Л. Н. Гумилева L. N. Gumilyov eurasian national university



жүктеу 6.05 Mb.

бет23/53
Дата22.04.2017
өлшемі6.05 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53

Әдебиет тізімі 

 

1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы».  –Аcтана:  Білім, 

2010. - 74 б. 

2.  Ф.Ш.Оразбаева  Тілдік  қатынас  негіздері.  Оқулық.  Drints  издательство.  Алматы. 

2005. -34 б. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


197 

 

ФОТОГАЛЛЕРЕЯ 



(работа второй секции) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



198 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



199 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



200 

 

СЕКЦИЯ 3. БҤГІНГІ ЖОО-НЫ БАСҚАРУ 



 

СЕКЦИЯ 3. УПРАВЛЕНИЕ В СОВРЕМЕННОМ ВУЗЕ 

 

SECTIONS 3. MANAGEMENT IN MODERN HIGHER EDUCATION INSTITUTIONS 

 

М.П. Асылбекова 



педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

marzyia_asylbekova@mail.ru

 

 

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҤДЕРІСІН 



БАСҚАРУДЫҢ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Қазақстандағы қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістердің ауқымдылығы 

мен  күрделілігі  білім  беру  саласына  оның  ішінде  жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беру 

стратегияларына  ӛзгерістер  енгізуді  талап  етеді.  Әр  түрлі  болжамдарға  қарамастан,  қазіргі 

білім беру жүйесін дамыту үдерісінде жаңа оқыту түрлеріне, мазмұнына, технологияларына, 

формасы  мен  әдістеріне  қатысты  шығармашылық  ізденістердің  қарқындылығымен  әрі  кӛп 

түрлілігімен ерекшеленетінін мойындау қажет. 

Демек,  жоғары  оқу  орнының  саясаты  халықаралық  білім  стандарттарына 

сәйкестендіретін,  ғылым  мен  ӛндірісті  біріктіретін,  жоғары  мектептің  тәжірбие-нысаналық 

және интеллектуалдық әлеуетін күшейтумен, республика экономикасының барлық салалары 

үшін бәсекеге қабілетті және кәсіби білікті мамандарды дайындаудың шарттарымен міндетті 

түрде қамтамасыз етумен анықталады. 

Сондықтан  да,  Қазақстанның  жоғары  мектебі  әлемдік  білім  деңгейіне  жетуге  және 

бірыңғай  білім  беру  кеңістігіне  енуге  ұмтылуы  керек.  Яғни,  алға  қойған  мақсаттарға  жету 

механизімі  Болондық  процестің  ӛлшемдерін  орындау  болып  табылады.  Ол  үш  деңгейлі 

жүйеден  тұрады:  білім  берудің  несиелік  технологиясы,  оқытушылар  мен  студенттердің 

академиялық ұтқырлығы, сонымен қатар жоғары білім сапасын бақылау және басқару. 

Демек,  жоғары  мектептің  басты  мақсаты  –  бәсекеге  қабілетті  жастар  тәрбиелеу, 

жалпы  адамзаттық  құндылықтар  мен  мәдени-ӛнегелік  деңгейімен  оның  ой-ӛрісін  арттыру 

және жоғары білімді кәсіби мамандарды қазіргі заман талабына сай даярлау. 

Жоғары  білім  -  маманға  кәсіби  білім,  құзыреттілік  пен  іскерлік,  дағды  ғана  беріп 

қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Бүгінгі күнгі педагогика ғылымының кӛкейкесті 

мәселелері - әлемдік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, кәсіби қалыптастырудың 

сапасын  жақсарту,  біліммен  қамтамасыз  етудің  ғылыми-әдістемелік  жүйесін  түбегейлі 

жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін ӛзгерту, педагогикалық ғылымдарды 

ұйымдастыруды  қайта  құру,  ондағы  алдыңғы  қатарлы  оқу-тәрбие  тәжірибелері  мен  қазіргі 

қоғамның  сұраныстарының  алшақтығын  жою,  білімдегі  жаңашылдықты  саралау,  білімді 

жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру. 

Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық 

құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға 

және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни 

күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті кӛзделгенін 

ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек [1]. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  арнаған 

жолдауында:  «ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. 

Сондықтан  біз  болашақта  жоғары  технологиялық  және  білікті  ӛнеркәсіп  мамандарының 

шоғырын  қалыптастыруымыз  қажет.  Бұл  орайда,  Қазақстандағы  жоғары  оқу  орындарының 

міндеті  -  әлемдік  стандартқа  сай  білім  беру,  ал  олардан  алынған  дипломдар  дүние  жүзі 

мойындайтындай болуы қажет.  Біз әрбір  Қазақстан азаматтарының  дұрыс мүмкіндіктермен 

жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет», - деген болатын [2]. 



201 

 

Қазіргі  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  зерттеушілік,  компьютерлік,  жобалық 



және  кӛптеген  ӛзге  де  инновациялардың  кең  ауқымы  байқалады.  Алайда,  бұл 

инновациялардың  басым  кӛпшілігі  технологиялық  жеткіліксіздігі  мен  теориялық  негізінің 

әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. 

Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның 

орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі. 

Жоғары  білім  беруді  ұйымдастыру  мен  жетілдірудің  қазіргі  заманғы  келелі 

мәселелерін  Б.К.Момынбаев,  С.Ж.Пірәлиев,  М.Н.Сарыбеков,  В.А.Ким,  Ж.А.Шоқыбаев  ӛз 

еңбектерінде жан-жақты қарастырған. 

Қазақстандық  білім  беру  жүйесіндегі  басқару  мәселелері  де  ғалымдардың  зерттеу 

нысанынан  тыс  қалмады.  Мәселен,  жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  жүйесіндегі  оқу 

үдерісін  басқару  Н.Асанов,  Ш.Т.Таубаева,  С.С.Хасенов  ал,  жастарға  еңбек  және 

экономикалық  білім беруді  басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов, Г.Т.Хайруллин және т.б. 

ғалымдардың еңбектерінде кӛрініс тапқан. 

Білім  беру  саласында  жаңалықты  енгізу  үдерісіне  басшылық  жасау  және 

педагогикалық  инновация  мен  оқытудың  жаңа  технологиясы  мәселелерін  шетелдік  және 

Отандық  ғалымдарының  К.Бұзаубақова,  Е.З.Батталханов,  В.И.Загвязинский,  М.В.Кларин, 

Ж.А.Қараев, В.Я.Ляудис, С.Н.Лактионова,  Н.Н.Нұрахметов, М.М.Поташник, Ш.Т.Таубаева, 

Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова, еңбектерінде қарастырылған. 

Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың кӛлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық 

инновацияға,  оның  ішінде  инновациялық  білім  беру  үдерістеріне  қатысты  бірқатар 

аспектілер зерттеле бастады. 

Атап айтсақ, Е.Ш.Қозыбаев үздіксіз кӛп деңгейлі жоғары педагогикалық білім жүйесі 

үздіксіз  білім  мазмұнын  интеграциялық  тұрғыдан  құру,  басқару  жүйесіндегі  субъект  – 

субъектілік  ӛзара  әрекет,  білім  сапасын  басқарудың  инновациялық  механизмдері  арқылы 

бітірушілердің  педагогикалық  дайындығының  қажетті  сапасын  қамтамасыз  етуге  қабілетті 

екендігі айқындаған [3]. 

Дегенмен,  осы  еңбектерде  жоғары  мектептегі  инновациялық  білім  беру  үдерістерін 

басқаруды  кәсіби  қалыптастыру  мәселелері  ғылыми  тұрғыда  жеке  мәселе  ретінде  әліде 

зерттеуді қажет етеді. 

Қазіргі  заманғы  жоғары  мектептің  басты  міндеті  –  білікті  мамандарды  дайындау 

екендігі даусыз. Заман талабы ӛзгерген сайын жоғары мектепке ќоғам тарапынан ќойылатын 

талап  та  ӛзгеруде.  Ќазаќстан  Респуликасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  мемлекеттің 

болашаќ  дамуына  арналған  «Ќазаќстан  -  2030»  бағдарламасында  жоғары  білімнің 

сапалылығы,  адамсүйгіштігі  және  жаћандануы  арќылы  мәдениет  жасаушылыќ, 

интеграциялыќ  роліне  ерекше  мән  берген  болатын.  Осыған  байланысты  елімізде  жоғары 

білім  беру  саласы  соңғы  жылдары  ӛзгерістерге  ұшырап,  басқарудың  жаңа  жолын,  бағытын 

іздеуде. 

Жаңашылдық  білім  беру  саласының  алдында  тұрған  жаңа  міндеттерді  сәтті 

орындаудың  негізгі  шарттарының  бірі  болып  саналады.  Олар  оқу-тәрбие  жұмыстарының 

тиімділігі мен ӛнімділігін арттыруға септігін тигізеді. 

Қазір  әртүрлі  елдер  үшін  білім  беру  мен  тәлім-тәрбиені  дамыту  бағытында  ортақ 

қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу 

жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы 

байқалады.  Мұндай  айырмашылықтар  адамның  ролі  мен  оны  жетілдірудің  маңызын  және 

қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және 

жалпы  қоғамды  дамытудағы  білім  беру  жүйесінің  міндеттерін  әртүрлі  түсінуден  келіп 

шығады.  Яғни,  түрлі  қоғамдық-саяси  жүйелерімен  ерекшеленетін  елдерде  білім  беру 

саласына  жаңалықтар  әртүрлі  мақсаттармен,  тәсілдермен  және  атаулармен  енгізіледі  де, 

олардан  әртүрлі  нәтижелер  күтіледі.  Әрбір  елдердегі  бірдей  жаңалықтар  түрлі  қызметтерге 

ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады. 



202 

 

Осыған  орай,  біздің  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерді  сараптау  нәтижелері 



―новация‖ мен ―инновация‖ ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін кӛрсетті. Дегенмен, 

әдебиеттерде  осы  екі  ұғымның  әртүрлі  анықтамалары  кездеседі.  Инновация  ұғымын 

энциклопедиялар мен сӛздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. 

Инновация  ұғымына  Білім  және  ғылым  энциклопедиялық  сӛздігінде  жаңа 

басылымында ―инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер 

мен  ашылымдардың  немесе  жаңалықтардың  іс  жүзіндегі  қолданысы‖  деген  анықтама 

беріледі.Осы,  сӛздікте  ―новация  –  бар  нәрсенің  ішінара  жаңаруы,  яғни  қандай  да  бір 

бӛлігінің,  қасиетінің,  байланысының  ӛзгеруі‖  делінсе,  ―инновация  –  мүлдем  жаңа  нәрсе, 

жаңалық‖ деп тұжырымдалған. 

―Инновация‖ сӛзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сӛздерінен құралып, жаңару, 

жаңалық, ӛзгеру деген мағынаны білдіреді [4]. 

Қазақстанда  ең  алғаш    ―инновация‖  ұғымын  қазақ  тілінде  анықтаған  ғалым, 

профессор  Н.Нұрахметов.  Ол  ―Инновация,  инновациялық  үдеріс  деп  отырғанымыз  білім 

беру  мекемелерінің  жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  және  таратуға  байланысты  бір 

бӛлек қызмет‖ деп кӛрсетеді [3]. 

Ал, К.Құдайбергенова ―инновацияны‖  – нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа 

нәтиже  деп  есептеп,  тӛмендегідей  аудармалар  жасаған:  ―инновация‖  -  жаңарту, 

―нововедение‖ – енген жаңалық, ―новое‖ – жаңа, ―новшество‖ – жаңалық, ―инновационный 

процесс‖ – жаңарту үдерісі [3]. 

Дегенмен,  инновация  ұғымының  шығу  кезеңі  мен  тарихын  дәл  анықтау  мүмкін 

болмаса  да,  бұл  ұғым  қоғамдық  ғылымдарға  жаратылыстану  ғылымдарынан  келген  деп 

есептеледі.  Себебі,  инновациялар  кӛбіне  экономика,  техника,  агрономия,  ӛнеркәсіп  және 

медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен 

бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 

жылдарында  ғана  қолданысқа  енгізілді.  Мұның  басты  себептерінің  бірі  –  олардың 

мағынасының түрліше түсіндірілуінде. 

Кейбір  ғалымдар  инновациялардың  анықтамасын  берер  кезде  оның  түрлеріне  де 

ерекше  тоқталып  ӛтеді.  Кейбіреулері  білім  берудің  мақсаты  мен  міндеттеріне  негізделетін 

жаңалықтарды: материалдық және рухани,  құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, 

стратегиялық  жаңалықтар  деп  бӛлсе;  ал  біреулері  білім  беру  саласы  мен  ұйымдарындағы 

жаңалықтарды:  жаһандық,  жекелеген,  ұйымдық  және  спонтандық,  ірі  және  ұсақ,  сырттан 

әкелінген және спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады. 

Білім  берудегі  жаңалықтарды  жіктеу  барысында  инновацияның  адам  қызметінің  ең 

маңызды  түрлерінің  бірі  екендігін  ескерген  жӛн.  Бұл  қызметті  қатаң  шектеуге  және 

бӛлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бӛліктері мен аспектілеріне жаңалық 

енгізу  қиын,  тіпті  мүмкін  емес  болғанымен,  оларды  бір  құрамдас  бӛлікке  біріктіру  одан 

сайын  қиынға  соғады.  Сондықтан,  білім  беру  мазмұнындағы  жаңалықтар  міндетті  түрде 

ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен ӛзара ықпалдасып отырады. 

Бүгінгі күнге дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге 

бӛледі: 


-  идеяның  немесе  инновация  тұжырымдамасының  пайда  болу  кезеңі,  мұны  шартты 

түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың 

ашылу кезеңі деп те атайды. 

-  ойлап  табу  кезеңі,  яғни  қандай  да  бір  нысанға,  материалдық  немесе  рухани  ӛнім-

үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі. 

-  жаңалықты  енгізу  кезеңі,  мұнда  ойлап  табылған  жаңалық  іс-жүзінде  қолданысқа 

еніп, қайта ӛңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады. 

-  жаңалықты  тарату  кезеңі,  мұнда  жаңалық  кеңінен  қолданысқа  енгізіліп,  жаңа 

салаларға кіреді. 


203 

 

-  жаңалықтың  үстемдік  ету  кезеңі,  мұнда  жаңалық  бұрынғы  жаңашылдық 



қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі 

қарастырылады. 

-  жаңалықтың  қолданылу  аясын  қысқарту  кезеңі,  мұнда  жаңалық  жаңа  ӛніммен 

алмастырылады [4]. 

Инновациялық  білім  беру  үдерісінің  мән-маңызы,  біздің  пікірімізше,  оның 

инновацияны  бастау,  жаңа  ӛнімдер  мен  мәмілелерді  дайындау,  оларды  нарықта  сату  және 

одан  әрі  қолданысқа  енгізу  жӛніндегі  мақсатты  іс-әрекеттер  тізбегін  қамтитындығынан 

кӛрінеді. 

Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін 

бағалау  ӛлшемдеріне  инновациялық  білім  беру  үдерісінің  шынайылығы,  жүзеге 

асырылғыштығы,  басқарылғыштығы,  инновациялық  деңгейі,  гуманитарлығы,  ӛңделгендігі 

және таралу мүмкіндігі жатады. 

Жоғары  мектептердегі  инновациялық  білім  беру  үдерістерін  басқаруды  кәсіби 

қалыптастырудың ұйымдық-педагогикалық шарттар жүйесі төмендегідей

- инновациялық білім беру үдерістері жұмыс істейтін оқу және білім беру ортасының 

ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін; 

-  жоғары  мектептің  инновациялық  құрылымын  құру  кезінде  білім  беру,  ғылыми-

зерттеу және коммерциялық қызметтердің үйлесімділігі; 

-  жоғары  мектептегі  инновациялық  білім  беру  үдерістерін  басқару  құрылымының 

инновациялық білім беру үдерісінің кезеңдерін жүзеге асыратын функциялармен сай келуі; 

- оқу материалдарының кӛлемін және оқыту әдістері мен түрлерінің үйлесімділігі; 

-  оқу  материалының  кәсіптік  бағдарлану,  ӛзекті  мәселеге  бағытталу  және  мәселені 

ашып  кӛрсету  деңгейінің  қамтамасыз  етілуін  еңбек  нарығы  мен  білім  беру  қызметтері 

нарығының маркетингтік зерттелуін қамтиды [5]. 

Қазіргі  заманғы  жоғары  білімнің  мақсатына  жаңаша  кӛзқараспен  қарасақ,  оны 

дамытудың  басты  стратегиялық  бағдары  -  ӛмірге  жауапкершілікпен  қарайтын, 

дүниетанымдық  мәдениеті  жетілген,  шығармашылық  ойлауға  дағдыланған,  іскерлік 

қабілеттілігі  биік,  гуманистік  ойлауы  басым,  инновациялық  ілімімен  қаруланған 

адамгершілік  қасиеттері  мол  білікті  мамандардың  жаңа  ұрпағын  қалыптастыру  болып 

табылады. 

Осыған  орай,  жоғары  кәсіби  білім  берудің  алдында  тұрған  негізгі  маңызды 

міндеттерге келсек, олар мыналар: 

-

 

білім беру жүйесін жетілдіру; 



-

 

білімді үздіксіз кӛпсатылы құрылым ретінде енгізу



-

 

халықаралық білім кеңестігіне ену. 



Жоғары білім беру жүйесінің басты мәселесі  – білімді  жетілдіру, жаңа жүйеге кӛшу 

болып табылады. 

Еліміздің  жоғары  мектептерінде  білім  мен  ғылымға  қазіргі  заманғы  білім  беру 

технологиялары  ендірілуде.  Оқытудың  кредиттік  жүйесіннақты  ӛз  деңгейінде,  қашықтан 

оқыту және модульдік оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың кӛпсатылы құрылымына 

кӛшуді,  оқу  үдерісінде  қазіргі  заманғы  білім  беру  технологиялары  мен  сабақ  берудің 

интерактивті әдіс-тәсілдерін айтамыз. 

Білім  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  үшін  оны  халықаралық 

стандарттар деңгейіне шығару қажет, ол бүгінгі күннің кӛкейкесті мәселесі болып табылады. 

Еліміздің  жоғары  кәсіби  білім  берудің  кӛп  деңгейлі  ќұрылымы  және  жоғары 

мектептің  халықаралық  білім  беру  жүйесіне  жоспарлы  интеграциялануы  қазіргі  заманның 

талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. 

Әлемдік  білім  кеңістігіне  ену  Ќазаќстанның  жоғары  оќу  орындары  Халыќаралыќ 

стандарттау  ұйымы  (ISO  –  International  Standard  Organisation)  талаптарынан  кем  түспейтін, 

ұлттыќ  ерекшеліктеріміз  ескерілген  сапалы  білім  беру  ќызметін  ұсынғанда  ғана  мүмкін 

болады.  Себебі,  біздің  ғасыр  –  білім,  ғылым  жєне  сапа  ғасыры.  Осы  үшеуі  элитарлыќ 



204 

 

білімнің негізі болып табылады. Біз жоғары мектепті тек білім беруші мекеме деп ќарайтын 



біржаќты  түсініктен  арылып,  оның  ғылымның  бастауы  және  орталығы  екенінтүсінгеніміз 

дұрыс.  Себебі,  элитарлыќ  білімді  ғылым  жетістігінсіз  беру  мүмкін  емес,  ал  оның  деңгейін 

аныќтайтын ӛлшем - сапа. Ендеше, жалпыға бірдей жоғары білім беруден элитарлыќ жоғары 

білім беруге кӛшуді ќажет етуде. 

Жоғары  білім  беру  жүйесін  дәстүрлі  принциптермен  басқару,  жоғары  білім  беру 

саласындағы  елеулі  ӛзгерістердің  қажеттілігінің  арасындағы  қайшылықтарды  шешу 

қажеттілігі 

жаңа 


әлеуметтік-экономикалық 

және 


мәдени 

жағдайлармен 

байланыстырылады,  жоғары  білім  берудің  басты  мақсаттары  және  құндылықтарының 

ӛзгертілуі барлық жоғары білім беру жүйесіндегі даму тенденциясын анықтайды. Жоғары 

білім  беру  қызметі  саласында  Сапа  менеджмент  жүйесін  ӛз  деңгейінде  дұрыс  қойғанда 

ғана жоғары мектеп қарқынды дамиды. 

Болашақ мамандарды кәсіби қалыптастырудың теориялық негізін жетілдіру, олардың 

саласын  кеңейту  және  педагогикалық  зерттеулердің  іргелі  және  қолданбалы  ғылыми  жаңа 

бағыттарын  дамыту,  университеттің  жоғары  білім  беру  үдерісіндегі    сапа  менеджмент 

жүйесін  нақты,  оқытудың  кредиттік  технологиясын  дұрыс  енгізу  негізінде  білім  беру  және 

білім  алу  қызметтерінің  саласын  арттыру,  ғылыми-педагогикалық  кадрлардың 

потенциалының ӛсуіне инновациялық демеу жасай алатындай университеттің материалдық-

техникалық базасын нақты дамыту қажет. 

Жоғары  оқу  орындарындағы  инновацияларды  басқару  мақсаттарына  қол  жеткізуге 

және  міндеттерін  шешуге  арналған  маңызды  құралдарға  басқару  қызметтерінің 

жиынтығымен  анықталатын  басқарушылық  қызметтің  мазмұны,  басқарушы  жүйенің 

ұйымдық  құрылымы,  басқарушы  субъектілер  қолданатын  басқару  технологиялары  және 

олардың қарамағындағы ресурстар кіреді. 

Басқарушы  жүйенің  инновациялық  үдеріске  ықпалы  нәтижесінде  жоғары 

мектептердегі  инновациялық  іс-әрекеттің  орындалуына  қажетті  мынадай  алғы  шарттарды 

қалыптасутыру қажет етеді. Олар: 

-

 



инновациялық іс-әрекетке қатысушыларды жаңалық ашуға және ӛзгерістер енгізуге 

ынталандыру; 

-

 

мамандардың  бойына  инновацияны  жүзеге  асыруға  қажетті  білім  мен  қабілетті 



сіңіру; 

-

 



жаңалықтарды игеруге қажетті ресурстарды даярлау; 

-  нақты  жаңалықтар  арасындағы  байланыстарды  ескере  отырып,  оның  жалпы 

құрылымын құру; 

-  жаңалық  енгізілгенде  оның  пәндік  ерекшеліктерін  және  алдағы  ӛзгерістердің 

ауқымы мен тәсілдерін ескере отырып, басқару міндеттерін қайта анықтау; 

-  міндеттерді  жоғары  мектеп  ішіндегі  инновациялық  үдерістерді  басқарудың  түрлі 

деңгейлеріне тән мақсаттар бойынша басқаруды құрастыру

- жоғары мектеп мүмкіншіліктерін бағалау және қойылған міндеттерді шешу. 

Қорыта  келгенде,  жоғары  мектептің  инновациялық  үдерістерді  басқарудың  нақты 

міндеттерін шешу мүмкіншілігін бағалау үшін, біріншіден, осы міндеттерді шешуге арналған 

құралдарды  дайындау  қажет.  Екіншіден,  осы  құралдардың  қолданысына  кедергі  келтіретін 

жоғары оқу орны ішіндегі басқару мәселелерін айқындап алу керек. Үшіншіден, анықталған 

мәселелерді  шешу  жолдары  мен  тәсілдерін  тауып,  олардың  шешілу  деңгейін  болжамдау 

қажет.  Сонымен,  басшылардың  жоба  құрушылық  іс-әрекетінің  сапасы  мен  тиімділігі  даму 

үдерісін интенсивтендірудің маңызды факторы болып табылады. 

 

Әдебиет тізімі 

 

1.

 



Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  //Егемен  Қазақстан,  15 

тамыз 2007 ж.  



205 

 

2.



 

Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  -2030»  даму  стратегиялық  бағдарламасы.  Алматы: 

Білім, 1997. -96 б. 

3.

 



http://www.resource.nauka.kz

 

4.



 

Білім және ғылым энциклопедиялық сӛздік. -Астана, 2009 ж. 

5.

 

Г.  Ешенқұлова  Инновациялық  білім  беру  технологиясы  туралы.  //журнал, 



Білімдегі жаңалықтар. -2007 ж. 

 

 

 

А.М. Баяндинова 

кандидат экономических наук, доцент 

muzatovna@mail.ru

 

С.К. Сураганова 

доктор экономических наук, профессор 

alkenastana@mail.ru

 



1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал