КӨптілді тұЛҒа тәрбиелеу – заман талабы



жүктеу 134.09 Kb.

Дата30.05.2017
өлшемі134.09 Kb.

ӘОЖ

 811.512.122 



 

 

КӨПТІЛДІ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ –

 

ЗАМАН ТАЛАБЫ 

 

 

Берденова 

 

С



Ж





 

педагогика

  

ғылымдарының 

 

кандидаты,

 

доцент, ГӘФ деканы

 

Қыпшақбай

  

А

.

А

. - 

қазақ

  

филологиясы 

 

мамандығының

  

магистранты

 

 

 



Берілген мақалада көптілді білім берудің негізгі ерекшеліктері жайлы сөз қозғалады. Соның 

ішінде, мектептегі білім беру ісіне

 

биылғы жылдан бастап біртіндеп еніп жатқан өзгеріс –

 

үштілді 

оқытудың  оқушыға  тигізер  пайдасы  жайлы  пікірлер  қарастырылады.  Қоғаммен  бірге  адамның  да 

дамуы  қалыпты  құбылыс.  Осы  орайда,  әлемдік  жаһандану  үрдісінде  ағылшын  тілінің  алар  орны 

ерекше. Ал орыс тілі ТМД мемлекеттері үшін қарым

-

қатынас тіліне айналып отыр. Осы айтылған 

тілдерді  ұрпақ  бойына  қай  жастан  бастап  сіңіру  керек  деген  мәселе  аясында  сөз  қозғалады. 

Қзақстан мектептері бұл жүйеге көшуді қандай жұмыстардан бастап жатқанына шолу жүргізіледі. 

Барлық мектептерді жаппай үш тілді оқыту жүйесіне көшіру жүргізілмейді. Мұның барлығы кезең

-

кезеңімен  өткізілетін  жұмыстар.  Соның  ішінде  Қостанай

 

қаласындағы  орта  білім  беру 

ұйымдарында  бұл  істің  қалай  жүргізіліп  жатқанына  талдау  жасалады.  Осы  жаңа  бағдарламаға 

көшуге оқушылардың көзқарасы қандай екндігі туралы сөз қозғалады.

 

Қостанай

 

мектептері ішіндегі Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған 

мектеп

-

интернатының  осы  бағытта  жүргізіліп  жатқан  жұмыстарының  негізгілері  көрсетіледі. 

Осы  үштілділік  аясындағы  бүгінгі  және  болашақтағы  оқу  жоспарына  енетін  өзгерістер  жайлы 

айтылады.  Мектептердегі  оқыту  үрдісінің  үш  тілді  білім  беру  жағдайына  көшуінің  оқушыларға 

пайдамен қоса, қиындықтарды

 

да туғызатыны

 

анықталады. 

 

Кілтті  сөздер:  үштілді



Қазақстан

 

мектептері,  оқушылар,  қазақ  тілі,  орыс  тілі,  ағылшын 

тілі.

 

 

 

ПОЛИЯЗЫЧИЕ –

 

ПУТЬ В БУДУЩЕЕ 

 

 

Берденова С.Ж. –

 

кандидат педагогических наук, доцент, декан ГСФ

 

Қыпшақбай  А

.

А.  –

 

магистрантка  специальности  «Филология» 

 

Костанайского 

государственного университета имени А. Байтурсынова

 

 

В  данной  статье  рассмотриваются

 

проблемы,  перспективы  и

 

особенности

 

развития 

трехязычного  образования.  Глава  государства

 

Н.  Назарбаев

 

в  «Стратегии  Казахстан

 



 

2050» 

особое  внимание  уделяет

 

развитию  государственного  языка,  а  также  созданию  условий  для 

активного  изучения,  наряду  с  казахским  и  русским,  английского  языка.  В  г.  Костанай  проводятся 

конкретные  и  эффективные  меры  по  развитию  полиязычного  образования.  Так,  например,  в  КГУ 

имени А. Байтурсынова,  Назарбаев интеллектуальной школе,  школе

-

интернате

 

для одаренных 

детей имени Ибрая Алтынсарина

 

ряд дисциплин проводится на английском языке.

 

И первый опыт 

внедрения  триединства  языков  свидетельствует  о  правильности  исходных  позиций 

казахстанского образования, Вместе с тем нужно понимать, что полиязычие  –

 

явление сложное, 

требующее колоссальной и последовательной работы на протяжении ряда лет.

 

 



Ключевые слова: трехязычие, Казахстанские школы, Казахстанские ученики, казахский язык, 

русский язык, английский язык.

 

 

 

POLILINGUALISM 



 IS THE WAY TO THE FUTURE  

 

   Berdenova S.Zh. 

 the candidate of pedagogical studies, assistant professor, dean of GSF 



Kypshakbai A.A. - 

Master’s degree student

 of Philology of Kostanay State University named after A. 

Baitursynov 

 

In  this  article  we  examined  problems  and  peculiarities  of  tri-lingual  education.  It  is  said  about  the 



necesseity of studying the English language. It is necessary to enter the international scene. Russian is the 

language of transnational communication.  

Kazakhstani schools more to the trilingual education. According to this point Kostanai schools more to 

the trilingual studying too. One of them is Kostanai Boarding Scnool for talented children by Ibrai Altynsarin. 

It is said about adrantages and disadvantages of this educated. 

It is also said about the importance and difficulties of trilingualism for Kazakhstani children. There are 

also examples of famous people who knew several languages.  

The  author  also  underlines  the  significance  of  Kazakh  language  among  the  other  languages  and 

notices of low use of mother language working in this direction.  

The  affentionis  also  given  to  the  topic  that  the  nhation  grows  with  it  is  language.  According  to  this 

topic, to develop the country we must use trilingualism for our profit. 

Key words: tri-lingual education, English language, Kazakhstani children, Kazakh language, Kostanai 

schools. 

 

 

Бүгінгі технологияның дамуы және жаһандану ғасырында жастарды тәрбиелеудің жаңа, тиімді 



жолдарын іздеу үрдісінің белсенділігі байқалады. Тарих кӛрсеткендей, қоғамның

 

дамуы



 

тек экономика 

мен  техника,  ғылым  мен  ӛнерге,  яғни  жалпы  мәдениетке  ғана  емес,  тіл  мәдениетімен  тығыз 

байланысты.

 

Бүгінгі күнгі басты мәселелердің бірі –



 

бәсекеге қабілетті, жан

-

жақты заман талаптарына 



сай  дамыған  тұлғаны  тәрбиелеу.  Ол  үшін  арнайы  жоспарлар  құрылып,  әдістемелік  бағдарламалар 

әзірленуі  тиіс.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай,  «Қазақстан  ӛзінің  кӛпұлттылығымен 

ерекшеленеді. Оның жерінде кӛп

 

мәдениетті кеңістік орнаған. Қазақстанның кӛп мәдениеттілігі  –



 

бұл 


қоғам дамуының ілгері факторы». Қазақстан халқының Еуразиялық түп

-

тамырлары шығыс, азиатттық, 



батыстық,  еуропалық  топтарды  қосып,  кӛп  мәдениеттіліктің  дамуының  Қазақстандық  қайталанбас 

нұсқасын  жасайды.  Кӛп  мәдениетті  білім  беру  Республикамыздағы  бүгінгі  күні  басты  бағыттарының 

бірі болып табылады. 

 

 



Білім  беру  ісі  –

 

мемлекеттің  дамуының  негізгі  кӛзі.  Бүгінгі  білім  беру  ісі  –



 

үнемі 


ұлтаралық  қатынастардан  тұратын  күрделі  үрдіс.  Соның  ішінде  студент  жастар  үшін  кӛптілділік  жан

-

жақты  ортаны  қалыптастырып,  жеке  тұлғаның  гуманистік  жалпы  адамзаттық  қасиеттерін  дамытуға 



мүмкіндік береді.

 

Адам ӛмірінің заманауи жағдайында ұлттық ерекшелік жойылып, ӛз түп



-

тамырымен 

байланыс

 

үзіліп,  ата



-

бабаларымыздың

 

адамгершілік  тәжірибесі  бағасын  жоғалта  бастау  ісі  қарқын 



алуда.  Сондықтан  бүгінгі  қоғам  алдында  тұрған  басты  міндет  –

 

әлеуметтік  белсенді  тұлғаның 



қалыптасуына мүкіндік беретін  ӛз

 

тарихын жетік меңгерген, салт



-

дәстүрін ұғынып, құрметтейтін,  ӛзге 

ұлттардың мәдениетіне сыйластықпен қарап, қарым

-

қатынас жасай алатын тұлғаны қалыптастыру



[1].  

 

Бұл  міндетті  шешу



 

үшін,  белсенді  азаматтық  кӛзқарас,  рухани

-

адамгершілік  дәстүрлердің 



сақталуы,  отансүйгіштік  сезім,  ӛз  Отанына  деген  мақтаныш  сезімі,  әлемдік  ӛркениет

 

жайлы  сауаты 



бар, бірақ ӛз елінің мәдениетін жоғары сезіммен бағалау сияқты қасиеттер жастар бойынан табылуы 

тиіс


[2]. 

 

Кӛптілді  меңгерген  тұлға  атану  үшін,  әр  адам  ең  алдымен  ӛз  ана  тілін  жетік  білуі  тиіс.  Ал, 



кӛптілділік, жас ұрпақты ӛзара тығыз байланысқан

 

әлемнің ӛмір сүру жағдайларына дайындау болып 



есептеледі.  Осы  орайда,  біздің  алдымызда  кӛптілді  үйрету  және  тіл  дайындығының  деңгейін  кӛтеру 

міндеті  тұрады.  Кӛптілділікті  қалыптастыру  жүйесі  «қазақ  тілі  –

 

орыс  тілі  –



 

ағылшын  тілі»  түріне  ие. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  отандық  білім  беру  ісі  алдына  жоғары  міндеттерді  қойып  отыр. 

Қазақстандық  білім  бәсекеге  қабілетті,  сапалы  болу  керек.Отандық  білім  алған  жас  маманның 

әрқайсысы  ӛз  қалауы  бойынша  білімін  шет  елдік  оқу  орындарында

 

еш  қиындықсыз  жалғастыра  алу 



мүмкіндігіне ие болуы керек

[3].  


 

Қазақстан

 

Республикасының 



президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан 

Халықтары 

Ассамблеясының он екінші сессиясында айтқан: «Қазақстандықтардың жаңа буыны мүмкіндігінше үш 

тілді,  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  еркін  меңгерген  болуы  керек»  деген  сӛзі  бүгінгі  білім  беру 

ісіне қойылатын басты талап. Еуропа елдерінде мектеп түлектері мен студенттер арасында бірнеше 

тілде  сӛйлеу  бұрыннан  қалыпты  жағдайға  айналған.  Кӛптілділік  және  кӛптілді  білім  беру  –

 

уақыт 


талабы, себебі қазір бүкіл

 

әлем кӛп тілді.



 

 

Осы айтылғандардың негізінде, Қазақстандық білім беру ісіндегі ірі ӛзгеріс –



 

үштілділікке кӛшу 

республиканың  барлық  аймақтарында  біртіндеп  жүзеге  асуда.  Оның  ішінде  Қостанай  облысы  орыс 

тілінің  қолданылу  аясы  кең  аймаққа  жатады.  Ал,  ағылшын  тілі  барлық  мектептерде

 

арнайы  пән 



ретінде оқытылады. Сонымен қатар, мектептерде біртіндеп жаратылыстану

-

математика бағытындағы



 

пәндерді ағылшын тілінде оқыту үрдісі басталып жатыр. Оқушылардың пікірінше, кӛп тіл білу –

 

заман 


талабы. Бұл бастаманы олар

 

болашаққа апаратын жақсы мүмкіндік деп есептейді. Егер, талап болса, 



ағылшын тілін де еркін меңгеруге болатындығын айтады

[4].  


Жүйе  оқу  үрдісіне  толығымен  енбесе  де,  үш  тілде  білім  берудің  кейбір  элементтері  сабақ 

барысында  кӛрініс  табу  қажеттілігі  туындап  отыр.  Осы  аталғандардың  негізінде  қала  тӛрінде 

орналасқан  Ы.  Алтынсарин  атындағы  дарынды  балаларға  арналған  мектеп

-

интернатының  үш  тілді 



білім  беру  ортасына  сараптама  жүргізген  болатынбыз.  Мектептің  ағымдағы  жылға  арналған  оқу  

жоспарында  «Жаратылыстану

-

математика  бағытындағы  пәндерді  ағылшын  тілінде  оқыту» 



қарастырылған.  Осы  мәселеге  байланысты  биология  пәнінен  6

-

сынып  оқушыларына  арналған 



«Spesical  English»  арнайы  факультатив  (қосымша  сабақ)  курсы  оқу  бағдарламасына  енгізілген.  Бұл 

сабақ  барысында  оқушылар

 

билогия  пәнін  ағылшын  тілінде  оқиды.  Бұл  сабақтар  арқылы  оқушылар 



биологиялыққ  терминдердің  ағылшынша  атауларын  үйреніп,  ағылшын  тілдегі  ойларын  ауызекі  тілде 

ғана  емес,  ғылыми  тілде  жеткізуге  дағдыланады.  Сонымен  қатар,  бұл  мектепте  физика  пәні  де

 

ағылшын  тілімен  кіріктіріліп  ӛткізіледі.  Яғни  физика  пәні  және  ағылшын  тілі  пәні  мұғалімдері  сабақ 



жоспарларын  біріге  отырып  даярлап,  ӛткізеді.  Мұның  барлығы    оқушылардың  мектеп  қабырғасынан  

шыққан соң ӛз білімдерін шет елде жалғастыруына, тәжірибе  алмасуына  мүмкіндік береді. Ағылшын 

тілін оқытудағы оқушының ӛз сӛзін жоспарлай білу икемдігін, мәтін мазмұны мен ағылшын тілін үйрету 

құралдарын ұштастыра отырып, сӛйлеу этикасын пайдалана алуын талап етеді. Мектептің ағымдағы 

жылдағы және жалпы даму жоспарында үш тілді білім беру, соның ішінде оқушылардың ағылшын тілін 

жетік меңгеруін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі ретінде қарастырылған.

 

«Тегінде  адам  бір



-

бірінен  ақыл,  білім,  ар,  мінез  қасиеттерімен  озады»деген  ұлы  Абай 

атамыздың  сӛзі  қай  заманда  да  ӛз

 

мәнін  жоғалтпақ  емес.  Сондықтан  болар,  білім  беру  жүйесін 



дамыту  басты  бағыт  болып  саналады.  Еліміздің  «Білім  туралы»  заңының  5

-

бабында  «Барлық  оқу 



орындары  мемлекеттік  жалпы  міндетті  стандартқа  сай  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілін  білу  мен 

дамытуды,  орыс  тілі  және  шетел  тілін  оқып  үйренуді  қамтамасыз  етуге  тиіс»  деп  кӛрсетілген. 

Кӛптілділік –

 

полимәдениетті қалыптастырудың негізі. 



 

Кӛптілді  білу  –

 

мемлекетіміздің  халықаралық  байланыстарын  дамытуға  мүмкіндік  беретін 



тұлғааралық  және  мәдени  қарым

-

қатынастардың  аса  маңызды  құралы.  Еліміздің  ӛзге 



мемлекеттермен қарым

-

қатынасы дамып отырған уақытта кӛптілді еркін меңгерген, келешеккте білімін 



түрлі саладағы қарым

-

қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып 



шығару  –

 

мұғалімдердің  қазіргі  кездегі  басты  міндеті.  Кӛптілді  орта  қалыптастыру  үшін  үш  тілде 



оқытатытн мамандандырылған мектептер ашылып, бүгінгі таңда олардың саны кӛбеюде. Кӛптілділік –

 

заманның  басты  талабы.  Бұл  заман  ӛз  халқының  мәдениетін  басқалармен  салыстыру  арқылы  әлем 



суретін  әр  алуан  әрі  тұтас  кӛруге,  ұлттық  мәдениеттің  барлық  ерекшеліктерін  және  құндылықтарын 

сезінетін,  патриоттық  сезімінің  оянуына  мүмкіндік  тудырады.  Кӛптілді  үйренудің  қай  қырын  алып 

қарасақ та жүргізілетін жұмыстардың басты мақсаты –

 

білім берудің сапасы мен нәтижелілігін арттыра 



отырып  полимәдениетті  тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.  Осы  орайда  оқушыларымыз  үш 

тілде  еркін  сӛйлеуге,  әртүрлі  сайыстарды  үш  тілде  ӛткізе  алатын  деңгейге  жеткізуге  талпыныс 

жасауда.

 

 



Алайда,  қостілділік,  кӛптілділік  деп  жүргенде  ана  тіліміздің  маңыздылығын  жоғалтып 

алмауымыз  керек.  Жас  ұрпақтың  келешектегі  тұлға  болып  қалыптасуына  бірден

-

бір  әсер  беретін  –



 

оның ұлттық қалпы. Ол ӛз ұлтының тілін, салт

-

дәстүрін, тарихын, мәдениеті мен ұлттық болмысын ӛз 



ӛне  бойына  сіңіргенде  ғана  ӛзге  ұлттың  мәдениетін  түсініп  қабылдайды.  Себебі,  ӛз  ұлтының 

болмысын  ұғына  алмаған  адам,  ӛзге  ұлттың  мәдениетін  құрметтей  алады  деу  қиын.  Бүгінгі  оқушы 

немесе  студенттің  бойына  ұлттық  тілі  арқылы,  оның  маңыздылығын  ұғындыру  арқылы,  ата

-

бабамыздан келе жатқан, тереңде жатқан қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау тіл мамандарының 



басты мақсаты. Ӛз тілін жетік меңгеріп, ӛз тілімен мақтана алатын тұлға ғана ӛзге ұлттарды ӛзінің ой

-

ӛрісін  кеңейту  үшін,  рухани  кемелдену  үшін,  салыстыру  үшін  білуі  қажет  екенін  түсіне  алады.  Осы 



мақсаттың орындалуы үшін оқыту  мазмұнының жаңартылуы, әдіс

-

тәсілдің  озығының ӛмірге келуі, ол 



тәсілдер  әрбір  оқушының  қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытып,  шығармашылығын,  талантын 

ұштайтындай  етіп  ұйымдастырылуы  қажет.  Әрбір  оқушы  ӛз  шығармашылық  қасиеттерін  ана  тілінде 

жеткізе  алуы  тиіс.  Осының  негізінде  біз  болашақ  ұлт  жанашырларын  тәрбиелеп  шығара  аламыз.  Ал 

заманның ағымынан  қалмау  да  ӛзекті мәселе.  Үш тілді оқыту үрдісінде  мемлекеттік тілдің мәртебесі 

қашанда биік тұруы

 

керек.



 

 

Осы  орайда  «Үштілділік  тиімді  жұмыс  атқарсын,  үштілділік  біздің  мемлекетіміздің  болашағына 



жұмыс істесін десек, онда ұштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берідуі керек. Қалған екі тіл сол 

мемлекеттік  тілден  аспай,  керісінше,  сол  мемлекеттік  тілдің  әрі  қарай  дамуына  қызмет  ететін  құрал 

ретінде пайдаланылуы керек» деген сындарлы ой ӛте орынды айтылған. Бұл сӛздерде қаншама қазақ 

азаматтарының айтары жатыр. Кез

-

келген жаңалықты ӛз пайдамызға пайдалана білуіміз қажет. 



 

Қазақстан

 



 



жалпы  алғанда  тарихи  тағдыры  ұштасқан,  кӛп  ұлттар  топтасқан,  дүние  жүзі 

мемлекеттері  арасында  алдыңғы  қатарлы  елдердің  бірі.  Бүгінде  25  жылдық  тарихы  бар  жас 

мемлекетіміз  –

 

ӛзіндік  құндылықтары  қалыптасқан  ел.  Бүгінгі  біз  сӛз  етіп  отырған  кӛптілділік 



мәселесіндегі,  кӛптілділік  ұғымы  нені  білдіреді?  «Кӛптілділік»  термині  (ағылшын  тілінде  –

 

multilingualism) орыс тілінен шыққан, мағынасы қоғамда әртүрлі тілдердің таралуы, жеке тұлғалардың 



бірнеше  тілдік  құралдар  арқылы  сӛйлесу  мүмкіндігі  ретінде  түсіндіріледі.  Энциклопедиялық

 

сӛздіктерде  кӛптілділік  белгілі  бір  кӛпұлтты  аумақта  бірнеше  тілдердің  әрекет  етуі  ретінде  немесе 



сӛйлесу  қажеттілігіне  қарай  адамның  бірнеше  тілді  білуі  мен  қолдануы  ретінде  түсіндіріледі.

 

Шын 



мәнінде, бүгінгі  күн  –

 

білімдінің  күні. Ӛйткені,  уақыт сынына



 

тӛтеп бере  алатын қасиеттің бірі  де осы 

«білімділікте»  болып  отыр.  Ал  білімділік  деңгейін  анықтайтын  басты  фактордың  бірі  –

 

тіл  білу.  Әр 



тілдің ӛз құдыреті бар. Жаһандану жағдайында ел мен елді, халық пен халықты жақындастыратын  –

 

тіл. Осы мақсат пен міндеттерді шешуде аз педагогтардың алдында инновациялық технологияларды 



тиімді қолдану арқылы білім сапсын кӛтеру мәселесі тұр.

 

 



Бүгінгі  күн  талабына  сай  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беруде  филолог

-

ұстаздар 



қауымының  инновациялық  технологиялардың  ғылыми

-

педагогикалық  негіздерін  жете  меңгеруі  –



 

маңызды  мәселелердің  бірі.  Жалпы  инновация  дегеніміз  –

 

жаңа  мазмұндыұйымдастыру,  жаңалық 



енгізу,  педагог  жұмысындағы  жаңа  нәтижені  қамтамасыз  ететін  педагогикалық  әрекет.  Жалпы  бүгінгі 

күнде  педагогика  саласында  мұғалімнің,  оқушының  құзыреттілігіне  баса  кӛңіл  бӛлініп  отыр. 

Құзыреттілікті

 

заман талабына сай педагог қауымының ӛзін



-

ӛзі ӛзгерте алу қабілеттілігі деп түсінеміз. 

Оқушылар ұстаз қауымынан тек білім

 

ғана емес, ӛмірге де үйренетін қабілеттілікті қажет етеді. Демек, 



болашақ  педагогтарымыз  осы  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай  жедел  ойлаушы,  жедел  шешім 

қабылдаушы,  ерекше  ұйымдастырушылық  қабілетті  нақты  бағдар  беруші  болып  шығуы  керек.  Қазір 

қоғам  кез

-

келген  ұстаздан  ӛз  ісінің  терең  білгірі  ғана  емес,  функционалдық  тұрғыдан  сауатты, 



мемлекетіміздің  нормативтік

-

құқықтық  базасын,  ғылыми



-

әдістемелік  материалдарды  терең  игерген, 

педагогика мен психология ғылымдарының негізін жете түсінуді талап етеді. Сонда ғана ӛмірге икемді, 

жоғары азаматтылық пен сауаттылық қабілеттерге ие шәкірт тәрбиеленіп шығары анық. 

 

Сондықтан  Қазақстан  Республикасындағы  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011



-2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  4

-

мақсаты  ретінде  айқындалған  Қазақстан 



Халқының  лингвистикалық  капиталын

 

дамыту  мәселесі  аса  ӛзекті  мәселелердің  қатарынан  орын 



алатыны  дәлелдеуді  қажет  етпейді.  Ал  кӛптілді  оқыту  –

 

жас  ұрпақтың  білім  кеңістігінде  еркін 



самғауына жол ашады. Оларға әлемнің құпияларына үңіліп, ӛз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін 

бүгінгі  күннің  ең  басты  қажеттілігі.  Әр  адам  рухани  келбетін  Қазақстанның  келешегіне  арнап,  осы 

орайда  ӛзіне  де,  ӛзгелерге  де  сыни  тұрғыдан  қарай  отырып,  бүгінгі  тез  ӛзгеріп  жатқан  қоғамда  ӛмір 

сүріп,  еңбек  ету  үшін  жан

-

жақты  болуы  қажет.  Осыған  орай,  бүгінгі  таңда  Қазақстанға  әлемдегі  озық 



ғылыми,  медициналық,  техникалық  жаңалықтарды  ӛзінің  ана  тілінде  халқының  игілігіне  пайдалану 

үшін  халықаралық  байланыстарды  нығайтып,  әлем  аренасына  шығу  үшін  кӛп  тілді  меңгерген 

мамандар қажет. Кӛп тіл білетін мамандарды дайындау мектеп табалдырығынан басталатыны белгілі. 

Осы жерде елбасымыздың «Қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде 

танытуымыз  қажет  және  мемлекеттік  тіл  –

 

қазақ  тілі,  ұлтаралық  қарым



-

қатынас  тілі  –

 

орыс  тілі, 



жаһандық экономикаға

 

табысты кіру тілі –



 

ағылшын тілі болуы тиіс» деген тұжырымдамасы жоғарыда 

айтылған ойдың нақты дәлелі. 

 

Жас  ұрпақтың  ӛз  болмысын  тануға  ұмтылуына  кӛмектесіп,  тереңде  жатқан  талап



-

тілегін, 

қабілеттерді дамыту, сол арқылы оған толыққанды ӛмір сүру үшін рухани күш беру –

 

бүгінгі мұғалімнің 



басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс

-

тәсілдің озығы 



ӛмірге  келуі,  ол  тәсілдер  әрбір  оқушының  қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытып,  шығармашылығын, 

талантын  ұштайтын  болып  ұйымдастырылуы

 

қажет.  Кӛптілділік  заман  талабына  айналып  отырған 



кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, ӛзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, ӛркениетке, білім 

кеңістігіне  еркін  игеріп,  болашақта  алдыңғы  қатардағы  бәсекелестікке  қабілетті  дамыған  елдердің 

қатарына  енуімізге,  жаһандану  үрдісінде  ӛмірдің  барлық  жағынан  бәсекелестікке  тӛтеп  беру 

мүмкіншілігімізді арттырады.

 

Әлемге


 

аты  әйгілі,  даналығымен  танылған,  тарихи  дара  тұлғалар  кӛп  тіл  білу  қабілеттріне  ие 

болған.  Мысалы,  атақты  ғалым  Әбу  Насыр  Әл

-

Фараби  атамыздың  ӛнегеге  толы  ӛмірі  бүкіл  ұрпаққа



 

үлгі


Қазақ


 

тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  ұлы  тұлғалардың  ӛмірінен  қызықты  мәліметтер  бере 

отырып

-

ақ оқушыларды кӛп



 

тіл білуге ынталандыра аламыз. 

 

«Сӛзі жоғалған жұрттың ӛзі де жоғалады» 



деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, тіл –

 

елдік пен 



тәуелсіздіктің  басты  тірегі,  халықтың  жүрегі.  Ғасырлар  бойы  аңсап  келген  тәуелсіздігіміз  баянды 

болсын десек, ана тілімздің мәртебесін жоғары кӛтеріп, ұлтымыздың есімін асқақтату  –

 

басты парыз. 



Біздің  алдымыздағы  міндет  –

 

халқымыздың  ұлттық



 

дербестігін  сақтай  отырып,  елімізді  ӛркениетті 

елдер  қатарына  қосу.  Ал  бұл  жолда  үлкен  әсер  тигізіп,  ықпал  жасайтын  ел  болашағы  –

 

жастар. 



Сондықтан жастарды оқыту үрдісіне осы мәселелердің айқын кӛрініс табуы керек. 

 

Қазақстан



 

Республикасының  білім  және

 

ғылым  вице



-

министрі  Тақияр  Балықбаев  «Бастапқыда  үш 

тілде оқыту жобасы 33 мектепке енгізілген болатын.Бүгінде 117 мектепте оқушыларды үш тілде оқыту 

жүйесі  бар.  Бұл  шашамен  63  мың  оқушы.  Бұл  мектептерде  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдері  терең 

оқытылады.  Сонымен  қатар  жаратылыстану  ғылымдарының  бірқатар  пәндері  ағылшын  тілінде 

беріледі»  деген  мәлімдеме  жасаған  болатын.  Оның  айтуынша,  бүгінде  42  жоғары  оқу  орнында  тек 

ағылшын тілінде оқытатын бӛлімдер бар.

 

 



Қазіргі

 

уақытта 7900



-

ден астам адам үш тілді білім алып шықса, қазақ,

 

орыс, ағылшын тілдерін 



жетік  меңгерген  профессорлық

-

оқытушылық  құрам  жасақталған.  Қазақстан  Республикасының  Білім 



және  ғылым  министрі  Ерлан  Сағадтевтің  мәлімдемесі  бойынша,  «Жоғары  сыныптарда  тӛрт  пәнді 

ағылшын тілінде оқыту үшін бізге 32000 мұғалім керек. Бізде барлығы 365000 оқытушы бар. Егер әр 

жиырмасыншы мұғалім тӛрт жыл ішінде ағылшын тілін меңгеріп алса, біз қажетті норманың жартысын 

орындаған  боламыз.  Ал,  мен  ондай  мұғалімдердің  кӛп  болатынына  сенімдімін.  Бұған  қоса  біз  жыл 

сайын 

12-


13 мың мұғалімді жаңадан жұмысқа аламыз. Егер олардың үштен бірі ағылшын тілін білетін 

болса, бұл қажет норманың қалған жартысын толықтыруға мүмкіндік береді. Шынымен де біз бұндай 

мұғалімдер  кӛп  болады  деп  отырмыз.  Әлі  үш  жылдан  астам  уақыт  бар.  Біз  ағылшын  тілінде 

даярланатын PhD

-

ді, магистратураны бірнеше есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Тілдерді оқытудың 



жаңа технологиялары

 

туралы да ұмытпауымыз керек». 



 

Үштілдік


 

туралы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  білім  және  ғылым 

саласы  қызметкерлерінің

 

III  съезінде  сӛйлеген  сӛзінде:  «Ағылшын  тілінің  қажеттілігі  әлемге  тән 



қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу –

 

біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа 



әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын 

жоғары  білімді  ел  ретінде  танылуға  тиіс.  Бұлар:  қазақ  тілі

-

мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі



-

ұлтаралық 

қатынас тілі және ағылшын тілі

-

жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын



[4]. 

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру адамның жеке және кәсіби қызметінің қазіргі қоғамның 

ажырамас компоненті болып отыр. Осының ӛзі үлкен кӛлемде адамдардың практикалық және кәсіби 

тұрғыда  кӛп  тілді  меңгеру  қажеттілігін  тудыруда.

 

Ағылшын  тіліне  ерте  жастан  оқыту  жақсы  әрі  еркін 



меңгеруге ғана емес, сонымен бірге адамның интеллектуалдық, тәрбиелілік және рухани потенциалын 

жақсартатынын  бүгінгі  таңда  түсіндіріп  жатудың  қажеті  жоқ.  Кӛпжылдық  зерттеу  кӛрсеткендей, 

ағылшын  тіліне  ерте  жастан  оқыту  балалардың  жалпы  және  тілдік  дамуын  реттейді,  бастауыш 

мектепте  тәрбиенің  жалпыбілімдік  құндылығын  кӛтереді,  балаларды  ӛзге  ұлт  мәдениетін  білуге 

үйретеді

Тіл мен әдебиет сабақтарында кӛптілді полимәдениетті тұлға қалыптастыруда филологтардың 



алдында шәкірттердің инновациялық іскерліктері мен дағдыларын, ізденімпаздық пен шығармашылық 

қабілеттерін,  қорытынды  мен  тұжырым  жасау  қабілеттіліктерін,  ӛз  бетінше  шешім  қабылдай  алу 

дағдыларын  қалыптастыру  және  жетілдіру  болып  табылады.Үштілділік

 



 

қорқу  тудыратын  іс  емес. 

Қазіргі  уақытта  мектеп  оқушыларының  тілдерге  деген  қызығушылығы  ӛте  жоғары.  Оларды  меңгеру 

қарқыны да жаман емес. Әрине, бұл қала мектептерінің негізінде айтылған сӛз. Сол себепті қалалық 

оқушыларды ана тілінің қасиетімен қандырып, сол мақсаттағы оқу

-

тәрбие үрдісі жүзеге асырылса, ал 



ауыл  балаларын  үштілділікке  бейімдейтін  мамандар  жұмылдырылса,  бұл  істе  жақсы  нәтиже  кӛруге 

болады деген ой келеді. Сол уақытта әр елдің мәдениеті мен тарихынан хабардар, ӛз елінің тілі мен 

тарихын құрмет тұтатын тұлға қалыптасады деп ойлаймыз

[5]. 


Білім –

 

кез



-

келген биікке шығарар басты баспалдақ. Тарихта аты алтын әріптермен жазылған 

тұлғалардың  кӛпшілігі  кӛп  тілді  меңгеріп,  ӛзге  ұлттардың  мәдениетіне  қаныққан,    ақыл

-

ой,  сана



-

сезімдері

 

ерекше  дамыған,  кӛреген  жандар.  Бұл  даналар  біздің  бүгініміз  бен  болашағымыз  үшін 



мәңгілік ӛшпес шырақ іспетті. Сол шырақты сӛндірмеу  –

 

болашақтың қолында. Олай болса, ӛз тіліне 



деген  құрметі  шексіз,  оны  еркін  меңгерген,  ӛзге  тілде  қарым

-

қатынас  жасай  алатын  жан



-

жақты 


дамыған тұлға тәрбиелеу –

 

бүгінгі күннің басты ісі. 



 

 

   



Әдебиеттер

1. 


Мәдени

 

мұра. №



 

4, тамыз, 2014 ж.

 

2. 


Білім берудегі менеджмент. №5, 2015 ж.

 

3. 



Оқу

-

инновациялық технологиялар. №1, 2016 ж.



 

4. 


Педагогика. №6, 2016 ж.

 

5. 



Қазақстан

 

мектебі. №9, 2014ж.



 

References: 

1.  Madeni mura. 

№4

, tamyz, 2014.  



2.  Bilim berudegi menedgmenntm 

№5

, 2015. 



3.  Oku-innovacialyc tehnologialar. 

№1

, 2016. 



4.  Pedagogica. 

№6

, 2016. 



5.  Kazakhstan mektebi.

№9

, 2014. 



 

Сведения об авторах

 

 

Берденова Сәуле Жалғасқызы

  - 

педагогика ғылымдарының кандидаты,

 

доцент, ГӘФ деканы, тел. 

87773791580, e-mail:berdenova_saule@mail.ru. 

Қыпшақбай

 

Арайлым  Айбекқызы

  - 

қазақ

 

филологиясы  мамандығының

 

магистранты,  тел. 

87023067292, e-mail:arailym-0193@mail.ru. 

 

 



Берденова  С.Ж

. 



 

кандидат  педагогических  наук,  доцент,  декан  ГСФ,  тел.  87773791580, 

e-mail: 

berdenova_saule@mail.ru. 

Қыпшақбай

 

А

.

А

. 



 

магистрантка  специальности  Филология

 

Костанайского  государственного 

университета имени А. Байтурсынова, тел. 87023067292, 

e-mail:arailym-0193@mail.ru. 

 

 



Berdenova  S.Zh. 



  the  candidate  of  pedagogical  studies,  assistant  professor,  dean  of  GSF,  tel. 



87773791580, e-mail: berdenova_saule@mail.ru. 

Kypshakbai  A.A.  - 

Master’s  degree  student

  of  Philology  of  Kostanay  State  University  named  after  A. 

Baitursynov, tel. 87023067292, e-mail:arailym-0193@mail.ru. 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал