Л. Н. Гумилевтің пассионарлық теориясы және оның пайда болу себептері мен әлсіз тұстары



жүктеу 70.92 Kb.

Дата21.01.2017
өлшемі70.92 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



 

Ж.О. Артықбаев 

Астана қ., Қазақстан 

 

Л.Н. ГУМИЛЕВТІҢ ПАССИОНАРЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ 

СЕБЕПТЕРІ МЕН ӘЛСІЗ ТҰСТАРЫ 

 

Қазіргі  замандағы  еуразияшылдықтың  ірге  тасын  қалаушылардың  бірі  Л.Н.Гумилевтің 



өмірбаяны  да,  шығармашылық  жолы  да  қазақ  оқырманына  әбден  танымал.  Ресей  ғылыми 

ортасымен  араласа  отырып  Г.Н.Потанин,  П.Н.Савицкий,  Л.Н.Гумилев  аттарының  біздің  елімізде 

олардың  өз  отандарынан  көрі  ғылыми  айналымда  көп  кездесетінін  аңғару  қиын  емес.  Бұл  өте 

қызық  феноменді  түсіндіру  де  қиын,  бір  жағынан  Еуразия  дала  халықтарына  бүйректері 

бұрғанымен, осы аталған адамдардың бәрі де Ресей патриоттары болған, Ресейді қайткен күнде де 

алға  дамытуға  асыққан,  барлық  күшін  сол  жолға  сарп  еткен.  Әлде  орыс  тарихнамасы  осы 

ғұламалардың бізге сәл ғана бүйрегі бұрғанын кешіре алмайды ма ?  

Л.Н.Гумилевтің ғылымдағы ең басты еңгізген жаңалығы «пассионарлық теория». Біз студент 

кезімізде  Ленинградта  ротокөшірмемен  шыққан  екі  томдық  «Этногенез  и  биосфера  Земли» 

кітабымен  алғаш  танысқанда  осы  пассионарлық  алдымен  көзге  түсіп,  жадыға  оралып  еді.  Бір 

оқыған  уақытта  автордың  кеңістік  көкжиегі  адамды  таң  қалдырады,  адамзат  тарихының 

пассионарлық  толқындарға  бағыныштылығын  дәлелдеу  барысында  Л.Н.Гумилев  бірнеше 

құрылықты  мекендеген  жүздеген  этностардың  мысалдарын  молынан  пайдаланады.  Зертеу 

жұмыстарына  еніп,  аздаған  тәжірибе  жинап,  кітапты  екінші  оқыған  уақытта  ғалымның  әлемнің 

этникалық картасынан тасқын мысалдар келтіруі, автордың этностарға құс ұшатын емес, реактивті 

ұшақ ұшатын биіктен қарайтын дедукциялық тегеуріні шаршата бастайды. Қарапайым ғалым бір 

этносты  түсіне  алмай  жүргенде  Л.Н.Гумилев  әлем  халықтарына  құмырсқаның  илеуіндей  тым 

қарапайым қарайтынын түсіне бастайсың. 

Енді біраз заман өткеннен кейін, адамзат тарихы туралы, тарих ғылымының қызметі ойлана 

бастаған  уақытта,  Л.Н.Гумилевті  пассионарлық  теорияға  бастаған  себептерді  іздейсің.  Себебі 

қандай  бір  ғылыми  тарихнаманың  арғы  жағында  тарих  философиясының  құлағы  қылтиып 

көрінеді. Өкінішке орай тарих философиясы қазақ тарихшыларына түсініксіздеу, ал әлемдік тарих 

ғылымында  әр  тарихшы  «осы  айналысып  жүрген  кәсібім  не  ғылым?»  деп  бір  уақыт  ойланатын 

сарабдал  жол  сол  тарих  философиясы.  Біз  осы  кімбіз,  жер  бетінде  адамзат  қалай  пайда  болды, 

оның саналы болуы неден, саналы бола тұрып, өзін өзі жардан итеруі неліктен, этнос дегеніміз не, 

ол әлеуметтік заңдылықтарға бағына ма, жоқ тек қандағы ақпаратпен ғана басы қосылып тұрған 

биологиялық қауым ба ? Сөз жоқ Л.Н.Гумилев те өз заманының текті және білімді азаматы ретінде 

тарих  философиясымен  айналысты.  Осының  нәтижесі  ғалымның  бүкіл  тарихи  зерттеулеріне, 

этногенез  туралы  пікірлеріне  негіз  болған  «пассионарлық  теория».  Бұл  оңай  жаңғақ  емес,  біздің 

оқырман Л.Н.Гумилев қолданған «пассионарлық» этногенезге ғана қатысты түсінік деп есептейді, 

ал  шын  мәнінде  пассионарлық  автордың  тарихи  танымының  өзегі.  Осы  себепті  бұл  теория 

қаншалықты аты-шулы болса, оның соншалықты даулы мәселелері көп.  

Қазақ  гумилевтанушылары  негізінен  тарихтан,  тіпті  ғылымнан  алыс  адамдар,  сол  себепті 

тарих  ғылымының  кухнясы  туралы  терең  біле  бермейді.  Біз  осы  мақаланы  пайдалана  отырып 

Л.Н.Гумилевтің пассионарлық теориясын тарих философиясының концепті есебінде саралап бірер 

мәселесін  қарастырайық.  Л.Н.Гумилевті  қанша  жақсы  көрсек  те,  сынды  кешірмейтін,  кінәмшіл 

бойжеткендей  халық  болсақ  та,  сәл  нәрсеге,  бір  атым  насыбайға  бола,  өкпелеп  қалатын 

дәстүрімізге  қарамастан,  күннің  ашығында  бұлт  шақырып  тұрған  кім  деген  сұрақтың  туатынын 

біле  тұра,  мен  сын  қашанда  ғылымның  қозғаушы  күші  деп  есептеп  күмәндерімді  баяндағанды 

дұрыс көріп отырмын. 

Л.Н.Гумилевтің өзі пассионарлық ұғымына төмендегідей анықтама береді: «пассионарность-

эта  характерологическая  доминанта,  необходимое  внутреннее  стремление  (осознание  или,  чаще, 

неосознанное)  к  деятельности,  направленной  на  осуществление  какой-либо  цели  (часто 

иллюзорной)»  (Л.Н.Гумилев.Конец  и  вновь  начало.  М.,1997.  с.71).  Бұл  жерде  автор 

пассионарлықты  жеке  тұлғамен  байланыстырғанымен  негізгі  әңгіме  ауаны  жеке  этносты  немесе 

этностардың үлкен қауымдастықтарын белгілі бір қозғалыстарға итермелейтін күш туралы болып 

отыр. Күш деген сөзді біз тарихтың даму заңдылықтары деп те түснуімізге болады. Л.Н.Гумилев 

өзінің  естеліктерінде  пассионарлық  теориясының  түрме  камерасында  ғайыптан,  шығармашылық 

шабыт  нұры  сияқты  келгені  туралы  айтады.  Шын  мәнінде  бұл  ғалымның  адамзат  тарихының 


WWW.ENU.KZ

 

 



заңдылықтарын түсінуге ұмтылған ізденістерінің нәтижесі. Тарих ғылымының жоғары деңгейіне 

жататын бұл бағытты Батыс Гегель мен Гердер заманында бастап және игеріп те қойған болатын 

және  оны  «историософия»  немесе  «тарих  философиясы»  деп  те  атайды.  Егер  Л.Н.Гумилевтің 

ондаған  жылдарын  түрмелер  жеп  қоймаса,  егер  ол  түрмеден  шыққаннан  кейін  тоталитарлық 

идеологияның қатаң цензурасында өмір сүрмесе оның пасионарлық териясы тарих философиясы 

атымен  аталар  еді  және  тарих  философиясындағы  көптеген  гипотезалардың  бірі  ретінде  ғана 

қарастырылар еді. 

Гердерге дейін тарих ғылымында индукциялық әдіс басым болды, яғни тарихшы өзінің басты 

міндеті оқиғаның, билеуші әулеттің, бірнеше патшалықтардың тарихын сипаттау деп ұқты. Гердер 

өзінің  «Адамзат  тарихының  философиясына  қатысты  ойлар»  кітабында  алғаш  рет  оқиғалардың 

үстіне  теориялық  концептерді  және  ой  толғауларды  шығарды.  Гегель  тарихтың  қозғаушы  күші 

есебінде  адам  рухын,  адам  еркін  бірінші  орынға  алып  шықты:  «Всемирняа  история  ...является 

обнаружением духа  в  таком  виде,  как  он  вырабатывает  себе  знание  о  том,  что  он  есть  в  себе,  и 

подобна  тому,  как  зародыш  содержит  в  себе  всю  природу  дерева,  вкус,  форму  плодов,  и  так 

первые  проявления  духа  виртуально  содержит  в  себе  всю  историю...»  (Гегель.  Философия 

истории.  М.-Л.,1935.  с.XLVI).  Гумилев  сияқты  Гегельді  де  қазақ  оқырманы  терең  түсініп,  түгел 

оқымаса көрер  көзге  қателікке  ұрынады.  Себебі ол  адамзаттың  жалпы  тарихын  түсіндіремін  деп 

қазіргі  еуропоцентризмнің  идеясын  негіздеген  ғалымдардың  бірі.  Шығысты  тек  деспотизммен 

ғана байланыстыра отырып (восточные народы еще не знают, что дух, или человек как таковой в 

себе  свободен)  өзін  еркін  адам  есебінде  сезіну  тек  гректерден  ғана  басталды  дейді.  Бірақ 

гректердің құлдық қоғамда өмір сүргенін есіне түсіріп ұлы философ, шын мәнінде адам еркіндігін 

христиан әлемінде герман халықтары ғана іске асырды дейді. Ал герман халықтары Еуропаға қай 

жақтан келді, еркіндікті қай өлкеден алып келді, ол туралы Гегель жұмған аузына ашпайды.  

Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық теориясы» туралы сөз қозғағаннан кейін А.Дж.Тойнби туралы 

айтпай  кетуге  болмайды.  Менің  ойымша  белгілі  дәрежеде  екі  ортада жалғастық  та,  қайталау  да, 

қателіктерінде  ортақтық  та  бар.  А.Дж.Тойнби  1930  жылдары  өзінің  атақты  «A  Study  of  History» 

еңбегін  жазды.  Адамзат  тарихын  бірнеше  өркениеттің  шоғыры  есебінде  қарастыруға  арналған, 

тарихтың өзара ішкі байланыстарын, заңдылықтарын түсінуге бағытталған бұл зерттеуді ғылыми 

еңбек  есебінде  бағалаудан  бас  тартатындар  болғаны  А.Дж.Тойнбидің  «Почему  мы  должны 

считать,  что  научный  метод,  созданный  для  анализа  неодушевленной  природы,  может  быть 

перенесен в историческое мышление ?» деген сөздерінен –ақ белгілі.  

А.Дж.Тойнби  еңбегін  бағалау  үшін  атақты  француз  тарихшысы,  «Аннал»  мектебінің  негін 

салушы Люсьен Феврдің жазғандарына назар салған жақсы: «труд порождает чувство сенсации у 

доверчивого  читателя  внушительным  обзором  всех  этих  тщательно  пронумерованных 

цивилизаций, которые, подобно сценам мелодрамы, сменяют одна другую перед его восхищенным 

взором;  неподдельный  восторг,  внушенный  этим  фокусником,  который  с  такой  ловкостью 

жонглирует  народами,  обществами  и  цивилизациями  прошлого  и  настоящего,  тасуя  и 

перетасовывая  Европу  и  Африку,  Азию  и  Америку...»  (Febvre  L.Combats  pour 

l,histoire.P,1953.p.154).  

А.Дж.Тойнбиді  Л.Н.Гумилевтің  оқығаны  сөзсіз,  ол  кітаптарында  бірнеше  рет  ағылшынның 

ұлы тарихшысына сілтемелер де жасайды, кейде сынайды да, бірақ Л.Н.Гумилев еңбектерін жақсы 

білетін оқырман «A Study of History» мен «Этногенез и биосфера Земли» арасында толып жатқан 

ұқсастық  бар  екенін  бірден  аңғарады.  Біз  бұл  жерде  Л.Н.Гумилев  өз  кітаптарын  А.Дж.Тойнбден 

көшіріп  алды  деп  отырған  жоқпыз,  бұл  жерде  мәселе  тақырыпты  ашу,  деректерді  пайдалану, 

оларды  тәпсірлеу  әдістерінде,  әңгіме  жалпы  зерттеулердің  тарихнамалық  қағидаларының 

ортақтығында.  Екі  тарихшы  да  адамзат  баласы  мекен  еткен  ойкуменаны  емін-еркін  аралайды, 

екеуі  де  халықтарды  судай  сапырылыстырады.  Л.Февр  жазғандай  оқырманды  ой  өрістерінің 

кеңдігімен  шыр  айналдырып,  шытырман  оқиғаларға  кіргізіп,  ақырында  баурап  алады.  Екі 

ғалымның арасындағы басты ерекшелік, егер А.Дж.Тойнби кітапты құрастыруға, төрт құрылықтан 

жинақталған  ұлан-байтақ  деректерді  жинақтауға  «шақыру  және  жауап»  қағидасын  қолданса, 

Л.Н.Гумилев барлық еңбектірінде «пассионарлықты» өзек етіп пайдаланады. 

Шынын  айтқанда  адамзат  тарихының  жалпы  заңдылықтарын  зерттеген  кезде  тарих 

философтары  бір  жүйеге  арқа  сүйемесе  болмайды.  Себебі  әр  халықтың  өз  табиғи  ортасына, 

әлеуметтік  және  шаруашалық  дамуына  тікелей  байанысты  өз  тарихы  бар.  Кешегі  күні  Советтік 

тарихнама  маркстік  ілімге  негіздеп  формацияларды,  таптық  күресті,  әлеуметтік  қарама-

қайшылықтарды  тарихи  зерттеулерде  универсалды  категориялар  есебінде  пайдаланды,  ал  сол 

жүйе  бүгінгі  күні  түкке  жарамай  қалды.  Мен  адамзат  тарихымен  айналысқан  тарих 


WWW.ENU.KZ

 

 



философтарының  осы  күнге  дейін  барлық  оқырманның  көңілінен  шығатындай  бір  жоба 

ұсынғанын көргенім жоқ.  

Екінші мәселе Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық теориясы» Еуразия көшпелілерінің тарихының 

көп  тұстарын  айқындауға  мүмкіндік  бергенімен,  түп  бастауын,  адамзат  өркениетіне  әсерін 

анықтағысы  келген  адамды  теріс  жолға  салып  жібереді.  Осы  жерде  біз  кішкене  шолу  жасап 

адамзат  өркениетінің  түп  бастауы,  тарихтың  басы  туралы  сөз  қозғаған  бірнеше  ұлы  тұлғаның 

еңбектері туралы аз ғана пікір білдіре кеткенді жөн көреміз. 

Тарих  философиясының  басты  бағыттарының  бірі  адамзат  тарихының  даму  барысындағы 

негізгі оқиғаларды, шешуші тұстарды анықтау. Расында да адамзат ылғи да бір түзудің бойымен 

ақырын ілбіп қозғала бермейді, тарихтың әр түрлі өткелдері, бел белестері, арпалыстары бар. Осы 

бағыттағы  ізденістердің  ішінде  бізге  К.Ясперстің,  Г.Рюкерттің,  А.Вебердің  т.б.  ілімдері  аса 

қызықтырады.  

Батыстық  ғылымда  адамзат  тарихын  зерттеу  барысында  екі  түрлі  бағдарлама  мен  ғылыми 

ережелер қалыптасты. Оның бірін біз шартты түрде локалді, екіншісін бір түзу сызық бойындағы 

немесе  эволюционистік  зерттеулер  деп  айта  аламыз.  К. Ясперс  локальді  мәдениет  теорияларына 

қарсы шығып, дүниежүзі тарихи дамуында Батыс және Шығыстың рухани дамуы осьтік (белдік, 

кіндік) уақыт бойынша жүзеге асады деді. Осьтік уақыттың басы деп ол б.з.б. 800-200 жылдарды 

есептеді.  «Бұл  дәуірде  қазіргі  ой  –  танымдарының  негізі  салынды,  қазіргі  адамдардың  өмірінің 

құндылығын анықтайтын дүниежүзілік діндер бастау алды, барлық бағытта әмбебаптылыққа көшу 

үрдісі  жүріп  жатты.  Адам  өз  тұрмысын,  өзін-өзі  және  өзінің  мүмкіндігін  түсінді.  Адам  алдында 

дүние  қаншалықты  қорқынышты  екені  және  оның  табиғат  алдында  қаншалықты  әлсіз  екені 

ашылды» дейді К. Ясперс ((К.Ясперс. Смысл и назначение истории. М.,1991. с.39). 

Неміс  ғалымы  Г. Рюккерт  көлемді  және  жан  –  жақты  тарихи  материалды  жүйеге  келтіру 

барысында  «үлкен  тарихи  өндірістің»  үш  сатысын  белгіледі:  бірінші  сатыда  алғашқы  еңбек 

құралдарын ойлап табу, киім, баспана, азық-түлік арқылы адам табиғат қиыншылықтарына қарсы 

тұра алды. Екінші саты – әлеуметтік, осы кезде адам қоғамы қалыптаса бастайды, тілдер, салттар, 

рулар, отбасы, мемлекет, заң, құқық пайда болды. Осы жетістіктердің нәтижесі ретінде Рюккерт 

адамзат дамуының үшінші сатысы – «рухани» өмір туады деп есептеді.  

Жоғарыда  аталған  ойшылдардың  көзқарастарында  толып  жатқан  үлгілі  тұстары  бар,  бірақ 

бізге  бәрінен  де  А.Вебердің  адамзат  тарихындағы  ұлы  бетбұрыстарды  Еуразия  көшпелілерінің 

миграцияларымен байланыстырған гипотезасы ұнайды.  

А. Вебер кезеңдендіруді адам  мен жер  арасындағы  байланыс  арқылы  қарастырды.  Мұз басу 

дәуірінен  кейін  ол  үш  кезеңді  бөліп  көрсетеді:  біріншісі  ұзақ  кезең  (статикалық)  б.з.б.  4000 

жылдан  1500-1600  жылдарына  дейінгі  уақыт;  екінші  кезең  (динамикалық)  аз  уақыт  аралығын 

қамтиды  – 1500-1600  жылдан  –  1900  жылға дейін;  1900 жылдан  үшінші  кезең  басталады.  Вебер 

бойынша бірінші ұзақ кезеңнің ерекшелігі – Еуразия кеңістігінде үнемі көшіп-қонуға бейімделген 

Еуразияның  далалық  өңірінің  тайпалары  тарапынан  қысым  жасау  үрдісі  қалыптасты,  ол 

Еуразияның  солтүстік  далаларынан  бастау  алады.  Оның  нәтижесі:  а)  ежелгі,  жоғары  мәдениет 

аймақтарының құрылуы және; б) жалпы тарихтың сырттай құрылымы жасалды.  

Түпкілікті  бетбұрыс  екінші  субкезеңде  басталады,  яғни  б.з.б.  1200  жылы  «Орталық  Азияның 

көшпелі  халықтарының  Қытай,  Үндістан  және  Батыс  елдеріне  жетуі  (олардан  ежелгі  дүниенің 

мәдениеттері жылқыны пайдалануды үйренді) үш облысқа да бірдей әсер етті: жылқыны иеленген бұл 

көшпелі халықтар әлем кеңістігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениеттерін жаулап алды. Қиын 

– қыстау тіршілік, қатерлі жорықтар дүниенің жалғандығын түсінуге көмектесті, ал үстем нәсіл есебінде 

олар бұл әлемге ерлік және трагикалық сананы енгізіп, оны эпос түрінде білдірді» дейді ғалым.  

Жаратылыс әлемінен  оқшау шыққан адам баласы үшін кәсіптің ең  табысты деңгейі көшпелі  мал 

шаруашылығымен  тығыз  байланысты  болғаны  анық.  Олардың  әлеуметтік  құрылымының,  рухани 

тұлғасының,  саяси  табыстарының  бәрі  еленіп  өз  заманында  өзге  қоғамдарға  тигізген  ықпалы  әлі  де 

зерттеуді қажет етеді.  

Алғашқы субкезеңде, б.з.б. 4000 жылдан – б.з.1200 жылға дейін, А.Вебер пікірінше, дүниені 

қисын жағынан түсіну басым болады, сол себепті әмбебап анықтамалар қалыптасты. 

Көшпелілердің үлкен тарихы екінші кезең басында, яғни 1500-1600 жылдары аяқталады (А. Вебер 

оны  өтпелі  деп  атаған).  Осы  кезден  бастап  Еуразияның  тарихы  дүниежүзі  тарихына  айналады,  оған 

Америка, Австралия, Африка сияқты жаңа аймақтар қосылды. Еуразияның солтүстік аймақтарындағы 

көшпелілер қысымы басылады. Орталық керісінше Еуропаға ауысады.  

Өкінішке орай А.Вебер көзқарастары гипотеза түрінде қалды, оны ғылыми түрде дәлелдеуге 

Еуропа  ғалымдарының  қолында  деректік  қор  да,  ниет  те  болған  жоқ.  А.Веберден  кейін  Еуропа 


WWW.ENU.KZ

 

 



ғылымында  әлем  тарихын  тұтас  қамтыған,  адамзат  тарихының  негізігі  кезеңдеріне  баға  берген, 

ішкі  заңдлықтарын  анықтауға  күш  салған  зерттеулер  жоғалып  кетті.  Оның  орнына  классикалық 

дәстүрлерден  алыс  адамзат  тарихын  интуиция  дәрежесінде  қарастыруға  бейімделген  өмір 

философиясының  негізінде  экзистенционализм  келді.  Біздің  заманымызда  осы  философиялық 

ағым  Ф.Фукуямоның  «Тарихтың  соңы»,  С.Хантингтонның  «Өркениеттер  қақтығысы»  сияқты 

еңбектерімен  жалғасты.  Осындай  жағдай  еуропалық  ғылымнан  оқшау,  тоталитарлық 

идеологияның  қадағалауында  қызмет  жасаған  Л.Н.Гумилевтің  адамзат  тарихына  тұтас  қарауға 

талаптануын  классикалық  дәстүрдің  соңғы  демі  деп  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Біз  үшін  ең 

маңыздысы әлем тарихының жалпы конструкциясын жасау барысында ол Еуразия көшпелілерінің 

адамзат  тарихында  соңғы  екі  мыңжылдықта  атқарған  қызметіне  жақсы  баға  берді.  Мұны  үлкен 

ерлік деп бағалау керек. Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық теориясы» тарих философиясын дағдарыс 

жағдайдан  шығарудың  бір  жолы.  Тек  бұл  жердегі  ғалымның  үлкен  қателігі  пассионарлықтың 

биосферадағы  тірі  заттың  биохимиялық  энергиясынан  түзілетін  дәлелдей  отырып,  оның  көзін 

ғарыштан келіп этностың кейбір өкілдеріне ғана қонатын күш-қажыр ретінде түсіндіруі болды деп 

білеміз.  

Әлем  халықтарының  тарихын  ғарыштық  энергияның  әсеріне  байлап  қою  оңатайлы  шешім 

емес  еді.  Менің  ойымша  Л.Н.Гумилевтің  өзі  жазғандай  түрме  камерасында  туған  бұл  теория 

Советтік  қоғамдық  ғылымдардың  да  үлкен  дағдарысқа,  соның  ішінде  рационалды  тарихтың 

Батыстағыдай  бұл  жерде  де  тығырыққа  түскенінің  көрінісі.  Бір  ескертетін  мәселе  ХХ  ғасырдың 

басында  адамзат  тарихының  мәдени  және  өркениеттік  бастауларына  арналған,  соның  ішінде 

адамзат  тарихына  Еуразияның  орталық  өңірін  мекендеген  далалық  қауымдардың  әсері  туралы 

пайда  болған  зерттеулер  1930  жылдардағы  репрессиялар  кезінде  өмір  сүруін  тоқтатты.  Бұл 

соққылар әсіресе жаңа көтеріліп келе жатқан және адамзат тарихы туралы тың ойлар айта бастаған 

С.Асфендияров, Г.Ксенофонтов сияқты түрік халықтарының өкілдерін жусатып түсірді. Олардың 

адамзат  тарихының  шешуге  кезеңдеріне  қатысты  жазылған  еңбектері  әлі  күнге  дейін  ғылыми 

айналымға  қосылған  жоқ.  Вакуумды  жалғыз  Л.Н.Гумилевтің  толтыра  алмасы  сөзсіз  еді.  Оның 

«пассионарлық  теориясы»  Ұлы  Даланы  тарих  ғылымының  нысаны  ретінде  алға  алып  шықты, 

бірақ  бұл  тек  соңғы  екі  мыңжылдықтағы  тарихына  ғана  қатысты  болатын.  Сонымен  бірге 

«пассионарлық  теория»  бүкіл  ірі  қозғалыстарды  Күн  энергиясына  байлап,  адамзат  баласына 

бірнеше  мың  жыл  үстемдік  жасаған  Еуразияның  бақташы  тайпаларының  әлемнің  ежелгі 

тарихында құрылым беруші қызмет атқарғанын жоққа шығарады.  

Әр  заманда  адамзат  тарихын  белгілі  бір  дамыған,  күшті  орталар  жасайды,  солар  жетекші 

сияқты. Біздің ойымызша Батыс техникалық жағынан алға шығып, өндірістік экономика мен соған 

сәйкес капиталистік қарым-қатынас моделін құрғанға дейін біздің ата –бабаларымыз бірнеше мың 

жылдар  бойы  адамзат  көшін  алға  бастады.  Бұл  артықшылықты  Күн  энергиясының  әсерімен 

түсіндіру  мүмкін  емес,  қалайша  Күн  қуаты  бір  алқапқа  бірнеше  мың  жыл  бойы  құйыла  берген 

деген сұрақ әркімнің де көкейінде пайда болады.  

Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық теориясының» пайда болу себептері және әлсіз тұстары осы. 

Еуразияның  далалық  өлкесін  ұлықтаған,  табиғаты  орыстың  шынайы демократиялық дәстүрлерін 

жалғастырған,  керемет  ой  өрістің  өкілі  Л.Н.Гумилевтің  еңбектері  қатып  қалған  қара  тас  емес. 

Адам болғаннан кейін оған қателесу тән, М.-Ж.Көпейұлы «күнәсізге Құдайдың да рахматы жоқ» 

дейді, ғалымның бағасы өз қатарларынан озықтығымен бағаланады.  

Қазақ тарихына деген тың методологиялық көзқарас қажет. Оның негізгі шарты Л.Н.Гумилев 

айтқандай  Ұлы  Даланы әлемдік  өркениеттің  құрамдас бөлігі  деп  танудан басталады.  Бірақ  қазақ 

тарихын  еуразиялық  көшпеліліктің  соңғы  мыңжылдықтарымен  байланыстыра  отырып,  этностың 

мәдени және өркениеттік бастаулары өте көне замандарда екенін ұмытпаған жөн.  



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал