Л. Н. Гумилева L. N. Gumilyov eurasian national university



жүктеу 6.05 Mb.

бет25/53
Дата22.04.2017
өлшемі6.05 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53

Әдебиеттер тізімі 

 

1.  Горшков  А.С.  Концепция  и  технология  управления  региональной  системой 

высшего  образования:  Автореф.  дис.  ...  докт.  пед.  наук.  —  Свердловский  пед,  институт., 

2003.-50 с.  



 

 

 

Г.Б. Рахимжанова 

өнер магистрі 

rahimzhanova.gulnur@mail.ru

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ 



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ 

 

Қазақстанның егемендігін алғаннан бері ӛткен уақыты ұзақтығы бойынша нарықтық 



қайта  құрулардың  тиімділігін  тек  әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан  ғана  емес,  салалық 

макро  және  микро  деңгейлерде  талдауға  жеткілікті.  Осы  жерде  білім  жүйесіне  кӛп  кӛңіл 

аудару  қажет,  себебі  оның  жағдайы  ұлттық  экономиканың  барлық  салалардағы 

инновациялық процесстерді жүзеге асыруда анықтаушы фактор болып табылады. 

Жоғарғы технологиялық  және ғылыми сыйымдылығы жоғары ӛндірістерді  құру  мен 

дамыту материалдық және материалдық емес ӛндіріс салаларын дамытуға жол ашады. 

Бұл жерде білім беру жүйесінің рӛлі күшейе түседі. Бірақ, қазіргі жағдайда білім беру 

сферасында  кӛптеген  мәселелер  ӛз  шешімін  таппай  отыр.  Осыған  байланысты 

қарастырылатын  мақала  тақырыбы  ӛте  ӛзекті  және  ғылыми  –  тәжірибелік  мәні  бар  болып 

табылады.  Нарықты  экономика  ғаламдық  процестерді  ескеретін  білім  жүйесінің 

модернизациясын және жоғары сапа дәрежесіндегі мамандарды қажет етеді. 

Инновациялық  процестердің  даму  аспектілері  шетелдік  кӛптеген  ғалымдардың 

зерттеулерінде  кӛрініс  тапқан,  солардың  ішінде  келесі  ғалымдарды  атап  ӛтуге  болады: 

Р.Акофф,  Б.  Артур,  Г.  Беккер,  В.  Беренс,  Р.Драккер,  Д.  Кларк,  Р.  Нельсон,  Б.  Санто,  Г. 



214 

 

Сильверберг,  А.  Тоффлер,  Д.  Фридман,  Т.  Шульц  және  т.б.  Олар  инновация  теориясының, 



инновациялық 

процестердің 

дамуының, 

олардың 


жекелеген 

елдердегі 

халық 

шаруашылығында  және  кәсіпорындарда  алатын  орындарының  базалық  концептуалды 



жағдайларын негіздеді. Инновациялық теорияның негіздері мен сонымен тығыз байланысты 

зияткерлік  меншік  қатынастары  қалыптасқанына  қарамастан,  кӛптеген  жағдайлар 

нақтылауды, зерттеуді әрі қарай жалғастыруды және дамытуды қажет етеді. 

Қазақстанда  жаңалықты  енгізу  мәселелерімен  және  оларды  жоғары  білім    беру 

жүйесіне енгізумен Ә.Ә.Әбішев, О.Б.Баймұратов., Б.А.Кембаев, А.К.Қошанов, А.Г.Кравцов, 

Ю.В.Комлев,  Ф.М.Днішев,  Қ.О.Оқаев,  Ұ.М.Ысқақов,  Е.М.Арынов,  С.Б.Абдыгаппарова,   

Г.М. Мұтанов, Ю.В. Баталов айналысады. Олар ғылымның инновациялық дамуының жалпы 

басымдылықтары мен инновациялық жаңалықтарды енгізуді ұсынған. 

Соған  қарамастан  сол  жаңалықтарды  енгізудің  нақты  принциптері  зерттеулерде 

жеткілікті  мӛлшерде  кӛрініс  таппаған.  Қазақстанның  білім  беру  жүйесін  реформалау 

мәселелері,  жоғары  мектептегі  білім  беруді  инновациялау  кең  талқыланбаған,  оның 

инновациялық әлеуеті дұрыс бағаланбаған. Зерттеу пәніне арқау болған ҚР жоғары мектепті 

инновациялық  қамтамасыз  етудің  экономикалық  қатынастарының  жиынтығы  болып 

табылды. 

Зерттеудің  нәтижелерінің  ғылыми  жаңалығы  Қазақстанның  жоғары  білім  беру 

жүйесінің  дамуының  инновациялық  жолға  ӛтуін  ынталандыру  тұрғысындағы  теориялық 

және тәжірибелік кеңестерді жасаудағы ӛзекті мәселелерді шешу болып табылады. 

Қазіргі  кезеңдегі  экономика  ғылымының,  оның  ішінде  инновация  теориясының 

дамуында  жаңаның  қалыптасуы,  жаңа  енгізілімдерді  тарату(диффузия),  инновациялық 

шешімдерді жасау, инновацияларды адам қажеттілігіне бейімдеуге негізделетін бағыттарды 

ажыратуға болады. Инновация басқа да ғылымдардың қарастыратын объектілеріне айналуда, 

сонымен  бірге  әрқайсысы  оның  ӛзіндік  мәселелері  мен  сұрақтарын  зерттейді.  Философия 

жаңа білім мен қайшылықтарды шешу нұсқаларына, психология туындаған келіспеушіліктер 

мен оларды шешу тәсілдеріне назар аударады. Техникалық ғылымдар түбегейлі жаңа ӛндіріс 

әдістерін қалыптастырудың технологиялық жақтарын негізге алса, экономикалық ғылымдар 

идеялар мен теорияларды ендіру, инновация мәселелерінің басымдылығы сұрақтарына және 

инновациялық  идеялардың  қажеттілігінің  экономикалық  алғышарттарына  кӛңіл  аударады. 

Білім  беру  саласындағы  инновацияны  жасау,  игеру  және  тарату  –  жаңа  білім  беру  жүйесін 

қалыптастырады.  Бұл  икемді,  ашық,  жеке  тұлғалық,  жасампаздық  білімнің,  адамның  бүкіл 

ӛмір бойы үздіксіз білім алуының жаhандық жүйесі. Білім беру жүйесіндегі инновациялар ең 

бірінші келесі жайлар маңызды роль атқаратын жүйешелерден тұрады.  

- Технологиялық инновациялар – жаңа білім беру технологиясы

-  Педагогикалық    инновациялар  –  оқыту  мен  білім  берудің  жаңа  әдістері  мен 

тәсілдері; 

- Ұйымдастырушылық  инновациялар – жаңа ұйымдастырушылық құрылымдар және 

білім беру саласындағы жаңа институционалдық формалар; 

-  Экономикалық  инновациялар  –  білім  беру  саласындағы  жаңа  экономикалық 

механизмдер. 

Педагогикалық  инновациялар  –  бұл  жаңа  педагогикалық  технологияны,  оқыту 

қызметінің жаңа әдістерін, тәсілдерін, әдістемелерін әзірлеу және тарату. Оқытудың белсенді 

және интербелсенді әдістері – бұл оқу және ұйымдастыру міндеттерін тиімді шешу құралы. 

Оның міндеттері: 

-  теориялық  білімді  бекіту,  жаңа  тәсілдер  мен  әдістерді  ендіру,  практикалық 

дағдыларды сіңіру, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру, оқитындардың ӛзін ӛзі дамыта білуін 

және ӛзін ӛзі кӛрсетуін қамтамасыз ету; 

- оқу материалының меңгерілу процесіне үздіксіз бақылау орнату; 

-  ӛндірістік  функцияларды  жүзеге  асыру  (ӛндірісті  ұйымдстыру,  жоспарлау,  есеп 

беру, бақылау, талдау, үйлестіру, реттеу және т.б.); 



215 

 

-  жағдайды  талдау,  проблемаларды  анықтау,  міндет  қою,  проблемаларды  шешу 



жолдарын  анықтау  және  т.б.,  зерттеу  операциялары    сияқты  басқармалық  шешімдерге 

серіктес процедуралар жинағын ретімен орындау.  

Технологиялық  инновацияны  әзірлеу  мен  пайдалану,  білім  беру  процесінде  жаңа 

компьютерлік  және  телекоммуникациялық  технологияны  пайдалану  инновациялық  оқу 

үрдісін  дамытудың  жетекші  факторы  болып  табылады.  Жаңа  ақпараттық  технологияны 

үздіксіз  қарқынмен  тұрақты  жетілдіру  соңғы  он  жылдықта  білім  беру  саласындағы  жаңа 

ендірімдерді  ынталандырады  және  жеделдетеді.Жаңа  технологияны  пайдалану  барысында 

ұйымдастырушы  инновацияларды  меңгеру  бүкіл  білім  беру  жүйесінің  маңызды  факторы 

болып  табылады.  Тәжірибенің  кӛрсеткендей,  дәстүрлі  білім  беруге  тән  ұйымдастыру 

жүйесінің  аясындағы  белгілі  бір  оқу  бағдарламаларында  кейбір  оқытушылар  жүзеге 

асыратын  жаңа  технология  негізіндегі  оқытудың  тиімділігі  ӛте  тӛмен  болып  келеді,  себебі 

бұндай оқыту оқу процесінің жаңа технологиялық негізін жасауға қосымша шығынды қажет 

етеді.  Бұл  шығындар  ақталу  үшін  білім  беру  нәтижесінде,  бұл  нәтиженің  сандық  және 

сапалық  ӛсуге  әкелуі  үшін  білім  беру  саласында  ұйымдастырушылық  инновацияны 

ойластыру және тарату қажет. 

Нарық  механизмдері  мен  жаңа  білім  беру  технологиясының  дамуымен  Қазақстанда 

білім беру саласында  экономикалық инновациялар қалыптасуда, атап айтқанда: 

- білім беруді мемлекеттік қаржыландырудың жаңа механизмдері; 

- білім беруді қаржыландырудың кӛздерін диверсификациялау; 

- студенттік ӛзін-ӛзі қаржыландыру және ӛзін-ӛзі басқару; 

- білім беру саласындағы салықтық ынталандыру; 

- білім беруді кәсіпорындардың қаржыландыруының жаңа механизмдері; 

- білім беру саласындағы еңбекті тӛлеу механизмі; 

- білім беру қызметінің ауқымынан үнемдеу механизмі. 

Білім  беру  инновацияларын  тарату  білім  беру  ӛнімдері  мен  қызметі  нарығының 

айтарлықтай кеңеюіне әкеледі, себебі: 

-білім беру қызметін тұтынушылар, білімге сұраныс күрт ӛседі; 

-білім беру ӛнімдері мен қызметінің ұсынысы барынша ұлғаяды; 

-білім беру ӛнімдері мен қызметі саласында бәсекелестік күшейеді. 

Жоғары  мектептегі  инновациялық  қызметтің  мәндік  мазмұнын  ашуда  кӛрсеткіштер 

жүйесі  айрықша  маңызға  ие.  Жоғары  мектептегі  инновациялық  қызмет  бір  позициядан 

қаралуы мүмкін емес. Жоғарғы мектептің инновациялық қамтамасыз етілуі сұрағын зерделей 

отырып, қомақты «салмаққа», болжаулық қасиеттерге ие негізделген кӛрсеткіштерді бӛлген 

жӛн деп есептейміз. 

Қазақстанда  инновациялық  білім  және  инновациялық  инфрақұрылым  сәтті  дамуда, 

жоғары  оқу  орындарында  корпоративті  мәдениет  және  бәсекелестік  орта  қалыптасуда, 

бизнес  инкубаторлар  мен  студенттік  инженерлік  зертханалар  құрылып  жұмыс  жасауда  деп 

бекіту- уақыттан озғандық.. 

Жоғары  мектептің  бірінші,  екінші,  үшінші  даму  кезеңдері  ең  бірінші  мемлекеттік 

жоғары  оқу  орындарының  ӛсуімен  сипатталды,  бірақ  кейіннен  отандық  жеке  меншік  және 

шетелдік жоғары оқу орындары да қарқынмен дами бастады. Оларда 140 мамандық бойынша 

білім  берілді,  негізінен  гуманитарлық  сала  бойынша.  2000  жылға  дейін  мемлекеттік  емес 

жоғары  оқу  орындары  санының  ӛсу  бағыты  орын  алды,  әрі  қарай  оларды  дамыту  олардың 

сапалы ӛсуіне бағытталды. 

Жоғары оқу орыны жүйесінің дамуындағы ерекше орынды, Қазақстан Республикасы 

Президентінің  Жарлығымен  (Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2001  жылдың  5 

шілдесіндегі  №648  «Жекелеген  жоғары  оқу  орындарына  айырықша  мәртебе  беру  туралы» 

Жарлығы) жекелеген жоғары оқу орындарына айырықша мәртебе берілуі алады. 

Аймақтық  білім  беруді  дамыту  мақсатында  елімізде  18  аймақтық  жоғары  оқу  орны 

анықталған.  2001  жылы  екі  халықаралық  жоғары  оқу  орны  ашылды:  Қазақ-Британ 

техникалық университеті мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстан филиалы. 


216 

 

Әлемдік  қауымдастық  қабылдаған  жоғары  білім  беруді  дамытудың  интегралдық 



кӛрсеткіштерінің  бірі  10  мың  халыққа  келетін  студенттер  саны  болып  табылады.  Бұл 

кӛрсеткіш  бойынша  1995  жылдан  бастап  студенттер  санының  артуы  байқалады,  бірақ 

бұнымен қатар бюджет есебінен оқитын студенттер санының ара салмағы кеміген. 

Мемлекеттік  емес  жоғары  оқу  орындарының  айтарықтай  ӛсуі  жалпы  студенттер 

санының  ӛсуінен  туындады.  Соңғы  бес  жылда  студенттер  контингенті  21%-ға  ӛсті  және 

717053  адамды  құрады,  оның  ішінде  мемлекеттік  оқу  орындарында  15%  шегінде  артты,  ал 

жеке  меншік  жоғары  оқу  орындарында  студенттер  саны  шамамен  2,5  есе  ӛсті,  Бұл  жеке 

меншік  білім  берудің  ролінің  артқанын  кӛрсетеді.  Соңғы  жылдары  жалпы  студенттер 

санындағы меншік оқу орындарының үлесі біршама ӛсті –25,8%-дан 51,1 %-ға дейін.  

Қазіргі уақытта жоғары білім беру жүйесінің барлық оқу формаларында 717 мыңнан 

астам  студенттер  оқиды.  Білім  алуға  қол  жеткізудің  теңқұқылық  мемлекеттік  саясаты  ҚР 

барлық  ұлттары  мен  ұлыстары  ӛкілдерінің  білім  алуына  жағдай  жасайды.Осы  уақытта 

еліміздің  жоғары  оқу  орындарында  80-нен  астам  ұлт  ӛкілдері  оқуда.  10  мың  халық 

санындағы студенттер 2000 жылы екі есеге артып, 2008 жылы 490 адамды құрады. Бірінші-

тӛртінші  кезеңдерде  жоғары  оқу  орындарының  профессорлық-оқытушылық  құрамында 

түбегейлі  ӛзгерістер  болды.  2001  жылдардағы  Қазақстан  Республикасы  жоғары  оқу 

орындарыныңдағы профессорлық-оқытушылық құрамы қазіргі кӛрсеткішпен салыстырғанда 

әлде қайда жоғары кӛрсеткіш кӛрсетті. 

Егер  1995  жылы  мемлекеттік  азаматтық  жоғары  оқу  орындарының  профессорлық-

оқытушылық  құрамы  28129  адамды  құраса,  оның  ішінде  931  доктор  және  8159  ғылым 

кандидаттары  болды,  2004  жылы  профессорлық-оқытушылық  құрам  42223  адамнан  тұрды, 

оның ішінде 2703 доктор және 12271  ғылым кандидаттары болды. Бұл ӛсуге профессорлық-

оқытушылық  құрамға  бизнестің  әр  түрлі  салалардан  мамандарды  қайтару,  сонымен  қатар, 

ғылым  кандидаттары  мен  докторлары  дәрежелерін  беру  санының  артуы  әсерін  тигізді. 

Бесінші  кезеңде  жоғары  оқу  орындарының  профессорлық-оқытушылық  құрамына 

қойылатын талап заң жүзінде қатаңдатылды. Оқытушылық лауазымға үміткерлер жеке еңбек 

келсімі  шартын  жасау  үшін  конкурстық  іріктеуден  ӛтуге  міндетті  болды.  Конкурста  терең 

кәсіби  даярлығы  және  ғылымның  тиісті  саласында  ғылыми  жетістіктері  бар,  жоғары 

интеллектуалдық  және  моральдік  қасиеттерге  ие,  жаңа  заман  талабының  деңгейінде 

мамандар  даярлауға  қабілетті  барынша  білікті  тұлғалар  іріктелді.  Қазақстан  жоғары  оқу 

орындарының  штаттық  оқытушылары  жӛніндегі  мәліметтер  базасы  жасалды.  Жоғары  оқу 

орындарының  педагогикалық  қызметкерлеріне  жүргізілген  аттестация  кәсіби  құзіреттілік 

деңгейінің  артуына,  шығармашылық  бастамашылықтың  және  шеберліктің  дамуына, 

педагогикалық  қызметкерлердің  беделі  мен  абыройының  ӛсуіне,  моральдік  және 

материалдық кӛтермелеу мүмкіндігінің кеңейіуіне, еңбекті тӛлеу деңгейінің кӛтерілуіне жол 

ашты. 

2007-2008  оқу  жылында  жоғары  кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  профессорлық-

оқытушылық  құрам  қызметкерлерінің  саны  41,3  адамды  құрады,  оның  ішінде  мемлекеттік 

білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер саны 27,6 мың адам болды. Республика бойынша 

жоғары  білім  беруде  ғылым  кандидаттары  мен  докторларының  үлесінің  арту  бағыты 

байқалды.  2007  жылы  ғылым  кандидаттарының  үлесі  жалпы  профессорлық-оқытушылық 

құрам  қызметкерлерінің  31,8%  құраса  (2005  жылы  29,4%),  ғылым  докторлары  7,3%  (2006 

жылы 7%) құрады. Орта есеппен елімізде 2007 жылы профессорлар үлесі біршама тӛмендеп, 

6,3%-ды құрады. Тӛмендеу тенденциясы бүкіл республика бойынша, сонымен бірге еліміздің 

кӛптеген  аймақтарында  орын  алды.  Республика  бойынша  жоғары  білім  беруде  ғылым 

кандидаттары мен докторларының доценттердің ӛсу қарқыны байқалды. 

Оқу процесін кадрлық қамсыздандыру Қазақстан жоғары оқу орындары менеджменті 

қызметінің  ең  басты  салаларының  бірі  болып  табылады.  Ғылыми-педагогикалық  кадрлар 

ескірді,  ғылыми-зерттеу  әрекеттеріне  деген  әлсіз  мотивация  жоғары  білім  беру  саласынан 

ақыл-ойдың  ел  экономикасының  басқа  да  қызығушылық  тудыра  білген  салаларына  ауып 

кетуіне себеп болды. Қазақстандағы жоғары білімді  дамытуға  қорытынды баға тек сандық-


217 

 

сапалық  кӛрсеткіштермен    ғана  емес,  сонымен  қатар,  тәуелсіз  бӛгде  мамандармен  келісім 



шарттар  жасасумен  де  сипатталады.  Ломоносов  атындағы  Мәскеу  мемлекеттік 

университетінің  тарих  факультеті  жанындағы  кеңестен  кейінгі  кеңістіктегі  қоғамдық-саяси 

үрдістерді  зерделеу  жӛніндегі  Ақпараттық-талдау  орталығы  ӛзінің  қорытынды  бағасын 

берді. 

Жаңа  мыңжылдық  басында  Қазақстан  білім  берудің  жаңа  принциптерін 

қалыптастыруда  шешуші  қадам  жасады.  Біреулер  үшін  бұл  процесс  «жетілдіру,  дамыту, 

жаңғырту»  болса,  біреулер  үшін  «вестернизация»,  яғни  толық  немесе  ішінара  қайта 

бағдарлау  болды.  Ресейде  жоғары  оқу  орнына  түсуге  бірыңғай  тестілеуге  кӛшу  қажеттілігі 

немесе кӛшудің мүмкін еместігі туралы дау жалғасу үстінде болғанда Қазақстан толығымен 

Біртұтас Ұлттық Тестілеу моделіне кӛшіп кетті, жоғары оқу орындарын акциялау мен білім 

беру гранттары мен кредиттерін беру жүйесін ендіруге кірісті. 

Қазақстандағы жоғары мектепті реформалардың маңызды шарттарының бірі еліміздің 

Болон процесіне жедел кіруі және үш деңгейлі моделге енуі болды. Бұл деңгейлер: базалық 4 

жылдық  бакалавриат,  2  жылдық  магистратура,  докторлық  бағдарлама  PhD.  Доктарантура 

аспирантура,  ізденіс,  докторлық  диссертацияны  даярлаудың  әр  түрлі  формалары  сияқты 

білім  беру  бағдарламаларының  жиынтығын  біріктіреді  деп  қарастырылған.  Білім  беру 

реформасының  идеологтары  PhD  бағдарламалары  диссертациялық  зерттеулерге  әзірлік 

кезеңін  барынша  қысқартады  және  ғылыми  дәреже  беруде  кӛптеген  формальді  сәттерді 

жояды  деп  сендіреді.  Бұдан  ӛзге,  кеңестен  кейінгі  кеңістікте  халықаралық  білім  беру 

стандарттарының рецепциясы жолындағы кедергілердің бірі - нострификация проблемасы – 

жоғары білім туралы құжатты мойындау проблемасы шешіледі. 

Жоғары  мектепті  ұйымдастырудың  үш  деңгейлі  моделіне  кӛшу  –  бұл  бұрынғы 

Одақтың  барлық  елдері  бетпе-бет  келген  проблема.  РАЕН  академигі  Л.И.  Бородкиннің 

пікірінше  кеңестік  жоғары  білім  беру  жүйесі  ұзақ  уақыт  ӛзін-ӛзі  ақтап  келді  және  білім 

берудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете білді. Алайда, ТМД елдері жаңа нарық жағдайында 

бұл  моделді  ӛзгеріссіз  сақтап  қала  алмады,  мамандарды  даярлаудың  бес  жылдық  жүйесі 

еңбек  нарығының  сұраныстары  ӛтей  алмады,  еңбек  нарығында  белгілі  бір  «ойы» 

қалыптасты, бұған бейімделуге дәл осы екі деңгейлі «магистр-бакалавр» жүйесі кӛмектесті. 

Басқаша  айтқанда,  шет  елде  бес  жыл  оқыған  маманның  дипломы  магистр  дипломының 

терезесі  тең  әріптесі  бола  алмады.  РФ  жоғары  оқу  орындарына  қарағанда  қазақстандық 

жоғары оқу орындары үшін бұл мәселе ӛзектірек мәселе болды, себебі Ресейде халықаралық 

білім беру  стандарттарына қарамастан дипломы Батыста  сұранысқа ие бірқатар  «бренддік» 

университеттер  болды.  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарының  мұндай  артықшылығы 

болмады  және  Болон  процесіне  ену  –  қазақстандық  дипломдардың  шет  елдерде 

жарамдылығын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болып табылды. 

Реформаның  бұл  аспектісі  Қазақстан  үшін  сонымен  бірге  қолданбалы  сипатқа  ие 

болды,  себебі  білім  берудің  халықаралық    стандарттары  жоғары  оқу  орындарының  білікті 

ғылыми  және  педагогикалық  кадрлармен  белгілі  бір  шамада  «толығуын»  қатаң  талап  етті. 

Ғылым  кандидаттары  мен  докторларының  қажетті  санының  жоқтығы  ғылыми  дәреже  алу 

процедурасын  жеңілдету  қажеттігін  талап  етті.  Бұл  міндетті  шешу  аясында  PhD 

бағдарламасы  бойынша  дайындықтан  ӛткен  мамандар  тиісті  ғылыми  дәрежені  тікелей 

жоғары  оқу  орнының  диссертациялық  кеңесінде  алды.  Бұл  шешімнен  туындайтын  басқа 

сұрақ  –  алынған  ғылыми  дәреженің  оқытушының  нақты  біліктілігін  қаншалықты  шынайы 

кӛрсетуінде болды. 

Жоғары оқу орындарының ӛзгергіш ортасында кӛшбасшы болып қалу ӛте қиын және 

сондықтан  оған  үнемі  ортаның  сыртқы  факторларына  икемді  бейімделу  және  ӛз  әрекетін 

үнемі  білім  беру  технологиясына  бағыттап  отыру,  оқу  қорын  жетілдіріп,  табанды  даму 

бағытын ұстану қажет. 

Біздің пікірімізше, жоғары мектептің ұзақ мерзімді даму курсын анықтайтын олардың 

стратегиялық бағыттары болып табылатындар: 



218 

 

- оқу, ғылыми, инновациялық процестердің біртұтастығын қамтамасыз ету және іргелі 



және қолданбалы зерттеулерді дамыту; 

 - ғылым және білім берудің толық инновациялық  циклін қалыптастыру және жүзеге 

асыру; 

-  университеттің,  мемлекеттің,  ӛнеркәсіптің,  ғылыми  ұйымдардың,  бизнестің 

стратегиялық тұрақты серіктестік жүйесін, әрекет етуші ғылыми-педагогикалық мектептерді 

қолдау және жаңа мектептер қалыптастыру; 

-  инновациялық  білім  беру  жүйесі  мен  мамандарды    элиталы  дайындау  жүйесін, 

корпаративті мәдениет пен университеттің сыртқы бәсеке қабілетті ортасын жасау; 

-  университтетің  студенттерін,  оқытушыларын,  қызметкерлерін  академиялық 

құндылықты  шоғырландыруға  және  кәсіпкерлік  мәдениетке  ынталандыру  жүйесін, 

қаржыландырудың дискретті кӛп арналы базасын және фандрайзингін жасау; 

- инновациялық басқару жүйесі мен сапаның жалпыға ортақ басқару принциптерімен 

үйлесімдегі  жүйесін  құра  отырып,  отандық  және  шетелдік  нарықта  университеттің 

кӛшбасшылық позициясын қамтамасыз ету. 

Білімді,  ғылымды  және  ӛндірісті  біріктірудің  шетелдік  тәжірибесі  инновациялық 

дамудың  орталығы  болып  табылатын  шетел  университеттері  бұл  тұрғыда  орасан  зор 

жетістіктер кӛрсетіп отыр. 

Ұлыбританиядағы  реформаны  талдау  қаржылық  ресурстарды  басқару  саласында 

университеттердің  ӛз  еріктілігінің  артқанын  және  жоғары  оқу  орындарының 

коммерциялануға  айқын  бағытталғанын  кӛрсетті.  Қазақстанда  ӛткізіліп  жатқан  нарықтық 

ӛзгерістер  шет  ел  оқу  орындарының  тәжірибесіндегі  қосымша  табыс  алу  принциптерін, 

әдістерін, тәсілдерін және оларды инновациялық әзірленімдерге пайдалануды Қазақстанның 

ӛзіне  үлгі  етіп  алу  қажет.  Оксфорд  университетінің  тәжірибесі  әсіресе  үлгі  болуға  лайық. 

Мұнда кәсіби мүдделері  бойынша келесідей болатын тұлғаларды шығарады. 1. жеке тұлға-

инновацияcы; 2 . жеке тұлға -кәсіпкер; 3. жеке тұлға-ӛндіруші; 

Бұл  үш  тұрпаттағы  тұлғалар  болашақта  фирманың  тағдырын  шешеді.  Оксфорд 

университеті  ӛз  қабырғасында  ӛз  түлектерінде  ӛндіріуші  мен  кәсіпкершілік  мүдделері  бар 

иновацияшы  тұлғаны  дамытуға  ұмтылады.  Егер  түлектердің  арасында  осы  үш  мүддеге  ие 

жеке  тұлға  қалыптасса,  онда  оның  жоғары  бәсеке  қабілеттігі  туралы  айтуға  болады.  Бұл 

әсіресе әлемнің бәсеке қабілетті елу елінің қатарына кіру туралы жуық уақытқа міндет қойып 

отыған Қазақстан үшін ӛте маңызды жағдай болып табылады. 

Кәдімгі  мемлекеттік  жоғары  оқу  орнынан  техникалық  университеттің  аймақтық 

инновациялық  ортаға  күшті  әрекет  жасай  отырып,  ӛзінің  ірі  капиталы  негігізінде  жұмыс 

істейтін  сәтті  инновациялық  университетке  айналуы  келесі  бес  факторды  максимальді 

пайдаланудың арқасында мүмкін болды: 

1) жақсы дамыған инновациялық құрылым; 

2)  барынша  талантты,  беделді  және  қуатты  ғалымдардың  болуы  мен  оларды  тиімді 

пайдалану; 

3) тиісті интеграциялы инновациялық мәдениет; 

4) күшті әкімшілік негіз; 

5) қаржы түсу кӛздерінің диверсификациясы. 

Аймақтық  инновациялық  нарықты  басқарудың  және  қаржыландырудың,  дамытудың 

орталықсыздандырылуындағы  швед  тәжірибесі  біздің пікірімізше,  оны  отандық  тәжірибеде 

пайдалану үшін үлгі боларлық тәжірибе. Бұл әсіресе Қазақстанның оңтүстігі мен батысында 

қоладануға  жарамды  болып  келеді.  Бұндағы  әкімдіктердің  білім  беру  процесінде,  оның 

ішінде Жоғары мектептегі оқыту процестерін күрт жақсартуға қаржылық мүмкіндіктері бар. 

АҚШ-ның университеттері ӛз мәні бойынша айырықша бір инттелектуалдық орталық 

болып  табылады,  оларда  іргелі  және  қолданбалы  зерттеулер  мамандар  дайындаумен  тығыз 

байланысты. Олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын мемлекеттік қолдау кӛрсету кӛлемі кез 

келген басқа елге қарағанда айтарлықтай жоғары, ал АҚШ  университтері қызметкерлерінің 

интеллектуалдық қызметтерінің нәтижесін «тиімді пайдалану» дәрежесі әлемдегі ең жоғары 


219 

 

болып  табылады.  Университтердің  ғылыми-зерттеу  жобалары  федеральдық  үкімет 



тарапынан  қаржылық  қолдауды  гранттар,  контрактілер,  бірлескен  әрекеттер  туралы 

келісімдер түрінде алады. 

Мемлекеттік  қолдау  кӛлемі  біршама  қаржыны  қарастырады,  кӛп  жағдайларда 

университеттің  инновацияға  жұмсалатын  шығындарын  жабуға  жеткілікті,  сондықтан 

сипатталып  отырған  Кембридждік  қаржыландыру  моделінің  инновациялық  іс-шараларды 

жоспарлау және қаржылық қамсыздандыру жүйесінің мемлекеттік және жергілікті бюджетті 

барынша  тиімді  пайдаланатынын  атап  ӛткен  жӛн.  Дәл  осы  тәсіл,  қолда  бар  ресурстарды 

тиімді  пайдалануға  негізделген  қаржы  жұмсау  тәсілі  университеттің  материалдық  базасын 

нығайтуға және оған қол жетімділіктің тең таралуын қамтамасыз етеді. 

АҚШ-да  әр  түрлі  университеттерде  инновациялық  проблемаларға  ерекше  кӛзқарас 

пен  шешім  қабылдау  байқалады.  Біздің  пікірімізше  жоғары  білімнің  американдық  моделі 

қазақстандық  жағдайға  жарамды  емес.  Біріншіден,  ол  жеке  меншікке  негізделген, 

Қазақстанда  білім  беру  саласының  институтционалдық  құрылымы  мемлекеттік  жүйеден 

аралас  жүйеге  аусуда.  Екіншіден,  жоғары  оқу  орындарының  әрекеттеріне  инновациялық 

қамтамасыз  ету  бойынша  кӛптеген  іс-шараларды  Қазақстан  «кӛтере  алмайды»  - 

қаржыландыру моделі ӛте ірі соманы пайдалануға негізделген. 

Канада  университеттерінің  инновациялық  тәжірибесін  зерделеуге  кӛптеген 

мемлекеттер  қызығушылық  білдіріп  отыр  және  оның  жекелеген  элементтерін  пайдалану 

Қазақстан  үшін  жарамды  болады.  Канада  жоғары  оқу  орындарындағы  әкімшілік 

шығындардың тӛмен деңгейінен туындап отырған университетте бос қаражаттың жоқтығы, 

сонымен бірге ӛнертапқыштық еңбекті  кеңінен ынталандыру біздің еліміздегі  жағдайға ӛте 

ұқсас  және  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындары  үшін  де  ӛнертапқыштық  еңбекті  кеңінен 

ынталандыру аса қажет. Тағы бір ұқсастығы – Қазақстанда, Канадада да әкімшілік бірліктер 

үлкен аумақты алып жатыр,  оның әр қайсысының ӛз ерекшелігі бар, олардың әрқайсысының 

білім беру  процесін ӛзінше қаржыландыру мүмкіндігі бар. 

Шетелдік 

университеттердегі 

аталған 


проблемалар 

Қазақстанда 

ғылыми 

инновациялық 



сфераны 

басқару 


құрылымдарын 

қолдану 


қажеттілігі 

жӛнінде 


қорытындылауға  мүмкіндік  береді.  Жоғарғы  оқу  орындарының  инновациялық  жүйесінің 

концептуалдық  шешімін  жобалаудың  әртүрлі  нұсқаларын  құру  және  оның  ішінен  ең 

дұрысын таңдауда. 

Шет  елдік  жоғары  оқу  орындарының  тәжірибесін  ескере  отырып  құрылған 

инновациялық  университет  Қазақстан  экономикасында  оң  ӛзгерістер  тудыруға  қабілеті  бар 

мамандар,  зерттеу,  жобалау  және  кәсіпкерлік  қызметті  кешенді  үйлестіре  білетін 

профессионалдарды  дайындауды  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Мұндай  мамандарды 

даярлау  іргелі  ғылымдарды  терең  меңгеруге,  инженер  ісін  зерделеуге,  инженерлік 

шығармашылыққа және кәсіпкерлік іскерлікті игеруге негізделеді. 

Бұндай  инновациялық  университеттің  түлектері  тек  интеллектуалдық  еңбек 

нарығында жұмыс істеуге бағдарланады,  сонымен бірге олардың ӛздері  кәсіпкерлік қызмет 

атқаруға және жаңа жұмыс орындарын жасауға қабілетті болып табылады. 

Барлық  елдерге  жарамды  жоғары  білім  берудің  идеалды  жүйесі  жоқ.  Әр  мемлекет 

елдің  әлеуметтік-экономикалық,  тарихи,  мәдени  және  қолда  бар  ресурстардың  басқа 

жағдайларын  есепке  ала  отырып,  білім  берудің  ұлттық  бағдарламасын  жасайды  және 

жетілдіреді.  Әр  елдерде  бар  білім  беру  моделдерінің  кейбір  элементтерін  мұқият  зерделеу 

мен    шамалап  пайдалану  және  Жоғары  мектепті  инновациялық  қамсыздандырудың  негізгі 

проблемаларын шешу жолдарын зерттеу ӛзекті мәселе болып табылады. 

Экономиканың  инновациялық  дамуын  қамтамасыз  етудегі  әдістемелік  және 

теориялық қадамдарға зерттеу жүргізу келесідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді. 

1.  Республикадағы  экономикалық  қайта  құрылудың  сипатын  анықтайтын 

интеграциялық  процестердің  дамуы  жағдайында  «инноватика»  санатын,  оның  әрі  қарай 

теориялық және тәжірибелік мәнін нақтылау қажеттілігі пайда болады. 


220 

 

2.  Ғылыми-тәжірибелік  тұрғысынан  қазіргі  әлемдегі  инновацияға  және  оның 



санаттарына  анықтамалар  берілді.  Технологиялық  бизнес  дамуымен  сипатталатын 

инновациялық экономикадағы негізгі бағыттары анықталды. 

3.  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесі  терең  ғылыми  және  зияткерлік  зерттеулер 

негізінде жасалған, заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып, соңғы жылдардағы 

жетістіктерді  қамтитын,  кең  кӛлемді  болуы  тиіс.  Жиырма  бірінші  ғасырда  мамандардың 

жалпы  мәдениеті  жоғары  болатындай,  түпкілікті  ғылыми  және  кәсіби  дайындығы  болуын 

талап  етеді.  Қазіргі  заманғы  білім  беру  институты  дәстүрлі  білім  беру  жүйесі  аясынан 

шығып, «ӛмір бойына оқу» процесіне айналуда. 

4.  Қазақстандағы  инновациялық  инфрақұрылымның  формаларын  зерттеу    салалық 

және жоғары білім беру мекемелеріндегі ғылыми негіздердің қалыптасуы басталғаны туралы 

тұжырым жасауға негіз береді; инновациялық инфрақұрылымның негізгі ұйымдастырушылқ 

формалары ұлттық технопарктер, аумақтық инновациялық орталықтар, шағын инновациялық 

кәсіпорындар  болып  табылады,  инновациялық  процеске  қатысатын  барлық  субъектілердің 

атқаратын қызметтері нақты түрде бӛлініп берілген. 

5.  Білім  берудің  Қазақстандық    жүйесі,  басқа  барлық  жүйелер  тәрізді  әлемдік  білім 

беру кеңістігіне интеграцияланып, келесі талаптарға сай болуы тиіс: 

-  білім  беру  жүйесінің  тұтастығы,  білім  берудің  мазмұны  мен  сапасына  қойылатын 

мемлекеттік талаптардың бірегейлігі; 

- білім берудің ыңғайлылығы мен кӛп деңгейлілігі; 

- білім беру мазмұнынының жаңалануы мен диверсификациясы; 

-  білім  беру  жүйесінің  компьютерленуі  мен  білім  алушылардың  білімін  тексерудің 

объктивті формаларын енгізу; 

- шет тілдерін оқу; 

- меншік түрлерінің және оқу орындарын қаржыландыру кӛздерінің кӛп түрлілігі; 

- шет елдік жетекші жоғары білім беру мекемелерімен тұрақты түрде қызмет ету. 

6.  Халықаралық  қоян-қолтық  қызмет  ету  кеңес  дәуірінен  кейінгі  кеңістіктегі  білім 

беруді жетілдіруге жағымды жағдай жасайтын маңызды фактор болып табылады.  Білім беру 

мен  ғылыми  зерттеулер  саласындағы  алмасу  елдер  арасындағы  ӛзара  түсіністіктің  ӛзіндік 

кӛпірі болып табылады. Бүгіндері бұл ӛте маңызды болмақ, ӛйткені Қазақстан, ғылымы биік 

дамыған  мемлекет  болғандықтан,  қазіргі  кезде  білім  берудің  және  оқытудың  жаңа 

бағдарламаларын жасау саласында кӛмекке және қолдауға зәру, атап айтсақ: бизнес саласы, 

менеджмент,  экономика,  үкіметтік  саясат,  журналистика,  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

сияқты мәдениеттің және әлеуметтің даму аспектілері. 

7. Білім беру жүйесінің ауқымды тенденциялардың мықтап әсер етуіне Интернет кӛп 

кӛмегін  тигізуде.  Бірқатар  шет  елдік  ғалымдар  Интернетті  маңыздылығы  бойынша  және 

жаңа  ақпараттық  технологияларды  ӛндірістік  революция  зардаптарымен,  энергияның  жаңа 

түрімен,  электр  түрін  ойлап  табумен  салыстыруда.  Интернет-білім  беру-  білім  берудің 

коммуникативті және интерактивті құралы, сондай-ақ білім берудің жаңа ӛнімдерін нарыққа 

шығару. 

8.  Білім  берудің  жүргізілген    сараптамасы  негізінде,  оның  дамуында  ең  алдымен 

келесі бағыттар болуы керегі туралы қорытынды жасалды: 

- білім беру жүйесінің жинақталған әлуетін сақтап қалу; 

- Қазақстан Республикасының білім берудің бүкіл әлемдік жүйесіне интеграциялануы; 

- білім беру жүйесінің еңбек нарығындағы ӛзгерістерге қарай балансты түрде дамуы; 



221 

 

- ақпараттық білім берудің жаңа технологияларының құралдарын  қолдану; 



- білім берудің ыңғайлы үлгісін жасау. 

9. Елде сәйкес ғылыми және білім беру базасын құрмай сапалы жаңа технологиялық 

деңгейге  ӛту  мүмкін  емес.  Жаһандану  процесімен,  ондаған  жылдар  шамасында  қоғамның 

элитасының ұдайы ӛндіріс процесін қамтамасыз еткен ұлттық  мектептердің дәстүрлері  мен 

ерекшеліктерін  сақтай  отырып  біріктіру  -  бұл  Қазақстан  үшін  күрделі  мәселе.  Қазақстанда 

білім беру реформасын жүргізудің алғы шарттары біржақты емес бағаланады. Бір жағынан, 

білім  беру  әдістемесі  мен  оқытушы  кадрларды  даярлау  деңгейі  тұрғысынан  бұрыңғы 

кеңестік  мектептің  базалық  негіздері  сақталған.  Оның  ӛзінің  артықшылықтары  мен 

кемшіліктері  бар.  Қазақстан  ел  сыртына  немесе  қоғамдық  ӛндірістің  басқа  сферасына 

ғылымда  және  білімдегі  талантты  кадрлардың  «ағып  кету»  кезеңінен  сүрінбей  ӛтті.  Бірақ, 

оқытушы  кадрлардың  «алтын  қоры»  баяғыдай  кӛп  емес,  соған  байланысты  кеңестік  іргелі 

білімнің  жағымды  жақтарын  «Болондық  процесте»  бекітілген  білім  алудың  жаңа 

технологиясын  шығармашылық  негізде  біріктіруге  қабілетті  жоғарғы  мектептің  жоғары 

маманданған оқытушыларын даярлаум әселесінің ӛзектілігі арта түседі. 




1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал