Куатова Аружан- Үлкен және кіші қанайналым жүйесі


Үлкен қанайналым. шеңбері дегеніміз



жүктеу 0.51 Mb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата03.11.2022
өлшемі0.51 Mb.
#23237
1   2   3   4
Куатова Аружан- Үлкен және кіші қанайналым жүйесі
Үлкен қанайналым. шеңбері дегеніміз — қанның сол жақ қарыншадан шығып, 
бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға қайтып келу жолы.


Оң жақ жүрекшеден вена қаны оң жақ қарыншаға түседі де ,қанайналымның 
кіші шеңбері басталады. Оң жақ қарынша жиырылғанда,қан оң жақ жəне сол 
жақ өкпеге қанды апаратын екі өкпе артериясына бөлінетін өкпе бағанына 
шығарылады.Өкпеде өкпе артериялары диаметрі кішкентай тамырларға ,содан 
кейін өкпе көпіршіктерінің қабырғасын қалың орап жататын капиллярларға 
тарайды.Өкпе капиллярларында қан көмірқышқыл газын беріп,оттекпен 
қанығады.,вена қаны артерия қанына айналып ,ашық қызыл түске 
айналады.Осыдан кейін артерия қаны венаға жиналады да ,өкпенің төрт 
венасы арқылы сол жақ жүрекшеге құйылады.Бұл жерде қанайналымның 
кіші шеңберінің артериясында вена қаны ,венада артерия қаны ағады.
Кіші қанайналым шеңбері дегеніміз — қаннын он жақ қарынша дан шығып, 
өкпе қызылтамырлары мен қылтамырлары арқылы өтіп, сол жақ құлакшаға 
келу жолы. 
КІШІ ҚАНАЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІ 


Қан қысымы. Қан қантамырлардың бойымен ағуы кезінде қантамырларына жəне 
жүректің қуыстарына қысым түсіреді. Қан қысымы қантамырлардың əр түрлі 
бөлімдерінде біркелкі болмайды. Ең жоғары қан қысымы жүректен қанды алып 
шығатын ең ірі артерия қантамыры – қолқада болады. Жүректен алшақтаған сайын 
қантамырларда қан қысымы төмендей береді. 
Қан қысымын тоқпан жіліктің артерия қантамырларынан (қолдың қарынан) 
өлшейді. Жас, дені сау адамдарда қан қысымы үнемі тұрақты, өзгермейді. Жүректің 
сол жақ қарыншасының жиырылуы (жоғары қысым) сынап бағанасымен 120 мм 
болса, босаңсуы кезіндегі көрсеткіші (төменгі қысым) 70–80 мм. Қан қысымы 
жоғарылаған кезде болатын ауруларды гипертония(грекше «hyper» – үсті, жоғары), 
ал қан қысымы төмен ауруларды гипотония («hupo» – асты, төмен) дейді. Қанның 
қантамырлардың бойымен қозғалуы вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. 
Оның орталығы сопақша мида орналасқан.



жүктеу 0.51 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет