Куратор: Бекбаулова Э. Е. Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері». Тәрбие сағатының мақсаты



жүктеу 41.8 Kb.

Дата12.02.2017
өлшемі41.8 Kb.

Куратор: Бекбаулова Э.Е.

 

Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері». 



Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға 

таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды 

оқиғаға ұласқанын ашып кӛрсету. Ӛз Отанына, туған жеріне деген 

сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің 

Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Түрлі қанатты сӛздер. «Желтоқсан ызғары – жүректерде із қалды», 

«Желтоқсан желі ызғарлы», слайд «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні», 

«Тәуелсіздік» монументінің, Желтоқсан құрбандарының суреттері.

 

1 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, студенттер, қадірлі қонақтар! Біз бүгін дүниені 

дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш кӛтерген әйгілі 1986 жылдың 

желтоқсанына арналған «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері» атты кездесу кешін 

ашық деп жариялаймыз. Қазақстан гимні орындалсын!

 

2 Жүргізуші: Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының 

Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға 

ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке 

кӛтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. 

Азаттықты аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан 

Республикасы ӛз мемлекеттілігін бұдан 29 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл 

мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі 

туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына 

байланысты тұрақты  түрде аталып ӛтілді. 

 

1 Жүргізуші: 16-желтоқсан күні болған оқиғаға видеоролик кӛріңіздер 

 

Желтоқсан оқиғасы «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні»



 

2 Жүргізуші: 1986 жылғы Қазақстандағы он алтыншы желтоқсан оқиғасы қайта 

кіру дәуіріндегі Демократияның ең алғашқы кӛрінісі еді. Бұрын-соңды 

Қазақстанда болып кӛрмеген Колбинді Қазақстанның бірінші басшысы етіп 

 18 минут ішінде сайлады. Оған бүкіл  қазақ жастары қарсы болды. Кешегі 

Кеңес одағы кезінде Қазақстанда бірінші хатшы болған 20 адам болса, оның 

үшеуі-ақ қазақ еді. Сондықтан қазақ жастары ұлттық құқықты кӛкседі. Олар: 

«Мейлі бірінші хатшы қазақ болмай-ақ қойсын, келіселік, бірақ ол 

Қазақстанның толғақты мәселелерін білетін, осында туып ӛскен адам болсын»,-

деп, Демиденко мен Морозовты ұсынды. Бірақ олардың ұсынысы 

қабылданбады. Нәтижеде 16-желтоқсандағы қанды оқиға болды. 8500 адам 

заңсыз ұсталды, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды. 

  1 Жүргізуші: Бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге жатқызып 

қорлады, қыздарды  бұрымынан сүйреп, ӛлімші етіп соққылады. Үскірік атқан 

суықта мұздай су шашты. Ӛзге ұлт ӛкілдерін қазақ жастарының ерелуіліне 

қарсы қойды. 

 


Көрініс: Қайраттың түрмеде отырған кезіндегі кӛріністі тамашалаңыздар

 

Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» 



ӛлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді: 

Қайрат: «-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран 

бостандық!!! 

Жалалы боп, қатты батты жаныма, 

Жазалаушы қағаз алдым қолыма. 

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, 

Жазған екен маңдайыма сорыма. 

Біріншіден, мен сағындым анамды, 

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым? 

Бостандықта еркін жүрген жан едім, 

Енді, міне, абақтыға жабылдым. 



Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос. 

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев кӛшелерінде 

жасақшыларды кӛрдің бе? 



Қайрат: Егер ол кӛшеге бармасам оларды қайдан кӛремін? 

Тергеуші: Савицкийді сен ӛлтірдің бе? 

Қайрат: Жоқ, ӛлтірген жоқпын? 

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу кӛріпті ғой. 

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл ӛтірік жала. 

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу ӛтірікті! Жала дейді 

еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді ӛлтірдім» деп мойныңа ала сал, сонда 

сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен Савицкийді ӛлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе 

тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де… 



Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Ӛлтірмеген адамды ӛлтірдім деп қалай 

мойындаймын, адам түгіл тышқанды да ӛлтіріп кӛрген емеспін. 



Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,  

«Савецкийді ӛлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, 

мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық? 

Қайрат: Жолдас тергеуші! Ауылда әзер күнін кӛріп отырған ата-анамды ақша 

деп қинағым келмейді және не үшін ақша тӛлеуім керек? Не үшін? Ешқандай 

қылмысым жоқ.  

Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!  

Қайрат: 

Тоқта! Айтар сӛзім бар. 

Күнәдан таза басм бар

Жиырма бірде жасым бар. 

Қасқалдақтай қаным бар, 

Бозторғайдай жаным бар. 

Алам десең алыңдар. 

Қайрат деген атым бар,  

Қазақ деген затым бар. 

«Еркек тоқты – құрбандық», 

Атам десең атыңдар. 

(Қайратты кісендеп алып кетеді.)

 


Азиз:  Желтоқсанның күні қандай ызғарлы, 

              Жүректерде жазылмайтын сыз қалды. 

                 От боп жанған қазағымның жастары,  

                  Жалынымен ерітіпті мұздарды. 



Жасулан:  Сол мұздарда жанды алау ӛшпейтін, 

                Еркіндікті қашанда ел  кӛксейтін. 

               Қаныменен тарихтарда жазылып, 

               Қайраттардың аты қалды сӛнбейтін.

 

Диас: Желтоқсанда, 

  Алматыда,                 

  Алма бақтар ақ қырауға батқанда 

Жайдың оты жалаң қақты шатқалда! 

Аппақ қала, Аппақ ғалам, О, тоба! 

Найзағайлар қар жалап тұр жотада, 

Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар

Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға. 

Кім кӛріпті о заман да, бұл заман, 

Найзағайды кӛк аязға құлаған. 

Кеуделерде үрей-бӛрі ұлиды, 

«Болсайшы аман, мына ғалам дін аман!»

 

Есен: Бұл алаңда бір ұрпақтың қаны бар, 

Ей болашақ! 

Сен бұл жерді танып ал, 

Үміт-жіпке қолын созған ӛркеннің 

Ерте үзілген ӛмірі бар, жаны бар. 

Айтам деген, 

Айтылмаған әні бар. 

Біліп жүргін, 

Тағзым еткен соларға, 

Кінәсізді кінәлауға бола ма!? 



Бикей:  Бәрінің де кӛңілдері пәк еді, 

Адал еді, сенгіш еді қоғамға. 

Кілең жастар, 

Кілең ӛрімталдарым, 

Қапысызда қатігезді қармадың! 

Әділеттік аспанына қол созып. 

Сол күндері алаулады арманың 

Сол күндері халық арын арладың! 



Бахтияр: Таңғажайып атың да дәл табылды, 

Табылды да талай жұртқа танылды. 

Қазақ елі кӛкке жетті кӛк туың, 

Сен-тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі. 



Абай: Ертеңіңе бұрғаныңды бетіңді, 

Ұлы ерлікке буған белің бекінді. 

Тәуелсіздік хабаршысы желтоқсан, 


Тарихыңның жаңа беті секілді. 

Нұрболат:  Тәуелсіздік! Балалардың ұраны, 

Бейуақытта, бойға таққан тұмары. 

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып, 

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

 

1 Жүргізуші:   

 

Жас арудың жанарында-желтоқсан, 



Қанды ғасыр табаныңда-желтоқсан, 

Қаралы ӛмір қайыстырған халқымның, 

Қара тұман қабағында-желтоқсан. 

Жауыздықты жақтағанды да-желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да-желтоқсан, 

Жазықсыздың кӛз жасына жуынып, 

Аббақтыға тастаған да-желтоқсан. 

Намысымның шырағы да-желтоқсан. 

Сұрқай ӛмір сынағы да-желтоқсан, 

Жігіттіктің ӛмірі де-желтоқсан, 

Жаңа күннің шуағы да-желтоқсан 

Жалын жүрек жанып тұрды мұздарда, 

Қарсы келіп қаhарлы қыс ызғарға, 

Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда, 

Намыс туын кӛтеріпті қыздар да.

 

  



2 Жүргізуші: Арада қанша жылдар ӛтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, 

егемендік алған еліміздің кӛкшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, 

Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай  қайратты жастардың қанымен

Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың 

зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! 

Желтоқсанда опат болған  боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың 

 арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға 

бас иеміз асыл аға-әпкелер! 

 

1 Жүргізуші: 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық 

режимге ашық қарсылық кӛрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 29 

жыл ӛтті. Ӛмір-ӛзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да 

жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол дүниені дүр сілкіндірген 

қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше 

сол желтоқсан оқиғаларындағы боздақтардың рухын еске алайық 

 

(1 минут үнсіздік). 



 

16 Желтоқсан Тәуелсіздік күнімен! атты видеоролик көріңіздер!

 

2 Жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат 

Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша 


ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира,  Ләззат,  Ерболға 

 “Ақтау жӛніндегі анықтама”  қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі 

жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен 

қайсар азаматтарымыз:   Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды 

ағаларымыз кӛп еңбек етті. 

 

1 Жүргізуші: Ел тәуелсіздігінің 29 жылдығы құтты болсын! Қаракерей 

Қабанбай, Қанжығалы Бӛгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан 

батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды 

ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бӛленген батырлар. Ресейдің 

езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат 

Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы 

арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. 

Міне содан бері 29 жыл! Елімізде тек бейбітшілік, ынтымақтастық болсын.

 

2 Жүргізуші: Осымен бүгінгі желтоқсан оқиғасына арналған «Тәуелсіздіктің 

қасиетті белгілері» атты кешімізді Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен 

бітіреміз.



 

Келгендеріңізге кӛп рахмет! 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал