Л-фараби атында ы аза лтты



жүктеу 5.08 Kb.

бет1/30
Дата08.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

1
Л-ФАРАБИ атында ы  АЗА   ЛТТЫ  
УНИВЕРСИТЕТІ
ЖУРНАЛИСТИКА – 5B050400
БАСПА ІСІ – 5В0042200
Ж РТШЫЛЫ ПЕН БАЙЛАНЫС – 5В051400 
СЕРИЯСЫ
2 (30) 2011    
2011
“ҚАЗАҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ”

2
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:
Ғылыми редактор: 
Е. О. Алауханов, 
заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР 
Мəдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар 
одағының мүшесі, ҚР ЖОО үздік оқытушысы;
Ғылыми редактордың орынбасары:
С.М. Медеубек, 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 
ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері;
Қазақша мəтіндердің жауапты редакторы:
Бақыт Əсембаева,
аға оқытушы;
Орысша мəтіндердің жауапты редакторы:
Светлана Велитченко,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент; 
Ағылшынша мəтіндердің жауапты редакторы: 
Азел Жəнібек
докторант PhD;
Безенші:
Қойшыбек МҮБАРАК
аға оқытушы;
Теруші –қалыптаушы:
Перизат Тасполатова
маман
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:
А.-Х. Мархабаев – филология ғылымдарының докторы
профессор, ҚР ЖОО үздік оқытушысы;
С.Қ. Қозыбаев – тарих ғылымдарының докторы, профес-
сор, ҚР ЖОО үздік оқытушысы;
Ш.Ы. Нұрғожина – филология ғылымдарының докторы, 
профессор, ҚР ЖОО үздік оқытушысы;
К.К.Қамзин – филология ғылымдарының докторы, до-
цент, ҚР ЖОО үздік оқытушысы;
Л.С.Ахметова – тарих ғылымдарының докторы, профес-
сор, ҚР ЖОО үздік оқытушысы;
С.Х.Барлыбаева – тарих ғылымдарының докторы, про-
фессор, ҚР ЖОО үздік оқытушысы;
Г.С. Сұлтанбаева – саяси ғылымдарының докторы, до-
цент, ҚР ЖОО үздік оқытушысы;
Е.И.Дудинова – филология ғылымдарының кандидаты
доцент, ҚР ЖОО үздік оқытушысы;
А.В.Рожков – филология ғылымдарының кандидаты, до-
цент, ҚР ЖОО үздік оқытушысы;
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
Ж. Бекболатұлы – экономика ғылымдарының кандидаты, 
доцент, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері.
Ш.Р.Елеукенов  – филология ғылымдарының докторы, 
профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
Ə.С.Қалмырзаев – философия ғылымдарының докторы, 
профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;
Ə.Ы. Ыдырысов – филология ғылымдарының кандида-
ты, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;
В.И. Жумагулова – филология ғылымдарының докторы, 
профессор;
Ф. Муминов – филология ғылымдарының докторы, про-
фессор,  (Өзбекстан);
К.Т. Ирназаров – тарих ғылымдарының докторы, про-
фессор, (Өзбекстан);
В.М. Халилов – филология ғылымдарының докторы, 
профессор, (Қырғыз Республикасы);
Т. Жапаров – филология ғылымдарының докторы, про-
фессор, (Əзірбайжан);
К.В. Эрлих – филология ғылымдарының докторы, про-
фессор, ҚР еңбек сіңірген мəдениет қайраткері (Германия, 
Гамбург);
Н.О. Омашев – филология ғылымдарының докторы, про-
фессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері (Астана);
Қ.М. Аллаберген – филология ғылымдарының докторы, 
профессор, ҚР ЖОО үздік оқытушысы (Павлодар);
Қ. Ергөбек – филология ғылымдарының докторы, про-
фессор, ҚР ЖОО үздік оқытушысы (Түркістан);
С. Б. Матаев – Қазақстан Журналистер одағының 
төрағасы;
Ж.О. Кенжалин – «Қазақ газеттері» АҚ Президенті; 
саяси ғылымдарының кандидаты, 
Б.Ө. Жақып – филология ғылымдарының докторы, 
профессор, ҚР ЖОО үздік оқытушысы, «Дарын» 
Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты; 
Е.Қ. Бекхожин – ҚР Президенті ТРК-нің Президенті;
Ж. Қорғасбек – «Жас өркен» АҚ Президенті,  ҚР 
Мəдениет қайраткері;
Н. Жүсіп – «Айқын» газетінің Бас редакторы, ҚР 
Мəдениет қайраткері;
Б. Əшірбаев – «Заң» газетінің Бас редакторы, «Дарын» 
Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты; 
А.Т. Мухамбедьярова – «Юридическая газета»-ның Бас 
редакторы, саяси ғылымдарының докторы;
ЖУРНАЛ МЫНАДАЙ КІТАПХАНАЛАРҒА 
ТАРАТЫЛАДЫ:
1. ҚР Президент Аппаратының кітапханасы
2. ҚР Орталық ғылыми кітапханасы
3. Астана қаласының Академиялық кітапханасы
4. ҚР Ұлттық кітапханасы
5. Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетінің 
кітапханасы 
6. Əзірбайжанның Ұлттық кітапханасы
7. Тəжік мемлекеттік университетінің кітапханасы 
8. Өзбек Республикасының Ұлттық ғылым академиялық 
кітапханасы
9. М.Ұлықбек атындағы Өзбек Ұлттық университетінің 
кітапханасы 
10.  Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым 
академиялық кітапханасы
11.  М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу университетінің 
кітапханасы 
12.  Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Ғылыми 
кітапханасы 
13.  Новосибирск мемлекеттік университетінің ғылыми 
кітапханасы
14.  Томск мемлекеттік университетінің кітапханасы
15.  Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми əмбебап 
кітапханасы
16.  Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік ғылыми 
кітапханасы

3
Б Л САНДА:
ПРОФЕССОР ТАУМАН АМАНДОСОВТЫ  ТУ АНЫНА 90 ЖЫЛ
Кəкен Қамзин,
Деканымның жезде екенін сол кезде білсемші...  .........................................................................................9
Сағатбек Медеубекұлы,
Аузы дуалы  абыз Амандосов...   .................................................................................................................12
Бақыт Əсембаева, 
«Қалдырған  ізің  мəңгілік...»..........................................................................................................................16
АЗА  РАДИОСЫНЫ  
РЫЛ АНЫНА 90 ЖЫЛ
Қосылған Əбжанұлы,
Радио журналисти каның  шеберлік  сырлары................................................................................................20
Жидегүл  Əбдіжəділқызы,
Ұлт  үнжариясының  келешегіне керек мəселелер.......................................................................................23
Светлана Велитченко,
На волне моей юности ...................................................................................................................................26
Лариса Нода,
Мое  радио........................................................................................................................................................29
«А И АТ» ЖУРНАЛЫНЫ  ЖАРЫ  К РЕ БАСТА АНЫНА 90 ЖЫЛ
М.Б.Салқынбаев,
«Ақиқат» –  ғасыр  шежіресі ........................................................................................................................34
Жұмабек Кенжалин,
Дəстүр сабақтастығын сақтадық  ..................................................................................................................39
 
Талас Омарбеков,
«Ақиқат» қалай ақиқатты айта бастады?......................................................................................................42
Гүлнар Өзбекова,
«Ақиқат» журналының қалыптасу ерекшеліктері.......................................................................................45
Жания Əбдібек,
«Қызыл Қазақстан» – «Ақиқаттың» түпқайнары.......................................................................................49
ЭЛЕКТРОНДЫ А ПАРАТ 
РАЛДАРЫ
Клара Қабылғазина, 
Электронды БАҚ-тың қоғам дамуындағы маңызы.......................................................................................54
Ольга Ложникова,
Радиостанция  классической  музыки............................................................................................................58
Молдахан Кəріпбайұлы,
Телехабар əзірлеуде сөз бен дыбыстың үндестігі........................................................................................61

4
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Макпал Аргынбаева,
Казахстанский интернет и  развитие гуманитарного знания: к постановке проблемы...........................64
Мұрат Шаймаран,
Қытай орталық телевизиясы -  CCTV...........................................................................................................68
Ибрагимов Ниетжан,
Интернет -  журналистика – это  симбиоз  телевидения, радио и печатной газеты.................................72
Айгерим Альжанова,
Развитие  казахскоязычной  прессы...............................................................................................................74
Əтіргүл Тəшімова,
Жаңа медиа мен дəстүрлі БАҚ: өзара кірігуінің (конвергенция) мəселелері............................................77
ЗАМАНС З  ЛЕМІ 
Есберген Алауханов,
Максут Самалдыков,
Права казахстанского журналиста в вопросах возмещения морального 
ущерба нуждаются в защите ........................................................................................................................82
Сагымбай Козыбаев,
Журналистское образование Казахстана.......................................................................................................90
Шарван Нургожина,
Информация в процессе коммуникационной поддержки социальных акций...........................................95
Сауле Барлыбаева,
Телевизионные журналисты со студенческой  скамьи................................................................................98
Нарбинь Кенжегулова, 
 
NET -  мышление как новаторский  фактор в СМИ РК.............................................................................101
Асель Кундахбаева,
Электронные СМИ Астаны как фактор глобализации телевидения Казахстана.....................................104
Ж РТШЫЛЫ ПЕН БАЙЛАНЫС БА ЫТТАРЫ
Айгуль Ниязгулова,
В новую эру развития  с новым  государственным  стандартом..............................................................108
Жетпісбай Бекболатұлы,
Қазақстандағы жұртшылықпен байланыс (PR)  мамандығының бүгіні мен ертеңі ..............................111
Досан Баймолда, 
Қазақ тілді  шетел радиоларының қоғам дамуына əсері...........................................................................117
Орынтай Ошанова,
Аудиториямен байланыс орнатудың психологиялық  əдіс-тəсілдері.......................................................123
Римма Жақсылықбаева, 
Əбу Насыр Əл-Фараби шығарма ларында мораль, мінез-құлық, 
əдептілік  нормаларының  дəйектелуі..........................................................................................................126
БАСПА ІСІ Ж НЕ  БАСПАС З 
Назгүл Шыңғысова,
Өңірлік мерзімді баспасөздің тəуелсіздік жылдарындағы даму үрдістері.............................................130
Алмагүл Құрманбаева,
«Айқап» жəне Мұхаметжан Сералин.........................................................................................................135

5
Бəтіш Омарова,
Полиграфиялық  басу машиналары............................................................................................................138
Елена Дудинова,
Лариса Мухамадиева,
Стилистика зарубежной аналитики о Казахстане: бинарность редактирования....................................142
Дəрмен Смайыл,
Мемлекеттік тіл – ақпараттық қауіпсіздік кепілі........................................................................................146
Мария Майлықұтова,
Жаңа əліпби жəне «Жаршы» журналы .......................................................................................................150
Ғалия Майкотова,
Қазіргі кітап  басу ісінің проблемалары......................................................................................................153
Мизамхан Бағлан,
Баспасөздегі грамматика жəне көптік категориясы...................................................................................156
Айжан Шамсуидин,
Қазіргі таңдағы Қазақстан баспаларының технологиялық үрдісі............................................................159
ХАЛЫ АРАЛЫ  БАЙЛАНЫС
dr Łukasz Donaj,
dr Saken Nurbekov,
Kazakh National University named after al- Farabi - Department of Journalism The Leninist Concept 
of the Press. History and the Dilemmas of Modern Journalism. A Contribution to the Discussion...............164
Юлдузхон Каюмходжаева,
Расследования в стиле новостей–специфическая особенность 
современного телевидения Китая................................................................................................................168
Элмурод Курбонов,
Проблемы соотношения информационной глобализации,  массовой культуры и 
национального самосознания в печати Узбекистана.................................................................................172
Алиханов Б.Б., 
Особенности освещения парламентской деятельности в СМИ: 
современный  опыт  Узбекистана...............................................................................................................177
ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІ
Құдайберген Тұрсын,
Адамзат құндылық тарының жаршысы.......................................................................................................186
Cейдулла Садыков,
Национальная проблематика в творчестве  Олжас Сулейменова – публициста ....................................191
Нуртазина М.Б., 
Мысаева Қ.Н., 
Қазақстан Республика сындағы инновациялық білім беру технология ларының тиімділігі....................201
Вера Абишева,
Этические аспекты фотожурналистики......................................................................................................208
Назым Есхуатова,
Просветительская  публицистика Мухаммед-Салиха Бабаджанова  в ХIX веке    ......................................213

Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
ЖАС  АЛЫМДАР МІНБЕРІ
Назым Жұртбай,
Жаһандану жайлы  ой...................................................................................................................................218
Анастасия  Скрипникова,
Индивидуальный подход к журналистам в пресс-службах и PR-отделах................................................221
Еңілік Малимбай,
Особенности перевода официально-деловой документации в 
межкультурной коммуникации......................................................................................................................225
Азамат Тұралиев,
Ақпарат тасқынының  арналары.................................................................................................................228
Дилара Иса,
Бауыржан Момышұлы публицисти касының өзіндік ерекшелігі.............................................................230
Жанат Досхожина,
Проблемы и пути создания новых форм менеджерального устройства  
телеканалов Казахстана ...............................................................................................................................233
Динара Қиялова,
Жаһандану мəселелері жəне баспасөз.........................................................................................................238
Қаламқас Ерходжаева,
«АРЫС» баспасынан жарық көрген кітаптарға сын.................................................................................240
Дана Байгожина,
Ұлттық журналисти кадағы  ресми ақпараттың берілу қисындары .........................................................243
Қабатан Гүлаим,
Қазақстандағы  сандық  телевизияның  даму  болашағы  ..........................................................................247
 
 
ИБ № 5566 
 
Басуға 5.12.2011 жылы қол қойылды. Пішімі 70х110 1/16. Көлемі 18 б.т. Офсетті қағаз.  
Сандық басылыс. Тапсырыс № 1031. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді. 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасы. 
050040, Алматы қаласы, əл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспаханасында басылды
 
 

7
ПРОФЕССОР 
ТАУМАН 
АМАНДОСОВТЫҢ 
ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ

8
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 

9
О
сы, күні кеше, ақпанның он бірінде 
белгілі  ақындар  Аманхан  Əлім, 
Бауыржан  Қарабекпен  өзіміздің 
3-залда  кездесу  өтті.  Не  айта-
ры  бар,  бірсыпыра  адам  бас  қостық.  Негізінен 
бірінші, үшінші курс шəкірттері – өлең, жырдың 
нағыз  жанашырлары.  Қазір  ақындар  мəжілісіне 
алпыс  мыңдық  стадион  жинайтын,  не  болмаса 
Мəскеудегі  Политехника  мұражайының  залы-
на  халық  лық  толатын  заман  емес.  Поэзияның 
өзі  ардақтылар  алаңы,  элиталық  өнер  емес  пе. 
Талғампаздардың,  эстеттердің  шығармашылық 
клубы  десек  те  артықтық  етпейді.  Бұл  жолы  да 
«жақынның  қабағын  жақын  бағады,  ақынның 
қыбын  ақын  табады»  дегендей,  жүздесу  тізгінін 
төртінші  курс  студенті,  келешегінен  көп  үміт 
күттіретін  жас  шəйір  Бауыржан  Əлқожаның 
қолына  бердік.  Жұрт  ауанын  қалт  жібермей 
байқап  отырмыз.  Əттең,  кеш  қызықты  диалогқа, 
елең еткізер полилогқа ұласса ғой шіркін. Ұласа 
алмады. Ол жүргізушінің де, келген қонақтардың 
да кінəсі емес. Негізгі кінəрəт отбасы тəрбиесінде, 
орта  мектеп  бағдарламасында,  студенттердің 
көркем  əдебиеттен  бірте-бірте  аулақтап  бара 
жатқанында  ма  деймін.  Осы  күні  зиялылық 
Автор эссе размышляет о логике эволюциониро-
вания современной национальной школы журна-
листики, развитии образовательных и научных 
традиций профессора Т.С. Амандосова. 
The author of the essay refl ects on the logical 
evolution of a modern national school of 
journalism, the development and scientifi c 
traditions of   Professor  Amandosov T.S.                  
К кен  амзин,
                                                                                
филология  ылымдарыны  
докторы, доцент   
ДЕКАНЫМНЫҢ 
ЖЕЗДЕ ЕКЕНІН 
СОЛ КЕЗДЕ 
БІЛСЕМШІ...
(рисала)

10
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
деңгейінің  де  жер  бауырлай  бастағанын  бармақ 
тістей еске ала кетуге тура келеді. Не десек те, тап 
осы арада интеллект, ой өріс мəселесі қайта-қайта 
қылаң  береді.  Қалай  сілтесек  те,  білім  берудің 
сымдай  тартылған  сыналған  жүйесінен  біз  көз 
жазып  қалғандаймыз-ау  осы.  Байырғы  сораптан 
да бұрыс кеткен сияқтымыз  ба, қалай? Жаңасы, 
сонысы  сіңіспей  жатыр  ма,  орнықпай  жатыр  ма, 
қайдам  –  білмеймін.  Осындайда  жақында  ғана 
«Литературная  газетаның»  тілшісімен  сұхбат 
құрған  орыс  оқымыстысы  Ф.  Ф.  Кузнецовтың: 
«...В  моём  представлении  сегодняшний  жизнен-
ный героизм заключается в том, чтобы оставаться 
верными базовым принципам подлинно человече-
ского существования, по которым деньги, матери-
альные блага есть не цель и смысл, а лишь условие 
подлинно человеческого бытия. Мы можем поте-
рять фундаментальную нравственную основу, на 
которой стояли века и которая формировалась ты-
сячелетиями  народной  жизни.  Сегодня  осущест-
вляется  планомерная,  глубоко  эшелонированная 
и  последовательная  атака  с  целью  глубинно  ви-
доизменить наш нравственный менталитет. Идёт 
растление души народа – и стихийно и намеренно. 
Борьба  с  этими  растлениями,  которые  ради  лич-
ной  корысти  и  преуспевания  подменяют  идеалы 
потребительством и ради этого растаптывают лю-
дей и саму жизнь, - вот что сегодня требует геро-
изма. И это героизм особого рода. И не все к этому 
готовы», - деген пікірі ойға орала кетеді /1/. Автор 
орыс халқының  тап қазір бастан кешіп отырған 
жай-күйін сөз қылып отырғанымен, «қызым саған 
айтам,  келінім  сен  тыңдаға»  келетін  сықылды... 
Сол кездесудің  ертеңінде үйге Аманхан Əлім ба-
уырымыз  телефон  соқты.  Кешегі  мəслихат  тура-
лы біраз пікірін ортаға салды, көкейге қонарлық 
ұсыныстарын  айтып  жатыр,  айтып  жатыр... 
Құлағым  Аманхан  ақында  болғанымен,  желең 
ойым  өткен-кеткенді  шарлап,  қоштасқан  ғасыр 
шаң-тозаңының  астында  қалған  үлгі-өнегелерді 
қағып-сілкіп жатқандай.
Ол  уақытта  журналистика  өріне  негізінен 
дарындылар,  кеудесінде  сəулесі  барлар  ұмты-
латын.  Шығармашылық  үдерісінде  қайта  
ланбас  қолтаңбамды  қалдырамын,  шынайы 
қоғамдық    пікірлесу  алаңын  дүрілдетемін  де-
ген  романтикалық  үмітпен  келетін  жас  толқын. 
Болашақ  қаламгерлердің,  басқа  факультет 
шəкірттеріне  қарағанда,  жалдары  күдірейіп 
жүретін.  Өйтпей  ше?  Талайлар  журналисти-
ка  жоғары  мектебі  табалдырығын  əскери,  я, 
кем  дегенде,  екі  жылдық  еңбек  өтілімен  аттай-
тын.  Олардың  газет,  журналдарға  жарияланған 
материалдары, 
өлеңдері 
мен 
əңгімелері 
қырық  оқытушыға  жүк  болардай  десем,  еш 
қателеспеймін.  Аты  аңызға  айналған  айбынды 
деканымыз  Т.С.  Амандосовтың:  «журналистика 
факультеті  ақын-жазушы  дайындамайды,  біздің 
міндетіміз – бұқаралық ақпарат құралдарына кадр-
лар  даярлау»,  -  деп  күнде  құлақ  етін  жегенімен, 
шабыты  ернеуінен  асып  төгілген  жас  жігіттер 
əдеби басылымдарды, Жазушылар одағын бірінші 
курстан бастап жағалайтын. Оған уақыт та табы-
латын. Түске дейін оқимыз, түстен кейін қол бос.  
Киносы бар, театры бар, кітапханасы бар – бəріне 
үлгеруге  тырысамыз.  Бірінші  курстың  өзінде  екі 
рет  –  бір-бір  аптадан  аудандық  газеттерге  таны-
су практикасына бардық. Алматыдан едəуір  Есік 
қаласына  Əбілфайыз  Ыдырысов  ағамыз  жетек-
теп  апарса,  мына  тұрған  Қаскелеңнің  жөнін  ку-
раторымыз Қабижан Құсайынов тауып қойыпты. 
Осының бəріне – лайықты оқу бағдарламасынан 
өндірістік  тəжірибеге  дейін  бас-көз  болатын, 
əрине,  факультет  басшысы,  əрі  дəріскер,  əрі  ше-
бер  ұйымдастырушы,  əрі  ғалым,  əрі  тенор  Тау-
ман  Салықбайұлы  Амандосов.  Бəз-біреудердің 
иландыра айтуына қарағанда, Ғабит Мүсіреповтің 
«Қазақ  солдаты»  романындағы  əнші  Бораштың 
прототипі дəл осы Тауман Амандосов көрінеді. 
Біздің  курстағы  50  студенттің  7-8  ғана  қыз 
бала.  Сегізінші  наурызда  еш  қиналмаймыз,  ал 
23  ақпанда  біздің  қыздардың  дедек  қаққанын 
көрсеңіздер!  Аяп  кетесің.  Біз  мүсіркегенімен 
декан  мүсіркемейді.  Тауман  Салықбайұлы 
Амандосовтың  болашақ  журналистер  корпусын 
іріктеудегі,  сұрыптаудағы  басты  кредосы:  «Жур-
налистика  –  далеко  не  женская  профессия».  Бұл 
принциптен ол кісі еш уақытта айныған емес. Ол 
осы  уəжін  үлкен  мінбелерден  де  қаймықпай  ай-
тып жүрді. Кім не десе, о десін, өз басым да жур-
налистика мен педагогикадағы гендерлік саясатқа  
абайлай да тосырқай қараймын. Шығармашылық 
салаға,  жалпы,  қай  қиырға  болмасын  шиыршық 
атқан  бəсеке, тұяқтан от шығар дүбірлеген жарыс 
жарасады.  Цифр  қуалаушылық,  жасанды  өсім, 
əйелдерді сапа жағынан емес, сан жағынан көтеру 
–  кеңестік  кезеңнің  сарқыншағы.  Тəнді  жұмсап 
емес,  жанды  жұмсап  еткен  еңбек  –  нағыз  еңбек. 
Жасанды  нəзіктік,  аяқ  астынан  қылымси  қалу, 
қоғами,  ғылыми  айтыс-тартыстарда  жоқ  жер-
ден ибалық таныту, сызыла қалу  жатағандыққа, 
тақұл-тұқылға,  таяздыққа  апарып  жығатынын 
аңғарып  та,  көріп  те  жүрміз.  Бүгінгі  журнали-
стика  өндірісіне  өжеттік,  қажыр-қайраттылық, 
ер  мінезділік,  ой  өріс,  өмірлік  тəжірибе  жетпей 
жатқан сияқты көрінеді де тұрады маған. Бір-екі 
мысал.  Бұл  күндері  аты  қазақ  оқырмандарына 
жыға таныс, дарынды жазушы  Смағұл Елубаев – 

11
ол   жылдары бізден екі курс жоғары оқитын сақа 
студент.  Смағұлдың  сюжеті  Сергей  Есениннің 
атышулы  бір  өлеңімен  өзектес  «Бұралқы»  атты 
əңгімесі  «Жас  қалам»  атты  қабырға  газетіне  ба-
сыла  қалды.  Басынан  бастап  соңғы  нүктесіне 
дейін  қалдырмай  тамсана  оқып  шықтық.  Атың 
өшкір  тұрпайы  социология  əдісі  құрдымға  кетсе 
де,  жылымықтың    есті  лебі  есіп  тұрса  да  бір  ірі 
ағамыз  сол  əңгімеден  кеңестік  құрылысқа  қарсы 
зиянды идеялық ілік тауып, ойбайға аттан қосып 
жер тепкілемесі бар емес пе? Егер сол қысылтаяң 
мезетте  Таукең  босаңдық  танытып,  Смағұлды 
университет  қабырғасынан  аластаса  не  болар 
еді?  Ректорат  мəжілісінде  де,  факультет  партия 
ұйымының жиналысында да талантты студентінің 
шығармашылығына  орай  өзінің  жағымды, 
принципті пікірін көпшілікке  өткізе алды. Ондай 
жақсы ошарды біз сырттай болса да естіп жатамыз. 
Өйткені сол жақта біздің өз құлағымыз бен көзіміз 
бар.  Курсымыздың «шалы» деген құрметті дəреже 
алған Амангелді Құлмашев – партия мүшесі. Фа-
культет  партия  ұйымының  жиналысына  ұдайы 
қатысып  жүреді.  Сондағы  ұстаздарымыздың 
арасындағы  анау-мынау  кикілжіңді  «əке-көке» 
десең де бізге айтқан емес. Сыр шашпайды. Бірақ 
оқта-текте  маңдайы жіпси келе, іштегі запыранын 
аңдамай ақтарып та тастайды.
Біздің курс «А» жəне «Б» тобы деп жіктеледі. 
Бірінші  топта  –  тісқаққандар,  екінші  топта 
«бұзаулар». Сол «бұзауқаннардың» ішінде бір ер-
келеу,    дəулеттілеу  бозбала  оқыды.  Кейін  білдік, 
деканымыз Тауман Амандосовтың университетті 
бірге  бітірген  досының  баласы  екен.  Қолы  ше-
бер, көркемсурет түсіруге əуес. Есігінің алдында 
əмісе қыздар қиылып тұрады. Сол жігітті біреуге 
əлімжеттік  жасағаны,  бұзақылық  қылығы  үшін 
оқудан  қуды  да  шықты.  Қазір  ойлаймын,  дүние 
күйіп кетсе де, неге қорғап қалмадық, қол сынса 
жең  ішінде,  бас  жарылса    бөрік  ішінде  емес  пе 
еді? Мына деген бір азаматтың жүрегі жараланып, 
тауы шағылды ғой. Бəлкім, қазақ журналистикасы 
өзінің болашақ Василий Песковынан  дəл сол ме-
зет айрылып қалған шығар.
Тауман  ағамыз  көңілденген  кезде  былайғы 
жұртқа  айта  бермейтін  сырларының  да  шетін 
шығаратын.  Арғы  жағы  Мəскеу,  бергі  жағы 
Алматының  жоғары  мекемелеріндегі  сөзі  өтетін 
шəкірттерін  санамалап  бір  кететін.  Ұлы  Мұқтар 
Əуезовтің  ізін  ала  Үндістанға  барған  сапары 
туралы  да  тартымды  жайттарды  еске  ала  оты-
рып  /2/,  Мұқаңның  өзіне  ғана  жарасатын  мінез-
қылықтарын мырс-мырс күле біздің көз алдымызға 
елестететін. Филология факультеті орыс бөлімінің 
студенті  Мамыр  Рақымқызы  Омаровамен  қалай 
танысқанын,  жоқшылық  жылдары    отбасын 
қалай  құрғанын  да  жасырмай  жайып  салатын. 
Əттең, бір өкініштісі, мен Мамыр апамызбен бір 
ауданнан  екенімді  университет  бітіріп,  жұмысқа 
орналасқаннан соң, көп жылдан кейін ғана білдім. 
Ол  кезде  жерлес  іздеу,  туыс  жағалау  əдеті  бізге 
жат  еді.  Кейін  аңдасам,  сол  «жерлестігім»  үшін 
маған кей дəріскерлерім қырын қарап, деканның 
«балдызын»  аяқтан  шалып  қалуға  ақпар  жинап-
ты.  Тағы  бір  білетін  дерегім:  Тауман  ағамыздың 
қайынатасы – Рахым  ақсақалдың кеңес қызметінде 
жүрген кезінде Ілияс Жансүгіров, Ғали Орманов 
сынды қазақ əдебиетінің классиктеріне қол ұшын 
бергені. Бұл мағлұматты бертініректе ақын Сəкен 
Иманасов ағамыздан там-тұмдап естігенім бар.
Бір  есептен  Тауман  Салықбайұлының 
жезделігін білмегенім, сезбегенім де көрім болған 
шығар,  əйтпесе    марқұм  Өтежан  Нұрғалиев 
сықылды бір сабаз:
Сені оқуға түсірген – Қонаев пен Дүйсетай,
Мені оқуға түсірген – Махамбет пен Исатай, - 
деп сайрамасына кім кепіл?
Өмір  өткелдері,  ғұмырлық  сабақ  деген 
осы.  Қазір  өзім  де  журналистика  факультетінің 
оқыту шысымын.  Таукеңнің  ғылыми-педагогтік 
ғибратына, санамалап айтқанда, оның докторлық 
диссертациясындағы  жалқылық  жəне  жалпылық 
ұстанымдарға,  қылдырықтай  мойын  қыл  шыл-
бырдан  құтылған  жылдары  дүниеге  келген 
«Қазақ-совет  баспасөзінің  жанрлары»  /3/,  «Со-
вет журна листикасының теориясы мен практикасы» 
/4/ атты еңбектеріне жүгіне отырып, қазіргі қазақ 
баспасөзі  мəтіндері  өркендеуін  зерттеп  жүрмін. 
Деканы мыздың екінші ұлағатына да адалмын деп 
нық  айта  аламын.  Өйткені  бірбеткейлік,  төзім-
ділік, желбуаздар мен екіжүзділерге жалбақтамау 
жағынан да оның жолын қуудан, ұстазыма шама-
шарқым  жеткенше  ұқсаудан  ешқашан  қашып 
құтылмасымды бек жақсы білемін.
     
1. Шатохина О. «Жить по совести сегодня – уже подвиг» // Литературная газета, 16 февраля 2011.
2. Амандосов Т. Ганга жағасында // Қазақ əдебиеті, 1 сəуір 1960.
3. Амандосов Т.С. Қазақ-совет баспасөзінің жанрлары. – Алматы: Мектеп, 1968.
4. Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978.

12
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Е
сік айқара ашылып, таяқ кірді, одан 
соң  таяқ  ұстаған  қолы  кіріп  келе 
жатқанда, «бұ кім?» деген сауалдың 
салмағынан тұра алмай, бəріміз ор-
нымызда отырдық та қалдық.. Артынша-ақ иегін 
сəл көтере денесін тік ұстап, қырғи қабақ, қыран 
тұмсықты, артқа қайырған қайратты шашы ашаң 
жүзіне  айбат  қосқан  бейтаныс  профессор  бір 
аяғын сыртқа жібере сылти басып, таяғына сүйене 
адымдап ішке енді.   Бір кісідей орнымыздан тік 
тұрып қарсы алдық..
 - Сəлеметсіңдер ме?
Жалт еткен жанарымен жасқап өтті. Демімізді 
ішке алдық..Бір кісідей:
-  Сəлеметсіз  бе?-дегенімізде  үніміз  сап-
та  тұрған  солдаттардың  қолбасшыға  сəлем 
бергеніндей      бірдей  шығып,  аудиторияны  жа-
рып  жібере  жаздады.    Алдын  ала  дайындалып 
алғандай  мұндай  ауызбірлік  танытқанымызға 
таңданды ма, əлде сүйсінді ме, профессор сəл езу 
тартты.  «Отырыңдар» дегендей ым берді де өзі де 
төрдегі орындыққа бір аяғын сыртқа созып тастап, 
шалқая жайғасты. Біз де жапырлай тізе бүгіп, үн-
түнсіз отыра қалдық..
Ағай алдына қараған күйі мойнын бұрмастан 
АУЗЫ ДУАЛЫ 
АБЫЗ 
АМАНДОСОВ...


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал