Көру етістіктерінің грамматикалық тіркесімділігінің когнитивтік жүйедегі сипаты



жүктеу 88.34 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі88.34 Kb.

Көру етістіктерінің грамматикалық тіркесімділігінің  

когнитивтік жүйедегі сипаты 

 

А.Қ.Сейдахметова, 

қызметкер 

Қазақстан, Астана 

 

 

Тілдің  басты  қызметі  –  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты,  ақпараттың 

тасымалдануын  қамтамасыз  ету  болса,  концептік  зерттеулердің  мақсаты  –  ақпараттың 

тілде пайда болу,  сақталу, классификациялану, қозғалу, даму және  түрлену жолдары мен 

сипатын  табу,  сол  ақпараттың  ұлттық  сипаты  мен  жаратылыс  сипатын  жеткізу  қабілеті 

мен  тәсілдерін  анықтау.  Ақпараттың  бір  адамнан  екінші  адамға    вербалды  және 

бейвербалды  жолдармен  жеткізілетінін  ескерсек,  осы  екеуінің  арасындағы  байланысты 

кӛру  етістіктерінің  грамматикалық  тіркесімділігі  тұрғысынан  қарастыру  қазақ  тіліндегі 

етістіктердің  лексика-грамматикалық  қолданысындағы  қызмет  ерекшеліктерін  анықтауға 

мүмкіндік  береді.  Ӛйткені  барлық  іс-қимылдың,  соның  ішінде  ым-ишараның  да  тілде 

атауы  болғандықтан,  сол  бірліктер  қимылдың  ӛзін  атағанда  сол  қимылдың  білдіретін 

қосымша мағынасын қоса бере ме, әлде керісінше қандай да бір ишара, қимыл,  әрекеттің 

қосымша мағынасы біртіндеп тілдік бірліктің негізгі мағынасына үстеле ме деген сұрақтар 

туындайды.  Жалпы бейвербалды қатынас түрлі ғылым салаларының назарында тұрған ӛз 

алдына  ауқымды  мәселе.  Соның  ішінде  біздің  қарастыратынымыз  –  кӛру  етістіктері 

тіркесімділігінің когнитивтік жүйедегі сипаты.  

В.Масалитин «Ғаламның тілдік бейнесіндегі  «кӛз» концептісі» деген  мақаласында 

«кӛз»  концептісінің  ғаламның  тілдік  бейнесіндегі  алатын  орнын  анықтап,  сипаттайды. 

Мақалада  зерттеуші  «кӛз»  концептісін  байқау,  қарау,  көр,  көзқарас  сӛздерімен 

байланыстыра қарастырады [1, 107]. 

«Кӛру»  концептісінде  «адам»,  «социум  және  этнос»,  «дүниетаным»,  «сенім», 

«қашықтық», «уақыт», «білім», «табиғат», «түс», «ӛлшем», «эмоция», «тұрмыс», «қарым-

қатынас», сияқты ұғымдар таңбаланады. Бұл ұғымдар ӛз алдына күрделі концептер болып 

табылады.  Оларды    жалпы  тіл  білімінде  Н.Д.Арутюнова,  Л.А.Жданова,  Е.С.Кубрякова, 

Ю.С.Степанов, Д.С.Лихачев т.б. ғалымдар әртүрлі қырынан қарастырды.  

Әлемнің 


тілдік 

бейнесінен 

адам 

баласының 



қолтаңбасын 

іздейтін 

антропоцентристік бағыт үшін бүтіндей АДАМ ұғымын жеткізетін сӛздердің маңызы зор. 

Осы  тұрғыдан  келгенде,  кӛру  мағынасындағы  етістіктер  «адам»  ұғымын  таңбалайтын 

«кӛз»  соматикалық  атауының  қызметімен  байланысты  болады.    Қазақ  тіліндегі  «құлақ», 

«ауыз»  концептілерінің  де  мәдени  мазмұны  терең.  Олар  даналық,  ой,  сана,  мінез 

ұғымдарымен  ӛте  тығыз  байланысты  және  адамның  тұлғасын,  оның  болмысын 

танытудағы,  қалыптастырудағы  бұл  концептердің  мәні  зор.  Мәселен,  айту  мен  естудің 

ортақ  бірлігі  «сӛз»,  «көп  сөйлеген  білімді  емес,  дөп  сөйлеген  білімді»,  «сөздің  парқын 

білетін/білмейтін  адам»,  «сөзің  ақылды  екендігіңді  көрсетеді,  үнемдемегенің  екендігіңді 

көрсетеді»  сияқты  тілдік  бірліктер  де  адам  бейнесін  таңбалап  тұр.  Оған  тілден  тағы  да 

кӛптеген  дәлелдер  келтіруге  болады.  Бірақ    олар  тілде    «кӛз»  концептісі  тәрізді  «адам» 

деген  ұғымды  таңбалай  алмайды.  Кӛз  де  солар  сияқты  бір  сезім  мүшесі  болғанымен,  ол 

«адам», «тұлға» ұғымдарын таңбалайды. Мысалы: Көзі тұр ғой айтсын деді Сәду даусын 



қаттырақ шығарып (Б.Тілегенов). Бұл сӛйлемде көз сӛзі адамның ӛзін білдіріп тұр. Ал ол 

сабақты  әр  жазушының  өз  көзі  болу  керек  дегеннен  бастап  еді  (Ғ.Мүсірепов)  деген 

сӛйлемде    өз  көзі    тіркесіміндегі  көз  сӛзі  адамның  ӛзіндік  ерекшелігі  деген  мағынада 

қолданылған.  Қазақ  тілінде  адамның  «кӛзі»  деп  ӛзін  немесе  керісінше  «ӛзі»  деп  кӛзін 

атаудың негізділігі  ӛте терең. Ол кӛзге қатысты кӛптеген факторларға байланысты.  Атап 

айтқанда: 

1.  Адамның  денсаулық  жағдайы  туралы  ақпаратты  толығымен  оның  кӛзі  арқылы 

білуге болады. 


2. Адамның тұрақты және уақытша психикалық жағдайы туралы ақпарат түгелімен 

ккӛз арқылы анықталады. 

3.  Кӛз  –  адамның  кӛңіл-күйі,  қандай  да  бір  заттарға,  жағдайларға  деген 

кӛзқарастары жӛнінде ең кӛп ақпарат беретін мүше. 

4.  Кӛз  арқылы  адамның  мінезін,  білім  деңгейін,  ӛмірлік  ұстанымдарының  қандай 

екендігін  білуге  болады.  Бір  сӛзбен  айтқанда,  кӛз  –  адамды  толығымен  таныта  алатын 

дене мүшесі.  

Адамзат  танымында  КӚЗ=АДАМ  түсінігі  қалыптасқан.  Арнайы  айтылмағанымен, 

ол  жайлы  адам  санасында  қалыптасып  қалған  ұғымдарды  мынадай  фактілер  арқылы 

кӛрсетуге  болады.  Бір  адам  туралы  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  айтылып,  оның 

бүркеншіктілігін  сақтау  қажет  болса,  адамның  сол  жағдайдағы,  әрекет  үстіндегі  суреті, 

бірнеше  суреті,  тіпті  бейнежазбасы  беріліп  отырса  да,  егер  оның  кӛзі  қара  түсті 

тіктӛртбұрышпен  жабылып  тұрса,  адардың  жеке  басының  бүркеншіктілігі  сақталды  деп 

саналады.  Сол  сияқты  балаларға  арналған  фильмдер  мен  мультфильмдерде  әлсіздерге 

болысатын  жағымды  кейіпкерлер  де,  жағымсыз  кейіпкерлер  де  шабуылға  ӛзі  кӛретіндей 

ғана  тесік  қалдырылған  таспамен  кӛзін  таңып  барады.  Түрлі  жасырын  ӛткізілетін 

рәсімдердегі адамдар негізінен қара түсті капюшоны бар киім киеді. Ол киім адамға еркін 

кӛруге,  сӛйлеуге,  әркет  етуге  мүмкіндік  береді,  әрі  кӛзін  ӛзгелерге  кӛрсетпей  тұрады. 

Оның мұрны, аузы кӛрініп, дауысы  естіліп тұрғанына қарамастан танылмай қалуы  әбден 

ықтимал.  Қазақ  тілінде  кӛнеден  келе  жатқан  «ӛзі  жоқтың  кӛзі  жоқ»  тіркесінен  осы 

деректерді  кӛреміз.  Адам  ӛзі  сол  жерде  болып,  ӛз  кӛзімен  кӛрмегеннен  кейін  оған  біреу 

айтып бергеннен ол мәліметті ӛзі кӛргендей толық біле алмайды. «Жүз рет естігеннен бір 

рет кӛрген артық» деген мақал осыны құптайды.  

Қазақ тілінде кӛз бен адамды идентификациялайтын  бір ұғым бар, ол:  көз көрген, 



көзін  көрген.  Көзін  көрген  –  сол  адаммен  етене  таныс  болған,  жақын  араласқан,  білетін 

адам.  Көз  көрген  –  бұрыннан  білетін,  етене  таныс.  Мысалы:  Мұғалімдер  мен 



тәрбиешілерлің  ішінен  көз  көргендерінен  ешбірі  жоқ  (С.Сарғасқаев).  Бұл  сӛздер  ӛзіне 

ыстық, ӛзі үшін қымбат адамдардың ортасына, құрбы-құрдасы мен аралас-құралас болған 

адамдарына  қатысты  айтылады.  Берілген  тіркесімдерде  кӛру  етістігі  «кӛз»  сӛзімен 

тіркесіп, кӛз сӛзінің концептілік жүйедегі орнын анықтайды. Бүкіл халыққа танымал ақын, 

жазушы, ғалым, ӛнер адамы, қоғам қайраткері болса,  олардың ӛмірі туралы  сӛз  етілгенде 

«кӛзін  кӛрген»  адамдарға  ерекше  мән  беріліп,  олардың  естеліктері  тыңдалады.  Ал  жеке 

адамға  қатысты  болғанда,  әдетте  ӛмірден  озған  үлкендерге  қатысты  айтылады.  Адамға 

кӛзі  тірісінде  жақын  болған  адамдарды  сол  адамдардың  бала-шағасы  кӛзін  кӛрген  деп 

құрметтеп,  жүздесіп  отыруының  келесідей  мәні  бар:  1.  Жақын  адамдардың  бір-біріне 

қарауы  ӛте  кӛп  болатындықтан  ол  адамдар  арсында  кӛзқарастардың  ӛзге  адамдармен 

қарым-қатынас  жасауында  қайталанбайтын  ӛзіндік  үлгілері  қалыптасады.  2.  Бір-бірінің 

кӛзін  кӛріп  араласқан  адамдар  арасында  сӛзбен  айтылмаған  кӛп  ақпарат  ӛтіп  жатады. 

Сондықтан  ол  адамдар  бір-бірін  жақсы  танып,  кӛп  нәрсені  айтпай-ақ,  түсіндірмей-ақ 

түсінетін  болады.  Бір-біріне  ашқысы  келмейтін  сырлары  болса  да,  кӛз  кӛрісіп 

араласқандықтан  бір-бірі  жӛніндегі  мағлұматы  аз  болмайды.  3.  Ең  маңыздысы,  адамның 

бүкіл  кӛрген  нәрсені  санасы  мен  сана  астарында  таңбаланатындықтан  ол  үнемі  ӛзі  кӛзін 

кӛретін  адамның  қимылдарын,  сӛйлеу  мәнерін,  мақамын,  ым-ишараларын  бойны 

бейсаналы  түрде  сіңіре  береді.  Ол  миына  сіңіп  кеткен  соң  ӛзінің  де  бойында  сол 

адамдікіне ұқсамайтын қылық, әдет қалыптаса бастайды.  

Сондықтан 

ұзақ, 

ӛте 


жақсы 

араласатын 

адамдардың 

сӛйлегенінде, 

кӛзқарастарында, қимылдарында,ишараларында кӛп ұқсастық болады.  

Әсіресе адам қайтыс болғанда, жақындары оның кӛзін кӛрген адамдарын кӛргенде кӛңілі 

босайды.  Олармен  жүздесіп,  бас  қосып  отыруға  тырысады.  Оның  себебін  екі  түрлі 

түсіндіруге болады. Біріншіден, адамдарға қорқыныш, қиыншылық, қайғыны кӛппен бірге 

кӛрген, бастан кешкен жеңілірек. Олар осы кӛзін кӛргендерін кӛргенде жоғарыда аталған 

факторлардың  әсерінен  сол  адамды  кӛріп  отырғандай,  ол  мүлдем  келмеске  кетпегендей 



сезімге  бӛленеді.  Сағынышпен  басып,  оны  ортада  жоқ  екендігін  бір  сәт  кӛрген  адамдар 

олардың  балаларына  әке-шешесіндей  мейірлене  қарайды.  Ал  адамдарға  сол  сәтте  дәл 

осындай  кӛз  жылуы  аса  қажет.  Сондықтан  қазақ  халқында  «әке-шешең  ӛлсе  де,  кӛзін 

кӛрген  ӛлмесін»  дейді.  Сондай-ақ  адам  ӛзі  жақсы  кӛретін  адамы  туралы  айтқанда  ол 

соншалық алыс емес сияқты кӛрінеді. Ӛйткені адам затты дүниеде қалаған, жақсы кӛрген 

нәрсесін  сӛз  ету  арқылы  оған  ойша  жақындайды.  Бұл  адамның  ӛиын  сәттерде 

психикасына  түсетін  ауыртпалықты  жеңілдететін  табиғи  рефлекс  деуге  болады. 

Екіншіден,  мұсылман  дінінде  әке-шешесінің  кӛзін  кӛрген  адамдармен  жақсы  қарым-

қатынаста болу да міндет саналады [2, 54].  

«Кӛз»,  «кӛру»  әрбір  тілдегі  үлкен,  мазмұнды,  ұлттық  бедері  айқын  негізгі 

концептілердің бірі. Оның  әмбебаптық та, бірегейлік  те  сипаты ұшан  теңіз. Бейвербалды 

коммуникациядағы  кӛздердің  рӛлі  туралы  да  соны  айтуға  да  болады.  Осы  тұста  «кӛз» 

концептісінің  мынадай  бір  сипатын  атап  кетуге  болады:  «кӛз»  концептісіне  ӛзге 

концептермен салыстырғанда ақпараттылық тән. Ӛйткені кӛз ӛздігінен-ақ мол ақпараттың 

кӛзі. Сондықтан да ол әрқашан күрделі зерттеулердің нысанында тұрады. Ал тілдегі «кӛз» 

концептінің  аясында  қарастырылатын  кӛптеген  бірліктер,  қарап  отырсақ,  күрделі 

бейвербалды  белгілер  мен  әрекеттерге  сілтеме  жасау  арқылы  ӛзінің  семантикалық 

мағынасын  қалыптастырып,  дамытқан.  Кӛру  –  адамның  сыртқы  ортаны  қабылдауда  ол 

жайлы түсінік қалыптастыруда ең басты қызмет атқарады. Ол адам ӛзін таныған кезде-ақ 

түсінікті  болып,  бүгінгі  таңда  ғылыми  тұрғыдан  да,  тұрмыстық  жағдайда  да  әбден 

қалыптасқан, дәлеледенген қағида. Кӛру – адамның ең бір нәзік, ең бір күрделі мүшесі кӛз 

арқыды  жүзеге  асады.  Сондықтан  кӛз  жайлы  айтқанда,  біз  оның  кӛру  қызметі  жайлы,  ал 

кӛру  жайлы  айтқанда  кӛз  мүшесі  жайлы  міндетті  түрде  сӛз  қозғаймыз.  Бұл  кӛру 

концептінің  ең  түйінді  жерлерінің  бірі.  Олай  дейтініміз  кӛру  концепті  тілде  негізінен 

«кӛру»  және  «кӛз»  сӛздері  арқылы  таңбаланады.  Кӛру  ұғымынан  сонымен  қатар 

«қарауды»  бӛліп  қарау  мүмкін  емес.  Кӛру  концептінің  құрылымы  осындай  қарапайым 

табиғи  құбылыстарға  негізделеді  де,  осы  құрылымы  арқылы  ӛзінің  жеке  лексикалық 

қорын анықтайды.  

 

«Кӛру»  концептісіне  енетін  кӛптеген  тілдік  бірліктер  халықтар  физиогномика 



турасындағы  білімін  таңбалайды.  Әрбір  бірлік  кӛптеген  бақылаулардың,  қорытылған 

білімнің  нәтижесі.  Психология  ғылымының  кӛптеген  ережелері,  заңдылықтары  да  осы 

тілдік  таңбалардың  астарында  жатыр.  Ол  қазіргі  кездегі  ескілі-жаңалы  түрлі  ғылыми 

зерттеулердің  халыққа  осы  бірліктер  ӛмір  сүре  бастаған  заманда-ақ  белгілі 

болғандығының кепілі. Ол мәліметтер бұл тараудың аясынан, әрине, әлдеқайда ауқымды.  

  

Кӛру концептісінде адамның тӛбе, бас, бет, жүз,  қабақ, қас, кӛз, ауыз, құлақ, арқа, 



қол,  тізе,  табан  тәрізді  дене  мүшелері  таңбаланады.  Бұл  концептілердің  ішінде  «кӛз» 

концептісі  кӛру  үдерісімен  тікелей  байланыста  болады.  Сондықтан  ӛзге  соматикалық 

атаулар  топ-топқа  жіктеліп,  мағынасы  түсіндіріліп  контексте  беріледі  де,  кӛз  мүшесіне 

қатысты  таңбалар іштей «кӛздің сипаты  және түсі»,  «кӛздің құрылысы», «кӛздің қызметі 

және  кӛз  кызметінің  бұзылуы»  сияқты  топтарға  бӛлініп,  кӛз  концептіндегі  кӛз  бӛлімінде 

жеке қарастырылады.  

 

Кӛз  концептісінде  адамның  дене  мүшелері  таңбалануы  заңды  құбылыс.  Ӛйткені 



адамның кӛзінде барлық дене мүшелерінің, жалпы адам ағзасының жай- күйін кӛрсететін 

бірнеше нүктелер бар. 

 

Тӛбе  .  Тӛбе  кӛрсетті-  кӛрініп,  кездесіп  тұрды.  Мысалы:  Төбе  көрсеткен  осы  Ораз 



болғасын, Ғалия оған мұңын шақты (Т. Ахтанов).  

 

Бас. Бас кӛрді- ақылшы санады, басшы етті. Мысалы: «Жалшының желі дауылдай- 



балақтың  биті  басқа  өрді».  Шатыраш  Ораз  аулынай,  Құл-  құтан  соны  бас  көрді  (  Ж. 

Молдағалиев).  Бас кӛрсетті- кіріп-шығып, кӛзге түсіп жүрді. Мысалы: Оразбай мен оның 



әр  үйде  отырған  балалары,  бауыр-  туыстары,    құтын-  қолаштары  бас  көрсету  былай 

тұрсын іннен- інге тығылды (М. Әуезов).  

 

Бет/ жүз. Бетін кӛрмеді- бармады, жоламады. Мысылы: Осы өткен үш жыл ішінде, 



біз  тексерген  елдердің  бірден-  бір  ауру  адамы  дәрігер  бетін  көрмепті  (С.  Омаров).  

Мақсат  үш  жарым  ай  бойы  кафедраның  бетін  көрмепті  (М.  Мағауин).    Бет  [  жүз] 

кӛрісу- дидарласу, жүздесу, жолығысу.  Мысалы: Өзімізбен бірге туысқан елдің өмірімен 



жақын  танысып,  достық  пікір  алысу  бет  көрісу  соңғы  жылдарда  тамаша  тәстүрге 

айналған                    (С. Талжанов). Бет қаратпады  –  а)  қатты  суытты, үскірік аяз болды. 

Мысалы: Бет қаратпай ысқырып қара суық, бозаң тартып жатады дала суық            (Ф. 

Оңғарсызова);  ә)  алдына  жан  келтірмейтіндей  ызғарланды,  сұстанды,  қаһарланды. 

Мысалы: Абдолла Қаденнің бойында бет қаратпас жасырын бір күш бардай көрінді (Ж. 

Ғаббасов).  Болыс  болды,  бетке  адам  қаратпады,  Басқаны  әкімдіктен  жататпады  (Д. 

Еркімбеков).  Бет [ жүзіне] қарамады- бетің бар, жүзің бар демеді, аямады. Мысалы: Оның 



қазір түсі суық, ал осы отырған ешкімнің беті жүзіне қарайтын емес,  ешкімді аяйтын 

емес (М. Даулетбаев). Беті бері қарады- а)  аурудан жазыла бастады.  Мысалы: Шүкір бері 

қарадым.  Бірақ  көтерем  сияқтымын  (Ғ.  Мұстафин);  б)  райдан  қайтты,  ашу  тарады, 

ӛкпесін басты, айтқанға кӛнді. Мысалы: Беті бері қарап, қол оң жайылғаннан бері өқарай, 



жыл  сайын  бестеп,  ондап  «жас  иіс»  жаңа  талап  рисалалар  да  тауып  тұрды  (С. 

Торайғыров).  

 

Қас, қабақ.  Қас –қабағына қарады- райын бақты, кӛңілін аулады. Ыңғайына кӛшті. 



Мысалы: Осы лкендердің бұйрығын күтіп, қас қабағына қарап жүрген жас жігіттердің 

ішінде Ербол бар ( М. Әуезов).  

Құлақ. Кӛз кӛрмес,  құлақ  естімес- ӛте қашық жердің  түбі.  Мысалы: Сырым –   көз 



көрмес,  құлақ  естімеске  сені  әкетті  (М.  Әуезов).  Балқия  көз  тартар  көрікті 

болмағанмен,  заманымыздағы  қазақ  қыздарының  ішіндегі  еркін  мінездісі,  өткірі  болды 

(Т.Ахтанов). 

 

Ауыз.  Ай  десе  аузы  бар,  күн  десе  кӛзі  бар.  Мысалы:  Баласы  сұлу,  ай  десе  аузы 



күндесе  көзі  бар  (С.  Кӛбеев).    Аузына  қарады-  айтқанын  тыңдады,  сөзін  екі  етпеді, 

ырқынан  шықпады.  Мысалы:  Ұзақтың  Албан  қарады  ауызына  ,  сиғызды  бір  тарының 

қауызына (І. Жансүгіров).  

 

Арқа.  Арқаны кӛрсетті-  сырт айналды, қашты.  Мысалы: Не болсада  тәуекелге бел 



байлап, алысқан жауға  арқаны кӛрсетпеуіміз керек болды          (Қ. Қайсенов).  

Қол.    Қолға  қарады-  а)  кіріптар  тәуелді  болды.  Мысалы:  «Құл  болмас,  сатып 



алмай» дегендейін, Қиын ғой жұрт болуың  қолға қарап. Бұлайша кетіп кейін тұрғаныңа, 

Дос күліп, дұшпандарың жүр табалап (С. Дӛнентаев). ә) қорадағы шӛпті қорек етті (малға 

айтылады).  Мысалы:  Бұл  елдің  шөбі  таусылды  дегені  қашан!  Малының  қолға  қарағаны 



қашан (С. Шәріпов).  

 

Тізе.  Тізе  бүгіп  кӛрмеген-  демалып,  тыныстауды  білмеген,  жұмыссыз  отырмаған. 



Мысалы: Кішкентайынан ауыл маңына тізе бүгіп көрмеген ол бар қайратын жиып сайға 

қарай ұшып келеді (А. Мекебаев). 

 

Табан.  Алдыңғы  соматикалық  атаулар  сияқты  табан,  дәл  сол  күйінде  емес 



«табанды»  туынды  сӛз  құрамында  келеді.  Табанды  сӛзінің  табан  сӛзіне  негізделегендігі, 

екеуі  бір  сӛзжасамдық  тізбекте  тұратындығы  дәлелдеулерді  қажет  етпейді.  Әрине,    бұл 

тарихи  сӛзжасам  тұрғысынан,  бірақ,    қазақ  тілін  жете  түсінетін  кез  келген  адамға  ол 

түсінікті, сондықтан «табандылық кӛрсетті» тіркесін осы бӛлімізнде қарастыра кетуде жӛн 

кӛрдік. Табандылық кӛрсетті- тұрақтылық жасады. Мысалы:  Жауынгерлер шыдамдылық, 

табандылық көрсетті, мен олардың командирімін (Б. Момышұлы). 

Бейвербалды  қарам-қатынастағы  ӛзекті  мәселелердің  бірі  –    қарау-қарамау 

етістіктерінің тілдік жүйедегі қолданыс ерекшеліктері. 

Адамның  абстрактілі  ойлау  қабілетінің  күштілігі  оның  сӛйлеу  кезінде  ұзақ  уақыт 

біреуге  кӛз  алмай  қарай  алуынан  және  кӛп  кӛздердің  ӛзіне  қарап  тұрғандығын  кӛтере 

алуынан  кӛрінеді.  Керісінше,  кӛзбен  қабылдап  отырған  ақпарат  алаңдататын 

болғандықтан  шатасып  қалудан  және  ойы  бӛлінуден  қорқатын  адамдар  көзін  алысқа 

тігеді. Әңгімелеушілер үшін әңгіме неғұрлым тартымды болса,  соғұрлым олар бір-біріне 


қарай  түседі.  Сол  сияқты  әңгімелесушілер  бір-бірін  ұнататын  болса  да,  біріне  бірі  кӛз 

айырмастан  қарай  береді.  Адам  ӛзіне  ұнайтын,  қызықты  немесе  қорқынышты  нәрсені 

естіп қалғанда қарай қалады/жалт қарайды. Британ социофизиологы Майкл Эрджилдің 

пікірінше, екі адамның қызығушылығы бірдей болмағанда біреуінің (кейде жағымды әсер 

туғызатын)  шамадан  артық  қарай  беруін,  кӛз  алмай  қарауын  екіншісі  тесіле  қараған, 

сұқтана қараған сияқты қабылдауы мүмкін. 

Қараудың  мәні  –  зор,  мазмұны  –  терең.  Біреубідің  біреуге  қарағаны  ашу,  жағымсыз  әсер 

туғызуының  бір  себебі:  адам  жансыз  затқа,  мақұлықтарға  емін-еркін  қарай  береді,  қарай 

алады.  Біз  кӛрмелерге,  заттарға  қалай  қарасақ  та  еріктіміз,  қарағымыз  келгенше  ұзақ 

қараймыз.  Дүкенде  сатылуға  қойылған  заттарды  да  қарап-қарап  алғымыз  келмеген 

жағдайда алмай кете береміз. Хайуанаттар саябағында жан-жануарларға қарап оларды бір-

бірімізге  қолмен  кӛрсетіп,  тамсанып  немесе  жиіркенішпен  сӛз  ете  береміз.  Олармен 

санаспаймыз,  ӛйткені  біз  оларды  мақұлық  деп  есептейміз.  Сондықтан  біз  адамды 

еркімізше  кӛзбен  тінтіп  қарай  бергеніміз,  біз  оны  жаны  жоқ  нәрсеге    немесе  мақұлыққа 

теңеп тұрғанымыз, оны ӛзімізбен тең  емес, кем  санағанымызбен тең.  Біз оның сезімімен, 

ойымен, ар-намысымен санаспағанымыз.  

Кӛру  мәнді  сӛздер  жоғарыда  аталған  адамның  дене  мүшелерімен  ғана  лексика-

грамматикалық  тіркесімділікке  түспей,  үй  жануарларына  және  адамның  әртүрлі  сезіміне 

байланысты  сӛздермен  де  лексика-грамматикалық  тіркесімділікке    түсетінін  тӛмендегі 

мысалдар арқылы кӛруімізге болады: 



Ит  көрген  мысықтың  көзіндей  қымсынбай  қарау.  Ит  кӛрген  мысықтың 

кӛзіндей  қымсынбай  қараған  ойлы  кӛккӛз  тура  қарасып,  аз  ғана  ұғысты  да,  үнсіз 

айырылысты (Ғ.Мүсірепов). 

Сүзеген  бұқаша  қарау.  –  Мына  екеуі  жай  келістіруші,  -  деп  еді  шал,  жігіт  ана 

кеуіне сүзеген бұқаша қарады (Ғ.Мұстафин). 



Сүзетін  бұқадай  көзін  аларту.  Ал  толық  қара  ернін  салп  еткізіп  әйелге  сүзетін 

бұқадай кӛзін аларта қойды (Х.Есенжанов). 



Үріккен сиырдай бажыраю.  Екінші кӛшір үріккен  сиырдай бажырайды да қалды 

(І.Жансүгіров). 



Самаладай  сайрап  көріну.  Бұлақтың  екі  қапталына  бытырай  орналасқан  шағын 

ауыл Құсайынның қорасынан самаладай сайрап кӛрінді (Қ.Жұмаділов). 



Қыранша  көз тастау.  Қыранша кӛзін тастап жан-жағына, оралсам мен де  ӛзімнің 

ауылыма (Айтыс). 



Бүркітше  көз  тастау.  Нұрым  қатты  қобалжып  кетті,  ат  үстінен  жан-жағына 

бүркітше кӛз тастап, бір орында отыра алмады (Х.Есенжанов). 



Сүзеген малдай  шүйіле қарау. Батыраш ол жігітке сүзеген малдай шүйіле қарап, 

сынай қалды (С.Жүнісов). 



Түк  көрмегендей.  Тыста  қабағын  түйіп  ызалы  жүрсе,  үйге  кіргенде,  түк 

кӛрмегендей болды (М.Әуезов). 



Түрпідей  қадалу.  Ең  сүйкімсіз  құлаққа  түрпідей  қадалған  қаңғырлақ  дыбыстай 

болып танылды. 

Кӛшеде  таныс  емес  адаммен  кезіккенде  біз  бірер  сәтке  оған  қараймыз,  бірақ  көз 

тоқтатпаймыз,  қарап  қалмаймыз.  Сол  сияқты  кӛлікке  отырғанда  да  жол  ақысын 

алушыға кӛз тастап қоямыз. Ол адамның «мен бұл жерде адам бар екенін кӛрдім, оны ӛзім 

сияқты адам деп есептеймін» дегені. Сол белгіленген мерзімнен артықтау қарай адамынң 

«біртүрлі/қызық кӛрінгенді» немесе «таныс кӛрінгендігі», одан асып кетсе сұқтану, қадалу 

дегенді білдіреді. Ол мерзім, қарайтын немесе қарамайтын жағдайлар түрлі мәдениетте әр 

түрлі  болады.  Оны  белгілейтін  фактордың  бірі  адамдардың  кӛптігі.  Адамның  кӛзі, 

кӛзқарасы  екінші адамды  қуанта, аялай алғаны  сияқты  ренжіте де ашуландыра да алады. 

Бір сӛзбен айтқанда, күн ұзақ бӛтен адамдармен кӛздесе беру адамды шаршатады. Қарау, 

кӛру  адамның  жүйкесіне  тікелей  әсер  ететіндігін  кӛрсететін  келесідей  тіркестер  бар: 

«кӛргім келмейді», «тіпті қарағым келмейді».  



Олай  қарау  тілде  сүзіле  қарау,  тесірейе  қарау,  қадала  қарау,  сұқтана  қарау, 

ақшия  қарау  тіркестерімен  беріледі.  Бұл  жағдайда  қарау  етістігі  сүзіл,  тесірей,  қадал, 

сұқтан, ақши тәрізді етістіктермен лексика-грамматикалық тіркесімділікке түседі. Соның 

негізінде етістікті тіркесімдердің когнитивтік жүйедегі қызметі жүзеге асады. 

Кӛру  –    адам  танымының  тірегі.  Когнитивті  процестерді  олардың  ерекшелігін 

қарастыруда,  қай  ғылым  саласы,  қандай  аспекттен  қарастырсақ  та,  сол  зерттеу 

материалдарының  астарында  міндетті  түрде  кӛру,  қарау  сияқты  мәселелер  қоса  қаралып 

отырады.  Сондықтан  қазақ  тіл  білімінде  ғана  емес,  жалпы  барлық  тілдерде  мазмұны 

терең, мәні үлкен, ұлттық сипаты ерекше компонент болып табылады.  

Көр  етістігінің  лексика-грамматикалық  тіркесімділігі  тіл  бірліктерінің  концептілік 

қызметі  анықтауда  да  ерекшеленеді.  Кӛру  етістігінің  лексика-грамматикалық 

тіркесімділігі тілдің концептілік жүйесінде «кӛру» концептісінің жасалуына негіз болады. 

Ал  «кӛру»  концептісінің  құрылымы  мен  лексикалық  қоры  негізінен  «кӛз»,  «кӛр»,  «қара» 

сӛздері арқылы анықталады.  

Кӛру  мәнді  сӛздер  концептілік  жүйеде  адамның  дене  мүшелеріне,  үй  жануарларына 

және  адамның  әртүрлі  сезіміне  байланысты  сӛздермен    лексика-грамматикалық 

тіркесімділікке  түседі.  Соның  негізінде  кӛру  мәнді  етістікті  тіркесімдердің  когнитивтік 

жүйедегі қызметі жүзеге асады. 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



Масалитин  В.  «Концепт  глаза»  в  пусской  языковой  картине  мира  //  ҚазҰУ 

хабаршысы. Филология сериясы. -2001. №15, 107-111 б.б. 

2.

 

Абдрахманова  М.Б.  «Кӛз»  концепті:  лингвомәдени  және  танымдық  парадигмасы: 



филол.ғыл.канд. ... диссертациясы. – А., 2008.    

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал