Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



жүктеу 5.44 Kb.

бет18/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.44 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

бөленген  өнегесі,  фəни  дүниеге  ақын 
көзімен  қарап,  жүрегінен  жыр  шоғырын 
ұшырған  таза  да  пəк  көңілі,  бəрі-бəрі 
ұмыттырмай,  сағынышымызды  еселей 
түспек.  Атағы  жер  жарғандай  екен-ау. 
Сонда  да  қарапайымдылығымен  елеу-
сіз деу  жүруге  тырысқан  екен.  Көкірек 
кермей, кішіпейіл күйінде өтіпті. Мақтан-
бапты.  Марапат  күтпепті.  Бізде  кейде 
бəрі  керісінше  болып  жатады  ғой.  Кеуде 
соғып,  көзге  түскісі  келмегендерді  күре-
сінге  лақтырып  тастап  кете  баратын 
келең сіз əдет бар. Əйтпесе, оның кеудесіне 
ең  болмағанда  бір  үкіметтік  медальдің 
қадалмағанын қалай түсінерміз? Əйтеуір, 
тəуелсіз  «Тарлан»  сыйлығын  алыпты. 
Осы  сыйлықтың  парқынан-ақ  Бəкеңнің 
барлық болмысы аңғарылып тұрғандай: 
жалған  ешнəрсеге  дəмеленбейді,  еңбегін 
сатпайды, таңдаған ғалымдық тура жолы 
бар,  бұрысты  дұрыстау  үшін  күреседі, 
əділдікті ту етіп жүрегіне тіккен тұлға еді. 
Өзіне  жақпаған,  негізсіз  пайым  естіді  ме: 
«А-а!», – деп аңтарыла өткір, ұялы көзін алай-
тып жіберіп, жан-жүрегінің қарсылығын лезде 
сездіріп, айылын тез жия қоятын қайталанбас 
болмысты ерен мінез иесі екендігін таныта-
тын.  Жəбірленгеннің  жанын  жадыратуға 
ұмтылатын.  Жазықсызға  араша  түсер 
болса,  дөкейіңнен  де  ықпай,  жөнсіздігін 
бетіне  басып,  ұялтып  тастайтын.  Ондай-
да сөзі де уытты, шыншыл, тауып айтып, 
ретсіздікті  шідерлейтін.  Осы  лауазым 
иесі  түбі  пенделік  бір  шаруамды  тынды-
рып берер-ау, дейтін бақай есептен мүлде 
ада болатын. Ол əдепсіз, əкіреңдегіш жан 
екен,  сазайын  тартқызатын.  Ал,  көңілін 
терберлік  жайтқа  баладай  қуанып,  тілек 
қосып,  бір  жылы  сөзге  көзінің  жасы 
мөлт  етіп  келіп  қалатын  нəзік  иірімді 
құбылыс  еді-ау!  Дос-жарандарының  тойы-
на  бір  жапырақ  өлеңсіз  бармайтын.  Ша-
быттанып  оқып  бергенде,  көзінен  жалын 
ұшқындайтын. Өзгенің қуанышын өзінікінен 
артық бағалауының көрінісі еді ғой. 
Сөйткен,  Бəкең  қазақтың  көрнекті 
ғалым-физигі екен. Еліміздегі плазма фи-
зикасы мектебінің негізін қалаушы, атасы 
болыпты. «Бəйімбетов формуласы» деген 
атпен оның ғылыми жаңалықтары, дербес 
модельдері  шет  елдерде  нақты  көрінісін 
тауып  жүр.  Қазіргі  уақытта  АҚШ,  Гер-
мания,  Франция,  Жапонияның  бірнеше 
университеттерінде  жəне  ғылыми  ұйым-
дарында, Ф. Бəйімбетов пен оның шəкірт-
тері  алған  жүйе  бөлшектерінің  əсерлесу 
моделі негізінде тығыз плазманың қасиет-
терін  теориялық  жəне  компьютерлік  мо-
дельдеу арқылы зерттейтін ғылыми топ-
тар  жұмыс  жасайтынын  ескерген  абзал. 
ҚР  ҰҒА  академигі,  физика-математика 
ғылымдарының  докторы,  Əл-Фараби 
атын  дағы Қазақ ұлттық университетінің 
про фессоры, тек осы оқу орнында 38 жыл 
еңбек еткен кезінде оның жетекшілігімен 
50-ден  аса  докторлық,  кандидаттық  дис-
сертация  қорғалыпты.  Оның  Т.С.  Ра-
мазанов,  Н.Ғ.  Жұмамұхамбетов,  Ю.  В. 
Ар хипов,  Б.М.  Ыбыраев,  А.Е.  Дəулетов 
сынды шəкірт-ізбасарлары бүгінде ұстазы 
бас таған ұлағатты істерді одан əрі табыс-
Қайсар ƏЛІМ. Плазма физикасының атасы

№12    2014    А И АТ
84
84
ты жалғастыру үстінде. Ол өз ұжымында 
жəне  Қазақстан  жоғары  мектебінің  кең 
қоғамдастығында  үлкен  абыройға  ие  бо-
лып,  елімізде  жəне  шетелде  плазма  фи-
зикасы  саласының  ірі  маманы  ретінде 
танымал  болған. 300-ден  астам  ғылыми 
еңбектің авторы, олар халықаралық рей-
тингтік  журналдарда  жарияланған.  Көп-
теген  беделді  əлемдік  симпозиумдар  мен 
конференцияларда  баяндама  жасап,  сана 
мен ақылдың тереңдігіне тамсантты.
Ұлы  жаратылыстың  ұлы  да  мінсіз  ба-
стаулары  болады.  Сондай  сарабдал  жолға 
түсе біліпті Фазылхан. Тағдыр тектіні таңдай 
біледі.  Иығына  батпан  жүк  артады.  Иіл-
мейтіндеріне  ғана  илігіп,  пейіл  білдіреді. 
Əйтпесе,  ту-у  Торғайдың  түкпіріндегі 
мек   тепті  үздік  бітіргендердің  санатында 
Алматыға келіп, ҚазПИ-ге түсіп, 1959 жыл-
дың  күзінде  үшінші  курсты  бастағанына 
бір  ай  шамасында  Фазылхан  өзіне  өзгеше 
таңдау боларын ойлады дейсіз бе. Есіл-дерті 
оқуға  ауған  шəкірттің  білімге  деген  сусы-
нын  қандыру  басқа  жақтан  бұйырып  тұр 
екен.  Ресейдің  Новосібір  қаласында  КСРО 
Ғылым  академиясының  Сібір  бөлімі  жаны-
нан  университет  ашылып,  соған  əр  елден 
үздік  оқитын  студенттерді  тарту  жұмысы 
басталғанда,  мұндағылар  еш  ойланбастан 9 
баланың  қатарында  Фазылханды  ұсынған 
ғой.  Сөйтіп,  ел  намысын  қорғайтын  аса  да-
рындылар жаңа оқу орнында бір курс төмен 
түсіп,  білім  жарысына  белсене  кірісіп  кет-
кен  еді.  Новосібір  университетінде  білім 
алған уақытын ең бақытты кезең ретінде 
бағалайтын  Фазылхан  КСРО  ғана  емес, 
бүкіл  əлемге  танымал  оқымыстылардан 
дəріс  тыңдағанын  əрдайым  айтып  жү-
ретін.  Қайсыбірін  жіктерсің – М.А.  Лав-
рентьев,  С.Л.  Соболев,  С.А.  Христиано-
вич, В.Л. Конторович, Ю.Н. Работнов, т.б. 
Бұлардың алдын көргендер ғылымға ба-
сыбайлы  құмартпауы  мүм кін  емес  деген 
қағида  қалыптасқан  екен.  Солай  болып 
шықты. Университет тарихында тұңғыш 
Лениндік  стипендиат  атанған  ол  оқуын 
үздік дипломмен тəмамдады. 
Бір  ақжарылқап  əңгіме  кезінде  Бəкең 
атағынан  ат  үркерліктей  ұстаздарынан  ал-
ғашқы эмтиханда «5» бағасын қалай алғанын 
айтқаны бар. Алты сағат бойы сынақ үстінде 
оты рады.  Емтиханды 2-3 профессормен 
қо са 5-6 көмекшісі  алып,  əрқалай  сұрақ 
қойып,  есеп  шығарттырып,  жалпы  білім 
деңгейін  əр  əдіспен  безбендеп  көріп,  əбден 
«тартқылайды»  екен.  Кезегі  келгенде  жауап 
беріп, мүдірмей екпіндеген ол, бір кезде шым 
ете  қалған  оң  жақ  самайын  сұқ  саусағымен 
баса  қойғанда  жұққан  қанды  көріп  шошып 
кетсе де, байқатпауға тырысады. Бірақ, оны-
сын разылықпен баға қойып жатқан ұстазы 
сезіп  қалып,  таңғалғаннан  жымия  беріпті... 
Өзіне  шамадан  тыс  күш  түсіріп,  зорығып 
кетіпті...  Содан  бері  еңбектен – лəззат  со-
руды  өмірінің  басты  шарты  етіп  қойғандай, 
ол.  Өмірден  озғанша  еңбекке  ықыласын 
жоғалтпай,  əлсіз  күйімен  қызметіне  ба-
рып,  ұстаздық  парызына  барынша  адал 
болған  ақиық  аға  еді.  Түнгі  сағат  үшке 
дейін  кабинетінен  шықпайды  екен. 
Жұмысқа  кеттім  дейді,  оралады.  Тағы 
ой  еңбегіне  түсіп  кетеді.  Тіпті,  зайыбы 
Роза: «Мұншама шетелге қалай іссапарға 
шығып үлгерген», – деп таңғалысын жа-
сырмайды қазір.
Ф.  Бəйімбетовтің  ғалымдық  жолын дағы 
ерекшеліктер санқилы. Ол 1965 жылы Тби-
лиси  мемлекеттік  универ си тетінің  аспиран-
турасына тео рия лық физика мамандығы бой-
ынша қабыл данып, 1969 жылы кандидаттық, 
ал, 1985 жылы  докторлық  диссертациясын 
сəтті  қорғап  шықты.  Ол  кездегі  Грузияның 
ғылыми  əлеуеті  бүкіл  əлемді  дірілдетіп 
тұрғанын  ескерсек,  қазақ  баласының  он-
да ғы  қандай  сынақтан  да  кеуделеніп,  қас-
қайып  шыққанын  əлі  талай  мақтан  ете 
берерміз.  Ғалымның  екі  үлкен  белесінің 
қор ғалған  тақырыптары  былайша  аталады: 
«Əлсіз  турбулентті  плазмадағы  тасымал 
құбылыстар» (кандидатық жұмысы) жəне 
«Тығыз газдардағы жəне плаз мадағы та-
сымалдау процестері мен релаксациялық 
құбылыстар» (доктор лық 
жұмысы). 
Ди с сер тацияның  негізгі  қағидалары  мен 
нəтижелері алдын ала КСРО-дағы осы сала-
ның  білікті  мамандарымен  талдауға  салы-
нып,  бүкілодақтық  конференциялар  мен  ірі 
ғылыми  орта лық тардағы  ғылыми  семинар-
ларда баян далған болатын. Зерттеліп жатқан 
мəсе ленің  маңыздылығын  жəне  оның  кере-
мет  нəтижелерін  ғұлама  ғалымдар  келісіп, 
мойындайды. 
Жылына 800, 900 (шетелде 200 сағаттан 
аспайды) сағат педагогикалық жүктемені 
қалтқысыз орындай жүріп Бəкең ғылым 
өріне талмастан қанат қағыпты. Қаншама 
қызметтік сатылардан абыроймен өткен. 
1973  жылдан  бері  аталған  университетте 
доцент,  профессор,  оптика  жəне  плазма 
физикасы  кафедрасының  меңгерушісі, 
физика  факультетінің  деканы,  оқу  жұ-
мысы  жөніндегі  проректор,  ғылыми  жұ-
мыс  жəне  халықаралық  байланыстар 
жөніндегі  проректор  болып,  зор  бедел-
ге  бөленді.  Бəкең  туралы  өткен  шақпен 
сөй леудің  қиындығы  уақыт  өткен  сай-
ын  сезіле  түсуде.  Амал  нешік?  Тек  оның 
Келбет

№12    2014    А И АТ
85
85
ғылымдағы  өшпес  іздерінің  даңғылдана 
түсетінін  ойлағанда,  көңіл  сəл-пəл  жұба-
ныш табады. Туған үйіндей болып кеткен 
университеті 175 орындық үлкен аудитори-
яны Ф.Бəйімбетовтің есімімен атамақшы. 
Қазір 
безендіру 
жұмыстары 
қолға 
алынғанының  куəсі  болдық.  Ол  туралы 
деректі бейнефильм түсірілмек. Өмірі мен 
қызметі  баяндалатын  естеліктер  кітабы 
жарыққа шықпақ. Басқа да ұйымдастыру 
шаралары қызу шешімін тауып жатқаны 
көңіл  марқайтады.  Демек,  күллі  сана-
лы  ғұмырын  ғылымға  арнап,  лайықты 
ізбасарлар  дайындаған,  сөйтіп  өз  елінің 
жарқын  болашағына  қалтқысыз  қызмет 
етудің  ерен  үлгісін  танытып  кеткен  тау 
тұлғалы оқымыстының бейнесі əрдайым 
жадта сақталмақшы. 
Қазақ  ғылымының  жарық  жұлдызы  Ө. 
Сұл танғазиннің зайыбы Райхан апай Бəкең-
нің өмірден өткеніне 40 күн толғанда көкірегі 
айырылып  тұрып:  «Өмекең  Фазылханды 
данышпан  дейтін.  Мұндай  сөзді  екінің 
біріне айта бермейтін. Көзі жетіп, шынайы 
бағасын білгендіктен айтатын»,– деп сыр 
ақтарғанда, «өмір ден  кім  озғанын  білеміз 
бе?»  дегендей,  аңтарылып  қалысқандарды 
көріп отырғанбыз.
Адамгершілігі  мен  ғалымдығына  сы-
зат түсірмей, екінің бірі армансыз өте алар 
ма екен, бұл жалғаннан. Ол туралы «нағыз 
азамат  еді  ғой»  дейді  күрсініспен.  Ол  ту-
ралы  «нағыз  ғалым  еді  ғой»  дейді  там-
санып.  Белгісіздеу  жүріп  көп  тындырған 
екен. «Белгілінің»  тындырғандарын  бел-
ден  буып,  намысын  басатын  дуалы  ауыз 
екен.  Ғылымның  тазалығы  үшін  нақты 
өнегесімен  бітіспес  күрес  жүргізіпті. 
Шы найы  ғалымның  жоғары  оқу  орын-
дарында  табысты  ұстаздық  ету  мен  бірге 
тəжірибелік  ісін  тастамай,  ұдайы  зерттеу 
еңбектерін жазуы қажеттігін ескертіп оты-
ратын. Қазір ше? «Құрметті» акедемиктер 
көбейді. Қал талы шенеунік-ғалымдардан 
аяқ алып жүре алмайсыз. Ғылыми тақы-
рыбына зер салсаңыз студенттің рефераты 
секілді,  қынжылтады.  Тіпті,  компьютер 
арқылы  тапсырыс  берсеңіз,  ғалымдық 
межеңізден шығады екенсіз. Орындаушы 
тап-тұйнақтай етеді. Бə рін ақша шешкен 
заман.  Бəкең  бірде  кейбір  ғалымдардың 
өздерінің  зерттеген  тақырыптарын  естен 
шығарып алғандай, енжар, немкетті жүре-
тініне  налыған  болатын.  Интернеттен 
мақала «құрастырып», ғылымға «сүбелі» 
үлес  қоспаққа  тыраштанып  жүргендерін 
сезгенде, жүзіне əжуə, мысқыл ойнап шыға 
келетін.  Туралықты,  əділдікті  сүйетін  ол 
əлгіндей күйкі тірлікке төзбеуші еді. 
Əсілі,  ғалым  шыншыл  болмай,  ғылым 
шыншыл болмайтынын өнегесімен дə лел    деп 
кеткен  сирек  талант  иесі  еді  біз дің  Факең! 
Осындайда:  «Ғылым  адамды,  маман-
дығы  бойынша  болса  да,  шындыққа 
тəр бие лейді.  Себебі:  табиғатты  алдау 
мүм  кін емес», – деген даналық сөз еске тү-
седі.  Айқай-сүреңсіз,  өзін-өзі  дəріптеусіз  де 
ғалым  атанаудың  өнегесін  көрсетіп  кетіпті-
ау!  Нағыз  еңбек  сырт  көзге  елеусіздеу  əрі 
белгісіз, жанын түлеткендей жүйелі, сол аза-
бына орай өнікті болатынын ол нақты ісімен 
дəлелдепті.  Бұл – өзгелерге  сабақ  болатын 
ғажап өнеге. Қазір өзінің ғылымға сіңірген 
еңбегін – жалаң марапат пен мадаққа ай-
налдырып,  əсірешілдік  дақпыртымен 
із де нісі  мен  үлесін  сап  тиып  алғандар, 
ойланса, қанекей. Осынша бедел, атақпен 
билікке  жағынып,  адам  салып,  медаль, 
орден  сұрап  алу  қолынан  келмеді  дейсіз 
бе? Марапатқа аңсары ауғаннан гөрі, мар-
хабатты бір іс тындырғанды қолай көрген 
ғой. Еңбегі сіңбей абырой алғанша, еңбек 
сіңіріп аталмай қалғанын күйттеген екен. 
Ол  өзінің  бүкіл  саналы  ғұмырында  сүйген 
ісін  жүрегіне  салмақ  түсіріп,  жан-тəнімен 
атқара  білген,  соңына  жарқын  ғылыми 
жаңа  лықтар  қалдырған  аса  ірі  ғалым  бола-
тын. Біртуар ойшыл еді. Ғылымды өмірінің 
мазмұны  мен  мақсатына  балап,  тер  төкті. 
Ғылым оған тіршілік нəріндей аса қажет бол-
ды.  Жан  құмарына  айналды.  Енді,  ғылымы 
Ғалымын  əспеттеп,  көтеретін  екінші  өмір, 
қымбат  сəт  туды.  Сол  рухани  өршіл  кезең, 
сағынта түсетін сəт ұзағынан болғай!
... Фазылханның қара шаңырағынан сыртқа 
шықтық. Сүйікті жұбайы Роза биік басқышта 
қаздиып тұр... Өтпестей болған, қос аққудай 
қимас ғұмыр кешкен сол бір есіл уақыт баста-
рынан қалай шапшаң ысырылғанына аң-таң. 
Армансыз да тəтті күндері жағаны шапшып 
ұрғылаған  асау  толқындай  кері  жылыстап 
кетіпті... Роза тұр. Жалғыз тұр! Көңілі астан-
кестен... Дауыл алдындағы сəл тыншыма ма? 
Ұрпақтарының есендігін тілеген бəйтеректей 
бəйбіше қасиетті босағасынан қайғы бұлтын 
серпіп тастап, қуаныш пен қызыққа, бақытқа 
үміттеніп аттады... Еңбекпен керегесі керіл-
ген үйде ақ тілек, періштенің құлағына ша-
лынады-мыс!
...Үндемей  жүріп,  үнін  алғы  ғасыр-
ларға  асырған  ғалым  екен  ғой,  нағыз 
қазақ – Фазылхан Бəйімбетұлы!
Қайсар ƏЛІМ, 
жазушы, ҚР Президенті 
сыйлығының лауреаты 
Қайсар ƏЛІМ. Плазма физикасының атасы

№12    2014    А И АТ
86
86
«Бақытыма  қарай  менің  өз  өмірімде 
дос ты  немесе  бизнесті  таңдау  деген  бол-
ған  жоқ.  Біздің  өз  ұстанымымыз: «Егер, 
біреумен  іс  жасасаң,  ондағы  ең  ма ңыз-
дысы  істің  өзі  емес,  оны  кіммен  жа-
сайтындығыңда», – дейді «Ордабасы» то-
бының  басшысы.
Дінмұхамед    Ыдырысовтың  қабылдау 
кабинеті  итальяндық    шеберлер  қолымен 
жерорта  теңізінің  сəн-салтанаты  сəнімен 
жасалынған.  Тосында  қисынға  келмес тей 
тоздыға  келді – импрессионистік  Шар -
деновтың  еңбегі  елестейді.  Бұл    осыдан 
алты жыл бұрын тамаша да əдемі кескіндеме 
суреттер коллекциясын жинақтаумен əуес-
тенген,  атақты  «Орда  басы»  тобының 
не гі зін  қалау  шының  жəне  акционердің  
сүйікті  суретшісі  болып  табылады  екен. 
Жалпы,  зауыттардың,  банктердің,  мұнай 
кеніштері  мен  коммуналдық    жүйелердің  
иегерімен  жеке  таныстық  барысы  кезінде  
іскер  ортаға  қарағанда  оның  неғұрлым 
бетке  ұстар  академиялық    саяси  элитаға 
жақын адам  екендігі туралы  пікір туын-
датады.  Өзіндік  іс  мəнерінде  сөйлейді, 
өзіндік  əзіл-қалжыңқойлығы  да  бар.  Кө-
біне  парасаттылыққа  бейім.  Дінмұхамед 
Ыдырысовты  білетін  жандар  ол  өзін  қор-
шаған  маңғаз  да  дəрежелі  кісілерге  қа-
рағанда  жеке  атрибуттық  мəртебесіне 
нем құрайдылығымен  ерекшеленетіндігін 
жақсы біледі. «Ол кез келген істі жасанды, 
мақтану  мақсатымен  жасамайды  жəне 
қоршаған  ортасына  үнемі  ықыласын  тө-
гіп, бар зейінімен көңіл бөледі. Ал, мұндай 
игі қасиеттер  оның деңгейіндегі іскерлерде 
сирек  кездеседі.  Жұмыста  əртүрлі  жағ-
дайлар,  тіптен,  тік  мінез  көрсетуге  де  
тура  келетін  кездер  де  болады.  Ондай 
келеңсіз жағдайлар өз басында орын алып 
жатса,  Дінмұхамед оны соңынан  жуып-
шаюға бар», – деп, онымен 15 жыл бірге 
жұмыс  істеп  келе  жатқан  Ержан  Дос-
тыбаев  өзінің  аға  серіктесіне  осындай 
мінездеме береді. 
Осы  жақсы  қасиеттері  Ыдырысовтың 
Көлікжолдар  қатынастары  институты  ка -
фе д расында  зертханалық  қызметтен  ғы-
лым кандидаттығына дейінгі барлық өт кен 
кезе ңінен  (ҒЗИ-ның  аспирантурасында  
оқып  жүрген  кезінде  құрылыс  материал-
дары жайына терең үңіліп, ашқан бірнеше 
жаңа лықтарына  патент  алды.  Олардың 
басым  бөлігі  Қазақстан  мен  Ресей  зауыт-
тарында өндіріске енгізілді) жалғасып келе 
жатуы да мүмкін.  Десек те «өміріне бастау 
бола білген» – Оңтүстік Қазақстан  облы-
сы, Ордабасы ауданындағы (компанияның 
аты  да  осыдан)  ауыл  мектебінде  мұғалім 
жəне  директоры  болған  көп  балалы  отба-
сынан  алған  тəрбиесінен  де  болар.  Оның 
қол жеткізіп отырған жетістіктерінің ең ба-
стысы жəне бəрінен жоғарғысы ағарту са-
ласы айдынында алған білімі мен «дұрыс» 
тəрбиесінен де  екендігі даусыз. 
Бартер бойынша  жүргізілген 
«Нефтянка»
«Тастарды  шашып  тастау  уақыты» 
кел ген  кезде,  жалпы  ғылым  сияқты  құ-
рылыс  ғылымы  да  іздемпаз  əрі  тыным-
сыз жас ғалымның барлық күшін салатын  
орнықты  орнына  айналмады.  Ыдырысов 
іскерлікті 90-шы  жылдардың  басынан 
оқытушылықпен қатар алып жүрді. 
«Əлбетте, ол кезде таңдау да, ерекше 
түсінік  те  болмады,  жағдайларға  бай-
ланысты  жүріп  жатты.  Барлық  сатып 
алу жəне сату  – аяқ киімнен бастап ком-
пьютерге  дейін,  бөлшек  саудадан  шағын 
көтерме  саудаға  дейін  жетті.  Артық 
бөлшектер Ресейден жеткізілді. Соңынан 
МИЛЛИОНЕР  
ДІНМҰХАМЕД ЫДЫРЫСОВ 
ӨЗІНІҢ БИЗНЕСІН ҚАЛАЙ 
ОРНЫҚТЫРДЫ
Нарықтың жүгін нар тартар

№12    2014    А И АТ
87
87
оның  барлығының    көлемі  барынша  өсіп, 
бірқалыпты  оқытушылық  жұмысқа  уа-
қыт  та  жетіспейтін  болды.  Одан  кету-
ге де мүмкіндік болмады – институттан 
жібермей қойды», – деп еске түсіреді елі-
міздің  ең  ықпалды  да    бай    іскерлерінің 
бірі.
Қазір  «институт  жібермей  қойды»  де-
ген  сөз  таңданарлықтай  болып  естіледі. 
Бірақ,  ССРО  елінің  адамдарына  ол  кезде 
қаншалықты  кеткің  келгеніңмен  басшы-
лар  орныңа  істейтін    адамды  іздеп  тап-
пайынша  «жұмыс  орнын»  тастап  кетпеу  
табиғи  заңдылық  еді.  Əйткенмен,  жағдай 
көмектесті. 1996 жылы  теміржол  мен 
көлік қатынастары жолдары институттары 
біріктіріліп,  оқытушыларға – жұмыстан 
шығуға жəне қабылдауға (мұның өзі жұмыс 
беруші  демалыс  күндеріне  жəрдем  ақы 
төлеу қажеттілігінен  қашқақтау үшін) екі 
өтініш жазу ұсынылды. Бірақ, ол екіншісін 
жазған жоқ.
Міне, сол уақытта «Алма Ойл» ЖШС-гі 
тіркелген болатын. 
«90-шы  жылдардың  орта  шенінде 
біз  жүйелі  түрде  жұмыс  істеп,  ірі  сұ-
ра ныстарды  орындай  бастадық.  Бірде, 
«Қа зақойл»  мұнай  кеніштері  құ рал-жаб-
дықтарына  арналған  артық  бөлшек терді 
жеткізіп  бердік.  Олардың  ақшалары  бол-
мады да бізге  оның орнына мұнай өнімдерін 
айырбасқа  алуға  ұсыныс  жасалды.  Бізге 
еш байланыссыз жағдайларға сəйкес  осы-
лайша  мұнай  базарына  кіру  сəті  түсті. 
Бірнеше жылдан соң барып, маржинальды 
жəне  тез  дамушыға  айналдық», – деп  Д. 
Ыды рысов үлкен бизнестегі алғашқы өзінің 
қадамы жайында əңгімеледі.
 Барлығы да ерекше бір шапшаңдықпен  
өсе түсті. Жыл өткен соң-ақ, бір ғана  ЖШС-
гі  шеңберінде  жұмыс істеу оларға  тым тар 
бола бастады. Сонымен, тағы бір компания  
– «Ордабасы»  өмірге келді. Табыстан түскен  
ақшалар өндіріс жасауды қаржыландыруға 
құйылды. 90-шы жылдардың соңына қарай 
мемлекет  импорттың  орнын  толтыру  бағ-
дарламасын  қабылдады.  Өңдеуші  сектор-
лар  преференция  ала  бастады.  Д.  Ыды-
рысов  серіктестіктерімен  бірлесе  отырып 
алғашында  Өскемен арматура зауытын са-
тып алды, одан соң  ресейліктермен біріге 
отырып  (кейінірек  олардың  үлестері  саты-
лып алынды) Ақтөбе мұнай құрал-жабдық 
зауытын салды. Соңынан Өскемен армату-
ра зауыты сəтті сатылып жіберілсе, Ақтөбе  
зауыты  осы  уақытқа  дейін    «Ордабасы» 
құзырында.
Адамдар жəне  іс
Дінмұхамед  Ыдырысов  «достарыңмен 
бизнес  жасама – не  бизнесіңді,  не  дос-
тарыңды жоғалтасың» ұстанымының тара-
луымен келіспейді. «Алма Ойлда» да, «Ор-
дабасыда»  да  əріптестері  мен  серік тестері 
арасында  достары,  курстастары,  Автожол-
дарда  бірге  қызмет  жасаған  əріп тестері, 
тіптен, бұрынғы студенттер де бар шылық.
«Бақытыма  қарай,  менің  өмірімде  
–  досты  немесе  бизнесті  таңдау  де-
ген  ешқашанда  болған  жоқ.  Мүмкін  бұл 
жағынан менің жолым болған шығар, – деп 
езу  тарта  отырып,  Ыдырысов  əңгімесін 
одан  ары  қарай  былайша  жалғастырды: 
– Біздің ұстанымымыз: «Егер, біреумен іс 
атқаратын  болсаң,  онда  бастысы  істің 
өзі  емес,  ең  маңыздысы  кіммен  жұмыс 
істеу».  Сондықтан  да,  кіммен  істес  бол-
сам да, олармен  (оның ішінде мемлекеттік 
қызметке  немесе  өзінің  бизнесіне  кет-
кендермен  де)  осы  уақытқа  дейін  жақсы 
қарым-қатынастамын. 
Егер  де  «Алма  Ойл»  Қазақстандағы 
барлық  алғашқы  компаниялар  сияқты  (со-
циалистік  өнеркəсібі  «ескерткіштерінен» 
басқасы) «қолдағы барымен сомдала түссе», 
соның  ішінде  жақсы  табыстармен  ақша 
таба бастаған  «Ордабасы»  компаниясы өз 
жұмыстарын  одан  ары  қарай  да    «дұрыс» 
бизнес ұстанымы бойынша құруды шеш ті. 
2000  жылдың  басында  стратегияға  қосы-
лып  жəне  оның  ішінде  шетелдік  «үлкен 
төрттіктен» кеңесшілер жалдады. 
«Əрине,  біздің  өзімізге  де  көп  оқып-
үй  ренуге  тура  келді.  Мұнда  ғылыми  ма-
шықтық  та  айтарлықтай  пайдасын  ти-
гізді, – деп  көңілдене  əңгімесін  одан  əрі 
жал ғастырды Ыдырысов. – «Алма Ойлда» 
бізді  толығымен  жағдай  басқарды.  Ал, 
«Ордабасыда»  жағдайды өзіміз басқаруға 
жəне  тек  өзіміздің  стратегиямызға  сай 
жұмыс істеуге тырыстық».

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал