Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы 3-кесте. Реестрдің стандартты ұялары және оларды қамтамасыз ететін файлдар



жүктеу 82.89 Kb.

Дата14.02.2017
өлшемі82.89 Kb.

506

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

3-кесте. Реестрдің стандартты ұялары және оларды қамтамасыз ететін файлдар.

реестр тармағы

Файл аты

HKLM/SAM


Sam, Sam.log, Sam.sav

HKLM/SECURiTY

Security, Security.log, Security.sav

HKLM/SOFTWARE

Software, Software.log, Software.sav

HKLM/SYSTEM

System, System.alt, System.log, System.sav

HKEY_CURRENT_CONFiG

System, System.alt, System.log, System.sav

HKEY_USERS\.Default

Default, Default.log, Default.sav

HKEY_CURRENT_USER

Ntuser.dat, Ntuser.dat.log 

  Ntuser.dat  –  файлында  пайдаланушы  профилі  сақталады.  кесте-3-тегі  файл  кеңеймелеріне 

тоқталатын болсақ:

4-кесте. Файл кеңеймелеріне сипаттама.

Файл кеңеймесі

сипаттама

кеңеймесі жоқ

Тармақтың көшірмесін құрайды

Alt


ең  маңызды  тармақ  HKLM/System  көшірмесін 

құрайды.  Тек  System  бөлімі  alt  кеңеймесі  бар  файлға 

ие (XP-де жоқ). 

Log


Бөлімдерге  және  тармақ  элементтеріне  енгізілген 

өзгерістер тіркелетін транзакция журналын құрайды.

Sav

орнату  процесінің  мәтіндік  фазасын  аяқтау  сәтіндегі 



тармақ файлының көшірмесін құрайды

 

реестрмен  жұмыс  жасау  сақтықты  талап  етеді.  Қандай  да  бір  маңызды  мәліметтерді  жою, 



өзгерту операциялық жүйенің істен шығуына алып келеді. егер сіз реестрмен жұмыс жасайтын 

болсаңыз, реестрдің резервтік көшірмесін жасап алуыңыз керек, яғни system.dat және user.dat 

файлдарының көшірмесін дискке жазып алыңыз. олар операциялық бума орнатылған бумаларда 

сақталады  және  «тек  оқу  үшін»  және  «көрінбейтін»  атрибуттарына  ие  (c:\windows\system.dat 

және c:\windows\user.dat) [2, 1]. реестрді қалпына келтірудің бұдан басқа бірнеше жолдары бар, 

соның бір жолы: сіз өзгертейін деп отырған реестр бөлімін немесе бүкіл тармақты экспорттау. 

ол үшін реестр редакторын ашыңыз. Қажетті бөлімді белгілеп алыңыз. реестр мәзірінен реестр 

файлын  экспорттау  қатарын  таңдаңыз.  Файл  аты  берілген  соң  осы  бөлім  мәліметтері  сонда 

экспортталады. сақталған файл .reg кеңеймесіне ие болады. осы файлды реестрге қайта жүктеу 

үшін оған екі рет шертсек болғаны. 



паЙДаланылҒан  ӘДебиеттеР

1.  Баранов А. системный реестр // Windows 2000. -москва, 2008. –с.56.

2.  Артюхова о. редактирование реестра // мир Пк. -москва, 02.2000г. –с.35.

3.  куприянова А.в. реесТр WiNDOWS XP: настройки, трюки, секреты. Наука и техника, санкт-

Петербург, 2006.

4.  Windows-тың анықтамалық жүйесі. http://support.microsoft.com

редакцияға 07.11.2009 қабылданды. 

     


Ә.зҰлпыҺаРҰлы

               нӘсІРеДДин сеРӘлиев повестеРІнДегІ 

көРкемДІк еРекШелІктеР 

There is discussing about using of belles-letters methods  in the stories of Seraliev and focusing 

attention on his peculiarity as a master of word. 

Нәсіреддин серәлиев - сыр өңірінің өз перзенті. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының 

Қашқансу  деген  ауылы-  оның  кіндік  кесіп,  кір  жуған  жері.  Алғаш  есігін  ашқан  мектебі    өз 

аулының Абай атындағы жетіжылдық мектебі. сол мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әдебиетке 

бейімділігі байқалады. Қабырға газетіне үзбей өлең жазып, тіпті «ақын бала» аталады. он үш 

жасында аудандық ақындар айтысына да қатысыды, бірақ өзі жеке айтысқа түспейді, Үбісұлтан 

деген  ақынның  хатшысы  болады,  ол  кідіріп  қалғанда,  жанынан  бірер  ауыз  қосып  жіберіп, 

айтар  өлеңін  өңдеп-жөндеуге  атсалысып,  кәдімгідей  шалымдылық  та  көрсетеді.  Шамасы, 

қаршадайынан-ақ сыр сүлейлері атанған - Тұрмағанбет, Шораяқтың омары, кете Жүсіп сияқты 

ақындардың өлеңдерін жинап, дәптеріне жазып алып жаттап жүретіні әдебиет табалдырығын  

аттауына бір себеп болғанға ұқсайды. Қанша айтқанмен, халықтың өлең-жыры бала бойына ана 

сүтімен бірге дарыса, ол тегін кетпесе керек.

елуінші жылдардың екінші жартысында, Нәсіреддиннің әдебиетке біржолата аяқ басқан кезі, 


507

№ 3 (76) 2010

балалар әдебиеті дербес сала ретінде жіктеліп, қалыптасып бітпеген еді. ол кезде ең кішкентай 

балаларға  арнап  шығарма  жазатын  және  жақсы  жазатын  қаламгерлер  мүлде  аз  болатын. 

Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларға, бастауыш сынып шәкірттеріне арналған туындылар 

қасқалдақтың қанындай сирек кездесетін. оқырман қауым, әдеби жұртшылық та шын мәніндегі 

балалар әдебиетіне жеңсік еді. сол себепті де Нәсіреддин балдырғандар өмірінен шынайы сыр 

шерткен шұрайлы әңгіме, повестерінің бірден қолдау тапқаны түсінікті болса керек.

Тіл байлығын игеру, сөз қорын молайту  бар да, сол бай тіл мен мол сөзді әдеби шығармада 

суреткерлік шеберлікпен қолдану бар. сөзді көп білетін адамның бәрі суреткер емес. суреткер 

мен сөз арасындағы қарым-қатынастың сыры басқа, сипаты бөлек. Әдебиетіміздің кәрі тарланы 

с.Бегалин:  «...автордың  өзіндік  беті,  қолтаңбасы  бар.  Ізденгіште,байқағыш  және  бейнетқор 

әдебиетші»  -  деп  ойын  бір  түйсе,  қырғи  тілді  ақын  А.Тоқмағанбетов:  «Нәсір  сюжетті  шебер 

құрады, тілі бейнелі, бала мінезін жақсы біледі және олардың ішкі дүниесін нәзік суреттейді»,-деп 

тұжырымдаса, м.Әлімбаев: «Ұшталмаған қарындаш» деп аталса да , оның қаламы өткір, айтарын 

дәл тауып айтады»,-деп өзінің көкейкесті ойын білдіреді [1, 19]. Бұл пікірлер біріншіден, жас 

таланттың жақсы қасиетін танып білуден туса, екіншіден, қалың оқырман қауымның әдебиеттің 

жаңа талапкеріне деген ынта-ықыласын сездіретін уәлі ауыздан шыққан ізгі лебіз болатын.

Жазушы повестерінің («Ыстық күлше», «Жеңешем, жорға және мен», «Қаңтар», «Әпенді», 

«Қанат», Ақ қайың», «махаббат туралы хикая», «зеңгір аспан», «Жансая», «Аптап», «он жеті 

жас» т.б.) жоғарыдағы пікірлерге сай көркемдік ерекшеліктеріне тоқталып, талдап өтсек.

Нәсіреддин шығармаларында көркемдеу құралдарын молынан пайдаланған. оның повестерінің 

дені оқиғаны баяндау әдісіне құрылған. көбісі авторлық баяндаумен берілген. мысалы, «Ыстық 

күлше», «зеңгір аспан», «Аптап», т. б. повестерін баяндау әдісімен береді. Жазушының «Ыстық 

күлше»  повесі  ,бал  дәурен-балғын  шағын  таршылық-тораппен,  қайғы-қасіретпен  өткізген 

балалар  мен  жас  өспірімдер  жайындағы,  өн  бойы  нәзік  лиризмге,  адам  көңіл-күйінің  мұңына 

шүпілдеп толып тұрған туынды.

«Бозала таң еді. сол құлағы жылан шағып алғандай дыз ете қалған Қанат төсектен атып тұрды.

-Өмірем қапқан    екен  десем, шыбының  кеудеңде екен  ғой!-көктаспаның  ысылы дәл құлақ 

түбінен шығады. -Тұр! Бар! кереңді қайнат! - деп басталады... [2, 48].

Қашан сұрапыл соғыс бұрқ етіп, ел берекесін қашырғанша, осы Балажарма бойындағы ауылда 

ағайынды екі жігіт – көптілеу мен Ақтілеу тұрып жатты. көптілеу қой аузынан шөп алмас момын 

болатын.  Ал  Ақтілеу  суырылған  көк  болаттай  берік  еді,  оның  әйелі  қайтыс  болып,  ұйсынық 

атанып,  жан  дегендегі  жалғызы  Қанатымен  тұрып  жатқан.  міне  енді  ел  басына  күн  туғасын 

майданға  аттанбақ.  сонда  ол...Баласының  тұлымынан  сипап,  жазық  маңдайынан  құшырлана 

сүйді де, өзіне еңкілдей ұмтылған ағасы көптілеуді тоқтатып:

-Тый көз жасыңды! - деді. -мына Қанатымды бауырыңа ал. Өзіңе тапсырам, ана көктаспаң 

сүтке тиген күшіктей ғып жүрмесін. онда екі дүниеде де ырза емеспін.

көкесінің сол сөзі есіне түссе, ноқталы құлындай тыпыршиды. кейде ана қара жолмен қалаға 

тартып жүре бергісі келеді. Жан көкесін қан майданға іздеп кеткісі келеді. «Қай жерлерде жүр 

екенсің, көкешім?! Қашан келесің? сағындым ғой мен сені, сағындым ғой...» Қанаттың жанары 

ысып барады. самаурынға салған шоғы өз ішіне түсіп кеткендей  кеудесі өртенеді...

-Әй, не сілейіп қалғансың, жетпегір!-көктаспа шаңқ етті. ол сасып қалды. көзін жеңімен сүрте 

салды. Қамшыдай қатқан қара ұр кемпір жаналғыштай төніп келді.-Бір самаурын қайнатқаныңа 

жыл өтеді-ау, сен жалмауыздың!...» [1, 13].

Қамкөңіл Қанаттың жай-күйін, «отырса-опақ, тұрса-сопақ» болып, өтіп жатқан сорлы тірлігін 

жазушы  санасына  тап  осылай    жайлап  сіңіре  береді.  ол  ең  алдымен  жоғарада  келтірілген 

диалогтар  арқылы  кейіпкер  мінезін  ашуға  тырысады.  Өз  жанынан  кейіпкердің  мінез-құлқына 

сай келмейтін зәредей  бір штрих қоспайды. Әрбір кісі өз мінезінің ағынымен жай жүріп жатады. 

«Тышқан  көзі  жылтылдап,  әлдене  баққандай  қаздиып»  жүретін  көктаспа,  оған  тура  қараудан 

тайсақтайтын  жасық  көптілеу,  шер-мұңы  кеудесіне  шемен  болып  қатқан    Қанат-бәрі  де  өз 

жаратылыс болмысымен көрінеді. Нәсіреддин балаларға және жастар туралы жазған қай повесінде 

болсын сөз қолданысы мен ой айту шеберлігін қатар ұстанып отырады. ол-ине ұшындай ғана бір 

детальдың төңірегінде нақты бір мінездің не құбылыстың айқын, анық  бейнесін жасауға әбден 

төселген жазушы. Әсіресе, іс-әрекетті көрсету арқылы адам мінез- құлқын көрсетуге өте шебер.  

Жазушы анау жақсы, мынау жаман еді деп кейіпкеріне ат қойып, айдар тақпайды. олардың жан 

дүниесі бірте-бірте ашылады. Әр сөзін абайлап, сақтана отырып, жазғанға ұқсайды.

Нәсіреддин сералиевтің өте көп қолданған, ұтымды пайдалана білген көркемдеу құралдарының 

бірі-теңеу.  Теңеуге «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» з. Ахметов мынадай анықтама береді: 

«Теңеу-құбылысты  басқа  нәрсемен  салыстару  арқылы  сипаттау  тәсілі.  Әр  нәрсені  салыстыру 


508

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

негізінде  жасалатын  бейнелі  сөздер,  туынды  мағыналы  сөздер.  Құбылтудың  түрлері  аз  емес. 

олардан теңеудің айырмасы- салыстыру тура, айқын көрінеді. Нені және немен салыстырғаны 

анық  болады»  [3,35].  Теңеу-суреткердің  заттың,  құбылыстың  ерекше  белгілерін  көрсетпей-ақ 

салыстыра суреттеуі. сонда оқырман түсінігі айқындалу үстіне тереңдейді де, өнер туындысының 

эстетикалық  әсері  күшейе  түседі.  Айқындау  сияқты  теңеудің  де  құны  сонылығында,  ойлаған 

жерден өзгеше өрнектер жасап, құлпыртып, ойнап тұруында, орнымен қолданылуында жатады. 

«Ыстық күлше» повесінде жоғарыдағы кейіпкер мінезін ашу үшін қолданылған диалогтардағы 

теңеулерден басқа мынадай теңеулер кездеседі:

-көптілеу  оянбапты,  ірге  жақта  бауыздалған  қойдай  қырылдай  қорылдап  дүниені  көшіріп 

жатыр [2, 15].

-күнде құлқын сәріден тұрады. Бұған көктаспа шешесінің тиген жерін шоқша ойып түсетін 

қысқаштай саусақтары үйреткен [2, 15].

-Жамау-жамау бөз көйлектен өткен суық жел денесіне инедей қадалалады [ 2, 16].

-Қайсыбір үйлерден күрк-күрк жөтелген көксаудай қақалып-шашалып, күбі даусы шығады.

Қара  көлеңке  үй  ішінің  мылқау  күйін  ылп-ылп  шай  сораптаған  үн  ғана  бұзады.  Болмаса 

дастарқан басындағы үшеу ұрысып қалғандай үнсіз. ортадағы дастарқан жылан жалағандай тап-

тақыр [ 2, 17].

Жазушының «Ыстық күлшемен» тетелес туған повесінің бірі-«Қаңтар». мұнда ол Алданыш, 

Айман, Балабек, Дүйсен атты жас өспірімдердің «жарты бидайды жарып жеген, бүтін бидайды 

бөліп  жеген»  қимас  ыстық  шағын  суреттейді.  Шығарма  өзегі-достық.  Және  ел  ішін  қайғы-

қасірет,  аштық-жалаңаштық  жайлаған  қатал  да  қаһарлы  жылдардағы  достық.  Дүниеге  көзін 

ашып,  оң-солын  тани  бастаған  жас  жеткіншектердің  жан  берісер  нағыз  достыққа  өресі  жете 

қояма? Жазушы бұл арада да өзінің қарапайым реалистік жазу мәнерінен айнымайды. оқиғаны 

қолдан қоюландырып, кейіпкерлеріне «жасанды ерліктер» жасатпайды. сол жаралы жылдардың 

өз қиындығы да жетіп жатыр. Бас көтерер ер-азаматтардың  бәрі майданда. Үй ішінің хал-ахуалы 

нашарлағасын  шиеттей  бес  іні-қарындасының  қам-қарекетін  реттеуді  шешесі  Қарашашпен 

бірге қолына алған Дүйсен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалаған. сонда достары оны көз 

алдынан таса етпейді. солардың бірі Балабек: «Дүйсендікіне біз қол ұшын бермесек болмас... 

Қырман қақсақ та, аң ауласақ та бірнәрсе етіп тарықтырмаспыз...» дейді [2, 41]. Жазушы шағын 

ғана повеске сол қатал кездегі ауыл өмірінің іске адал, дос жарандарына  мейірімді жастардың 

нанымды бейнелерін жасайды. осы повесте шебер қолданылған теңеулер:

-Бір-екі аттылының ізі шығып еді, әудем жер ілестіріп барды да бышырады, жанжалдасып 

ажырасқандай бір із батысқа, бір із шығысқа қарай тартты. Қай жер ойпаң, қай жер қырат айырып 

болар емес. Әне жер, мына жерде қыздың тұлымындай селтиген бұта шөп қана [2, 19]. 

  Аты  аталған  повестердің  барлығы  бастан  аяқ  теңеуге  құрылған.  Қай  теңеуді  алмайық, 

суреттеліп  отырған  нәрсені  не  құбылысты  тура  біздің  көз  алдымызға  әкеліп,  олар  туралы 

дәл,  нақты  ұғым  қалыптастырады.  Бұл  ретте  теңеу  белгісіз  затты  белгілі  затқа  айналдырып, 

шығамадағы авторлық идеяға қолма-қол көркемдік шешім тауып тұрғандай.

Нәсіреддин серәлиев повестерінде қолданған эпитет, метафора, кейіптеулер бала танымына 

жақын,  оның  түсінігіне  еш  қиындық  туғызбайды,  қайта  баланы  көркем  сөз  өнеріне  үйретеді.

Тіл көркемдігі мен сұлулығы жасанды жалт-жұлтта, күлдібадам бояуда емес, сөздің табиғилығы 

мен қарапайымдылығында, нақтылығы мен тазалығында жатады. Нәсіреддин шығармаларында 

эпитет көп кездеседі. Академик з.Қабдолов эпитетке мынадай анықтама береді: «айқындау, яғни 

эпитет - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті 

айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Әрине, бұрын соңды сан мәртебе 

қолданылып,  ығыр  болған  эпитеттерді  қайталай  берудің  керегі  жоқ»  [3,  21].  Эпитет  -  заттың, 

не  құбылыстың  айрықша  белгісін,  қасиетін  білдіретін  бейнелі  сөз.  Эпитет  ұғымға,  нәрсеге 

бейнелілік, нақтылық сипат береді.

«Аптап» повесінен кездесетін эпитеттер: 

-сары ала күз келді. 

-ол құдық басындағы ақ шаңқан шатырға бұрылмай, шөпшілерді бетке алды.

-е, жөн екен. - Жиенбай бурыл тартқан шоқша сақалын сипалады [2, 23].

мұнда Тәттібектің орынсыз қызғанышқа беріліліп, Арықбай деген клохоздың бас зоотехнигінің 

айтағына  еріп,  республикалық  жастар  газетіндегі  хат  арқылы  танысқан    жұбайы  Аягөзден  

айырылып, айрандай ұйып отырған жанұяның ойран болғаны баяндалады. 

Жазушы «Қаңтар» повесінде көркемдік құралдарды өте мол пайдаланған:

-мен шамалыдан соң бусанып терлеп, арқамдағы буылтық қабымды ауырсына бастадым.    

 

-Шөккен нардай өкиген кесек пешке арқасын беріп, жүні қырқылған ескі бөстек үстіне 



509

№ 3 (76) 2010

тізе бүкті.

 

-Үйдің түкпір-түкпірінде бозамық алақанат сәуле қалтылдайды.  



-Түлкі құлақшынымды түсіріп, құлақ бауын тас қып байлап алдым.

-көршінің көпек иті алдымнан маңқылдап үріп шықты [2, 30].

мысалға келтірілген сөйлемдерде эпитет шебер қолданылса, келесі сөйлемдерден кейіптеуді 

қалай  қолданғанын байқай аламыз. «кейіптеу-әртүрлі табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерді 

адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдеу тәсілі» - деген 

анықтаманы  з.Ахметов  «Әдебиеттану  терминдер  сөздігінде  береді  [3,  32].  кейіптеу-әдеби 

туындыларымызда құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл. 

-Буы бұрқырап қайнаған қазандағы сүрдің исі мұрынды қытықтайды

-кешке қарай аяз ширығыпты. Жылы үйден шығысымен, бетімнің ұшын тыз еткізіп шағып 

алды.


-...  күн  райы  табан  астынан  сабындай  бұзылды.  кіші  бесін  шамасында  аспанның  батыс 

шалғайына  ірімтік-ірімтік  сұр  бұлт  шығып  еді,  сол  кезде  шоғырланып,  тұтаса  аумақтанды  да 

қарауытып, күн көзін бүркеді. суылдаған ызғырық тұрды. Әлгінде жымиып жатқан ақ жазық дем 

арасында жақ жүні үрпиіп, ашу шақырған адамдай түтігіп шыға келді. ертелі тым-тырыс момақан 

мүлгіген дүние шошып оянғандай.оянған алып дене қимылдап, төңірек түгел жыбырлап бара 

жатты... Ысылдап езуі көпірген боран үнінен басқа сыбыс жоқ. Бүкіл дүниеде дүлей өз әмірін 

жүргізіп алған... көк долы ойымды сезгендей желкемнен «қайт-қайт» деп нұқып итереді. Боран 

уілдеп мылқауша алысып кеудеме жармасады. Айқайлай-айқайлай даусым да қарлықты. Боран 

менің  айқайымды  қағып  алып,  у-у-у  деп  мазақ  қылады.  Ыққа  бұрылдым.  сол-ақ  екен,  боран 

мені алдына салып желкелеп алды. «менің ырқыма көнбейтін кім едің сен» дегендей қармен 

төмпештеп желкелейді. есер дүлей мені жыққанына мәз, сақ-сақ күліп, төңірегіме үйіріле ойнақ 

салады. Бар қуатымды жинап, ұшып тұрып тағы жүремін. Боран майса шалғындай аяғыма оралып 

қадамымды бөгейді. Аяғымды басқан сайын жамбасыма ұрып сартылдайды. Боран сабалап қайта 

көмеді. ойны келетіндей.

-...  Азанғы  аяз  шағып  барады.  Теріскейден  соққан  ащы  жел  бетімнің  үсіген  орнын  жалап 

ашытады.  Бір  қырындап  бетімді  қолғабыммен  қалқалап  ауылдан  ұзадым.Нағыз  қылшылдаған 

жігіт аяз. Батыстан ызғырық соғып, аяз жаланып тұр. Жалтыр ашық аспанның түстік бүйірінде 

түтігіп шаңытқан күн көзі нұры кеміген жанар құсап жасаурап тұр. Ызғырық қойын-қонышымды 

тіміскілеп, ұры итше сумаңдайды.

-Төңіректен түк көре алмаған соң аспанға әлсін-әлсін көз тігіп қоямын. Тұңғиық қара мақпал 

аспанда  танадай-танадай  жыпырлаған  жұлдыздар.  Шетінен  күлегеш,  қарасақ  жымың-жымың 

етеді [2, 27].

Бұл келтірілген мысалдарда жазушы әдеттегі қыс пен күзге әдеттен тыс мінез бен әрекет беріп, 

жансызға жан сала суреттеу арқылы ойды биік философияға көтеріп әкеткен, әрі өзі суреттеп 

отырған шындыққа тағы бір тың шырай береді. Шынайы сыр дарытады. 

Құбылтудың бір түрі- синекдоха жазушы қолданған тәсілдердің бірі. мегзеу-бүтіннің орнына 

бөлшекті немесе керісінше жалпының орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына 

жалқыны немесе керісінше қолдану [3, 34].

-Дүйсен  қайтадан  көзін  жұмып,  кеберсіген  ернін  әлсін-әлсін  жалап  қойып,  бір  сарынды 

ыңқылға көшті. көзін ашқанмен бізді таныған жоқ. Дүйсен елірген сәтте қара көлеңкеде әлдене 

қыбырлағандай болып еді. Қарасам, қайда тығыларын білмей сасқан көжек сықылды жәудіреген 

үрейлі көздер анталап жылтарай қалған екен. сырқаттың  мазасын алмасын деп төсекке ертерек 

жатқызып  қойған Дүйсеннің іні-қарындастары. олар бізді аңтарыла, таңырқай қарады. Бет-аузы 

сатпақ-сатпақ бір қысық көз қара ыржиып күледі. Жылтыраған жанарлар жел үрлеп сөндірген 

шырақтай бірден өшті. Бәрі де көрпелерін бүркеніп жата-жата қалысты.

Астауға шаңырақ мүйізді қазан бастар сиыспайды, мүйіздері найадай сарт-сұрт [2, 55] .

Құбылтудың  тағы  бір  түрі-астарлау-бір  нәрсені  не  құбылысты  тура  суреттемей,  бұларға 

ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, 

ойды да ашық айпай, тартымды тұспал мен түсіндіру. з.Ахметов символға мынадай анықтама 

береді: «символ- әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы 

сипаты  бар  балама  бейнелеу»  [3,  21].  Нәсіреддин  серәлиев  өзінің  туындыларында  символды 

шебер пайдалана білген. Повестің «Қаңтар» деген ызғарлы атынан соғыс ызғары анық сезіледі. 

«Аптап» повесінің де символдық мәні бар. Адам бойындағы қызғаныш деген оттың аптаптағы 

күйдіріп жібереліктей ыстықтан да күшті болатынын меңзейді. Қорыта келгенде, Н. серәлиев- 

қазақ  балалар  әдебиетінің  көп  өкілдеріне  ортақ  тақырыпты  алғанымен,  оны  өзінше  көріп, 

өзінше  жазды,тек  көркемдік  ерекшеліктерімен  ғана  емес,  өзіндік  ізденістерімен  көзге  түсетін 



510

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

жазушы. Балалар мен жасөспірімдердің  қайталанбас характерлерін жасаған. көбіне оқиғаны өз 

кейіпкерінің ойы мен бойына шақтап алады, оның мінез-құлқын іс-әрекеттегі диалогтар арқылы 

ашады,  және  оны  айтудан  гөрі  суреттеуге,  бейнелеуге  ұмтылады.  суреттері  алабажақтанып, 

анайы  көзге  ұрмайды.  ескертетін  жайт,  біз  тек  жазушының  жоғарыда  аталған  повестерінде 

ғана кездесетін көркемдік ерекшеліктердің кейбіріне  тоқталдық. Балалар әдебиеті-әдебиеттің 

жеке арнасы, ол жалпы әдеби процеспен терең байланыста болады. Әдебиеттің бұл саласының 

тәрбиелік, танымдық, қоғамдық мәндері айрықша, өйткені жас ұрпақтың өнегелі, тәрбиелі, білікті 

де білімді азамат, жеке тұлға болып қалыптасуы сияқты зор қоғамдық міндеттерді атқарысуға 

белсене араласады. Ақын ескен елубайдың: «Білген кісіге, балалар әдебиеті - көркем әдебиеттің 

ішіндегі ең бірінші әдебиет, бастау көзі» [4, 19] - деген пікірі дәлел.

Н. серәлиевтің балалар мен жас өспірімдерге арналған повестері тәрбиелік, танымдық мәні, 

көркемдік  қуаты  жағынан  ерекше  туындылар.    Жазушы  повестерді  тәрбие  құралы  ретінде 

ұтымды  пайдалана  білген.  Н.  серәлиев  балалар  әлемін  көркем  сөз  кестесімен  шынайы  да 

нанымды бейнелеп қана қойған жоқ, сол арқылы балалардың ой-өрісін дамыту, танымын кеңейту, 

эстетикалық талабын өсіру, тұлға ретінде тәрбиелеу мақсатын көздеді. Жазушы мақсатының жүзеге 

асқандығы оның шығармаларының өнімді тәрбиелеу құралына айналғандығынан аңғарылады. 

Жазушы  әрқашан  бала  талғамын,  оның  жас  ерекшелігі  мен  соған  сәйкес  қызығушылығын, 

қабылдау қабілетін ескере отырып, тартымды әрі көркем шығармалар жазды.   сонымен қатар, Н. 

серәлиев повестері көркемдігімен де, ішкі мазмұн тереңдігімен де тәрбиелік, танымдық мәнімен 

де айрықша көзге түседі. 

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы. серәлиев Н., Баязитов с. Әңгіме, повестер. -Т. 14. 1995.-416 б. 

-Алматы: Балауса, 1995.

2. серәлиев Н. зеңгір аспан. Повестер мен әңгімелер. -Алматы: Жазушы, 1990. -448 б.

3. Әдебиеттану терминдер сөздігі. (Құрастырушылар: з.Ахметов, Т. Шаңбаев). -Алматы: Ана тілі, 1998. 

.-384 б 


4. ескен е. Балам дейтін жұрты болмаса...// Қазақ әдебиеті.-2006. 23-26 маусым, №25 (2977). Б. 1. 

 

редакцияға 19.02.2010 қабылданды. 



б.б. кеРІмбеков 

ҚазаҚстанДа атом ЭнеРгетика кеШенДеРІн салу ЖөнІнДегІ 

ҚоҒамДыҚ пІкІРДІ зеРДелеу: бҮгІнІ мен болаШаҒы 

In the article was regarded the public opinion about the objects of the building of atomic power 

engineering in Kazakhstan. The author led the speacial sociological questioning  on a repulican level in 

order to be aware of the opinions of the people and analysed it in detail.  

Энергетика бүгінде әлемдік өркениеттің маңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Адамзаттың 

XXi ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық 

сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс.

  ХХІ  ғасырда  уран  жаһандық  экономиканың  стратегиялық  өніміне  айналды.  Бүгінде 

өндірілетін  әлемдік  электр  энергиясының  15%  уранның  үлесінде.  Дүние  жүзілік  ядролық 

қауымдастықтың мәліметтерінше,  2009 жылы әлем бойынша 438 ядролық реактор жұмыс істеп 

тұрса, ал болашақта жаңадан 417 реактор салу жоспарланған [1,159].  яғни ядролық реакторлар 

саны екі есеге артпақ. Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттіктің  болжамына сәйкес, 

алдағы жиырма жылда қуат көзіне деген сұраныс 13,6 - 26,4 Твт-с дейін ұлғаяды [2,30].  Ал, 

межеленген  уақытта  дәстүрлі  энергия  көздері  –  мұнай,  көмір  және  газ  адамзаттың  энергияға 

деген сұранысын толық қанағаттандыра алмауы мүмкін. Қарқындап келе жатқан әлемдік энергия 

тапшылығының алдын алу үшін және әлемдегі экологиялық ахуалдың күн санап нашарлауын 

ескерсек, атом электр стансасын дамыту қажеттілігін түсінеміз. 

Әлемдік  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  Қазақстан  атом  электр  стансаларын  қолданбай, 

елдегі  қуат  тапшылығы  мәселесін  шешу  мүмкін  емес.    Қазақстан  энергетикасы  ерте  ме,  кеш 

пе, осы жолды таңдары анық. Бұл ретте көмірсутегімен салыстырғанда атом энергетикасы ел 

экономикасы  үшін  өте  тиімді.  уранды  тасымалдау  әдісі  аса  қарапайым,  оның  үстіне  ураннан 

энергия  алуға  жұмсалатын  шығын,  көмір  мен  газ  бен  салыстырғанда  4-5  есе  арзанға  түседі. 

Бүгінгі таңда, Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін үлкен әлеуетке ие:

1. Қазақстанда әлемдік барланған уран қорының 19% шоғырланған (622 мың тонна); 

2. Дамыған уран өндіретін және қайта өңдейтін өз өнеркәсібі бар; 



3. «Қазатомөнеркәсіп» холдингі жүзеге асыратын толық ядролық-отын циклы отандық атом 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал