Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



жүктеу 5.44 Kb.

бет12/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.44 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

адамның  келбетін  бейнелейтін  мүсіндер 
орхон  жазуларында  бəдіз  деп  аталған. 
Əрбір  мүсінтас  тұрған  шарбақтардан 
шығысқа қарай созылып тік орнатылған 
тас  бағаналардың  тізбектері  тұрады, 
олар ды  Орхон  жазуларында  бал бал  де-
ген» деп академик Ə.Х. Марғұлан ең ал ғаш-
қылардың  бірі  болып  балбал  мен  бə діздің 
аражігін  айырып  беріп  отыр.  Осы  күнге 
дейін Қазақстан аумағында бəдіз тас тарды 
балбал  деп  қате  атау  үрдісі  қалыптасқан. 
Содан  соң  бүгінге  дейін  көп теген  ғалымдар 
балбал  тастардың  функ циясын  түрліше  жо-
рамалдап, əр тарапқа тартып келеді. Академик 
Əлкей  Марғұлан  осыдан 70 жылдай  бұрын 
бұл  мəселеге  түйінді  шешімін  айтып  кеткен 
екен.  Ол  кісі:  «Батырлар  мен  қолбасы 
көсемдер мүсіндерінің алдында самаладай 
тізіліп,  балбалдар  қатары  суреттеледі. 
Ондай балбалдар саны кейде 200-ге дейін 
жетеді  (Қазақстан  аумағы  бойынша 200-ге 
дейін жеткен балбалдар тізбегі анықталған, 
Моң ғолияда 3 шақырымға  созылатын 
1000-дай  балбалдар  тізбегі  болған – А.Ə.) 
Халық  аузында  сақталған  тарихи  аңыз-
дар  бойынша,  ас  беру  тойына  əрбір 
тайпалардың  елшілері  қатынасып,  өлген 
адамның  басына  ескерткішті  бірлесе 
отырып орнатқан, əр тайпаның өкілі салт 
бойынша  бір-бір  тастан  қоятын  болған. 
Демек, балбал тізбегінде қанша бағана тас 
болса,  ол  оны  орнатуға  қанша  ру,  қанша 
тайпа  қатынасқанын  көрсетеді.  Əрбір 
тайпа өкілдері, əсіресе, атақты, не беделді 
адамдарының басына ескерткіш орнатуда 
көбірек  жиналатын  болған.  Олардың 
көпшілігі  құрмет  көрсету  үшін  келсе, 
кейбіреулері  бағыну  белгісін  білдіруге 
келген.  Тас  бағаналар  тізбегінде  мықты 
ұлыстар  орнатқан  балбалдар  қашан  да 
құрметті  орында  тұрады,  демек,  тарихи 
адамның портрет мүсініне жақын тұрады» 
деп  балбалдар  тізбегінің  қызметін  айтқан. 
Одан бөлек, ол кісі «Орхон жазуларындағы 
деректер  бойынша  Түрік  қағандығының 
шарбақ тарындағы бас балбалдар көбі несе 
қыр ғыз бен тардүш тайпа ларынікі. Бұлар 
ол кезде ең мықты тайпалардан саналған» 
деп  бас  балбалдың  өте  маңызды  адамның 
қоятындығы айтып өткен [1].
Əлкей  Марғұланның  айтуынша,  түрік 
дəуірінен қалған тас мүсіндердің ерек шелігі, 
олар  қашанда  əскери  қарулармен  (қылыш, 
қанжар, жорық белбеу), құты сауытпен бірге 
суреттеліп  отырады.  Қол басы  алыптар  не 
батырлар  құты  сауытын  əдетте  оң  қолымен 
көтеріп,  сол  қолымен  белбеуіне  сүйеніп  не 
қылыштың  сабын  ұстап  тұрады.  Хан,  бек, 
биге  арнаған  мүсіндерді  шеберліктің  бір 
талай  жоғарғы  сатысына  жеткізіп,  олардың 
айбынды, байсалды сазығыр түрін жақсылап 
кел тірген.  Оларға  тəн  ерекшелік  басындағы 
алтын айдары, құлағындағы сырғасы, қолын-
дағы аса таяғы, беліндегі кісесі. Көне дəуірдің 
безеушілері  бұл  айтқан  тəп тіштерді  аса 
қадағалап, көңіл күйінің шалқуымен келістіре 
безеген [1]. 
Ғұрыптық 
кешендердің 
даралық 
сипатының қалыптасуы аруақты құрмет-
теу танымымен тікелей байла нысты. Б. з. д. 
V мыңжылдық тари хы бар, бəлкім, одан əрі 
кететін  тастағы  петроглифтер,  таңбалар, 
идео грам малар,  пиктограммалар  Ұлы 
түрік  дала   сындағы  қасиетті  таулардан 
көп теп  кездеседі.  Мұндай  киелі  орындар 
оңғанға  (аруаққа)  құрбандық  шалып,  ас 
беретін,  Тəңірге  мінəжат  ететін  жер  ретінде 
қарастырылатындығын  жоғарыда  сөз  еттік. 
Мысалы, Алматы облысындағы Таңбалы 
шатқалында  күн  дидарлы  Тəңір  бейнесі, 
құрбандық шалып, Тəңірге табыну рəсімі 
тəрізді  көріністер  айқын  сақталған. 
Тасқа  таңбалар  мен  бейнелерді  түсірудің 
өзі  абыздардың  (бақсылардың)  қасиетті 
борышы  болғандығын  ескерсек,  сонда 
абыз-бақсылардың  рухани  дəрежесінің 
беймəлім  бір  қыры  да  ашыла  түседі.  
Кейіннен  абыздардың  тасқа  таңба  салу 
өнері  кемелденіп,  бəдіздік  (тасмүсін
жəне  қолданбалы  бұйымдардағы  ең 
жоғары  деңгейдегі  шеберлікке  ұлас-
қанын  бағамдаймыз.  Академик  Əлкей 
Марғұлан  қазақ  ғалымдарының  ішінде 
алғашқылардың  бірі  болып  Сарыарқадағы 
петроглифтерді зерттеп, топтастырып жи нақ 
ретінде  шығарған  еді.  Кейінгі  кезде  жар тас 
суреттерімен  жүйелі  шұғылданып  жүрген 
ғалымдарымыздың бірі – Зейнолла Самашев. 
Археолог  Зейнолла  Самашев  «Петроглифы 
Казахстана»  атты  еңбе гінде:  «на  горно-
степных просторах Казахстана выявлены 
местнахождений  петроглифов,  десятки 
из  которых  представляют  собой  поисти-
не  древние  святилища – долговременно 
функционировавшие  сакральные  центры 
сосредоточения  духовной  культуры  чело-
веческих сообществ. В этих своеобразных 
А. ƏУБƏКІР. Ғұрыптық кешендердің тарихи кезеңдердегі этносемантикалық сабақтастығы

№12    2014    А И АТ
56
56
храмах под открытым небом, где благода-
ря  наличию  комплекса  почитаемых  объ-
ектов – скал с пригодными для нанесения 
рисунков,  водных  источников,  жертвен-
ных площадок и т.д., совершались различ-
ные  культово-мистериальные  действия, 
приуроченные,  вероятно,  к  важнейшим 
событиям календарного или иного цикла 
в  жизни  конкретных  социумов  и  связан-
ные  с  их  религиозно-мифологическими 
представлениями» – дейді [4]. Оның  ай-
туынша,  қазақ  жеріндегі  Ешкіөлмес,  Баян 
Жүрек,  Тамғалы,  Құлжабасы,  Сауыс-
қандық,  Арпаөзен,  Қасқабұлақ,  Қы зылшын, 
Тектұрмас  тəрізді  таңбалы  тастар  кешені 
–  бағы  бабаларымыздың  тəу  ететін  дала 
ғибадатханалары.  Қа зақ  жеріндегі  мұндай 
далалық ғиба датханалардың ең ерте уақытқа 
тəні  саусақпен  санарлық.  Атап  айтсақ, 
олар:  Ақтау  қаласы  маңындағы  Қосқұдық I, 
Қосқұдық II кешендері,  Ақтөбе  облысына 
қарасты  Шалқар  ауданындағы  Төлеубұлақ 
таңбалы  үңгірлік  кешені  жəне  Павлодар 
облысының  Екібастұз  ауданындағы  Өлеңті 
шатқалы.  Өлеңті  кешенінің  түбінде XIX-
XX  ғасырға  дейін  адамдар  жерленген  қазақ 
зираттарының болуы – бұл маңның мұндаға 
дейін қасиеттілік нышаны туралы түсініктің 
жойылмағандығын  білдіретін  тəрізді [4]. Ас 
беруге,  ат  шаптырып,  үй  тігуге  қолайлы 
жазық дала, үш əлемді (жоғарғы, ортаңғы, 
төменгі) біріктіруші заңғар тау,  тау жыны-
старынан сүзіліп шығып тазаланған, өзі де 
мəңгілік  тазалықтың  белгісі,  тіршіліктің 
нəрі – өзен,  тарылған  тынысқа  оттегін 
беріп, сая болар қасиетті ағаш – бұлардың 
бəрі  де  мыңжылдықтар  бойы  ғұрыптық 
кешендердің  өзгермей,  баз  қалпынан 
еш  айнымай  келе  жатқан  «сыртқы  құ-
рылымдары».  Тау  шатқалдарындағы 
таңбалы  ғибадатханалардан  да  біз  əл-
гіндей  ерекшелікті  аңғарамыз.  Қазақ 
жеріндегі  таңбалы  тастардың  ең  ерте 
уақыты  жөнінде  белгілі  археолог  Зейнол-
ла  Самашевтың  пікірі  мынаған  саяды: 
«Предположительное  самые  ранние  сим-
волические знаки на наклонных площад-
ках низких гротов-навесов могли появить-
ся в мезолите, может быть, и еще раньше 
– в полелите, но не позже эпохи неолита» 
[4]  дегенге  саяды.  Ғалымның  сөзінен  көріп 
отырғанымыздай, тас дəуіріндегі адамзаттың 
алғашқы  дүние таным  ошақтарының  бірі 
қазақ  жерінен  табылып  жатқандығы  ұлттық 
мақтаныш сезімін тудыруы тиіс-ақ.                        
Геродот «сақтар жерінде адам табына-
тын  тасқа  түсірілген  Тəңірінің  табан  ізі 
бар»  деген.  Расында,  ондай  тасқа  түскен  із 
Ұлытауда,  Сарысу  бойында,  Теректі  əулие 
тасында,  Арғанаты  тасында  кездеседі.  Би-
руни  мен  Казнивидің  хабарлауынша,  ондай 
тасқа  түсірілген  адам  ізі  қыпшақ  пен  Оғыз 
дəуірінде  ерекше  орын  алады.  Таңбалы 
тау  шатқалдарында  түрлі  тайпалардың 
таңбаларының кездесуі – нақ сол жерде түрлі 
тайпалардың  бас  қосқандығын,  олардың 
əртүрлі  діни  əрі  ғұрыптық  рəсімдердің 
бірлесіп  атқарғандығын  топшылауға  жол 
ашады.  Таңбалы  тастардағы  ру-таңба  бел-
гілері үлкен идеологиялық мəнге ие. Таңбалар 
рулардың  ерекшеліктері,  өзара  туыстығы 
жəне  тағы  басқа  мəселелерді  анықтауға 
жəрдемдеседі [5] «...Таңбалы  тас  көшпелі 
дала  руларының  бірлік-пəтуасына  айғақ, 
тұтастығына  белгі,  ант  беріп  ауыз  бірік-
тірген  орны  екенін  аңғартады.  Жай 
аңғартып  қоймайды,  далалық  көшпелі 
рулардың  ерте  заманда-ақ  топтасып  бірі-
ге  бастағаны,  ел  болып  бас  құрағаны 
көрінеді» дейді этнограф Ақселеу Сейдімбек 
«Қазақ əлемі» атты еңбегінде [6]. Ғұрыптық 
рəсімдердің көрінісі антикалық дəуірдегі ал-
тын,  қола  жəне  темірден  жасалған,  ағаштан 
ойылған  тұрмыстық  заттарда,  əшекейлерде, 
марқұмды жерлеу жəне еске алу кешендерінде 
кеңінен  орын  алды.  Ежелгі  түркілердің  ең 
жоғары құдіреті көк аспандағы Тəңір болып 
табылады. Байырғы тайпалардың көсемдері, 
қаған дары  тəңіртекті  делініп,  көктің  ұлы 
саналған.  Археолог  Əбдеш  Төлеубаев  «Тə-
ңірге  табынудың  тамыры  өте  ерте  за-
мандардан  келе  жатыр.  Аспан  құдайын 
білдіретін  Тəңір  сөзінің  «дингир» (тнгр) 
формасында  сонау  шумерлер  заманы-
нан  келе  жатқандығын  ескеретін  болсақ, 
онда  Тəңір  құдайына  сену  кем  дегенде 
5-6  мың  жыл  бұрын  пайда  болған  діни 
жүйе» дейді [7]. Ғалымның бұл пайымдауы-
на жоғарыда атап өткен таңбалы тастардағы 
Тəңір  бейнелері  мен  зооморфты  жануарлар 
бейнесін  қосыңыз.  Табиғат  аясында  өмір 
сүріп,  көк  пен  жердің,  тау  мен  тастың,  су 
мен  нудың  (ағаштың)  қадірін  түсінген  ата-
бабаларымыз  күнді  тіршіліктің  көзі  ғана 
емес, Тəңірдің жер дегі белгісі, көзге көрінетін 
бейнесі деп таныған секілді. Бұл наным бой-
ынша  Көк  Тəңірі  көзге  көрінбейді,  алайда 
өзінің Күн тəрізді құдіреті арқылы адамдарға, 
жан-жануарларға жылу, өмір сыйлайды. Адам 
баласы əуелі табиғат құбылыстарына қайран 
қалады.  Осы  орайда  Шоқан  Уəлиханов 
мысалға  келтірген  «Табыну – таңданудың 
аса  биік  түрі»  деген  Карлейльдің  сөзі 
орынды-ақ [8]. Табиғат  құбылыстары  зерт  -
теліп  қорытынды  жасалады,  сөйтіп,  мың-
жылдықтар  бойы  табиғаттың  тынысынан 
Тарихи таным

№12    2014    А И АТ
57
57
білім  алады.  Сөйтіп,  оны  қажетіне  жарата-
ды.  Еуразия  кеңістігіндегі  ежелгі  көшпелі 
жəне жартылай көшпелі түрік тайпаларында 
Күннің  культі  өте  ертеден  басталады.  Қола 
дəуіріндегі  жерлеу  орындарының  үстіне 
салынған дөңгелек қоршаулар, сақтардың 
«мұртты»  оба ларының  есіктерінің  шы-
ғысқа  қа ра тылып  қойылуы  мен  кейін-
гі  түрік  даласындағы  мүсінтастардың 
күн  шығысқа  қаратылып  тұрғызылуы, 
мұн даға  дейінгі  қазақ  даласындағы  киіз 
үй лердің  есігінің  шығысқа  қаратылып 
тігілуі  арасында  үлкен  сабақтастық  жа-
тыр.  Есік  обасынан  табылған  күн  дидар-
лы  алғашқы  алтын  адамның  да  киімі 
қызыл  жəне  сары  түстен  болса,  алтын-
нан  құйылған  жапсырмаларындағы  зоо-
морфты  образдар – аң-құс  бейнесіндегі 
киелі күштер орын алған. Алтын адамның 
тəжінің, алтын дулығасының артқы жағында 
тау  басындағы  арһар  бейнесі  құйылып,  бас 
киімге жапсырылған. Сақтардан да, Қос өзен 
(Тигр  мен  Ефрат)  аралығындағы  мəдениет 
иелері шумерлерден бұғы, арһар бейнелі өнер 
туындылары  көптеп  ұшырасады.  Шумер-
лерде, тіпті, жартылай адам, жартылай бұғы 
кейіпті  ғажайып  өнер  туындылары  ертедегі 
танымнан  хабар  береді.  Ең  ерте  дəуірдегі 
петроглифтер  санатындағы  Өлеңті  таң-
балы  шатқалында  көркем  бейнеленген  бұғы 
бейнесін ұшыратамыз. Таңбалы тастардағы 
құрбандық  шалу,  аңшылық  жəне  басқа 
ғұрыптық  дəстүрлер  көріністерінде  ең 
көп кездесетін де – бұғы, арһар бейнелері 
екендігі  ойландырады. 629 жылы  Мың 
бұлақта  (Меркіде)  буддалық  монах 
Сюань-цзян  болған.  Ол: «Цянь-цюань 
елді  мекені 200 ли  аумақты  алып  жатыр, 
оңтүстігінде басын қар шалған тау, қалған 
үш жағында теп-тегіс дала жатыр. Мұнда 
жер  дымқыл,  тоғайы  қалың,  көктем  ай-
ларында, гүлдері безендірілген жібек мата 
секілді. Бұлақтардың саны мыңға жетеді. 
Сон дықтан,  ол  жер  осындай  атауға  ие. 
Əрі онда көл бар. Түрік кағаны жыл сай-
ын  осында  келіп  жазғы  ыстықтан  пана-
лайды. Бұл жерде бұғылардың саны көп, 
олардың біразының мойнына қоңыраулар 
тағылып безендірілген. Бұғы лар адамдарға 
көндігіп кеткені соншалықты, олар үркіп 
қашпайды.  Түрік  қағаны  бұғыларды 
жақсы көр гендіктен, оларды өлтіруге тый-
ым  салған.  Бұғыны  өлтіргендер  кешіріл-
мес тен жазаланады. Осыған орай бұғы лар 
табыны сақталып тұрған» деді. Бұғыларға 
зияндық  істеуге  тыйым  салыну дың  себебі, 
көне геноалогиялық түсінікке сəйкес бұғылар 
киелі  саналған.  Көне  наным  бойынша  бұғы 
сəуле шашқан мүйізімен Күнді алып жүреді 
жəне түрік кағандары бұғыдан тарайды деген 
де наным болған көрінеді.
Ежелгі  ғұн  дəуірі,  Көк  түріктердің  зама-
ны, тіпті, кейінгі Моңғол империясына дейінгі 
түрік жұртының қағандары таққа отырып, ел 
басқарған  орталығы  Ор хон  бойындағы  жа-
зиралы  кең  алқап,  бүгінгі  Моңғолия  аумағы 
екендігі баршаға мəлім. Осынау дүниенің төрт 
тарабына  құлаш  созған  империяның  астана-
сында киіз туырлықты жұрттың классикалық 
үлгі дегі  Тəңірге,  киелі  рухтарға,  ата-баба  оң-
ға нына  табыну  кешендері  өмірге  келген  еді. 
Мұндағы  қағандарға,  билеуші  тап  өкіл деріне 
арналған  ғұрыптық  кешендердің  құ рылымы 
(бəдізтас,  қорған,  барық,  ба қа тас,  қойтас, 
бітіктас  жəне  т.б.),  се ман  тикалық  мəн-
мазмұны,  қорғау  жəне  сақ тау,  қайта  қалпына 
келтіру  мəселелері  то лықтай  шешімін  тапты 
деп айту əлі ер те. Дегенмен, бұл тарапта тың 
ізденістер мен ғылыми жаңалықтар, қызықты 
бол жам дар  да  баршылық [9]. Көшпелі  ата-
баба ла рымызға тиесілі ғұрыптық ке шен дердің 
клас сикалық  нұсқасы  Түрік  қаған дығы  дəуі-
ріне тəн екендігін баса айтуымыз керек.   
Ерте  антикалық  дəуірдегі  зооморфты 
дүниетаным  Түрік  қағандығы  кезіндегі  ғұ-
рыптық  кешендерден  де  жеткілікті  дəре-
жеде  көрініс  табады.  Сақтардың  əлемге 
та нылған  «аң  стилінің»  сабақтастығы VI-
VIII  ғасырлардағы  ғұрыптық  кешендер-
ден  де  байқалады.  Қазіргі  Моңғолиядағы 
Түрік  қағандығының  астанасы  болған 
Өту кендегі  қағандарға  арнап  салынған  ғұ-
рыптық  кешендердегі  тасбақа,  арыстан,  қой 
тəрізді  мүсіндермен  қатар,  тауешкі  таңбасы, 
Күлтегін ұстынындағы құс бейнесі жəне тағы 
басқа  зооморфты  кескіндер  ғалымдар  тара-
пынан  зерттелу  үстінде.  Алайда,  ғалымдар 
тарапынан  бұл  зооморфты  бейнелердің  та-
мыры тым тереңде жатқандығына жеткілікті 
дəрежеде көңіл бөлінбей келеді. Білге қаған, 
Күлтегіндердің əулеттік таңбасы – тауешкі 
[5]. Сақтар дəуірінде көп бейнеленетін арһар 
мен бұғы да, кейінгі қағандардың əулеттік, 
бəлкім,  рулық  таңбасы  тауешкі  де  тауды 
мекендейтін аңдар санатынан болып табы-
лады. Шатқал, үңгірлердегі петроглифтер-
ден соң ерте дəуірлерге жататын ғұрыптық 
кешендердің  маңызды  бір  түрі – бұғытас 
кешені. Өте ыждаһаттылықпен əрі аса үлкен 
шеберлікпен  салынған  бағаналардағы  бұғы 
бейнелері – бүгінгі  ою-өрнектердің  де  бас-
тауы тəрізді. «В Центральной Азии «олен-
ные»  камни  появляются  в  самом  начале 
1 тыс. до н.э. и по стилистическим особен-
ностям, сделанным на них изображениям, 
генетически  связаны  с  культурами  эпохи 
А. ƏУБƏКІР. Ғұрыптық кешендердің тарихи кезеңдердегі этносемантикалық сабақтастығы

№12    2014    А И АТ
58
58
бронзы этого региона. Особенно их много 
в  Монголии,  где  их  зафексировано  более 
500  экземпляров.  Здесь  «оленные»  камни 
встречены  как  в  погребальных,  так  и  в 
поминальных  комплексах.  Значительно 
меньше  их  в  Забайкалье,  Тыве,  Алтае  и 
Казахстане и севсем единицы обноружены 
в  Северном  Причерноморье.  Они  антро-
поморфны и, даже если изображение лица 
человека и пояса со всеми атрибутами на 
этих столбообразных камнях порй чрезвы-
чайно  схематичны  или  же  вообще  отсут-
ствуют, но как раз «оленные» камни могут 
помочь  восстановить  духовную  культуру 
прошлого» [10] деп Н. Боковенко бұғытастың 
миссиясын тура айқындап жазып отыр. Қола 
дəуіріне  тəн  бұғытастар  Қазақстан  жерінде 
сирек  кездесетіндігі  турасында  айтқан  Н. 
Боденконың  пі кірін  жоғарыда  келтірдік. 
Адам заттық  өнердің  жəне  дүниетанымның 
бастапқы  қалыптасу  кезеңінде  қола  дəуірі 
үлкен рөл атқарады. Қола дəуіріндегі Қазақстан 
аумағында  ең  белгілі  табыну  кешенінің  бірі 
«Беғазы-Дəндібай  мəдениеті»  деген  ат-
пен  бел гілі.  Əлкей  Хақанұлы  Марғұлан  бұл 
ескерткіштер  кешенін  зерттеуге  ыждаһатты 
көңіл  бөлген  болатын [3]. Академиктың 
сұрыптаған  материалдары  негізінде  Беғазы-
Дəндібай  мəдениеті  мен  Моңғолия  жерінде 
жиі  кездесетін  бұғытас  кешендерінің  өзара 
ұқсастықты аңғаруға болады. Мысалы, бұғы-
тастар  да,  Орталық  Қазақстандағы  жалпақ 
бағана  тастарда  да  (тастың  ең  жоғарғы 
бөлігінде) күн, ай белгілері ұшырасады. Бұл 
Еуразия  кеңістігіндегі  көшпелі  тайпалардың 
ортақ  дүниетаным  негізінде  дамығандығын 
айғақтай түсетін жайт.       
М.П. Грязнованың айтуынша, дала лық 
эпостар,  аңыз-əңгімелер,  батыр лардың 
ерлігін  жырға  қосу  көшпелі  қоғамда  екі 
түрлі  өнердің  үлгісін  өмірге  əкелді.  Олар: 
зооморфты  жəне  антропоморфты.  Расын-
да, бұғы тастардан уақыт өте келе зоомор-
фты сипаттан ақырындап антропоморфты 
үлгіге  ауы су  процесі  аңғарылады.  Бұғы 
тас тар кейінгі дəуірлерде марқұмның бет-
пішіні,  дене  сұлбасы  кескінделетін  бəдіз 
тасқа ауысқанын көреміз [10].           
Бұғының  тауды  мекендейтін  аң  екен-
дігі белгілі. Ежелгі түрік тайпалары тау мен 
алып  ағашты  ежелден  қасиетті  деп  білген. 
Обалардың, баскиімдердің, ошақтардың (күн-
нен негіз алған от культі бөлек тақы рыптың 
жүгі),  баспаналардың  (жылжымалы  күйме, 
киіз үй) жəне тағы басқалардың тау сипатты 
(күн  бейнесімен  де  ұқсастық  аңғарылады) 
болып  келуінің  мəнісі  тауды  қасиетті  деп 
санағандығында  болса  керек.  Тау  іспетті 
шоқтеректің (байтерек) киеліге телінуі бекер-
ден бекер емес. Жер асты, жер үсті, көк аспан-
ды  байланыстырушы  тау  жəне  шоқтерек 
(алып  ағаш)  көк  түріктер  дүниетанымы 
бойынша  құрметті  орынға  ие  екендігі  тура-
лы  қытай  жылнамашылары  да  мол  дерек-
тер  жазып  қалдырған.  «Моңғолдың  құпия 
шежіресінде» Шыңғыс хан бастаған топтың 
кезекті  бір  жеңістен  кейін  əулие  ағаштың 
түбінде  аяқтары  талғанша,  аяқкиімдері  жер-
ге  желінгенше  билегендері  жазылады [11]. 
Бұдан  бөлек,  шумерлердің  де,  сақтардың 
да  ескерткіштерінде  киелі  ағаш  кескіндері 
өте  жиі  көрініс  та бады.  Этнограф  Қалиолла 
Ахметжан  қару-жа рақтардың  құрылысын, 
ою-өрнек терін  жа сауда  «өмір  ағашы»  таны-
мы  қолда ны  латыны  туралы  жазады.  «Бұл 
көне тү сінік бойынша əлем үш бөлікті тік, 
төрт  бөлікті  көлденең  құрылымдардан 
тұрады. Тік бағытта (вертикаль) əлем үш 
қабаттан: жоғары (аспан, құдіретті күштер 
дүниесі), ортаңғы (жер беті, адамдар, жану-
арлар)  жəне  төмеңгі  (жер  асты,  жер  асты 
тіршілік  иелері)  дүниелерден  құралады. 
Көлденең  бойынша  əлем  төрт  бөлікке: 
дүниенің төрт тарабына бөлінеді. Бұл əлем 
бейнесінің тернарлық құрылымы көшпелі 
халықтарда  өте  ерте  дəуірлерде  пайда 
болған, үш бөлікті космостық моделді скиф-
сақтардың мифологиясында кездестіреміз. 
Мифо ло гиялық  космостың  кеңістіктік-
уақыт тық  моделі  оның  бел  ортасы  сана-
латын,  үш  дүниені  бойлай  өтетін  əлемнің 
осі (кіндігі) арқылы бекітіледі. Көне миф-
терде  осы  кіндік  сызықты  белгілейтін 
бірнеше  рəміздер  қалыптасты»  [12]  дейді 
Қ.  Ахметжан.  Осы  символдардың  негіз гісі 
–  «əлем  ағашы», «өмір  ағашы»  бейнесі. 
Бұл  ағаш  əлемнің  үш  дүниесін,  төрт  тара-
бын  жалғастырып  тұрады  деп  түсіндірілді. 
Əрмен  қарай  Қ.  Ахметжан  былайша  сөз 
қозғайды:  «Əлемдік  ағаш  «бəйтерек» 
дүниенің  сакальды  центрінде  (кіндігінде) 
орналасқан  да,  үш  дүниені  жалғастыра 
тік  жоғары  бағытталған.  Сондықтан, 
дəстүрлі  дүниетанымда  тік  бағытталған 
заттардың  бəрі  сакральды  болып,  əлем 
ағашына  изоморфты  (ұқсас  бейне)  бола-
ды да, тік тұрған заттың бəрі (өсіп тұрған 
ағаш, діңгек, адалбақан, бақан, адам денесі 
жəне тағы басқалар) əлем ағашының ал-
ломорфты рəміз саналды. Ағаш сапқа ор-
натылып тік бағытталған қару да дəстүрлі 
мəдениетте  əлемдік  ағаштың  символы-
на  айналып,  ол  да  əлемдік  ағаш  сияқты 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал