Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



жүктеу 5.44 Kb.

бет11/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.44 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

Чиң  патшалығының  «Бүкіл  Қытайды 
бірлікке  келтіруі»  деген  тіркеске  аздап 
түсініктеме бере кетудің қажеттілігі туа-
ды.  Өйткені,  Қытай  тарихшылары  əр 
кезде  жазған  тарихи,  əдеби  оқулықтар 
мен  ресми  тарихтарында  жəне  əр 
түрлі  сөздіктерінде  ғылымға  да,  та-
рихи  шындыққа  да  үйлесе  бермейтін 
ұлы  держауалық  пиғылда  жазылған 
анықтамалар  мен  түсініктемелер  жиі 
беріледі.  Басқасын  былай  қойғанда 
соңғы 15-20 жылда жазылған тарих оқу-
лықтары мен сөздіктерінде [2] мынадай 
мазмұндар  қайталана  беріліп  жатады. 
1994  жылы  құрастырылған  «Тарихи 
білім  сөздігінде: «Чиң  патшалығының 
алғашқы кездегі шекарасы батыста Па-
мир  тауынан  өтіп,  терістікте  Балқаш 
көлінің  солтүстік  жағасына  жетіп, 
солтүстікте Сибирямен тұтасты, шығыс 
терістікте  Хилұңжияң  (Уссурий  өзені) 
өзенінің солтүстігіндегі сыртқы Хинган 
тауы мен Куне (Сахалин) аралына дейін 
барып жетті...» [3] деп ашық жазады.
Баршаға мəлім болғанындай, бұл дəуірде 
Манжурлар  құрған  «Чиң  патшалығынан» 
мүлде  тəуелсіз  əлде  неше  мемлекеттер  өз 
алдында  дербес,  терезесі  тең  мемлекеттер 
ретінде өмір сүріп жатпап па еді? Басқаны 
айтпағанда, 1679 жылға  дейін  ұйғырлар 
Жаркент  қаласын  астана  еткен  құдіретті 
«Жаркент-Саиидия  хандығын»  құрып 
шығыста  Құмұлға  дейінгі  аумақта  бір 
тұтас  мемлекет  болып  тұрмап  па  еді.  Ал, 
Чиң  патшалығының  алғашқы  кезінде-ақ 
Қытайдың батыс солтүстігін тұтастай билей 
бастаған уалалар (кейінгі ойраттар) құрған 
жоңғар хандығы қалайша Чиң патшалығына 
бағынышты  делінбек?  Қытай  тарихшы-
дары  мен  филологтарының  мəселені 
бұлай  қоюында  алысты  көздеген  ұлы 
держауалық  мақсат  бар  болатын. 
Атап  айтқанда,  мəселе  біз  қарастырып 
отырған  Шығыс  Түркістан  жерін  ба-
сып  алған 1758-1759 жылғы  отарлық 
жаулаушылықты  ақтап  алудың  тарихи 
негізін қолдан жасауға ұрыну əрекетінде 
жатыр.  Чиң  патшалығының  бұл  реткі 
жаулаушылық  жорығы  қытайдың  рес-
ми  тарихында  «Чиң  патшалығының 
Шиңжияңды бірлікке келтіруі» немесе «...
Чиң  династиясының (1616-1911) Тəңір-
тауының  оңтүстігі  мен  солтүстігін  қай-
тадан бірлікке келтіруі (1759 жылы), деп 
жазылуын  қалай  түсінуге  болар  екен? 
Бұған  қандай  тарихи  дəлел,  нақтылы 
құжат  пен  жауап  беруге  болады? 1759 
жылға дейінгі мыңжылдықта қытайлар 
немесе  Чиң  патшалығы  қашан,  қай 
жерді  иелеп,  билігін  жүргізген  екен? 
Тəуелсіз  көршілес  елдер  арасындағы 
барыс-келіс,  алыс-беріс,  сый-сияпат, 
тарту-таралғы  ұсыну  дегендер  ежел-
ден 
қалыптасқан 
дипломатиялық 
үрдіс  қой.  Кейде,  тіпті,  қалыптасқан 
гео саяси  жағдайға  қарай  бір  елдің 
басшыларының екінші бір елден əскери 
көмек  сұрауы  да  əбден  қалыптасқан 
еларалық  қалыпты  жағдай.  Біз  бүгінгі 
қалыптасқан 
мемлекеттік 
шека-
ралардың  дауын  қоздырайық  деп 
отыр ған  жоқпыз.  Əйтсе  де,  ол  шека-
ралардың  қандай  əділетсіз,  қанды  со-
Əлімғазы ДƏУЛЕТХАН. Бүкіл  Қытайды үш ғасыр билеген мажурлар...

№12    2014    А И АТ
51
51
ғыс тармен  қалыптасқанын  жақсы  біле 
тұра  күштілердің  сызған  сызығымен 
ғана  жүріп,  солар  астамшылықпен 
жаздырған  тарихты  малданып  отыра 
алмаймыз.
Чиң  империясының  Орда  тарихшы-
ларының бірі Вей Юан «Қасиетті соғыстар» 
деген кітабында бұл басқыншылық соғыс-
тарды:  «...Империяның  беделін  көр-
сеткен, варварларға сабақ болған əрекет 
болды. ...Жоңғария  мен  Қашқарияны 
күшпен  империяның  құрамына  қосып 
алу  заңды  əрекет,  өйткені  Қытайдың 
бұл  территорияларға  ие  болуға  ерекше 
тарихи құқы бар» [4] – деп мадақтайды. 
Мінеки,  империяның  астам  тарихшысы 
осылай  асқақтап  сөйлейді.  Ал,  осы  им-
пе риялардың  (қытайлық,  шетелдік)  жер-
жебіріне  жете  жамандап,  лағнат  айта тын 
коммунистік  Қытай  тарихшылары  неге 
əділетті сөз айта алмайды? Олардың «əді-
летті» сөздері мынадай болып шығады: «… 
Мемлекетіміз  шекарасының  маңайын 
тыныштандыру, мемлекеттің тұтастығы 
мен  тыныштығын  бұзуға  тырысқан 
бұза қыларды  тəртіпке  шақыру  мақса-
тынан туындаған əскери əрекет» [5]. Бұ-
ған не деуге болады?
Қытай  жылнамалары  мен  қоғамдық 
ғылымдарында  сонау  ерте  заманнан  бері 
еш өзгеріссіз қолданылып келе жатқан, та-
рихи шындыққа мүлде үйлеспейтін, Қытай 
империясының 
көршілеріне 
жасаған 
шап қыншылық  жорықтарын  ақтап,  заң-
дастыру  үшін  ойлап  табылған  «жазалау 
жорығы»  жəне  «бүлікшілерді  тыныштан-
дыру əрекеті» деген сөз тіркестері бар. Бұл 
тіркестер 2000 жылдың алдындағы Орда 
хаттамаларында  қалай  қолданылса, 
билік басына келгеніне жарты ғасырдан 
асқан коммунистік Қытай елінің тарих-
шылары  да  дəл  солай  қолданып  келе 
жатқанына  таңдануға  болар  еді.  Бірақ, 
ұлт  мəселесінде,  ұлттардың  азаттық 
жолындағы  қанды  күрес  тарихын 
жазуға  келгенде    құлдық,  феодалдық, 
капиталистік,  социалистік  қытайдың 
саяси  көзқарасында  еш  айырма  болма-
ған дығына  көзіміз  жеткендіктен,  ендігі 
жерде  оған  таңдана  алмаймыз.  Комму-
нистік қытай  тарихшылары Чиң импе-
риясының  қанды  қол  диктатор  патша-
сы Гау Зұңның (Орда жыл есебі бойынша 
Чиан Лұң деп аталған, 1736-1795жария, 
құпия  жарлықтарынан  бізден  көрі  мол 
хабардар.  Залым  патшаның  жарлығымен 
миллионнан  астам  жоңғар  қалмақтары 
қылыштан өткізіліп, бүкіл Жоңғар даласы  
бір-ақ жылдың ішінде қаңырап бос қалды. 
Ендігі  жерде  қазақ  халқы  «Шығыстың 
сары  айдаһары»  атанған  тойымсыз 
Манчиң  патшалығы  мен  тікелей  шекара-
ласып  қалды.  Қазақ  хандығына  да  қауіп-
қатер  төне  бастады  деген  сөз.  Бос  қалған 
Жоңғар даласы үшін Чиң патшалығы мен 
қазақ  хандығы  арасында  іштей  теке-тірес 
басталды.  Əзіргі  қытайдағы  қазақтардың  
арғы  ата-бабсы  ХVІІІ  ғасырдың  соңына 
ала өзінің ежелгі ата-мекені болған Алтай-
Тарбағатай,  Іле  өңіріне    біртіндеп  жыл-
жи  қоныстануын  бастаған  болатын.  Гау 
Зұң  патшаға  керегі  «адамсыз  Жоңғария, 
адамсыз  Қашқария»  еді.  Ол  сондықтан 
ішкі Қытай мен қиыр шығыстағы Манжур-
Моңғол ру-тайпаларын Жоңғарияға жаппай 
қоныс  аудартуға  белсене  кірісіп  кетті.  Іле, 
Тарбағатай, Алтай тарихында əр дəуірде əр 
түрлі рөл ойнаған көші-қон жөнінде аздап 
тоқтала кетудің реті бар сияқты.
Чиң  патшалығы  бүкіл  Шығыс  Түр-
кістанды басып алғаннан кейін 1762 жылы 
өзінің  ең  жоғарғы  əскери-əкімшілік  билік 
органы болған «Іле Жияңжүн мекемесін» 
құрады,  ол  патшалық  Ресейдің  генерал 
губернаторлығы сияқты мекеме еді. Ұлан-
байтақ территорияны тек тұрақты əскермен 
ұстап тұру қиындығын сезген Гаузұң пат-
ша  бала-шағасымен  тұрақтап  тұратын 
əскериленген елді-мекендер құруға жарлық 
береді. Сөйтіп, 1763 жылы алғашқы Дағұр-
Солұн  (Евенкілер)  қосыны  Манжурия-
дан  жолға  шығып, 1764 жылы  көктемде 
шамамен 1214 адам  Ілеге  жеткен [6]. Ал, 
екінші  реткі  қоныс  аударушылар 1765 
жылы  жазда  Ілеге  келіп  жетеді.  Бұлар  Іле 
Жияңжүн мекемесіне төте қарасты атты ба-
тальон болып жасақталып «Батхын Солун-
дағұр  Йықы» (батальон)  деп  аталады [7]. 
Содан  бастап  Солұн-дағұрлардың  Іле-
Тарбағатайдағы  əскери-жандармдық  өмір 
тарихы басталады. Бұл өңірде əр кезеңде 
басталған  жергілікті  халықтың  ұлт-
Тарихи таным

№12    2014    А И АТ
52
52
азаттық  көтерілістері  тұсында  Солұн-
дағұрлар  отаршыл  патшалықтың  ең 
сенімді қарулы күші ретінде  пайдаланып 
отырылды. Патшалық Ресей қазақтарды 
қалай  пайдаланған  болса,  Чиң  патша-
лығы  оларды  дəл  солай  пайдаланып 
жергілікті  халықты  аяусыз  қанады 
əрі  қарулы  бақылау  орнатып  отырды. 
Бірақ,  осы  бір  шағын  ғана  бақытсыз 
халық Манжур-Қытай отаршылдарына 
қол  шоқпар  бола  жүріп,  ең  ақырында 
ұлт ретінде жойылып қытайланып кетті. 
1911  жылғы  əйгілі  «Щиңхай  төңкерісі» 
арқылы  монархиялық  Манчиң  хан-
дығы  аударылып  тасталғаннан  кейін 
билік  толығымен  қытайлар  қолына 
өтіп  Манжұрлар  биліктен  бір  жола 
шеттетілді.  Олар  ендігі  жерде  жалда-
малы  аудармашы,  сақшы,  тыңшылық 
жұмысқа жегілетін болды.
Əсілі  тұңғұс  текті  Манзу  (Манжулер) 
1644  жылы  құрған  Чиң  патшалығының 
барлық  жоғары  лауазымды  əскери,  əкім-
шілік  қызметкерлері  негізінен  Манзулар 
болғанымен  кеңсе  қызметкерлері,  ғылым-
білім  саласы,  қатардағы  əскерлер  мен 
кішігірім  офицерлер  қытайлықтар  бол-
ды.  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан 
былай  қарай  бұл  үрдіс  айқындала  түсті. 
Біз,  сондықтан,  Чиң  патшалығы  Манжу-
Қы тай    папатшалығы  деп,  ал,  Шығыс 
Түркістандағы 
билікті 
Манжу-Қытай 
отаршылдығы  деп  атау  тарихи  шындыққа  
сай  келеді  деп  қараймыз.  Манжур-Қытай 
билігі  дəуірі  дегеніміз  Шығыс  Түркістан 
жерін 1759 жылғы  бірінші  реткі  жаулап 
алудан басталып, 1912жылы монархиялық 
Манчиң  хандығы  аударылып  тасталғанға 
дейінгі 153 жылды  қамтиды.  Бұл  дəуір 
қытайдағы  қоғамдық  ғылымдарда  «Чиң 
династиясы  дəуірі»  деп  аталады.  Шығыс 
Түркістандағы  «Чиң  династиясы  дəуірі» 
кей  жағдайда 1759 жылдан 1864 жылға 
дейінгі  ғасырға  жуық  уақытты  қамтитын 
отарлаудың алғашқы кезеңі ретінде қарас-
тырылса, 1864 жылдан 1912 жылға дейінгі 
48  жылды  отарлықтың  екінші – соңғы 
кезеңі  ретінде  қарастырылады.  Жалпыла-
ма бұлай қарастыруда тұрған еш нəрсе жоқ 
сияқты  көрінгенімен 1864-1880 жылдар 
аралығында  Шығыс  Түркістанда  болып 
өткен  аса  маңызды  тарихи  өзгерістердің 
мəні  əдейі  елеусіздендіріліп  тасталғандай 
болатыны  да  ақиқат.  Сондықтан,  алдағы 
бөлімдерімізде    ол  туралы    арнайы  тоқта-
латын  боламыз.  Біз,  əзірше, 153 жылдық 
«Чиң  династиясы  дəуірі»  дегенді  үш  ке-
зеңге  бөліп  қарастырмақшымыз.  Нақты-
лап  айтқанда  ол:  бірінші  кезең – 1759-
1864  жыл  аралығындағы  Манжур-Қытай 
отаршылдығының  ең  ауыр,  ең  қара  түнек 
кезеңі, яғни отарлық жүйенің қалыптасып, 
орнығуы мен жергілікті халықтың үлкенді-
кішілі  қарсылығын  аяусыз  басып-жаншу 
арқылы  біршама  тыншу  кезеңі  болды. 
Екініші  кезең – 1864-1880 жылдар  ара-
лығындағы бүкіл халықтық, бүкіл Шығыс 
Түркістандық  ұлт-азаттығы  көте рілісі  ба-
рынша  күшейіп  Шығыс  Түркістан  аума-
ғында  отаршыл  Манжу-Қытай  үстем дігін 
аударып  тастап  үлкенді-кішілі  дербес 
хандықтар  билік  құрған  кезең.  Үшін ші 
кезең – 1878-1880 – жылдары  генерал  Зо 
Зұңтаң басқарған Манжур-Қытайдың шап-
қыншы  армиясының  қанды  қырғынынан 
кейін бүкіл Шығыс Түркістанды екінші рет 
қайта жаулап алуынан бастап 1912 жылғы 
«Шиңхай көтерілісі» арқылы монархияның 
аударылып  тасталуымен  аяқталды.  Бірақ, 
Шығыс  Түркістан  халқы  қытайлық  отар-
шылдықтың  милитаристік  дара  билігі  ке-
зеңін  бастан  өткеруге  мəжбүр  болды.  Біз 
бұл бөлімде осы үш кезеңде дүниеге келген 
ұйғыр əдебиетіне жалпылама мынадай си-
паттама беруді жөн көреміз.
Бірінші  кезеңге  тəн  басты  ерек-
шелік – негізінен қоғам өмірінде, саяси, 
экономикалық  жақта  кейбір  өзгеріс-
тердің  барлыққа    келуінен  байқалады. 
Ендігі  оқу-ағарту  саласында  Ман-
жуша,  Қытайша  оқу  талап  етілді. 
Қытайлармен көбірек араласқан Құмұл, 
Тұрпан, Қашқарларда сол тілдерде білім 
алған  алғашқы  оқымысты  зиялылар 
тобы пайда болды. Ал, Алтышаһардағы 
білім  іздеген  жастардың  біразы  Бұхара, 
Үнді,  Кабул,  Ирак  қатарлы  елдерге  ба-
рып  оқып,  Исламдық  білім  негіздерін 
жетік меңгеріп халқына өнер-білім дəнін 
шаша  бастады.  Соның  нəтижелерінде 
Тұрпан, Күшəр, Қашқар, Жаркент, Хотан 
қатарлы қалаларда оқу-ағарту, дəрігерлік 
Əлімғазы ДƏУЛЕТХАН. Бүкіл  Қытайды үш ғасыр билеген мажурлар...

№12    2014    А И АТ
53
53
ілім,  қол  өнері,  көркем  өнердің  дамуы 
байқалды.  Алайда,  отаршылдық  бұғау 
тұмшалаған қоғамда өзгеріс, жаңару де-
гендер тек  шартты түрде ғана айтылма-
са, түбірлі жаңғыру мүмкін емесі белгілі. 
Шығыс  Түркістанды  басып  алған  Чиң 
патшалығы əлемдік даму үрдісінен барын-
ша  артта  қалған,  тежеусіз  əскери  билікке 
сүйенген мешеу феодал озбыр өкімет бол-
ды.  Шығыс  түркістандықтармен    бұл 
отаршыл  билік  арасындағы  негізгі 
қайшылық кейбір тарихшылар дəріптеп 
жүргендей  таптық  қайшылық  емес, 
ұлттық  қайшылық,  езілген  ұлттармен 
отарлаушы  өктем  ұлттың  арасындағы 
бітіспес  қайшылық  болатын.  Шығыс 
Түркістанның  езіліп-қаналған  халқы 
қат-қабат  зорлыққа  тап  болды.  Олар 
Манжу-Қытайлардың,  сосын  олардың 
жергілікті  итаршылары  болған  феодал 
бектермен,  байып  құдайын  ұмытқан  
діни  жоғары  жіктегілердің  аяусыз 
қанауына тап болды.
«Шиңжияңның жергілікті тарихы» атты 
оқулықта  жазылғандай 1850 жылдардан 
бы лай қарай  отаршыл өкіметтің халықтан  
жинап алатын  алым-салығы 65 түрге жет-
кен. Адам өмір сүріп, тіршілік етуге қанша 
нəрсеге  мұқтаж  болса  соның  бəрінен 
салық  алатын  жағдайға  жеткен.  Мəселен, 
мақта бажы, сауда бажы, шəй бажы, кезде-
ме бажы, жан басы бажы, жер бажы, шөп 
бажы  (жайылым),  тұз  бажы,  азаматтық 
бажы, əскерлік бажы, су бажы, астық бажы, 
қан бажы, бастықтар бажысы, шерік бажы, 
т.б. Бұған жергілікті атарман-шабармандар 
өз бетімен жинайтын бажыларды қосқанда 
халықтың  күн  көріс  көзі  мүлдем  бітеліп 
өлуден басқа жол қалмайды.
Құлдырауға  бет  алған  Чиң  империясы 
Шыңжаңда  тұратын  əскерилер  мен  ман-
саптыларды  қаржыландыруға  шарасыз 
қалғандықтан 1862 жылдан  былай  қарай 
«жылу жинау» дегенді ойлап тауып, ұйғыр, 
дұңған  ауқаттылары  өкіметке  ақшалай 
жылу  тапсырса  мансабын  жоғарлатуға, 
жаңа  мансап  беруге  ресми  рұқсат  беретін 
болды.  Сөйтіп,  мансапты  сатып  алу 
заңдастырыла бастады. Ол туралы мынадай 
дерек  келтіруге  болады:  «Шиңжияңдағы 
мансап  сатып  алу  істерін  ақыры  Чиң 
патшалығы үкіметі іштей құптады. Əрі 
«ұйғырлардан  жылу  бергендерді  сый-
лау  ережесін»  жариялап,  əр  дəрежелі 
мансаптың  сатылу  бағасын  анық 
белгіледі» [8]. «Күн бір жауса, терек екі жа-
уады» демекші мансап сатып алған  обыр 
итаршылар өз халқына қасқырша шауып, 
қан қақсатты. Біз қарастырғалы отырған 
Чиң патшалығы отаршылдығының ал-
ғашқы  кезеңінде  осындай  зорлық-зом-
былықтарға шыдай алмаған ұйғыр хал-
қы 1764 жылғы  Үштұрпандықтардың 
кө терілісінен бастап 1864 жылғы Іле ша-
руалар көтерілісіне дейінгі бір ғасырда 
көптеген  үлкенді-кішілі  көтерілістерге 
шығуға мəжбүр болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:
1.  Тарихи  білім  сөздігі,  Шиңжиянның 
халық баспасы, Үрімжі, 1994, 851-852 б.б. 
(884б.) 
«Чиң  Қытай  сөзі,  қытайдың  «Шинхуа 
Зыдиян»  атты  сөздігінде    бұл  таңбаға 7 
түрлі  түсінік  берілген.  Негізгі  мағынасы 
–  тұнық,  мөлдір,  таза-пəк,  адал,кіршіксіз 
т.б.  Нұрқаш  құрған  «Соңғы  Жин» 
патшалығына  оның  мұрагері  Хуаңтайжы 
əдейілеп  Қытайдың  осы  сөзін  таңдап  өз 
патшалығына ат етіп алған.
2.  Шиңжиянның  жергілікті  тари-
хы,  Шиңжиян  жоғары  мектептері  бір 
тұтас  қолданатын  оқулық,  Үрімжі, 1999, 
Шиңжиянның  қысқаша  тарихы,  Үрімжі, 
1983,  тарихи  білім  сөздігі,  Үрімжі, 1994, 
т.б.
3.  Тарихи  білім  сөздігі,  Үрімжі, 1994, 
852-853 б.б. (884 б.)
4.  Вей  Юан,  Шең  Ужи  (Қасиетті 
соғыстар), Тайбей, 1962, 125 б.
5.  Шиңжиянның  қысқаша  тарихы, 
Үрімжі, 1983, 437 б. (618 б.)
6. Гобул Бардын, Шиңжияңдағы Дағұр 
ұлты, ұлттар баспасы, 1998, 39 б.
7.  Сібе  ұлтының  батысқа  көшуінің 
жалпы баяны, ұлттарды зерттеу журналы, 
1981, №2.
8.  Шиңжияңның  жергілікті  тарихы, 
оқулық,  Шиңжиянның  Дашуе  баспасы, 
1999, Үрімжі, 426 б. (618 б.).
Тарихи таным

№12    2014    А И АТ
54
54
Қазақстанның  кез  келген  аймағынан 
үлкенді-кішілі  ғұрыптық  кешендер  жəне 
олардың  басты  атрибуттары  тас  мүсіндер 
(көне  түрікшесі  бəдіздер)  жиі  кездеседі.  
Де генмен,  культтік  кешендер  Орталық 
Қа  зақстанда  молынан  ұшырасады.  Ака-
демик  Əлкей  Марғұланның  айтуынша, 
тас  мүсіндер  Торғай  өзені  мен  Ұлытау 
төңірегінен  бастап,  бүкіл  Сарыарқаның 
жонымен  күншығысқа  қарай  созылып, 
Алтай,  Тарбағатай  тауларына  барып 
тіреледі.  Оңтүстікте  тас  мүсіннің  көбірек 
кездесетін жері Қаратаудың екі жақ бөктері, 
Бурылтау, Талас тауларының жазық іргесі, 
Алатаудың жазық алаң дары. Тас мүсіндер 
таулы  өлкелердің  жазық  алаңдарында, 
өзен-судың  (Талас,  Шу  өзендері)  бойында 
кездесетіндігі  анық талған.  Тау  мен  су 
көшпелі  қауым  үшін  қасиетті  ұғымды 
білдірді,  сонымен  қатар,  тау  баурайында 
мүсін  жасауға  тау-тас  керек  болады. 
Расында  да,  зерт теу  жұмысымыздың 
барысында, ғұрыптық кешендер негізінен 
тау не месе шатқал баурайында,  өзен немесе 
терең  арық  бойында,  ат  шаптырып,  ас 
беруге қолайлы жазық алаңқайда орнала-
сатындығын аңғардық. 
«Орталық  Қазақстандағы  тас  мү сін -
дердің  топографиялық  орнала суында 
бірталай  өзгешелік  бар.  Олар  кө бі несе 
қола  дəуірінің  ескерткіштері  сақталған 
жерлермен  қанаттас  сақталып  отырады. 
Қай  жерде  қола  дəуірінің  тас  шарбағы 
кездессе, соның қасынан Түрік қағандығы 
кезінде  орнатылған  тас  шарбақтар  мен  
тас  мүсіндер  қатар  тұ рады.  Атасу,  Қар-
қаралы,  Беғазы,  Баян ауыл  тау ларында 
сақталған 
тас 
мүсіндердің 
көпші-
лігі  осы  түрде  кездеседі.  Бұл,  əрине, 
Түрік  қағандығы  кезінде    жасалған  тас 
шарбақ  пен  тас  мүсіндердің  қалыптасып 
өркендеуіне қола дəуірінің тастан жасалған 
ескерткіштері  зор  əсер  еткенін  көрсетеді» 
дейді Ə.Х.Марғұлан [1]. Расында, қола дəуірі 
ғана  емес,  кейінгі  сақтардың,  сарматтардың, 
ғұндардың обалары мен қорғандарында көне 
түрік  дəуі рінің  ескерткіштері  көптеп  кезде-
сетіндігі қайран қалдырады. Бұдан шыға тын 
қорытынды,  түрік  дəуірінің  көшпелі  қауым 
өкілдері өздерінің байырғы ата-бабаларының 
жатқан жерін білуі, ата-бабалары жатқан жерге 
өздерінің  де  жерленуін  қалауы  бек  мүмкін. 
Жоғарыда атап өтілгендей, табиғаттың тамаша 
жер лері  қасиетті  ретінде  балануынан  бөлек, 
аруақтар  мекені  болғандықтан  да  ғұрыптық 
кешен орналасқан жердің киелі орын ретінде 
ұлықталуы заңды құбылыс.
«Орталық  Қазақстандағы  тас  мүсін-
дер қашан да болсын таулы бұйраттардың 
шығысқа  қарай  көсіліп  жатқан  жазық 
алаңында  немесе  өзен  аңғарларының 
тау  жақ  етегінде  кездеседі.  Мұндай  алаң-
дар  ежелгі  мал  өсіруші  тайпалардың 
қызықтап  əуестеген  жерлері  болған.  Ха-
лықтың  ұлы  мерекесі,  өлген  адамына 
ас  беру,  ат  шаптыру,  балуан  күрестіру 
қашан да сондай жазық алаңда өткізілетін 
болған.  Сондықтан,  ондай  жерлер  халық 
аңызынан  белгілі  орын  алып,  ел  есінде 
сақталатын,  тарихи – шарбақ  тас,  мүсін 
тастар тұрғызылып отырған.
Сыртқы  құрылысы  бойынша  тас 
мүсін дер  екі  түрде  кездеседі:  бір  тобы 
граниттен  жасалған  төртбұрышты  тас 
шарбақтың  күншығыс  жиегінде,  екінші 
тобы үйген тас обалардың күншығыс жақ 
етегінде.  Тас  мүсіндердің  бұлай  кездесуі 
екі  түрлі  дəуірді  көрсетеді:  бірінші  тобы 
VI-VIII  ғасырлардағы  Түрік  қағандығы 
кезіндегі  жұртшылық  салтымен  байла-
нысты  болса,  екіші  тобы VII-XIII ғасыр-
лардағы  Орталық  Қазақстанды  мекен-
деген  Қыпшақ  тайпаларынан  қал ған 
ескерткіш  екенін  білдіреді»  дейді  Əл кей 
ҒҰРЫПТЫҚ КЕШЕНДЕРДІҢ ТАРИХИ 
КЕЗЕҢДЕРДЕГІ ЭТНОСЕМАНТИКАЛЫҚ 
САБАҚТАСТЫҒЫ  
Арман ƏУБƏКІР,
Б. Сүлейменов атындағы 
Шығыстану институтының 
PhD  докторанты
Тарихи таным

№12    2014    А И АТ
55
55
Хақанұлы  Марғұлан.  Шынымен-ақ,  тас 
мүсіндердің  əр  дəуірде  əртүрлі  жасалуы 
өте заңды нəрсе. Дегенмен, олардың  негізгі 
ортақ  белгілерінің  бірі – күншығысқа 
қаратылғаны. «Тегінде мұндай тас мүсіндер 
əрбір  өлген  адам ның  ескерткіші  ретінде 
орнатылған,  сондықтан  олардың  əр 
қайсысы  əрбір  өлген  адамның  келбетін 
бейнелейді деуге болады. Бұл сияқты жеке 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал