Л. Н. Гумилева L. N. Gumilyov eurasian national university



жүктеу 6.05 Mb.

бет10/53
Дата22.04.2017
өлшемі6.05 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53

Әдебиеттер тізімі 

 

1

 



Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. 2007. 

2

 



Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  министірінің  2005  жылғы  №753 

бұйрығымен  бекітілген  эксперимент  режимінде  іске  асырылатын  оқыту  жүйесі  туралы 

ереже. Алматы. 2005. 28 б 

3

 



Қараев  Ж.А.  С.  К.  Касенов  Кредиттік  оқыту  жүйесі  бойынша  оқу  үрдісін 

ұйымдастыру ережелері. Алматы. 2006. 49 б. 

4

 

Кредитная  система  обучения  в  ВУЗе:  Структура,  процедура  и  организация. 



Алматы. 2004. 68 с. 

5

 



Қазақстан  Республикасының  Білім  және  Ғылым  министрі  міндетін 

атқарушының  2004  жылғы  20  қарашадағы  №953  бұйрығымен  бекітілген  Білім  беру 

ұйымдарындағы  білім  алушылардың  үлгерімін  ағымындағы  бақылаудан,  аралық  және 

қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан ӛткізудің ережесі. 46б. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


90 

 

ФОТОГАЛЛЕРЕЯ 



(работа первой секции) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



91 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



92 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



93 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



94 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



95 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



96 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



97 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



98 

 

СЕКЦИЯ 2. КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА САЙ БІЛІМ БЕРУДІҢ ОҚУ-



ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 

 

СЕКЦИЯ 2. УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО 

ПРОЦЕССА В УСЛОВИЯХ КРЕДИТНОЙ ТЕХНОЛОГИИ ОБУЧЕНИЯ 

 

SECTIONS 2. STUDY-METHODICAL PROVISION OF EDUCATIONAL PROCESS IN 

THE TERMS OF CREDIT TECHNOLOGY OF EDUCATION 

 

Г.Қ. Абдраманова 



экономика ғылымдарының кандидаты, доцент 

agk2009@mail.ru

 

 

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН КРЕДИТТІК 



ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖҤРГІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Білім  –  инемен  құдық  қазғандай  деген  нақыл  сӛз  бар.  Бүгінгі  қоғамның 

интеграциялануы  арқылы  экономикамыз,  мәдениетіміз,  сол  сияқты  білім,  ғылым  саласы  да 

бірігуді талап етіп отыр. Сол себепті  нарықтық  қатынастардың қалыптасуы, алғашқы білім 

жүйесінің  құлдырауы,  кӛптеген  ақпараттардың  болуы,  жаңа  білім  кӛзінің  ашылуы  және 

елдердің әлемдік кеңістіке шығуы - бізді жаңа ой- ӛріске, шығармашылыққа жетелейді. 

Осы орайда 1970 жылдары қалыптаса бастаған европалық жоғары білім беру жүйесі 

бүгінгі күні  әлемнің дамып келе  жатқан оқу орындарында ӛзінің тізгінін ала бастады. 1993 

жылы Болон қозғалысы арқылы 29 европалық мемлекеттердің жоғары оқу орындары «Болон 

декларациясына» ену арқылы ӛз келісімдерін берсе, ал бүгіні күні 47-ге жуық елдер Европа 

Кеңесінің  Европалық  мәдени  конвенциясын  ратифицирледі.  2010  жылы  Будапеште 

Казақстанның  Болон  декарациясына  енуі  туралы  соңғы  шешімдері  қабылданды.  Жалпы 

Болон процессі ресми түрде 1999 жылы 19 маусымнан бастап декларацияны қабылдағаннан 

кейін басқа елдерге осы білім жүйесіне енуіне мүмкіндік бере бастады. 

Елімізде экономикамыз тұрақтана бастағаннан кейін білім және ғылым саласында да 

реформалар  басталды.  Алғашында  Кеңес  уақыты  кезіндегі  білім  берудің  дәстүрлі  жүйесі 

ӛзінің жемістерін берген. Себебі, сол кездің ӛзінде ғарышты игеру, экологиялық мәселелерді 

шешу,  экономиканың  ерекшелігін  түсіну  сияқы  кӛптеген  мәселелердің  жауабын  дәстүрлі 

білім  беру  жүйесінде  алған  болатынбыз.  Ал  бүгін  мүлдем  басқа  қоғам,  яғни  ақпараттық 

жедел, ғарыштық барлау, үдемелі экономикалық даму, интеллектуалды бай қоғамға ұласты. 

Ендеше  заман  талабына  сай  білім  саласындағы  интеграциялық  үдерістер  заңдылық  деп 

ойлаймын. 

Университетіміздегі  кредиттік  технологияның  жүргізілу  барысы  оқытушылар  мен 

студенттерге байланысты. Себебі білім беру жүйесіндегі жаңалықтар оған деген сұраныс пен 

ұсыныстан  туындайды.  Мысалға,  студенттер  бүгінгі  ақпараттық  қоғамның  ерекшілігін 

ескере  отырып,  ақпарат  құраларының  деректеріне  сүйенеді  және  сол  арқылы  ӛз 

сұраныстарын талап етеді, осы орайда оқытушы сол сұранысты жан-жақты қанағаттандыру 

үшін  білім  жүйесіне  ӛзгерістер  алып  келеді.  Егер  кредиттік технология  жүйесінің  оқытылу 

тәртібін    қарайтын  болсақ,  ол  әр  елде  және  әрбір  жоғары  оқу  орындарында  әртүрлі.  Ол 

заңдылық  деп  ойлаймын,  себебі  біз  бірдей  жүргізілу  тәртібін  орнатсақ,  ол  білім  алушылар 

мен білім берушілердің мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін, сондықтан оны дамыту және игеру 

ізденіске талпындырады. 

Жалпы  «Экономикалық  теория  негіздері»  пәнін  кредиттік  технология  бойынша 

жүргізу  кезінде  дәріс,  семинар  сабақтары  сабақ  кестесіне  сәйкес  ӛткізіледі.  Сонымен  қоса, 

аудиториялық  сабақтан  тыс  уақытта  студенттер  оқытушымен  қоса  ӛзіндік  жұмыстарын 

талқылып,  игереді.  Оқу  жүйесіндегі  студенттердің  білімін  бағалау  ағымдық  және  аралық 

бақылау  арқылы  қалыптасады.  Студенттерге  алдын  ала  пәннің  силлабусы  мен  оқу-

әдістемелік  кешені  таратылады.  Осы  оқу  құралдарын  негізге  ала  отырып  студент  жұмыс 



99 

 

жасайды.  Оқу  әдістемелік  кешен:  Студент  үшін  пән  бойынша  оқыту  бағдарламасынан 



(SYLLABUS); Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша 

жалпы әдістемелік нұсқаулардан; Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және 

дәріс  курсын  оқу  бойынша  әдістемелік  нұсқаудан;  Оқу  курсы  мен  тақырыпқа  арналған 

міндетті және қосымша әдебиет пен дереккӛздер тізімінен; Білім алушының оқу материалын 

меңгеру деңгейін ӛздігінен анықтауына кӛмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған 

сұрақтар және тапсырмалар, ӛзін-ӛзі бақылау мен ӛзін-ӛзі тексеруді ұйымдастыру бойынша 

әдістемелік  нұсқаудан;  Еңбек  кӛлемі  кӛрсетілген  білім  алушының  ӛздік  жұмысы  үшін 

тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаудан;  Семинар  сабағын 

ӛткізу  жоспары  және  оларға  дайындалу  бойынша  әдістемелік  нұсқаудан;  Ағымдық,  аралық 

және  қорытынды  бақылауға  арналған  материалдар  және  олардың  орындалуы  бойынша 

әдістемелік  нұсқаудан;  Оқу  материалын  жақсы  ұғыну  мен  қабылдауға  арналған  оқу  пәні 

бойынша  иллюстрациялық  материал  және  олармен  жұмыс  істеу  бойынша  әдістемелік 

нұсқаудан;  Пәнді  оқуға  қажетті  қосымша  материалдар  жинағын  кӛрсететін  хрестоматия 

немесе қосымшадан тұрады. 

Сабақта  ашық  сабақ,  мәселені  талқылау  сабағы,  дебат,  дӛңгелек  стол  сияқты  оқу 

барысы қалыптасқан. Студенттер дәріс сабағына, алдын ала оларға берілген оқу-әдістемелік 

құралмен  дайындалып  келеді  және  сабақ  барысында  оқытушыны  тыңдап,  қажетті 

сұрақтарын  қою  арқылы  конспектілейді.  Дәріс  сабағы  кезінде  оқытушы  мен  студенттердің 

арасында тығыз қарым-қатынас онауы үшін ашық түрдегі экспресс-cұрақтар және жауаптар 

қойылып,  әрбір сұрақ  сайын қорытынды жасалады. «Экономикалық теория негіздері» пәнін 

жүргізу  кезінде  дәріс  сабағында  кӛбінесе  тақтаны  пайдаланамыз,  себебі  осы  сабақтың  бір 

ерекшелігі - теорияның негіздерін меңгеру үшін логикалық схема құру мүмкіндігін неғұрлым 

кӛп  пайдаланған  абзал  (1-сызбада  қарастырылған).  Осыған  байланысты  әрбір  тұлғаның  ӛз 

логикалық  схемасы  құрылады  және  студент  жүйелі  пәнді  меңгеру  арқылы  ӛз  ойын  толық 

жеткізе  алады.  Логикалық  схеманың  маңыздылығын  түсінген  студент  әрбір  тақырыпты 

меңгерген сайын оның пәнді меңгеру мүмкіншілігі арта түседі. Егер кредиттік технолгияның 

негізгі    қағидасы  -  ӛз  бетінше  ізену  және  талау  жасау  талабы  қойылатын  болса,  онда 

логикалық  схеманы  құруды  үйренген  студент    сол  жетістікке  жетеді  деп  түсінемін.  Сабақ 

барысында  студенттердің  дайындағын  логикалық  схемасын  зерттеу  арқылы,  оның  қандай 

деңгейде  сабаққа    дайындалғандығын  бағалауға  болады.  Олардың  пәнді  меңгеруді  аяқтап 

болғандағы соңғы логикалық схемаларын талдайтын болсақ, бұл үлкен жетістік және үлкен 

еңбек  деп  білемін.  Және  осындай  жоғары  жетістікке  жеткен  студент  тек  «Экономикалық 

теория  негіздері»  пәнін  ғана  меңгеріп  қоймайды,  сонымен  қоса,  басқа  да  күрделі 

экономикалық мәселелердің жауабын іздеуге талаптанады. 

Семинар  сабағында  студенттер  тек  теорияның  негіздерін  ғана  меңгеріп  қоймайды, 

сонымен қоса тақырыпқа байланысты ақпарат құралдарының деректерін пайдалану арқылы 

ел,  шетел  экономикасының  және  ӛздері  тұратын  ауылды  аймақтардың  дамуын  зерттеу 

арқылы  талдау  жасайды.  Айта  кетсем,  «Қоғамдық  ӛндіріс  нысандары.  Тауарлы  ӛндіріс. 

Ақша.»  және  «Нарық:  түрлері,  құрылымы,  үлгілері.  Сұраныс  және  ұсыныс.  Бәсеке  және 

монополия»  сияқты  тақырыптарда  студенттер  ӛздері  туып  ӛскен  жердің  экономикасын 

зерттейді. 

Оның 


ішінде 

елдегі 


«Үдемелі 

индустриялдық-инновациялық 

даму» 

бағдарламасына  сай  кластерлік  жүйенің  маңыздылығын  талқылайды.  Яғни  Солтүстік 



Қазақстан  облысындағы  машина  жасау,  астық  кластерлерінің  даму  қарқынын  талдаса,  ал 

кейбіреуі Оңтүстік Қазақстандағы мақта, тоқыма жасау кластерін зерттейді. 

Сабақ  барысында  статистикалық  деректер  мәнді  қолданылады.  Әсіресе  ел 

экономикасындағы  макроэкономикалық  кӛрсеткішерді  қарастырамыз.  Осы  орайда  да 

студенттер  семинар  сабағында  дебат,  дӛңгелек  стол  үстінде  пікір-  талас  арқылы  ӛздерінің 

ойларын ұштастыра түседі. Әсіресе «Экономикалық цикл.

 

 

 



 

 


100 

 

 



 

 

1- cызба. ЭТН пәнінен қысқартылған жалпы логикалық схема 

 

 

Жұмыссыздық  және  инфляция»  тақырыбы  кезінде  ӘҒФ  мен  ЖжСФ  студенттері 



Қазақстанның  аймақтарындағы  жұмыссыздық  деңгейіне  байланысты  статистикалық 

деректерді  пайдалану  арқылы  оны  зерттеді  және  елдегі  инфляцияның  болу  себептеріне 

талдау  жасады  және  осы  арқылы  пәнге  деген  қызығушылығын  оятты.  Бұл  деректерді 

студенттер  пән  туралы  эссе  жазғанда  жариялаған.  Сонымен  қатар,  үлкен  масштабтағы 

экономиканы  да  талқылауға  қызығушылық  білдірді,  мысалы:  елімізде    2011  жылы 

жұмыссыздық  шашамен  5,3%  кӛрсетсе,  инфляция  2011  жылғы  қыркүйек  айындағы 

кӛрсеткіш  2010  жылмен  салыстырғанда  6,2%  кӛрсеткен.  Осы  макроэкономикалық 

кӛрсеткіштерді қарастырды. 

Пәннің  тағы  бір  ерекшелігі,  ол  Елбасының  халыққа  жылда  жолданатын  жолауымен 

танысуы  болып  табылады,  яғни  «Мемлекеттің  әлеуметтік  және  аймақтық  саясаты» 

тақырыбында студенттер жолдаудағы әлеуметтік, экономикалық мақсаттардың жетістігімен 

және  алдағы  болжам  жасау  жоспарларымен  танысу  арқылы  ел  экономикасындағы  нақты 

жетістіктерге кӛздері жетеді. 

Бүгінгі  күні  халықаралық  экономикалық  қатынастарды  зерттемесек  онда,  әлемдік 

экономикада  интеграциялану  мүмкін  емес.  Осы  себепті,  «Халықаралық  экономикалық 

қатынастар.  Сыртқы  экономикалық  қатынастарды  реттеу»  тақырыбы  студенттерді  қатты 

қызықтырады.  Студенттердің  шетелге  барып  тәжірибе  алмасу,  қысқа  мерзімдік  ізденіс 

жұмыстарының  арқасында  олар  осы  тақырыпты  жан-жақты  талқылауға  тырысады.  Әсіресе 

халықаралық қатынастар мамандығының студенттері еркін пікір-талас формасын қолданады. 

Студенттердің  білімін  бағалау  үшін  силлабуста  кӛрсетілгендей  тӛрт  талап  қойылған  

(1 және 2-кестеде ұсынылған), яғни олар: студенттің үй жұмысына дайындығы; Глоссарии; 

Ағымдағы  тест;  Коллоквиум  жатады.  Студенттер  ӛткен  тақырыптары  бойынша  логикалық  

схема  құру  арқылы  ауызша  түсіндіріп  жауап  береді.  Схемамен  жұмыс  жасамаған  студент, 

конспектілеу  түріне  де  дайындалып  келеді.  Логикалық  схемамен  жұмыс  жасауды  кӛбінесе 

ақпараттық  технологиялар  факультетінің  студенттері  тез  меңгеріп,  сол  жүйе  бойынша 

дайындалады.  Сонымен  қоса,  дӛңгелек  стол,  дебат  түрінде  ойларын  жеткізеді.  Сабақ 

барысында  тақырыпқа  байланысты  есептер  де  шығарылады.  Әр  тақырыпқа  дайындығы 

тексеріледі  және  апта  санына  бӛлу  арқылы  олардың  үй  жұмысы  бойынша  орташа  бағасы 

шығарылады.  Ал  глассарии  жазу  және  оны  сабақ  барысында  пайдалану  бұл  да  студентке 

Экономикалық 

теория негіздері 

Микроэкономика 

Макроэкономика 

Салалық және салааралық  

ғылымдар 

 

Халықаралық экономика 



Экономикалық заңдар, 

әдістері категориялар, 

ӛндіріс факторлары 

ЖҰӚ, ЖІӚ, ҰӚ,  

Ұлттық байлық, т.б. 

Қоғамдық  ӛндіріс, 

экономикалық жүйе, нарық, 

Бәсеке, шығын, пайда, т.б.  

Тарихи мектептері 


101 

 

қосымша  дайындалауына  мүмкіндік  берді.  Сонымен  қоса  ағымдық  тесті  жазбаша  және 



коллоквиумді ауызша тапсыру арқылы студент рубеж бойынша бағаланады. Сабақты сұрау 

үлгісі  аралас  түрде  ӛткізіледі,  алғашында  теорияны  меңгергенге  дейін  студенттерден  жеке-

жеке  сұрау  арқылы,  кейін  олар  талдау  жасап  үренгенде  жалпы  талқылау  түрінде  де 

жүргізіледі.  Әрбір  сабақтан  қалғаны  үшін  жалпы  пайыздан    соншасы  қысқарылады.  Пәнді 

аяқтағаннан  соң  студент  пән  туралы  эссені  ұсынуына  болады.  Пән  бойынша  эссені  жазу 

арқылы олар ӛз ойларына қорытынды жасай алады. 

 

1-кесте. Жалпы бағалау жҥйесі 

 

№      Қойылатын талап 

1-рубеж 

2-рубеж 

Бағалау деңгейі 



Студенттің    ҥй  жҧмысына 

дайындығы  

(логикалық  схема,  дӛңгелек 

стол, дебат, есеп шығару) 

 

Аралықта: 20% 

ӛте жақсы, 10- 

жақсы, 5-

қанағаттанарлық; 

Аралықта: 20% 

ӛте жақсы, 10- 

жақсы, 5-

қанағаттанарлық; 

Жауап беру 

деңгейіне қарай 

және схеманы 

ескеру //жалпы 

сабақ айтудың 

жиынтығы апта 

санына бӛлінеді 



Глоссарии   

 

10% 

10%  

толық болған 

жағдайда 



Ағымдағы тест   

 

20%- ӛте жақсы 

20%- ӛте жақсы 

Дҧрыс емесі 1% 

шегеріледі 



Коллоквиум 

Аралықта: 50% 

ӛте жақсы, 

40 жақсы, 30-

қанағаттанарлық; 

Аралықта: 50% 

ӛте жақсы, 

40 жақсы, 30-

қанағаттанарлық; 

Коллоквиум 

ауызша 

қабылданады 

 

Барлығы: 

100% 

100% 

 

 

 

2- кесте. Бағалау жҥйесі 1-блок ҥшін ҧсынылған /2-блок 8 аптадан тҧрады/ 

 

№ 

            Қойылатын талап 

1-ші 


апта 

2-ші 


апта 

3-ші 


апта 

4-ші 


апта 

5-ші 


апта 

6-шы 


апта 

7-

апта 



Барлы-

ғы 


1  Студенттің 

ҥй 

жҧмысына дайындығы  

20 


10 

10 


20 

20 


20 

105/7=1



5% 

2  Глоссарии   

 





10% 



3  Ағымдағы тест   

 

 

 



 

 

қабылдау   



 

20 


max 


4  Коллоквиум 

 

 



 

 

 



қабылдау          

 

50 



%max 

 

Жалпы  оқу-әдістемесі  бойынша  «Экономикалық  теория  негіздері»  пәнін  кредиттік 



технологиямен жүргізудің маңыздылығы – студенттерге қоғамның әлеуметтік-экономикалық 

дамуының  заңдылықтары  мен  эволюциясының  теориялық  аспектілерін  түсіндіре  отырып, 

шектеулі  ресурстар  жағдайында  адамдардың  іс-әрекеті  мен  оның  қағидаларын,  сол  сияқты 

мемлекеттің  экономикалық  және  әлеуметтік  саясатының  іске  асуына  ӛздерінің  белсенді 

азаматтық кӛзқарастарын білдіруге бағыттау. 

 

 



 

 

 



 

 


102 

 

Г.А. Адаева 



философия ғылымдарының кандидаты, доцент 

 

ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНЕН СЕМИНАР САБАҒЫН 



ҦЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ 

 

Философия  пәнінің  мақсатының  ӛзі  студенттің  дүниеге  теориялық  кӛзқарасын 

қалыптастыруға  ықпал  ету  болып  табылатындықтан,  сабақ  барысында  білім  алушы  мен 

оқытушының  белсенді  пікір  алмасуы  барынша  қажет.  Дәріс  сабағында  сабақ  кестесі 

бойынша,  ӛкінішке  орай,  аудиторияда  әлі  де  жүзге  тарта,  кейде  одан  да  кӛп  студенттер 

қатысып отыратындықтан, аудиториямен сұхбат құру мүмкін емес екені белгілі. Сондықтан, 

семинар  сабағына  берілген  50  минуттық  уақытты  барынша  ұтымды  пайдалануға  тырысу 

қажет.Философия  сабағында  әрі  қӛптеген  философиялық  бағыттар  мен  оның  кӛрнекті 

ӛкілдерінің  белгілі  бір  мәселеге  қатысты  кӛзқарастарын  оқып  біліп,  есте  сақтауға 

жәрдемдесетін, әрі осы алуан түрлі кӛзқарастарға қатысты ӛз пікірін қалыптастыруға, және 

оны  қысқа  да  нұсқа  тұжырымдап  айтуға  мүмкіндік  беретін,  студенттердің  ӛзара  пікір 

таластыру  машығын жетілдіретін тиімді әдістердің бірі  ретінде, мынадай әдісті ұсынғымыз 

келеді  (шартты  түрде  «Тик-бокс»  деп  атадық).  Бұл  кестені    әр  тақырып  бойынша  жеке 

дайындайтындықтан, нӛмірлеген тиімді. Семинар сабағының сұрақтары студентке алдын ала 

беріледі.  Сабақ  басталғаннан  кейін,  оқытушы  студенттерге  кестелерді  таратады.  Ең  алғаш 

рет  кестемен  жұмыс  жасар  алдында  бұл  әдістің  шартын  түсіндіргеннен  кейін,осындай 

әдіспен  ӛтетін  кейінгі  сабақтарда  түсіндіруге  уақыт  кетірудің  қажеті  жоқ.  Әр  кестедегі 

сұрақтар  қатары  үш-тӛрттен  кӛп  болмағаны  жӛн.  Себебі,  сұрақтар  талқыланғаннан  кейін, 

міндетті  түрде,  қорытынды  жасалынуы  қажет.  Осының  бәріне  уақыт  былай  бӛлінеді:әр 

қатардағы сұрақтарды талқылауға және қорытындылауға 10 минуттан келсе, тӛрт қатарға 40 

минут  кетеді;5  минут  сабақ  басындағы  ұйымдастыру  мен  тағы  5  минут  сабақ  соңындағы 

қорытындылау, студенттер білімін бағалау сәттеріне жіберіледі. 

Осы әдісті нақты мысалмен кӛрсету үшін, «Антика философиясы» тақырыбына ӛтетін 

семинар сабағын келтіріп отырмыз.  

Бұл  сабаққа  «Тик-бокс  №1»мен  дайындалуға  болады.Таблицаны  толық  оқып 

шығасыз.Әрбір  тұжырымның  қай  мектептің  немесе  философтың  кӛзқарасы  екенін 

анықтайсыз.Қарама-қарсы  тұрған  екі  пікірді  салыстырасыз.Қайсысымен  келісесіз,соның 

тұсына  белгі  қоясыз.Екеуімен  де  келіспесеңіз,  ешқандай  белгі  қоймайсыз  және  онда  бұл 

екеуінен  ӛзгеше  үшінші  бір  пікірді  дайындайсыз.  Барлық  жағдайда  жауабыңызды 

негіздейсіз.Пікіріңізді  қорғауға,басқаша  кӛзқарастағы  адамға  қарсы  сұрақ  қоюға 

дайындаласыз (бұл студентке қатысты нұсқау). 

Тӛменде кестенің ӛзін келтіріп отырмыз. 

 



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал