Л. Н. Гумилевтың өмірі мен шығармашылығы Мырзахмет Ғ. К., Ермаханова Р. Б



жүктеу 52.41 Kb.

Дата14.01.2017
өлшемі52.41 Kb.

Л.Н.Гумилевтың өмірі мен шығармашылығы 

Мырзахмет Ғ.К., Ермаханова Р.Б. 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға 

оқытушылары, тарих магистрі, raika_-84@mail.ru  

 

Лев  Николаевич  Гумилев  –  еуразиялық  кеңістіктегі  халықтар  тарихын 

жүйелі түрде зерттеген XX ғасырдың көрнекті ғалымы. Оның мұралары тарихи, 

философиялық,  этностық  және  саяси  ойдың  перспективалық  бағыты  ретіндегі 

еуразиятанудың терең негіздемесіне айналған.  

Лев  Николаевич  Гумилев  1912  жылы  1  қазанда  Петербор  губерниясы, 

Царское  селосында  ақын  Николай  Гумилев  пен  ақын  Анна  Ахматованың 

отбасында дүниеге келген.   

Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде 

әжесінің қолында өткізген. 1917 - 1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында 

тұрды. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім 

алды.  Ал  1930  жылы  Ленинградта  оқыды.  1930—1934  жылдары  Саян, 

Памирдегі,  Қырымдағы  экспедицияларда  жұмыс  істеді.  1934  жылы  Гумилев 

Ленинград  университетінің  тарих  факультетіне  түсіп,  Батыс  пен  Шығыстың 

өздеріне  тән  әр  түрлі  мәдениеттерінің  бір-бірімен  байланысы,  сонымен  қатар 

ерте  орта  ғасырлардағы  халықтардың  тарихи  жөніндегі  мәселелерді  зерттей 

бастады.  Ол  бірінші  рет  1935  жылы  түрмеге  қамалады,  бірақ  анасының 

аралсауымен көп уақыт өтпей босатылады. 1938 жылы Гумилев қайта түрмеге 

қамалып,  5  жылға  бас  бостандығынан  айрылады.  1944  жылы  өз  еркімен 

майданға  кетіп,  1945  жылы  Берлин  операциясына  қатысады.  1945-1946 

жылдары университетті жедел (экстерно) түрде бітіріп, «Политическая история 

первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғады. 

Тұтқында  жүргенде  «Хунну»  кітабын  жазып,  ол  кітап  кейіннен  «Степная 

трилогия»  кітабының  бір  бөлігі  болды:  «Хунну»  (1960),  «Древние  тюрки» 

(1967) кітабтарында Гумилев ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски 

вымышленного  царства»  бөлігінде  еуропалықтардың  Еуразия  даласының 

тұрғындарына  алдын  ала  жоспар  бойынша  жасалған  қарым-қатынастарының 

қалай туындағаны көрсетілген [1]. 

60-70  жылдарда  Гумилевтің  ғылыми  еңбектерінің  тарихи  құрылымы 

жалпылама  түрде  қабылданған  кеңестік  тарихи  ғылымнан  түбегейлі  айрықша 

болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды.  

Лев  Николаевич  Гумилевтің  өмірі  мен  шығармашылығын  тағдырдың 

торына  шырмалғандар  санатына  жатқызуға  болады.  Алайда,  ол  тағдырдың 

бұйыртқан   сыбағасын  қасқайып  тұрып  қарсы  алып,  қорлық  пен  зорлықты 

өмірдің  заңына  балай  жүріп,  алға  қойған  мақсатын  толық  орындап  шыққан 

қайсар  жан  ретінде  қайран  қалдырады.  Қазақстан  үшін  оның  Еуразия 

халықтарының  бірлігі  контексіндегі  түркілер  мен  славяндардың  өзара  қарым-

қатынасы,  түркі-моңғол  әлемінің  тарихын  тану  мәселесі  бойынша  жұмыс 

істегені аса маңызды. 

Қоғам  өміріндегі  саяси-әлеуметтік  сілкіністер  мен  жүйелік  алмасулардың 

өлара  кезеңі  Лев  Николаевичтің  жалын  атқан  жастық  дәуренін  тағдырдың 


тәлкегіне ұшыратты. Бір емес, екі емес, үш рет жауапқа тартылып, табандатқан 

13  жыл  өмірін  түрменің  тар  қапасында  өткеріп,  лагерьдегі  жылдар  арасында 

екінші  дүниежүзілік  соғыстың  от-жалынына  шарпылып,  туған  қаласы 

Ленинградқа 1956 жылы оралғанда Лев Николаевич 44 жаста еді. “Алғаш рет – 

1935  жылы  “өзімнің  албырттығымнан  ,  екінші  рет  –  1938  жылы  “әкем  үшін”, 

үшінші рет – 1948 жылы “шешем үшін” сотталдым”,  – деп отыратын марқұм. 

Әкесі  1921  жылы  контрреволюциялық  әрекеттері  үшін  атылса,  анасы  1946 

жылы  мемлекеттік  идеолог,  КСРО-ның  инквизиторы  атанған  Ждановтың 

қанқұйлы  баяндамасына  ілігіп,  шығармашылығына  ресми  түрде  тыйым 

салынады.  Әке  мен  шеше  үшін  баласының  да  күйетін  заманы  Лев  Нико-

лаевичтің де басын базарлы етеді. Мәскеудің “Лефортовы” мен Ленинградтың 

“Крестінде”  атылу   жазасына  кесілгендердің  сапында  болып,  онан  соң 

Беломорканал,  Норильск,  Кузбасс,  Саян,  Қарағанды  түрмелері  мен 

лагерьлерінде өксікті өмірін өткереді. Осындай аласапыран жылдар шарпуында 

жүріп,  Лев  Николаевич  Ленинград  университетін  бітіреді.  Қатардағы 

бітірушілердің  бірі  емес,  француз,  неміс,  байырғы  түркі  және  латын  тілдерін 

меңгеріп, хунну өркениеті мен байырғы моңғол тарихы бойынша маман болып 

шығады.  Университет  қабырғасында  В.Струве,  Е.Тарле,  Б.Греков,  С.Малов, 

М.Артомонов,  С.Руденко  сияқты   ғалымдармен  етене  танысып,  Памирде, 

Украинаның  Подолиясында,  Грузияның   Картлиінде,  Орталық  Азияның 

Алтайында  (Пазырық)  жүргізілген  археологиялық  экспедицияларға  қатысады. 

Бірінші  Түркі  қағанатының  (546-659)  саяси  тарихына  арналған  тақырыпта 

кандидаттық  диссертация  қорғайды.  Мұнан  әрі,  тағы  да  бас  бостандығынан 

айырылған Лев Николаевич 1956 жылы каторгалық эпопеясын біржола аяқтап 

келіп,  Эрмитажға  кітапхана  қызметкері  болып  орналасады.  Осы  қызметте 

жүріп,  байырғы  түркілер  тақырыбы  бойынша  1967  жылы  докторлық 

диссертация  қорғайды. Сол  жылы докторлық диссертациясының  толықтырыл-

ған  нұсқасы  “Байырғы  түркілер”  деген  атпен  жарық  көреді.  Тақырыптың 

сонылығы және беймәлім мәдениеттің жеріне жете ашылуы, автордың ғажайып 

аңғарғыштығы  мен  терең  білімі,  сондай-ақ  мейлінше  оралымды  тіл-стилі 

ғылыми ортаның да, былайғы оқырманның да назарын аударады. 

1967 жылы Ленинград университетінің аясында география ғылыми-зерттеу 

институты  ашылып,  ректор  А.Александровтың  шақыруымен  Лев  Николаевич 

ғылыми  қызметкер  болып  келеді.  Осы  орында  1986  жылы  еңбек  демалысына 

шыққанға  дейін  кіші,  аға,  жетекші  ғылыми  қызметкер  деген  сатылардан 

өткенімен,  профессор  шеніне  іліге  алмайды.  Оның  есесіне  Лев  Николаевич 

“Халықтану”  деп  аталатын  арнаулы  курс бойынша  студенттерге  20 жыл бойы 

лекция  оқиды.  Ол  лекция  оқыған  20  жыл   аясында  бірнеше  толқын 

студенттердің  зердесін қалыптастырып қана қойған  жоқ,  сонымен  бірге өзі де 

шыңдала  жүріп,  бүкіл  әлем  мойындаған  орыс  этнологиясының  іргетасын 

қалаушылардың  маңдай  алдында  болды.  Дәлірек  айтсақ,  таза  гумилевтік 

этнология  мектебін  дүниеге  келді.  Яғни,  этностың  шаруашылық  және  саяси 

жүйелерінің арасындағы өзгерістердің өзара байланысына, сол байланыстардың 

нәтижесінде  болатын  жаңғыруларға,  сондай-ақ  этностың  кіндік  жұрты  болып 

табылатын ландшафт эволюциясына табанды түрде ден қояды [2].  


Лев Николаевичтің этнологиялық ізденісі мұнымен шектелмейді. Ол 1959-

1964  жылдар  аралығында  жазғы  демалыс  айларында  археологиялық  экспе-

диция   ұйымдастырып    Еділ,  Каспий,  Қаратеңіз  жағалауларынан  Хазарияның 

(VІІІ-X ғғ.) сорабын іздейді. Нәтижесінде аса мол айғақ-деректер жинақтап, ол 

материалдарды археолог, географ, этнолог ретінде саралап, 1966 жылы Шығыс 

Еуропа тарихын қайта зерделеуге мұрындық боларлық “Хазарияның ашылуы” 

(“Открытие  Хазарии”)  атты  кітабын  жарыққа  шығарады.  Лев  Николаевичтің 

бұл  еңбегі  этнос,  табиғат,  қоғамның  әлеуметтік  өмірі  мен  космос  арасындағы 

байланыстардың нәтижесін одан әрі тереңдетуге, зерделеуге дес береді. Мұның 

өзі,  түптеп  келгенде  этногенездің  тұғыры  болып  табылатын  пассионарлық 

идеясының дүниеге келуіне себепші болады. 

Лев Гумилевтің ғылымдағы орнын қалай анықтауға болады? Әрине, оның 

шығармашылығы  көпқырлы,  бірақ  бұл  оның  ғылыми  тұлға  ретіндегі  өзіндік 

ерекшелігін анықтауға тосқауыл бола алмайды. 1968 жылы Л.Н.Гумилевтің ірі 

генетик  ғалым  Н.В.Тимофеев-Ресовскиймен  өзара  байланысында  Лев  Ни-

колаевич өзі туралы: «Әйткенмен, мен кәсіби тарихшымын», деген. Оның осы 

сөзін негізге алатын болсақ, қателеспейміз деп ойлаймыз. 

Иә,  Лев  Гумилев  –  тарихшы.  Оның  ежелгі  түркілер  тарихына  арналған 

кандидаттық  және  докторлық  диссертацияларында  ғалымның  тарихшы-

шығыстанушылық  ізденісімен  бетпе-бет  келеміз.  Оның  шығармашылығын 

жинақтай келгенде, біз оның белгілі бір шығыс тілінің, аймағының немесе кезе-

ңінің  шеңберіне  сыймайтын  шын  мәніндегі  еуразиялық  масштабтағы  ғалым 

екендігін  мойындауымыз  керек.  Себебі,  ол  энциклопедист,  жалпы  тарихтың 

білгірі [3]. 

Мемлекет 

басшысы 


Н.Назарбаевтың 

елордадағы 

жетекші 

оқу 


ордаларының  біріне  еуразияшыл-ғалым  атын  беруі  –  жалпыеуразиялық 

кеңістіктегі  зерттеушінің  ғылымдағы орнын нықтай  түседі.  Ал  бұл  бізге,  яғни 

ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктері хақ. 

Әрине,  Л.Н.Гумилев  –  XX  ғасырдың  көрнекті  тарихшысы,  әлемге  танымал 

түркітанушы-ғалым ретінде қорғауға, я болмаса, асыра мақтауға мұқтаж емес. 

Біздің  міндетіміз  –  оның  мұрасына үстірт  қарамай,  еңбектерінің  мазмұны  мен 

өзектілігін ашуға, терең зерттеуге лайықты үн қосу. 

Лев  Николаевичтің  ғылыми  ізденістерінің  шыңы  болып  табылатын 

“Этногенез  және  Жердің  биосферасы”  (“Этногенез  и  биосфера  Земли”)  атты 

еңбегінде  халықтардың  қалай  жаралып,  қалай  сейілетініне,  сондай-ақ  оған  та-

биғат  пен   космостың  аса  тегеурінді  әсер-ықпалына  бүкіләлемдік  ауқымда 

тарихи  шолу  жасайды.  Тарихи  шолуын  айғақ-дәлел  ретінде  көлденең  тарта 

отырып, этнология туралы бұрынғы көзқарастардан түбегейлі айырмашылығы 

бар  ой-тұжырымдар  қорытады.  Бұлардың  бәрі  автордың  тарихи  деректерге, 

нақтылы  теорияларға,  табиғат  пен  биосфера  заңдылықтарына,  географияға 

жүйріктігімен  дәлелденіп,  мейлінше  оралымды  тіл-стилімен  оқырманын  тәнті 

етеді. 

Рас, тың теорияның қашанда жолы ауыр. Әсіресе, өзіне дейінгі орныққан 



тұжырымдармен  беттесу  қиынның  қиыны.  Ал  Лев  Николаевичтің  ой-

тұжырымдары  этнографтардың,  қоғамтанушылардың,  ұлт  және  ұлт-азаттық 



күрес  теориясымен айналысатын  майталмандардың ой-тұжырымдарына  мүлде 

кереғар болатын. Ол кезде партияның шамшыл идеологиясын ұстанғандар кез 

келген кереғарлықты қарсылық деп есептейтін. Дәл солай болды да, кешікпей-

ақ,  Лев  Николаевичке  “антимарксист”,  “географиялық  детерменист”, 

“мистикалық  биологист”,  “буржуазиялық  солипсист”,  “бихевиорист”,  “шолақ 

ойлы  анархист”,  “нәсілшіл”  деп  келетін  сан-сапалақ  айып  тағылып,  1976-1989 

жылдар  аралығында  жариялану  құқынан  айырылады.  Абақтыда  өткерген 

азапты 13  жылдан гөрі,  азаттықта жүріп  тілін  тістегендей  күй кешкен 13 жыл 

Лев  Николаевич  үшін  ауырлау  соғады.  Тәннің  тұтқындалуы  емес,  жанның 

тұтқындалуы  ақыры  әйгілі  ғалымды  алып  тынады.  Лев  Николаевич  Гумилев 

1992  жылы  80  жасында  дүние  салды.  Ол  Никольск  қорымындағы  Александр-

Невский лаврасында жерленеді [4].  

Ғалым  артына  мол  мұра  қалдырып  кетті.  Оның  еңбектері  аса  құнды. 

Қазіргі  уақытта  өскелең  ұрпақ  Гумилевтің  өмірі  мен  шығармашылығына  зор 

қызығушылық  танытуда.  Л.Н.Гумилев  мұрасынан  1960-1980  жылдары  өзінің 

еуразияшылдығын  жарнамалаған,  сөйтіп,  еуразияшылық  идеясының  ғылыми 

негіздемесіне  қомақты  үлес  қосқан  еуразияшыл-ғалымның  көзқарасын  тануға 

болады.  Біздің  пікірімізше,  Лев  Гумилев  еңбектері  оны  тек  шығыстанушы-

тарихшы  деп  емес,  нақты  еуразиятанушы-тарихшы  ретінде  бағалауымызға 

мүмкіндік  береді.  Яғни,  оның  мұрасы  тарихи,  олай  болса,  олардан  қоғамдық-

саяси  ойлаудың  тиімді  бағыты  ретінде  терең  негізделген  еуразиятанушылық 

ұстанымды тани аламыз. 

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Лев Гумилев: энциклопедия/бас. ред. Е.Б.Сыдыков, Астана, 2012 

2. «Л.Гумилев – нағыз гуманист ғалым». Егемен Қазақстан. Қазан, 2012ж, 

№6 


3. Лев Гумилев и тюркское возрождение. – Астана: Фолиант, 2012.  

4. «Лев.Гумилев шығыстанушы ғалым». Жас Алаш №55 (15513) 13 шілде, 

сейсенбі 2010 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

ӨТІНІШ 

 

Тегі, аты, әкесінің аты (толықтай) 



Мырзахмет  Ғалия  Кеңесбайқызы, 

Ермаханова Рая Бейсенәліқызы 

Баяндаманың тақырыбы  

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы 

Л.Н.Гумилевтың өмірі мен 

шығармашылығы 

Секция 

Л.Н.Гумилев: өмірі мен ғылым 



Жұмыс орны (мемлекеті, ұйымның 

толық атауы, кафедрасы) 

Қазақстан Республикасы, Тараз қ, 

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

«Қазақстан тарихы» кафедрасы 

Лауазымы 

Ғылыми дәрежесі 



Тарих магистрі 

Үй/жұмыс телефондары: 

Сатыбалдиев көшесі, №4 

87011325557 

E-mail 

raika_-84@mail.ru  

Почталық мекен-жайы 

Тараз қ, М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ, Төле би 60 

Қатысу түрі 

тыңдаушы 

Баяндама жасауға қажетті техникалық 

құралдар 

Қонақ үйге қажеттілік, келу мерзімі 



Қажет, 11 қазан, 2013ж 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал