Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



жүктеу 5.44 Kb.

бет14/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.44 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

ласымен  молда  алдына  барып  сауат 
ашпақшы. Молда өте қатал, сəл кешіксе 
дүрелеп, жанға батыра ұрады. Əсіресе, 
Түйебайды...
Сол  Түйебай  бір  жолы  қатты  таяқ 
жейді де «енді шоқынып кетсем де мол-
да алдына бармаспын» деп серт береді. 
Сол сөзінде тұрады. Арада біраз уақыт 
өткенде  лирикалық  кейіпкер  байдың 
малын  бағып  жүрген  сол  Түйебайды 
ауыл  жақта  жолықтырады.  Бұл  ат 
үстінде, ал Түйебай... жаяу.
–  Қойды  неге  ат  мініп  бақпайсың?-
деген сауалға:
– Ат бермеді, – деп жауап қатады.
Жазушы  əңгіме  соңында  осы  Түйе -
байдың  ат  бермегені  үшін  байға  қыр 
көрсетіп, «аштан  өлсем  де  мал  бақ-
паймын»  деп  айта  алмағанын  тұс-
палмен сездіреді. Қаламгердің астарлы 
мысқалы  осы!  Оны  оймен  ғана  сезіне 
аласың.
Адамдар  арасындағы  теңсіздік!  Біреу 
бай, ал, енді, біреу – кедей. Бай байлығына 
басып,  күпінеді.  Кедей  кіжінумен  тірлік 
кешеді. Сондай кіжінушілердің бірі – осы 
Түйебай...
Ал, мінезі... Ол өз алдына бөлек əңгіме 
ғой.
***
Кедейшілік кісіге не істетпейді!
Жоқшылық, шіркін кей-кейде кісінің 
ақыл-ойын  матап,  көзін  шелдендіріп, 
Бейімбет Майлин – 120

№12    2014    А И АТ
64
64
басып айналдырып қоятыны да өтірік 
емес. 
Бейімбеттің Салқамбайы («Салқам-
бай тоба қылды») тап осындай жағдай-
ды бастан кешкен бейбақ. Қызы Күлəш 
14-15-ке  толғанда  оған  сырттан  көз 
тігушілер көбейеді. Анаусы да, мынаусы 
да  ақша  ұсынып, «осы  қызыңды  бізге 
бер»  дейді.  Салқамбай  əуелде  бұл  ша-
руаны ыңғайсыз көрсе де, ақша үстіне 
ақша қосып айта бастағандарға елітіп, 
қалай  көнгенін  де  байқамай  қалады. 
Сөйтіп, Мəлік деген бай кісіге 500 сомға 
тоқалдыққа береді...
Артынан үстінен арыз болып, сотқа 
шақырылады. «Қызыңды  неше  сомға 
саттың?», «Астыңдағы  алаяқ  атты 
қайдан  алдың?»  деген  секілді  мың 
түрлі  сұрақтардың  астына  алады. 
Сасып  қалған  Салқамбай  «ойбай-ау, 
мың, екі мың сомнан алған байлар əлі 
үйінде отыр ғой» деп соғады. Сондағы 
естіген  жауабы:  Əй,  отағасы-ай,  аңқау 
екенсіз  ғой.  Мың  түгіл,  он  мың  алса 
да,  байларға білінуші ме еді... Олар сен 
құсап алаяқ ат мінбейді. Міне қалғанда  
да,  олардың  малы  көп,  қайдан  алдың 
деп кім байланыспақшы...
Бəлелі əңгімеден əзер деп құтылған 
Салқамбай  үйге  қайтып  келе  жатып: 
«Байға құда болу, байға қол арту менің 
не  теңім  еді»  деп  қинала  сөйлейтіні 
бар...
Тағы да əділетсіздік! Тағы да əлдінің 
істеген əр ісі оң, əлсіздің бар ісі де теріс.
Жазушы тірліктің ең бір қиылысқан 
жерін,  күшті  мен  əлсіздің,  бай  мен 
кедейдің,  бар  мен  жоқтың  ара-жігін 
ажырата, кісіге ой сала баян еткен.
***
Біз,  шамасы,  осы  күнге  дейін  жа-
зушы  Б.Майлинді  өз  дəрежесінде,  өз 
деңгейінде  һəм  өз  биігінде  сөз  ете  ал-
май  келе  жатырмыз-ау!  Егер,  Бейімбет 
шығармалары  (мейлі  əңгімелері,  мейлі 
көлемді  дүниелері)  тереңінен  талданып, 
мейлінше байқампаздықпен жазылар бол-
са, міне, замана шындығы сонда жасыры-
нып  жатыр.  Кезең  кеселін,  уақыт  «ауру-
ын» дəл осы Бейімбеттей ешкім де көрсете 
алған  жоқ.  Күні  бүгінге  дейін  Бейімбет 
əлемі өз құпиясын ашпай келе жатқаны 
–  жазушының  кінəсі  емес,  ол  біздің 
салғырт  мінезіміз.  Кешегі  ХХ  ғасыр 
басындағы барша ауыртпалықтар мен 
асыра  сілтеушіліктер  түп-түгелімен 
Бейім бет шығармаларынан ойып орын 
ала білген. Оны көру үшін, əрине, жіті 
көз керек. Зерек ақыл керек. Байқампаз  
ынта  қажет.  Біз  бұл  мақалада  реалист-
жазушының  бірді-екілі  əңгімелеріне  ғана 
тоқталып  өттік.  Солай  бола  тұрса  да, 
Бейім беттің  осы  күнге  дейін  байқалмай 
келе  жатқан  бір  құпиясы – заманмен 
үндес тігі  һəм  кезеңнің  куəгері  екендігі 
ашыла түссе деген ниет болды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі ел өмірінің 
ақ-қарасын  ажыратып,  қатпарлы  құпия-
сын молынан аша түскіміз келсе, ең алды-
мен Бейімбет Майлинді оқиық. Тереңдеп, 
түсініп оқиық. 
Замананың шынайы келбеті
(Жазушының шығармаларындағы 
əйел теңдігі)
Əр қаламгер өз заманының, өз дəуірінің 
үлкенді-кішілі мəселелеріне сергек қарап, 
жіті құлақ түріп, жазған шығармаларында 
сол мəселеге өз көзқарасын білдіріп оты-
руы  заңды  құбылыс.  Алайда,  бұл  екінің 
бірінің  қолынан  келе  бермесі  тағы  да 
ақиқат.  Ой  мен  ниет  дұрыс  болғанымен 
оның  жүзеге  асырылуы,  əрине,  əрқалай. 
Біз білетін жазушы Бейімбет өз дəуірінің 
көзі  мен  құлағы  бола  алған  десек,  бұл 
сөзіміз  шындық  аулынан  алшақ  кете 
қоймас.
Б.Майлин шығармаларындағы кеңінен 
орын алған тақырып – əйел теңдігі.
Кеңес  өкіметіне  дейін  де,  тіпті,  кеңес 
дəуірінің  алғашқы  жылдарында  да  қазақ 
мұсылман  əйелдерінің  өз  сүйгеніне  бара 
алмай, еркінен тыс дүниеге сатылып кете 
беретін жағдайлары кеңінен орын алғаны 
белгілі. Он екіде бір гүлі ашылмаған жас 
қыздар елуден, тіпті, алпыстан асқан ере-
сек  еркектерге  тоқалдыққа  барып  жатты. 
Бармасына  болмады.  Көнбесіне  амалы 
жоқ-ты.  Міне,  осы  тақырып – Б.Майлин 
дүниелерінен  берік  орын  алып,  көркем 
тіл мен жан-жақты көрсетілді.
«Зейнештің  серті»  деген  əңгімесінде 
əуелі  Асылбек  деген  еркекке  алда-
нып,  енді  болмағанда  соған  тиіп  кете 
бармақшы  қыздың  (он  бес  жасар)  аяқ 
жағында  ес  жинап, «қой,  мұным  бол-
Жолтай ƏЛМАШҰЛЫ. Бейімбеттің биігі

№12    2014    А И АТ
65
65
мас, өз абыройым үшін күресейін» деп 
сотқа  арыз  беруі,  сот  мүшелерінің  бұл 
ісін  қолдауы  іспетті  жағдайлар  бірінен 
соң  бірі  тізбектеледі.  Мұндай  өз  намы-
сын өзі қорғап, жоғарыдан əділдік іздеу 
секілді  істер – қазақ  даласында  некен-
саяқ.  Жазушы  жаңа  дəуірмен  бірге 
қазақ қыздарының сана-сезімінің ояна 
түсіп,  өз  тағдырын  өздері  ойлай  ала-
тын дəрежеге көтеріле алғанын айтпақ 
болған.
«Қайнаға өтірік айтады» əңгімесіндегі 
ауыл  қыз-қырқындарының  жаңа  заманға 
ұмтылып,  оқу-білім  алуға  өз  еркімен 
бас  қоюы  тағы  да  уақыттың  соны  лебін 
байқата алады. Осы шығармадағы Биқасап 
қатынның «қатындар оқуды қайтеді» деген 
қайнаға сөзіне қарсы шығып:
–  Қайнаға  бекер  айтады,  біз  оқы-
маймыз  деп  ешкімге  сөз  бергеміз  жоқ! 
Оқытушы болса неге оқымайық! Мына 
қатындардың бəрі де оқимыз деп отыр... 
– деп сөйлеуі психологиялық өзгерістерді 
байқата түскендей. Осы бір кішкене өмір 
суреті  арқылы  қаламгер  қатындардың 
санасындағы сілкіністі, өзгеше тіршілікке 
ұмтылысты барынша дəл аңғартқан. Жəне 
жəй  ғана  аңғарту  емес,  сол  күнгі  отыры-
ста  еркектер  жеңіліп,  əйелдер  жеңіске 
жеткенін көрсетіп береді.
Бұл  тұста  жазушы  əңгімесін  екі-
жақты  түсінуге  де  болатындай.  Алды-
мен, Кеңес өкіметі талабына сай қазақ 
əйелдерінің  еңсе  көтеруі,  ерлермен 
терезесі  тең  болуға  ұмтылуы,  өз  арын 
өзі  қорғап,  өз  сөзін  өзі  сөйлей  бастауы 
секілді  жалпыға  тəн  жаңалықтардың 
бой көрсеткені. Сосынғы ой – жазушы 
жаңа  өкімет  атын  малданып,  қазақ 
əйелдерінің  тым  еркінсуі,  тайраңдауы, 
ойына не келсе, соны айтуға бейімделе 
бастауы,  қысқасы,  елдегі  бұрыннан 
қалыптасқан ізгі тəртіптердің бұзылуын 
ащына жеткізуі. Өзіңіз ойлаңыз, сурет-
кер қай жағына басымдық береді? Осы 
əңгімелерді  жазудағы  алтын  діңгек – 
асыл ой қайсы?
Милицияға жұмысқа тұрған Құрымбай 
серінің  («Құрымбайдың  жігітшілігі») 
ендігі  бар  арманы – ел  аралап,  қай  үйде 
сұлу,  пішінді,  тартымды  қыз  болса,  со-
ларды  əурелеп,  өмірді  сүргісі-ақ  келеді.  
Бірақ,  қай  ауылды  араласа  да,  істің  сəті 
түспейді.  Не  қыз  шешесімен  жатады,  не 
болмаса көрші үйге кетіп қалады. Əйтеуір, 
реті келе қоймайды.
Кезекті бір ауылға жол түсіп, Құрымбай 
бастап,  Кебекбай  атқосшы  қостап,  қона 
жататын  кезді  жазушы  əдемі  үйлестіріп, 
мейлінше  шыншыл  етіп  суреттей  алған. 
Бұл үйде Нұржан шал мен бəйбішесі Ме-
руерт бар. Алайда, Құрымбай үшін олар 
қызық  емес.  Екі  көзі – сұлу  қыздары 
Күлəшта. Арманы да, аңсары да сол.
Түн болады. Төсек салынады.
Құрымбай  енді  түн  төсегінде  қарап 
жатсынба  қызға  ысырылып  жа қын-
дайды.  Онысы  елден  таса,  жұрттан 
жасырын  əрекет  те  емес.  Тіпті,  ауыл-
найдың өзі де осыған тілеуқор. Алайда, 
жасынан  ерке,  еркін  өскен  қыз – осы 
Күлəш.  Ақылы  да  барынша  толысқан 
қыз.  Ол  Құрымбайды  балағаттап,  ту-
лап,  айқайға  басып,  у-шу  жасамайды. 
Тек қыз ақылына салып:
– Мен тілемеймін, – дейді.
–  Сіз  менің  сөзіме  түсінбей  жатыр-
сыз.  Мені  елдегі  жабайы  жігіттің  бірі 
деп  ойлайсыз.  Оныңыз  қате, – деп, 
Құрымбай  қыз  жүрегін  жаулай  түсіп: 
«мен  іс  адамымын,  мен  əйел  затын 
теңгеруге қарсы емеспін...» деп соғады. 
Қыз оны осы сөзінен ұстайды.
– Жұмыс адамысыз ғой, ұйқыңыздан 
қалмаңыз, барып жата қойыңыз, – деп 
Күлəш жігітті сөзбен матап тастайды.
Жігіт  жеңілді.  Өз  ісінің  əбес  екенін 
түсінді. Кері қайтты. Ауылнайдың:
– Іс бітті ме? – деген сауалына: 
– Болмады, – деп күрсіне жауап бере-
ді.
Ең  қызығы – ертеңіне  үй  малын 
есепке  алып  жатқанда,  ауылдағы  дəу-
летті  Кəрім,  Дəуіт  дегендерді  тізімге 
жаз бай,  Нұржанның  (Күлəштың  əкесі) 
екі-үш қойына шұқшияды.
Жол  жүрейін  деп  жатқан  кезде 
Күлəш Құрымбаймен бетпе-бет кездесіп 
қалады. Қыз:
–  Түндегіге  ашуландыңыз  білем, – 
дейді.
– Жоқ, ашуланған жоқпын.
–  Ашуланбасаңыз,  айып  алуыңыз-
дың жөні қалай?
– Қайдағы айып?
–  Айып  емей  немене,  байлардың 
жүз деген  қойын  көрмей,  біздің  үйдің 
екі  қойын  жазып  кетіп  отырсыздар, 
Бейімбет Майлин – 120

№12    2014    А И АТ
66
66
төрелігіңді былай қоялық, мұның тіпті 
жігітшілігіңе лайық емес қой, – деп, қыз 
жігітті ұялтады.
Арбаға  отырып,  елден  ұзап  бара 
жатқан  Құрымбай  «ну,  маладец  қыз 
екен,  əттең  оқымай  қор  болған  екен» 
дейді.
Əңгіменің  соңында  ауданнан  салық 
қағазы  келгенде,  дəулетті  Дəуіттің 15 
қойына да салық салынғаны белгілі бо-
лады. Əкесінен осы жайлы естігенде, шəй 
құйып  отырып  Күлəш  та  іштей: «қалай 
да  жігіт  екен,  жарады»  деп  риза  пішін 
байқатады.  Осы  əңгімені  егжей-тегжейлі 
баяндап отырған себебіміз – мұндай ауыл 
қызының санасының өсіп, ер жігіттермен 
терезесі тең болып сөз-уəжден жеңілмей, 
еркін сөйлесуі өте нанымды əрі тартымды 
суреттелгенін ашып айта кету еді. Əдетте, 
біз теңдік туралы сөз қозғағанда қыздың 
еркекті  беттен  алып,  аузына  не  келсе, 
соны  сөйлеуі  деп  ұғамыз.  Ол,  тіпті  де, 
дұрыс емес. Тең болу деген – ерлер мен 
əйелдердің  ақылының  таразы  басына 
түсуі деп ұғу қажет. Егер, əйел ақылды 
болса,  еркекті  парасат-пайымымен-ақ 
өзіне табындырады.
Біздіңше,  Күлəш – сондай  бейне.  Ол 
тіпті  төсек  үстінде  жатып  та  ынтығып, 
үздігіп  ұмтылған  сері  жігітті  сөзімен 
тоқтатты.  Тіпті,  оны  айтасыз,  сол 
Құрымбайға ақыр соңында өз базынасын 
да орындатты.
«Күлшара  жеңгей»  əңгімесінде  бəй-
біше-тоқал  мəселесі  қозғалады.  Бірақ, 
мұндағы оқиға басқа əңгімелерден өзгеше. 
Күл шараның  Бақа  қайнысы  (Жексенбай) 
араға  түсіп,  күйеуі  өлген  жас  жесірді  то-
қал  болуға  көндіреді.  Өзіне  емес,  əрине. 
Ана  Күлшара  жеңгесінің  байына,  яғни, 
ағасына...
Сондағы Күлшараның айтатыны:
– Байым алмаймын десе, «мен зорлап 
алдырдым»...
Əңгімені  оқу  барысында  түсінгеніміз-
əлгі алаяқ Жексенбай тоқал алып беретіні 
үшін  Күлшараның  үйінен  бір  сиыр, 
«əкімдердің аузын алуға» деп тағы 50 сом 
жымқырған.
Ең соңында тоқал мен бəйбіше арасын-
да  айқай-шу  шығып,  көзі  көгерген  тоқал 
ауылнайға шағым түсіріп жатады.
Қазақ даласында ежелден келе жатқан 
бəйбіше-тоқал мəселесі болса да, мұнда «өзі 
келіссе  де»  бəрібір  екі  əйелдің  басы  «бір 
қазанға  сыймайтынын»  ұғындырғандай 
болады. Мұның арғы жағында тағы да ма-
хаббат, сүйіспеншілік деген асыл сезімдер 
қылаң  береді.  Ондай  сезімдер  жұмыр 
басты  пенде  үшін  қашанда  аса  қымбат 
қазына екендігін паш етеді.
***
Өз 
дəуірінің 
тамыршысындай 
болған Бейімбет Майлиннің əйел теңдігі 
тақырыбын қозғайтын ең сүйекті шы-
ғармасы – «Раушан-коммунист»  де-
ген повесі. Біз бүгінгі заманда даурыға 
айтып,  мінбелерден  көтеріліп,  қайта-
қайта тілге тиек етіп жүрген «гендерлік 
саясат» шаруасын Бейімбет жазушы сол 
ХХ  ғасырдың  бас  кезінде-ақ  көтеріп, 
көркем  дүниесі  арқылы  оқырманына 
ой  сала  білгені  байқалады.  Сол  заман-
дарда,  əрине,  Раушандар  аса  көп  болған 
жоқ.  Раушан – азшылық.  Алайда,  заман 
ондай белсенді, өткір, өз пікірін дəлелдеп 
шыға алатын білімді қыздарды да сахнаға 
шығарды.
«Раушан-коммунист»  қазіргі  кез-
де  кейбір  сыншылар  айтып-жазып 
жүргендей,  тек  қызыл  саясатты  жыр-
лаған,  коммунистік  режимді  көрсетуге 
арналған  көркем  туынды  емес.  Оның 
астарына  тереңдей  үңіле  білген  кісі 
жазушының  жасырын  емеурінен  бай-
қай  алады.  Мұнда  қазақ  əйелінің  ер-
кін дікке  ұмтылуы,  өз  абыройы  мен 
беделін қорғау жолындағы талпынысы, 
қысқасы,  қоғамдағы  əйел  адамдардың 
да  өз  орны  бар  екенін  ашық  та  айқын 
суреттеген.  Əрине,  шығарма  сол  ке-
зеңдерде  жазылғандықтан  да  ара-тұ-
ра  саясатқа  жығыла  сөйлеу,  кей  тұс-
тарында əйел қараңғылығы һəм еркек-
тердің  зорлық-зомбылығы  сияқ ты  кө-
рі ністер  де  қылаң  беріп  отырады.  Ал, 
тұтастай  алғанда – «Раушан-ком мунист» 
ай  тары бар сүбелі шығарма. Жа зу шының 
бұл  туындысы  туралы  аз  жазылған  жоқ. 
Əйтсе де, талдап-таратып айтылар тұстары 
да жетерлік.
Ғашық болу ғаламаты
(Қаламгердің хикаяттарындағы 
сүйіспеншілік сипаты)
Бейімбет Майлин – қазақ прозасын-
Жолтай ƏЛМАШҰЛЫ. Бейімбеттің биігі

№12    2014    А И АТ
67
67
дағы өзіндік жазу тəсілі бар, ешкімге де 
ұқсамайтын,  айтары  айшықты,  ойы 
орнықты  қаламгерлердің  бірі.  Кісі 
өмі рінің  сан-салалы  қатпарларын  мо-
лынан  ашуға  өз  туындыларында  ба-
рынша  күш  салды.  Сондай  өрнекті  де 
өзекті  сала-жігіт  пен  қыз  арасындағы 
сүйіспеншілік мəселесі.
Жазушының  бұл  тақырыптағы 
алғаш қы 
шығармаларының 
бірі-
«Шұғаның белгісі».
Бұл өзі өте шағын, бас-аяғы жұп-жұ-
мыр, айтар ойы анық қысқа повесть. Ең 
қызығы – Бейімбет  осы  шығармасын 
Ке ңес  төңкерісіне  дейін-ақ  жазып  қой-
ған. Содан да болар, мұнда қызыл сая сат 
жоқ, партия жоқ, қазақ елінің мамыра-
жай өмірінің жанды суреті дерсің!
Қаламгердің осы туындысы екі кісінің 
арасындағы  əңгіме  түрінде  өрбиді.  Салт 
аттының бірі – жас жігіт те, екіншісі – егде 
кісі,  əңгіме  айтушы  адам.  Əңгіменің  та-
қы рыбы – өзінің бір кездері досы болған 
Əбдрахман деген оқыған жігіт пен сұлу қыз 
Шұ ға  арасындағы  махаббат.  Өзі  ауқатты 
жерден шыққан Шұға сұлу жасы он алтыға 
толғанша ешбір жігітке көз салмай, ешкімді 
менсінбей жүрген бұла мінезді қыз. Міне, 
осы қыздың тыныш өмірі қаладан келген 
білімді жас – Əбдрахманды көріп, нілдей 
бұзылады. Неге? Өйткені, оны шын сүйіп 
қалған болатын-ды. Осы жағдай ел ішінде 
құлақтанып, ақыр аяғында іс насырға ша-
бады.  Əбдрахман  Шұғаны  шын  сүйді. 
Бірақ,  ел  арасындағы  пысықай,  өзі 
өсек-аяңға  өте  құмар  Айнабай  деген 
алаяқ өз қызын сол Əбдрахманға бергісі 
келеді екен. Өзінің қызына көз салмай, 
танысы  Есенбектің  қызы – Шұғаға 
ынтыға қалғаны Айнабайға ұнамаған. 
Ақыры  дегеніне  көндіре  алмасын  сез-
ген соң Айнабай Əбдрахманның үстіне 
ауданға  арыз  жолдайды.  Сылтауы: 
«Тү рік терге  жасырын  ақша  жинап 
жүр...»  Əбдрахманның  күйіп-жанған  жү-
регі  мұндай  бықсық  əрекеттерге  назар 
аударып,  көңіл  тоқтатып  қарауға  мұрша 
берер емес. Ақыр аяғында сол арыз себеп 
болып, Əбдрахманды жоғары жаққа айдап 
əкетеді. Бұны естіген Шұға төсек тартады. 
Барлық  ақ-қарасы  тексереліп  біткенше, 
арада  біраз  уақыт  өтіп,  Əбдрахман  қай-
тадан  оралғанша  Шұға  ішқұсалықтан  ау-
ру ға шалдығады да, ақыры қайтыс болып 
кетеді...
Үзілер  алдында  Шұғаның  жазып  қал-
дыр ған  хатында  мынадай  өлең  жолдары 
бар:
– Жолыңа құрбан қылып ем жан мен тəнді,
Дариға, айтылған серт болмай қалды.
Көре алмай ақтық минут дида рың ды,
Арманда жан тапсырған мен бір зарлы!...
Осылайша,  сұлу  Шұға  құсалықпен 
өмірден өтті де, артында махаббат аңызы 
қалды.  Ал,  жерленген  жерін  мұндағы  ел 
«Шұғаның    белгісі»  деп  атап  кетті.  Осы 
шығармасын  жазған  кезде  жазушы 
Бейімбет  небəрі 21 жаста  екен.  Былай 
қарасаңыз, əлі жап-жас, тіпті ақыл-ойы 
толысып  та  үлгермеген  деуге  болады. 
Алайда, мына повесті оқып отырсаңыз, 
ол  ойыңыздан  айнисыз.  Бейімбеттің 
ерте  есейгеніне  куə  боласыз.  Тіпті, 
шығарма  ішінде  жазушының  өте  бай-
қампаз  екенін,  кейіпкерлер  мінезін 
дөп  басып  жаза  білетінін,  ол  аз  десеңіз 
шын сүйіспеншілік дегеннің қаншалық 
қымбат  əрі  асыл  сезім  екендігін  де 
аңғарта алған. Жалпы, Бейімбет шығар-
маларына тəн ерекше қасиет – ол өмірдің 
өзін  сол  қалпында  көшіріп  отырғандай 
əсерде боласыз. Онда өтірік қосу, қиыннан 
қиыстыру һəм жоқты бар деп айту секілді 
əдет мүлде жоқ. Сосын да, қай тақырыпты 
қозғаса да, ол шынайы, таза əрі шыншыл 
болып шығады.
Біз сөз етіп отырған шағын повестегі 
негізгі мəселе – Шұғаның ішқұсалықтан 
өлуі емес. Екі жастың – Əбдрахман мен  
Шұғаның жаңа өмірге, өзгеше тірлікке 
ұмтылуы  шынайы  көрсетіліп  қана 
қоймайды, мұнда ескі мен жаңа тарты-
сы  айшықталады.  Оны  тағы  да  зама-
на  тұрғысында,  тіршілік  жағдайында 
емес,  адамның  ішкі  жан  дүниесіндегі 
жаңару бейнесінде көрсете алғандығы. 
Ғашықтық тақырыбы, əрине, атам заман-
нан  бері  қарай  қай  ақынды  да,  қай  жазу-
шыны да толғандырған, бұл салаға қалам 
тербегендер кемде-кем болар. Əйткенмен, 
Бейімбеттің  өрнектеуіндегі  махаббат  пен 
ғашықтық ойыңды қозғайды, кеудеңе ыс-
тық сезім ұялатады, жан дүниеңді дел-сал 
етеді. Бұл, əрине, шынайылықтан!
***
Қаламы  жүрдек  суреткер  сомдаған 
Бейімбет Майлин – 120

№12    2014    А И АТ
68
68
Раушан  бейнесі («Раушан-коммунист») 
өзіне дейінгі ешбір көркем шығармадағы 
образдарға  ұқсамайтын,  басқаша  кес-
теленген,  ойлы  да  тартымды  тұлға! 
Жазушының  осы  туындысын  əлдебір 
жазбаларда  біздің  бірқатар  сыншыла-
рымыз  атүсті  атап,  ылғи  да  Кеңестік 
дəуір  ықпалымен  туған  дүние  ретінде 
қарастырумен  келеді.  Расында  солай 
ма? Біздіңше, жоқ.
Көлемі шағын бұл повесті Бейімбеттің 
отызға тақаған шағында қағазға түсірген 
екен.
Негізгі  оқиға – Раушан  мен  Бəкен 
арасында  өтеді.  Екеуі  əу  баста  бір-бірін 
ұнат қан,  жарасты  отбасын  құрған  адам-
дар.  Өмірлері  де  жап-жақсы  басталып-
ты.  Алайда,  жаңа  Кеңестік  уақыт  келе 
ел  ішіндегі  қатын-қалашты  өкімет  ісіне  
тарту  жайы  қолға  алынады.  Əйелдерді 
жинап,  жиын  өткізіледі.  Белсенділерді 
сөзге  тартады.  Қысқасы,  əйел  мен  еркек 
арасында  теңдік  орнауы  тиіс.  Ол  теңдік 
тек  отбасында  ғана  емес,  қоғамдық 
жұмыстарда  да  көрініс  табуы  қажет.  Өзі 
ұнатып қосылған жары болған соң Бəкен 
Раушанның  жиналысқа  қатысқанына 
қарсы емес. Тіпті, өзі алып барып жүреді. 
Сондай бір жиында Раушан аяқ астынан 
көзге  түсіп,  ауылнай  болып  сайланып 
шыға  келеді.  Міне,  бар  тартыс  пен  дау-
дамай сосын басталады.
Қатыны  ауылнай  болған  соң,  мөр  де 
осы  үйде.  Ауылдың  шал-шауқаны  енді 
Бəкенді  оңашалап  сөйлесіп,  өтірік  һəм 
жалған  қағаздарға  мөр  бастырып  алуды 
көздейді. Тіпті, Бəкеннің намысына тие:
– Қатыныңа айтқаныңды өткізе аласың 
ба? – деушілер де табылды. Солардың бірі 
– ауыл ақсақалы Демесін. Ол Бəкенді ай-
налдырады. Үстінен Итемген деген біреу 
арыз жазыпты, қызын малға сатты депті. 
Соны  жоққа  шығару  қажет.  Демесіннің 
бұл  сөзіне  аңқау  Бəкен  иланып, «көмек 
беремін» дейді. Ол ол ма, күйіне сөйлеп:
–  Қатынның  қойнындағы  мөр  сіздің 
керегіңізге  жарайтын  болса,  бастырып 
берейін.  Сізге  қызмет  қылмағанда  кімге 
қылмақшымыз, – дейді.
Міне,  осы  тұстан  бастап,  тайталас 
өрбиді.  Əрине,  өкімет  сеніп  тапсырған 
жұ мысты  Раушан  барынша  таза,  адал 
атқарғысы  келеді.  Ал,  Бəкен  болса, 
еркектік  намысқа  шауып...  Қысқасы, 
екеуінің арасында жоқ жерден ұрыс-керіс 
туындап, ең соңында Бəкен үйден кетеді. 
Басқа  бір  үйге  барып,  бүк  түсіп  жатып 
алады. Раушан қанша жалынса да, үйіне 
оралмайды.
Шығарманың  соңына  таман  оқыған 
қазақ  қызы  Мəриямның  арқасында  Рау-
шан  Орынборға  оқуға  аттанады  да,  ел 
іші  мінезі  жұмсақ  Бəкенді  ауылнай  етіп 
сайлап жібереді. Сөйтіп, сауатсыз еркекті 
алдап-сулап,  əбден  былыққа  батырады. 
Ақыр аяғында Бəкен істі болып, абақтыға 
жөнелтіледі.
Абақтыдан  оралған  Бəкен  енді  Деме-
сіндер бастаған ауылдағы қылмыс кер лер 
ісін əшкерелеу үшін губернияда шы ғатын 
газет  басқармасына  келіп  оты рады.  Бар 
ойы – бүкіл  көзімен  көрген  былықты 
ашып  бермек.  Міне,  осы  жерде  Бəкен 
бая ғы оқыған келіншек Мəрияммен қай-
та  жолығады.  Мəриям  Раушанның  оқу 
оқып, қайтып келе жатқанын айтады. Мұ-
ны  естіген  Бəкен  Раушанмен  кездесуге 
ынтыға түседі.
–  Қарағым,  ақтық  өтінішім  болсын: 
ма ған  соны  бір  көрсетесің  бе? – дейді 
Бəкен.
Көркем туынды Раушан мен Бəкеннің 
кездесіп, бір-біріне соншалық ықыласпен 
қарап  тұрып,  өткен  күндерін  еске  алуы-
мен аяқталады. Раушанның:
– Жүдейін депсің ғой, – деген бір ауыз 
сөзі  Бəкеннің  жан-жүрегін  жылытады. 
Бү кіл қателігі мен кемшілігін көз алдына 
елестетеді.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал