Красота души и тела от Спорта! Жан мен тән сұлулығының басы -спорт!



жүктеу 127.33 Kb.

Дата19.03.2017
өлшемі127.33 Kb.

Красота души и тела от Спорта!

Жан мен тән сұлулығының басы -Спорт!

Жамбыл 


облыстық 

апталық спорт  

газеті

Жамбылская 



областная 

еженедельная 

спортивная 

газета


Газет 2008 жылдың 10 қаңтарынан  бастап шығады

№5-6 (283-284) 



12 ақпан, 2015 жыл

жамбыл

С

порты



Ұлттық спорт

Бүгінгі санда

БіЗдіҢ ЖЕТісТіКТЕРіМіЗ – 

ҰЛЫ ЖЕҢісКЕ

ЖЕРЛЕсТЕРіМіЗ аЛТЫн аЛдЫ

5

3

CАЯТШЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

2015 жылдың 5-9 

ақпан аралығында 

жамбыл облысы 

меркі ауданы 

Сарымолдаев 

ауылында Қазақстан 

Республикасының 

жастар арасындағы 

құсбегіліктен ХІІ 

чемпионаты және 

Қазақ иттерінің 

«тазы» тұқымы 

арасындағы жамбыл 

облысының ІІ-ші 

ашық ит жүгірту 

жарысы болып өтті.

Осы  іс-шараның  өткізілуіне  Ұлттық  спорт 

түрлерінің Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 

дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің  №18  ба-

лалар  жасөспірімдер  спорт  мектебі,  «Қансонар» 

қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық 

спорт түрлері қауымдастығы сүбелі үлес қосты. 

Чемпионатқа    Астана,  Алматы,  Қарағанды, 

Ақмола,  Атырау,  Қостанай,  Павлодар,  Қызылорда, 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 30 бүркіт, 

9 қаршыға, 97 қазақы тазы иттері бақ сынады. 

Жарыстың  салтанатты  ашылуында  Меркі 

ауданының  әкімі  Б.Көпбосынов,        Жамбыл  об-

лысы  Меркі  ауданының  маслихат  хатшысы 

И.Ахметжанов,  Мәдениет  және  Спорт  министрлігі 

Спорт комитеті ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік 

жаттықтырушысы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы 

Р.  Саттыбаев,  Жамбыл  облысы  әкімдігінің 

денешынықтыру  және  спорт  басқармасының 

өкілі  Н.Момынов,  Меркі  аудандық  «Нұр  Отан» 

партиясының филиялының төрағасының орынбаса-

ры  М.Қасым  құттықтады.  «Тазы-Төбет-Бөрібасар» 

федерациясының президенті О.Қайсанов, ҚР жастар 

арасындағы  құсбегіліктен  ХІІ  чемпионатының  бас 

төрешісі  Жамбыл  облысы  Меркі  ауданы  әкімдігінің 

дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің  №18  ба-

лалар  жасөспірімдер  спорт  мектебінің  директоры 

Д.Маратұлы  сөз  алып,  жарысқа  қатысушыларды 

құттықтап, сәттілік тіледі. 

Концерттік  бағдарламадан  кейін,  төрешілер 

жарысқа  қатысушыларды  құсты  100,200,300  метр 

қашықтықта  қолға  шақыру,  құстың  еркін  ұшуын 

бақылау, Ителгіні кептерге салу, Қаршығаны қоянга 

салу,  Бүркітті  шырғаға,  қоянга,  түлкіге  салу,  Тазы 

иттерді  шибөріге  салуын  бақылау  арқылы  кіл 

жүйрікте кім жүйрікті анықтады. Бес күнге созылған 

чемпионаттың қорытындысын шығару оңай болма-

ды. 


Қаршығадан Жамбыл облысы Меркі ауданының 

№18  спорт  мектебінің  спортшысы  Бабажан 

Берікболсын  «Қоймас»    атты  қаршығасымен 

І-орынды  иеленсе,  Жамбыл  облысы  Жам-

был  ауданынан  Бауыржан  Ғазизхан  «Садақ» 

атты  қаршығасымен  ІІ-орын,  Жамбыл  облысы 

Меркі  ауданының  №18  спорт  мектебінің  спорт-

шысы  Жалғасұлы  Серкіболсын  «Қанжар»  атты 

қаршығасымен ІІІ – орынды қанжығасына байлады. 

     Бүркіттен Жамбыл облысы Меркі ауданының 

№18  спорт  мектебінің  спортшысы  Жалғасұлы 

Серікболсын  «Қапсалған»  атты  бүркітімен  І-орын, 

Астана  қаласынан  келген  Оралбай  Дастан 

«Ақшоран»  атты  бүркітімен  ІІ-орын,  Атырау  облы-

сынан  келген  Құрманғалиев  Ақбергеннің  «Нарын» 

атты  бүркітімен  ІІІ-орынды  иеленді.  Командылық 

есеп бойынша Жамбыл облысы І орын, Астана ІІ-

орын, Атырау облысы ІІІ орынды иеленді. 



Жалғасы 2 бетте

Спорты

жамбыл

2

12 ақпан, 2015 жыл

№5-6 (283-284)

CАЯТШЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Меркі аудандық «Нұр Отан» партиясының дайындаған арнайы 

жүлдесі  ең  жас  бүркітші  номинациясы  бойынша  «Қоймас»    атты 

қаршығасымен өнер көрсеткен Бабажан Берікболсынға бұйырды.

Қазақ иттерінің «тазы» тұқымы арасындағы Жамбыл облысының 

ІІ-ші  ашық  ит  жүгірту  жарысында  97  қазақы  тазылар  бақ  сынаған 

болатын.  Төрешілер  бұл  жарыстың  үздіктерін  сынаққа  қатысушы 

тұқымдардың сәйкестігі, жылдамдық сапасы, жаугерлік және жігерлік 

сапасы, түздік аңшылық сынағы арқылы анықтады. Қазақы тазыларына 

төрелік еткен төрешілер шешімі бойынша:

І  –  орын  -  Үздік  Құмайтазы  номинациясын  Меркі  ауданынан 

Е.Султанбеков «Ұшар» атты тазымен.

ІІ – орын - Сырттан тазы номинациясын Меркі ауданынан И. Әліжанұлы 

«Киллер» атты тазымен.

ІІІ – орын - Жүйрік тазы номинациясын Құлан ауданынан Д. Амантаев 

«Басар» атты тазымен.

Ең сұлу тазы номинациясы бойынша Меркі ауданынан Е. Сұлтанбеков 

«Ұшар» атты тазымен.

Ақпанның  8  –  і  күні  жарыстың  жеңімпаздарын  арнайы  диплом, 

кубок  және  бағалы  сыйлықтармен  марапаттады.  Қазақ  халқының 

тоғыз  жолдың  торабында  тазы  жүгіртіп,  ат  шаптырып,  қыран  құстың 

қыралығын  көрсетуі  бүгінде  қуантарлық  дүние.  Олай  дейтініміз,  қазақ 

ежелден саятшылықты жанына серік еткен халық. Осы күнге дейін қыран 

бүркітті,  құмай  тазыны,  жүйрік  атты  жеті  қазынаға  балап  келсек,  енді 

осы дәстүрді жаңғырту мақсатында жеті қазынамызды «Ұлы Жібек» жо-

лында жарысқа қосып отырмыз. Бұл облысымыз үшін ғана емес, дүйім 

қазақ үшін де жақсы жаңалық. Айта кететін тағы бір жайт, осы жарысқа 

демеушілік  білдірген  азаматтардың  көптігі.  Атап  айтқанда  «Жылы 

Бұлақ»  ЖШС-нің  төрағасы  А.Әкетаев,  «Меркі  ірімшік»  зауытының  ди-

ректоры  Д.Айтөленов,  «Аудандық  селолық»  тұтынушылар  одағының 

төрағасы  Б.Рахымбаев,  «Зико  и  К»    төрағасы  З.Мырзабаев,  «Гидро 

энергетикалық» компанясының директоры Б.Мырзабаев және бірқатар 

жеке  кәсіпкерлер  мен  Меркі  аудандық  «Нұр  Отан»  партиясының  фи-

лиалы. Төл дәстүрімізді дамытуға демеушілік білдіріп жүрген осындай 

азаматтарға алғысымыз шексіз.

Ерғали ҚАРТАЙҒАН,

«Жамбыл Спорты»


3

Спорты


жамбыл

12 ақпан, 2015 жыл

№5-6 (283-284)

Қаламыздағы сәні мен салтанаты келіскен «Тараз-Арена» 

спорт сарайында талай саңлақтың бағын ашып, бабын келістірген 

республикалық, халықаралық додалар аз болған жоқ. Осындай айтулы 

жарыстардың бірі, ақпан айының 5-7 күндері аралығында әйелдер мен 

ерлер арасындағы еркін күрестен ел чемпионаты болып өтті. 

        Дүбірлі додаға 1995-1997 жылы туылған жастар қатысып, 

республикамыздың 14 облысынан және Астана мен Алматы 

қалаларынан бас-аяғы 240 спортшы бағын сынады. Жарысқа 

қатысушы спортшылар 8 салмақ дәрежесінде (57кг, 61кг, 65кг, 70кг, 

74кг, 86кг, 97кг, 125кг) өнер көрсетті. Дүйім жұртты дүбірге бөлеген 

жарыс үш күнге созылып, спортшылар чемпиондық атақ үшін күш 

сынады. Жамбылдық жерлестеріміз де ел чемпионатында еркін 

күресіп, жүлдеден құр қалмады. 

Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысының құрама 

командасы төмендегідей көрсеткіш көрсетті:

I орын – Қуандақ Ергешов (74 келі салмақта)

II орын – Ғалымжан Жақсыбет (55 келі салмақта)

II орын – Нұрдаулет Әжіқұл (66 келі салмақта)

II орын – Ерасыл Орынбасаров (120 келі салмақта)

III орын – Әділ Егенов (50 келі салмақта)

III орын – Бағдаулет Ермек (60 келі салмақта)

III орын – Еркебұлан Тілеу (74 келі салмақта)

«жамбыл Спорты» ақпарат

Суреттерді түсірген: Нұрғиса Тұрғынбек

Президент 

тағайындалып,  

міндеттер 

айқындалды

Өткен сәрсенбі күні Тараз 

қаласындағы «Тараз» футбол 

клубының базасында, жамбыл 

облысындағы спорттың басым 

түрлерін дамыту мақсатында 

жиын болып өтті. 

Аталған жиынға ҚР грек – 

рим, еркін және әйелдер күресі 

федерациясының аймақтық даму 

жөніндегі вице – президенті Бауыржан 

Оспанов, федерацияның бас хатшысы 

Анатолий Волоха, Жамбыл облысы 

әкімдігінің дене шынықтыру және 

спорт басқармасының басшысы 

Гамлет Қайнарбеков, «ҚазТрансГаз 

– аймақ» АҚ ЖӨФ директоры 

Болат Мұртазаев және БАҚ өкілдері 

қатысты. Бұл бас қосу барысында Б. 

Оспанов облысымыздағы спорттық 

жетістіктерге тоқталып, федерацияның 

бірқатар өзгерістері мен мақсат-

міндеттерін айшықтап, күрес 

федерациясының жаңа президенті 

Б. Мұртазаевты келген қонақтарға 

таныстырды. 

Б. Кеңесбекұлы өз сөзінде 

республикамыздағы жастардың 

басым көпшілігі ауылды жерлерде 

тұратынын, сондықтан спорт 

секцияларын аудандық, ауылдық 

жерлерде көптеп салу керектігін баса 

айтты. Оның ішінде мектептегі дене 

шынықтыру пәні мұғалімдерінің 

жәй ғана маман емес, қандай да 

бір спорттың маманы болуын жіті 

қадағалау, саны бар сапасы жоқ 

жарыстарды өткізбей, арнайы жоспар 

құрып, соның төңірегінде жарыстар 

ұйымдастырып және сол жарыстар 

арқылы облыстың құрамасын жасақтау 

басты міндет екенін ескертіп өтті.  

Айтылған мақсат-міндеттер алдағы 

уақытта жүзеге асып, өз жемісін береді 

деп сенеміз.

Е. Қартайған

«жамбыл Спорты» 

1-ші ақпан күні «Тараз – Арена» 

спорт кешенінде Облыстық дене 

шынықтыру және спорт басқармасының 

ұйымдастыруымен ересектер арасында 

жекпе – жектен облыс біріншілігі 

болды. Әулие ата төрінде тұңғыш 

рет өткізіліп отырған жарысқа IIД 

қызметкерлері, «гладиатор» клубының 

спортшылары және жекпе – жек 

федерациясынан барлығы 60 спортшы 

қатысты. Жарысқа  жекпе – жек 

федерациясының президенті Қуаныш 

Батырбаев төрелік етті. Айта кетейік, 

спорт басқармасының мұрындық 

болуымен өткізіліп отырған жекпе - 

жектің жеңімпаздары, наурыз-сәуір 

айларында болатын ҚР чемпионатына 

жолдама алды. Жарыстың қорытындысы 

бойынша спортшылардың көрсеткіші 

мынадай:

55 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – И. Шенгелбаев

II орын – Ш. Әділ

60 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – М. Тілегенов

II орын – Н. Берікбай

65 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – Ұ. Ешенқұлов

II орын – М. Сағынбеков

70 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – Ж. Алаберді

II орын – Е. Сарсенбаев

75 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – Н. Абдалиев

II орын – А. Ахметов

80 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – Ж. Жексемби

II орын – А. Абдіғалиев

85 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – Е. Сүлейменов

II орын – А. Каликов

90 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – А. Шонгаров

II орын – А. Турабаев

90 келіден жоғары салмақта:

I орын – А. Жантұрсынов

II орын – С. Ирсимбетов



Ерғали ҚаРТаЙҒаН

«жамбыл Спорты»

Жерлестеріміз алтын алды

еркін күрес

жамбылДаҒы жЕКПЕ – жЕК жаРыСы

Спорты

жамбыл

4

12 ақпан, 2015 жыл

№5-6 (283-284)

Әуедоп аламаны

ӘЗІРГЕ АЛДА КЕЛЕМІЗ

Жерлестеріміз 

Жеңімпаз 

атанды

Т

аяуда ғана облыс орталығындағы 

«Тараз-Арена» спорт ғимаратында 

ерлерден құралған командалар арасында 

волейболдан ХХІІІ ҚР чемпионатының 

үшінші кіші туры өз мәресіне жетті. 

Айта кетейік, аталған чемпионатта «Б» тобындағы 

командалар сынға түскен болатын. Атап айтсақ, 

солтүстіктен келген «Павлодар» құрамасы, өскемендік 

«Шығыс Свинец Строй» командасы, оңтүстік 

астаналық «Алматы» және өзіміздің жерлес «Тараз» 

құрамасы. 

Төрт аймақтың намысын қорғаушы командалардың 

сайысында жерлестеріміз жасындай жарқылдады. 

Жарыстың алғашқы күнінде ««Шығыс Свинец Строй» 

құрамасымен бақ сынасқан әулиеаталық әуедоп 

шеберлері, кездесудің оңай болмағанына қарамастан 

жеңіске жете білді. Есеп: 3:1. 

        Ал, екінші күні жамбылдық ойыншылар  ерке 

Ертістің жағасына қоныстанған Павлодар қаласының 

құрамасымен өзара кім мықтыны анықтады. Бұл 

кездесуде жерлестеріміз үшін солтүстік өңірден 

келген команданы жеңу аса қиыншылық тудырған 

жоқ. Тараздық ойыншылар қызықты ойын өрнегін 

көрсете отырып, 3:0 есебімен қарсыластарын қапыда 

қалдырды. Осылайша, біздің құрама өз жерімізде 

өткен жарыстың үшінші күнінде ойнау мүмкіндігіне 

ие болды. 

Сонымен, волейболдан ерлер арасында өткен  

чемпионаттың үшінші күнінде алматылық командамен 

әулиеаталық құрама кездесті. Айта кететін бір жайт, 

«Алматы» құрамасы ел чемпионаттарында бірнеше 

рет топ жарып үлгерген-ді. Бір сөзбен айтқанда, оңай 

шағылатын жаңғақ емес. Оның үстіне, бұл құрама 

жамбылдық командамен бұған дейін кездескен. Тіпті, 

біздің команданың айла-тәсілінде толық меңгерген. 

Десек те, әр құраманың бір осал жері болатындығы 

белгілі ғой. Тек сол мүмкіндікті қарсылас құрама 

дұрыс пайдалана білсе жеткілікті. «Алматы» 

құрамасымен кездесуде тараздық волейболшылар 

осындай сәттерде білгенінен жаңылған жоқ. Ойын 

басталысымен-ақ, жерлестеріміз жеңіске деген жігер 

танытып, кездесудің бірінші сетін өз пайдаларына 

шешті. Есеп: 25:20. Алда әлі екі сет бар. Екінші сетте 

Алматылық құрама табандылық танытып, 25:22 

есебімен алға шықса, шешуші кезең үшінші сетте екі 

         Сербияның Суботница қаласында 

өткен бокстан әйелдер арасындағы  IV 

«Nations Cup - 2015» жарыста жамбылдық 

нәзік жандылар Юлдуз Маматкулова 

алтын, Әйгерім Асқарова қола жүлдеге 

қол жеткізді.Айта кетейік, әулиеаталық 

жұртшылыққа алтын медаль сыйлаған 

Юлдуз Маматкулова облысымыздағы 

іргелі оқу орындарының бірі – 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 

университетінің студенті. Аталған 

жарыстан оралған бетте Юлдуздың 

бапкері Қазақстанның еңбек сіңірген 

жаттықтырушысы Нұрхат Жапаров БАҚ 

өкілдеріне берген сұхбатында: «Бұл 

жарыста бұрымды қыздарымыз керемет 

ойын өрнегін көрсете білді. Алайда, біз 

осы биікте қалып қоймауымыз қажет. 

Алда әлі талай дүбірлі додалар бар. Басты 

мақсат – Рио олимпиадасында жүлде алу» 

деді. Сондай-ақ, Н.Жапаров Юлдуздың 

жарысқа қатысуына жағдай жасап берген 

ТарМУ ректоры Махметқали Сарыбековке 

алғысын жеткізді.

Есен ӨТЕУлІ

«жамбыл Спорты»

құраманың ойыншылары шеберліктерін көрсетуге 

тырысты. Бұл сетте барын салған волейболшылар  

жеңісті уысынан шығарып алмау үшін қателікке 

бой алдырмауға күш жұмсады. Дегенмен, 

ойын болған соң бір команданың үздік атануы 

заңдылық. 1:3 есебімен алға шыққан «Тараз» 

құрамасының бағы жанды. Біздің құрама аталған 

чемпионатта өзгелерден оқ бойы оза шауып, 

жеңіске жетті. 

          Айта кетейік, «Тараз» құрамасының 

бапкері Виктор Бекша, команда сапында өнер 

көрсеткен команда капитаны   Евгений Быхалов, 

шабуылшылар Алексей Романко, Андрей Радюк, 

Константин Порошин және байланыстырушы  

Александр Дмитриев сондай-ақ, қорғаныстағы 

ойыншы Бердияр Данияровтан құралған 

команда 11-17 ақпан күндері өтетін жарыста 

тағы бағын сынамақ. Бұл жарыстың жалпы 

туры да өз жерімізде өтетіндігін ескерсек, біздің 

волейболшыларымыз жеңісті жолын қайталайды 

деген сенімдеміз. Ендеше, шаһарымыздың 

намысын сәтті қорғап жүрген «Тараз» волейбол 

командасына қолдау көрсетейік, ағайын!    



Есен ӨТЕУлИЕВ

5

Спорты


жамбыл

12 ақпан, 2015 жыл

№5-6 (283-284)

БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ – ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ



Бокс

аҚШ – тан 

алтынмен 

Оралды

А

ғымдағы айдың 4-6 аралығында қалалық бокс мектебінде Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бокстан турнирі болып өтті. Облысымыздағы әскери 

бөлімшелердің қатысуымен өткізілген боксшылардың жарысы әншерумен басталды. Турнирге жалпы 

9 команда қатысып, оның ішінде 14 офицер, 48 келісім шарт қызметкерлері, 4 мерзімді қызметкерлер, 

барлығы 65 спортшы өзара күш сынады. Былғары қолғап шеберлерінің турниріне Қазақстанға еңбегі 

сіңген, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Төлен Әмірхан төрелік етті.  

Қ

аңтардың  28-31 күндері аралығында 

АҚШ – тың Колорадо-Спрингс 

қаласында олимпиада және әлем 

чемпионы Дейв Шульцтың құрметіне 

арналған күрес түрлерінен ірі 

халықаралық турнир болып өтті. Бұл 

додаға әлемнің сайдың тасындай 

іріктелген балуандары қатысты. 

Аталған турнирде өнер көрсеткен 

Қазақстандық балуандар да осал емес 

екендіктерін таныта білді. Осымен 17 рет 

ұйымдастырылып отырған жарыста грек-

рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы 

4 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдені еншіледі.

66 келі салмақта финалға Демеу Жадыраев 

пен Алмат Кебіспаев шығып, Демеудің жеңісімен 

аяқталды. 75 келіге дейінгі салмақта тағы да екі 

қазақ балуаны финалда жолықты. Досжан Картиков 

пен Мақсат Ережеповтің белдесуі Досжанның 

пайдасына шешілді. Айта кетейік, Картиков аталған 

жарыста осымен екі жыл қатарынан алтын алып 

отыр. 98 келі салмақ дәрежесінде Ерулан Искаков 

американдық Сейлор Уильямспен ақтық сында 

белдесіп, 8:0 есебімен Қазақстанның қоржынына 

Әскери бөлімшелер арасындағы 

былғары қолғапшылар турнирінің 

қорытындысы бойынша командалық 

есепте 03/811 әскери бөлімі бірінші 

орынды иеленсе, 35/748 әскери бөлімі 

екінші орын, ал 91/678 әскери бөлімі 

жүлделі үшінші орынды қанжығасына 

байлады. Турнирдің үздік боксшысы 

А.Исаев деп танылды. Жарыс соңында 

генерал – майор Талғат Қойбақов 

турнирдің өтуіне атсалысқаны үшін бокс 

мектебіне алғысын білдіріп, жеңімпаз 

спортшыларға арнайы дипломдар мен 

медальдар табыс етті. Осындай арнайы 

дипломадардан турнирдің төрещілері 

де тыс қалмады. Екі күнге созылған 

тартысты турнирдің қорытындысы 

төмендегідей:

56 келі салмақ дәрежесінде:

I орын - Н. Керімбеков

II орын - Б. Баймұратов

III орын - Б. Сағымбеков

60 келі салмақ дәрежесінде:

I орын - Н. Таласбаев

II орын – Б. Сейітқұлов

III орын – Ә. Абдрашев

64 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – А. Исаев

II орын  – Д. Тайсеккереев

III орын – М. Нарымбеков

69 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – Б. Тұяқов

II орын – А. Жидебеков

III орын – Б. Ахметов

75 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – Ж. Дүйсенов

II орын – Д. Бабылдаев

III орын – Е. Қартанбаев

81 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – Е. Таманов

II орын – Н. Таласбаев

III орын – Н. Торғауытов

91 келі салмақ дәрежесінде:

I орын – Ш. Байбатшаев

II орын – Е. Құранбаев

III орын – А. Орынбаев

91 келіден жоғары, ауыр салмақта:

I орын – А. Өрісбеков

II орын – Р. Бұлқыбаев

III орын – А. Бекбаев

 

 



Е. Асхатұлы, «Жамбыл Спорты»

Суреттерді түсірген: Нұрғиса Тұрғынбек

үшінші алтынды алып берді. Ендігі кезекте 130 келі 

салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жамбылдық 

жерлесіміз, Азиада чемпионы Нұрмахан Тыналиев 

жарыстың басталған күнінен өзіне қарсылас 

шақ келтірмеді. Финалдық ойында жерлесіміз 

жергілікті балуан Давид Арендпен кездесті. Ауыр 

салмақтағы екі спортшының белдесу нәтижесі 

бойынша Нұрмахан жергілікті балуанды 8:0 

есебімен ойсырата жеңіп, қоржынымызға төртінші 

алтынды алып берді. Жерлесіміз Тыналиев 

Қазақстан құрамасының алған үш алтынына 

төртінші алтынды қосып , елге жеңіспен оралды. 

Алдағы жарыстарда да осы қалпынан таймай, жеңіс 

тұғырынан көріне берсін деп тілек білдіреміз.



Ерғали ҚаРТаЙҒаН

«жамбыл Спорты»

Спорты

жамбыл

6

12 ақпан, 2015 жыл

№5-6 (283-284)

Ұлдар арасында (классика): 

І орын – Сейтжапар Нұрдаулет (Меркі ауданы),

ІІ орын – Досмұқа Бекзат (№3 спорт мектебі),

ІІІ орын – Сұлтанбек Сағындық (Қордай ауданы).

Қыздар арасында (классика):

І орын – Сандықбаева Қаламқас (Меркі ауданы),

ІІ орын – Алдабергенова Кунсулу (№3 спорт мектебі),

ІІІ орын – Әлімқұлова Бекзат (Байзақ ауданы),

Ұлдар арасында (блиц):

І орын  – Смадил Диас (Меркі ауданы),

ІІ орын – Шайтұмақ Ахметжан (Талас ауданы),

ІІІ орын – Бөлтіріков Ақмадия (Сарысу ауданы),

ІІІ орын – Тұралы Бекзат (Жуалы ауданы).

Қыздар арасында (блиц):

І орын – Ауғанова Қаламқас (Сарысу ауданы),

ІІ орын – Қонысбайқызы Айсулу (Сарысу ауданы),

ІІІ орын – Әділдаева Әйгерім (Байзақ ауданы),

ІІІ орын – Төребай Данагүл (Жуалы ауданы).  

«жамбыл Спорты» - ақпарат 

ЖАС ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР  

САЙЫСЫ

2

015 жылдың 28 қаңтар мен 1 

ақпан аралығында Ұлы Жеңістің 

70 жылдығына орай Сарыкемер 

ауылында тоғызқұмалақтан 2003-

2004 жылы туылған жасөспірім 

ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл 

облысының чемпионаты өтті. 

Аталмыш жарысқа облысымыздың 

жеті ауданы мен Тараз қаласынан 

барлығы 60 тоғызқұмалақшы кіл 

мықтыны анықтады. Төл ойынымыз 

төрт кезеңге жіктеліп, тоғызқұмалақтың 

«классика» және «блиц» деп аталатын 

түрі бойынша ойнатылды. Үш күнге 

жалғасқан доданың нәтижесі мынадай: 


7

Спорты


жамбыл

12 ақпан, 2015 жыл

№5-6 (283-284)

 

 

 



«Тараз-Арена» 

спорт сарайының 

жүзу бассейнінде 

ұйымдастырылған 

қалалық турнирге 

250-ге жуық үміткер 

қатысты. Жарыстың 

қорытындысы бойынша 

2003 жылы туылған 

ұлдар арасында Михаил 

Силко - 1 орын, Рустам 

Бадрудинов 2 орын, 

Ерқанат Иманәлі 3 

орыннан көрінсе, 

қыздар арасында 

Ксения Шевякова - 1 

орын, Яна Лузанова - 2 

орын, Ақзар Есіркеп 

3 орынды иеленді. 

Ал 2001-2002 жылы 

туылған ұлдар арасында 

Санжар Сапарбеков - 1, 

Абдухакор Раубшанов 

- 2, Александр Шегай 

- 3, қыздар арасында 

Виктория Хританькова 

- 1, Настя Применкина 

- 2, Ирада Баймерекова 

- 3, 1999-2000 жылы 

туылған ұлдар арасында 

Роман Живайкин - 1, 

Влад Музгаев - 2, Данил 

Поддубный - 3, қыздар 

арасында Шахзода 

Мансурова - 1, Сивилия 

Райтер - 2, Светлана 

Мусикина жүлделі 3 

орыннан көрінді. Ал 

1997-1998 жылы туылған 

жас спортшылардың 

арасында қыз 

балалардың аз 

болғандығынан тек қана 

ұлдар ғана жарысқа 

түсіп, нәтижесінде 

Закир Бадрудинов - 1, 

Ринат Рачанов - 2, Влад 

Холошин - 3 орынды 

иеленді. Жарыс соңында 

ұйымдастырушылар 

тарапынан барлық 

жеңімпаздарға арнайы 

дипломдар мен 

медальдар табыс етілді.



«жамбыл СПОРТы»  

аҚПаРаТ

ЖАС ЖҮЗГІШТЕР БІРЛІК  ЖҮЛДЕСІН 

САРАПҚА САЛДЫ

АШыҚ САБАҚ ЖОСПАРы

Мықтыбек Сауғабаев, Жуалы ауданы, Қайрат ауылы, №2 Мыңбұлақ орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің ұстазы

Сабақ тақырыбы: Ойын сабағы «Пионербол» ойынының ұтымды әдістері

Сабақ мақсаты: 

1.  «Пионербол» ойыны арқылы оқушылардың волейбол ойынына қызығу қабілетін арттыру ойынның әдістерін үйрету шеберлігін шыңдау

2.  Оқушылардың доппен қозғалысы кезіндегі ақыл-ойын жетілдіру.

3.  Топтық, жолдастық, сыйластық сезімдерге тәрбиелеу

Сабақ типі: Жаңа білімді қалыптасту сабағы

Әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан-жақты түсіндіру

Сыныбы: Бастауыш 4 «А» сынып

Сабақ өтетін орын: мектептің спорт залы

Қажетті құрал-жабдықтар: ысқырық, топтар, гимнастикалық орындық, қабырға.

Кезең


Сабақ мазмұны

Уақыт


Әдістеме ескерту

Дайындық кезең 

12 минут

Сыныпты сапқа тұрғызу

Сәлемдесу, сынып санын түгелдеу

Сабақ мақсатын, қауіпсіздік ережесін айту, көрсету

Сапта тұрып оңға, солға, кері бұрыл, орында адымдау жаттығуларын орындау

2

2



2

Себепсіз оқушыларды анықтау.

Спорт киім үлгісіне көңіл бөлу.

Сабақ қауіпсіздік ережелерін оқушыларға жеке айтқызу.

Бұрылыстарды дұрыс орындауын ескерту, көрсету.

Негізгі кезең

30- минут

Қорытынды 

кезең

3-минут


Сапта тұрып жүру, жүгіру, секіру, жаттығулар орындау

Қол белде өкшемен жүру.



Қол жоғары аяқтың ұшымен жүру.

Қол белде жартылай отырып жүру.



Тіркем адыммен

Оң және сол бүйірмен жүгіру. 



Артпен жүгіру. 

Бір қалыпты жылдамдықпен жүгіру.



Бұрыштан бұрышқа жылдамдықпен жүгіру.

Екі қолды жоғары көтеріп қорғаныс әдісімен керілген волейбол торына 



секіру.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Қол түзу 1-2 алға 3-4 артқа айландыру



Қол алда саусақты жұмып ашу 1-2-3-4

Қол бүгілген иықта 1-2 алға 3-4 артқа айландыру



Жалпы дайындық жаттығуларын орындау.

Сыныпты екі топқа бөлу.

I топ Гимнастикалық орында секіруге жаттығу.

IІ топ Гимнастикалық қабырғада өрмелеуге жаттығу.

Сынып саптан екі қатарға шығу, арақашықтығы 3-4 метр.

Допты екі қолымен төменнен алуға жаттығу

Допты екі қолымен жоғарыдан алуға жаттығу

Сынып екі қатардан бір қатарға шығу. «Пионербол» ойын ережесінен түсінік айту

Ұлдар – қыздар топтары «Пионербол» ойынын ойнау.

Сыныпт сапқа тұрғызу

Сабақты қорытындылау

Топ басшылар сабақты ойынды бағалау

Қоштасу 

2

2



2

3

3



3

1

20



3

Жаттығулардың дұрыс орындалуын ескерту, көрсету. Өкшемен, 

аяқтың ұшымен жүру

Жүгіргенде ауызды жұмып, мұрынмен демалу.

Секіргенде қолды торға тигізуге болмайтынын ескерту. 

Секіру түрлерін көрсету

Жаттығуларды орындағанда қол бүгілмейді. Жаттығуды 5-6 рет 

қайталау


Жаттығуларды уақытпен бір мезгілде бастау

Топтар орын ауыстырып жаттығулар жалғасады.

Допты төменнен жоғарыдан алу кезінде аяқ-қол қозғалыстарын 

ескерту, көрсету

Оқушыларды төрешілікке үйрету, тарту

10 минуттан екі кезең ойнау, әр кезең есебі 25-дейін.

Оқушылардың еңбегін бағалап атап айту

Мұғалімдермен қоштасу.

Шуылдамай спорт залдан шыгу.

 

«жамбыл Спорты» газетінің редакциясы тұрақты оқырмандарымыздың әдістемелік құралдарын, соның ішінде ашық сабақ жоспарларын 



жариялап тұратынын жеткізеді. алғаш болып бізге өзінің «ашық сабағын» алып келген отыз жылдан астам еңбек өтілі бар мықтыбек Сауғабаев 

мырза басқа әріптестеріне үлгі болса екен дейміз.

А

қпан айының 6 күні «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Халқы 

Ассемблеясына 20 жыл толуына орай суға жүзуден қалалық ашық турнир 

болып өтті. Турнирдің басты мақсаты Қазақстан Халқы Ассемблеясының 20 

жылдығын спорттық іс-шаралармен атап өтіп, мемлекетқұраушы ұлт пен өзге ұлт 

диаспораларының арасындағы ынтымағын нығайту болып табылады.

Жамбыл

8

ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: 

«жуАЛЫ-АСЫЛ 

мҰРАТ» жШС-і

Бас редактор

марат АХмЕТОВ

Ұ.т: 8 775 629 08 33



Газеттің мекен-жайы: 

Тараз қаласы, 

Сүлеймен көшесі, 5

тел/факс 

8 (7262) 45-13-27. 

Біздің электрондық 

адрес: make_sport@

mail.ru

Газетті есепке алу туралы 

нөмірі 14497-Г 

куәлік 2014 жылы 

6 тамызда Қазақстан 

Республикасының 

байланыс және ақпарат 

агенттігімен берілген.  

Газет редакцияның 

компьютерлік 

орталығында теріліп, 

беттелген. 

Газет 

«Салық тәртібі» ЖШС 



баспаханасында басылды

Тараз қаласы, 

Төлеби көшесі, 36

Таралымы 2000

Тапсырыс 1

Автордың пікірі 

редакцияның түпкілікті 

көзқарасы болып 

табылмайды. 

Қолжазбалар әдеби 

тұрғыда өңделеді және 

авторға қайтарылмайды. 

Ақпарат ақиқаттығына 

мақала авторы, 

ал жарнама мен хабар-

ландыру үшін тапсырыс 

иелері жауап береді. 

«Жамбыл Спорты» 

газетінің материалдарын 

басу үшін редакцияның 

келісімі керек. 

Спорты


12 ақпан 2015 жыл

№5-6 (283-284)

 АҚЫНДЫ АРДАҚТАҒАН ТУРНИР

Байзақ ауданы, Шахан ауылында дүниеге 

келген айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевтің 

Ауған соғысына қатысып, ақындығымен қоса 

ержүректігімен де танымал екендігін білмейтін 

жұрт кемде – кем. Домбырасын қару еткен ақын 

аудандық, республикалық айтыстың бірнеше 

дүркін жеңімпазы. Бүгінде айтыскер ақынның 

көзі тірі болғанда, 53-ке келеді екен. Ол қысқа 

ғұмырында айтыс тарихына өзіндік қолтаңбасы 

мен өршіл рухын қалдырды. Қазіргі таңда ағалары 

мен өнер жолындағы әріптестері ақын жайында 

көптеген жақсы естеліктер айтады. Соңғы жылдары 

Әзімбектің рухына арналған жыр мүшәйралары өтіп, 

республикалық аламан айтыстарда Ә.Жанқұлиев 

атындағы жүлде тағайындалып жүр. Осындай іс- 

шаралардың бірі жақында ақын ағамыздың құрметіне 

Жамбыл облысында кикбоксингтен III республикалық 

турнир өтті. Шараның ашылу салтанатына ақынның 

туған ағасы Алтынбек Жанқұлиев, ауған соғысы 

ардагерлері, 1997-2000 жыл аралығында дүниеге 

келген жас кикбоксшылар мен олардың жанкүйерлері 

қатысты. Жарыстың басында Ә. Жанқұлиевке 

арнау өлеңдер оқылып, ақынның туған жиені, 

№10 мектептің 4-сынып оқушысы Жалғас Советов 

Әзімбектің өлеңдерін мүдірмей, жатқа оқып шықты.

Турнирге 9 облыстан 150-ге жуық жастар 

қатысуда. Жарыстың өтуіне Жамбыл облысы 

білім басқармасының ғылыми-тәжірибелік дене 

шынықтыру орталығы мен спорт мектебінің 

басшылары тікелей демеушілік жасады. Үш күнге 

созылған республикалық додада Қазақстанның 

түкпір түкпірінен жиылған сайдың тасындай жас 

спортшылар сайысқа түсті. Турнирге кикбоксингтен 

республикалық дәрежедегі төрешілер қазылық етіп

жеңімпаз жастарды анықтады. Жүлделі орын алған 

спортшыларға Әзімбек Жанқұлиев жайлы жазылған 

«Өнердің аққан жұлдызы» атты естелік кітап және 

арнайы медаль, диплом, кубоктар табыс етілді. Жарыс 

жеңімпаздары:

 39 келі салмақта Алишер Каримов (ОҚО), 42 кг 

Данияр Омар (Қызылорда), 45 кг Бақдәулет Бақытбек 

(Тараз), 48 кг Қанат Серікбаев (Тараз), 51 кг Елжан 

Сәбитұлы (Қызылорда), Жорық Сәлімгерейов (ОҚО), 

54 кг Илья Заможный (Ақтөбе), Ғабит Елеусіз 

(ОҚО), 57 кг Дархан Орақбай (Қызылорда), Айдос 

Тазабай (Тараз), 60 кг Әділет Бектібай (Қызылорда), 

Асыл Еспергенов (Тараз), +60 кг Ернар Өтеген 

(Қызылорда), Рамазан Телтай (ОҚО), 71кг Медет 

Уралбаев (Тараз), +71 кг Бауыржан Абдуллаев (Тараз)



«жамбыл СПОРТы» аҚПаРаТ




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал