Л. Н. Гумилева L. N. Gumilyov eurasian national university



жүктеу 6.05 Mb.

бет22/53
Дата22.04.2017
өлшемі6.05 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫ ЖҤРГІЗУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 

 

Практикалық сабақ ӛтілетін пәннің теориялық мазмұнын толығымен ашуға мүмкіндік 

беретін  оқу  процесінің  белсенді  түрі.  Практикалық  сабақ  белгілі  бір  амалдар  негізінде 

мәліметті  игеру,  меңгеру,  толығымен  тереңдету,  дамыту  мүмкіншілігін  береді. 

Студенттердің  практикалық  сабақта  ӛз  әрекеттері  арқылы  ӛзіндік  танымын,  білім  деңгейін 

кӛрсетуіне  және  шыңдауына  мүмкіндігі  туады.  Практикалық  сабақтың  мақсаты  студенттер 

лекцияда келтірген теориялық мәліметтерді ӛздерінің белсенді әрекеттерімен тануға тырысу. 

Практикалық  сабақты жүргізу  барысында  оқытушы  оқылатын  дәрістің  тақырыбы  бойынша 

материалдар  дайындайды.  Осы  материалдарға  кіретін  негізгі  ұғымдар:  идея,  тақырып 

деңгейіндегі  мәселе,  қорытынды,  ережелер,  анықтама,  реттілік,  тәртіп,  кесте,  сызбалар, 

жоспар, статистикалық мәліметтер және кӛрсеткіштер. Оқылатын дәріс тақырыбына қатысы 

материалдар ӛте ықшамды, нақты, дәйекті және студенттердің қабылдауына ӛте жеңіл болуы 

керек. Практикалық сабақ барысында студенттер ӛздерінің теориялық білімдерін қолданып, 

нақты әдіс тәсілдерді қолдану дағдыларын игереді, ӛзіндік тұжырым жасайды. 

Дәрісте берілген теориялық мәліметтерді студенттер келесі әрекеттер арқылы жүзеге 

асырады: 

1.  Теориялық  мәліметті  практикалық  тұрғыдан  орындау  (мәселелерді  шешу, 

ережелерді  қолдану,  кестелерді  толтыру).  Мысалы:  дәстүрлі  формальды  логика  пәнінде 

паралогизм  және  софизм  ережелерін  меңгеріп,  сол  ережелерді  пікірлеу  процесінде  қолдана 

білу. 


2. Теориялық мәліметті дәлелдеу (беделді нұсқаларға сілтеме жасау). Мысалы: логика 

пәніндегі бекерлеу және дәлелдеу тақырыптарында кездесетін ережелер. Дедукциялық және 

индукциялық теориялық әдіс тәсілді меңгере отырып, пікірлеу процесінде қолдану. 

3.Теориялық  мәліметте  ӛзіндік  тұрғыдан  баға  беру.  Демек  практикалық  маңызын, 

тиімділігін,  артықшылықтарын  кӛрсету.  Мысалы:  логика  пәніндегі  тақырыптардың  негізгі 

мақсаты:  дұрыс  ойлаудың  заңдылықтары  мен  формаларын  қалыптастыру,  адам  ойының 

шыңдалуына мүмкіндік жасау, сӛздегі анықтылықты, тізбекшілікті сақтау, сӛздің ӛтімділігін 

арттыру,  яғни  адамның  жан  жақты  интеллектуальды  тұрғыда  қалыптасуы  мен  дамуына 

мүмкіндік жасау. 

4.Теориялық мәліметті дамытатын, тереңдететін жаңаша идеялар ұсыну. 

Практикалық  сабақты  жүргізу  барысында  оның  құрылымдық  ерекшеліктеріне 

тоқталайық. 

1.  Студенттің  жеке  жұмысы.  Дәрісте  ұсынылған  әдебиеттерді  конспектілеу  арқылы 

берілген  анықтамалармен  ережелерге  мән  бере  отырып,  түсініктерді  мәтіндерді  игеру 

барысында  әр  студент  "Мен  осы  мәселені  қалайша  түсінемін.  Оның  ұстанамы  қандай. 

Жекелей ойланады. Мысалы философия пәні бойынша дәрісте айтылған «Ӛмір мәні араласу, 



188 

 

қатынасу,  іштесу,  қауышу,  дидарласу,  жүздесу,  яғни  түсінісу»  [1,  4б]  деген  пікірге 



студенттің ӛз қатынасын қалыптастыру. 

2.  Топтық  жұмыс.  Бірнеше  студенттердің  ӛз  ойларын  ортаға  салып,  бір  тұжырымға 

келу.  Ол  үшін  студент  әртүрлі  ақпарат  деректерінен  жинаған  материалдарымен  қатар 

лекцияда қарастырылған мәліметтерді еске түсіру, қайталау арқылы бір тұжырымға тоқталу. 

3. Қорытындыны жариялау. Әрбір топтың бір студенті топ тұжырымын ауызша жария 

етеді. Мысалы: жоғарыдағы ойды топшылай  келе мынадай қорытындыға тоқталады.  «Ӛмір 

дегеніміз  К.Ясперс  пікірінше  жақын  адамдармен  бірін-бірі  жақтыру,  достық  пен  махаббат 

жағдайында қауышып, ешкімге де ұқсамайтын қайталанбас ішкі жан дүниеңді жүзеге асыру» 

[2, 9б] деп аяқтайды. 

4.  Ой  елегінен  ӛткізу  кезеңі.  Студенттер  ӛздеріне  тапсырылған  жүмысты 

орындағанын,  теориялық  мәліметтерді  меңгергенін  ой  елегінен  ӛткізіп,  пайымына  салып, 

атқарылған  жұмыс  жӛнінде  ӛз  пікірлерін  келтіреді.  Бұл  жерге  жариялау,  бағалау,  үй 

жүмысы, кері байланыс әрекеттері кіреді. Жариялауда ӛзара пікір алмасады. Бағалауда әрбір 

студенттерді  жеке  бағалап,  рецензиялайды.  Үй  жұмысында  қаншалықты  студент  қосымша 

дерек  кӛздермен,  интернетпен,  эссе  немесе  кесте–сызбалар,  сондай-ақ  глоссари  жасауды 

тапсырады.  Кері  байланыста  оқытушы  студенттің  кӛзімен  дегендей,  студенттерге  дәрістің 

қаншалықты  ұнады  ұнамады,  пайдасы  бар  немесе  жоқ,  үйрендім,  үйренбедім  деген  жауап 

тұрғысында пікірлерін сұрайды. 

Білім әр адамға ӛз әлемін айқындап, оның құндылықтары мен қағидаларын белгілеуге 

кӛмек беруі керек. Ұлы ойшыл Конфуций айтқандай «Ойлаусыз оқу бекер іс, оқымай ойлану 

бос  әрекет»  дегендей,  әрбір  дәрісте  айтылған  ой  -  пікірлердің  барлығы  практикалық  сабақ 

тӛңірегінде ой- елегінен ӛткізіліп, пайымымызға салып отыруымыз қажет. Білім дайын түрде 

берілмейді,  білімді  күманданып  қабылдау  арқылы  сыни  кӛзқарас  пен  шығармашылық 

белсенділікті қалыптастырады. Студент практикалық сабақ барысында осындай қабілеттерді 

игере отырып, басқаның ойымен, пікірімен, кӛзқарасымен санасу, ӛзгені  түсіне білу, ӛзіңді 

ӛзгенің  орнына  қоя  білу  секілді  қасиеттерге  ие  болатыны  даусыз.  Ал  бұл  дегеніміз  әрбір 

адамның  ӛзгеге  деген  ынта  мен  ықыласының  пайда  болуына  алып  келеді.  Яғни 

оқытушылардың  студенттерге  жүргізіп  отырған  дәріс,  семинар,  практикалық  сабақтары 

тәлім тәрбиелік нышандарына және адамгершілік  принциптеріне негізделіп жатса нұр үстіне 

нұр болар еді. 

 

Әдебиет тізімі 

 

1.  Нурланова  К.  Человек  и  мир.  Найциональная  идея  казахского  народа.  –Алматы, 

1994.-48с. 

2.  Перцев  А.  Врачующая  философия  К.Яспера.  Западная  философия:  итоги 

тысячелетия. Екатеринбург. Бишкек- 1997. 

 

 



 

 

 



 

 

 



189 

 

 



А.К. Уйсинбаева  

Старший преподаватель 

uisinbayeva_ak@enu.kz

  

У.Б. Сатанова  

Преподаватель 

ulzhan.satanova@yandex.kz

  

 

ЭФФЕКТИВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕВИДЕОМАТЕРИАЛОВ 



НА УРОКАХ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА 

 

Применение  видео  оказывается  очень  эффективным  при  формировании 

коммуникативной  культуры,  так  как  видеоматериалы  не  только  представляют  студентам 

живую  речь  носителей  языка,  но  и  погружают  их  в  ситуацию,  в  которой  и  «безопасной» 

обстановке  студенты  знакомятся  с  языком  мимики  и  жестов,  стилем  взаимоотношений  и 

реалиями страны изучаемого языка. 

Использование  видео  на  уроках  способствуют  повышению  качества  знаний,  так  как 

позволяет  использовать  следующие  виды  коммуникативной  деятельности:  аудирование, 

говорение, чтение и письмо (при выполнении упражнении). Использование видео оправдано 

психологически:  именно  через  органы  и  слуха  человек  получает  основной  объем 

информации об окружающем мире. 

Видеометод относится к группе наглядных методов. Он заключает в себе обучающую 

и  воспитывающую  функции,  что  обусловливается  высокой  эффективностью  воздействия 

наглядных  образов.  Информация,  представленная  в  наглядной  форме,  является  наиболее 

доступной для восприятия, усваивается легче и быстрее. 

При  использовании  наглядного  метода  (демонстрация  видематериала)  необходимо 

соблюдать ряд условий: 

 



применяемый  видеоматериал  должен  соответствовать  уровню  знаний 

студентов; 

 

наглядность должна использоваться в меру и показывать ее следует постепенно 



и только в соответствующий момент урока

 



необходимо четко выделять главное, существенное; 

 



детально  продумывать  пояснения,  даваемые  в  ходе  демонстрации 

видеоматериала; 

 

демонстрируемый видеоматериал должен быть точно согласован с изучаемым 



учебным материалом, соответствовать изучаемой теме. 

От  преподавателя  требуется  более  тщательное  планирование  занятия,  так  как  оно 

обязательно  должно  включать  в  себя  ряд  этапов.  Преподаватель  должен  несколько  раз 

просмотреть материал, который он будет предлагать студентам, и разработать оптимальные 

задания  для  них.  Необходимо  продумать,  в  каком  месте  сделать  паузу,  просчитать  время 

необходимое на каждый этап. 

Традиционно методисты выделяют III этапа в работе с видеоматериалами. 

I.

 



Подготовительный этап. (pre-viewing). 

II.


 

Активный просмотр. (while viewing). 

III.

 

Заключительный этап (after-viewing). 



Прежде  чем включить видео в контекст занятия, преподаватель должен подготовить 

аудиторию.  Чтобы  видеоматериал  был  полезен  и  дал  необходимый  результат,  студентов 

необходимо  ознакомить  с  грамматическими  структурами  и  вокабуляром  выбранного 

отрывка,  не  раскрывая  при  этом  его  содержания.  Одним  из  вариантов  здесь  служит 

дискуссия  на  близкую  тему.  Например,  если  фильм,  предлагаемый  к  просмотру,  посвящен 

конфликтной ситуации в семье, то темой для обсуждения может быть конфликт поколений, 

проблема «отцов и детей». 


190 

 

Если  уровень  студентов  не  позволяет  еще  провести  с  ними  дискуссию,  возможны 



такие упражнения, как: 

 



задайте вопросы по указанной теме

 



дайте ответы на вопросы по данной теме; 

 



составьте предложения с данными словами и выражениями; 

 



по названию фильма попытайтесь определить его содержание. 

 



попытайтесь  определить  жанр  фильма:  мелодрама,  боевик,  детектив, 

фантастика; 

 

составьте список слов, которые вы могли бы применить к данной теме. 



Предварительное  чтение  текстов  и  обсуждение  проблем  по  той  же  тематике,  также 

способствует повышению мотивации в ходе просмотра видео при условии, что видеосюжет 

открывает новые перспективы видения данной темы, содержит элемент новизны. 

Второй этап занимает центральное место в работе с видеоматериалами. 

Самая  сложная  задача  преподавателя  –  необходимо  вовлечь  студентов  в  активный 

просмотр.  Определенную  помощь  здесь  может  оказать  хорошо  продуманная  система 

упражнений и заданий, которые студенты должны будут выполнять во время просмотра. 

Цель  второго  этапа:  уяснение  студентами  содержания  фильма,  активизация 

речемыслительной  деятельности  студентов.  На  этом  этапе  могут  быть  использованы 

следующие упражнения: 

 

стоп-кадр (остановка фильма, вопрос: «О чем шла речь?»); 



 

молчаливый просмотр (показ части фильма без звука); 



 

восстановить  текст  (по  ходу  просмотра  заполнить  пропуски  в  тексте, 



записанном на листке - распечатке). 

Ко  многим  видеофильмам  есть  готовые  разработки,  которые  предлагают  такие 

упражнения,  как:  ответить  на  вопросы,  дополнить  предложение,  True  and  False,  поставит 

глаголы в нужном времени. 

Если  фильм,  предлагаемый  к  просмотру,  по  длительности  позволяет  это,  хорошие 

результаты может дать повторный просмотр с новыми заданиями. 

Во  время  второго  просмотра  можно  дать  студентам  задания,  концентрирующие  их 

внимания  на  определенных  языковых  явлениях:  словах,  фразах,  синтаксических 

настроениях. 

Однако  если  к  просмотру  предлагается  фильм  длительностью  в  40-45  минут,  то 

второй  просмотр  сделает  невозможным  включение  в  занятие  первого  и  третьего, 

заключающего  этапа  работы  с  видеоматериалом,  что  значительно  снизит  эффективность 

занятия, рассеет внимание студентов. 

В этом случае возможно деление такого фильма на краткие смысловые эпизоды. 

По  завершении  работы  может  быть  организован  просмотр  всего  фильма  полностью, 

перед повтором студенты должны получить задание проблемного характера. 

Например: 

 



предложите пути выхода из сложной ситуации; 

 



как бы вы поступили на месте данного персонажа и т.д. 

На третьем этапе организуется речевая творческая деятельность студентов. 

Можно предложить студентам такие виды работ, как: 

 



дискуссия всей группы по актуальному вопросу; 

 



ролевая игра (проиграть просмотренный сюжет); 

 



обобщение  проблем  (соотнесение  увиденного  сюжета  с  реальными 

жизненными ситуациями); 

 

различные виды письменных работ (написать краткий пересказ; размышление 



на тему просмотренного сюжета). 

191 

 

Данный  этап  не  обязательно  должен  быть  завершен  в  ходе  того  же  занятия,  на 



котором проводится просмотр фильма. Дело в том, что детали видеоматериала проявляются 

в памяти через некоторое время после просмотра. 

К материалу просмотренного фильма должны обращаться на последующих занятиях 

при повторении, обобщении материала. 

И  в  заключении,  хочу  подчеркнуть,  что  изучать  язык  с  помощью  видеоматериалов 

очень интересно. Это активный процесс, в котором все в группе принимают участие. 

Видео  –  это  неотъемлемая  часть  преподавания  иностранного  языка.  Просмотрев  воочию 

фильм, студент может принять активное участие в разговоре на ту или иную тему. 



 

Список литературы 

 

1.  Барменкова  О.И.  Видеозанятия  в  системе  обучения  иностранной  речи.  



«Иностранные языки в школе»,1999, с.20. 

2.  S.Stempleski.Using  Video  in  the  classroom.Teachers  College,  Columbia  University,  N-

Y,1995 

3.  Jiang  Hemei.Teaching  with  Video  in  an  English  Class.Forum  Volume  35,  number  2, 

April, 1997. 

 

 



 

С.Б. Шотанова 

филология ғылымдарының кандилаты 

saule bal @ mail.ru 



 

КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯҒА СӘКЕС ҚАЗАҚ ТІЛІН МӘТІН АРҚЫЛЫ 

ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Қазақстанда  білім  берудің  интеграциялау  процесі  Болон  процестерінің  негізгі 

принциптеріне сәкес Еуразия ұлттық университетінде білім сапасын кӛтеру; кредиттік жүйе 

бойынша  білім  беру;  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламалары  арқылы  жүзеге  асырылып 

келеді. 

Қазақ  тілі  пәніне  келетін  болсақ,  бәсекеге  қабілетті  тілдік  тұлғаны  қалыптастыруда 

қолайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану мақсаты алға қойылған. 

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, сол себептен қазақ тілін білу Қазақстанда тұрып жатқан 

әрбір  азаматттың  парызы  деп,  ҚР-ның  Тілдер  туралы  Заңында  жазылған.  ҚР-ның 

Конституциясы  мен  Тілдер  туралы  Заңына  сәйкес  қазақ  тілінен  алған  білімдерін  одан  әрі 

жалғастыру үшін ЖОО-да силлабус бойынша кредиттік технологияға сәйкес ӛткізіледі. 

Қазақстанда  білім  беруді  жетілдірудің  2005-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасында:  «Халықтың  барлық  жіктерінің  сапалы  білімге  қол  жеткізуін  қамтамасыз 

ету;  Мемлекеттік  тілді  басым  дамыту;  білім  беру  процесін  оқу-әдістемелік  және  ғылыми 

қамтамасыз етуді жетілдіру», – деп кӛрсетілген [1:2]. 

Қазақ тілін орыс тілді аудиториясында оқыту, университет студенттерінің сӛйлеудегі 

лексикалық білімін, икемділігі мен дағдысын дамыту және қалыптастыру, аса маңызды роль 

атқарады. 

Қандай тіл болмасын, оны тез немесе жылдам үйреніп кету оңайлықпен келмейді. Ол 

үшін  күнде  жалықпай  15-20  минут  сӛйлеп  жаттығу  керек  және  сӛздік  қорын  дамыту 

мақсатында  мәтінге  қатысты  сӛздерді  жаттап,  қайталай  беруді  қажет  етеді.  «Қайталау,  оқу 

анасы»  - деген  мақал осыдан туындаған десек те болады. Адам жасы нешеде болса,  сонша 

рет  қайталау  керек  деген  пікір  де  бар.  Әрине,  ол  үшін  уақытты  дұрыс  үнемдеп,  дұрыс 

пайдалана білуді қажет етеді, сонымен қатар жаттаған сӛздерін қайталап қана қоймай, сабақ 

үстінде мәтінге сәйкес жаңа сӛздерді қолдану, күнделікті ӛмірде орны келген жерде қарым – 


192 

 

қатынас  кезінде  де  пайдалана  білуге  жаттықтыру.  Қазақ  тілінде  кӛп  сӛйлесу  үшін  сұхбат 



жүргізіп, қорықпай тілдерін жаттықтыра беру мақсаты кӛзделеді. 

Тілді үйрену үшін уақыт керек, ал шебер біліп алғыңыз келсе, онда сол тілдік ортаның 

ішінде болуды қажет етеді, себебі сол тілдік ортада сӛйлейтін сӛздік қорымен қатар сӛйлеу 

дағдысы  дами  түседі  және  жақсы  қалыптасады.  Егер  адам  баласы  тілдік  ортада  жүріп,  сол 

тілде сӛйлеспесе, адамдармен қарым-қатынас жасай алмаса, онда нанын тауып жей алмайды, 

аш қалады, аш қалмас үшін сӛйлеу дағдысын дамыту керек деген пікір де бар. Осы пікір бір 

қазақ тіліне ғана қатысты емес, әрбір білу қажет деген тілдерде де қатысты. 

Кейбір ата-аналар балаларын балбақшадан бастап, мектеп бітіріп, ЖОО да шет тілін 

оқып,  үйренсе  де,  сол  үйреніп-оқыған  шет  тілінде  сӛйлесе  алмайтынын  айтады.  Бұл 

жоғарыда айтып кеткендей: «Қандай тіл болмасын, оны үйреніп, меңгеріп кету оңай іс емес, 

ол  үшін  уақыт,  қайталау  және  тілдік  орта  қажет»  -деген  пікірімізді  дәлелдеп  тұр.  Себебі, 

үйренген  шет  тілі  болсын  немесе  қазақ  тілі  болсын  емін  еркін  сӛйлеп  кетуге  жүрексінеді, 

жүрексінбей батыл сӛйлеп кету үшін мәтін арқылы жаттықтыру жұмысы жүргізілуін қажет 

етеді. 


ЖОО-ға  дейінгі  әр  студенттің  қазақ  тілінен  меңгерген  лексикалық  қоры  әртүрлі. 

Кейбір студенттің білімі таяз, біреуінікі орташа, ал енді біреулерін жақсы деп айтайық десек, 

жалғауларды қалай болса солай жалғап, қате сӛйлеп әдеттеніп кеткендіктен, олардың білімі 

сол  орташа  деңгейде  деп  қарастыруға  тура  келеді.  Осы  студенттердің  білімдерін  анықтап, 

бірдей  етуге  немесе  деңгейге  бӛліп  оқытуға  уақыт  қарастырылмаған,  сондықтан  бірден 

ЖОО-да берілген бағдарламаға сәйкес білімдерін жалғастыруға тура келеді. 

Тіл үйренушілер әр уақытта мәтінмен тығыз байланыста болады, сол себепті қазақ тілі 

пәні  бойынша  студенттердің  оқу  бағдарламасында  мәтіндерді  беру  арқылы  сол  мәтіндерді 

меңгерудің қолайлы жолдарына тоқталып кетейік.  

Қалай  еткенде  мәтінді  түсінуге,  естерінде  сақтауға,  түсінгендерін  мазмұндап  бере 

білулеріне кӛмектесуге болады деген сұрақтарды да қарастыру кӛзделіп тұр.  

Ол үшін мысал ретінде «Ұлы адамдар ӛмірі» - атты бӛлімнен: «Абай Құнанбайұлы» - 

деген тақырыпты алып, қарастырайық: 

1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз. 



Абай Қҧнанбайҧлы 

Абай – қазақтың  ұлы ақыны, сазгер, философ, iрi ағартушы, қазақ әдебиетiнiң негiзiн 

салушы,  қоғам  қайраткерi.  Абай  1845  жылы  Семей  облысында  туған.  Әкесi  Құнанбай  бай, 

би, ру  басы, Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған. Анасы Ұлжан, әжесi Зере мейiрiмдi, 

қамқор адамдар  болыпты. Олар Абайға ертегi, аңыз, әңгiме кӛп айтатын. 

Құнанбай  дiншiл  болған,  сондықтан  ол  ауылында  Ғабитхан  деген  молданы  ұстаған. 

Абай  да  молдадан  оқыған.  Абайдың  зеректiгiн  байқаған  соң,  Құнанбай  оны  Семейдегi 

медресеге берген. Абай медреседе оқып жүрiп, шығыс классикалық поэзиясымен танысты. 3 

айлық  орыс  мектебiнен  дәрiс  алды.  13  жасында  әкесi  баласын  медреседен  шығарып  алды, 

ӛйткенi  Абайды  ел  билеуге  үйретпек  болды. Ел  аралап  жүрiп,  ол қазақтың  ғұламаларының 

халық  аузындағы  сӛздерiн,  мақалдарын,  ертегiлерi  мен  нақылдарын  меңгердi.  Абай  осы 

кезде  араб,  парсы,  түркi  тiлдерiн  кiтап  арқылы  үйренедi,  осы  тiлдердегi  шығармалармен 

танысады.  Ол  махаббат  бостандығын,  әдiлетшiлдiктi,  әлеуметтiк  прогрестi  жырлайтын 

Низамидi, Науаидi, Хафиздi, Фирдаусидi қадiр тұтты. 

Семейде  ол  саяси  жер  аударушылар  Грось  және  Михаэлспен  танысып,  екеуiн 

ауылына  қонаққа  шақырады.  Олар  Абайды  орыс  әдебиетiмен  таныстырды.  Солардың 

ықпалымен 

Пушкин, 


Лермонтов, 

Толстой, 

Тургенев, 

Достаевский, 

Белинский 

шығармаларымен  танысты.  Абай  әсiресе,  Лермонтовтың  шығармаларын  сүйiп  оқыды, 

ӛлеңдерiн    аударды.  Абай  қазақ  тiлiне  ―Евгений  Онегиндi‖  аударды,  оның  iшiнде 

аудармашының ӛзi ән шығарған ―Татьянаның хаты‖ қырда үлкен сүйiспеншiлiкке бӛлендi.  

1904 жылы Абай қайтыс болды. Ұлы ақын  артына үлкен iз қалдырды. 

Абай  қазақ  ӛмiрiнiң  энциклопедиясын  жасаған  шыншыл  суреткер.  Ол  ―Қалың  елiм 

қазағым‖, ―Сегiз аяқ‖, ―Жасымда  ғылым бар деп ескермедiм‖, ―Жiгiттер, ойын- арзан, күлкi- 


193 

 

қымбат‖  т.б  шығармалары  арқылы  қазақ  топырағындағы  әдiлетсiздiктi  сынап,  қазақ 



жастарын оқу-бiлiмге шақырды. 

Абай  -  қазақтың  ғана  ақыны  емес,  бүкiл  адамзаттың  ақыны,  әлемдiк  поэзия 

алыптарымен қатар тұрған ғаламат тұлға. 

1.  Мәтіннен,  қазақ  тіліне  тән  дыбыстары  бар  сөздерді  дауыстап  оқып  беру  және 

студенттердің бірге қайталап отыруын айтып кету. 

Мақсат,  қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  дұрыс  айтылуына  студенттердің  назарын 

аудару. 

Мысалға:  ұлы, қоғам қайраткері,  қазіргі,  әкесі,  қатал, дiншiл, мінезі жұмсақ, қамқор, 

тілге бай, әңгімелерді, тәрбиелеп отырған, зеректiгiн байқаған соң, ӛлеңдері, әділетшілдікті, 

сүйіспеншілік, қырда ән т.б. 

2.  Мәтінді  мәнерлеп  оқып  шығу  және  студенттерден  мәтін  ішінен  ӛздері  қандай 

сӛздерді  кездестіргенін,  олардың  аудармаларын  сұрау,  түсініксіз  немесе  таныс  емес 

сӛздердің бар немесе жоқ екенін анықтау. 

3.  Мәтіннің  мағынасын  жақсы  түсіну  үшін  мәтінді  сӛздікке  сүйене  отырып  аударма 

жасауға қатыстыру. 

4.  Сӛздік  қорын  дамыту  мақсатында  мәтіннен  жаңа  сӛздерді  тақтаға  жазып,  оларды 

естерінде сақтау үшін жаттап келулерін, сол сӛздерді оқытып, қайталатып, сӛздікпен жұмыс 

жүргізу: 

Сӛздік 

ұлы – великий 



(ұл (-ы) – сын, его или ее, мальчик) 

қатал – строгий 

қайырымды – добрый 

мінезі жұмсақ – с мягким характером 

аңыз әңгіме – легенда 

қатты сынға алады – сильно критикует 

дүниенің кілті – ключ к миру 

кӛкірек кӛзің шайдай ашылады – станеш грамотным, образованным 

дәуір – эпоха 

ӛлу – умерать 

дүние жүзі – весь мир 

сазгер – композитор 

дiншiл – религиозный человек 

негізін салушы – основоположник 

зеректiгiн байқаған соң – заметив способность 

қадір тұту – здесь: уважать 

ғұлама – мудрец 

ел билеуге – руководить, управлять народом 

махаббат бостандығы – свобода любви 

нақыл cӛздер – афоризмы 

әлеуметтiк прогресс – социальный прогресс 

әділетшілдікті – справедливость 

сүйіспеншілік – любовь 

қамқор – заботливый 

ғаламат – огромный 

қырда – в степи 

ықпал – влияние 

алып – здесь: великан 

оқу-бiлiмге шақырды – призывал к учебе и образованию 

қоғам қайраткері – общественный деятель 



194 

 

Мәтін мазмұнын толық түсінуге және сӛздік қорларын молайтуға сӛздік жұмысының 



орны ерекше. 

5.  Сӛздік  жұмысы  арқылы  қиын  сӛздер  мен  сӛз  тіркестерін  оқытып,  дәптерлеріне 

жазғызу, хормен оқыту арқылы кӛп сӛз білуге және мәтінді жеңіл игеруге, сӛйлеу дағдысы 

тез қалыптастыруларына, тіл байлығын арттыра түсулеріне пайдасы мол. 

Мысалы:  Қазақ  халқы,  ұлы  ақын,  iрi  ағартушы,  қазақ  жазаба  әдебиетiнiң  негiзiн 

салушы,  қоғам  қайраткерi,  мінезі  жұмсақ,  тілге  бай,  үйренуге  тырысу,  ән  шығару,  қатты 

сынға алу, дүние жүзі біледі т.б. 

Сӛздік  қорын  дамыта  отырып,  назарларын  жалғау  түрлеріне  және  олардың  жалғану 

жолдарына  кӛңілдерін  аудару  және  сӛздер  естерінде  сақталып  қалу  үшін  жаттығу 

жұмыстарын  жүргізу.  Осы  сӛздермен  тақта  алдында  сӛйлем  құрап,  оны  тақтаға  және 

дәтерлеріне жазғызу. 

Орыс  мектебінен  келген  кей  қазақ  балаларының  ӛзі,  кӛп  сӛздің  мағынасын  дұрыс 

түсіне  бермейді.  Сол  себепті  мәтінге  аударма  жасату  арқылы  мәтіннің  мазмұнын  жеткізіп, 

бір  сӛздің  бірнеше  мағына  беретінін,  бірақ  біз,  сол  мағыналардың  тек  мәтінге  қарап 

қажеттісін таңдау керегін іс жүзінде, мәтінге аударма жасаған кезінде кӛрсете аламыз. 

Мысалы: ұлы – великий, ұл (-ы) – 1. мальчик; 2. сын, его или ее. 

Оның ұлы адал, әділ, дұрыс адам, пейілі де жақсы, сондықтан оны бәрі жақсы кӛрді. Ұл бала 

туған екен, атасы мен әжесі соған қуанып жатыр. 

Қандай  мәтін  болса  да,  алдымен  оның  мазмұнын  түсіну  қажет.  Сӛздің  нақты 

мағынасын сӛйлем контекстінде ғана байқауға болады. Сӛз жеке тұрғанда бір мағына беріп, 

кейде сӛйлем ішінде басқа мағынаға ие болып жататынын ескеру керек. 

Мысалы: Абай – қазақтың ұлы ақыны. 

Қазақ  тілінде  осындай  сәттер  жиі  болып  тұрады.  Сӛз  мағынасының  ӛзгеруі  оның 

сӛйлемдегі  орнына  да  байланысты  болады.  Сонымен  қатар  кейде  сӛз  ӛзінің  бастапқы 

мағынасында қолданбай, ауыспалы мағынада қолданылуы да әбден мүмкін. Осындай жағдай 

әсіресе  кӛркем  әдебиеттен  алынған  мәтінде  кездеседі.  Мәтін  студенттерге  бейімделіп 

алынады.  Мәтіннің  мазмұнын  түсіну  үшін,  оның  ішіндегі  жеке  сӛздерді  де  түсіну  керек. 

Мәтіндегі  ойды түсіну  үшін, онда берілген сӛздердің ауыспалы мағынасын да білуді  қажет 

етеді. 

Мәтіндегі  лексикалық  минимум  арқылы  сӛздік  қорын  байыту    үшін:  1)  жаңа 



сӛздермен  таныстырып,  жаңа  сӛздерді  игерту,  сӛздермен  сӛйлем  құрап  және  мәтін  ішінен 

тауып  оқыту;  2)  игерген  сӛздерді  белсенді  сӛзге  айналдырып  сӛйлескен  кезде,  не  мәтінді 

мазмұндаған  сәтте,  белсенді  сӛздерді  дұрыс  қолдануға  жаттықтыру;  3)  сӛздің  ауыспалы 

мәнін,  стильдік  реңін,  кӛркемдегіш  және  бейнелегіш  ерекшеліктерін  игерту.  Бұл 

студенттерді лексикалық білімін, икемділігі мен сӛйлеу дағдысын дамытудың бір жолы. 

Қазақ  тілінде  лексикалық  білім,  икемділік  пен  сӛйлеу  дағдысын  дамытудың  екінші 

жолы,  қажетті  тілдік  сӛйлеу  формаларына  қарай,  оқылған  мәтінді  ӛз  бетінше  еркін 

байланыстыра білу дәрежесіне жеткізу. 

Ол үшін нақты әдістерді таңдай келіп: 1) студенттердің сӛздік қорын мәтінге сүйене 

отырып байыту; 2) сӛйлем құрастыруға үйрету; 3) мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша 

рет-ретімен айтылған ойды түзе білуге жаттықтыру; 4) стильдік жағына кӛңіл бӛлу; 5) жаңа 

сӛздерді жаттау арқылы есте сақтау дағдысын дамыту. 

Жаттау тәсіл туралы Ф.Ш.Оразбаева «Тілдік қатынас негізі» деген еңбегінде: «Жаттау 

арқылы есте сақтау дағдысын дамыту жалпы оқыту үрдісінде жиі  қолданылып  жүрген әдіс 



195 

 

болғанымен,  бұл  тәсіл  сӛйлеуге  үйретудің  негізгі  формаларының  бірі  ретінде  алынып, 



сабақта үздіксіз орындалып отыратын шарттың қатарына жатады» - деп жазған. [2:34] 

Сӛйлеу  дағдысын  дамыту  мақсатында  мәтінмен  сӛздік  жұмысын  жүргізіп,  оқу  мен 

жазу,  қосымша  әдебиеттерді  пайдалану,  мәтінмен  арнайы  тапсырма  бойынша  жұмыс  істей 

білу,  мәтінді  мазмұндар  алдында  жоспар  құрып,  сол  жоспар  бойынша  баяндауға 

жаттықтыру. 

6. Мәтінге қатысты жаңа сӛздерді жаттап алуға және сол сӛздерді дұрыс қолдана білу 

жақтарын дамыту үшін сұрақ-жауап жұмысын жүргізу. Ол үшін тӛмендегі сұрақтарға толық 

жауап берулерін ұсыну. 

1. Абай қай жылы және қайда туған? 

2. Оның әжесі мен анасы қандай адамдар? 

3. Абай қайда оқыған? 

4. Ол қандай классиктерді қадір тұтқан? 

5. Абай кімнің шығармаларын сүйіп оқыды? 

6. Абай ӛз шығармаларында нені сынады? 

7. Абай ӛз ӛлеңдерінде жастарды неге шақырады? 

8. Абайдың әкесі кім болған? 

9. Абайдың ӛлеңдерін жатқа білесіз бе? 

10. Абай қай жылы қайтыс болған? 

7.  Сұрақ-жауаптан  кейін  мәтінді  мазмұндап  беру  үшін  оны  логикалық  ойға  қатысты 

бӛліп,  әр  бӛлікке  атау  беруге,  яғни  жоспар  құруға  және  сол  жоспарға  сәкес  мәтіннің 

мазмұнын естерінде сақтауға жаттықтыру. 

8.  Мәтіннің  мазмұнын ӛз  сӛздерімен  баяндап  беру  құрастырылған  жоспар  арқылы  анықтау 

қиын емес. 

9.  Орыс  тілінде  айтылған  сӛздерді  немесе  сӛйлемдерді  мәтіннен  дұрыс  тауып,  оқып 

беру  тапсырмасын  ордау  арқылы  қазақ  тілінде  ойлату  дағдысын  дамытамыз: 

Основоположник казахской писменной литература, его детство, воспитывать, весь мир, Абай 

умер  в  1904  году,  великий  поэт  и  писатель  Абай  Кунанбаев  оставил  после  себя 

незабываемый след всему человечеству. 

10.  Жаңа  сӛздерді  белсенді  сӛздердің  қатарына  айналдыру  үшін  күнделікті  ӛмірде 

пайдалану керек екенін естен шығып кетпес үшін, сол сӛздермен сұхбат құратқызу. 

11. Етістіктерді бұрынғы ӛткен шақ формасына қойыңыз. 

Туады, біледі, оқиды, танысады, меңгереді, аударды, қалдырды. 

12. Сан есімдерді жазбаша түрде жазыңыз. 

Мысалы: Абай 1845 (бір мың сегіз жүз қырық бесінші) жылы Семей облысында туған. 

Абай 1845 жылы Семей облысында туған. 

Ол 3 айлық орыс мектебінен дәріс алды. Оны 13 жасында әкесі медреседен шығарып 

алады. Абай 1904 жылы қайтыс болды. 

Мәтіндер  жеңілден  ауырға,  оңайдан  қиынға,  жайдан  күрделіге,  анықтан  таныққа 

қарай  оқыту  керек  деген  дидактикалық  принцип  бойынша  іріктеліп  құрастырылады  және 

студенттердің  тілдік  қарым-қатынасын  қамтамасыз  ететін  сӛйлесім  әрекеттері:  оқылым, 

тыңдалым,  айтылым,  тілдесім,  жазылым  дағдыларын  дамыту  сабақтың  құндылығын 

арттырады, ӛзара пікір алысу жұмыстары да қазақ тілін меңгеруге кӛп пайдасын тигізеді. 

Студенттер  келешек  маман  иелері,  олар  да  кӛпшілік  ортасында  жүріп,  ӛз  ойларын 

жинақты,  кӛркем  тілмен  жеткізіп,  әсем  сӛйлеуге  ұмтылыс  жасайды.  Студенттердің  сӛйлеу 



196 

 

дағдысын  қалыптастыру  үшін,  сабақ  барысында  алдын  ала  дайындалған  мәтіндегі  дайын 



үлгіні дұрыс пайдалана отырып қазақ тілінде сӛйлеуге жаттықтыру. 

Сабақ  барысында  белгілі  тілдік  фактілерге  негізделген  тілдік  категорияларға  талдау 

жасату,  қойылған  сұрақтарға  толық  жауап  берулерін  қадағалап,  грамматикалық  ережелерге 

схема,  кесте  құрай  білулерін  және  олармен  жұмыс  жасату,  ӛз  ойы  мен  бағалауын  қосып, 

дәлелді пікір айта білулерін практикалық түрде жүзеге асырылады. 

Грамматикалық  материал  және  лексикалық  тақырып,  сӛздік  пен  жаттығу,  жаңа  сӛз 

тіркестері, қазақша сӛйлеу үлгілерін ұсына отырып, айтар ойын қазақ тілінде жеткізе білуге 

дағдыландыру. 

 



1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал