Л. Н. Гумилев атындағы ЕҦ У, Астана қаласы



жүктеу 64.49 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі64.49 Kb.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ФЛОРЕНС НАЙТИНГЕЙЛ» МЕДАЛІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ АҚЫНДА 

 

Тҧ рарбек Д.М. 



 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦ У, Астана қаласы 

Ғылыми жетекшісі - т.ғ.д. Махат Д.А. 

 

Отан алдында кӛ рсеткен ерлігі ҥ шін қазақстандықтардың ортақ мақтанышына айналған қос 



жҧ лдызымыз  –  Мәншүк  пен  Әлияға  Кеңестер  Одағының  Батыры,  Хиуаз  Доспановаға  «Халық 

қаһарманы»(2005),  113  әйелге  Социалистік  Еңбек  Ері  жоғары  атағы  берілді.  10  мыңнан  астам 



еңбекші  әйелдер  Кеңестер  Одағының  ордендерімен,  медальдарымен  марапатталды.  Тылдағы 

еңбектері  ҥ шін  қазақстандық  28  әйел  Ленин  орденімен,  25  «Қызыл  Жҧ лдыз»  орденімен,  196 

«Қҧ рмет Белгісі» орденімен, 400  астамы «Еңбектегі ерлігі ҥ шін» медалімен марапатталған 

 

[1,Б,6]. 



 

 

 



 

 

361 



Сондай-ақ  әлем  халықтарының  ең  беделді,  ең  ержҥ рек  медбике,  дәрігерлеріне  ғана 

берілетін  «Флоренс  Найтингейл»  атындағы  медаль  бар.  Ол  медальдің  ӛ зіндік  ерекшелігі  мен 

тарихына тоқталсақ.  Алғашында Таяу  Шығысқа ҥ стемдік  етіп, билік  жҥ ргізу ҥ шін  Ресей мен 

Тҥ ркия  арасында  басталған  Қырым  соғысына  (1854  -  1856  жылдар)  ағылшындар  мен 

француздар  да  араласады.  Осы  Қырым  соғысында  ағылшынның  орта  буын  медицина 

қызметкері Флоренс Найтингейл (1820-1910 жж.) [5] ерекше кӛ зге тҥ седі. Ол ҧ рыс даласынан 

кӛ птеген  жаралы  жауынгерлерді  алып  шығып,  емдеуде  кәсіби  шеберлік  және  мейірімділік 

танытады. Ержҥ рек медбике ерікті санитарлар отрядын ҧ йымдастырып, ӛ зі жетекшісі болады 

[3, Б,34]. Ҧ лыбританияда орта және  тӛ менгі буын медицина қызметкерлерін даярлаудың  озық 

жҥ йесін қҧ рады. 

 

Соғыс  кезінде  жаралыларға,  бейбіт  ӛ мірде  ауру  жандарға  қамқорлығын  аямай 



кӛ рсеткені  ҥ шін  Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  «Флоренс  Найтингейл»  медалімен 

дҥ ние  жҥ зінде  1309  медбике  марапатталған.  Ҧ лы  Отан  соғысы  кезінде  Кеңес  Одағының  26 

медбикесі  және  қазақстандық  5  фельдшер  [7]  марапатталған.  Олар:  Смирнова-Кухарская  М.П. 

(1973),  Ысқақова  Р.Ш.  (1975),  Дмитриева-Глубина  А.Я.  (1985),  Широкая-Руденко  В.В.  (1987), 

Дмитриенко  А.М.  (1989).  Енді  қазақстандық  «Флоренс  Найтингейл»  медалінің  иегерлерінің 

тарихы мен тағдырына тоқталайық. 

 

Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  «Флоренс  Найтингейл»  медалінің  иегері  - 

 

Мария  Петровна  Смирнова  (Кухарская).  1921  жылы  Одесса  маңында  дҥ ниеге  келген. 

Мектеп бітірісімен1941жылдың 28 шілдесінде майданға аттанған жас қыз бар болғаны жиырма 

жаста  еді.  Ең  алғаш  медсанбатка  келген  бойда  жаралы  танкисті  қабылдап  алуға  бҧ йырды. 

Жаралы жас жігіттің бір қолы жҧ лынып тҥ скен, бҧ лшық етіне ғана ілініп тҧ р. Кӛ пті кӛ рген 

хирург қолындағы қайшысымен жігіттің бҧ лшық етін қиып жібергенде қолы солпаң етіп жерге 

тҥ сті.  Маша  қорыққанынан  ес  –  тҥ ссіз  жерге  сылқ  ете  қалды.  Есін  жиғаннан  кейін:  «Хирург 

ҧ

рысып,  қайтарып  жібере  ме,  сенен  ешқандай  санитарка  шықпайды»  деп  қорыққан.  Жоқ  , 



хирург бҧ ған кҥ лімдеп қарап: «Қызым, ҥ йрене бер, әлі бҧ данда зорын кӛ ресің» [6] дегені ғой. 

 

Осындай  жанталас  сәттердің  талайы  Мария  Петровнаның  басынан  ӛ тті.  Кейіннен 



ойланып  отырса  480-нен  астам  [7,  Б,63]  ӛ рімдей  жауынгерлерді  ҧ рыс  даласынан  аман  алып 

шыққан. Осыдай кезекті ҧ рыстардың бірінде медбикенің ӛ зі де жараланып, госпитальға тҥ сті. 

Оның  ерлігі,  жанкештілігі  жайында  сол  кезде  майдан  газеттері,  оның  ішінде  «Красная  Армия» 

газеті  талай  мәрте  жазды.  Қаншама  жауынгерлер  ӛ мірін  сақтап  қалған  Марияға  алғыстарын 

ӛ

леңмен жолдады. Мысалға, Евгений Долматовский «Песня о Марусе Кухарской» [1, Б,266]. 



 

Соғыс  барысында  кӛ рсеткен  ерліктері  ҥ шін  Мария  Петровна  «Қызыл  Жұлдыз» 

 

орденімен,  «І,  ІІ  дәрежелі  Ұлы  Отан  соғысы»  орденімен,  «Ерлігі  үшін»,  «Жауынгерлік  ерлігі 



үшін» [1, Б,268] медальдарымен марапатталды. 

 

Ерлік  жолын  Жеңіс  кҥ німен  аяқтаған  Мария  Петровна  бейбіт  ӛ мірде  де  адам 



денсаулығының сақшысына айналды. 

 

Ӛ



зінің жан жарын майданда кезіктірген Мария онымен 46 жыл ӛ мір сҥ рді. Екі қыз бала 

тәрбиелеп ӛ сірді. 

 

Соғыс  кезінде  жаралыларға,  бейбіт  ӛ мірде  ауру  жандарға  қамқорлығын  аямай 



кӛ рсеткені  ҥ шін  1973  жылдың  мамыр  айында  Мария  Кухарская  Халықаралық  Қызыл  Крест 

Комитетінің «Флоренс Найтингейл» медалімен марапатталды. 

 

Мария  Петровна  соғыстан  кейін  Кӛ кшетау  қаласында  жиырма  тӛ рт  жыл  балалар 



медбикесі болып, бас медбике болып тӛ рт жыл және  санитарлық дәрігердің кӛ мекшісі болып 

екі жыл, барлығы отыз жылға жуық табан аудармастан еңбек етті. 

 

Еңбек  майданындағы  тынымсыз  тірлігі  ескерусіз  қалған  жоқ.  1976жылы  Отанымыздың 



жоғары наградаларының бірі – «Еңбек Қызыл  Ту» орденімен  марапатталды. «КСРО Денсаулық 

сақтау ісінің үздігі» [1, Б,269] белгісіне ие болды. 

 

 



362 

Ҧ

зақ  жылдар  бойғы  ҥ здіксіз  де  ӛ негелі  еңбегі  ескеріліп,  2001жылғы  наурызда 

Кӛ кшетау қаласының қҧ рметті азаматы атанды. 

 

Отты жылдары етегімен су, тобықтан кан кеше жҥ ріп, кӛ птеген жауынгерлердің қатарға 



қосылуына  себепші  болған  жауынгерлік  жорықты  жылдары  ӛ лең  –  жырға  айналған  Мария 

Петровна Смирнованың қысқаша ӛ мір жолы осындай. 

 

Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  «Флоренс  Найтингейл»  медалінің 

қазақстандық екінші иегері, лейтенант – Разия Шәкенқызы Ысқақова. Қызылорда облысы, 

 

Жаңақорған  ауданының  тумасы.  1936  жылы  жеті  жылдық  мектепті  бітірген  соң  Шымкент 



қаласындағы  медициналық  училищені  бітіріп,  фельдшер  мамандығын  алады.  Еңбек  жолын 

ауылдан  бастағалы  отырған  кезде  Ҧ лы  Отан  соғысы  басталады.  Ӛ зі  сҧ ранып,  1941  жылдың 

қазан  айында  әскери  фельдшер  болып  соғысқа  аттанды.  Ол  кезде  Разия  Шәкенқызы  он  тоғыз 

жасар қыз еді. 

 

Рәзия  Ысқақова  І  Украина  майданында  генерал  -  полковник  П.  Рыбалко  қолбасшылық 



еткен атақты  танк армиясына қарасты 55 танк бригадасында фельдшер болады. Жауып тҧ рған 

қорғасын оқтың арасынан талай жаралыларды алып шыққан. Фельдшер Рәзия Ысқақованың бір 

ерлігі жӛ нінде осы бригаданың медицина қызметінің бастығы майор Богусловский:  «Медицина 

қызметінің  лейтенанты  Ысқақова  нағыз  ерлік  к

ӛ

рсетті.  Ол  жанып  жатқан  танктен 



батальон  командирі  Федоров  пен  оның  экипажын  алып  шықты.  Ол  жаралы  он  бес  адамды 

ӛ

лімнен құтқарып қалды» [1, Б,362] - деп жазған. Бҧ л - Сандомир ҥ шін шайқаста болған оқиға 

еді. 

 

Рәзия  Шәкенқызын  кейде  майдандас  достары  «Қазақстан  розасы,  Қазақстан  гүлі»  [3, 



Б,44] деп те атайтын. 

 

1943  жылдың  жазында  Курск  доғасындағы  Прохоровка  елді  мекенінің  маңында  танк 



ҥ

стінде  лаулап  жанған  оттың  қызыл  жалыны  қара  тҥ тінмен  айналасындағылардың  бәрін 

қырып,  қара  металдың  ӛ зін  балқытуға  шақ  қалғанда  Рәзия  апамыз  тӛ рт  бірдей  танкисті  от 

оранған  танктен  алып  шықты.  Лаулап  жанған  киімдерін  сӛ ндіріп,  тӛ ртеуінің  жарасын  таңып, 

бәрін  медсанбатқа  жеткізді.  Дәл  осы  кҥ ні  жиырма  танкисті  ажал  аузынан  арашалап  алып 

қалған. 


 

Рәзия  Шәкенқызы  Сталинградттан  бастап  Харковті,  Киевті,  Варшаваны  азат  етуге 

қатысты.  Берлинді  алу  шабуылына  ат  салысты.  Праганы  азат  етуде  де  майданның  ортасынан 

табылды. Киев қаласы тҥ біндегі ҥ лкен ҧ рыс алаңы. Рәзия кезекті жауынгердің жанына еңкейе 

бергені  сол  еді,  жақын  жерден  жарылыс  болды.  Ол  есеңгіреп  қалды,  ал  сарбаз  снарядтың 

жарқыншағы тиіп, екінші рет жараланды. Басының айналып, жҥ регінің айнып, қҧ лағының тас 

керең  болып  естімей  қалғанына  қарамастан,  жаралы  сарбазды  арқалап  медсанбатқа  жеткізеді. 

Осы ерлігі ескеріліп «Ерлігі үшін» [1, Б,362] медальмен марапатталды. 

 

Бірде  ротаның  старшинасы  Ивашенко  ҧ рыста  қатты  жарақаттанды.  Хирургтердің  пікірі 



бойынша  оның  ӛ мірін  тек  қан  қҧ ю  арқылы  сақтап  қалуға  болады  екен.  Сол  кезде  фельшер 

Рәзия  ойланбастан  жаралы  старшинаға  ӛ зінен  қан  алуды  ҧ сынды.  Рәзия  Шәкенқызы  соғыс 

кезіндегі осындай ерліктері ҥ шін 1975 жылы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің «Флоренс 

Найтингейл» медальмен марапатталған. 

 

Рәзия  апаның  кеудесінде  «Қызыл  Жұлдыз»  ордені  мен  «Жауынгерлік  ерлігі  үшін»  және 



басқа  он  жеті  медаль  жарқырайды.  Кеңестер  Одағының  қҧ рметті  қан  тапсырушысы  болып 

қаншама адамның ажалдан арашалануына септігін тигізді. Бейбіт ӛ мір кезіндегі еңбегі ҥ шін 



«Денсаулық сақтау саласының үздігі» [5] белгісімен марапатталды. 

 

Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  «Флоренс  Найтингейл»  медалінің 



қазақстандық үшінші иегері – Антонина Яковлевна Дмитриева(Глубина). 1921 жылдың 

 

наурызында  Омбы  облысы  Шалқар(Челкар)  ауданының  Татарка  аулында  дҥ ниеге  келген. 



Санитарлық  инструкторлардың  курсын  бітіріп,  1942  жылдың  желтоқсанында  майданға 

аттанды[7,Б,64].  Соғыстың  алғашқы  шебінде  мотоатқыштар  батальонында  санинструктор 

болған.  Жауынгерлер  мен  офицерлерге  кӛ мек  кӛ рсете  отыра,  жараланғандарын  ҧ рыс 

даласынан 

 

363 


шығарды.  Антонина  Яковлевна  Белоруссияны,  Польшаны  азат  етуге  қатысты.  Ол  осы 

шайқастарда  қан кеше жҥ ріп, жаудың қарша борап  тҧ рған  оғынның  арасынан жауынгерлерге 

медициналық кӛ мек кӛ рсетіп, оларды майдан шебінен алып шықты. 

 

Соғысты  Германияда  жеңіспен  аяқтағандардың  бірі.  Соғыс  кезінде  ӛ зі  де  екі  рет 



жараланған.  Соғыс  барысында  кӛ рсеткен  ерліктері  ҥ шін  «Қызыл  Жұлдыз»  ордені, 

«Жауынгерлік  еңбегі  үшін»,  «Ерлігі  үшін»  медальдармен  марапатталған.  1985  жылы  ХҚКК 

(МККК)  ең жоғарғы наградасы – «Флоренс Найтингейл» атындағы  медальмен марапатталды. 

1945  жылы  демобилизациядан  кейін  Павлодарға  келген.  Зейнет  демалысына  дейін  37 

жыл[7,Б,65] медбике болып жҧ мыс істеді. 

 

Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  «Флоренс  Найтингейл»  медалінің 

қазақстандық т

ӛ

ртінші иегері, кіші лейтенант – Вера Власовна Широкая-Руденко. 1941 

 

жылы Одессадағы медучилищені бітірген. 18 жасқа толмай майданға аттанды. Ол  ӛ зінің кәмілетке 



толғанын  Чапаев  дивизиясының  жаяу  әскер  тобыныңалғы  шебінде  қарсы  алды.  Оның  майдандық 

жолы Новороссийск, Батайск, арқылы жаяу әскер полкінің 8 армиясының әскери фельдшері, кейін 

медицина  қызметінің  кіші  лейтенанты  болды.  Ростов-на  Дону  қаласын  азат  етуге  және  Дон 

ӛ

зеніндегі шабуылға қатысқан. Ол осы шабуылдарды Дон арқылы 50 жаралы жауынгерді  ӛ ткізіп, 



оларға  жәрдем  кӛ рсетті.  Бҧ л  еңбегі  ҥ шін  1943  жылы  «Ерлігі  үшін»  медалімен  марапатталды. 

Жаралы  жауынгерлерге  бірнеше  мәрте  ӛ зінің  қанын  қҧ юға  келісімін  берген,  ештеңеден 

қорықпайтын  батыл  қыз  болды.  1944  жылы  Вера  контузия  алып,  осы  жылдың  ақпанында 

демобилизацияға  Брянск  облысына  кетіп,  Одесса  қаласында  ауруханада  аға  медбике  қызметін 

атқарды.  1954  жылы  КСРО  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  жолдамасымен  тың  жерлерді  игеру 

ҥ

шін  Қазақстанға  келеді.  Ол  мҧ нда  30  жылдан  астам  медицина  саласында  жҧ мыс  істеді.  Вера 



Власовна «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» 

[7,  Б,64]  медальдарымен  марапатталды.  Сондай-ақ  ол  «Денсаулық  сақтаудың  үздігі»  белгісімен,  ал 

1987 жылы «Флоренс Найтингейл» атындағы медальмен марапатталды.

 

 



Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  «Флоренс  Найтингейл»  медалінің 

қазақстандық  бесінші иегері  –  Анна  Михайловна  Дмитриенко.  1923  жылы  Алтай  ӛ лкесінің 

Линьки аулында дҥ ниеге келді. 18 жасқа жаңа толған, қаршадай қыз Анна Мәскеу, Ленинград, 

Старая Русса қалаларын қорғауға қатысты.  Майдан даласынан 200-ден астам ауыр жараланған 

жауынгер, офицерлерді шығарды. 1943 жылдан бастап тҧ рақты қан доноры болды. 1944 жылы 

зардап  шеккендерге  кӛ мек  кӛ рсете  жҥ ріп,  ӛ зі  жараланады,  сонан  соң  Кеңес  Армиясы 

қатарынан демобилизацияланады. 

 

25 жылдан астам туберкулезге қарсы кҥ ресу диспансерінде медбике болып қызмет етеді. 



Қызмет барысында ҚазССР ҚКҚ қызметіне белсене қатысады. Қызыл Крест учаскелік комитеті 

негізгі ҧ йымының тӛ райымы міндетін атқарады. Анна Михайловна – тегін қан донорлығының 

насихатшысы,  ҥ йде  науқастарды  кҥ ту  бойынша  қызметшілер  курсын  дайындаушы  медицина 

қызметкері.  А.М.  Дмитриенконың  ерлігі  мен  еңбегі  ескеріліп  «І  дәрежелі  Ұлы  Отан  соғысы» 

орденімен,  «Ерлігі  үшін»  [7,  Б,66]  және  т.б.  медальдарымен  марапатталған.  1989  жылы 

«Флоренс Найтингейл» атындағы медальмен марапатталды. 

 

Ҧ



лы  Отан  соғысы  кезінде  және  одан  кейін  Қазақ  ССР  ҚКҚ  Армия  бӛ лімдеріндегі 

медбикелер  мен  сан.дружинницалардың  соғыс  немесе  бейбіт  кезде  әрқашан  жоғары  дайындықта 

болды.  Жоғарыда  келтірілген  дәлелдер  мен  дәйектер  он  сегізге  толмаған,  жиырмадан  енді  ғана 

асқан жас қыздардың Отаны  ҥ шін ӛ з жандарын қҧ рбан етуге дайын екендігін кӛ рсетеді. Жауып 

тҧ рған  оқтың  арасынан  талай  жаралы  жауынгерлерді  аман  алып  шығу,  қансырап,  бір  қадым  басу 

мҧ ң  болып,  кӛ мек  кҥ тіп  жатқан  талай  боздақтарға,  балапанына  су  тасыған  қарлығаштай  болып 

кӛ мегін  аямаған  медбикелердің  алдында  жас  ҧ рпақ  тағзым  етуге  міндетті.  Қазақстандық  ХҚКК 

«Флоренс Найтингейл» медалімен марапатталған қаһарман қыздарымыздың кӛ рсеткен ерлігі бҥ кіл 

әлем  халықтарының  есінде  қалып,  жас  ҧ рпақты  тәрбиелеуде  таптырмас  ҥ лгі  болары  анық.  Отан 

ҥ

шін жан берген Мария Петровна Смирнова (Кухарская), Разия Шәкенқызы 



 

364 


Ысқақова, Антонина Яковлевна Дмитриева(Глубина), Вера Власовна Широкая-Руденко, 

Анна Михайловна Дмитриенколардың қысқаша тарихы мен тағдыры осылай. 

 

Әдебиеттер 



1.

 

Қасымова Б. Қазақстанның қыздары –  Ҧ лы Отан соғысы жылдарында. – Астана, 



2005.  

– 371 б.  

 

2.

 



www.rokk.ru. 

Cписок 


советских 

медалисток 

Флоренс 

Найтингейл, 

награжденных Международным Комитетом Красного Креста с 1961 по 2005.  

 

3.



 

Будко Д.А.. За истинное милосердие и заботу о людях // Военно  - исторический 

журнал. – 2006. - № 3.  

 

4.



 

Кӛ лбаев Т. Қазақ әйелі қаһарман // Дала мен қала. – 2010. - 8 наурыз.  

5.

 

http://ru.wikipedia. Биография Флоренс Найтингейл  



6.

 

www.google.ru. Римма Волкова. Свеча, которая не гаснет. Воспоминание о войне.  



 

7.  Қызыл  Крест  Халықаралық  Комитетінің  Қазақстан  Республикасы  Қызыл  Ай 



Қоғамының анықтамасы. Астана, 2009 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал