Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы




Дата22.04.2017
өлшемі80 Kb.

496

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

противоправности,  наказуемости,  экологичности  отражает  особенность  экологического 

правонарушения.  Таким  образом,  эффективное  проведение  разграничения  правомерного 

поведения от противоправного деяния как основания последующего возложения мер юридической 

ответственности требует внимания к более тщательному анализу и проработки элементов состава 

экологического правонарушения. 



список литеРатуРы

1.  Лейст о.Э. Проблемы теории государства и права. Под ред. д.ю.н., проф. м.Н. марченко. Глава Xii 

«методологические проблемы юридической ответственности». – москва: ЮрисТЪ, 2001. с. 631.

2.  иоффе о.с., Шаргородский м.Д. вопросы теории права. – москва: Государственное издательство 

«Юридическая литература», 1961. -с. 254.

3.  Трайнин А. Н. состав преступления по советскому уголовному праву. -москва: Госюриздат, 1951. 

-с. 75.

4.  курс уголовного права. общая часть. Том 1: учение о преступлении / Под ред. Н. Ф. кузнецовой и 



и. м. Тяжковой. -москва: зерцало, 2002. с. 164.

5.  Бринчук м.м. Экологическое право (право окружающей среды) : учебник для высших юридических 

учебных заведений. – москва: Юристъ, 1998. – 688 с. с. 477-478.

6.  Шестерюк А.с. вопросы кодификации законодательства об охране окружающей среды. – Ленинград: 

издательство Ленинградского государственного университета им. А. А. Жданова, 1984. -119 с. с. 108.

7.  Байдельдинов Д.Л., Бекишева с.Д. Экологическое право республики казахстан: учебное  пособие. 

– Алматы: издательский центр оФППи «интерлигал», 2004. – 312 с. с. 175-176.

8.  Постановление пленума верховного суда республики казахстан «о практике применения судами 

законодательства об охране окружающей среды» № 16 от 22.12.2000 года. // Нормативные постановления 

верховного суда республики казахстан. – Астана, 2009. – 632 с. с. 86.

9.  еренов  А.е.,  мухитдинов  Н.Б.,  ильяшенко  Л.в.  Правовое  обеспечение  рационального 

природопользования. – Алма-Ата: Наука, 1985. – 150 с. с. 117.

10. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын е. возмещение экологического вреда по законодательству республики 

казахстан. – Алматы:ЮрисТ, 2001. – 80 с. C. 6-7.

11. Шемшученко Ю.с. Правовые проблемы экологии. – киев: Наукова думка, 1989. с. 154.

12. культелеев с.Т. Экологическое право республики казахстан. – Алматы, 2003. – 328 с. с. 278, 280.

13. ерофеев Б.в. Экологическое право россии. – 6 изд., исправ. и доп. – москва: мцуПЛ, 1999. -647 с. 

с. 300.


14. Алексеев с.с., Архипов с.и. и др. Теория государства и права. Под ред. Алексеева с.с. – м.: Норма, 

1998. — 456 с. с. 343.

15. кузнецова Н.в. Экологическое право. –москва: Юриспруденция, 2000. – 168 с. с. 52.

16. вернадский в.и. размышления натуралиста. книга вторая. Научная мысль как планетарное явление. 

– москва: Наука, 1977. – 191 с. с. 19.

17. курс  советского  уголовного  права  в  шести  томах.  Часть  общая.  Том  ii  Преступление.  –  москва: 

Наука, 1970. с. 148.

18. концепция правовой политики республики казахстан на период с 2010 до 2020 года, утвержденная 

указом Президента республики казахстан от 02.08.2009 года № 858.

19. Гражданское право: учебник в 3 т. Т. 1.— 4-е изд., перераб. и доп. / под ред. А. П. сергеева, Ю. к. 

Толстого. — москва: Тк велби, изд-во Проспект, 2005.- 773 с. с. 142-145.

Поступила в редакцию 22.12.2009.



а.Ә. ЖҰмаҒҰлова 

коллеДЖДеРДе биология сабаҒын инноваЦиялыҚ ЖӘне аҚпаРаттыҚ 

технологиялаРДы паЙДаланып оҚыту

This article introduces innovative, interactive techniques in teaching biology, discusses issues of 

teaching methodology, and the use of information technology at biology classes. 

«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы басымдылығының бірі ұлттық білім моделін 

қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін  бүкіл әлемдік білім кеңістігіне 

кіріктіруімен сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде  индустриялық 

қоғамнан  интерактивті  қатынас  жасауға  оны  жүзеге  асыратын  техникалық  мүмкіндіктерді 

дамытып отыра алатын информациялық қоғамға,  яғни, негізгі рөлді  информацияны алу, өңдеу, 

сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп 

жатыр [1].



497

№ 3 (76) 2010

Әлеуметтік  өмірдің  барлық  саласында  ең  басты  өзгерістері  ғылымдағы  және  мәдениеттегі 

процесс, педагогикалық қызметтің ортасындағы жаңа қажеттіліктер, білім жүйесін жаңашалау 

(модернизациялау) қажеттігіне әкелді. Бұл саланың  әрі қарай дамуының, мүмкін жолдарының 

бірі  инновациялау,  яғни  құрудың  атқару  процестері,  қабылдауы,  бағалау,  педагогикалық  жаңа 

тәртіптерді меңгеру және қолдану. Бұл білімнің оқытудың және тәрбиенің әдісі мен түрлерінің, 

білім  орындарының  жұмыстарын  ұйымдастыруының  және  атқаруының    және  т.б.  барысына 

қатысы бар [2].

«инновация»  термині,  ағылшын  тілінің  innovation  сөзінен  шыққан,  аударғанда 

«жаңашылдықты  енгізу»  (жаңа  тәртіп).  50-жылдың  аяғында  Германияда,  АҚШ-та  және  басқа 

елдерде педагогикалық жаңа тәртіптерді оқу және талдап қорыту жөнінде орталықтар құрыла 

бастады,  білім  саласындағы  жаңашылдықты  енгізуге  арналған  арнайы  мерзімді  басылымдар 

шыға бастады [3].

Бүгінгі  күні  инновациялық  әдістермен  оқытудың  ақпараттық  технологияларын  қолдану 

арқылы  оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін 

дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Ақпаратты  технологияларды  пайдалану  арқылы  мектептегі,  колледждердегі  сабақтарды 

жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми 

– педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін 

қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды 

ізгілікке,  елжандылыққа,  саналылыққа,  адамгершілікке,  имандылыққа,  еңбексүйгіштікке 

тәрбиелеу. инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу 

үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру 

жүйесіне де, тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты. Жалпы педагогика, жеке 

әдістемелер және компьютердің түйісуінде жаңа бағыт: оқытудың ақпараттық технологиялары 

дүниеге  келді.  оқыту  үрдісінде  компьютерді  қолдануға  негізделген  жеке  әдістемелер  оқу 

мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. кейбір жағдайда оқушылардың 

сұранысын  терең  ұғыну  қажет  болады,  келесі  бір  жағдайда  пәндік  саладағы  білімді  талдау 

маңызды рөл атқарады, ал үшінші бір жағдайда  оқытудың психологиялық ұстанымдарын ескеру 

басты рөл атқарады [4].

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:  

1. олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт  аралығында  айтылуға тиіс 

мәліметтер көлемін ұлғайтады 

2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол 

жеткізуге болады 

3. оқыту жүйесінің  көп деңгейлі  жетілдірілуі, олардың  таралымдалуы мен оқу  материалының 

сапасын арттырады 

компьютердің  көмегімен  оқушы  өз  бетінше,  сондай-ақ  өзге  оқушылармен  топтасып  бірге 

жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

«компьютер көрнекі, бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым-қатынас машықтарын, 

мақсатты    әрекеттерді  және  әлеуметтенуді  дамыту  үшін  мүмкіндіктер  туғызатыны  туралы 

дәлелдер бар» деп, көрсетеді Нокс Джордж [5]. 

Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге 

мүмкіндік  туды,  мұғалім  тек  қана  білімді  алып  жүруші  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқушының 

өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды.  осыған 

орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті 

оқыту моделі болып табылады. 

интерактивті әдістерге:  

1.   Проблемалық шығарма әдістері

2.   Презентациялар

3.   Пікірталастар

4.   кейс - стадийлер

5.   Топпен жұмыс 

6.   миға шабуыл әдісі

7.   сын тұрғысынан ойлау әдісі 

8.   викториналар

9.   мини зерттеулер

10. Іскерлік ойындар



498

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

11. рөлдік ойындар 

12. инсерт әдісі (белгілеулер әдісі, 7-10 минут ішінде оқушылар эссе жазады). 

13. Блиц - сұрақтар әдісі

14. Анкета алу әдісі т.б. 

Ақпаратты беру  мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық принципіне негізделген. Жоғарыда 

көрсетілген  әдістер  оқушының  екпінділігін  арттырып,  алынған  мәліметтерді  шығармашылық 

тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады.  

   оқытудың интерактивтік моделінің негізгі критерийлері:  

1. емін - еркін пікірталасқа түсу мүмкіндігі 

2. Белгілі бір материалды емін - еркін  баяндау 

3. семинар сабақтарының көп болуы, оқушылардың инициативасының     жетекшілігі 

4. Топтық тапсырмалардың қолданылуы және сол арқылы ұжымдық іс-әрекеттерді дамыту

5. Жазбаша жұмыстарды орындау.   

   Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан республикасының орта 

білім беру жүйесіндегі  негізгі басымдылықтарының бірі  оқушылардың мүдделерін қолдау болып 

табылады.  осыған  орай  мектеп-ресурстық  орталығының  әрбір  мұғалімінің  ең  негізгі  міндеті 

әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып, әрбір оқушының шығармашылық 

шабытының тууына жағдай жасау. осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: 

Қазақстан республикасының азаматын қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның 

өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. осыған орай әрбір оқушының оқыту процесіне 

тартылуының соңғы нәтижесі оның білімділігі мен құзыреттілігіне байланысты. сонымен қатар, 

қазіргі  қоғамның  ақпараттандырылуы  білім  беру  үрдісіне  түбегейлі  өзгерістер  әкеп,  оқыту 

методикаларының негіздерін түбегейлі қайта қарастыруды талап етіп отыр. сонымен орта білім 

беру  жүйесіндегі  реформалар  құрылымдық  негізі  бар,  өзгерістерге  толы  жаңа  методикаларға 

көшуді  дұрыс  деп  тауып  отыр.  Өйткені  дәстүрлі  әдістерде  «білім  беру  неғұрлым  көп  болса 

солғұрлым жақсы» деген принцип бойынша жүзеге асты, әрине, бұл дұрыс емес [5]. 

оқыту процесін  жоғары деңгейге көтерудің негізгі әдісі болып проблемалық шығармашылық 

әдіс  саналады.  Бұл  әдісті  қолдану  барысында  өтілген  әрбір  сабақ  сұхбат  болып  өтіп,  сабақ 

беру барысында зерттеушілік үрдісі жетекшілік етеді. Бұл әдістің ерекшелігі оқушыны оқыту 

процесіне  қызықтырады.  сабақтың  белгілі  бір  тақырыбын  бастау  барысында  оқушыларға 

проблемалық  сұрақ  немесе  проблемалық  тапсырма  беріледі.  Проблеманы  шешу  барысында  

оқушының  біліміне  қойылатын  талаптар  мен  оны  түсінуі  арасындағы  қарама-қайшылықты 

мұғалім  болдыртпауға  тырысады.  оның  үстіне  негізгі  проблемалар  оқушылардың  өздерімен 

көтеріліп,  сол  проблемаларды  шешу  оқушылардың  өздеріне  жүктеледі.  Әрине,  проблемалық 

оқыту әдістерін ұйымдастыру өте күрделі болып табылады, өйткені мұғалімнің өте терең, өте 

жан-жақты  дайындалуын  талап  етеді.  Бірақ,  бастапқы  кезеңде  бұл  әдісті  бұрын  өтіліп  кеткен 

сабақтардың құрылымына қосымша ретінде пайдалануға болады [3]. 

келесі  құнды  әдістер  -    кейс-стадий  әдістері  немесе  «оқытудың  нақты  жағдайлары».  Бұл 

әдістің  ең  негізі  болып  жағдай  ұғымы  анықталады,  яғни  жағдайларды  таңдау  барысында  

ең  соңғы  нәтижеге  әсер  ететіні.  Бұл  әдісті  қолдану  барысында  бір  ғана  дұрыс  шешімнің 

болуы  міндетті  емес.  оқытудың  бұл  әдісінің  негізінде  оқушы  өздігінен  шешім  қабылдап,  сол 

шешімін  дәлелдеп  беруі  тиіс.  «оқытудағы  нақты  жағдайлар»  әдісі  құқықтану  мен  медицина 

саласында ХХ ғасырдың басында қолданыла бастады. оқытудың бұл әдісіне жетекшілік ететін 

Гарвард  университеті.  Өйткені,  ең  алғашқы  кейс  жағдайлары  бизнес  пәндерінде  оқытылатын 

студенттерінің  сынамаларынан  өткен.  кейс-стадий  әдістерінің  авторларының  айтуынша 

оқушылар  мен  оқытушылар  әрбір  іскерлік  жағдайлар  мен  мәселелерді  талдауға  қатысады. 

мұндай  кейс-стадий  жазбаша  түрде  құрылып,  шынайы  деректермен  негізделіп  оқушылардың 

оқуға және сол мәселе бойынша сұхбаттасуына арналған [6]. 

кейс - стадийлердің ерекшелігі: 

1.   Белгісіз бір жағдайларда ең дұрыс шешім қабылдау

2.   Шешім қабылдаудың  жолдарын іздестіру, соларды жоспарлау

3.   Белгілі бір жағдайларды зерттеу дағдыларын қалыптастыру

4.   Жоспарларды құра білу

5.   Теориялық алған білімдерді тәжірибеде қолдана білу 

6.   Басқа да мамандардың көзқарастарын елеу

Бұл әдістің ең басты жетістігі белгілі бір жағдайларға талдау жасай білу, баламаны бағалай 

білу, тәжірибелік мәселелерді шешуге дағдылана білуді дәріптейді.               



499

№ 3 (76) 2010

«оқытудағы нақты жағдайлар» әдісін пайдаланудың жалпы технологиясын ұсынамын:   

а) оқытушы кейсті таңдайды

б) негізгі және қосымша материалдарды нақтылайды

в) сценарий жазады 

оқушының  міндеті  кейсті,  қосымша  әдебиеттер  тізімін  алып  сабаққа  дайындалу.  сабақ 

барысында мұғалім: 

а) кейсті алдын-ала пікірталасқа салуды ұйымдастырады   

б) топтарды шағын топтарға бөледі 

в) кейсті  талдау барысында сұхбаттасуға жетекшілік етеді

оқушы:    а) сұрақтар қояды 

                  б) шешім қабылдаудың жолдарын ұсынады 

                  в) шешім қабылдайды 

                  г) осы жұмыс туралы жазбаша есеп құрастырады 

Жаңа инновациялық методикаларға қысқаша тоқталғаннан кейін биология пәні бойынша  осы 

әдістерді қолдану тәжірибесіне тоқталайық. 

сабақ түрі: Аралас сабақ

оқушыларға терең де, тиянақты білім беру әрбір мұғалімнің басты мақсаты. сабақ үрдісінде 

оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық ой – өрісін дамыту, есте сақтау және 

өз ойларын тиянақты жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында «омыртқалы жануарлардың асқорыту 

жүйесі және онда астың қорытылуы» тақырыбында сабақ өткіздім. 

сабақтың  көрнекілігі  ретінде  интерактивті  тақта,  кесте,  сызбанұсқалар,  суреттер,  iNSERT 

бағалау парағын пайдаландым. 

Үй тапсырмасын тест сұрақтарын бере отырып тексердім. 

1-нұсқа

1.  Атпа жасушалары қандай жәндікте болады?



         а) шұбалшаң         ә) ақ сұлама          б) гидра 

2. көмірсулар жануар жасушасында неше пайыз болады?

         а) 1-5 %           ә) 5% көп            б) 10%

3. Гидрада ас қорытуға қай жасушалары қатынасады? 

 а) ішкі (эктодерма)      ә) сыртқы (энтодерма)      б) атпа жасушалары

4. Гидра жемтігін қалай ұстайды? 

         а) атпа жасушалары арқылы       

         ә) қармалауыштары арқылы     

         б) жүйке жасушалары арқылы

5. Ауыз – жұтқыншақ – ішек. Бұл сызба қай жәндікке тән?

          а) гидра         ә) ақ сұлама          б) зауза қоңызы

2-нұсқа


1.  Гидрада эпителий ұлпасы қандай затты бөліп шығарады?

          а) қанды         ә) ас қорыту сөлін          б) майды

2. Гидрада эктодерма қабатындағы жасушалар тобы:

          а) тері – бұлшық ет, атпа

          ә) жүйке, аралық          

          б) бәрі дұрыс жауаптар

3. Жануарлардың бұлшықет ұлпасы қандай затты бөліп шығарады?

          а) асқорыту сөлін түзеді

          ә) қимыл – қозғалысын қамтамасыз етеді    

          б) ағзаға оттегін тасымалдайды

4. Гидра қандай ортада тіршілік етеді?

          а) ауада         ә) суда          б) топырақта



биологиялық диктант

көп нүктенің орнына тиісті жауаптың нөмірін жазыңыздар



500

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

Жаңа сабақты тірек – сызбалар арқылы түсіндірдім. 



501

№ 3 (76) 2010

 

Жаңа сабақты түсіндіргеннен кейін оқушыларға пысықтау сұрақтарын бердім. 



1.  Балықтардың асқорыту жүйесінің ерекшелігі жайлы не білеміз?

2.  Құстардың тіршілік етуіне байланысты асқорыту жүйесінде қандай ерекшеліктері болады?

3.  Құстарда қарын неше бөліктен тұрады?

4.  сүтқоректілердің тістері қанша түрлі болады?

5.  сүтқоректілердің қарындары қоректену тәсіліне байланысты қанша бөлімді болады?

6.  Қарындағы ортаның температурасы нешеге тең болады?

7.  Бауырдағы бөлінетін сөл не деп аталады?

8.  сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысқан жерде қандай мүше тармақталып тұрады?

9.  Ұйқы безінің сөлі ұлтабарда сілтілік орта жасап, ағзада қандай зат бөледі?

10. органикалық заттар ағзаға не арқылы тарайды?

Жаңа сабақты бекіту үшін сТо, iNSERT стратегияларын қолдандым. 

бағалау парағы

   


     

 

 



    

инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында 

өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі. 

Біріншіден,  инновациялық  әдістерді  қабылдау  оқушыға  оңай  соқпайды,  өйткені  ол  үнемі 

белсенділік танытуы керек. 

екіншіден, компьютерлік сауаттылық қажет, компьютер, проектор, теле - видео апаратурамен 

жұмыс барысында тәжірибелік үрдіс негізгі фактор болу керек, ондай бағытта жұмыс істеу әзірге 

өкінішке орай мүмкін болмай отыр. 

Үшіншіден, калейдоскопиялық жағы – оқушының жаңа әдіспен ұйымдастырылған сабақтың 

түрлеріне  белсене  қатысамын  деп,  сабақ  барысында  ашылатын  ең  негізгі  проблеманың  мәнін 

түсінбеуі. осының салдарынан білім сапасы да төмендеп, үлгерімі төмен оқушылар да пайда 

бола бастайды. Үлгерімі төмен оқушылармен де жұмыс жүргіземін. олармен негізінен қосымша 

сабақтар, психологиялық тренингтер, гуманизациялық әдістер, рөлдік ойындар, мини зерттеулер 

бағыттарында  жұмыстар  жүргізіледі.  күнделікті  деңгейі  жеңілдетілген  тесттер  алынып,  

жеңілдетілген тапсырмалармен жұмыс жасау, қателермен жұмыс үрдісі үнемі жалғасын тауып 

жатыр. 


Қорыта  келгенде,  инновациялық  әдістер  мен  оқытудың  ақпараттық  технологияларын 

пайдалану – барлық мәселелердің  шешімі деп қарастыруға болмайды, өйткені бұл – мектептегі, 

колледждердегі білімдік негізді шешетін құрал, сондықтан да мектеп оқушыларының өзіне тән 


502

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

ерекшелігін ескеріп, әрбір кезеңін мұқият саралаудан өткізіп барып тәжірибеде қолдану керек.       

Қазіргі мектепте, колледждерде білім сапасын жетілдіру – білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның 

дамуының шарты. 



паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1.  Қазақстан республикасының «Білім туралы заңы». -Астана, 2007.

2.  Жалпы және орта білім беру стандарты. Алматы: рик, 1996. - 18-б.

3.  Абылкасымова  А.е.  основные  направления  совершенствования  системы  среднего  образования 

в  республике  казахстан  //  Проблемы  обновления  школьного  образования:  мат-лы  междунар.  научно-

практич. конференций. Бишкек, 2000. Ч. 1. с. 20-26.

4.  Қазақстан  республикасында  білімді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  бағдарламасы. 

Астана, 2004-46 б.

5.  Педагогикалық білім беру стандарты. –Алматы: Ғылым, 2001. – 50б

6.  Шоқыбаев Ж.Ә., уалиева Т.Ж. оқытуда жаңа педагогикалық

технологияларды пайдаланудың жолдары / республикалық ғылыми конференция, Алматы, 26-27 мамыр 

2005. - Б. 67

7.  Қ.р-ның Гуманитарлық білім беру концепциясы. Алматы, 1994. - Б.41

редакцияға 25.02.2010 қабылданды. 



Ж.е. зҰлпыхаР 

WiNdoWS-тың ЖҮЙелІк РеестРІ

информатика  саласы  мамандығы  студенттеріне  кәсіптік–ақпараттық  бағыттылық  беруде 

мамандық пәндер бойынша танымды қызмет атқару басты маңызға ие. Бұл пәндерді оқытудағы 

құрылымдық  логикалық  байланыстылық  негізінде  кәсіби  бағыттылықты,  яғни  өзекті  ісіне 

қатысты білім мен біліктілігін дамытуға бағытталады. сала бойынша кәсіби мамандар дайындау 

барысында маңызды рөл атқаратын пәндердің бірі - «операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру» 

пәні. Бұл пәннің мақсаты - заман талабына сай операциялық жүйелер туралы білімі, дағдысы 

қалыптасқан маман дайындау. 

операциялық жүйелер дегеніміз компьютердің құрылғыларын басқаратын, пайдаланушы мен 

компьютер арасында байланыс орнататын жүйе болып табылады және ол барлық мәліметтерін 

реестрде (Windows типті операциялық жүйелерде) сақтайды. операциялық жүйе үшін реестрдің 

маңызы өте зор, реестрді меңгерген білімгер операциялық жүйеге әкімшілік етуді еш қиындықсыз 

жүзеге асыра алады. енді реестрге тоқталатын болсақ:  

реестр  (ағылш.  registry)  –  операциялық  жүйенің  құрылымдық  мәліметтерінен  тұратын 

мәліметтер қоры. Физикалық тұрғыдан алғанда реестрдің барлық ақпараты бірнеше файлдарға 

бөлінген.  WiNDOWS  операциялық  жүйесінде  реестр  WiNDOWS  каталогындағы  system.dat., 

user.dat және classes.dat (кейбір шығарылымдарда) файлдарынан құралады.

WiNDOWS-тың  жүйелік  реестрі  жүйені  баптау  параметрлері  және  онда  жұмыс  жасайтын 

қосымшалардың  орталықтандырылған  мәліметтер  қоры  болып  табылады.  реестр  WiNDOWS 

құрылымдарының файлдары – осыған дейін қолданып келген iNi файлдардың орнына, оларға 

байланысты шектеуліктер мен қолайсыздықтарды жою үшін қызмет атқарады [1, 1]. 

Microsoft  Computer  Dictionary  cөздігінің  5  шығарылымында  реестрге  келесідей  сипаттама 

береді:

WiNDOWS 9x, WiNDOWS NT, WiNDOWS 2000, WiNDOWS XP операциялық жүйелерінің 



құрамындағы  иерархиялық  құрылымнан  тұратын  орталықтандырылған  мәліметтер  қоры, 

ол  операциялық  жүйе  конфигурациясында  пайдаланушылар,  бағдарламалық  өнімдер  және 

құрылғылар  жұмысы  үшін  қолданылатын  мәліметтерден  құралады.  реестрде  WiNDOWS-тың 

дұрыс  жұмыс  атқаруы  үшін  қажетті  мәліметтер  сақталады.  оларға  барлық  пайдаланушылар 

профильдері, әрбір бағдарламамен құрылуы мүмкін орнатылған бағдарламалық қамсыздандыру 

және құжаттар типтері жөніндегі мәліметтер, бумалар қасиеттері және қосымшалар белгілері, 

сонымен  қатар  орнатылған  құрылғылар  және  қолданылып  жүрген  порттар  туралы  ақпараттар 

жатады [1, 1]. 

 

Жүйелік  реестр WiNDOWS  3х-те  қолданып  келген  көптеген  iNi  файлдарды,  сонымен 



қатар  MS-DOS  конфигурациясы  файлдарының  (мысалы  autoexec.bat  және  config.sys)  орнын 

алмастырады.  WiNDOWS  отбасы  операциялық  жүйелерінің  әртүрлі  шығарылымдары  үшін 

реестр түрлері өзіндік бір ерекшеліктерге ие болады.

 

WiNDOWS операциялық жүйесінде іске қосылатын кез келген процесс өз жұмысында 



жүйелік  реестрді  пайдаланады.  реестрді  бағдарламалардың,  қызметтердің,  драйверлердің 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал