Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



жүктеу 64.53 Kb.

Дата05.03.2017
өлшемі64.53 Kb.

570

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

деректік сипаты басымдау тұрғанын айтуға тиіспіз. мұны автордың өзі де атап өтеді: «Деректі 

туынды шындықтан шырқау алыс кете алмайды. Шындықтың өз шеңберінен шықпай отырып, 

мен шығармамның ұлттық өнегесі болуына мән бердім. кітаптағы қарапайым әрбір әңгіменің 

әрі үлгілі, әрі тәрбиелік мәні болуына зер салдым. Халиманың бүкіл ғұмыры үлгімен өрілген 

болатын. Бірақ, мен оның бәрін қағазға түсіре алмадым» [3, 4]. сөйте тұрса да жазушы зайыбына 

қатысты бірде бір деректі назардан тыс қалдырмауға тырысқан. мұндай мәліметтер шығарманың 

өн  бойында  жөн-жөнімен,  рет-ретімен  пайдаланылған.  Әйтсе  де,  жазушының  Халима  туралы 

махаббат жыры мұнымен де бітпейтін сияқты. «соғыс кезінде Халима екеуіміздің бір-бірімізге 

жазған екі папка хатымыз сақтаулы тұр. соны кітап етіп шығарсам деймін» [2], — дейді ол.

Автор «мәңгілік махаббат жыры» кітабына тосын жанрды таңдап алған. ол бұл шығармасын 

«поэма»  деп  атайды.  Бұл  шешімін  жазушының  өзі  былайша  түсіндіреді:  «Бұл  кітаптың  ақ 

өлеңмен жазылған прозалық поэма екенін көрсеттім. олай еткен себебім: қалың оқырман қауым 

мені  ақын  деп  танымайды,  прозашы  деп  біледі.  Ал  прозашылар  мен  драматургтардың  кейбір 

шығармаларын  ақ  өлеңмен  жазуға  хұқылары  бар.  мен  сол  хұқымды  осы  деректі  шығармаға 

пайдалануға тырыстым. Тек қана «Халимаға хат» ақ өлеңмен жазылғандықтан «поэма» дегенім 

жоқ. кітаптың әр тарауының оқиғасы, мазмұны поэмаға ұқсайтындықтан сөйттім» [3, 4]. Әзілхан 

Нұршайықовтың өзге де қызықты шығармалары секілді бұл кітап та жаппай оқылды. «мәңгілік 

махаббат жыры» ұлттық тәрбиенің бесігін тербетіп отырған талай шаңырақтың игілігіне айналды. 

Бұрын меңтайға қарап бой түзеген бойжеткендер енді Халима сияқты абзал ана, адал жар болуға 

тырысты. Әзағаңның өзі айтқандай, жазушының қанымен, жанымен жазылған бұл шығарма өз 

оқырманын, өз ортасын тапты.   

егде тартқан жазушының алдағы уақытқа жоспарлаған шығармашылық жобалары жеткілікті. 

Бұл тұрғыдан қарасақ, Нұршайықов оптимизмі бүгінгі жастарға, кейінгі ұрпақтың бәріне үлгі бола 

алады. оның күнделіктеріне негізгі детальдары түскенімен, жазылмай қалған көркем шығармалары 

да бар екен. Қаламгер ғұмыры жетсе, соларды аяқтауды мақұл көреді. «Журналистер туралы роман 

жазуды жоспарладым. Біздің қасиетті мамандықтың қызығы мен қиындығын көркем шығарма 

өзегіне айналдырғым келді. Бұл ой басыма ілгеріде келді. «махаббат, қызық мол жылдар», одан 

соң «Ақиқат пен аңыз» бұл жоспарымды өзгертті. мың сан шаруалар осыған мойын бұрғызбады. 

сол романым жазылмай қалды. майдандас достарым туралы «Боздақтар» деген роман жазуды 

да ойладым. Бұл да ертеректе келген идея. Әйгілі 100-ші бригаданың құрамындағы 5000 адам 

майданға бірге аттанып едік, содан 300-дей ғана кісі елге аман келдік. Қаншама боздақтар оққа 

ұшты. Брест қамалы үшін шайқаста талай қазақ ажал құшты. Бұл романды жазып шығару қан 

майданның  өтінде  өлген  достарымның  аруағының  алдындағы  азаматтық  парызым  еді.  Бұған 

басқа шығармашылық жоспарларым кедергі келтірді. Нарық заманы қолды тұсады. Жазған күнде 

оны шығаратын демеуші табыла қоя ма?» [2], — дейді халық жазушысы. Бірақ ойға алған осы 

шығармаларын іске асырмаймын деп үзілді-кесілді шешім қабылдап отырған жазушы жоқ. реті 

келсе, бұл дүниелердің де оқырманмен қауышатынына өте сенімді: «сонымен, «Боздақтарым» 

да жазылмады. енді ойды қайта жаңғыртып, ғұмыр жетсе, осы романымды бітірсем деймін» [2].

Әзілхан Нұршайықовтың мемуарлық шығармалары тек жазушының өз ғұмырының ғана емес, 

сол  тұстағы  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік  ахуалдың,  әдеби  өмірдің  де  шежіресі.  осының  бәрі 

жазушының ерінбей-жалықпай дер кезінде қағазға түсіргенінің арқасында бүгінгі заманға өңі 

өзгермей жетіп отыр. Қаламгер бұл жағынан да жаңашылдық көрсетеді. ол қазақ әдебиетіне аяусыз 

ащы шындықты ақтаратын өзге әдебиеттерге тән үрдісті әкелді. Бір-бірін жалған мадақтап, асыра 

дәріптеуге бой үйреткен қаламгерлер әдепкіде мұны қабылдамады. естеліктің кейіпкерлері өз 

аттарына байланысты тұжырымдарды көңілдеріне ауыр алып, баспасөз бетінде қарсы мақалалар 

жазды. мысалы, Ә.Нұршайықовтың «Өткелдер» атты мемуарлық шығармасындағы «Бір кезде 

Ғабит пен Бауыржан қатты араздасып, бірін-бірі көрместей өш боп кетті. Біріне бірінің тілдері де 

тиді: Бауыржан ауызша тілдесе, Ғабит оны газет арқылы сөкті — «Қазақ әдебиеті» газетінің 1961 

жылғы  желтоқсандағы  49-нөмірінде  жарияланған  Ш.Артықбаев  пен  Ш.Өтеповтің  «советтік 

моральға жат қылық» және сафуан Шаймерденовтің «Жазушы — ардақты ат» деген мақалалары 

осының айғағы» [4, 419], — деген жолдар кім-кімді де бей-жай қалдыра қоймас еді. Ақыры бұл 

тақылеттес шығармаларға жұрттың көзі үйреніп, осы үрдіспен жазатын басқа да қаламгерлер легі 

пайда болды. Қоғамда шындықты жасырмай баяндап, жақсыны да, жаманды да қатар атап өтіп, 

әр нәрсенің атын айтып, түсін түстеу психологиясы орнықты. міне, осы психологияны әдеби 

дәстүрімізге берік енгізуге халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов үлкен үлес қосты. сол себепті 

әдебиетіміздің ақсақалы Әзағаңды біз жаңа заманның қаламгері деп сеніммен айта аламыз.   


571

№ 3 (76) 2010

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1.  Жақып  Б.  Қазақ  публицистикасының  қалыптасу,  даму  жолдары.  Генезис,  эволюция,  поэтика.  

-Алматы: Білім,  2004. -368 бет. 

2. Нұршайықов Ә. күнделігіме түскен ойларым үшін өкініп көрген жерім жоқ // «Айқын», 20 мамыр, 

2006 жыл. 

3. Нұршайықов Ә. мәңгілік махаббат жыры. -Алматы: «Өлке», 2005. -688 бет. 

4. Нұршайықов Ә. Өткелдер // Таңдамалы шығармаларының он томдығы. -Алматы: Қазығұрт, — 2005. 

-Т. 8. -472 бет. 

редакцияға 19.02.2010 қабылданды.

 

н.Ж. тҰРалина 



несІпбек аЙтҰлының лиРикалыҚ өлеңДеРІ

This article is devoted to the lyric poetry of Nesipbek Aituly.

Адуынды  жырларымен  қазақ  поэзиясы  көшінің  көркін  келтіріп  жүрген  бүгінгінің  ақыны 

Несіпбек Айтұлының поэзиясы - бүгінгі мақаламызға өзек болмақ. 

Балалық бекетінен шапшаң өтіп

Жыр десе жүрегімді шақпақ еттім

Алдыма салмасам да еншімді әлі,

Ат жалын тартып мінер шаққа жеттім.

кей сөзім келмесе де иініне,

Шабыттың шыдамадым күйігіне.

Бір тайды маңдайыма жазған шығар,

Жүген ап кірдім жырдың үйіріне, – 

деп ақын өзінің жыр әлеміне енгендігі туралы осылайша тебіренеді.  

Ақынның  әдебиеттегі  алар  орны  мен  өзіндік  келбеті  қаламгердің  табиғи  талантының 

шеңберінде өлшеніп, бағаланады. Баршаның рухани азығына айналған ақын шығармаларының 

бұл күнде түрлене сипатталып, ұлттық поэзияны өзегіне сіңіргені белгілі. Жазба поэзияда, ақын 

шығармашылығының  негізі,  түп  қазығы,  ақынның  лирикалық  жырлары  арқылы  танылады. 

Лирикалық  поэзияның  күрделі  де,  қуатты  бай  түрін  жасаған  ақынның  ең  әуелгі    ерекшелік 

дербестігі, өмір шындығын көркемдік сатыға көтеріп, реалистік әдісті өркендетіп, дамытуында. 

Ақынның  лирикалық  жырларының  тақырыптары  ауқымды.  Өмір  шындығының  көрінісін 

шынайы бейнелеуде, қаламгер қоғамдық құбылыстарды шебер суреттеп жырлай білген.    

Лирикаға тән қасиеттің бірі – адам сезіміне әсер берер отты, жалынды эмоциялық жай-күй 

екені  белгілі.  Бұл  туралы  белгілі  әдебиеттанушы  ғалым  з.Қабдолов  былай  дейді:  «Лирика  – 

әдебиеттің Аристотель заманынан бері қарай келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты 

адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық 

шығармалардың түрі.  Лирикадағы әрбір сөз – ақынның бір сәтте жалт еткен нұрлы ойы, жарқ 

етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүниесі» [1,312].

Ақын жырларының басты ерекшелігі – нәзік сезімге, ойлы толғанысқа түсуімен ерекшеленеді. 

Таңдаған тақырыбының түп-төркінін терең зерттеп, сезім сырын шерту, ақын шеберлігінің бір 

қыры. «Жыр десе» өлеңінде:

кіре алмай дулы ортаға,

Жүрегім лүп-лүп бөгелдім.

сезімді орап торқаға,

Тойына келдім өлеңнің.

Қалдырмай көңілін басқаның,

Өзімді отқа тастадым;

мезетте сосын қас-қағым,

Лапылдап жана бастадым [2,11].

Ақынның жан тереңінен қайнап шыққан мұндай өлеңдер молшылық;

«Жүрегім  менің  бұлқынды»,  «ей,  өмір»,  «Туған  жерге»,  «елегізу»,  «Тілек»  т.б.  көптеген 

жырларын атауға болады. Ақын «елегізу» деген өлеңінде:

мезгіл бәрін,

Бәрін де ойлатады,

Толғантады, тереңге бойлатады.

ренішін көлденең тартып бірде,



572

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

Қуанышын біресе тойлатады.

елес болып жарқын жүз, асыл көрік,

кетті қанша ғұмырды ғасыр көміп.

Шыңырауына тарихтың қарап тұрсаң,

Өз-өзінен айналар басың зеңіп.

күл боп жанып үмітің, мақсатың да,

сезінесің қалғандай тап-тақырда.

отырасың өзіңе өзің сенбей,

кететіндей айналып қақпақылға.

Бергеніңді байқамай үрейге ерік,

Дал боласың...

Бір ойды бір ой жеңіп.

сені қойып...

осынау дүниені

сілкілердей ғаламат дүлей келіп [2,44].

Өлеңге  әуелі  мінез  керек  десек,  сол  мінез  ақын  поэзиясынан  айрықша  көрінеді.  ешкімге 

ұқсамас  ерекшелігімен,  өзіндік  бітім  болмысымен  дараланады.  келесі  «Таңғы  толғаныс» 

өлеңінде:

Таңда мені тербейді арман,

ой көзінен от өріп.

Жүргендеймін сөнбей қалған

Түн жұлдызын көтеріп,

Қалтарысқа төксем бе екен,

Жұлдызымның жарығын!?

Түнге беріп кетсем бе екен, 

Жанымның бар жалынын?!

Жүрегіммен жыр қайнатып,

отырып ем түнімен.

Таң келеді!

сырнайлатып,

Әнші құстар үнімен.

Аспан асты сарғаяды,

Өзгермейтін салтымен.

Таң келеді!

сол баяғы

сүттей таза қалпымен [2,99] -

деп ақынның поэтикалық танымындағы аспан, түндегі жұлдыз, таңның атуы, аспан асты, әнші 

құстар, тіршіліктің тірегі болған таң нұры лиркалық қаһарманның тазалыққа, кіршіксіз әлемге 

іңкәр көңілін еліктіреді.

ХХ ғасыр басындағы қазақ лирикасындағы айрықша байқалған ерекшелік – адамдарға қатысты 

бейнелеулердің бәрін, табиғат құбылыстарына байланыстырып жырлау. күн, ай, жұлдыздар, жел, 

су, толқын, жапырақ, тау, тұман, жыл мезгілдері және т.б. – сансыз суреттер, құбылыстар адам 

жанына, келбетіне баламаланып жырланады. 

мысалы, ақынның табиғат тақырыбына арнаған өлеңдерін атар болсақ; 

«көктем», «Ақша бұлттар», «көктем келді тағы да», «Жабырқасаң орман жаққа жалғыз бар», 

«Таудағы түнгі сурет» т.б.  

мысалы; «көктем» өлеңін алар болсақ,

Ғажайып нұрға бөккен тіршілік бар,

Тұрғандай төсегінен сілкініп қыр.

Жауқазын қара тасқа көрік беріп,

Дүние күн көзіне ынтығып тұр.

Арудың келбетіндей айнадағы,

көл бетін аққу келіп айналады.

Әдемі аппақ төсті қос қарлығаш,

Төбемде сағыныш боп айналады.

Лүп етіп әлі күнге жел тимеген,

Жанымның жазирасын желпиді өлең.



573

№ 3 (76) 2010

Қойдың-ау, о табиғат, құлшындырып,

Тағы бір көктем қызға мен сүймеген [2,56].

Аққынның  осы  өлеңінде,  табиғат  құбылысы  мен  адам  көңіл-күйі  үндестіріліп,  сыршыл 

өлең  боп  өріледі.  Табиғатты  суреттеуде  ақын  кейіптеу,  ауыстыру,  теңеу  сияқты  көркемдегіш 

құралдарды ұтымды пайдаланады. 

Ұят шарпып бетімді,

Арым қалай көз ілмек?

Ауа райы секілді,

Ал-құла кезім көп.

кейде менен безінді ой,

Бұлт бүркеніп қабағым.

кейде қайың безіндей,

Безерем де қаламын.

Ашам ашу майданын,

кейде ақылды ұғынбай.

кейде тіпті майдамын,

Ақ бидайдың ұнындай [2,60].

осы  өлеңдерінде  сыршыл  ақын  адамға  тән  қасиеттерді,  табиғат  құбылысымен  салыстыру 

арқылы,  табиғаттың  өзгерісін  көңіл  көзімен  қабылдап,  аса  шеберлікпен  бейнелі  суретке 

айналдырған.  Дүниедегі  бар  құбылысты,  адамзат  санасындағы  сиқырлы  сезімді  тек  қана  сөз 

арқылы  жеткізуге  болады.  Дегенмен  де  сөз  маржанын  бейнелі  өрнекпен  кестелейтін  ақын 

қаламының көркемдік кілті шеберлікте. задында лирика дегеніміз сезім мен ойдың поэтикалық 

көрінісі болса, ақын осының нәтижесінде өзінің көркем сөз шебері екенін танытады.

Ақынның ендігі бір ерекше қырын аңғартатын - сырлы, күйлі өлеңдері. Буырқанған, бұрқаған 

ағыстар  емес,  енді  тереңнен  тебіреніп,  шымырлап  шыққан,  көкіректің  тереңінен  тебіреніп 

шыққан, көкейдегі көп сырды бейнелеумен  жырлары «мен»  мұндалап ерекшеленеді. 

ойлар, ойлар ортаға ап қамалады,

ойсыз жандар опық жеп қалады әлі.

көкірегімді қыздырып, жүрегіме

күннің қызыл кірпігі қадалады.

күн жазады құрысқан жер арқасын,

күн жалғайды үзілген жол ортасын.

күнің бітсе біткені тынысыңның,

Өзіңді де өзгені жоғалтасың.

Қазір күнім тұрғанда тас төбемде,

Тас боп қатса тағдырым жас төгем бе?..

көңіліме қаз қонып, үйрек ұшар,

көктем иісі бұрқырап жас денемде [2,62].

Ақыннның табиғат жайында жазылған өлеңдері - лирикаға толы, сезімтал, шыншыл өлеңдер. 

ол жастық, бозбалалық сезімді, адал достықты, ардақтайды. Ақыннның табиғат туралы өлеңдері, 

рухани тазалықты көрсетеді. Ақын жырларында табиғатттың тамаша құбылыстары, тамылжыған 

көктем, жадыраған жаз бәрі де асқан шеберлікпен әрленіп, оқырманды үлкен ойға жетелейді. 

Өршіл  үн,  өрікпіген  сезім  табиғатына  тән  Несіпбек  Айтұлының  поэзиясы  үнемі  биікке 

ұмтылған  рухтың,  сол  рухқа  дем  беруші  жүректің  шеңберінде  жүреді.  сол  жүректің  лүпілі, 

қайғысы  мен  қуанышы  ұлттық,  ұлы  тұлғалардың  рухымен  бірігіп,  өз  алдына  тұтастай  бір 

көркемдік кеңістікті құрайды. Ақынның «мұхтар Әуезовке», «Шәкәрім тошаласында», «Ғабиден 

мұстафин қазасына», «Ақындарға үндеу» өлеңдері осыған мысал.

күңіренгендей қаралы қабыр басы,

Қасіреттің тамады ауыр жасы.

Қабырғасы қапастың бүлк етпейді,

Қайысады халықтың қабырғасы.

Алапатқа ара түс, ей, ақындар,

Адам көзін жойылсын оятыңдар!

көк желкесін қиыңдар қиянаттың,

зұлымдыққа бір зауал таятыңдар!

Қол босатып думанды жыр кешінен,

Үн қатыңдар жаһанның мінбесінен!



574

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

зобалаңға ұрынған ұландарды

Құтқарыңдар  қорлықтың  түрмесінен»  [2,173],  -  деп  заманға  нали  тіл  қатқан  ақынның 

лирикалық  қаһарманы  халықтың  қайғысын  жүрегіне  дарытқан.  Ақын  бейнелеген  ұлттық  рух, 

қасиет пен кие, бүгінгі ұрпақтың жүрегінде жүрсе бұл өткенімізді ұмытпай, ата-бабадан мұра 

болған  рухани  құндылықтарды,  рухани  болмысты  сақтағанымыз.  Ақынның,  ақындық  мұраты 

ұлттық рухпен тамырлас екендігінің бір мысалы осы, «Ғ. мұстафин қазасына» деген өлеңі.

Қайыспаған қара нар ең ауырға,

майыспаған қарағай ең дауылға.

сен құлады деген хабар кенеттен,

Қатты тиді ағаға да бауырға.

Тартушы едің өрге салса алқынбай,

сексендегі сергектіктің салтындай.

Төрімізде отырушы ең қасқайып,

Тұла бойың тұтас құйған алтындай.

саған айтпай халқың  айтар кімге алғыс

Қайрат едің кеткен кезде мыңнан күш.

Құбылнама өзің едің бұлжымас.

Алып кеме өзің едің мұзжарғыш [2,174].

Өмірге  құштарлық,  ақынның  ұлтына  деген  терең  сүйіспеншілік  сезімін,  биік  оптимизімін 

туындатады. Өршіл рухты жырларымен кешегі өткен ақындармен үндесетін,  солардың бүгінгі 

рухани  жаңғыруындай  әсер  қалдыратын  ақын  жырлары  қайғы-қасіреттің  өзін  өр,  рух,  асқақ 

пафоспен  жырлайды.  Несіпбек  Айтұлының  жырларында  ұрпақтар  сабақтастығын,  уақыт 

байланысын арқау еткен поэтикалық идея туған дала және оның жыршысының бейнесі арқылы 

өрнектеледі.  «Туған  жерге»,  «Бақанас  –біздің  балалық»,  «Біздің  ауыл»,  атты  жырларында 

ақынның туған елі мен жері жырға арқау болған. 

Қорыта айтқанда, қазақ поэзиясының бүгінгі өкілдері қатарында өзіндік ақындық болмысымен 

ерекшеленіп,  өлең атты сырлы әлемнің құпиясын таныған, қыр-сырын шебер меңгерген Несіпбек 

Айтұлының алар орыны ерекше.

                                           паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1.   Қабдолов  з. сөз өнері. -Алматы: санат, 2007  -312 б.

2.   Айтұлы Н. Шығармалар жинағы. 1 том. –Алматы, 2008.

3.  Қ. мәшһүр-Жүсіп. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. -Павлодар, 2007. -185 б.

редакцияға 14.01.2010 қабылданды. 



к. хакимов

особенности ФоРмиРования ЧеРт хаРактеРа в пРоЦессе 

онтогенеза

The pecularities of forming the main features of character in the process of ontogenese

The given article views the problem of formation of a person’s character traits from the junior age, 

which mainly focuses on the family as the basic point in character upbrining process.

The given article views the problem of formation of a person’s character traits from the junior age, 

which mainly focuses on the family as the basic point in character up-bringing process.  The importance 

of the family as an institute of up- bringing is explained, because a child lives with his family for a long 

time, there is no other institute of up- bringing can be compared with a family according to its prolonged 

influence on the person.

Характер представляет собой сложное психическое образование, состоящее из многочисленных 

устойчивых свойств личности, которые выражают отношение человека к окружающему миру, 

труду, другим людям и к самому себе. Эти отношения закреплены в привычных для человека 

формах поведения, общения и деятельности. они стали типичными для конкретного человека и 

проявляются в различных условиях его жизни и деятельности. Так, настойчивость, решительность, 

чуткость, смелость, вежливость можно считать чертами характера, если они стали устойчивыми 

свойствами, типичными для данной личности. однако типичное не исключает индивидуально-

своеобразного проявления этих свойств, так как жизненные условия, воспитание, самовоспитание, 

общение каждого неповторимы, что ведет к неповторимости индивидуальности личности.



общеизвестно, что формирование характера начинается с раннего детства. уже в дошкольном 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал