КӨсемсөз шеберлері қолданысындағЫ Қайталамалардың прагматикалық МӘНІ



жүктеу 55.37 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі55.37 Kb.

КӨСЕМСӨЗ ШЕБЕРЛЕРІ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ҚАЙТАЛАМАЛАРДЫҢ  

ПРАГМАТИКАЛЫҚ МӘНІ 

Даулеткереева Н.Ж. 

(Орал) 

 

Бүгінгі  таңда  жаңа  теориялық-танымдық  әдістемеге  сәйкес  тілді  ой-санамен,  мәдениетпен 

және  адамның  тұрмыс-тәжірибелік  қызметімен  тығыз  байланыста  қарастыру  қажеттігі  туындап 

отыр.  Осы  қажеттілік  тіл  білімінде  жаңа  ғылыми  бағыттың  және  соның  негізінде  қалыптасқан 

антропоцентристік  парадигманың  дамуына  себеп  болды.  Басқаша  айтқанда,  бұл  тілді  зерттеудің 

мүддесін объектіден субъектіге аудару, яғни адамды тіл арқылы және керісінше тілді адам арқылы 

анықтау  болып  табылады  [1,  3б.].  Мұндай  мақсатты  тілдік  қолданыс  қазақ  баспасӛзі  тілінің  де 

жаңаша  бағытта  дамуына  әсер  етпей  қоймады.  Оған  газет  мәтініндегі  адресант  факторының 

бұрынғыға  қарағанда    әлдеқайда  айқын  кӛрініс  таба  бастауы  дәлел  бола  алады.  Қазір  көсемсөз 

шеберлері  толықтай  шығармашылық  еркіндікке  қол  жеткізген,  тіпті  тіл  құралдарын  ӛз 

мақсаттарына  сай  келісті  қолданып,  оларды  тың  амал-тәсіл  ретінде  танытуда.  Осындай  тың 

қолданысқа  ие  болған  тіл  құралдарының  бірі  қайталамалар.  Баспасӛз  тіліндегі  қайталамалар 

кӛркем  шығарма  тілінде  қолданылатын  қайталамалардан  прагматикалық  қызметі  жӛнінен 

ерекшеленеді. Мәселен, кӛпшілікке кӛсемсӛз шеберлері ретінде танылған Әбіш Кекілбаев, Мұхтар 

Шаханов,  Қадыр  Мырзалиев,  Шерхан  Мұртаза,  Ақұштап  Бақтыгереевалар  қайталамаларды 

прагматикалық мақсатта ӛте ұтымды қолданады. Газеттің жанрлық ерекше-ліктері тұрғысында да 

қайталамаларды оңай түрлендіріп, универсал категория ретінде пайдаланады. Мәселен, «Кӛк туға 

кӛлеңке  түспегей!»  атымен  алынған  А.Бақтыгерееваның  проблемалық  мақаласының  басында 

мынадай дәйексӛз берілген және ол мәтін соңында қайталанады: «Малым  - жанымның садағасы, 



жаным – арымның садағасы» дейтін елдің ұл-қызымыз. Бұл үрдіс кейінгі кездері жиі  ұшырасады. 

Адресант мәтіннің қызықты немесе маңызды тұсын арнайы бӛліп алып кӛрсетеді. Айтпақ болған 

нақты  ойына  адресатты  қайта  үңілдіруді  және  ерекше  ден  қоюды  мақсат  етеді.  Сондай-ақ, 

тӛмендегі мысалдағыдай мәтіннің тақырыпаты да мақала соңында қайталанады. 

...  Ауыл.  Бұрын  ертемен  еңбекке  ағылатын.  Таңнан  егіске  аттанатын.  Түні  бойы  далада 

трактор  үні  тынбайтын,  оны  ел  әнге  қосып  шырқайтын.  Қазір  әркім  керегінше  ұйықтайды,  ӛз 

еркімен  оянады,  ӛз  жеке  шаруасын  күйттейді.  Қоқаңдаған  бригадир  жоқ,  бастыққа  шақырған 

шабарман жоқ, рахат.  Ала дорбамен «оптушкадан» әкелген оны-мұнысын сатып, келіншегі тауып 

келген  тиыннан  ебін  тауып,  бас  жазып  жүрген  жігітсымақ  та  кӛбейген.  Ауыл  бұл  күнде  «тәйт» 

дейтін ақсақалға зәру. 

...Соңғы  кезде  Елбасының  ескерткен  білім  сапасында,  денсаулық  сақтауда  кеткен  қателік 

талай  адамның  ғұмырына  қиянат  жасап  та  үлгерді.  Таразда  сау  бүйректі  кесіп  тастаған  дәрігер 

жайлы баспасӛзде шулады. Ақтӛбеде соқыр ішекті кескен оқиға баспасӛзде айтылды. (Мағыналық 

қайталама орын алған). 

Егемен  ел  болғанымыздың  айқын  кӛрінісі  –  Астана.  Ол  қазір  әлем  кӛз  тіккен  әсем  қалаға 

айналып  үлгерді.  Алматы  зәулім  үйлерге  толды.  Атыраудың  батпағы  құрғады.  Әр  қаланың  ӛз 

«арбат» кӛшесі бар. Еңселі ескерткіштер қойылып, ӛз ата-бабаларымыз есімін кӛшелерге жаздық. 

Еркіндіктің  арқасы  емес  пе  бұл!  Ендеше,  бізге  не  жетпейді?!  Ең  бастысы,  ұлттық  тәрбие,  ар-

намыс  жайлы  әңгіме,  тәртіп  пен  талап,  ұлтжандылық  сезімі  жетіспейді.  Намысты  ұрпақ  пен 

азамат жетіспейді... 

...Арзан  күлкіге  алданып,  аз  күндік  байлыққа    мастанып,    тиындық  беделге  иіліп,  әркім 

арқадан  қаққанға  масайрап,  келген-кеткенге  жем  болмай,  ұлт  намысын,  ұрпақ  болашағын  ел 

болып  тегіс  ойлансақ.  Оқымыстымыз  бар,  ойлымыз  бар,  қалаулымыз  бар,  азаматтарымыз  ӛскен 

елміз  деп  отырмыз  ғой,  ендеше  санаулы  жастарымызды  қолдан  шығарып  алмау  жайын  тезірек 

жасауды  қамданған  жӛн.  ...Сол  майданның  сапына  қосылайық,  қадірменді  халайық.  Ардан 

аттамайық,  ардақты  ағайын.  Экономикалық  дағдарысты    еңсеретінімізге  сенімдіміз.  Ендеше, 

рухани дағдарысқа ұрынбауды да ойлайық.  «Малым  – жанымның садағасы, жаным  – арымның 



садағасы» дейтін халықтың ұл-қызы едік қой!... 

...Ұлы даланың, Қазақстанның, еркін мемлекеттің шын нағыз азаматы болсыншы деп, ӛскен 

қазақтың  әр  баласы  арлы  болайық!  Намысшыл  болайық!  Көк  туға  көлеңке  түспегей!  (А. 

Бақтыгереева. Егемен Қазақстан. 26.12.2008ж.). 

Мақала бойында тілші қайталамалардың морфологиялық, лексикалық түрлерін әр сӛйлемнің 

соңында  жиірек  қолданған.  Адресанттың  қайталамалардың  бірнеше  түрлерін  қолданып,  сӛзін 

уытты ету арқылы оқырманды ұлтын, салт-дәстүрін сүюге, бабалар рухын құрмет тұтуға шақыру 


әрекеті  анық  байқалады.  Сондай-ақ  автор  кӛсемсӛздерінде  қайталаманың  эпифора  түріне  сәйкес 

келетін  прецеденттерді,  атап  айтқанда,  мақал-мәтелдерді  жиі  қолданады.  Мұндай  қолданыс 

Мұхтар Шахановта да кездеседі. Оның  Колбин және қазақ ұлтының қасіреті атты мақаласында 

бір сӛздің алғашқы дыбысын ӛзгертіп қайталап қолдануы тың тәсіл. Бір ғана дыбыстың ӛзеруінен 

адресанттың  шенеу,  ӛкпе  айту,  жирену  эмоциясы  нақ  кӛрініс  тапқан.  Мысалы:  ...Кӛзқарас  жыл 

сайын ӛзгере бере ме демократияға? Күллі рухсыз демократияның барар жері жемократия ма? 

(М.Шаханов. Түркістан. №10. 13.03.2008ж.). 

 Әлеуметтік  бірлік  пен  ұлттық  намыс  керек  атты  Ә.Кекілбаевтың  мақаласында 

қайталаманың  дыбыстық  қайталама  түрі  әрі  бағалауыштық,  әрі  әсер  етушілік  мақсатта 

қолданылған.  

...Ресей думасының кейбір даңғой депутаттары мен даңғазашыл қаламгерлерінің бүйректен 

сирақ шығарған сәттері болмаса, екі ел арасындағы  қатынас байсалды жүйеге кӛше бастады... 

...Жалпы, ендігі жерде бос белбеу болуға болмайды. Елдігімізді сақтап қалу үшін тек үлкен 

жауапкершілік керек. Ол екі эволюциялық сәйкестікке лайық болуға міндеттейді. 

...Жоғарыда  келтірілген  кӛңілсіз  сценаришілер  де,  негізінен,  қазіргі  бар  демографиялық 

сәйкессіздікті  тілге  тиек  етеді.  Біріншіден,  санымыздың  аздығын  бетімізге  басады.  Екіншіден, 

ӛркениеттік  болмағандығымызды  меңзейді.  Болашақты  болжауда  да  ретроградтыққа  ұрынады. 

Ӛткендегі мысалдарды кӛлденең тартып, бар әңгімені қайтадан «жер жинаудың» тӛңірегіне құрып, 

барар жерімізді «Қорқыттың кӛрі» қылып кӛрсетіп, империяшылдықты қайта ояту парадигмасын 

ұсынады...  Бәрімізді  баяғы  бір  қауызға  қайта  тыққысы  келеді...  (Ә.Кекілбаев.  Астана. 

06.12.2007ж.). Сондай-ақ, жоғарыдағы мысал ішінде  бос белбеу болуға болмайды деген тіркестен 

қайталамаға  негізделген  тұрақты  тіркестердің  де  прагматикалық  әлеуетті  игере-тіндігін  кӛреміз. 

Мұндай қолданыстар кӛсемсӛз шебері деңгейінде танылған авторларда кӛптеп кездеседі және олар 

ағымды не жағымсыз мағынаны жеткізуде мәтінге ерекше реңк береді. 

Қайталамаларды  ӛнімді  қолданған  кӛсемсӛзшілердің    бірі  –  Қадыр  Мырза  Әлі  болатын. 

Оның баспа беттерінде жариялаған, кейін арнайы кітап болып шыққан aфоризмдері, мақала-лары 

қайталамалардың прагматикалық маңызын терең ұғынғандықтан қайталамалы, әсерлі, тәлімі мол 

туындыға  айналған.  Бұл  жазушының  білім  диапазонының  кеңдігін  танытады.  Осыдан  біз  оның 

жоғарыда  аталған  «кӛсемсӛз  шеберлерінен»  бір  қадам  ерекшеленетіндігін  кӛреміз.  Оның 

қайталамаға толы прозалық шығармалары (Иірім мен Жазымыш), афоризмдері, ӛлеңдері арнайы 

зерттеу нысаны болуға лайықты тақырып. Қадыр ағамыздың: Халық тұн-шықты... Әрең-әрең күн 



шықты  –  деген  мақала  тақырыпаты  ӛлең  тектес  болып  синтаксистік  параллелизм  түрінде келсе, 

мақала  бойында  қайталамалардың  басқа  да  түрлерін  кездестіруге  болады,  тіпті  метафоралардың 

ӛзі қайталанып қолданылады.  

Студент  кезімнен  келе  жатқан    дәстүрлі  бір  әдетім  бар.  Ол  –  үзбей  кітап  оқу.  Оқып  қана 



қоймай,  ұнаған  шығармаларға  пікір  жазу.  Жазып  қана  қоймай,  оларды  газет-журналдарда 

жариялап отыру.  

...Екі  ірі  Республика 

‒   Қазақстан  мен  Украинада  жасанды  аштық  ұйымдастырылды.  Бұл 

бүкіл ұлтты тентіретіп жіберді, үш миллиондай қандасымыздан айырылдық.  

...Осының  бәрі  көре  білген  адамға,  түсіне  білген,  түйіндей  білген  адамға  барып  тұрған 



трагедия еді! Барып тұрған қорлық еді!  

...Эстония да осындай халде еді. Бірақ,  аз да болса албырт, өгейлеу болса да өжет халық  

оңайлықпен кӛне қоймады.  

...Қазақстан  ұлт  Республикаларының  ішінде  ӛгей  бала  секілді  ӛмір  сүрді.  Мәскеу  оны 



тұқыртқан  үстіне  тұқырта  түсті.  Себебі,  табиғатында  демократияшыл,  бұған  дейін  ірі 

империяларды, хандықтар мен қағандықтарды кӛрген және оларды ӛзі құрып, басқара білген қазақ 

халқынан Орталық сезіктенді әрі сескенді. 

1986 жылы жер бетінде жүздеген ұлттың есті құлағын елең еткізген Желтоқсан оқиғасы әлі 

де толық зерттеліп, толық талқыланып болған жоқ. 

Бостандық алған бұрынғы кеңестік республикалар неге ауыр тауқымет шегуге мәжбүр? Неге 

бай  Қазақстан  осылай  ілгерілеуде?  Ведомстволар  шешімдері  неге  шикі  қабылданды?  Шикі 

шешімдер неге одан ӛткен шикілікпен орындалды? 

Желтоқсан  – айтып жеткізе  алмайтын қасірет.  Шын  мәніндегі  трагедия.  Сӛйте  тұра,  үлкен 

сабақ. Желтоқсан дертті дүниенің дауасын  тауып берді. 

...Тоқсаныншы жылдардың басы суреттелген тұстарда неге тәуелсіз Қазақстандағы ӛмір тар 

жол,  тайғақ  кешулі?  Соқпалы  соқпақты?  ...  Осы  тәсілмен  автор  Ресейдегі,  Еуропа  елдері  мен 

АҚШ-тағы Қазақстанға қатысты оқиғаларды қамтып, жалпы адам баласына ортақ проблемаларға 



жарық салады. Олар 

‒  мешеу, дамушы және дамыған елдердің ӛзара қарым-қатынасы, бір-біріне 

жауапкершілігі,  содан  туындайтын  міндеттер.  Кӛкейдегі  шоқтай  күйдірген  осы  ой  әр  адамды 

оятып, алға сүйремек деп білеміз. Ізгі, игі ой адамды міндетті түрде білімнің, еңбектің, тұрмыстың 

рахатына  кенелтеді.  Әлгі  дамыған  елдердің  дамыған  адамдары  мұның  сырын  әлдеқашан 

меңгерген. Ендеше, бұл біздің де қолымыздан келеді екен. 

 ...Адамға  идеямен  бірге  оны  жүзеге  асыратындай  телегей  қуат  та  беріледі.  Бұған  әркім-ақ 

қол  жеткізе  алмақ.  Біз  әуеге  бетімізді  тосып,  ата-бабамызға,  әулиелерге  күнде  сиынамыз.  Сол 

ғаламнан  шапағат  боларын  санамыздың  алыс  бір  шетімен  түсініміз  де.  Маңғыстау  халқы 

қуаңшылық жылдары тасаттық беріп, аспаннан телегей жаңбыр жаудыра алады. Қалайша? Әлигер 

қаһарлы  Желтоқсан  күндері  қаза  болған  Нұрила  Асфендиярованың  денесін  тау  баурайындағы 

қасат қар астынан туралап барып тауып алады. Қалайша? Ол осы қайғылы оқиғаның сол күндері 

қалай  болғанын  бүге-шүгесіне  дейін  елестетіп,  кӛрумен  болады.  Қалайша?  Нұрила  –  Есіл 

бойынан. Әлигер – Маңғыстаудан. Бұрын бір-бірін мүлде білмеген. Алайда екеуі бір-бірін қиялда 

кӛріп, ғашық болған.  Қалайша?  Нұрила желтоқсан  оқиғасы  қарсаңында лекция  дәптеріне  бұрын 

ӛзі кӛрмеген Әлигердің суретін салып, «Сен кімсің замандас?» деп бір ауыз хат жазған. Қалайша? 

1986  жылғы  желтоқсанның  17-сі  күні  Алматының  түкпір-түкпірінен  жастар  бір  мезгілде  Жаңа 

алаңға ағылды? Қалайша? Сол күні Республиканың, Кеңес одағының түкпір-түкпірінен мыңдаған 

жас құпия тартылыс күшімен Алматыға ағылды. Қалайша? Оларды үнсіз байланыстырып тұрған 

қандай құдірет? Осының бәрінің мәнін Мір Шайыр роман кейіпкерлері, профессор Шон Ғайсиннің 

ғылыми  тұжырымдары  мен  Әлигердің  пайымдары  арқылы  ашады  (Қадыр  Мырза  Әли.  Егемен 

Қазақстан.  №4.  05.01.2008ж.).  Мақалаға  сүйене  отырып,  Қадыр  ағамыздың  кӛңілі  толмаған 

жайттарды  шенеп  жеткізу  мақсатында  қайталамаларды  кӛптеп  пайдаланғандығын  кӛреміз 

(дамыған  елдердің  дамыған  адамдары,  шикі  шешімдер  неге  одан  ӛткен  шикілікпен  орындалды, 



тұқыртқан үстіне тұқырта түсті, дертті дүниенің дауасын  т.б). Мысалға қатысты тағы да айта 

кететін  жайт  –  Қадыр  ағамыздың  қолданысындағы  тар  жол,  тайғақ  кешулі,  cоқпалы  соқпақты 

деген  прецеденттер  газет  материалдары  кӛлемінде  ӛте  жиі  ұшырасады.  Бұдан  прецеденттердің 

келе-келе газет шаблонына айналатындығын кӛреміз. Есімдері аталған кӛсемсӛз шеберлері бүгінде 

кӛптеген меншікті және меншікті емес тілшілерге үлгі болуда. «Жас Алашта» – Жұлдыз Әбділда, 

Әмірхан  Меңдеке,  Ерік  Рақым  т.б.,  «Ана  тілінде»  –  Сағындық  Ордабеков,  Әділбек  Жапақ, 

Салтанат  Қажыкен  т.б.,  «Түркістанда»  –  Динара  Мыңжасарқызы,  Гүлбиғаш  Омарова,  Жаңабек 

Шағатай  т.б.,  «Жайық  үнінде»  –  Кәусар  Байғалиева,  Айнагүл  Сабиева,  Венера  Мұратқызы  т.б., 

«Орал ӛңірінде» – Серік Ықсанғали, Ұлдай Сариева, Қазбек Құттымұратұлы, Жадыра Шамұратова 

сындылар  мақалаларының  мазмұндылығымен  және  прагматикалық  әлеуеті  күшті  тілдік 

құралдарды  тиімді  пайдала-нуымен  ерекше  кӛзге  түсіп  жүрген  тілшілер.  Оларды  да 

қайталамаларды  прагматикалық  мақсатта  қолдануға  әбден  тӛселген  деуге  болады.  Жоғарыда 

келтірілген мысалдарға сүйене отырып, қайталамалар адресанттың шеберлігін танытатын «тілдік 

символ»  деуімізге  толық  негіз  бар.  Себебі  адресант  қайталамалардың  прагматикалық  мән  үстеу 

қабілетін  жете  игеріп,  оны  орынды  қолдануы  арқылы  ӛз  оқырманын  елітеді,  белгілі  бір 

басылымның  лидеріне  айналады,  жекелік  сипатқа  ие  болады,  жекелік  интенциясын  білдіреді, 

адресантпен ӛзара жағымды қатынас орнатады, жеткізілетін хабардың тартымдылығын, ӛткірлігін 

арттыру  мүмкіндігіне  ие  болады.  Қорыта  айтқанда,  қайталамалар  тілді  қолданушының  кәсіптік 

шебер-лігінің, даралығының айнасы. Ал даралық – кӛсемсӛз шеберінің негізгі қасиеті [2]. Демек, 

тілді қолданушы да ӛз кезегінде қайталаманың тілдік категория деңгейінде жетіліп, дами беруіне 

себепкер болады. Бұдан шығатын қорытынды – кӛсемсӛзшінің дара стилі қайталамалардың даму 

үрдісіне тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып саналады [3, 5б.].   

 

 

 



 

 

Әдебиеттер 



1.

 

Ихсангалиева  Г.К.  Функционально-прагматический  анализ  заголовков  (на  материале 

казахстанских газет и телепрограмм): дисс... канд. фил. наук. 



 Алматы, 2000.  



 С. 135. 

2.

 

Здоровега  В.  Индивидуальный  стиль  публициста  //  Искусство  публицистики  (сборник). 



 



Алма-Ата, 1968. 



 С. 272. 



3.

 

Әзімжанова Г.М. Көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті: филолог. ғыл. док. ...  дис.  



 Алматы, 2007.  





  265 б. 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал