Л-фараби атында ы аза лтты



жүктеу 5.08 Kb.

бет30/30
Дата08.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Г лаим  абатан, 
2 курс магистранты
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 
САНДЫҚ 
ТЕЛЕВИЗИЯНЫҢ 
ДАМУ 
БОЛАШАҒЫ

248
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
сырына  үйрететін,  халықпен  тікелей  байланыс 
жасататын  осы  телевизия  екеніне  көзіміз  жетіп, 
оны  жан-жақты  зерттеп  келеміз.  Ендігі  кезектегі 
мақсатымыз  отандық  телевизияның  сандық 
телевизияға көшу əрекетін мақтау немесе даттау 
емес,  зерттеу  нысаны  ретінде  көрермен  көзімен 
баға беру. 
Қазіргі  заманғы  телевизия  көптеген  тарихи 
кезеңнен  өтіп,  бірнеше  жетістіктерге  жетіп,  енді 
заман  талабына  байланысты  сандық  телевизияға 
көшу  үрдісін  жүргізіп  келеді.  Көптеген  мемле-
кеттер  толық  сандық  жүйеге  көшіп  те  үлгерді. 
Қалғандары  көшуге  тырысып  жатыр.  Қазіргі 
таңда сандық телевизия ұғымы бұқаралық ақпарат 
құралдарында  молынан  кездесіп  жатқанына 
қарамастан,  оны  əлі  де  дұрыс  түсіне  алмаған 
аудитория  жеткілікті.  Сондықтан  да  сандық 
телевизияның  əлі  де  толық  ашылып  үлгермеген 
сыры мол. Оның не екенін түсіну үшін: біріншіден, 
оған анықтама берген жөн.  
Сандық телевизия – бұл ақпараттарды сандық 
модуляция  мен  сығымдау  əдістерін  пайдалана 
отырып, бейне жəне дыбыс сигналдарын трансля-
тордан теледидарға беру жүйесінің моделі. Қазіргі 
заманғы сандық телевизияның басты негізі MPEG 
сығымы болып табылады /1/.
Дүниежүзі  бойынша  сандық  телевизия  1998 
жылы тарала бастағаны белгілі. Он екі жыл ішінде 
осы  салада  біршама  тə¬жі¬ри¬бе  жинақталды 
деуге  əбден  бо¬ла¬ды.  Ен¬дігі  мəселе  –  сандық 
те¬ле¬ви¬зия¬ның  ен¬гізілуі  қай  елде,  қалай 
жүргізіліп  жатыр?  Мəселен,  Америка  Құрама 
Штаттары  сандық  жүйе  нарығына  бірінші  бо-
лып  кірді.  Ал  2009  жылдың  12  маусымында 
олар  толықтай  аналогтық  жүйеден  бас  тартты. 
Сандық  жүйеге  көшу  үшін  АҚШ  үкіметі  2  мил-
лиард  қаржы  жұмсады.  Еуропа  мемлекетінде  де 
бұл үрдіс белсенді жүріп келеді. Бельгия, Герма-
ния,  Люксембург,  Нидерланды,  Финляндия  жəне 
Швеция аналогтық эфирлі телевизиядан толықтай 
ауысты, ал оның қалған мемлекеттері 2012 жылға 
дейін жоспарлап отыр. 
Біз  2015  жылға  дейін  сандық  телевизияға 
толықтай  көшуіміз  керек.  Мұндағы  шекті 
уақыттың  белгіленуі  міндетті,  өйткені  2007-
ден  2015  жылға  дейінгі  аралық  Халықаралық 
электрлік  байланыс  одағының  шешімі  бойынша 
«Женева-2006» келісіміне қатысушы барлық мем-
лекеттер үшін «аналогтық» хабар таратудың бұған 
дейінгі  дəстүрлі  түрінен  сандық  түріне  көшудегі 
өтпелі кезең болып саналады. 
 Қазақстан Республикасының Байланыс жəне 
ақпарат  министрі  Асқар  Жұмағалиев  сандық 
жəне  эфирлі  телевизияның  таяу  болашақтағы 
даму жоспарлары туралы ой тарқатты. Оның ай-
туынша:  «Бүгінде  елімізде  эфирлік,  спутниктік 
жəне  кабельді  телевизия  жұмыс  істейтінін 
білеміз.  Сандық  телевизия  –  осы  ортадан 
алшақ  кетпей-ақ,  белгіні  өңдеудің  жаңа  тəсілі. 
Цифрлық  стандартқа  ауысу  тех¬ни¬ка¬лық 
ілгерілеушіліктің  арқасында  бол¬ған¬дықтан, 
оның  артықшылығы  мен  мүмкіндіктері  де 
ауқымды  болмақ.  Бірін¬ші¬ден,  белгі  мен 
бейнені  беру  сапасы  жақ¬сарады.  Екіншіден, 
радиожиілікті  пай¬да¬лану  тиімділігі  артады. 
Ең  бастысы,  сан¬дық  телевизияға  ауыспауға  да 
болмайды. Өйт¬кені еліміз енетін «1 аудан» үшін 
ана¬логтік жиілік жоспары 2015 жылға дейін ғана 
жұмыс  істейді.  2015  жылдан  бастап  тек  сандық 
таралымның жиілік жоспары қолданыста болады. 
Егер осы кезге дейін «санға» көше алмасақ, онда 
ел  аума¬ғын¬дағы  радиоэлектронды  құралдар 
көрші ел¬дердің радио¬элек¬трон¬ды құралдары 
тарапынан түрлі бөгетке тап бо¬лады. Ал сандық 
телевизия ақпараттық қа-уіп¬сіздікті қамтамасыз 
ететінін ұмыт¬паған жөн» /2/.
Тағы  бір  артықшылығы  –  егер  бүгін  бір 
жиілікте бір ғана телеарна берілсе, санға көшкенде 
осы жиілікте 10 бағдарламаны көруге болады. Де-
мек, радиожиілік спек¬трі¬нің тиімділігі бірнеше 
есе  ұлғаяды.  Мə¬се¬лен,  алыстағы  ауылдарда 
қазір 2-3 арнаны көр¬сетсе, ол кезде 20-30 арнаға 
жол  ашылады.  Осы  орайда  «қаптаған  арнаны 
не¬мен  толтырады?»  деген  сауал  туындайтыны 
сөзсіз. 
Сандық 
телевизияны 
дамыту 
бағ¬дар¬ла¬масына  сəйкес,  тұңғыш  муль-
типлекске  бар¬лық  əлеуметтік  маңызы  бар 
бағ¬дар¬ла¬ма¬лар  енуі  тиіс.  Осы  қоржынға 
ие  əрбір  аза¬мат  ел  ішінде  жəне  сыртта  бо-
лып  жат¬қан  жаңалықтардан  қалыс  қалмайды. 
Сон¬дай-ақ  бағдарламаның  басқа  да  қор-
жын¬дары  болады.  Мəселен,  біреуге  фут¬бол, 
біреуге  саз  əлемі  қызықты.  Сөз  жоқ,  бұл  кең 
таралған  кабельді  телеарнаның  па¬кеттерін  еске 
түсіреді.  Жоспар  бойынша,  бі¬рінші  əлеуметтік 
бағдарлама – тегін, ал қал¬ғандары ақылы болмақ. 
Ең бастысы, таң¬дау бар».
      Сандық  телевизияға  көшу  үш  кезеңде 
жү¬зеге асырылады. 
-  Бірінші 
кезеңде 
(2009-2010 
жж.) 
сандық  телевизияның  ұлт¬тық  стандартта-
рын,  нормативтік-құ¬қық¬тық  ба¬заны,  жиілік-
аймақтық  жос-пар¬ды  бекіту  жəне  əлеуметтік 
міндетті  теле-радио¬арналардың  тізімі  жөнінде 
келісу.  Сон¬дай-ақ  осы  мерзім  ішінде  пилот-
ты  ай¬мақтарда  таралым  тəжірибе  жүзінде  іске 
асы¬рылады. 

249
-  Екінші  кезеңде  (2011-2013  жж.)  бі¬рінші 
кезеңде қамтылмаған өңірлерде жо¬ба жұмыстары 
мен  жүйені  өрістету  жал¬ғасады.  Осы  үш  жыл 
ішінде аналогті та¬ра¬лым¬ды тоқтатудың шекті 
мерзімі бел-гіленеді.
-  Үшінші  кезеңде  (2014-2015  жж.)  сандық 
таралым  желісі  еліміздің  барлық  аймақтарын 
қамтитын болады /3/.
Қазір біз атқарып жатқан жұмыс — алғашқы 
кезеңге,  яғни,  спутниктік  кезеңге  жатады.  Бұл 
кезеңде елді мекендерге бұрынғы эфирден тарай-
тын хабар қабылдағыштар (приемник) орнатыла-
ды. Əрі қарайғы кезеңде хабар таратқыштар (пере-
датчиктер)  қондырылатын  болады.  Жаңа  жүйені 
қондыру  үшін  əр  отбасы  арнайы  спутниктік 
қабылдағыш  пен  телевизиялық  қобдиша  (при-
ставка) сатып алу қажет.
Бұрын бір арнаны көру үшін елді мекендер-
ге бір хабар таратқыш қондыру қажет болса, енді 
18  арнаға  бір  құрылғы  қоятын  мүмкіндік  туды. 
Облыстағы елді мекендер бұрын 2-3 арнаның ха-
барларын ғана көріп отырса, ендігі жерде 40 ар-
наны тегін тамашалай алады, яғни жаңа жүйенің 
базалық  пакетінде  40  арна  болады.  Базалық  па-
кеттен басқа қосымша ақылы үш пакет бар: эко-
ном пакет — 48 бағдарлама, стандарт пакет — 62 
бағдарлама жəне 94 бағдарламаны қамтитын элит 
пакет бар. Тұрғындар 40 бағдарламаны тегін көре 
алады немесе қалауынша осы үш пакеттің біреуін 
қосып ала алады /2/.   
  Ерекшелігі  сол,  бұрын  бір  жиілікте  бір 
ғана  арна  берілсе,  сандық  жүйенің  арқасында 
бір  жиілікте  бірнеше  бағдарламаны  көруге 
мүмкіндік  болады.  Жаңа  жоба,  негізінен, 
ұлттық  бағдарламаларды  қолдауға  бағытталған. 
Қазақстанмен  шекаралас  Ресей  ауылдарында 
тұратын қазақтар да бұл жобаның игілігін көруге, 
яғни  ұлттық  бағдарламаларды  тамашалауға  қол 
жеткізе  алады.  Ол  үшін  олар  Қазақстанға  келіп, 
тапсырыс беріп, рəсімдейді. 
 Қазіргі таңдағы жаһандану кезеңінде сандық 
телевизияға  көшу  біз  үшін  үлкен  жетістік  бо-
лып  табылмақ.  Телеиндустрияның  бүгінгі 
мүмкіндіктері  мұнымен  де  шектелмейді.  Ол 
жоғары динамикалық өсу кезеңін бастан кешіруде 
жəне болашақта бұл үрдістер одан əрі дами түсіп, 
жаңа тауқыметтерді туғызуы мүмкін.  
          
            
 
1. www. ru.wikipedia.org/wiki/Цифровое_телевидение 
2. Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 2-том. – Алматы: «Таймас» баспа үйі,2008.
3. Ахметова Г. «Сандық телевизияға көшу – заман талабы» // Алаш айнасы.
4. Рахатқызы М. Сандық телевизия: Ұлттық мүддені көздейтін жаңа жүйе, Ақтөбе облыстық саяси-қоғамдық газет, 19 
Мамыр 2011

КНИГИ ИЗДАТЕЛЬСТВА «ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ» 
 
В продаже 
 
 
 
 
Əсембаева Б. Баспа ісінің менеджменті мен маркетингі: оқу құралы. – 2011. – 108 б. 
ISBN 978–601–247–251–6 
Оқу  құралында  баспа  қызметіндегі  менеджмент  пен  маркетингтің  теориялық, 
əдістемелік 
жəне 
тəжірибелік 
мəселелері 
қарастырылады. 
Кітап 
кəсіпорындарының  оқырмандардың  сұранысына  ие  болатын  жоғары  сапалы 
өнімдерді  басып  шығаруы  оның  менеджменттік  жəне  маркетингтік  қызметті  өз 
деңгейінде жүргізуіне тікелей байланысты. 
 
Қабылғазы К. Хабар технологиясы: оқу құралы. – 2011. – 76 б. 
ISBN 978–601–247–256–1 
Оқу  құралында  телерадиохабар  жасаудың  технологиясы  туралы  айтылады.  Оқу 
құралы  журналистика  факультетінің  студенттеріне,  сырттай  оқушыларға  жəне 
хабардың жасалу технологиясын өздігінен үйренушілерге арналған. 
 
Тлепбергенова А. Страновой имидж: учебное пособие – 2011. – 65 с.  
 
Учебное  пособие  является  базовым  при  изучении  курса  «Страновой  имидж». 
Рассматриваются  структурные  составляющие  понятия  имиджа  страны  и 
государства,  а  также  роль  государственной  политики,  информационных 
технологий, международных связей в системе построения странового имиджа. 
 
Альжанова А. Б. 
Связь с общественностью: учебное пособие. – 2011. – 116 с.  
ISBN 9965-29-765-7 
В пособии рассматриваются основы PR: изучение общественного мнения, система 
мониторинга  и  анализа  СМИ  в  Казахстане,  формы  отношений  с  прессой, 
использование PR в политике. 
 
Мусинова А.  Культура и СМИ: культура и искусство в прессе Казахстана. – 2011. – 
164 с.    
ISBN 9965-29-715-0  
 В монографии дана характеристика ситуации в области культуры Казах-стана и 
её отражение на страницах республиканских СМИ. В хронологическом порядке 
изложена  история  группы  периодических  изданий,  посвященных  культуре  и 
искусству,  от  первых  газет  и  журналов  до  последних  новинок.  Более  детально 
исследована пресса периода независимости. 
 
 
 
 
 
По  вопросам  приобретения  обращаться  в  отдел  продаж  издательства  «Қазақ 
унмверситеті»  Ихсановой  Г.З.  Контактный  тел.: 8(727)377-33-36, 377-33-37, доб. 13-69. 
Мобил.тел. 8-777-316-03-97. E-mail: 
Gulnara.Ikhsanova@kaznu.kz
.  www.read.kz 


1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал