Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



жүктеу 64.06 Kb.

Дата17.01.2017
өлшемі64.06 Kb.

116

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

10. клюканов и.Э. Динамика межкультурного общения: к построению нового концептуального аппарата. 

Автореф. дис.докт. филол. наук. – Тверь: 1999. – 32с.

Поступила в редакцию 22.11.2010.



к.б. аманЖолова                                                                        

акаДемик  мҰхаметЖан ҚаРатаевтың «Эпостан ЭпопеяҒа» кІтабы:  

сын ЖӘне ШыҒаРмаШылыҚ мӘселесІ

In the article  the criticism and Literary-aesthetic  approach in the book «From Epos to Epic» by 

academic M. Karataev is reviewed. 

Қазақ  сынының  тарихында  өзіндік  орын  алып,    есімі  айрықша  аталатын,  сыншыл  көркем 

ойымыздың  айтулы  қайраткері,  академик  мұхаметжан    Қаратаевтың  отандық  әдебиет  пен 

мәдениетке  елеулі  үлес  қосқаны  белгілі.  ол  сыншы  және  ғалым-әдебиетші  есебінде  өз 

мамандығының  ерекшеліктерін тереңінен меңгерген, өз ісінің білгірі дәрежесіне көтерілген адам 

болған. сыншы ұзақ өмірінде басқа жаққа алаңдамай, тек әдебиет саласында қызмет етті. Бұл – 

сыншылық жауапкершілікті түсінуден  туған қасиет еді.

ол өз өмірінде жеті жүзден астам еңбек жазды. сыншының заман талабын аңғарғыштығы, 

әдеби  эстетикалық  талғамы,  публицистік  жазу  өнегесі,  әдебиет  пен  мәдениет  тарихын  терең 

біліп салыстырулар жасай алатыны – оның әдебиетшілік және зерттеушілік талантын әйгілеген 

белгілері. 

м.  Қаратаев  жеке  жазушы  мен  оның  шығармасын  талдаудың  үлгісін  м.  Әуезов  туралы 

зерттеулерінде  көрсетті.  Ұлы  суреткердің  мол  көркемдік  мұрасынан  сыншы  фольклор 

дәстүрлерімен сюжеттік-композициялық, идеялық, тақырыптық, сондай-ақ бейнелеу  тіліндегі 

поэтикалық троп үлгілерінің  табиғаты бойынша  стилистикалық тұрғыдан ұқсас сәттерді дұрыс 

көрсетіп, желілеп талдайды. ол «Абай жолы» романын зерттеуге көп уақытын арнады. романның 

мазмұндық-құрылымдық,  көркемдік-  идеялық  сипатына  назар  аударып,  оған  «эпопея»  деген 

жанрлық атау берді.

сыншының  жазушылар  жайындағы  портреттері,  әдебиеттік  шолулары,  проблемалық 

мақалалары  мен  рецензиялары  білімділігімен,  біліктілігімен  айрықшаланатын.  осылардың  

қай-қайсысы болсын автордан үлкен еңбекті, ізденісті керек етті. зерттеушілік жауапкершілік, 

сыншылдық батылдық – осы жұмыстардың бәріне ортақ қасиеттер.

Өнердің ережесін білу мен оны қолдана білу – екі түрлі ұғым екені белгілі. м. Қаратаев осы екі 

ұғымды түйістіре білді, ол көркем шығарманың мазмұны мен түрін тұтастықта қарады,  талдай 

да, талдағанын жинақтап, қорыта да білді. Әдеби шындықты өмір шындығымен салыстыра  алды, 

тарихи жалғастық принципін берік ұстанды. осының бәрі ғалым-сыншыға көркемдік дамудың 

заңдылықтары туралы теориялық тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді.    

м. Қаратаев еңбектері туған әдебиетіміздің өресін, өскенін, жалпы тынысын танытатын сыни-

көркем шежіре іспеттес. Бұл шежірені автор әрқашан біліммен, тәжірибемен байытып отырды.

Әдебиеттің бар сырын ашып, оның құдыретін танытатын сын екені белгілі. Жалпы алғанда 

сынның тууы – адамзат көркемдік ой-санасының бір адым ілгерілегендігінің айғағы. ендеше, 

кәсіби  дәрежедегі  қазақ  сынының  бүгінгі  дидары  әлеуметтік-сыншылдық  ой-тұлғамыздың 

өскендігінің жарқын көрінісі. Қазақ сынының өнер дәрежесіне көтеріліп, білікті деңгейге жетуіне  

академик мұхаметжан Қаратаев үлкен үлес қосты. сыншының қай мақаласын алып қарасақ та  

оның туған әдебиетке деген сүйіспеншілігі, перзенттік ықыласпен ұштасып, сабақтасып жатқанын 

көреміз. осындай ынтық шығармашылық жігерді  м. Қаратаевтың «Эпостан   эпопеяға» атты 

кітабын оқи отырып көз жеткізуге болады. 

мұнда автор қазақ әдебиетінің елу жылдағы сан салалы жолына көз жіберіп, оның дамуы мен 

сипатын, ғасырлар бойы халықтың рухани талшығы болып келе жатқан өлең өнерінің жемісті 

жолын,  аударма саласының жайын, ел өміріндегі тарихи оқиғаларға байланысты туған елеулі 

тарихи-әлеуметтік  шығармалар,  поэзиядағы  дәстүр  мен  жаңашылдық  проблемасын,  өнердегі 

ұлттық сипат белгілерін   шынайылықпен  талдап көрсетеді. Қай өнердің болса, оның өзіндік 

ерекшелігі, жазылу стилі, мазмұны мен түрі, көркем заңдылықтары болатыны белгілі.      

сыншы  мұхаметжан  Қаратаев  сындарының  өзгешелігі  –  публицистикалық  шаттық  пен 

философиялық  ойдың  табиғи  үйлесетіндігінде.  сыншы  стиліндегі  атап  айтарлық  нәрсе  – 

сынның  тартымды оқылуы, мазмұн байлығы. сыншы  белгілі бір автор туралы жазғанда оның 



117

№ 3 (76) 2010

шығармасын  эстетикалық жағынан талдауымен қоса, өмірбаяндық фактілерді мол пайдаланады. 

Бұл жайында қаламгердің аталған кітабының  «ел сүйген есімдер» атты тарауында келтірілген 

мақалаларды айтуға болады.

оларға  жеке  талдау  жасайтын  болсақ,  сыншының  кеңес  әдебиетінің  көшбасшысы,  жаңа 

замандағы реализм әдісінің негізін салушы м. Горький туралы «Ұлы ұстаз» атты мақаласына 

көңіл аударамыз. Автор м. Горькийдің қазақ жұртшылығына тек шығармашылығымен, өзінің   

өнегелі өмірбаянымен ғана емес, сонымен бірге өмір саласында құн жетпес дана ұстаздығымен, 

таптырмас қамқорлығымен қадірлі екенін, оның әдеби үдеріске зор ықпал жасағанын айта келіп, 

ол  ықпалдың  екі  жағын  ашады.  «Бірі  –  Горький  творчествосының  тура  идеялық  көркемдік 

ықпалы, екіншісі – оның теориялық методологиялық қағидалары» [1,241].                 

Қаламгер м. Әуезов, І. Жансүгіров,  с. сейфуллин, Г. мүсірепов,  Ғ. мұстафиннің  Горький 

мектебінен сабақ алып, жаңа табыстарға жеткенін  ғылыми түрде дәлелдейді, «м. Горькийдің  

қазақ  әдебиетінің  қайраткерлеріне  көрсеткен  ұстаздық,  творчестволық  ықпал-әсерін  байыпты 

түсіну  үшін  Горький  творчествосына    жеке  жанр,  тақырып,  образ  сарын  ұқсастығынан  ғана 

іздемей,  оның  дүние  таным  тұрғысының,  тұтас  көркемдік  әдісінің,  эстетикалық  жүйесінің 

бірлігінен, былайша айтқанда, мазмұн мен түр бірлігінен іздеуіміз керек» деген ойын айтады.

м. Қаратаев қазақ халқының даңқты перзенті, ақын, көрнекті қайраткер  сәкен сейфуллиннің 

сол кездегі белгілі шығармалары туралы  пайымды пікірлерін айтқан. ол туралы  кітаптың «Асау 

тұлпар» деген мақаласынан  мағлұмат ала аламыз. онда жан-жақты дарын, турашыл қағидаттардың 

адамы,  халқын  сүйген  адал  ұлды  әр  қырынан  барынша  толық  жинақы  түрде  сөз  етті.  оның 

азаматтық  өсу  жолы  мен  өршіл  поэзиясындағы  тұтастық,  дүниетанымдық,  саяси-қоғамдық, 

әлеуметтік-эстетикалық тарамдары мол пайымдалады. Алғашқы жырларындағы лирикалық саз  

ақынның кейінгі шығармаларында  отты романтикалық сезім шаттығы, ерлік рухы, эпикалық 

тыныспен  ауқымын  аша  түсіп,  халық  санасын  оятудағы,  еңбекші    бұқараны  азаттық  күресіне 

жұмылдыруға  бастайтын  пәрменшіл  қасиеттерімен  анық  тұжырымдалады.    с.  сейфуллиннің 

«Альбатрос», «көкшетау» поэмалары мен «Асау тұлпар», «Экспресс» жинақтарына енген өткір 

өлеңдеріндегі жаңашыл екпін, ырғақ, ұйқас тәжірибелерінің  сәттілігі, ол дүниелердің халықтық 

поэзия дәстүрлерімен сабақтастығы, әрі в. маяковский сияқты кеңес  әдебиеті классиктерінің 

соны  өлшемдерімен  үндесуі  топшыланады,  кең  әдеби  салыстырулар  жасалып,  сәкеннің 

қазақ  әдебиетіндегі  барлық  сала,  жанр,  тақырып,  поэтикалық  бейне  тұлғаларынан  әр  кездегі 

көшбастаушылық ерекшеліктері  мол дәлелмен түйінделеді. сыншы с. сейфуллинді құрметпен 

атап,  сол  дәуірдің  саяси  шығармашылық  нысанасы  социалистік  реализм  ұстанымдарын  да 

тұңғыш меңгергенін дәйекті толғамдарға арқау етеді [2, 354].

сыншы  әдебиет  ағымының  дұрыс  бағыттта  дамуына,  шығармашылық  мәселелердің  дұрыс 

шешілуіне,  сол  кезеңдегі  әдеби  сынның  қандай  ықпал  әсері  болды,  оның  ролін  қалай  көтеру 

керектігі  жайында    айтылатын    «сын  шын  болсын,  шын  сын  болсын»  атты  мақаласында    А. 

Пушкиннің, в. Белинскийдің, А. Луначарскийдің сын туралы пікірлерін  келтіре отырып, әдебиет 

сынының әдеміліктің, көркемдіктің ғылымы екеніне оқушы назарын аударады.

«Поэзиядағы  дәстүр  мен  жаңашылдық»  деген  мақаласында    айтылған  пікірдің  теориялық-

практикалық  маңызы  айқын:  «сонымен  дәстүрдің  дамып,  жаңалық  жасау  үрдісі  жадағай 

құбылыс емес, күрделі диалектикалық құбылыс, бұрынғының көнерген ескі-құсқы, керексізін, 

керітартпа зияндысын тастап, тәуірін жетілдіру, жаңартып, жаңғырту үрдісі. Бұл үрдіс қашанда 

ескі мен жаңаның арасын ажырата біліп, жаңаны жақтау күресі арқылы тиісті нәтиже беретін 

қайшылықты үрдіс». мұнда барлық көлемдегі әдебиет дамуына тән қасиет: жаңашылдық жолға 

түсудің  шығармашылық негізі, тың көркемдік-эстетикалық ізденістердің  бұрыннан бар мұрадағы 

ұлағатты сабақтармен тамырласуы саясат әсеріне сай  пайымдалады. 

«Ақын  даңқы  –  халық  даңқы»  дейтін  мақаласында    халық  поэзиясының  алыбы,  Жамбыл 

Жабаевтың шығармашылығына ғана емес, бүкіл өмірінің болмыс-тіршілігі мен мінезіне сипаттама 

береді. оның «ХХ ғасырдың Гомері» аталуындағы шығармашылығының мәні мен маңызын аша 

түседі. Автор Жамбыл поэзиясының өз кезіндегі атқарған әлеуметтік ролін кемсіткісі келгендердің 

бар  екендігін  айта  келіп,  ойын  былай  түйіндейді:  «Әрбір  өнер  иесі  өз  даңқын,  халық  даңқын 

бүгінгі адам баласы алдында Жамбылдай, Әуезовтей жая алса, ана сүтін, азаматтық парызын 

одан артық ақтау болмайды». міне, бұл –  Жамбыл поэзиясына деген объективтік баға, сындарлы 

позициядан туған салиқалы көзқарас. Бұл мақала –  жамбылтануға қосылған елеулі үлес. 


118

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

Өз  еңбектерінде  м.  Қаратаев  стильдік  қасиеттердің  ұлттық  және  интернационалдық 

сипаттарымен  сабақтастығын  сенімді  көрсетеді.  Өйткені  суреткер  үшін  оның  туған  жері 

мен  ортасының  әсері,  ұлттық  психологиядағы  ерекшеліктері  шығармашылықта  оқшаулық 

сапа    көрсете  тұрып,  көршілес  елдер,  әлем  әдебиетіндегі  үздік  үлгілердің    әрекет-ықпалына 

қарай интернационалдық салттармен баюы бір жағынан жеке адам санасындағы ілгерілеуден, 

екінші  жағынан  тікелей  соның  қуаты  нәтижесінде  көркем  туындының  идеялық-құрылымдық 

болмысындағы соны өрнектерден аңғарылмақ.

«интернационалдық пен ұлттық сипат»  атты мақаласында сыншы бұл тек стильдік тұрғыдын 

емес, өнердің эстетикалық-философиялық  сипаты ыңғайымен кең шеңберде келеді. 

«интернационалдық пен ұлттық сипаттың ара қатынасының мәселесі социалистік реализм 

әдісін меңгеру дәрежесіне тікелей байланысты. олардың бірлігінің диалектикасы бұл мәселеде  

өзара  ажырату  немесе  екі  жақпарға  кезек  соғысушылық  атаулының  болу  мүмкіндігіне  жол 

бермейді. мәселенің өңін айналдырғыштар мен бұрмалағыштар интернационалдық пен ұлттық 

сипаттың ара қатынасы жайлы ұғымдарды көрнеу теріс көрсетіп, оларды бір-бірінен ажырата, 

бір-біріне  қарама-қарсы қоя баяндайды», -  дей отырып, ғалым осы саладағы ұлттық нигилизм 

мен  ұлттық  герметизм  тәрізді  өзара  қайшылықты  теориялардың  қателігі  бөлінбес  ұғымдарды 

бөлшектеп тануға  тырысуда екенін дәлелді тұжырымдайды да, бұл қасиеттерінің құрылымы, 

мазмұны, тарихи өзгермелік рухымен тамырластығын және шарттылық сырын ескертеді [3,328].

осындай  аса  күрделі  мәселе  төңірегінде  автор  қазақ  әдебиетінен  мысалдар  ала  отырып, 

ойларын ортаға салған.

Бір халықтың ұлттық әдебиеті екінші бір ұлт әдебиетінің дамуына игі ықпал ететінін жақсы 

білеміз.  мысалды  алыстан  іздемей-ақ,  кеңес  тұсындағы  орыс  әдебиетінің  ұлт  әдебиеттеріне 

күшпен  және  күшсіз    тигізген  әсерін    айтсақ  та  жеткілікті.  Жақсы  туындылар  алдымен  сол 

халықтың рухани қажетіне жарап барып, басқа тілдерге аударылудың нәтижесінде жалпы адам 

баласының ортақ игілігіне айналады. сондықтан да қаламгерлер интернационалдық пен ұлттық 

сипатты  табиғи  бірлікте  алып,  ұштастыра  білгені  жөн.    м.  Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясы 

осындай  туынды  екені  аталған  зерттеуде  жақсы  дәлелденген.  осы  мақаласында  сыншы  бұл  

мәселені  тек идеялық тұрғыдан емес, өнердің эстетикалық-философиялық сипаты ыңғайымен 

кең шеңберде қарастырады. реализмді «социалистік» атауымен қосақтауы болмаса, көп ұлтты 

кеңес әдебиетінің тәжірибесі бойынша бұл проблеманың әр алуан қыры түрлі мысалдар арқылы 

пайымдалады.

Қаламгер «Жарты ғасырдың шежіресі» атты мақаласында көрнекті жазушы с. мұқановтың 

«Өмір  мектебі»  трилогиясының  елеулі  жақтарына  арнайы  тоқталып  өтеді,  мемуардың  мән-

мазмұнын  талдайды.  ««Өмір  мектебі»  -  аса  дарынды,  өзгеге  ұқсамайтын  өзіндік  мәнері  бар, 

әңгімеші  ретінде  автордың  өзін  өзі  дәл  тапқан  төл  қасиет  туындысы.  ол  барлық  оқиғаны  өз 

атынан  баяндау  формасын  да  дұрыс  таңдап  алған,  сондықтан  да    шығарма  желісі  соншама 

нанымды, соншама дәлелді болып, өздігінен құйылып-төгіліп тұрады», - дей келіп,  кітаптың с. 

мұқановтың  30 жылдан астам жазған өмірбаяндық трилогиясы екендігін, оның халық өмірін кең 

қамтитын,  салт-сана,  әдет-ғұрып,  дәстүр  құбылыстарын  егжей-тегжейлі  дәл  суреттейтін  мұра 

екендігін ғылыми тілмен байыптайды.

«Халық  жыршысы»,  «Таң  жыршысы»  сияқты  мақалаларында  іргелі  ақындарымыз  А. 

Тоқмағанбетов пен Ө. Тұрманжановтың еңбектері зерттелген.

«Өрендер  ойлар»  деп  аталатын  үшінші  бөлімдегі  «Ақын  шамы»  атты  мақалада  өмірдің 

ащы-тұщысын  татар-татпаста    қолына  қару  алып  отан  қорғауға  аттанған  жас  ақын  Хамит 

ерғалиевтың шығармашылығын сөз етсе, «сырбай сыр шерткенде» деген мақалада лирик-ақын 

сырбай мәуленовтың  ақындық өсу белестерін өлеңдерінен мысал келтіре отырып зерделейді,  

шығармашылық ерекшеліктеріне тоқталады.

Қазақ әдебиетінде орыс тілінде жазатын бірнеше талантты ақын-жазушылар бар. олардың 

біразы кезінде одақ көлемінде, одан да тыс жерлерде танымал болды. Бірақ, олар туралы кезінде 

де, қазір де сыншыларымыздың жазғаны өте аз. м. Қаратаев  аталған кітапта олжас сүлейменов 

пен Әнуар Әлімжановтің шығармашылығын жан-жақты ашып, негізгі  сипатын талдап береді.  

орыс  тілінде  жазғанмен,  «олжастың  -    қазақ  ақыны,  Әнуардың  -  қазақ  жазушысы»  екенін 

дәлелдейді.  «олжас  –  өз  халқының  қайғысына  бірге  қайғырып,  қуанышына  бірге  қуанатын, 

оның тарихын жақсы біліп, халқының бақытқа барар тарихи жолын алыстан аңғаратын адал ұлы. 


119

№ 3 (76) 2010

Қазақ  оқырмандарының  кейбіреулері  сүлейменовтің  бірен-саран  қиын  шығармаларын  бүгін 

жете түсінбегенімен, оның бүкіл шығармашылығы реализм кемесінің жел өтінде келе жатыр, ол 

халықтық шығарма деуге  толық правомыз бар. Бүгін түсінбесе, ертең түсінеді, рухани өсу жолы 

соған апармақ» -  деген пікір айта отырып, оның публицистикалық жалынды өлеңдеріне  жарқын 

да терең сипаттама береді [1,422].

Бұл мақалалар олжас пен Әнуар  шығармашылығын зерттеушілерге көп пайда келтірері сөзсіз. 

сонымен, қазақ ауыз әдебиетінің  талай ғасыр бойында қол жеткен биігі болған қазақтың бай 

эпосы дәрежесінен көп жанрлы жазба әдебиетінің роман-эпопея жанрын туғызған жемісті жол 

екенін ыждағатпен байыптаған «Эпостан  эпопеяға» еңбегі – академик мұхаметжан Қаратаевтың  

сыншылық-шығармашылық қолтаңбасын  байқататын туынды. 

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1.  Қаратаев м. Эпостан   эпопеяға. -Алматы: Жазушы, 1969.- 444 б.

2.  Әшімбаев с. Шындыққа сүйіспеншілік. -Алматы: Жазушы, 1993.- 624 б.      

3.  Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. екі томдық.1-том. -Алматы: ҚазАқпарат, 2008.- 646 б.

редакцияға 17.12.2010 қабылданды. 

к. ахмет

CӘбит мҰҚанов ЖӘне ӘДеби-көРкем сын

1925 жылдан бастап “Ақжол” газетінің 555 санында Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиетінің 

бүгінгі жай-күйі жайында ұзақ әңгімені бастап, әркімге ой салатын, бел қайыстыратын сауалдарды 

көлденең тартты. 

“Төңкерістен бұрынғы қазақ әдебиетінің бағыты, рухы қандай еді? енді қандай болуы керек? 

Төңкеріс әдебиетке қандай олжа салды?  Қазақта төңкерісшіл тапшыл ақын-жазушылар бар ма? 

Болса кімдер? Тапшыл ақын жоқ болса, себеп не ?  Қашан болады ? Әдебиеттен ұлтшылдық жол 

қашан қалады? Қазақ әдебиетінің орыс әдебиетінен өзгешелігі бар ма? 

Қазақ ақын-жазушылары төңкеріске жолдан қосылған жолбикелер ме? Әдебиет техникамен 

қатар өсе ме? Қазақ әдебиеті қазір қай дәуірде? Әдебиетке қандай көзбен қарау керек?” 

Бұл сауалдардың қыршаңқылығы да жоқ емес. Төңкеріс бір жағынан уайым-қайғы, екінші 

жағынан  айғай-шу  еңгізді  деген  уақытта  найзаның  ұшы  кемпірге  өсиет  айтқан  тапшыл 

ақындарға, әсіресе айғайы басым сәбит мұқановқа бағытталғанын аңғармау мүмкін емес сәкен 

болса  “Асау  тұлпар”  жинағы,  “Қызыл  сұңқарлар”  мен  “Бақыт  жолына”  пьесалары  үшін  1922 

-1923 жылдары “Шолпан” мен “Темірқазық” журналдарынан тиісті “сыбағасын” алды. оңбай 

сыналды.  Әрқайсысына  жауап  беріп,  қысас  сөздер  уытына  еті  үйрене  де  бастады.  Ал  “Қара 

тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” атты памфлетімен екпіндетіп келген сәбит мұқановқа 

енді ғана құрық сілтене бастағанда тарпаңдық танытып, қып-қызыл айтысқа кірді де кетті [1]. 

Ташкенттегі “Ақжол” газетіндегі айтыс мақаласының ызғары Қазақстанға жетті. сәкен 1925 

жылдың басынан өкімет жұмысына да, жазушылыққа да селқостана бастады. Қазан төңкерісінің 7 

жылдығына арналған поэмасын әзер дегенде бастырып, смағұл садуақасовтың “күміс қоңырау” 

повесі жарияланғаннан кейін және сырдария мен Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуымен 

бірге  Түркістандық  қызметкерлердің,  әсіресе  іскер  де  тапқыр,  1922  жылы  Ташкенге  барғанда 

Шегірдің  мақаласы  және  өзінің  “кім  жауапкер,  жолдас!”  өлеңімен  сәкенге  қоңырау  тағып 

жіберген сұлтанбек Қожановтың өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі 

(яғни екінші хатшы) болып келгеннен соң смағұлмен тізе қоса қимылдаулары төңкерісшілдерге, 

әсіресе сәкен сейфуллин мен сәбит мұқановқа өте жайсыз болды. сәкеннің орнына редактор 

болып  тағайындалған  смағұл  сәдуақасов  сәбит  мұқановты  “еңбекші  қазақтағы”  қызметінен 

шығарды, жазғандарын жарияламауға көшті. V сьезде казцик мүшелігіне қайтадан сайланбады. 

Пролетариат  және  қарашаруа  жазушылар  ұйымының  (қысқартып  айтқанда  казАПП) 

платформасын  жасау  хатшы  сәбит  мұқановқа  тапсырылады.  «оны  тез  жасау  қажет  болды, 

себебі-сол тұстағы қазақ әдебиетінде біріне-бірі қарама қарсы айқын екі жүйе байқалып қалған: 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал