Куатова Аружан- Үлкен және кіші қанайналым жүйесі



жүктеу 0.51 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата03.11.2022
өлшемі0.51 Mb.
#23237
1   2   3   4
Куатова Аружан- Үлкен және кіші қанайналым жүйесі
Вена қантамырлары (латынша «vena» – 
қантамыр, сіңір) – мүшелер мен ұлпалардан 
көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, 
гормондарға жəне т. б. қаныққан қанды жүрекке 
тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас 
веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. 
Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет 
қабаты нашар жетілгендіктен қабырғасы жұқа
жұмсақ, серпінділігі аз болады
Капилляр қантамырлары (қылтамырлар) – 
латынша «capіllarіs» – шаш тəрізді қылдай) адам 
шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық 
м ү ш е л е р і м е н ұ л п а л а р ы н т о р л а й д ы . 
Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа, эпителий 
жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. 
Капиллярлармен қан өте баяу қозғалады. 
Олардың жұқа қабырғалары арқылы қан мен 
ұлпаның арасында газ алмасады. Сондықтан қан 
е р і г е н о т т е г і н і ң к ө б і н ұ л п а ғ а б е р і п , 
к ө м і р қ ы ш қ ы л г а з ы м е н қ а н ы ғ ы п , в е н а 
қанына айналады.


Адам денесінде қантамырлар үлкен жəне кіші қанайналым шеңберін түзеді.
1. Үлкен қанайналым шеңбері → жүректің сол жақ қарыншасынан басталып → 
дене жасушаларына → жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен 
қанайналым шеңбері деп аталу себебі – қан бүкіл денеге таралып, қайтадан 
жүрекке келеді. 
2. Кіші қанайналым шеңбері → жүректің оң жақ қарыншасынан басталып → 
өкпеге → жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады. 
Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі – қан тек өкпеге барып оттекпен 
байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін 
кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.


Қанайналымның үлкен шеңберлері дененің барлық мүшелері мен ұлпаларына 
қоректік заттар мен оттекті жеткізеді.Ол сол жақ жүрекшеден артерия қаны 
түсетін жүректің сол жақ қарыншасынан басталады.Жүрек бұлшық еті 
жиырылған кезде артерия қаны сол жақ қарыншадан қолқаға түседі де ,барлық 
мүшелер мен ұлпаларға ,соның ішінде жүрекке де бағытталады.Қолқадан 
артериялар мүшелерге тармақталып ,ұсақ артериялар мен капиллярлардың 
қалың торын түзеді. Капиллярлар қабырғасы арқылы дене ұлпалары мен қан 
арасында газ жəне зат алмасу жүреді. Капиллярларда ағатын артерия қаны 
қоректік заттарды,оттекті беріп,алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын 
алады.Бұл кезде артерия қаны вена қанына айналады.Көмірқышқыл газына 
қаныққан вена қаны артерия қанына қарағанда қою болады.Капиллярлар арқылы 
бұл қан ұсақ венаға ,содан кейін едəуір ірі венаға жиналады да,одан барлық қан 
екі үлкен қуыс венаға түседі.Қанды дененің жоғарғы жартысынан ,бас ,мойын қол 
жəне кеуде қуысынан жүрекке жоғарғы қуыс вена ,ал дененің қалған бөліктерінен 
төменгі қуыс вена алып келеді.Екі қуыс вена да жүректің оң жақ жүрекшесіне 
түседі,осы жерде қанайналымның үлкен шеңбері аяқталады. 

жүктеу 0.51 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет