Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



жүктеу 5.44 Kb.

бет17/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.44 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

79
79
Мемлекет жəне құқық институтына ауысты-
рылады. Осындай іргелі ғылым орталығында 
жас  ғалым  С.Сəбікенов 1969 жылы  «Кеңес 
құқығында қоғамдық жəне жеке мүдделердің 
сəйкестірілуі»  тақырыбында  кандидаттық 
диссертация қорғады.
Үлкен  ғылым  жолына  түскен  Салахи-
ден  Сəбікеновтың  жас  ғалым  ретін де  қа-
лыптасуына,  шарықтап  өсуі не  Қазақ стан-
дағы философия жəне құқық инс ти тутының 
аспирантурасын да  оқып  жүргенде  туған 
еліміздің С.З.Зи манов, М.Т. Баймаханов, В.А. 
Ким, Ғ.С. Сапар ғалиев, С.С.Сартаев, М.Т. Има-
шев, У.Д. Құдай бергенов, М.С. Сахипов, Е.Ж. 
Жанабілов, Е.Б. Баянов секілді жəне басқа да 
көрнекті ғалым-заңгерлер елеулі ықпал етті.  
Мəскеу  қаласында  жүрген  кезінде  С.Н. 
Сəбікенов  ҚСРО-ның  А.А.  Пионтковский, 
Н.П.Фарберов,  С.М.Строгович,  Р.О.  Хал-
фина,  В.М.Чхиквадзе,  В.С.  Нерсесянц,  В.Т. 
Ка зи мирчук,  Е.  Лукашева,  Ю.А.Тихомиров, 
Д.А.  Керимов,  А.В.Патюлин,  Г.В.  Мальцев, 
Л.И.  Загайнов,  Д.В.  Шутько  сынды    жəне 
басқа да көптеген аса ірі ғалым-заңгерлерінен 
іргелі аспиранттық дайындықтан өтті. Үлкен 
ғы лымның  жолына  түсіп,  оның  алғашқы 
сатысын  игерген  Салахиден  Сəбікеновтың 
қажыры  мен  қайратының  арқасында  өрлеу 
баспалдақтары  биіктей  береді.  Білім  мен 
біліктілікті  жадына  тұтқан  Салахиден  алға-
шын да  бір  жылдай  Қазақ  ҚСР  Ғылым 
Академиясының  философия  жəне  құқық 
инс титутында  ғылыми  қызметкер  міндетін 
ат қарады да, одан кейінгі бар ғылыми жəне 
ұйымдастырушылық  өмірінің  негізін  елі-
міздің  Ішкі  істер  министрлігінің  қарама-
ғындағы  Қарағанды  жоғары  мектебінің 
қабырғасында өткізеді.
Академик  С.Н.  Сəбікеновтың  сан  қыр-
лы  ғылыми  жəне  педагогикалық  қызме ті 
осы  Қарағанды  жоғары  мектебімен  тіке лей 
байланысты. 1970 жылы  С.  Н.  Сə бікенов 
Қа зақстан  Компартиясы  Орта  лық  Коми-
теті нің  ұсынуымен  Қазақ станда  алғаш  құ-
рылған жоғары оқу орны – КСРО ішкі істер 
министрлігінің  Қара ғандыдағы  жоғарғы 
мектебіне  ғылыми-педагогикалық  жұмысқа 
жіберіледі. Онда ол бұл институттың барлық 
қызмет баспалдағынан өтеді:  аға оқытушы
доцент,  профессор,  мемлекеттік-құқықтық 
пəндер  кафедрасының  бастығы,  ғылыми-
зерттеу  редакциялық-баспа  бөлімінің  бас-
тығы,  жоғары  милициялық  мектеп  бас  -
ты   ғының 
ғылыми 
жұмыс 
жөніндегі 
орын  басары.  Осы  жоғары  оқу  орнында 
ең бек  еткен  кездерде 1970-1993 жылдарда 
С.Н.Сəбікеновтың  ұйымдастырушылық  қа-
бі леті  айқын  байқалды.  Ол  өзін  дарынды 
ға лым, жоғары шеберлігі бар педагог, үлгілі 
офи цер ретінде көрсете білді.
С.  Сəбікенов  өзінің  ғылыми  жұмы сын 
педагогикалық  жұмысымен  де  ұштас тырып 
отырды.  Е.Букетов  атындағы  Қа ра ғанды 
мемлекеттік  университеті  заң  факультетінің 
кафедра  профессоры  бола  қызмет  етіп, 
бірнеше  рет  Мемлекеттік  емтихан  комис-
сиясын  да  басқарып  жүрді.  Ғылыми  жəне 
педагогикалық жұмыстарын  жемісті атқара 
жүріп,  Салахиден  Сəбікенов  Қарағанды 
қаласы  халқының құқықтық білім беру ісіне 
өз үлесін қосты, ол қала лық «Мемлекет жəне 
құқық» халық уни вер ситетін ұйымдастырып, 
оны  ректоры  ретінде  басқарды,  облыстық 
«Білім»  қоғам  басқармасының  мүшесі  де 
болды. Белгілі ғалым-ретінде С.Н.Сəбікенов 
КСРО  Ғылым  Академиясының  Төралқасы 
жанын дағы «Мемлекет, басқару мен құқықты 
дамытудың 
заңдылығы» 
Бүкілодақтық 
ғы лыми-үйлестіру  Кеңесінің  мүшесі  бо-
лып  сайланды,  мемлекет  жəне  құқық  тео-
риясының  келелі  проблемалары  бойынша 
өткен  көптеген  бүкілодақтық,  халық аралық 
конференцияларда ғылыми баяндамалар жа-
сады.  
КСРО  Ішкі  істер  министрлігінің  Қара-
ғандыдағы  жоғары  милиция  мектебінде 
1979-1987 жылдары, Қазақстан Республика-
сы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары 
милиция  мектебінде 1993-1995 жылдары 
бас тықтың  ғылыми  іс  жөніндегі  орын ба-
сары  қызметіндегі  іскер  басшылығы  мен 
ұйымдастырушылық қабілеті арқа сында бұл 
оқу  орындарын  ғылыми  күш-қуаты  едəуір 
артып,  ондағы  ғылыми  жəне  редакциялық-
баспа  жұмыстары  жолға  қойылды.  Оның 
тікелей басшылығымен жəне редакциялауы-
мен 500 баспа табақтан аса баспа өнімі басып 
шығарылды.  Профессор  С.Н.Сəбікеновтың 
басшылығымен  Қазақстан  Республикасы 
Ішкі істер минис трлігінің жүйесіндегі жоғары 
оқу орындарында ғылыми мектеп құрылды, 
қазір  оларда  құқық  қорғау  органдары  жəне 
заңдылық  қызметі  мен  проблемаларының 
жаңа бағыттары белсенді де жемісті зерттеліп 
отыр. Профессор С.Н.Сəбікеновтың бастама-
сы  бойынша  Қазақстан  Республикасы  Ішкі 
істер  министрлігінің  жоғары  оқу  орындары 
жанынан  алғаш  рет  күндізгі  жəне  сырттай 
адъюнктура,  докторантуралар  құрылды.  Ол 
Ішкі  істер    министрлігінің  Алматы  жоғары 
мектебі  жанынан «120009 – Қылмыстық 
іс  жүргізу,  криминалистика», «120011 – 
Прокурорлық қадағалау, адвокатура, сот жəне 
сот  ісін  жүргізу»  мамандықтары  бойынша 
Р. ƏБСАТТАРОВ, Ə. ШАЛТЫКОВ. Дарынды ғалым-заңгер, қайраткер, ұлағатты ұстаз

№12    2014    А И АТ
80
80
кандидаттық  диссертация  қорғау  жөнінде 
мамандырылған Кеңес құрды.    
Қарқынды  ғылыми-зерттеу  жұмы сының 
нəтижесінде 1986 жылы  С.  Н.  Сə бі кенов 
Қазақ  ҚСР  Ғылым  Ака демиясының  фило-
софия  жəне  құқық  институты  жанындағы 
мамандырылған кеңесінде «Кеңес қоғамында 
құқық жəне əлеуметтік мүдделер: теориялық 
арақатынасы  мəселелері»  атты  тақы рыпта 
докторлық диссертациясын ойда  ғыдай қорғап 
шық ты. Ресми оппоненттер, аса көрнекті ға -
лым-заңгер  академик  С.З.Зиманов,  КСРО 
Ғылым  Академисының  коррес пон дент-
мүшесі, Əзірбайжан КСР Ғылым Академия-
сының  академигі  Д.А.Керимов,  Россия 
Федерациясының  ғылымға  еңбек  сіңірген 
қайраткері,  заң  ғылымының  докторы,  про-
фессор  В.П.Казимурчик  С.Н.Сə бікеновтың 
диссертациясына  жо  ға ры  баға  берді.  Бұл 
докторлық  дис сер  тация  республиканың 
ғылыми өмі  рінде айтарлықтай оқиға болды. 
С.  Н.  Сəбікеновтың  заң  ғылымына  сіңір ген 
еңбектері жоғары бағаланып, ол 1994 жылы 
Жаратылыс тану ғылымдар Академиясының 
академигі жəне оның Төралқа мүшесі болып 
сайланды,  сонымен  қатар 1995 жылы  осы 
ғылым  саласын  дамытуға  қосқан  салмақты 
үлесі үшін заң ғылымдарының докторы, про-
фессор  С.Н.Сəбікенов  Қазақстан  Республи-
касы  Ұлттық  Ғылым  Академиясының  кор-
респондент-мүшесі  болды. 2003 жылы  заң 
ғылымдарының    докторы,  про фес сор  С.Н. 
Сəбікеновтың ғылымға қос қан сү белі еңбегі 
жоғары  бағаланып,  ғы лым  жүйесіндегі 
ең  жоғары  атақ – Қа зақстан  Республика-
сы  Ұлттық  Ғылым  Академиясының  толық 
мүшесі – академик болып сайланды. Ғалым-
заңгер  ретінде  академик  С.Н.Сəбікеновтың 
үзбей  еңбек  етіп  келе  жатқан  үлкен  арнасы 
–  мемлекет  пен  құқықтың    жалпы  теория-
сы,  конституциялық,  халықаралық  құқық 
салалары.  Ол  осы  салалардың  дамуына 
қомақты  үлес  қосқан  ірі  ғалым.  Академик 
С.Н.Сəбікенов  біздің  республикамызда  ғана 
емес, ТМД елдерінің, алыстағы шет елдердің 
ғылыми-педагогикалық  жұрт шылығына  да 
кеңінен таныс, құрмет пен беделге ие болған 
оқымысты.
Академик  С.Н.Сəбікенов – еліміздегі 
мем  лекет  пен  құқықтық  жалпы  теориясы 
саласындағы    жетекші  ғалым-заңгер.  Оның 
ғылыми  шығармашылығында  айқын  көзге 
түсетін ерекшелігі –зерттеу тақырыптарының 
жан-жақты,  кешенді  түрде  болуы    жəне 
терең  талдануы.  Академик  өзінің  ғылыми 
еңбектерінде  Одақта  алғашқылардың  бірі 
болып,  құқық  пен  əлеуметтік  мүдделердің 
өзара  ықпал  етуінің  теориялық  проблема-
лары, заңды жəне заңға қайшы мінез-құлық 
факторлары  жүйесіндегі  мүдделер,  мемле-
кетте  жеке  адамның  өзара  жауапкершілігі, 
мемлекеттік  егемендік,  қоғамда  бой  көр-
сететін  мемлекеттік-құқықтық  режимнің 
заңдылығы  жəне  халықаралық  құқықтық, 
конституциялық  құқықтың  өзекті  мəсе-
лелерін,  басқа  да  маңызды  проблемалар 
секілді заң ғылымындағы іргелі мəселелерді 
зерттейді.  С.Н.Сəбікеновтың  зерттеулерінің 
ішінен 80-жылдары  кең  тараған  «Құқық 
жəне қоғамның əлеуметтік мүдделері» (1986 
ж.) атты монографиясын ерекше атауға бола-
ды.  Монографияда  теориялық-əдіснамалық 
мəселелерді  күн  тəртібіне  қойып,  сыни 
көзқараспен  жазылған  бұл  монография  өзі-
нің ғылми-практикалық құндылығымен қазір 
де ерекшеленеді.
Ғалымның  ғылыми  жетекшілігімен  жə-
не  авторлық  қатысуымен  жарық  көрген 
«Қо ғамдық  ғылымдардың  методологиялық 
проблемалары» (1987ж.), «Құқықтық  мем-
лекеттің  тұжырымдамасы  (тарих,  теория 
жəне практика)» (1995 ж.), «Салыстырмалы 
мемлекеттік құқық» (2000 ж.), т.б.  атты мо-
нографияларына ғылыми жұртшылық, билік 
пен шаруашылық өкілдері аса қызығушылық 
танытты.  Оның  қаламынан 200-ге  жуық 
ғылыми зерттеу жарық көрді. Ол жариялаған 
ғылыми еңбектерінде демократиялық, құқық-
тық  мемлекет  ретін де  Қазақстан  Рес пуб-
ликасының  қалып тасуы,  оның  жаңа  ұлттық 
құқықтық жүйе сін құру үшін ғалым зерттеп 
жүрген про блемалардың қазіргі жағдайда ке-
зек күттірмейтін тұжырымдық мəні бар. 
С.Н.Сəбікенов  тек  қана  ірі  ғалым,  ұла-
ғатты ұстаз ғана емес, ол туған елінің қоғам 
жұмысына  белсене  қатысып  жүрген  қо-
ғам  жəне  мемлекет  қайраткерлерінің  бірі. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жар-
лығымен С.Н.Сəбікенов 1995-1998 жыл дары 
Қазақстан  Республикасы  Конс титуциялық 
Кеңесінің  мүшесі  болып  тағайындалып, 
еліміздегі  конституциялық  құқықтың  іске 
асуына  өз  үлесін  қосты.  Одан  кейін 1999 
жылы  Қазақстан  Республикасы  Жоғары 
Соты  жанындағы  ғылыми-конституциялық 
кеңесінің  мүшесі  болып,  сот  саласында  да 
жемісті  еңбек  етті.  С.Н.Сəбікенов  заңгер-
ғалым  ретінде  тəуелсіз  еліміздің  алғаш 
Конс титуциясын  жасауға  белсене  қатысқан  
тұлғаның  бірі. 1989-1994 жылдары  Қазақ 
ҚСР-нің  сайлау  жəне  халық  депутаттарын 
кері шақырып алу жөніндегі Орталық сайлау 
комиссиясының  мүшесі  болды.  Қазақ  КСР 
Жоғарғы  Кеңесінің  халық  депутаттарының 
Келбет

№12    2014    А И АТ
81
81
жəне  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш 
Президентінің  алғаш  сайлауларын  дайын-
дап,  өткізуге  тікелей  белсене  атсалысты, 
сол  үшін  Қазақ  КСР  Жоғары  Кеңесі  мен 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  та-
лай  рет  С.Н.Сəбікеновты  ынталандырды. 
С.Н.Сəбікенов  жоғары  білікті  заңгер  кад-
рларын даярлауға бедерлі үлес қосуда. 1993 
жылы  заң  ғыымдарының  докторы,  про-
фессор  С.Н.Сəбікенов  Қазақстанда  алғаш 
құрылған заң ғылымдары жөніндегі Жоғары 
аттестациялық  комиссияның  сараптау  кеңе-
сінің  ғылыми  хатшысы,  1999 жылы  оның 
төрағасы болып сайланды. 
С.Н.Сəбікенов көп жылдан бері Қазақстан 
Республикасы Ғылым Академиясының Мем-
лекет  жəне  құқық  институты  жанындағы 
докторлық  диссертация  қорғау  жөніндегі 
дис сертациялық  кеңестің  мүшесі  болды. 
Сонымен  бірге,  С.Н.Сəбікенов  Қазақ  гу-
ма нитарлық  заң  университеті,  əл-Фараби 
атын дағы  Қазақ  ұлттық  университеті  жəне 
Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық уни-
верситеттерінің  жанындағы  докторлық  дис-
сертация қорғау кеңестерінің мүшесі болды.
С.Н.Сəбікенов  Алматы  қаласында  жа-
бық  акционерлік  қоғам  түрінде  құрылған  
Халықаралық  құқық  жəне  Нарық  экономи-
касы академиясының  ректоры болып қызмет 
атқарды.  Академияны дамытудың стратегия-
сын, оның болашағын айқындап беріп отыр-
ды. Академияда оқытушы-профессорлар мен 
студенттердің  құрамы ның  ғылыми-зерттеу 
жұмыстары  жолға  қойылған.  Халықаралық 
құқық  жəне  Нарық  академиясы  күндізгі 
жəне  сырттай  оқыту  бөлімдерінде  жоғары 
мамандандырылған экономистер, заңгерлерді 
даярлады.  Оның бастамасы бойынша күндізгі-
сырттай  оқыту  аспирантурасы,  ізденушілік 
ашылды, ғылыми-зерттеу жəне редакциялық-
баспа бөлімі, кітапхана, компьютер сыныбы 
ұйымдастырылды, академияның барлық жұ-
мысы осы заманғы компьютер техникасымен 
жабдықтандырылған. 
С.Н.Сəбікенов 
Қазақстан 
ғылымын 
көп   те ген  елдерде  үлкен  абыроймен  таныт  -
қан  ғалым.  2008 жылы  академик  С.Н.Сə-
бі кенов  халықаралық  құқық  Ресей  ассо-
циация сының  мүшелігіне  сайланды  жəне 
ол  РФ  Үкіметінің  жанындағы  салыстырма-
лы  құқық  жəне  шетел  заңдары  институты 
журналының  редакциялық  коллегиясының 
мүшесі болды. Қазақ – Швейцар саммитінде 
кіршіксіз абыройлы іскерлігі үшін академик 
С.Н.Сəбікенов  алтын  медальмен  марапат-
талды (Женева қаласы, 2004, 20. 12). ХХ1 ғ. 
ғылым, мəдениет, білім аясындағы Лидерлер 
саммитінде  академик  С.Н.Сəбікенов  қазіргі 
қоғамға интеллектуалдық өз үлесін қосқаны 
үшін Сократ атындағы халықаралық медаль-
мен марапатталды жəне ол қазіргі заманның 
көрнекті  жеке  тұлға  ретінде  халықаралық 
тіркеуге  (регистрге)  енгізілді  (Оксфорд 
университеті, Ұлыбритания, 2007. 23. 03).
С.Н.Сəбікенов мемлекет жəне құқық тео-
риясы,  конституциялық  жəне  халықаралық 
құқық ғылымдар жөнінен 40 жылдан астам 
бойы  шеберлік  ұстаздық  жұмыс  атқарып 
келеді. Студенттер мен магистранттар оның 
қазақ  жəне  орыс  тілдеріндегі  лекциясын 
ынтыға тыңдайды, əрбір лекциясы теориялық 
тереңдігімен, түсініктілігімен, нақтылығымен 
тыңдаушысына тез ұялағыш тəрбиелік ұғы-
ныңқылығымен  көзге  түседі.  Ғалымның 
алдынан  өткен,  дəріс  алған  мыңдаған  сту-
денті  мен  тыңдаушысы  қазір  практикалық 
жұмыста – құқық  қорғау  органдарында, 
əкім  шілік-басқару  аппаратында,Қазақстан 
Пар   ла ментінде,  республиканың  жоғары  оқу 
орын  дары мен одан тыс жерлерде ойдағыдай 
еңбек етіп келеді. 
Ғылым жəне қоғамдық қызметте сіңірген 
айтулы еңбегі жəне заң ғылымын дамытудағы 
үлкен  үлесі  үшін  С.Н.Сəбікенов  жəне  білім 
беру  саласындағы  еңбегі  үшін  «Қазақстан 
Республикасының білім беру ісінің құрметті 
қызметкері»  белгісімен, «Ерен  еңбегі» 
медалімен, т.б.   марапатталды.
Салахиден  Нұрсарыұлы,  сөз  жоқ,  көш-
бастар көшелі азамат, заманға лайық тұлға.  Ол 
– ғылымға жан-тəнімен берілген, бойындағы 
оған  деген  мол  дарынын,  қарымды  қабілеті 
мен  қажыр-қайратын,  айтулы  таланты  мен 
тəлімді  тəрбиесін,  бар  ықылас,  ынта-жігері 
мен ой-ниетін  өзі қалаған осы бір киелі де 
қастерлі    өмір  жолында  жанқиярлығымен 
аянбай  жұмсап  келе  жатқан,  алған  бетінен 
таймаған, ары таза, кемеңгер жан. Ол Қазақ-
стан тарихында өз орны бар ардагер азамат. 
Ел өмірінің негізгі саласының бірі – оқу мен 
білімін  өркендетуге  елеулі  үлес  қосып  келе 
жатқан  білікті  маман  ретінде  ел  құрметіне 
бөленіп  келеді.  Салахиден  Нұрсарыұлы 
Сəбікенов    өзінің 75 жылдық  мерейтойын 
шығармашылық күш-қуаты кемелденген, əлі 
де жүзеге асыратын мол ойлар мен идеяларға 
толы кезеңде қарсы алуда.
Раушанбек ƏБСАТТАРОВ,
ҚР Ұлттық ғылым академиясының 
корреспондент-мүшесі, 
философия ғылымдарының докторы, 
профессор;
Əміржан ШАЛТЫКОВ,
саяси ғылымдарының докторы, 
профессор.
Р. ƏБСАТТАРОВ, Ə. ШАЛТЫКОВ. Дарынды ғалым-заңгер, қайраткер, ұлағатты ұстаз

№12    2014    А И АТ
82
82
...  Алматы.  Тау  бөктеріндегі  екі  қабатты 
коттедж. Темір дарбаза пультпен басқарылып, 
жылжи  ашылып,  көлік  аулаға  кірді.  Шағын 
алма бағы көз арбайды. Қоңыр-қызыл апорт 
мəуелі  жемісімен  қызықтырады.  Аясына 
түрлі  сəкі,  тербелісті  орындықтар  қойылған 
екен, нəті немерелердің ойын көрігі қызатын 
алаңқай  осы  болса  керек.  Ұйыса  өскен  көк 
шөбі  үлкен-кішінің  делебесін  қоздырып, 
жа лаңаяғын  қытықтай  жөнелетіндей...  Осы 
қызықтың  бəрінің  иесі – отағасы  Фа-
зылхан  Бəйімбетовтің  жоқтығы  сезіліп, 
ой  ауырлап,  көңілді  мұң  торлай  баста-
ғанда,  іштен  елу  жылдай  отасқан  зайы-
бы  Роза  Сүлейменқызы  Жəкежанова 
көрінді. Бəкеңді бір кездері ғашық еткен, 
шаңырағын  мейірім  шуағына  бөлеген, 
жарының ғылыммен алаңсыз айналасуы-
на жан-жүрегімен дəнекер болған, бүгінгі 
байсалды да сүйікті əже Роза. Сыңарынан 
айырылған аққудай жанарынан сағыныш 
жасы  мөлтілдеп,  сыңсығандай  болды... 
Үнсіз  егіледі...  Ерін  жоғалтқан  бес  айдан 
бері  сылынып,  жүдеу  жүзі  солғынданып, 
көз нұры бəсеңсіп, орны енді еш толмай-
тын  ардағын  жоқтауға  біржола  мойын 
ұсынғаны,  тас-түйін  бекінгені  сезіледі... 
Басу айттық. Төрге өткенімізде, Фазылхан 
ағамыз тірі жандай боп, үлкен портретінен 
жайдары  жымиысымен  көріне  қалды-
ау...  Анасы  Мəкіш  кейуананың  суреті  де 
ұлымен жанастырыла қойылыпты... Əке 
бейнесі де бұлдырайды...
Кешегі  дəурен  сүргендер – бүгін  жоқ! 
Жансыз бейнелер. Суреттен ғана ишара жа-
сайтындай. Ата-ана үш ұл өсірді: Назархан, 
Фазылхан жəне Сағынған. Соңғысы Астанада 
тұрады. Əкеден ерте айырылғандарды əулет 
үлкені  боп  қалған  Назархан  қара  еңбегімен 
қыбырлап  жүріп,  оқытты,  адам  қылды.  Фа-
зылхан бауыры əлемге əйгілі оқымысты бол-
ды.  Көзі  жұмылғанша  інісінің  абыройымен 
масаттанып жүруші еді. Бəкене денелі, бойы 
кішкене, шалт қимылды шымыр жанның мал 
ПЛАЗМА ФИЗИКАСЫНЫҢ АТАСЫ
баққаннан басқа кəсібі болмайтын. Үн-түнсіз 
еңбегін істеп, адал терін төгіп, төлді құнттап 
өсіріп,  ел  байлығын  еселегенін  екінің  бірі 
біледі. Мұнысын міндет қылмайтын. Биліктен 
ештеңе  дəметпепті.  Еңбегі  жанып,  бауыр-
лары  аман  болса,  соған  тəубəшіл  еді,  басқа 
есепті білмейтін. Сұраншақтығы жоқ. Тіпті, 
маңдай ақысы – ақшаның мөріне қарап жат-
пайтын,  шешесіне  бере  салады. «Фазылхан 
миымен  жұмыс  істейді  ғой.  Қуған  ғылымы 
ауыр  деседі,  соның  қажетіне  жаратшы»,– 
дейтін анасына. Анасы Мəкіштің қолынан 
не жұмыс өтпеді. Иілмейтін еменді көріп, 
сол  кісіні  ойлаңыз.  Күні-түн  тізе  бүкпей 
жүріп,  шиеттей  балаларын  ер  жеткізді. 
Əрқайсысы  өз  биігін  алыпты.  Малшы, 
ғалым жəне есепші... Бəрі де керек маман-
дық. Мына дүниенің қабырғасына кірпіш 
боп қалана білген.
Туған  жерден  бірі  елі  ажырамай  еңбек 
еткен  Назарханның  қоғам  малын  баққан 
кешегі Алтынсарин атындағы кеңшар (Қос-
танай облысының Жанкелдин ауданы) жеке-
шелендіріліп,  берекесі  қаша  бастаған  тұста 
Фазылхан  інісі  ауылға  бара  қалады.  Мəкіш 
ана  сандығын  ашып,  кішігірім  той  жасай-
ды.  Марқұм  шешіліп,  шешен  сөйлейтін,  ой 
тамызығы əманда маздап жанып тұратындай 
тапқыр, ақылгөй, арғы-бергіні саралап түйін-
деп,  қажеттісін  ұстанымына  лайықтай  қоя-
тын  нағыз  кесімді  кісі  екен.  Фазылханның 
оңашадағы  əңгіме  ауанына  қарап  отырып: 
«Түбі  бұл  жер  иесіз  қалады  ғой,  көшіп 
жатқандар көп. Ата-баба аймағын өздерің 
ұстап  қалыңдар»,  –  дегенде,  ұлының  он-
сыз да үлкен көзі шарасынан шығыңқырап, 
ана  сөзін  басын  изеп  құптап  қойған.  Ана 
дөп айтыпты, ұлы сол ақылды кейін іске 
жаратыпты.  Сол  атамекенінде  Фазыл-
хан  қора  соқтырып,  мал  өсірткізіп,  егін 
еккізе бастаған еді. Туған жерінің түтінін 
қайыра түтеткен. Əттең, демі үзілді... Ама-
наты  ұрпағына  ауысты.  Қалада  өскен 
ұлы  Нұрлан  əлгіндей  жұмыстың  барлық 
тауқыметін өзіне меншіктеп алыпты.
Ақырғы  демі  таусыларда  қайран  Бəкең 
тынысы тарылып, көзі алақ-жұлақ етіп жар-
қылдап,  Айгүл,  Нұрлан,  Баян  балала рының 
Келбет

№12    2014    А И АТ
83
83
аттарын атап, еміреніп жатыпты... Сенесіз бе, 
сенбейсіз бе, өзі тəрбиелеп жүрген шəкір-
тінің  ғылыми  атағын  қорғағанын  көре 
алмаймын-ау  деп  өкініпті,  жарықтық. 
Бəл кім  есіне  Розасына  бірер  күн  бұрын 
күбір леп  ескерткен  өтініші  де  санасын 
найзағайдай  осып  өткен  болар?  Ауыз 
бар майтын  емеурін  еді.  Бірақ,  өмірмен 
түбі  қоштасарын  сезген  ақылман,  асыл 
жара тылыс  ішінде  бүгіп  қала  алмапты. 
Өзін  емес,  анасын  асқақтатқысы  келген 
шығар. «Жазып  алшы»  деп  қиылыпты 
Розасына.  Жарының  да  жанын  сызда-
татынын  білсе  де,  айтпауына  болмапты. 
Үзік-үзік етіп жаздыртыпты. Бастапқыда ба-
сын  ала  қашқан  зайыбы  көнген.  Əр  əріптің 
тікенін  жүрегіне  кірш-кірш  сұғып  отырып 
жазыпты: «Еңбек – өмір, негізің, Деген ұлы 
фəлсафа. Сүтіменен анамның, Сіңді менің 
қаныма!» «Фазылхан дерсің. Құлпытасқа 
жаздыртшы,  сəулем!..»  Ортақ  өксік!  Ма-
хаббат  өксігі!  Анасының  сүтінен  қанына 
тараған ұлы еңбекқорлық қасиетіне соңғы 
табынуы  екен.  Отанын  тек  жасампаз 
Еңбек көтеретініне сенгендігінің ишарасы 
екен...  Қарапайым  еңбекке  ғұмыр  бойы 
малынып  өткен  есті  жанның,  ғалымдық 
атағы  мен  абыройын  əлемге  жайған  сол 
Еңбекке  деген  соңғы  құрметі  мен  табы-
нуы болыпты-ау, бұл өсиеті.
...Қытайдан жасаттырған құлпытаста бе-
дер леніп, Ана мен Еңбектің мəңгі дəріптелуі 
тұр! Өмірден еңбексіз мəн іздемеген Ғалым-
ның  ересен  қайраты  мен  ыстық  жүрегінің 
тіршілікті қимаған лүпілі де Кеңсай самалы-
мен  араласып,  бетті  ызғырығымен  қари-
тындай... Рухы оның бір төмпешікке симай-
ды  ғой,  енді  қайтіп  көрінбесе  де  ап-анық 
бейнесі көңілден кетпес... 72 жас ғұмырында 
өшпестей із қалдырып кеткен екен. Ондаған 
мемлекеттің  ғалымдары  өксік  буған  қаралы 
сөздерін  Фазылханның  отбасына  тегіннен-
тегін жолдады дейсіз бе?
Бəкең  туралы  өткен  шақпен  сөйлеу, 
əрине,  ауыр.  Бір  жеңілі – оның  жарқын 
өмірі, ғалымдық күрделі жолы, ұстаздық 
байсалды келбеті, отбасылық махаббатқа 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал