Л-фараби атында ы аза лтты



жүктеу 5.08 Kb.

бет15/30
Дата08.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

Алмаг л  рманбаева,
әл-Фараби атында ы  аз У
журналистика факультетіні  
доценті
«АЙҚАП» ЖӘНЕ 
МҰХАМЕТЖАН 
СЕРАЛИН
Автор статьи подчеркивает историческую, со-
циальную и политическую значимость публи-
каций журнала «Айқап» в начале XX века. А 
также рассматривает деятельность М.Сералина 
как редактора первого общественно - политиче-
ского, литературно-художественного журнала в 
Казахстане.
The author of article underlines the historical, 
social and political importance of the publication of 
magazine «Айқап» in the XX-th century beginning. 
And also M.Seralina's activity, as editor of the fi rst 
socially - political, literary and art magazine in 
Kazakhstan is considered.
Қ
азақ баспасөзінің қарлығаштары де-
генде, ең алдымен, ойға оралатыны 
–  «Айқап»,  «Қазақ»,  «Қазақстан», 
«Серке»  газет-журналдары  мен 
оған  өмірін  арнаған  Алаш  зиялылары.  Бұл  рет-
те  жарық  көргеніне  ғасыр  толып  отырған  Қазақ 
руханиятының  алтын  дəуірін  тудырған,  ел  мен 
жердің тұтастығын ту етіп, қазақ халқының көзін 
ашып  дем  берген  «Айқап»  журналын  ерекше 
атап өту лəзім. «Айқап» – Қазақстандағы тұңғыш 
қоғамдық-саяси, əдеби-көркем журнал. Ақын, пу-
блицист, қоғам қайраткері М.Сералин 1911 жылы 
10 қаңтарда Троицк қаласында «Айқап» атты жур-
налды алғаш  шығаруды қолға алады. «Айқаптың» 
жарық  көруі  саяси-идеялық  бағдары  XX  ғасыр 
басындағы  қайшылықты  қым-қуат  кезеңмен 
тұспа-тұс  келді.  Отарлық  езгінің  емеуріннен  та-
сыр  шағында  дүниеген  келген  «Айқап»  қазақ 
интеллигенциясының  демократиялық  қозғалыс 
идеясын  ту  етіп,  өз  халқын  қараңғылықтан 
шығаруды мақсат ете білген бірден-бір басылым 
болды.  Қаламгер  қайраткер  Мұхаметжан  Сера-
лин Орыс революциясынан туған демократиялық 
толқынның  жаңа  буынынан  шыққан  көзі  ашық, 
көкірегі  ояу  тұлға  еді.  1905  жылдан  газет 
шығаруды  мақсат  еткен  демократ  1911  жылға 
дейін  түрлі  кедергілерді  бастан  кешсе  де  өзінің 

136
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
ұлттық  идеяларын  «бір  қазанға  қайнатып»  елдік 
мүддені уысынан шығармады. 
«Журналға «Айқап» деген есім бердік. Біздің 
қазақтың «Əй,  қап!»  демейтін  қай  ісі бар?!» деп 
журнадың  шымылдығын  ашқан  ұлы  қайраткер 
М.Сералин империяның отаршыл саясатын  ашық 
бейнелеп,  халықты  қараңғылықтан  шығаруды 
көздеп осы бағыттағы ұлы қадамын қадап айтқан 
еді.
Сералин журналдың 12-санында басылымның 
жұрттың біразын оқуға бейімдеп, сауатын ашуға 
сеп  болғанын  айтып,  журналдың  шығуына 
жəрдемдескен  бір  топ  азаматтарға,  яғни,  Со-
сновский,  Тəңірберген  Тұрысбеков,  Сəдуақас 
Шорманов,  Ғабдулрахман  Жүсіптерге  жəне 
оқырмандарына алғысын айтады [1].
4  жыл  ішінде  Троицк  шаһарындағы  «Энер-
гия» баспаханасында қазақ тілінде араб əріпімен 
теріліп,  алғашында  айына  бір  рет,  кейін  екі 
рет  шығып  тұрды.  Қоғамның  түрлі  салаларын 
қамтыған мақалалар шоғыры, қазақтың қоғамдық 
ой-санасына  серпіліс  əкелді.  Онда  жер  мəселесі, 
саясат,  əлеуметтік  мəселелер,  өнер  руханият  т.б. 
тақырыптар кеңінен көрініс тапты.
«Қазақ  даласына  кеңінен  тараған  басылым 
саны жайында Ғабдолғазиз Мұсағалиев бұл басы-
лымды  1000  оқушы  алып  тұратындығын  жазды. 
Мұның  өзі  журналдың  таралымы  бір  ізге  түсіп, 
өрісін  ұлғайтып,  қанатын  кеңге  жая  бастағанын 
көрсетумен  бірге  төңкеріске  дейінгі  қазақ 
халқының  сауаттылық  деңгейінен  де  хабардар 
етеді» - дейді зерттеуші Нұрлан Асқаров[2,14].
«Айқап»  өз  кезеңіндегі  үздік  журнал  болды. 
Оның  əр  санын  қазақ  халқы  асыға  күтті.  Оған 
Қазақстанның барлық облысынан жəне Астрахань 
губерниясына қосылған Бөкей Ордалары мен Кав-
каз округына қарайтын Маңғыстау, Атырау, Орал-
дан үзбей хаттар келіп тұрды. Əсіресе, Ақтөбеден, 
Қостанайдан, 
Қызылжардан, 
Торғайдан, 
Көкшетаудан, 
Қарқаралыдан, 
Семейден, 
Аягөзден,  Қапалдан,  Шиеліден,  Қызылордадан, 
Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі 
жарияланды.
Журнал  жекелеген  азаматтардың  демеушілігі 
мен  оқушылардың  жазылым  ақысына  сүйенген. 
Журнал  орташа  форматты,  24  бетті  болып  жарық 
көрген. Тұрақты айдарлардың ішінде «Өлең-жыр», 
«Фельетон», «Басқарушыдан», «Одан-бұдан», «Ха-
баршыларымыздан»,  «Мұсылмандар  тіршілігіне 
тиісті мəселелер» үзбей жазылып, тарихи-қоғамдық 
өзгерістерге байланысты «Соғыс жайы», «Оқиғалар» 
деген  айдарлар  да  қосылып  отырған.  Сонымен 
бірге,  журналдың  бағыт-бағдары,  көтеретін  негізгі 
мəселелері редактор тарапынан бас мақалада айты-
лып,  онда  көбінесе  саяси-əлеуметтік  тақырыптар 
сөз етілген [3,15]. 
«Айқап»  журналының  оқырмандарына  ар-
нап үзбей шығармаларын арнап, қоғамдық өмірге 
бей-жай  қарай  алмаған,  өз  пікірін  оқырманмен 
бөлісуге  асыққан  ұлы  тұлғаларымыз  Шəкəрім 
Құдайбердіұлы,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып 
Дулатов,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  Сəкен  Сей-
фуллин,  Бейімбет  Майлин,  Жұмағали  Тілеулин, 
Қошке  Кемеңгеров  жəне  т.б.  зиялы  азаматтар 
сүбелі үлес қосты. Бұл алыптардың ұлттық мүдде 
жолындағы  бір  алаңда  тоқайласуы  болашақ 
Алашорда  үкіметінің    құрылымдық  бағытын 
айқындаудың  сара  жолы  осы  «Айқап»  журналы 
жəне «Қазақ» газеттері арқылы көрініс тапты. 
Бес  жыл  бойы  жарық  көрген  басылым 
мазмұнында  рухани  əлемімізде  тың  серпіліс 
туғызған  Алаш  ардақтыларының  тың  идеяла-
ры  жатқан  еді.  Ол  идеялар  осы  журнал  арқылы 
біршама  айқындалып,  бірталай  қаламгерлердің 
тəжірибе алаңына айналды.
Журнал  санында  орын  алған  Шығыс 
əдебиеттері мен қазақ ағартушыларының, тарихшы-
ғалымдарының  көлемді  мақалалары  да  басы-
лып  отырды.  Мысалы,  Фирдоусидің  «Шахнама-
сы»,  С.Ғаббасовтың  «Тарих  қазақ  жайынан»  атты 
ғылыми  мақалалары  журнал  оқырмандарын  тар-
та  білді.  Оқырман  үдесінен  шығу  қаншалықты 
қиын  болса,  оның  жүктелер  жауапкершілігі  одан 
да  тым  батпан.  М.Сералин  қандай  қиындық  бол-
са  да  журналдың  тоқтаусыз  жарық  көруіне  аян-
бай  тер  төкті.  Жан-жақтан  шəкірттерін  жіберіп, 
оқырман жинау, демократтармен байланысты үзбей, 
олардың ой-пікірлерін журнал бетіне басу – рухани 
өркендеуге айрықша ыждаһат танытып, ұлы мақсат 
көздеген шын жанашыр азаматтың ісі еді.
М.Сералин  патшалы  Ресейдің  отарлау 
саясатының түпкі мақсатын дөп басып тани біліп, 
оны  халыққа  дұрыс  түсіндіруде  білгірлік  таныт-
ты.  «Отырықшы  болған  қазақтар  туралы»  деген 
мақаласында  жаңа  болыстық  соттардың  қазақы 
дау-жанжалды шешуге икемсіз болып отырғанын 
мысалдармен  дəлелдеп,  «болыстық  сот  құны 
300  сомнан  артық  мал  дауын  тексере  алмайды. 
Қазақ  арасындағы  жесір  дауының  құны  көбіне 
300  сомнан  асып  кететіндіктен  дау-дамай  қалай 
шешілді» - деп орыстың заң жүйесінің қазақ ісін 
шешуге  сəйкес  келмейтін  дəрменсіздігін  ашып 
көрсетіп, ол үшін «Қазақ əрекеттері» деген кітап 
шығару қажет дегенді айтады[4,32]. 
Отаршылықты  айқын  сынаған  редактор 
М.Сералин «Соңғы он жыл ішінде үкімет қырғыз-
қазақтарды  отырықшы  қылып  өнер  үйретейін, 
өнеге алғызайын, көшіп азап шеккенше, отырықшы 
болып  12-15  десятина  жер  алып  отырсын  деген 
жоқ, жер ала алмағандардың жерін айламен кесіп 
алмақ»  [5]–  деп  отарлаудың  түп  мақсатын  ашып 
жазады.  Жəне  аңқау  елге  арамза  болғандарды 
əшкерелеп  жұртына  жол  сілтейді.  «Егінге  жайлы 
жерді  алып  қаламын  дегендер  қала  салу  керек. 
Жақсы жерге жиылып қала салсақ «сен неге салып 
жатырсың»  дейтұғын  ешкім  жоқ.  Қазақ  қалаған 
жеріне қала болып отырса, мешіт, медіресе салса, 
қаланың  маңайындағы  егіндік  жерлерді  өлшетіп 

137
планға түсірсе, өлшеген жер артылмастай көп бо-
лып  жиылып  отырса,  қалаңды  бұзып  мешітіңді 
қиратып, жеріңді ала қоймас, аламын десе, сонда 
ізден», – дейді.
Басылым  бетіндегі  жарияланған  жер 
мəселесіне  қатысты  материалдардың  біршамасы 
Мұсағалиевтің 
еншісінде. 
Білікті 
ғалым 
аймақтардағы  шаруаларға  берілген  жер  көлемін 
есептеп, артық-кемін шығарып отырған. «Жарлы 
болдық дейміз. Енді біз жарлы болмай кім жарлы 
болсын. Біз бұлай отыра берсек, мұнан да жарлы 
болармыз» [6] – деп халықтың намысын жаниды.
1912 жылғы Айқаптың алғашқы санында Се-
ралин  болашақта  оқу-ағарту  саласына  айрықша 
көңіл  бөлетінін  айтады.  Əр  өңірлердегі  оқыту 
жүйелеріне  тоқталып,  білім  беру  деңгейлерін 
анықтап  отырған.  Өлкедегі  мəдени-ағарту  ту-
ралы  мəліметтер  сол  тұстағы  мерзімді  баспасөз 
беттерінде көптеп жарияланды. «Айқап» журналы 
мəдениет  пен  ағарту  мəселесіне  байланысты  88 
санының 66-сында 163 мақала жарияланған [7,42]. 
Бұл басылымның қаншалықты ағарту мəселесіне 
мəн бергендігін аңғартса керек.
Басылым  қазақ  жастары  арасында  оқудың 
қажеттілігін насихаттаумен бірге баланы қай тілде 
оқыту  қажеттігіне  де  үнемі  назар  аударып  отыр-
ды. Ресей империясының қазақ балаларын сауат-
тандырамыз деген желеумен бірте-бірте орыстан-
дыруды көздеген құйтырқы саясатын айтып, одан 
сақтандырды. 
«Айқап»  бес  жыл  бойы  халықтың  көзі  һəм 
құлағы болды. Алайда бірінші дүниежүзілік соғыс 
салдарынан  туған  қымбатшылық,  əлеуметтік, 
қаржылық дағдарыс журналдың ұзақ өмір сүруіне 
тосқауыл болды.
Аумалы-төкпелі  кезеңде  саяси-əлеуметтік 
маңызды  мəселелерге  терең  бара  білген,  жер 
мəселесі,  жесір  дауын  əділ  шешуде  дұрыс 
бағыт-бағдар  көрсете  алған  Айқаптың  жал-
пы  отырықшылықты  қазақтың  ел  болуының 
өркениеттің  тірегі  ретінде  тани  білуін  сол 
замандағы  қазақ  баспасөзінің  шын  мəніндегі 
прогрестік табысы деп бағалауға болады.
Жер  мəселесімен  қатар  онда  дін,  мек-
теп,  медресе  ашу,  халық  сотын  өзгерту  туралы 
ұсынысқа толы мақалалар да шығып жатты. Қазақ 
зиялыларының  кей  мəселелерде  көп  жағдайда 
пікірі бір жерден шыға қоймаса да түпкі мақсат – 
«қазақ елінің көсегесін қайтсек көгертеміз» деген 
ұлы ұранның төңірегінде əрекет етті. 
Осы  орайда  қазақ  зиялыларының  «ауыз 
бірліктері күшті болып, қоғамның жоқ-жігін, кем-
кетігін бірлесе, қосыла іздесе олардың тарихтағы 
істері бұдан да қомақты зор болатын еді. Əр қилы 
əлеуметтік  мəселеде,  əсіресе  отырықшылдыққа 
көшу, съезд шақырып, бас қосу, ел ісіне араласу, 
ұлт-азаттық  күресіне  бағыт  сілтеу  жайындағы 
сүбелі  мəселелерде  əрқилы  пікірде  болмай, 
ауызбірлік танытқан шақта қазақ қауымының жал-
пы  ұжымы  бір  бағыттан  табылып  1917  жылдың 
төңкерістерін өз басына ыңғайлай пайдаланар ма 
еді» [8,71]. 
Қалай дегенмен де, қазақ халқының мүддесін 
көздеген  Алаш  арыстары  өзіндік  болмыс  бітімін 
сақтап,  ұлты  үшін  руханият,  ағарту  ісіне  төккен 
еңбегі  орасан  зор.  Ұлттық  бірлікті  нығайту, 
мəдениетті  дамыту  идеяларын  алға  тартқан 
зерделі оқығандар қазақтың ұлттық идеясын жа-
сау міндетін өз мойнына ала білді.  Олардың идея-
лары  тарихи  дамудың  сан-мыңдық  кезеңдерінде 
қазақ алдынан шыға берер күрмеулі проблемалар-
ды шешуге негізделгендей.
Тарих толқынында  толымды табыстарға қол 
жеткізген, мəңгі ұрпақтар игілігіне жарар рухани 
азығымыз – «Айқап» журналы биыл 100 ге толып 
отыр. Тура бір ғасыр. Елдігімізді асқақтатар шақ. 
Осы  орайда  Серікқали  Байменше  мақаласында 
[9]  қазақтың  тұңғыш  журналына  арнап  Троицк 
қаласындағы  (Троицк  –  қазіргі  Ресейдің  Челябі 
облысындағы  қала)  «Энергия»  баспаханасының 
ғимаратына  ескерткіш  тақта  қоюды  ұсынса,  де-
ректанушы  Қамбар  Атабаев  Ұлттық  баспасөз 
күнін  ұлттық  баспасөз  тарихынан  шыға  оты-
рып  тойлау  қажеттігін  айтады  жəне  мерзімді 
басылымдарымыздың  100  жылдық  мерейтойла-
рын  ұлттық  деңгейде  атап  өтуді  ұсынады  [10]. 
Шынында  да  бұл  ұсыныстар  тəуелсіздігіміздің 
20  жылдық  мерекесіне  орай  өткізілген  сəтті  іс 
болар  еді.  Олай  болса  Айқаптың  жүз  жылдық 
мерейтойының  «əй,  қаптың»  айтылмасындай  өз 
деңгейінде өтуіне сеніммен қарайық.  
1. «Айқап». – 1911. – №12
2. Асқаров Нұрлан. «Айқап» журналындағы саяси-əлеуметтік, əдеби-мəдени мəселелерінің көрінісі. – Алматы. – 
1999ж.
3.Сонда
4. Сонда 
5. «Айқап». – 1911. – №11
6. «Айқап». – 1911. – №4
7. Асқаров Нұрлан. «Айқап» журналындағы саяси-əлеуметтік, əдеби-мəдени мəселелерінің көрінісі. – Алматы. – 
1999ж.
8. Кəкішев Т. Қазақ əдебиеті сынының тарихы. – Алматы: Санат, – 1994. – 448б.
9. http://www.egemen.kz/300538.html
10.http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=5129&Itemid=

138
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Б тіш Омарова, 
Баспа ісі және дизайн 
кафедрасыны  а а о ытушысы
ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ  
БАСУ 
МАШИНАЛАРЫ
В статье дается краткая информация о печатных 
машинах и традиционных способов печати, при-
меняемых на полиграфических предприятиях.
In article brief information on printing machines 
and the traditional ways of the press applied at the 
polygraphic enterprises is given.
П
олиграфиялық  басу  машиналары 
жайлы қысқаша мəліметтер
Полиграфия 
саласын-
да 
қолданылатын 
басу 
жабдықтарының  түрлері  өте  көп.  Баспа-
полиграфиялық 
өнімдердің 
техникалық 
көрсеткіштеріне–қолдану  саласына,  таралымы-
на,  көлеміне,  бояулығына,  құрылымына,  қағаз 
ерекшеліктеріне,  таңдалған  басу  əдістерінің 
түрлеріне жəне тағы да басқа көптеген техникалық 
сипаттамалары мен көрсеткіштеріне қарай, олар-
ды  басып  дайындайтын  басу  жабдықтарының 
түрлері де əртүрлі келеді.
Басу  машиналары  басу  аппараттарының 
құрылымдық  ерекшеліктеріне  қарай:  тигельдік, 
жазық жəне ротациялық болып үш типке бөлінеді. 
Тигельдік    машиналардың  басу  аппараты  
жазық жатқан екі құрылымнан тұрады. Оның бірі 
–  жазық  қалып  орнатылатын  талер.  Екіншісі  – 
қағаз немесе басылатын материал салынатын ти-
гель құрылғысы. Тигельдік басу əдісі қалыбының 
өлшемі  шағындау  жəне  үлкен  қысымды  талап 
ететін.  Мұндай  тигельді  бір  бояулы  машиналар 
тек  шығыңқы  басу  əдісінде  ғана  –  мұқабалар, 
қаптама мұқабалар, бланкалар, шақыру билеттері 

139
сияқты  шағын  пішімді  өнімдерді  басу  үшін 
қолданылатын. 
Тигельдік 
машиналардың 
өнімділігі төмен – сағатына 1,5-3 мың көшірімге 
дейін ғана болатын. 
Жазық  басу  машиналары  (плоскопечатная 
машина) құрылымы  жағынан едəуір  күрделібұл 
машиналарда  жазық  орналасқан  қалып  бекітетін 
құрылғы мен қағаз беру құрылғысы болады. Басу 
үдерісі кезінде қалып пен қағаздың түйісуі арқылы 
мəтін-бейне суреттерінің көшірмесі алынады. Басу 
машинасының жылдамдығы  сағатына 2,5-3 мың 
көшірме алуға мүмкіндік берді. Мұндай басу ма-
шиналарында бекітілетін қалып көлемдері 40х60 
см-ден  84х108  см  дейін  болады.  Бұл  машиналар 
да  шығыңқы  басу  əдісінде  қолданылады.  Олар-
да көбінесе растрлы жəне көп бояулы жұмыстар 
басылатын. Ұзақ жылдар бойы полиграфия сала-
сында қолданылып келген тигельдік жəне жазық 
басу машиналарының қолданыстан шығып қалуы 
қазіргі  заманғы  полиграфиялық  техникалар  мен 
технологиялардың  үздіксіз  жаңарып,  дамуына 
байланысты.
Басу  машиналарының  ротациялық  деп  ата-
лу себебі, осы машинаның басу аппараттарының 
–  біліктерінің  бəрі  айналмалы,  əрі  дөңгеленген 
цилиндрлі  білік  түрінде  болатынынан  (Ро-
тация  –  айналымды).  Басу  аппаратындағы 
барлық 
біліктердің 
айналмалы 
қозғалуы 
басу 
машинасының 
жылдамдығын, 
яғни 
полиграфиялық өндірістің жұмыс өнімділігін арт-
тыра түседі. 
Ротациялық 
машиналардың 
басу 
аппараттарындағы айналмалы дөңгеленген білікке 
–  формалық  цилиндрге  басу  қалыбы  бекітіледі. 
Араларынан өтетін қағаздың осы басу қалыбымен 
түйісіп, 
бояуды 
қабылдауын 
қамтамасыз 
ететін  екінші  басу  цилиндрі  де  айналмалы 
дөңгеленген  білік  түрінде  болады.  Ротациялық 
басу  машиналарының  парақты  (қажетті  пішімге 
кесілген)  жəне  рулонды  қағаздармен  жұмыс 
істейтін екі түрі белгілі.        Олар:
Рулонды  қағаздардан  басатын  ротациялық 
басу машиналары. 
Бұл  машиналарда  рулоннан  айналдыры-
ла  шығып  жатқан  қағаздың  екі  жағынан  бірдей 
мəтін-бейне  материалдары  басылып  шығады. 
Осындай мүмкіншіліктері болғандықтан, мұндай 
машиналарға  бүктеу-кесу  құрылымды  агрегатта-
рын  орнатуға  болады.  Бұл  агрегаттар  басу  аппа-
ратында  басылып,  жылдамдықпен  келе  жатқан 
қағаз рулонын екіге бүктейді де, ортасынан бөліп 
(қағаз  табағының  1/2),  бүктемелеу  аппараты 
арқылы  өнім  түріне  немесе  тапсырыс  талабы-
на қарай кітап немесе газет өнімінің 4, 8, 16 не-
месе  32  беттік  дəптерлерін  бүктеп  шығарады. 
Рулондық ротациялық басу машиналарының дай-
ын өнімді немесе өнім шикізатын қабылдап ала-
тын  құрылғысында  бүктелген  өнімнің  престеліп 
шығуын  қамтамасыз  ететін  пресс  құрылғылары 
қоса орнатылады. 
Қазіргі 
рулонды 
ротациялық 
басу 
машиналарының  жылдамдықтары  барған  сайын 
өсе  түсуде.  Бұл  басу  үдерісі  кезіндегі  қағаз  бен 
бояудың  өзара  түйісу  сапасының  арта  түсуін  та-
лап етеді. 
Қазіргі  кезде  əр  түрлі  басу  əдістерімен  ба-
сатын  ротациялық  машиналар  ірі  жəне  орта-
ша  полиграфиялық  касіпорындарының  негізгі 
жабдықтары  болып  табылады.  Ротациялық  басу 
машиналары  секциялы  құрылымды  болады.  Бұл 
көп бояулы өнімдерді басу кезінде, сапаны жəне 
өнімділікті арттыруда өте қажет.
Парақты  басу  машиналарының  өнімділігі. 
Парақты басу машиналарының өнімділігі сағатына 
6-21  мың  оттискі,  ал  рулонды  ротациялық  басу 
машиналарының  жылдамдығы,  сағатына  —  20-
100 мың оттискіден асып кетеді.
Парақты басу машиналарының рулонды басу 
машиналардан  айырмашылығына,  аты  айтып 
тұрғандай, мұндағы қағаз беру құрылғысының тек 
рулондардан  таратылып  кесілген  немесе  арнайы 
даярланған  белгілі  бір  пішімдегі  қағаздармен 
жұмыс істейтіндігі жатады. 
Ондаған  жылдар  бойы  барынша  кеңінен 
қолданылып келе жатқан офсеттік басу əдісімен ба-
сатын парақты басу машиналарының секцияларға, 
пішімдерге, 
құрылымдық 
ерекшеліктеріне, 
жылдамдығына, қағаз беру ерекшеліктеріне қарай 
бөлінетін  көптеген  түрлері  бар.  Сондықтан  осы 
машиналарға  арналған  қажетті  материалдардың 
да жүздеген түрлері бар.
Басу 
машиналарының 
секциялық 
құрылымына,  пішіміне,  қағазды  екі  жағынан 
баса  алатын  мүмкіншіліктеріне  қарай  басылып 
шығатын өнімнің көлемдік көрсеткіштері əртүрлі 
болады. 
Соңғы  жылдарда  полиграфия  өндірісінің 
жұмыс өнімділігін арттырудың, басу жабдықтарын 
одан  əрі  дамытудың  басты  бағыты  —  басу 
үдерісінен  кейін  бірден  кітапшалау  жəне  түптеу 
жұмыстарының  орындалуын  қамтамасыз  ететін  
агрегаттармен біріктіру мүмкіншіліктерін қолдану 
болып отыр. 
Бұл агрегаттарда пластикалық басу қалыптары 
лента-қалып сақтағыштарға бекітіледі де, қағазда 
басу  үдерісі  орындала  береді.  Басылып  шыққан 
шикізаттар бүктемеленіп, дайын дəптерлерге ай-
налады. Дайын дəптерлер əрі қарай кітап бумасы-

140
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
на біріктіріліп, желімденіп бекітілуі үшін автомат-
гы  түрде  суырып  алынады.  Одан  əрі  бумаларды 
мұқабалармен  қаптау  жұмысы  жүргізіледі.  Егер 
жүйеге  кітап  бумаларын  өңдеуге  жəне  оларды 
мұқабаға  бекітуге  арналған  автоматтандырылған 
кітапшалау-түптеу  ағынды  желісі  біріктірілсе, 
онда  бірден,  түптелген  дайын  кітаптарды    алуға  
болады.
Басудың белгілі бір түріне арналған машина-
лар, тіпті олар бір типті болса да (мысалға парақты 
ротациялық машиналар) бір-бірінен айтарлықтай 
айырмашылықтары бо¬лады.
Мəселен,  кез  келген  офсеттік  басу 
машинасының  құрылымында,  əр  жұмыс  циклі 
басталарда  ашық  жол  элементтеріне  бояу 
жағылмас  үшін,  алдымен  қалыптың    ылғалды 
болуын  қамтамасыз  ететін    ылғалдау  аппараты 
біріктірілген.
Ылғалдау  аппараты  –  офсеттік  басу 
қалыбындағы  ашық  жол  элементтеріне,  бояудың 
жағылмауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын 
(яғни, бояудың жағылуынан сақтау үшін) офсеттік 
басу машинасының арнайы құрылғысы. Офсеттік 
басу  машинасының  ылғалдау  құрылғысы 
аппаратындағы  резервуарға    арнайы  ылғалдау 
ерітіндісі  құйылып,  жаймалау  біліктері  арқылы 
офсеттік  басу  қалыбына  жағылады.  Офсеттік 
басу  əдісінің  қалыптарындағы  ашық  жол 
элементтерінің  гидрофильдік  қабілеті  бар. 
Ол  басу  қалыбының  суды  немесе  ылғалдау 
ерітіндісін  қабылдап,  майлы  бояуды  қабылдамау 
қабілеті  (майлы  бояу  жағылмайды).  Офсеттік 
басу қалыптары осы негізде жасалған. Сондықтан 
офсеттік  басу  қалыптарында  гидрофильді  жəне 
гидрофобты  қабілеттер  бар.  Гидрофильділік  - 
жазық басу əдістерінде (офсеттік басу əдісі, лито-
графия) беріктігі жоғары ашық жол элементтерін 
қалыптастырады,  ал  гидрофобтық  қабілет 
қалыптағы  басу  элементтерінің  беріктігін  арт-
тырады.  Яғни,  гидрофобтық  қабілет  қалыптағы 
басу  элементтерінің  майлы  бояуды  қабылдап, 
суды  немесе  ылғалдау  ерітіндісін  қабылдамай, 
итеру  қабілеті.  Сондықтан  жазық  басу  əдісінің 
қалыптарындағы  басу  элементтері  майлы  бояу-
ды  қабылдап  алады  да,  ылғалды  қабылдамайды. 
Қазіргі  офсеттік  басу  қалыптары  осындай 
ерекшеліктерге ие болғандықтан ашық жол жəне 
басу элементтері бір жазықта орналасады. Жазық 
басу əдісі деп аталатыны да басу қалыптарының 
осындай ерекшеліктерінен шыққан. 
Енді  ойыңқы  басу  əдісімен  басатын  маши-
наларды алсақ, олардың да өзіндік ерекшеліктері 
бар. Мысалы, бұл машиналар, біріншіден, арнайы 
резервуардағы  сұйық  бояуға  малынып  шығатын 
басу  қалыбындағы  ашық  жол  элементтерінде 
жағылған  артық  бояуды  сыдырып  тастап,  таза-
лап  тұратын  жұқа  металл  пышақ  –  ракельмен 
жабдықталады.  Ойыңқы басу əдісімен басатын ма-
шиналар міндетті түрде кептіру құрылғыларымен 
жабдықталады.  Кейбір  машиналарда  арнайы 
ұнтақ  себелегіш  құрылғылар  да  болады.  Олар 
жаңа басылып жатқан оттискі беттеріндегі кеппе-
ген бояу қабаттарының – келесі оттискінің қарсы 
жағына жабысудан сақтайтын арнайы ұнтақ зат-
тар сеуіп тұрады
Дəстүрлі  шығыңқы  басу  əдісімен  басатын 
жазық  басу  машиналарын  мысалға  ала  отырып, 
басу  жабдықтарын  басу  үдерісіне  дайындау 
жұмыстарының қалай орындалғанын  қарастырып 
көрейік.  Басу машинасындағы өзі салғышты (са-
монаклад) дайындау –  қағазды дайындау – қағаз 
жүргізіп тұратын жүйені дайындау – бояу аппара-
тын дайындау – бояуларды дайындау – қалыпты 
орнату – басылым қалыбын дайындау – бояудың 
берілуін  ретке  келтіру  –  қысымын  реттеу  (при-
правка) – сəйкестендіру (приводка) -түзету-бекіту 
– сынама көшірме алу  –басуға бекітілетін оттискі 
алу – себелегіш құрылғыны дайындау – таралым-
ды басу.
Басу  үдерісінде  машинада  орындалатын  - 
сəйкестру (приводка) операциясының маңызы өте 
зор. Ол басылымның оң жағы мен кері жағындағы 
мəтін жəне бейне материалдарының жəне ондағы 
əртүрлі  бояуларды  сəйкестендіру  мақсатында, 
олардың  оң  жағы  мен  кері  жағының  бір-біріне 
дəл  келуін  қадағалап,  орын-орнына  дəлдікпен 
орналастыру  операциясы.  Мысалы  тек  мəтіндік 
ақпараттардан  тұратын  өнім  басылғанда  мəтін 
жолдарының  қағаздың  екі  жағында  бір-бірімен 
дəл  келуін  қамтамасыз  ету.  Тəжірибеде  бұл 
машинадағы қалыпты да, қағазды да (белгілі ша-
мада) жылжыту арқылы да жасалады.
Басу қысымын реттеу (приправка) операция-
сы негізінен дəстүрлі шығыңқы басу əдісіне тəн – 
мұнда басу қалыптары мен басу машиналарының 
ерекшеліктеріне  сəйкес  басу  қысымын  реттеу 
операциялары  орындалады.  Басу  қалыбына 
қысымның  біркелкі  берілмеуі,  басу  элементтері 
биіктіктерінің  əр  түрлілігі  салдарынан  да,  басу 
машинасындағы  басу  құрылымының  кемістігі  – 
металды өңдеу кезінде пайда болған, басыла¬тын 
беттің тегіс еместігінен, не басу цилиндрінің майы-
суы – салдарынан болуы мүмкін. Қалай болғанда да 
қалыптың басу қысымы жеткіліксіз болып тұрған 
тұсына  қосымша  қағаздар  желімденіп,  ал  басу 
қысымы артық тұстағы қағаздар ойылып кесіп та-
стау арқылы берілетін қысымды біркелкілендіреді. 
Қысымды  біркелкілендіруді  іске  асыруда  ар-

141
найы  жасалатын  серпінді  майысқақ  қабаттардан 
тұратын    декель  материалы  басты  рөл  атқарады. 
Декель шығыңқы басу машинасының құрылымы 
мен жылдамдығына байланысты күрделі құрамды 
болады.  Тигельді  жəне  жазықтық  басу  машина-
ларында,  сондай-ақ  табақтық  ротациялардың 
біразында декель əртүрлі қағаз түрлерінің бірнеше 
қабатынан  жасалатын.  Бірақ  бұл  операция  ұзақ 
жылдар бойы металды басу қалыптарымен жұмыс 
істейтін шығыңқы басу əдісінде қолданылып кел-
ген, қазір қолданылмайды. Басу қалыбына түсетін 
қысымды реттеу басу элементтері мен ашық жол 
элементтері бір жазықта орналасқан офсеттік басу 
əдісінде қолданылады. Мұнда, қысымды реттеу – 
арнайы декельдің қызметін атқаратын жəне басу 
қалыбындағы бояуды өзіне қабылдап алып, сонан 
соң барып, оны қағазға беретін арнайы майысқақ 
əрі  серпінді  резинаматалы  материал  атқарады 
(кейде резинаматалы пластина деп аталады). 
Басу 
машиналарындағы 
негізгі 
құрылғылардың  біріне    бояуды  басу  қалыбына 
жағуға  дайындайтын,  диаметрлері  əртүрлі 
резиналық  біліктер  мен  металды  цилиндрлерден 
тұратын  -  бояу  аппараты  жатады.  Əртүрлі  басу 
əдістеріндегі бояу аппараттарының құрылымдары 
əртүрлі болады.

142
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал