың шаруашылық қызметтерінің 
ерекшеліктері ескеріле отырып, ұзақ уақыт бойы кө-
шіп-қонып  жүретін  мал  шаруашылығында  жұмыс 
іс тей тіндердің балалары үшін арнайы дайындық фа-
культеттері құрылды. Мұндай талапкерлер категория-
сына 2-3 жыл  қатар  үзіліс  болғандықтан,  əскери 
дайын дықтан өткен жастар да қосылды. Бір жағынан 
бұ ның жағымды жағы да болатын, себебі жоғары оқу 
орнына түсетін барлық азаматтарға бірдей жағдай жа-
Ғалым мінбері
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
ЖҮЙЕСІНІҢ РУХАНИ ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ

№12    2014    А И АТ
107
107
салынды. Екінші жағынан, білім берудің жаңа саты-
сына көшу үшін белгілі бір мəселелер туындады. 
Қазіргі  жаһандану  кезеңінде  қазақ  халқының 
жа рық  жұлдыздарының  бірі  Мағжан  Жұмабаевтың: 
«Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің 
қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді 
таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде 
құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесу-
ге болады» деген сөздері өзектілігін жойған жоқ. ҚР 
Президенті  Н.Ə.Назарбаев: «Қазақстанның  геосая си 
орны, ана тіліміз бен ұлттық мəдениетіміздің ке ңес-
тік  дəуір  кезіндегі  жəне  қазіргі  жай-күйі,  елі міздің 
полимəдениеттілік,  көпконфессиялық  сипаты  хал-
қымыздың ұрпақ тəрбиесіндегі даналығынан, рухани 
құн дылықтарынан,  ұлы  педагогтарымыз  бен  ғұлама 
гу ма нистеріміздің  философиялық  ой-толғауларынан, 
яғни  тереңге  бойлаған  түп-тамырларымыздан  нəр 
алып, үнемі жəне үздіксіз қанығып отыратын шынайы, 
тəуел сіз ұлттық білім жүйесін құруды талап етеді [5]. 
Осы  бағытта  Л.П.Буеваның  пікірі  шындыққа 
саяды: «Бізді ұлттық мінез емес, ұлттық дүниетаным 
қызықтырады,  психология  емес,  былайша  айтқанда 
гносеология, ұлттық көркем логика, ойлау ерекшелігі 
қызықтырады: аталмыш халық қандай «координата-
лар торы» арқылы əлемді сезеді жəне сəйкесінше оның 
көз алдында қандай космос (көне мағынада: əлемнің 
құрылымы,  əлемдегі  тəртіп)  құрастырылады.  Атал-
мыш халықтың болмысында бейнеленетін осы ерек-
ше  «бұрылыс»  ұлттық  əлем  бейнесін  құрастырады 
[6]. Алайда Қазақстанда Ы.Алтынсарин атымен бай-
ланысты қалыптасқан заманымыздың үлкен жетістігі 
этнопедагогика  орта  жəне  сол  сияқты  жоғары 
білім  беру  жүйесі  болашақ  білім  алушылардың 
контингентін міндетті түрде ескеру керек жəне осыны 
ескере отырып білім беру үрдісі құрылуы тиіс. Осы  
инновациялық  технологиялардың  қатаң  талаптары-
нан  ауытқымай,  керісінше    осы  технологиялар  жер 
шарының түпкір-түпкірінде белгілі бір ерекшеліктері 
болмауы мүмкін еместігін атай кеткен жөн. Ғылыми-
техникалық  прогресс  білім  берудің  тұрақты  серігі 
болып  табылады,  осы  білім  беруде  белгілі  бір 
принциптерді  талап  етуі,  болашақ  мамандарды  да-
ярлауда  кері  əсерін  тигізуі  мүмкін  болатын  оқыту 
техникаларын да ұсынуы мүмкін. Кеңестік дəуірдің 
өзінде-ақ  жоғары  білім  беру  жүйесінде  «техникаға 
– иə, техницизмге – жоқ» ұраны тасталған болатын. 
Сол кездің өзінде-ақ техника, технологиялардың білім 
беру үрдісіне шектен аса енуі білім алушының осы 
машинаға  қоса  практикалық  іс-əрекет  субъектісіне 
айналуына əкеліп соғатынына ден қойылды. Техника 
басым сфера ретінде қарастырылып, адам техниканың 
бұйрығын  ғана  орындаушы  ретінде  болады  деген 
ойдың  туындауына  əкелуі  мүмкін  екендігіне  нейро-
физиолог Наталья Бехтерева көңіл бөлді. Осыған бай-
ланысты білім беру үрдісіне оқытудың адамгершілік 
принциптерін енгізу қажет. 
Шəкəрім Құдайбердіұлы осы мəселеге байланыс-
ты  адамды  тəрбиелеу  барысында  ар  білімін  енгізу 
қажеттігін  айтты.  Бұл  туралы  ғалымдар  ойлануы 
керек  деп  есептеді.  Осы  орайда  Шəкəрім: «Ұждан-
совесть  жанның  тілегі  екеніне  нанған  кісі  қиянат 
қылғанына  қатты  кейіп,  жақсылық  қылғанына  жете 
қуанса  керек.  Олай  болса  нанбай  ұждан-совесть 
құры ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге 
жақсылық  қиянаттың  көп  айырмасы  жоқ  болса  ке-
рек... Мен ұждан қайдан шығып тұр десем оған жауап 
жоқ  сияқты.  Меніңше,  совесть-жанның  тілегі.  Неге 
десеңіз, жан жоғалмайтын нəрсе. Сондықтан тезірек 
жоғарылауға себеп керек қылады. Мəселен, таза дене, 
толық  мінез,  ой  істер  керек  қылады.  Соның  қатты 
бір керегі совесть-ұждан. Оны осы өмір үшін керек 
қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі, 
егер бұл өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не 
мақтан үшін болады. Мəселен, атым қалсын, пəленше 
мені сондай кісі деп халық мені жақсы көрсін деген 
болады. Онан басқа жоруы жоқ. Себебі, ол совестің 
иесі  жан  жоқ,  артқы  өмір  жоқ  деп  отырса,  соқыр 
табиғаттың жансыз жаратқан бір машинасы совесімен 
іс қылды не, қылмады не?» – деп жазды [7].  
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, 
қазақстандық білім беру моделі «техникаға – иə, тех-
ницизмге – жоқ»  қағидасын  ұстанатындығын  айта 
кеткен  жөн.  Ол  осылайша  барлық  кезде  адам  ма-
шинаға  жəрдемшіге  айналмай,  бүкіл  өзгерістердің 
су бъектісі  болып  қала  беретіндей  құрылады.  Осы 
қағиданың  орнығуына  оқу-тəрбие  үрдісінде  су-
бъект-субъект  қа рым-қатынасының  орнығуында 
əм  бе бап,  біртұтас  дү ниетанымның  бір  түрі  ретінде 
қа зақ  философиясының  ала тын  орны  зор.  Қазақ 
философиясының негізгі қағи дасы рухани жəне ма-
териалдық  əлемнің  орга ни калық  тұтастығы  жəне 
материалдықтан руха ни лықтың үстемдігі білім беру 
үрдісінде  технизациямен  күресудің,  ХХІ  ғасырдағы 
білім берудің моделін құрастыруда  дүниетанымдық-
əдіснамалық негізі болып табылады. 

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал