Көпбалалы аналардың зейнетке шығу жасын 50 жасқа дейін төмендету



жүктеу 0.66 Mb.

бет1/6
Дата04.02.2017
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ИӘ

Көпбалалы аналардың зейнетке 

шығу жасын 50 жасқа дейін төмендету 

керек. Бұл сөзсіз. Сондай-ақ мемлекет 

көп балалы аналардың зейнетке шық қан 

кезде кедейшілік жағдайға түсіп қалмауын 

қамтамасыз етуі қажет. Қазіргі біздің 

елдегі зейнетақы жүйесінің негізгі үш 

бөлігі бар. Бірінші – баршаға ортақ тө-

лем ақы, екіншісі – еңбек өтіліне байла-

нысты орталықтан бөлініп отырған зей-

нет ақы, үшінші – жинақтаушы қор арқылы 

берілетін зейнетақы. Көпбалалы ана-

ларды қорғау үшін осы жүйелерге мына-

дай ерекшеліктер енгізу шарт. Біріншіден, 

әрбір нәрестені дүниеге әкелген сайын 

сол ананың зейнетақы есепшотына ор-

таша жалақымен тең, кем дегенде, бір 

жыл бойы бюджеттің есебінен төлемақы 

төленіп отыруы керек.



ЖОҚ 

– Өз басым көпбалалы аналардың зейнетке 

шығу жасын 50 жасқа төмендетудің аса қажеті 

жоқ деп ойлаймын. «Қазақстан Республи ка-

сында зейнетақымен қамсыз дандыру туралы» 

Заңында көпбалалы аналардың зейнетке шығу 

жасы онсыз да төмендетілген. Аталған заңға 

сәйкес, бес және одан да көп бала туып, оларды 

сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа 

толғанда, жасына байланысты зейнетақы алуға 

құқылы. Ал көпбалалы аналарды бұдан да ерте 

зейнетке шығару үшін олардың зейнетақысының 

көлемі көңілге толатындай болуы керек. Ерте 

зейнетке шығып кеткен аналар күні ертең азын-

аулақ қаржысын ешқайда жеткізе алмай 

қиналып жүреді. Тағы бір айта кетерлік жағдай, 

егер көпбалалы ана мемлекеттік қызметте істеп 

жүретін болса, ол жерде жалақысы жақсы болса, 

біздегі заң бойынша ол зейнетке шыққаннан 

кейін орнын босатуы керек.



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Тарас Чорновил, 

украиналық депутат:

– Ющенко… бұдан былай 

украин тілінде ән салатын бұл-

бұл ғана болуы мүмкін.

(www.ura-inform.com 

сайтынан)

№36 (262) 

5 наурыз

жұма


2010 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

3-бетте

Алдан СМАЙЫЛОВ, 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: 

Әлихан БӘЙМЕНОВ, 

«Ақ жол» партиясының төрағасы: 

2-бет

5-бет

7-бет

ОЙ-КӨКПАР 

Ванкувер Олимпиадасының 

қорытындысына қарап, «Ақ 

Азиадада бірінші орын аламыз» 

дегеніміз артықтау емес пе?

Тыңдарманын тәнті 

еткен кәсіби ұжым

«Депутаттар ұйықтап отырады» 

деген қауесетті таратпаудың амалы бар



Көпбалалы аналардың зейнетке шығу жасын 50 жасқа дейін төмендету қажет пе?

Қоғамның келешегіне жаны ашитын 

кез келген азаматты «Біздің мемлекет 

көпбалалы аналарға қандай жағдай жасап 

отыр?» деген мәселе толғандырады. 

Отбасындағы күйбең тіршілікті, қала берді, 

бала тәрбиесін және қоғамдық қызметті 

қатар алып жүру әрбір әйел баласына 

артылған ауыр жүк десек болғандай. 

Қазіргі кезде осы мәселеге қатысты әйелге 

жүктелген міндеттерді сәл жеңілдету үшін 

көпбалалы аналардың зейнетке шығу 

жасын 50 жасқа дейін төмендету керек 

деген пікірлер жиі айтылып жүр. Алайда бұл 

пікірді қолдамайтындар «Көптеген әйелдің 

зейнетке шықса да, жұмыс істегісі келеді» 

деген уәж айтуда. Сонымен, аналарға 

қатысты осы бір мәселені ер-азаматтардың 

талқысына салып көрелік... 

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ

Қаржы полициясы өкілінің мәліметіне сүйенсек, 

жабылған банктің бұрынғы төрағасы 3 миллиардтан 

астам теңгені қолды қылғаны және қылмыстық топ 

құрғаны үшін айыпталып отыр. Қазіргі уақытта оны 

Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда. 

Мұрат ЖҰМАНБАЙ, 

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі:

– Бұдан бұрын Оразалы Ержановтың сыбай-

ластары: банк төрағасының бұрынғы орынбасары 

мен корпоративті қатынастар департаментінің ди-

ректоры сотталған. Сот шешіміне сәйкес, олардың 

әрқайсысы алты жылға бас бостандығынан айы-

рылып, мүліктері тәркіленді. Сол сияқты аталған 

қылмыстық іс бойынша, банктің экс-басшысының 

екі жақын туысқаны – ағайынды Нарбаевтар бес 

жылға бас бостандықтарынан айырылды. 

«Наурыз банк» 2005 жылы банкрот 

деп танылған. Банктің заңнамасына 

сәйкес, шетел және ұлттық валютада 

түрлі операциялар жүргізуге берілген 

лицензиясы 2005 жылдың 2 маусы-

мында кері қайтарылып, клиенттердің 

есепшоттары қаңтарылып тұр.

Жансая ӘБДІБЕКОВА

Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 

«Наурыз банктің» экс-басшысы Оразалы Ержанов 

Мәскеуде ұсталды. Бұл туралы кеше Астанада 

өткен апталық брифингте ҚР Экономикалық 

қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 

агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді.

Банкті банкрот қылған 

басшы ұсталды

Бүгінде «бетім қисық» деп айнаға өкпелеудің қажеті шамалы. Әжімді әдіптеп, 

әдеміленудің неше түрлі жолдары бар. Оған, ең алдымен, косметика атты сұлулық 

қаруының көмекке келетіні белгілі. Косметика өнімдері еліміздегі ең өтімді тауарлардың 

бірінен саналады. Қазақстандық нәзікжандылар қолданатын опа-далаптар мен 

иіссулардың 90 пайызы шетелден әкелініп жүр. Бірақ олардың бағасы отандық өнімдерден 

10 есе қымбат. 

Қазақ үшін құдайдан 

кейінгі «бісміллә» 

әл-Фараби болуы керек



www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,28

201,21

4,94

21,58

1,368

10396,7

1474,52

1798,54

79,18

1135,4

Қазақ үшін құдайдан 

кейінгі «бісміллә» 

әл-Фараби болуы керек



ДАТ!

6-б

етте

Шәмшаддин ӘБДІРАМАН:

СҰЛУЛЫҚТЫ ҚАЙДАН 

ИМПОРТТАП ЖҮРМІЗ?

Әзірге Қазақстан ірі косметика-

лық-парфюмерлік компаниялар үшін 

үл кен жәрмеңке алаңы ғана болып 

тұр. Еліміздегі косметика нарығында 

франциялық, италиялық, ресейлік ком-

 паниялар үлкен сұранысқа ие. Ірі қала-

ларымызда алдына Эйфель мұнара-

сын орнатқан француз сауда үйлері 

менмұндалайды. Одан бөлек ше-

телдік косметика өнімдерінің жар-

нама сы да жер-жаһанды жаулап ал-

ған. Orifl ame, Avon, Mary Key компа-

нияларының өнімдері нарығымызға 

дендей енгеніне де неше жыл. Желілік 

маркетинг арқылы жұмыс істейтін 

бұл компаниялардың өнімдерін тұ-

тынбаған әйел заты кемде-кем болар. 

Әрі ақша тауып, әрі әсемдік заттарын 

насихаттап жүргендер әлі де жетерлік. 

Орталық Азия бойынша 100 мыңға 

жуық консультанты бар Oriflame 



Қазақстанда косметика 

өндірісі қашан дамиды?

компаниясының өнімі қолжетімді де. 

Сапасы жақсы басқа компаниялар-

дың  өнімдерін, негізінен, қалтасы 

қалың ханымдар ғана пайдалана 

алады.  Сондай-ақ елімізде 60-тан 

астам сауда желісін ашқан «Еуро-

косметикс» компаниясының бір жылғы 

кіріс кө ле мі 25 миллион доллардан 

асып жы ғылады екен. 

Негізінде, осы мәселені көтер-

гендегі мақсатымыз – шетелдік косме-

тика компанияларын насихаттау емес, 

«неге бізге де осы істі қолға алмасқа?» 

деп ой тастау.  Оған мүмкіндігіміз де 

жетерлік. 



Жалғасы 3-бетте

СІЗ ЕС


ТІДІҢІЗ БЕ?

BBC News агенттігінің мәліметінше, ақпанның 17-сі 

күні болған бассыздықты әуежай қызметкерлерінің бірі 

бейнетас паға түсіріп алып, ғаламторға жария ла ған. 

Бейнекөріністен мәлім болғандай, баланың «Ұшуға 

дайындал!» деген бұй ры ғына ұшқыштар таңданбастан 

«мақ ұл» деп жауап беріп жатса, оның қасын да ғы 

диспетчер: «Балалар қысқы ка ни кул ға шықты деген осы», 

— деп кеңкілдеп күлген. Кейін бұл кісінің баланың әкесі 

екені анық талды. Ол халықаралық рейстерді басқа руды 

бір сағаттай өз ұлына тапсырыпты. Бірақ, құдай сақтап, 

ешқандай төтенше оқиға бола қоймаған. Деректі 

әшкереле ген АҚШ Азаматтық авиация федералдық 

басқармасының әрекетінен кейін диспетчер мен оның 

бастығы жұмыстан қуылды және бұдан былай 

стратегиялық нысанға бөгде адамдардың кіруіне қатаң 

тыйым салынды. Джон Фицджеральд Кеннеди әуежайы 

әлемдегі ең жүктемесі көп әуежайлардың бірі саналады. 

15 минуттың ішінде бірнеше ұшу-қону операциясы 

жасалады. Диспетчер жұмысындағы сәл ағаттықтың 

салдары мыңдаған адамның өміріне қауіп төндіруі 

ықтимал еді.



Нью-Йорктегі Джон Фицджеральд Кеннеди 

атындағы халықаралық әуежайдың диспетчері 

жұмысын алты жасар баласына сеніп тапсырған. 

Мектеп оқушысы бір сағат бойы ұшақтардың 

қозғалысын өзінше басқарып отырды.

Мыңдаған адам 

тағдырын баласына 

ойыншық қылды

Р.S.

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№36 (262) 5.03.2010 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ  БЮРО

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ДСҰ-ның дәуірі жүріп тұр



Кедендік одақ арқылы үш елдің арасында сауда қатынасы дамып жатыр. Ал 

Дүниежүзілік сауда ұйымына қазір неше мемлекет мүше болып табылады? 

Ернар БОЛАТБЕК, Алматы облысы

Биыл Қытай Халық Республикасы 

әскери бюджетін бірнеше есеге 

арттыратыны рас па?

Ерболат САРЫЖАН, Семей

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) – 

халықаралық сауда ережелерін либерализм 

принциптеріне қарай реттейтін халықаралық 

экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 

қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. 

Хатшылығы Женевада орналасқан. Соңғы 

мәліметтер бойынша, оған 153 ел мүше. Және 

Қазақстанмен қосқанда тағы 30 шақты ел 

аталған ұйымға енуге ниет білдірді. Бұрынғы 

кеңестік елдерден оның қатарында Литва, 

Латвия, Эстония, Гүржістан, Армения, Молдова, 

Қырғызстан, Украина бар. Қазақстанның 

ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы 

ұйымның 38 мемлекеті кіреді. Бүгінгі таңда 

Гүржістан, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, 

Корея, Жапония, Куба, Мексика, Қырғыз Рес-

публикасымен екіжақты келіссөздердің аяқ-

талуы туралы хаттамаларға және ҚР Инду-

стрия және сауда министрлігі мен Мысыр, 

Араб Республикасының Индустрия және тех-

нологиялық даму министрлігі арасында өзара 

түсіністік туралы меморандумға қол қойылған. 

Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан 

үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуро-

палық Одақ, Канада, Австралия және Болгария 

ең маңызды болып табылады.

БЕЗБЕН


САР

АП

Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

Бұған дейін Қытай өзінің әскери бюджетін 

арттыратындығын айтқан болатын, алайда ол 

2009 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға ға-

на артты. Қытайдың 2010 жылға негізделген 

әскери бюджеті 523,1 миллиард юаньды (78 

мил лиард доллар) құрады. Ал өткен жылы бұл 

көрсеткіш 70 миллиард доллар болған. Ресми 

ақпарат көздеріне сүйенсек, биыл әс 

керге 

артығымен бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі 



сарбаздардың жағдайын жақсартуға жұм-

салады. Қазір Қытай әскерінің саны 2,3 мил-

лион адам.

ТІЛДІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҰСЫНЫС

БІРІНШІ ҰСЫНЫС

Қазір бізде қазір қазақша лингвистикалық орталыққа қажеттілік қатты байқалып тұр. 

Сол үшін мен Абай атындағы аударма институтын құруды ұсынамын. Оған бастапқы 

кезде мемлекет демеуші болса, артынан коммерциялық жолмен өзі де аяқтанып кетуі 

мүмкін. 

САЛДАРЫ

Бұл институт қазақ пен әлемнің, әлемдік өркениеттің арасындағы байланысты 

қамтамасыз етіп отырар еді. Аты айтып тұрғандай, негізінен, дүниежүзілік әдебиеттерді 

аударатын институт болу керек. Яғни философиядан бастап, математика, физика, 

кванттық және ядролық физика, биология мен микробиология және басқа да барлық 

пәндердегі ең үздік әрі фундаменталдық кітаптарды назардан тыс қалдырмай, қазақ 

оқырмандарына таныстырып отыру маңызды. Мысалы, қазір физика ғылымындағы 

Стивен Хокингтың «История времени» деген кітабы кең оқылып жатыр. Ал оның қазақ 

тіліндегі нұсқасы жоқ. Сол үшін қазақ тілді оқырманның «өрісі» тарылып қалып жатыр. Ал 

егер сан түрлі салалардың маңдайалды әдебиеттерін шұғыл түрде қазақ тіліне аударып 

отырсақ, дүниежүзіндегі жаңалықтардың қазақшаға «ілеспе» аудармасын жасап 

отырсақ – қазақ оқырмандары да заман ағымына ілесіп отырар еді. Сонда қазақ тілі 

ең озық, ең заманауи тілге айналады. Сонымен қатар бұл аударма институты сөздіктер 

жасау мәселесімен айналысар еді. Өйткені бізге дүниежүзіндегі жетекші мемлекеттердің 

тілдерінің қазақша сөздігі керек. 

ЕКІНШІ ҰСЫНЫС

Бүгінгі күні еліміздегі саяси институттардың барлығы да орыс тілінде жұмыс жасайды. 

Сондықтан бізге қазақтың саясаттану институтын құру керек. 

САЛДАРЫ

Бізге қазір қазақ тілінде ғана жұмыс істейтін, бүгінгі саяси процестерді қазақ тілінде 

зерттейтін саясаттану институтына қажеттілік пайда болып тұр. Ол сондай-ақ саяси 

терминология мәселесімен де айналысуы керек. Өйткені қазақ тілінде әлі күнге дейін 

саяси терминдер қалыптасқан. Соңғы кездердегі қоғамдағы түсініспеушіліктің көбі 

осыдан пайда болып жатыр. Мысалы, бір ғана «ұлт» деген сөздің өзі үлкен зерттеуді 

қажет етеді. «Ұлт», «этнос», «национальность», «национализм» «мемлекет құраушы 

ұлт» деген ұғымдардың нақты анықтамасын жасауымыз керек. Ол үшін эксперттердің 

арасында зерттеу жасалуы тиіс. Қысқасы, осының барлығы арнайы институт аясындағы 

жүйелі жұмысты қажет етеді.

Бұдан бұрын 

хабарлағанымыздай, 

біздің басылымда қазақ 

тілінің болашағына 

алаңдап, өзінің өткір 

пікірлерін білдіріп жүрген 

азаматтардың ұсыныстары 

апта сайын тұрақты түрде 

беріліп отырады. Алдағы 

уақытта өздеріңізден 

ұтымды ұсыныстар 

күтеміз, құрметті Алаш 

азаматтары!

Дидар АМАНТАЙ, жазушы:

Абай атындағы аударма 

институтын құруды 

ұсынамын

«Депутаттар ұйықтап отырады» 

деген қауесетті таратпаудың амалы бар

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Бұл мәселеге назар аудармастан бұ рын 

«Қазақстан Республикасы Парламенті 

Мәжілісінің Регламентін» қарап шығуды 

жөн санадық. Регламенттің «Қорытынды 

ережелер» атты соңғы 6-бөлімінде «Мәжі-

лістің баспасөз қызметі Палата бюро сын-

да бекітілетін «Қазақстан Республикасы 

Парламентінің Мәжілісі жанында бұқа-

ралық ақпарат құралдарының өкілдерін 

тіркеу туралы ереже» негізінде бұқаралық 

ақпарат құралдары өкілдерін тіркейді» деп 

көрсетілген. Иә, еліміздегі БАҚ өкілдері 

халықтың тікелей өзі сайлайтын Мәжіліс 

де путаттарының отырыстарынан ақпарат-

тар алып, халыққа таратып жүр. Алайда 

түрлі көзқарастағы басылымдар мен теле-

арналар біржақты мәліметтер таратады. 

Әртүрлі ақпараттың қайсысына сенерін 

білмей, екі ортада қарапайым халық дал 

болатын жағдайлар алыс ауылдарда жиі 

кездеседі. Сондай-ақ қай депутаттың қай 

тілде баяндама жасап, сауал жолдайтынын 

біліп болмайсыз. Бұқаралық ақпарат құ-

рал 

дарымен уақытының тығыздығына 



қарамастан, жұмыс істеуге даяр санаулы 

депутаттар болмаса, бас партияға сеніп 

дауыс берген халық сол партияның тізі мі-

мен Парламент депутаты атанған қалау лы-

ларының көбісін тіпті танымайды десек те 

болады. Жалпы отырыста үш-төрт сағат 

мә жіліс құратын халық қалаулыларының 

жұмысын телеарналардан тікелей көр-

сетсе, қабылданған шешімдер, тұщымды 

пікірлер мен тосын ұсыныстардың барлығы 

ашық, жариялы түрде болар еді. Сол кезде 

қарапайым халық кімнің қалай жұмыс 

істеп отырғанын көзбен көреді. Қоғам 

арасында «депутаттар ұйықтап отырады» 

деген қасаң стереотип қалыптасқаны 

жасырын емес. Әзіл әңгімелердің басты 

кейіпкерлеріне айналып кеткен депу тат-

тардың арасында да елдің, жердің, тілдің 

тағдырына келгенде аянып қалмайтындары 

баршылық. Барлығы бірдей емес, әрине. 

Себебі телеарналардың бірінен электрон-

ды поштасымен әуре болып отырған ха-

лық қалаулысын да көзіміз шалған. Жалпы 

отырыстарда үлкен дау туып, мәжілісмендер 

қызылкеңірдек болып жататын жайттар 

жиі кездеседі. Бірақ біз оны қаз-қалпында 

емес, үзіп-жұлып көріп жүрміз. Қайбір 

жылдары мемлекеттік тілге қатысты мәселе 

талқыға түскенде депутаттардың арасында 

ана тіліне ашықтан-ашық қарсы дауыс 

бергендер де кездесіп жатты. Қоғамның 

талап қоюының арқасында біз қазақ тілі-

не кімдердің қарсы дауыс бергенін сте-

нограмма арқылы ғана біле алдық. Енде-

ше, аптасына бір рет өткізілетін төменгі 

па ла таның отырыстары сақал-мұрты кү-

зел меген күйі телеарналар арқылы көр-

сетіліп, стенограммалары басылымдарда 

жарық көріп тұрғаны құба-құп болар еді. 

Сонда ғана халықтың мұңын мұңдап, 

жоғын жоқтайтындар мен әлдебір топ-

тардың мүддесін қорғап сөз сөйлеушілердің 

аражігін ажыратуға мүмкіндік туады. 

бесенеден белгілі. Ақпарат құралдары 

болмаса, алғашқы екеуінің мүмкіндігі 

белгілі бір деңгейде шектеулі екенін аңғару 

қиын емес. Шетелдерде бұл мәселе қалай? 

Енді соны саралап көрейік.

Мысалы, император басқаратын жа-

пон елінде парламенттің төменгі па ла-

тасы ның отырысын телеарналардан көр-

сету дәстүрге айналған. Қарапайым жа-

пон 

дарға жүргізілген сауалнама нәти-



Мемлекеттік органдардың кез келген мәселеге қатысты 

қабылдаған маңызды шешімдерімен халық әмәнда қанық болып 

отыруы шарт. Әсіресе, халықтың өзі қалап дауыс беріп, Парламентке 

жіберген жекелеген азаматтар немесе қалауы түскен партия 

өкілдерінің қалай жұмыс істеп, нендей мәселе көтеріліп жатқанын 

көріп-біліп отырғаны абзал. Бұл мәселе біздің елде қалай шешімін 

тауып отыр? Енді осыны тарқатып көрсек.

жесінде тұрғын халықтың басым бөлігі заң 

шығарушы органның жұмысын қадағалап 

отыруды өздерінің міндетіндей көретін-

діктерін жасырмаған. Осы трансляцияда 

бюллетень арқылы дауыс беретін әрбір 

депутаттың қалай дауыс бергені туралы 

анық көрсетіліп тұрады. Сол сияқты қос 

палаталы пар ламенттің үлгісін бүкіл әлемге 

ТҮЙІН

Халық қалаулыларының пікірі осындай. Жалпы алғанда, депутаттар 

бұл мәселеге қарсы сыңай танытпады. Әрине, эфир уақыты қымбат 

екеніне дау жоқ. Алайда мемлекетке салық төлеп отырған халық 

өздерінің биліктегі бірден-бір өкілдерінің жұмысын бір ғана телеарна 

арқылы бақылап отыруға құқылы. Ал кімнің қалай дауыс бергенін 

бізге анықтап беретін стенограммаларды басылымдарға жариялаудың 

шығыны шаш етектен болады дегенге сену қиын.

Амангелді МОМЫШЕВ, 

Мәжіліс депутаты:

– Телеарналар арқылы депутаттардың қа-

лай жұмыс істеп отырғанын көрсетуді дұ рыс 

деп есептеймін. Халықтың Парла менттегі 

тікелей өкілдерінің жұмысының ашық, 

жариялы түрде болуына қарсы емес пін. 

Бірақ стенограмма арқылы кімнің қа лай 

дауыс беруін көрсету маңызды емес. Қазіргі 

сияқты қанша депутаттың қол 

да 

ғаны, 

қарсы шыққаны мен қалыс қалғаны туралы 

мәлімет болса да жеткілікті деп ойлаймын.

Бағила БАЙМАҒАМБЕТОВА, 

Мәжіліс депутаты:

– Депутаттар жиналып алып құпия мәсе лені 

талқыламайтыны белгілі ғой. Сон дық тан 

телеарналардан көрсетіліп тұруына қарсы 

емеспін. Шетелдерге жұмыс сапарымен 

барғанда байқағаным, кейбір мемлекет-

терде тіпті қай заңға кімнің қалай дауыс 

бер геніне дейін ақпарат құралдары арқылы 

халық біліп отырады. Сондықтан бұл тәжі-

рибені бізге де енгізген жөн деп есеп-

теймін.

Қабиболла ЖАҚЫПОВ, 

Мәжіліс депутаты:

– Депутаттардың жұмысын көрсету дұрыс 

қой. Бірақ кейбір заң жобаларын талқылау 

кезінде отырыс 4-5 сағатқа созылып кететін 

кездер жиі болып тұрады. Осы уақыт бойы 

телеарнадан көрсету қымбатқа түсіп кетеді. 

Осы жағын да ескеру қажет.

АҒЫЛШЫНША 

АШЫҚТЫҚ, ЖАПОНДАРША 

ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

Кез келген демократиялық басқару 

тәсіліне иек артқан мемлекетте халық пен 

биліктің арасын жақындату қызметін саяси 

партиялар, қоғамдық ұйымдар және 

бұқаралық ақпарат құралдары атқаратыны 

паш еткен Ұлыбритания депутаттарының 

басқосуы «Би-Би-Си» арқылы қарапайым 

ағыл шындарға көрсетіліп отырады. Соны-

мен қатар апта сайын ақпараттық бюл-

летень тұрғындарға таратылады. Ресейдің 

Мем лекеттік Думасының жұмыстары ақ-

парат құралдарында егжей-тегжейлі көр-

сетіледі. www.polit.ru сайты РФ Мем дума-

сының жалпы отырысының бейне таспа-

лары мен стенограммасын беріп келді. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал