Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



жүктеу 5.44 Kb.

бет16/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.44 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

Өмірхан ƏБДИМАНҰЛЫ, 
филология ғылымдарының 
докторы, ҚазҰУ-і филология, 
əдебиеттану жəне əлем тілдері 
факультетінің деканы
Менің ұстаздарым

№12    2014    А И АТ
74
74
Мəскеу университетінде жыл сайын  17-ші 
қарашада студенттер күнін қарсы алатын-
быз. Сол күні бүкіл факультет студенттері 
Қызыл  алаңға  жиылып,  басшыларымыз 
бен  белсенділеріміз  сөз  сөйлеп,  Кремль 
қабырғасында «Шындықты жазатын жур-
налист  болуға  ант  беретінбіз».  Одан  соң 
Ленин  мавзолейіне  барып,  ұлы  көсемге 
тағзым етіп қайтатынбыз. Ең соңында фа-
культет Мəдениет үйінде қоғам-мемлекет 
қайраткерлері, өнер жұлдыздары қатысқан 
үлкен  жиын  өтіп,  соңы  мерекелік  кешке 
ұласатын.  Біз  үшін  аса  қызықты  жайт, 
сондай  кездесулерге  жыл  сайын  екі-үш 
космонавтың келуі еді. Ол заманда космо-
навт деген шын мағынасындағы «аспаннан 
түскен  адаммен»  бірдей  еді  ғой.  Көрсек 
болды, айналсоқтап қасынан шықпаймыз, 
тірі космонавт көргенімізге сенерімізді де, 
сенбесімізді де білмейміз. 
1980  жылғы  жиынның  ре сми 
бөлімінен  кейінгі  сəттердің  бірінде 
əйгілі  космонавт,  екі  мəрте  Кеңестер 
Одағының  батыры  Олег  Григорье-
вич  Макаровтың  қасынан  табыла 
қалмасым бар ма?!. Оның себепкері, сол 
студенттер сарайында қосымша жұмыс 
істейтін,  Мордовиядан  келген  орыс 
жігіті,  курстасым  Володя  Анисимов 
болатын. Менің Қазақстаннан екенімді 
есіткен  соң,  Олег  Григорьевич  маған 
бір  түрлі  іш  тартып  қалды.  Ол  кезде 
космонавт біткен Байқоңырдан ұшып, 
Жезқазғанға  қонып  жатушы  еді  ғой, 
соның əсері болу керек. Ананы-мынаны 
сұрап тіл қатысып қалдық. Дене бітімі 
шымыр  келген,  кішкенелеу  кісі  екен. 
Аңқылдаған  ақкөңіл,  жаны  жайсаң 
жанның адамды өзіне тартып тұратын 
қасиеті  бардай  көрінді  маған.  Бір 
үйіріліп қалсаң, арбалғандай қасынан 
кете алмай қаласың. 
Олег  Григорьевич  Макаров  космо-
навтарды дайындаудың алғашқы күнінен 
бастап-ақ конструкторлық бюрода істеген, 
Королевтің сүйікті серіктерінің бірі ретінде 
космос  корабльдерін  жасауға  өлшеусіз 
үлес қосқан азамат қой. Ол космос əлеміне 
25  адамнан  кейін  реттік  саны 256-шы 
болып ұшып, оны тағы екі рет қайталап, 
үшеудің  екіншісінде  апаттық  жағдайға 
түсіп  қалып,  Лазарев  екеуінің  қалай  тірі 
қалғанына  космонавтикаға  қатысы  бар 
адамдар  қатты  таңқалған  ерекше  адам. 
Əңгіме үстінде ол кісі маған: «Сіз маған 
оқу  корпусына  баратын  ішкі  жолды 
көрсетіп, шығарып салмайсыз ба, менің 
мына лабиринттерден адасып қалатын 
түрім  бар,  қайтуым  керек  еді»  дегені. 
«Аспаннан  сұрағаның  жерден  табылып 
тұрса»,  қайтіп  жоқ  дерсің, «Лəппай»  де-
меске,  амал  қане?!  Ол  кісі  мені  деканға 
ертіп барды да, «Ясен Николаевич, мына 
жігіт  мені  шығарып  салады,  асығыс 
екенімді  бағана  Сізге  айтып  едім  ғой, 
қайта берейін, Сізге кедергі келтірмейін, 
қонақтарыңызбен  бола  беріңіз»,  деді. 
Ясен  Николаевич  менің  қай  курста,  қай 
топта  оқитынымды,  аты-жөнімді  сұрап 
алып, рұқсатын берді. 
Мен Макаровты ішкі иір-шиыр жолмен 
оқу  корпусына  алып  келдім.  Сырт  киімі 
Засурскийдің  кабинетінде  екен,  хатшы 
қыз есікті ашып, сонда кіргізді. Құдайақы, 
МГУ-де екі жыл оқып жүргенде, деканның 
кабинетін  алғаш  көруім.  Айнала  əйтеуір 
кітап,  газет-журналдардан  көрінбейтін 
шағын  ғана  кабинет  екен.  Маған  бір 
түрлі  жұпынылау  көрінді.  Көп  тұруға 
уақыт  жоқ,  Макаровтың  сырт  киімін 
киіндіріп,  космонавты  сыртта  тұрған 
көлігіне  дейін  шығарып  салдым.  Қайта 
келіп, Засурскийге шығарып салғандығым 
туралы «есеп» бердім. Ол кісі: «Жақсылап 
шығарып  салдыңыз  ба?», –  деп  сұрап 
алып,  зиялы  адамға  тəн  үйреншікті 
əдетпен, «Рахмет»  деді  де,  ары  қарай 
қонақтарына  айналып  кетті.  Мен  де  өз 
жөніме  кеттім.  Осы  оқиғадан  соң,  анда-
санда  Ясен  Николаевичті  көре  қалсам, 
арнайы  сəлем  беретін,  əдет  пайда  бол-
ды.  Ол  кісі  де  бұрынғыдай  емес,  бірді-
екілі  сөзбен  жай  сұрап  қалатын.  Сөйтіп 
жүргенде,  қысқы  семестрден  соңғы  де-
малыста  ауылға  барғанда,  шешем  қатты 
ауырып  жүр  екен.  Сол  кісіні  Мəскеуге 
апарып, қаратсам ба деген ой келді. Бірақ, 
қайда жатқызам, мен жататын студенттік 
жатақханада  жатқызбайды.  Бұл  ойым-
ды  анама  айтпай,  Мəскеуге  келген  соң, 
Өмірхан ƏБДИМАНҰЛЫ. Заңғар Засурский

№12    2014    А И АТ
75
75
сондағы білмейтіндері жоқ, пысық шешен 
жігіттерімен  сөйлессем,  таныс  дəрігер 
таба  алатындарын,  ал  жатын  орынға 
шаруашылық  жөніндегі  проректорға 
арыз  жазып,  рұқсатын  алу  керектігін, 
сон да  өзім  жататын  жатақхананың  (мен 
онда Дом Аспирантов и Студентов деген 
қысқартып  айтқанда,  ДАС  аталатын   
Шверник  көшесіндегі  жатақханада 
тұратын  едім)  астындағы  қонақ  үйлік 
бөлмелерден  орын  алуға  болатындығын 
айтты.
  Мен  проректор  Чебировке  бірден 
барсам, орын берер-бермесіне сенімім бол-
май, көз таныс болып қалған Засурскийге 
барғым  келді.  Оның  үстіне  сол  кезде  ол 
кісі  бізге    «Критика  теории  и  практики 
буржуазной журналистики» деген жалпы 
пəннен дəріс оқып жүрген болатын. Кем 
дегенде аптасына бір рет көріп тұрамыз. 
Сабағынан қалмайтын едік.
  Полиглот  кісі  ғой,  шетелдің 
көптеген  газеттерінен  сан  түрлі  мы-
салдар  келтіре  отырып,  сабағын  өте 
қызықты  өткізетін.  Əр  сабаққа  арты-
нан жандайшаптары еріп келіп, оқыған 
дəрісін қолмен де, магнитофонмен де, біз 
білмейтін  бір  кішкентай  құралдармен 
де  (оның  шағын  диктофон  екенін 
кейін  білдік  ғой)  зырылдатып  жазып 
алып  жататын.  Соңынан  əлгі  оқыған 
дəрістер МГУ-дің Хабаршысына, басқа 
да  ғылыми  журналдарға  мақала  бо-
лып  шығатын.  Иə,  Ясен  Николаевич 
Засурский  мамандығының  шыңына 
шыққан шын мəніндегі ғалым, шебер 
дəріскер еді. Оның оқыған дəрістерінен 
іліми де, рухани да байып шығатынсың. 
Кейін Алматыға келген соң, осы пəнді 
кім  оқитынын  біліп, «Қашан  да  қор 
болып жүретін қазақтың балалары-ай» 
деген  өкінішті  ой  көкейден  кетпейтін. 
Ол  пəннен  шетел  тілінен  мақұрым 
адамның  дəріс  оқығанын  көргенде, 
өкінбеске амалың қанша.
Сонымен,  бір  күні  ойға  алғанды  іске 
асырмақ болып, Засурскийдің қабылдауына 
бардым.  Дəл  қазір  есімде  жоқ,  аптаның 
бір  күні  түстен  кейін  қабылдау  уақыты 
болатын.  Қабылдау  бөлмесіне  кірсем, 
сонда Алматыда бізге қоғамдық мамандық 
пəні бойынша сабақ берген журналисти-
ка  факультетінің  кафедра  меңгерушісі 
Тауман  Салықбайұлы  Амандосов  отыр. 
Көзіме  оттай  басылды.  Бірден  бұрынғы 
ауыз жыбырлатып сəлемдескенді қойып, 
жүгіріп барып қол беріп сəлемдестім. Шы-
рамытып, қасынан орын ұсынды. Қайдан 
жүргенімді  сұрады.  Осында  ауысып 
келгенімді айтып едім, «Ə, дұрыс болған 
екен  мамандығың  басқа  болғанымен, 
жалпы  Мəскеу  білімнің  кені  ғой,  көп 
нəрсе  үйренесің»,  –  деп  қоштап  қойды. 
Сөйткенше ішкі жақтан Засурский шықты. 
Ол кісі қабылдауында отырған кісілермен 
сол күтіп отырған кіреберісте амандасып, 
келген  мəселесінің  жайын  сұрап,  жауа-
бын бірден беріп, шешетін істі сол жерде 
реттеп  тастайды  екен.  Таукеңе  келгенде, 
«Сіз отыра беріңіз. Сізбен артынан жеке 
сөйлесеміз», – деді. Маған келгенде, мен 
«Сізде жеке айтатын шаруам бар еді», – 
дедім. «Онда күте тұрыңыз» – деп, ары 
қарай  басқаларды  сұрастыра  бастады. 
Отырғандардың 95 пайызының шаруасын 
шешіп,  сонан-соң  маған  бұрылып, «Сіз 
жүріңіз» деп, мені кабинетіне ертіп алып 
кетті.  Мен  өз  жағдайымды  айтқаннан 
кейін, бірден Чебировқа қоңырау шалып, 
өтінішін  айтып,  келісімін  алып,  шару-
амды    тез  арада  шешіп  берді.  Ертесіне 
Чебриовтың  атына  өтініш  жазып  барып, 
қонақүйден  орын  алатын  болдым  (бірақ 
бұл  мəселе  шешемнің  жағдайына  бай-
ланысты  шешімін  таппай  қалды). 
Мұндай  қуанбаспын,  кабинетінен  қалай 
шыққанымды  білмеймін.  Ясен  Нико-
лаевич менімен ере шығып, Таукеңді өзі 
қолтығынан ұстап, кабинетіне қарай алып 
кетті. 
Осы  əңгіменің  шындығына  Мəскеуде 
менен екі курс бұрын оқыған, қазір ҚазҰУ-
де  ұстаз,  доцент  Жетпісбай  Бекболатов 
куə. Темірбек Қожакеевті университеттен 
қуып  шыққан 86-ның  қаһарлы  қысынан 
кейін,  мерейлері  тасыған  Козьменко, 
Сопкин, Совалардың іскерліктері оянып, 
ойда-жоқта  Мəскеуден,  туысқан  ре-
спубликалардан  ғалымдар  шақырып, 
аяқ  астынан  халықаралық  конфереция 
Менің ұстаздарым

№12    2014    А И АТ
76
76
ұйымдастыратын  болды.  Соған  Ясен 
Николаевич  Засурский  де  келді.  Ертең 
ерте ұшып келіп, кешке қайта ұшып кетті. 
Бірер  сағат  қасында  болдық.  Ол  кісілер 
конференцияға  кешігіп  келді  де,  бірден 
президиумға көтеріліп кетті. Үзіліс сəтінде 
Козьменко  бастаған  орыс  тілді  бірнеше 
«білімділер»  Ясен  Николаевичті  қоршап 
алып, өздерінше біздің кіммен жүргенімізді 
көрдіңдер  ме  дегендей,  өзгелерді 
жолатпауға  тырысты.  Желтоқсанның 
ызғары  бет  шайлықтырып  тастаған 
қазақтар  шетке  ысырылып,  аналар-
ды  қызықтаумен  ғана  тұрды.  Мен 
Жетпісбайға: «Ұстазымыз ғой, жүр ба-
рып сəлемдесейік, неміз кетеді, таныса-
таныр,  танымаса-танымас,  шапаны-
мызды  шешіп  алып  қалмас» – дедім. 
Екеуіміз  қоршап  тұрғандардан  өтіп 
барып, сəлемдесіп едік, Ясен Николае-
вич бірден таныды. Қасында 1971-1989 
жылдардағы деканның оқу ісі жөніндегі 
орынбасары  Алексеева  Марина  Ива-
новна  бар.  Олар  бізбен  оңашаланып, 
біздің хал-жағдайымызды сұрап, түскі 
асқа бірге барып, оңаша столда бізбен 
бірге  отырды.  Дастархан  басындағы 
əңгімеде  Ясен  Николаевич  Жетпісбайды 
жыға  танып  отырғанын,  ал,  мені  жақсы 
білетіндігін, оның себебі, жоғарыда əңгіме 
болған нəрселер екенін сөз арасында айтып 
қалды. Жетпісбай екеуіміз асыл ұстаздың 
зердесінің  соншалық  мықтылығына  таң-
ғалдық.  Бұл  кезде  менің  оқу  бітіргеніме 
6  жылдай  уақыт  болып  қалған-ды.  Ал, 
Жетпісбайға  кем  деген  де 8 жыл.  Содан 
кетер  кеткенінше  Ясен  Николаевич,  Ма-
рина  Ивановна  екеуі  бізбен  бірге  жүрді. 
Ясен  Николавичті  ортаға  алып  түскен 
сурет  əлі  сақтаулы.  Содан  кейін  қадірлі 
ұстазымызды  ұзақ  уақыт  көре  алмадық. 
Былтыр жаңа жылдың алдында кездесудің 
сəті түсті.
 2012 жылдың 22-27 желтоқсаны 
аралығында  МГУ-ді бітіріп кеткеннен соң 
табаны күректей 30 жылдан кейін Мəскеуге 
жол түсті. Алдымен Санкт-Петербургтағы 
А.С.  Пушкин  атындағы  Орыс  əдебиеті 
институтындағы  (Пушкин  үйі)  ғылыми 
семинарға қатысып, сонда екі күн болып, 
ҚазҰУ-дегі əріптесім Шоқан  Шортанбаев 
інім  екеуміз  Мəскеуге  пойызбен  кеттік.  
Менің МГУ-ді, көп айта бергенімнен За-
сурскийге асығып келе жатқанымызды 
сезген Шоқан поездан түсісімен МГУ-
ге  баруға  үгіттеді.  Таңертең  сағат 
тоғызда  Кремльдегі  Қызыл  алаңның 
қарсысында,  В.И.  Ленин  атындағы 
кітапхананың  жанындағы  МГУ-дің 
алғашқы  корпусында  орналасқан 
журналистика  факультетіне  келсек, 
əлі ешкім келмепті. Күзеттегі жігіттер 
мұндағы қызметкерлердің 10-нан кейін 
келетіндігін айтты. Ғылыми-педа гогтік 
еркіндік деген осы-да. Бізде ондай жоқ. 
Ясен Николаевичке келетіндігім тура-
лы хабар бергенмін.   Сол жерде бірден 
қоңырау шалдым. Ол кісі корпусқа 12-
де сынақ алуға баратынын айтты. Құр 
отырғанша  деп,  біздер  қала  аралауға 
кеттік.  Талай  жүрген  жерлер  Қызыл 
алаңды, ГУМ-ді, МГУ-дің 32 қабаттық 
бас  ғимаратын  аралап,  күндізгі  сағат 
12-де  келсек,  Ясен  Николаевич  сынақ 
алуды бастап кетіпті. Амандасып, сəл-
пəл əңгімелескен соң, бірге сынақ алуға 
шақырды.  Біраз  қасында  отырдым. 
Қартайып-ақ қалыпты Қайран Ұстаз. 
83-  жас  деген  оңай  ма?  Бүгілтіп-ақ 
жіберіпті. Баяғыда, біз оқып жүргенде 
қандай еді. Уақыт бедерін салмай қоя 
ма? Ол кісі түгілі осыдан 35 жыл бұрын 
студент  болған  бізде  шал  болдық.  Ке-
лер жыл алды да алпыс тұр асқарадан 
қарап.  Өмірдің  заңы  осындай  оған  не 
шара  бар?!  Абай: «Жоқ-тумақ,  жас-
қартаймақ,  туған – өлмек,//  Тағдыр 
жоқ өткен өмір қайта келмек. // Басқан 
із,  көрген  қызық  артта  қалмақ, // Бір 
құдайдан  басқаның  бəрі  өзгермек» 
дегенді  осындайға  қарата  айтқан-ау.  
Анда-санда  көз  қиығымды  Ясен  Нико-
лаевичке салып қоям. Дəл баяғыдай бізден 
сынақ алғандағы кейпі. Аспай-саспай, əр 
сұрақты  тəптіштей  сұрап,  білгендеріне 
тиісті  бағасын  қойып,  білмегендерін 
құлатып  жіберіп  жатыр.  Біздерде  сынақ, 
емтихан  дегендерді  алудың  жағдайы 
баяғыда-ақ өзгеріп кеткен. Бəрі басқаша.  
Өмірхан ƏБДИМАНҰЛЫ. Заңғар Засурский

№12    2014    А И АТ
77
77
Менің сəл зеріге бастағанымды байқады-ау 
деймін, ұстаз біраздан соң: «Өзің оқыған 
корпусты  аралап  көр,  не  өзгеріс  бар 
екен. Мен сəлден соң, босаймын», – деді. 
Біз корпусты аралап, кей жерінде суретке 
түсіп, Шоқанға кейбір естеліктерді айтып, 
қайта оралсақ, Ясен Николаевич бізді күтіп 
отыр екен. Кафедрасынан шығып, өзінің 
кабинетіне қарай алып жүрді. 
Ол  кісі 2007 жылдан  бері  МГУ-дің 
журналистика  факультетінің  президенті. 
Оған  дейін 42 жыл  декан  болған  адам-
ды, ұжымы қимаған болу керек осындай 
қоғамдық  қызмет  беріпті.  Əрі  «Шетел 
əдебиеті  мен  журналистикасының  та-
рихы»  кафедрасының  меңгерушісі. 
Жолай  əр  кафедра,  кабинеттерге  кіріп, 
«Біздің  түлегіміз  қазір  Қазақ  ұлттық 
университеті журналистика факультетінің 
деканы»  деп  таныстырып  жатыр.  Маған 
əйтеуір  шəкіртіне  деген  ризашылық 
сезімі  бар  құсап  көрінді.  Кабинетіне 
бардық.  Өзінің  декан  кезінде  отырған 
кабинетін  қалдырған  екен.  Баяғыда  бір 
рет  қабылдауында  болған  кабинет  көзге 
оттай басылды. Сол күйі сақталған. Мына 
заманда  бір  түрлі  жұпынылау  көрінді. 
Президенттің  кабинеті  Шоқанға  да  ұнай 
қоймады. Ол Ясен Николаевич бір декан-
дар жаққа шығып кеткенінде «Япырым-
ай, осындай адамның кабинеті мынадай  
деп  ойламап  едім.  Мынаның  ішінен 
іздеген  затын  қалай  табады», – деп 
күліп  жатыр.  Сөйткенше  болмай,  Ясен 
Николаевич келіп, маған керек бір құжатты 
іздеп,  көмекшісін  шақырып,  тез-ақ  тау-
ып  алды.  Шоқан  маған  еппен  жымиып 
қойды.  Ұстазбен  біраз  сыр  шертісіп 
əңгіме лестік.  Көбіне  өткен  күндерді 
əңгіме еттік. Орта Азия, Қазақстандық 
студенттерінен есте қалғандарын əңгіме 
етіп отырды. «Сіздің елден бізде оқыған 
студенттерден екі министр шықты» деп 
Алтынбек пен Дарханды мақтанышпен 
атап, шəкірттеріне деген ризашылығын 
білдірді. Алтынбек өлімін үлкен аяныш-
пен еске алды. 
Менің  журналистика    факультетіне 
декан  болып  келгеніме  өз  шəкірті 
ретінде  қуанатынын  айтып,  факуль-
тетте  журналистика  мен  əдебиеттің 
сабақтастығын  қалыптастырудың  өзекті 
мəселелерін  алға  тартты.  «Сіз  əрі  жур-
налист, əрі филологсыз. Осы екі сала-
ны  жақындастыруға  күш  салу  керек. 
Біздегі  кафедралардың  аты  егіздес 
болып келеді. Мəселен, «Орыс əдебиеті 
мен  журналистика  тарихы», «Шет  ел 
əдебиеті  мен  журналистикасының  та-
рихы» дегендейін. Электронды БАҚ, ин-
тернет журналистика қанша басымдық 
алып бара жатыр дегенмен, жалпы жур-
налист  болам  деген  адамға  əдебиеттің 
орны өте зор. Осыны бағалай білу ке-
рек. Талдамалы журналистика баспасөз 
бетінде  кеңірек  көрініс  табады.  Ал  ол 
аса қажет нəрсе. Бізде кейінгі кезде осы 
сəл де болса қалып бара жатыр», – де-
ген  сияқты  ойларын  жеткізіп,  бізбен 
ой бөлісті. 
Ясен  Николаевич  факультет  деканы, 
өзінің  шəкірті  Елена  Леонидовна  Вар-
танованы  шақырып  алып,  екі  факультет 
арасындағы  байланысты  жандандыру 
қажеттігін ортаға салды. Е. Л. Вартанова 
екеуіміз  жеке  кездесіп,  факультеттерге 
қатысты көп мəселені əңгімелесіп, келісім-
шартқа қол қойдық. 
Ұстазбен кешкі сағат 6-7-ге дейін бірге 
болып,  қимай-қимай  қоштастық.  Іздеп 
келгенімізге шын көңілден рахмет айтып 
ұстаз қала берді. Мен түнделетіп «ДАС»-
қа соқтым. Мəскеуде оқығанда 3 жыл бойы 
қысқаша «ДАС» аталып кеткен 12 қабаттық 
аспиранттар жатақханасында жатқан едім. 
Үш жылдық өмір өткен құтхана ғой, соқпай 
кетсем обал-ды. Сөйтіп, Мəскеуге таңертең 
түсіп, түнделетіп қайта Санкт-Петербургқа 
қайттық. Алматыға сол жақтан  ұшу керек. 
Іштей «Қош Мəскеу! Қош ұстаз!», – деп 
қайта-қайта  қоштасып,  поезға  отырдық. 
Енді  қашан  жол  түсерін  кім  білсін.  Мен 
шынымды айтсам, осы іс сапарға МГУ-ді,  
сондағы  ұстазымды  көруге  ғана  шыққан 
едім. Əйтпесе, Мəскеудің қақаған қысында 
адам іссапарға бара ма?! Сонымен «Заңғар 
Засурскиймен  тағы  бір  жүздесуді  Алла 
жазсын!» – деген  тілекті  іштей  тілеп, 
Алматыға қайттық. 
Менің ұстаздарым

№12    2014    А И АТ
78
78
Дарынды ғалым, ұлағатты ұстаз, құқық-
тану  ғылымының  іргелі  саласы  өкілдерінің 
бірі академик Салахиден Сəбікенов – 75 жа-
ста. Дарынды азамат болу оңай емес жəне он-
дай биікке көтерілудің өзі екінің бірінен келе 
бермейді де. Жаратушымыз Сакеңе салауатты 
ақыл, терең білім, сезімталдық пен сергектік 
берген.  Жүрегі  жылы,  ойы  ұшқыр,  ең  əуелі 
қара  басына  қатаң  талап  қоя  білетіндігінің 
арқасында ол ірі ғалым дəрежесіне көтеріліп, 
ізденістер  мен  қиыншылықтарға  толы  күр-
делі  жолдан  сүрінбей  өтіп,  биік  тұлғалы 
қазақ  зиялыларының  қатарына  қосылды.  
Адал еңбегі мен алғырлығы, таланты мен да-
рындығы  арқасында  Сакең  суырылып  алға 
шығып, ең жоғары ғылыми атақ – ҚР ҰҒА-
ның академигі атанды. 
Салахиден Нұрсарыұлы Сəбікенов отан -
дық ғылым мен жоғары білімнің дамуына ат 
салысып келе жатқан ірі ғалым жəне көр некті 
педагог.  Ол  өзінің  шығармашылық  қуатын, 
өміріндегі негізгі істеріне адал бола отырып, 
барлық  күші  мен  білімін  туған  еліміздің 
дамуы  үшін,  өсіп  келе  жатқан  жеткіншек 
ұрпақтарға беруге арнап келеді. 
Ол ең əуелі заңгер ғалым. Жалпы алғанда, 
əртүрлі  мүдделілігіне  қарамай,  қоғамдық 
ғылымдар  бір-бірін  толықтырып  отырады, 
өйткені  олар  белгілі  бір  мəселені,  оқиғалар 
мен құбылыстарды жан-жақты қарастырып, 
оны  барынша  байытып,  тереңдетуге  мүм-
кіндік береді. 
Қасиетті  Атырау  облысы  топырағында 
дүниеге  келген  Салахиден  Нұрсарыұлы 
жасына  өмірдің  өрелі  жолын  таңдай  білді.  
Орта  мектепті  бітірісімен, 1959 жылы 
С.М.Киров  атындағы  (қазіргі  əл-Фараби) 
Қа  зақтың  мемлекеттік  университетінің  заң 
фа культетіне  оқуға  түсті.  Университетте 
студент  С.Сəбікенов  Қазақстанның  сол  кез-
дегі  көрнекті  заңгер  ғалымдарынан  сабақ 
алады. Олар жас студенттің ғылыми-зерттеу 
жұмысына  деген  ынта-жігерін  арттыруға 
Келбет
ДАРЫНДЫ ҒАЛЫМ-ЗАҢГЕР
ҚАЙРАТКЕР, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
көп ықпал жасайды. Оған факультет деканы, 
доцент  М.Ваксберг,  доценттер  С.Сартаев, 
А.Дюков,  М.Хангалов,  заң  ғылымдарының 
докторы,  профессор  Я.Бельсон,  заң  ғылым-
дарының  докторы,  профессор  С.Бу латов, 
заң  ғылымдарының  докторы,  профессор 
А.Мамутов,  заң  ғылымдарының  докторы, 
профессор  Е.Котов  сынды  тағы  басқа  да 
көптеген ғалымдар елеулі ықпалын тигізді. 
Студент кезінде ақ С.Сəбікенов ғылыми-
зерт теу  жұмысына  белсене  атсалысты. 
ҚСРО-ның Мəскеу, Вильнюс, Ташкент жəне 
та ғы басқа қалаларында өткен студенттердің 
бірқатар  республикалық  жəне  бүкілодақтық 
ғылыми  конференцияларына  қатысып,  ғы-
лыми  баяндамалар  жасады.  Студенттердің 
ғылыми  қоғамының  ғылыми  үйірмелерін 
басқарды.  Факультеттің  осы  ғылыми  қоға-
мының  төрағасы  болып  сайланды.  Жас 
студент  С.Сəбікенов  жазған  «Социалистік 
қоғамдағы  құқық  қатынастарының  кейбір 
тео риялық  мəселелері»  атты  диплом  жұ-
мысына  сол  кезде-ақ  оның  ғылыми  же-
тек шісі,  заң  ғылымдарының  кандидаты, 
философия  жəне  құқық  институтының  аға 
ғылыми  қызметкері  М.А.Биндер,  рецензент, 
заң  ғылымдарының  кандидаты,  ҚазМУ-
дың  доценті  М.С.Сапарғалиев  жоғары  баға 
бере  келіп,  оны  студенттік  диплом  жұмысы 
шегінен шығып кеткен шағын ғылыми зерт-
теу деп мойындаған болатын. Əрине, осын-
дай  ірі  ғалымдармен  біте  қайнасып,  ара-
ласу  Салахиденнің  ірі  ғалым  жəне  ғылым 
мен  білім  саласында  ұйымдастырушылық 
қабілеттерінің  шыңдалуына  жол  ашады. 
Міне,  студенттік  кезден  басталған  ғылымға 
деген құштарлық жоғары білімді жас маман 
С.Сəбікеновты үлкен ғылымның даңғыл жо-
лына жетелейді. Университетті бітіргесін ол 
жолдама  бойынша  Маңғыстау  облысының 
Ақтау  қаласында  мамандығы  бойынша  екі 
жылдай еңбек етіп, 1966 жылы С.Сəбікенов 
Қазақстанның  Ғылым  Академиясының  фи-
лософия  жəне  құқық  институтының  «Мем-
лекет жəне құқық теориясы» бойынша аспи-
рантурасына түседі. Бірақ, бір жылдан кейін 
ҚСРО  Ғылым  Академиясының  Мəскеудегі 

№12    2014    А И АТ

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал