Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік



жүктеу 115.48 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі115.48 Kb.

Көпбаева М.Р.

ф.ғ.к., М.  Әуезов атындағы Оңтүстік 

Қазақстан мемлекеттік университеті,

Шымкент қаласы



КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ПРОЦЕСС

Көркем  шығармашылық  -   күрделі,  жұмбақ  әрі  құпия  процесс. 

Осы  процесті  алғаш  зерттеушілер  -   гректің  антикалық  дәуірінің 

философтары  да 

осылай  деген  болатын.  Содан  бері  қаншама 

ғасырлар  өтті.  Адамның  ақыл-ойы  шығармашылықтың  жұмбақ 

сырларын  шешуге  ұмтылды.  Олардың  көпшілігі  ғылым  тарапынан 

ашылды.  Алайда,  қазіргі  таңда да  өнердегі  шығармашылық  қызметті 

зерттеу  ісінде  көптеген  даулы  әрі  айқын  емес  мәселелер  бар.  Бүгінгі 

күнде  шығармашылықтың  «құпиялары»  туралы  айтуға,  оның  адам 

ойының  ерекше  күрделі  феномені  болып  табылатындығын  баяндауға 

әдебиеттану ғылымында да ерекше құлшыныс байқалады.

Қазіргі 

кезеңде 


бұл 

феноменді 

айқындауда 

жан-жақты 

зерттеулер жүргізілуде.  Оған алуан түрлі мамандықтардағы ғалымдар, 

философтар, 

психологтар, 

эстетиктер, 

әлеуметтанушылар, 

өнертанушылар,  тіпті  кибернетиктер  мен  математиктер  де  қатысып 

келеді.

Олардың  алғашқысы  ХХ  ғасырға  тән  болып  келетін  тұлға 



мәселесіне  мұқият  көңіл  бөлумен  байланысты  болып  келеді.  Адам 

тіршілігіндегі  терең  заңдылықтар 

қандай  және 

олардың  өзі 

шындығында  бар  ма?  Оның  түп  маңызы  мен  өмірлік  мәні  қандай? 

Тарихи  процесте,  мәдениет  дамуында  тұлғаның  ролі  қандай?  Осы 

және  өзге  де  кейбір  сауалдар  төңірегінде  философтар,  әдебиетшілер, 

өнертанушылар  жауап  іздеп,  көп  зерттеулер  жүргізді.  Суреткерді 

эстетикалық  қызметтің  субъектісі  ретінде  зерттеумен  байланысты 

мәселелерді 

шешіп 

алмайынша, 



тұлға 

туралы 


кез-келген 

философиялық-әлеуметтік  тұжырымдама  түпкі  есепте  толық  емес, 

шектеулі күйінде қалып отырады.

Екінші фактор -  бұл көркем шығармашылық мәселелеріне деген 

қызығушылықтың 

қазіргі  заманғы  ғылым  мен 

техниканың 

қажеттіліктерімен  байланысты  болуы.  Академик  А.Н.Колмагоров 

«Поэзиялық  шығармашылыққа  объективті  талдау  жасау  адамның 

түйсіксіз  синтетикалық 

қызмет  құрылымдарымен,  образдардың 

қалыптасу  құрылымдарымен  шұғылданатын  ғалымдар  үшін  өте



маңызды»  [1,74]  -  деп  жазды.  Солардың  қатарында  эвристикалық 

әдісті  ерекше  атап  көрсетті.  Эвристика  -   адам  қызметінің  жаңалық 

ашу  мен  өнердің  табысқа  әкелетін  заңдылықтары  мен  әдістерін 

зерттейтін  ғылым.  Осы  көзқарас  тұрғысынан  алғанда,  көркем 

шығармашылық эвристикалық ойлаудың бір түрі болып келеді.

Үшінші  фактор  көркем  шығармашылықтың  өз  табиғаты  мен 

оның  нәтиж елерін  -  ром андарды ,  өлеңдерді,  фильмдерді, 

картиналарды  және  т.б.  эстетикалық  қабылдау  тәжірибесі  арқылы 

танылады.  Ілгеріден  белгілі  болғандай  өнер  туындысының  пайда 

болуының  субъективті  қайнар  көздерін  білу  оны  оңай  әрі  терең 

түсінуге  мүмкіндік  береді.  Суреткердің  тұлғасы  оның  шығармасына 

ұқсас  болмағанымен,  бірақ  соңғысы  автордың  ішкі  дүние-сезімін 

білдіруі,  оның  тәжірибесін  өзектендіруі  болып  табылады.  Сондықтан 

орыс  әдебиеттанушысы  әрі  сыншысы  Ф.Д.Батюшков  атап  өткендей, 

«Туындыны  толық  түсіну  мен  жақсы  көру  үшін,  оны  жаратқан 

адамның  жан-дүниесіне  үңіліп  қарау  керек.  Басқаша  айтқанда, 

суретшінің  шығармашылық  зертханасына  ену,  оның  өмір  сүру 

жағдайларын,  адами  өмірбаянын  тану  қажет»  [2,  85].  Осы  арқылы 

көркем  кемеңгерлікті  қабылдауға  жақындау  түсініктілеу  және 

жеңілдеу болып келеді.

Көркем  құндылықтарды  жаратушының  субъективті  әлеміне  ену 

мәселесі  ХХ  ғасырда  жаңа  аспектіні  иеленеді.  Бұл  кезде  көптеген 

білікті  зерттеушілердің  пікірінше,  автор  тұлғасының  эстетикалық 

сахнасына  қарай  елеулі  түрде  қадам  басылды. 

Өнер  өз  арнасын 

тапты,  өзінің  әлеуметтік  және  мәдени  деңгейіне  қарай  алуан  түрлі 

адамдар  тобын иеленді,  бұл  адамдарға енді  өнер  көрсетіп,  жүректерін 

жаулау  қажеттілігі  туындады.  Осы  міндетті  шеше  отырып,  суретші- 

қайраткер  (В.Маяковский,  С.Эйзенштейн,  Б.Брехт  сияқты)  өз 

кейіпкерлерінде  «өлмейді»,  бейнеленген  жағдайлар  мен  образдарға 

«ыдырап» 

жоғалып 


кетпейді, 

керісінше, 

оқиғаның 

белсенді 

түсіндірушісі  рөліне  еніп,  өзінің  жеке  қатынасын  ашық  білдіреді. 

Оқырман 


/көрермен/ 

бірге 


шығармашылық 

жұмыс 


атқаруға 

шақырылады,  оны  эстетикалық  құндылықтар  жасау  процесіне 

баулығысы  келеді.  Бұл  процесс  оқырманның  көз  алдында  жүріп 

отырады.  Автор  мен  оқырмандар  арасындағы  мұндай  қатынастардың 

элементтері  өткен  дәуірдегі  өнерге  де  жат  емес.  Әңгіме  мұнда 

суреткердің 

жұмысындағы 

объективті 

және 

субъективті 



факторлардың  арақатынасының  сапалық жаңа шамасы  туралы  болып 

отыр.


Субъективті 

фактор 


көбіне 

авторлары 

өз 

бағасы 


мен 

көзқарастарын  ашық  айтудан  бойын  аулақ  салатын  туындыларда 

ерекше  маңызға  жиі  ие  болады.  Мұндай  суреткерге  мәселен, 

Э.Хемингуэйді 

жатқызуға 

болады. 


Алайда, 

оның 


көптеген 

туындылары  (атап  айтсақ,  «Қош  бол,  қару!»  немесе  «Килиманджаро 

қарлары»)  тұлғалық,  тіпті  жан-сырын  ашу  сипатын  ашық  иеленеді. 

Түпкі  есепте  олардың  басты  қаһарманы  автордың  өзі,  оның  дүние 

сезімі,  өмірлік  тағдыры  болып  шығады.  Хемингуэйдің  романдары 

белгілі  мағынада  күнделік  сияқты  жазылды.  Мұнда  ойлар  мен 

эмоциялар  шектелген  тікелей  берілімде,  кейде  тіпті  толық  түсінікті 

емес күйде беріледі.

Осы  тұрғыдан  алғанда,  Хемингуэймен  ұқсас  келетін  қарама- 

қайш ылық 

суреткер 

Ф .Д остоевскийде 

бар. 

М .Бахтиннің 



тұжырымы  бойынша,  Ф.Достоевский  шығармаларында  өз  бойынан 

қаһарманды  танытады.  Ол  шығармасы  арқылы  жүрек  сырын  ашады, 

өз картинасында барынша субъективті болып келеді.

Қазіргі  өнердің  шынайы  тәжірибесінде  мұндай  шығармашылық 

тұжырымдама  өмір  сүретін  болса,  онда  мұның  өзі  шығарма  субъекті 

авторды терең зерттеуді қажет деп табады.

Әрине,  жазушылардың,  кинорежиссерлердің,  кескіндемешілердің 

(живопись)  өздері  үшін  алдыңғы  үзеңгілестері  мен  әріптестерінің 

тәжірибесінен  үйренуге,  пайдалысын  жаратуына  болады.  Мұның  өзі 

таза пайдаға асыру  мақсатында да зор  маңызға ие.  Мәселен,  оңтайлы 

жұмыс 

тәртібін 



жасау, 

териялық 

тұрғыдан 

көркем 


шығармашылықтың  ішкі  ерекшеліктерін  өзі  үшін  анықтап  алу. 

Соңғысы өнерге деген қазіргі талаптар деңгейінде тұруы тиіс.

Егер  көркем  шығармашылық  феноменіне  теориялық  талдау 

жасаудың  негізгі  аспектілерін  атап  көрсететін  болсақ,  олар  кем 

дегенде 

үшеу 


болады: 

философиялық, 

психологиялық 

және 


эстетикалық.

Мұндай  жіктеме  едәуір  шартты,  тіптен  схемалық  сипатқа  ие. 

Бірқатар  жағдайларда  эстетикалық  талдауды  философиялық  немесе 

психологиялық  талдаудан  ажырату  мүмкін  емес  әрі  қажеті  де  жоқ 

болып  шығады.  Алайда,  оларды  бір-бірімен  ұқсастырудың  өзі  де 

дұрыс болмас еді.

Көркем  шығарманы  философиялық  зерттеу,  әрине,  ең  алдымен 

мәдениет 

философиясы 

тарапынан 

іске 

асырылады. 



Ол 

шығармашылықты  жалпылама  қарастыра  отырып  (ғылыми,  көркем, 

техникалық),  адамзат  мәдениеті  дамуындағы,  адам 

тұлғасының 

қалыптасу процесіндегі орны мен рөлін көрсетеді.


Бұл рөлдің өзі өте ауқымды болғандықтан,  оны әлеуметтік және 

дүниетанымдық бағдарына қарамай барлық ойшылдар мойындайды.

Көркем  шығармашылық  психологиясы  өзінің  генезисі  мен 

құрылымы  бойынша  қос  тұғырлы  болып  келеді.  Ол  психология  мен 

өнертануға  тиесілі.  Орыс  әдебиеттанушысы  Б.Мейлахтың 

атап 


өтуінше,  оның  мәні  мен  басты  міндеті  -  «өз  туындыларын  жарату 

барысында  суреткердің  өмір  құбылыстарын  қайта  өңдеу  мен  қорыта 

талдау  процесін  зерттеуі.  Бұл  процесс  эмбриондар  мен  жекелеген 

элементтерінен  бастап,  толық  іске  асырылуын  қоса  алғандағы 

образдың  ұласу  мен  ойдың  барлық  пайда  болу,  даму  кезеңдерінде 

зерттеледі.  Шығармашылық  психологиясының  көмегімен  көркемдік 

ойлау заңдылықтары толық танылады»  [2,142].

Сонымен, 

шығармашылық 

психологиясының 

көмегімен 

шығармашылық  қызметтің  заңдылықтары  танылады.  Бірақ,  осы 

заңдылықтардың  өзі  психологиялық  зерттеуді  тауыса  алмайды, 

өйткені  олар  психологиялық  қана  емес,  сондай-ақ  гносеологиялық 

және 

әлеуметтік 



сипатты 

да 


иеленеді. 

Оларды 


тану 

үшін 


шығармашылықтың  эстетикалық  теориясы  қажет,  ол  көркемдік 

қызметті  тұтас  әрі  синтетикалық  талдау  жасауға,  оның  ортақ  әрі 

типтік  заңдылықтарын  айқындауға  да  көңіл  бөледі,  сол  арқылы 

қоғамдық сананың нысаны ретінде өнерді терең тануға жол ашады.

Эстетиканың  осы  заңдылықтарын,  сондай-ақ  философия  мен 

психологияны зерттеуде,  ең  алдымен  осы зерттеу  мәніне  байланысты 

болып  келетін  үлкен  қиындықтар  кездеседі.  Көркем  шығармашылық 

адам  қызметінің  алуан  түрлері  мен  типтерінің  күрделі  кешенін 

танытады.  Көркем  шығармашылық  дегеніміз  -   ақыл-ой  және  дене 

еңбегінің,  дискурстық және  интуициялық танымның,  ой  мен  сезімнің 

қайталанбас бірлігі.

Істің  мәні  мынада,  шығармашылықтың  негізгі  кезеңдері  тікелей 

объективті  талдауға,  шығармашылық  субъект  тарапынан  тікелей 

бақылауға  қиын  беріледі.  Мәселен,  шабыт  актісін  оны  басынан 

кешірген 

суреткер 

ғана 

соңынан 


суреттей 

алады. 


Егер 

шығармашылық 

шабыт 

сәтінде 


оны 

өз 


бетінше 

талдаумен 

шұғылданатын болса, ол өзінен-өзі  бұлдыр сағымға айналып, зым-зия 

жоғалады.  Объективті  бақылау  болса  (егер  оны  ұйымдастыру  қолдан 

келетін  болса)  қазіргі  бар  болғаны  суретшінің  осы  сәттегі 

биофизиологиялық  жағдайынан  дерек  береді.  Жүйкенің  өршу 

қарқындылығын  анықтау,  тыныс  алу  мен  қан  құрамындағы 

өзгерістер. 

Психология 

үшін 


осындай 

типтегі 


көрсеткіштер 

қаншалықты 

маңызды 

болмасын, 

шығармашылық 

процестің



мазмұнына қатынасы жағынан  олар  сонда да болсын жанама сипатты 

иеленеді.

Көркем  шығармашылықты  теориялық  және  эксперименттік 

талдаудың  барлық  әдістері  мен  құралдары  әлдебір  шамада  осындай 

кемшіліктермен  ерекшеленеді.  Тіпті  осы  бір  күрделі  феноменнің 

табиғаты  туралы  мистикаланған  түсініктер  мен  субъективті  ойларды 

жиі тудырады.

Шығармашылық  процестің  жүзеге  асырылу  жолдарын  ғылыми 

тұрғыдан  жан-жақты  дәйектеп  беруде  өнертанушы-философтар 

эвристикалық зерттеу  әдістерін пайдаланудың тиімді екенін айтады.

Шығармашылық  «құпияларын»  ашуға  деген  бірде-бір  бірегей 

әрі  әмбебап кілт жоқ.  Осы  бір үміт артқан мақсатқа апаратын жолдар 

да  сан  алуан.  Бұған  көз  жеткізу  үшін  жіктеменің  толыққандығына 

үміт  артпай-ақ,  өнердегі  эвристикалық  ойлаудың  терең  процестеріне 

енудің мүмкін болған кейбір әдістерін қарастырайық.

Шығармашылықтың  эстетикалық  теориясын  тиімді  дамыту 

үшін,  ол  жаңа  ағымдарға  үндесе  келуі  тиіс.  Әрине,  мұнда  сонымен 

қатар  «дәстүрлі»  әдістер де ұмыт қалмағаны жөн.

Өнер  болмысын  терең  зерттемей  тұрып,  шығармашылық 

теориясы  мен  психологиясы  туралы  әңгімелеу  мүмкін  емес.  Бұл 

тұрғыда  көркем  туындылардың  өзі  эвристикалық  ақпараттың  қайнар 

көзі  болып  табылады.  «Суреткердің  өміріне  арналған  материалдар 

біреу  ғана»  [2,42],  -   деп  жазады  ақын  В.Ф.Одевский.  Ол  -   оның 

туындылары.  Мейлі  ол  музыкант,  өлең  жолдарын  құраушы, 

кескіндемеші  болсын,  сіз  олардың  бойынан  оның  рухын,  сипатын 

және  физиологиясын табасыз.  Тіпті тарихшының өлшеуіш қаламынан 

сырғи 

өткен 


оқиғаларды 

да 


таба 

аласыз». 

Одевский 

шығармашылықты  зерттеуде  көркем  туындылардың  рөлін,  яғни  ол 

суреткердің  өмірі  мен  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  түсінудегі 

бірден-бір құрал көркем туынды болып табылады деп басты мәселеде 

дұрыс  айтып  тұр.  Гомер  мен  Фидий,  Рубеев  пен  Шекспир  туралы 

ешнәрсе  білмей  тұрып,  біздер  олардың  туындылары  бойынша  осы 

шеберлер  туралы,  олардың  ойлау  ерекшеліктері,  бағыттары  мен 

мүдделері  туралы  бірқатар  ой  қорытындысын  жасаймыз.  Сондай-ақ, 

мәселен  Пушкин,  Бальзак,  Толстой,  Т.Манн,  М.Горький  және  т.б. 

көптеген  жазушылар  өз  шығармаларында  шығармашылық  процестің 

әлдебір жақтары туралы құнды пікірлер айтып кеткен.

Көркем  туындылар  дегеніміз  -   бұл  автордың  шығармашылық 

өмірбаяны.  Оның  бүкіл  тіршілік  қызметінен  ажырамас  сипатта  бола 

отырып  ол  соңғысына  тиесілі  болып  келмейді,  сонымен  қатар



суретшінің қоғамдық,  азаматтық өмірбаянын да зерттеуді қажет етеді. 

Өмірбаян  деректерін  жинау  мен  талдау  эвристикалық  зерттеуде 

көптеген  мәселелерді  қамтып  өтеді.  Әдебиет  зерттеушілері  автордың 

қалыптасқан  және  көркем  туындыларында  жаратылған  әлеуметтік 

жағдайды  айқындауға  ұмтылады.  Мұнда  әдеби  таным  эстетика  және 

әлеуметтанумен  жиі  ұшталады.  Бұлар  суретшінің  жеке  өмірбаянын 

зерттеуде 

зор 


маңызға 

ие. 


Өнертану 

мен 


психологияда 

шығармашылық  қызметтегі  жеке  мән-жайлар  мен  деректер  жиі 

абсалюттендіріледі. 

Алайда, 


эвристикалық 

зерттеуде

әлеуметтанушылыққа берілу де  аз-кем  кемшілікке  жатпайды.  Мұндай 

әдістің  түп-тамыры  сонау  30  жылдарға  қарай  тереңдейді.  Бұл  кезде 

өте  маңызды  әрі  талантты  деген  ғалымдардың  өзі  былай деп  санады: 

«Зерттеуші  үшін 

көркем  туындының  жасалуын  -  туындының 

бағытын,  олардың  өмір  деректерімен,  жеке  күйзелістерімен  және 

көңіл-күйімен  рәсімделуін  түсіндіру  жөнсіз  болмас  еді.  Ғалымға 

тұрмыстық 

реттегі 

өмірбаянында 

емес, 

әлеуметтік 



өмірбаян 

деректерді білу маңызды»  [2,53].

Қазіргі  таңда  автордың  бүкіл  тұлғалық  болмысындағы  көркем 

туындының  шарттылығын  теріске  шығаратын  адам  табыла  қоймас. 

Алайда,  негізінде  суреткерлердің  жеке  өмірбаяны  аз  зерттелінеді. 

Істің  мәнісі  мынада,  мұндай  зерттеу  туралы  мәселе  тек  қана  ғылыми 

емес,  сондай-ақ  этикалық  сипатқа  ие.  Суреткердің  тұлғасына  деген 

қызығушылық түсінікті делік, ал оның жеке өмірі ше? Қайсыбір бөгде 

адам оған тереңдей алады?  Сонымен қатар,  суреткер туындыда өзінің 

бүкіл  тәжірибесі  мен  ішкі дүниесін  өзектендіретін  болса,  онда ғылым 

үшін  жазушының  жеке, 

ішкі 


құпиясынан 

бастап, 


қоғамдық 

қызметімен  аяқтай  отырып,  оның  өмірінің  барлық  сәттеріне 

объективті  қызығушылық  танытылады. 

Соңғыларын  зерттеуде 

эвристикалық 

зерттеудің 

маңызын 

жоғалтпау 

қажет. 

Оның 


ерекшелігінің  өзі  осында  жатыр.  Бүгінде  құрастырылған  көптеген 

классиктердің 

өмірбаяндары 

(мәселен, 

А.К. 

Виноградовтың 



Стендаль,  Паганини  туралы,  А.Моруаның  Байрон,  Жорж  Саид, 

Бальзак  туралы  кітаптары)  біртұтас  зерттеудің  нәтижелері  болып 

табылады.

Ұлы  жазушының  қоғамдық  және  жеке  өміріне  жасалған  талдау 

оны  тұлға  ретінде,  индивид  ретінде  терең  ұғуға  мүмкіндік  береді. 

Алайда,  эвристикалық  ойлаудың  ішкі  заңдылықтарын  ашып  көрсету 

өмірбаяндық  зерттеу  аясынан  тыс 

жатыр  десе  болады.  Мұнда 

өнертану 

шығармашылық 

психологияға 

орын 


береді. 

Шығармашылық  процесс  туралы  біздің  білімдеріміздің дерек  көздері



қандай?  Мұның  өзі  ең  алдымен  тағы  да  объективті  материалдар 

болып  келеді:  қолжазбалар,  жоспарлар,  сызбалар,  эскиздер,  этюдтер, 

жазба  кітапшалар.  Шығармашылықты  зерттеушілер  оларды  үнемі 

пайдаланып  келеді,  әрі  пайдалана  беретін  де  болады. 

Осы 

материалдарды  түрлі  көзқараста  зерттей  отырып,  өте  маңызды 



шынайы  ақпарат  алуға  болады.Ұлттық  әдебиетімізде  бұл  ойымызға 

дәлелді  көптеп  келтіруге  болады.  Сәбиттанудың  сардары,  ғалым  Қ. 

Ергөбектің 

кемеңгер 

жазушы 

шығармашылығының 



тереңіне 

бойлауына, 

толғамы 

тегеурінді 

ой 

қозғауына 



осындай 

материалдардың  көп  көмегі  болған.  Күрделі  де  көлемді  зерттеу 

еңбегін  жазып  жүргенде  ғалым  Қ.  Ергөбек  мұрағат  деректерінің 

арасынан  С.Мұқановтың  «Аққан  жұлдыз»  романын  жазу  үшін 

жасаған  жоспарлары  мен  эскиздерін  тапқанын  және  де  бұл 

деректердің  жазушының  шығармашылық  зертханасының  беймәлім 

қырларын  танып-білуге  зор  септігі  болғанын  айтады.  «Қолжазбаның 

басталуында  Сәбеңнің  өз  қолымен  түсірілген  мынадай  таңбалар  бар. 

«Аққан  жұлдыз» 

ІІІ  том  кітап  24.1.1973  жылы  басталды».  Бұл 

фактіден  мынадай  қорытынды  шығаруға  болады.  Жазушы  ойланып- 

толғанумен,  «Қазақ  қауымы»  атты  еңбегін  жазумен  бірге  уақытты 

өткізген (осы орайда айта кететін тағы бір жай, жазушы осы мерзімде 

өзінің  16  томдық  таңдамалы  шығармаларын  да  баспаға  дайындап 

берген.  Ол  15  томдық  ішінде,  қайта  жазғандай  күрделі  жөндеуден 

өткендері  де  бар).  Ақыры  осындай  тәжірибе  қорытудан  соң,  үшінші 

кітапқа жиналып,  сұрыпталған материал санамда пісті-ақ деген сәттен 

бастап романның үш тарауын қамтыған»  [3,134].

Бірқатар  ірі  ақындардың,  жазушылардың,  музыканттардың 

шимай  дәптерлерін  жариялаудың  өзі  халықтың  санасында  сіңіп 

қалған  көркем  шығармашылық еңбектің  «оңай  әрі  маңызы  жоқтығы» 

туралы  пікірлерін  жоққа  шығарды.  Көптеген  зерттеушілердің  күш- 

жігері  арқылы  мына  бір  жайт  дәлелденеді.  Кемеңгердің  әрбір 

маңызды  туындысы  барлық рухани  және  дене  күшінің  барынша сарп 

етілуін  талап  ететін  алдын-ала  жасалатын  мол  ауқымды  жұмыстар 

арқылы дүниеге келеді.

Бір  жағынан,  құжаттылық,  объективтілік  мәні  бар,  бірақ 

жазушы  саналы  түрде  жасамаған  шимай  материалдардың  өзі 

шығармашылық процесті танып-білуге айтарлықтай септігін тигізетін 

кездері  де  болады.  Дей  тұрғанмен,  зерттеуші  осындай  материалдарға 

үнемі  ие  бола  бермейді.  Тіпті  жеткілікті  түрде  толық  ұсынылғанның 

өзінде,  бұл  материалдарды  автордың  ішкі  дүниесіне  енудің  шексіз 

құралы  деп  қарастыруға да  болмайды.  Шығармашылықтың  маңызды


бір  кезеңдерін  аша  отырып  (түпкі  ойды  орындауға  көшу),  олар 

әлдебір  дәрежедегі  ниеттің  пайда  болмағанына  дейін  эвристикалық 

ойлау  жұмысы  туралы  аз  әңгімелейді,  жанама  түрде  ғана  шабытты 

сипаттап өтеді.

Шығармашылықтың 

объективті 

материалдарымен 

қатар 


субъективтік  деп  атауға  болатын  материалдары  мен  құжаттары  да 

болады.  Бұлар  -  суреткерлердің  баспаға  беру  үшін  немесе  достары, 

жолдастары,  жақын  адамдары  үшін  жасаған  өзіндік  жұмысы  туралы 

айтқандары.  Әрине,  А.Дейнектің  дәлелдеуінше,  суреткерлер  өз 

жұмыстары  туралы  аз  әңгімелейді,  айта  қалғанның  өзінде  ағынан 

жарылып  әңгімелей  қоймайды,  осы  бір  ағынан  жарылып  әңгіме 

айтпаудың  өзі  сирек  жағдайда  әдейі  істелінеді,  сондай-ақ  ағынан 

жарылудың  өзі  де  сирек  жағдайда  орын  алады.  Пушкиннің  сөзі 

бойынша,  «өз  мемуарын  жазу  -  әрі  қызық,  әрі  әсерлі  де.  Өзің  сияқты 

ешкімді  сүймейсің,  ешкімді  білмейсің.  Сарқылмас  қазына.  Бірақ 

қиындау.  Өтірік айтпауға болады,  ағынан жарылу - мүмкін емес жайт. 

Қаламның  өзі  тұңғиық  алдында,  әлдебір  бөгде  адам  бей-жай  оқи 

қалатын жерде тоқтай қалады»  [2,72].

Шығармашылық  процесті  қарастырғанда  авторлық  барлық 

мойындауларды  мұқият  зерделеу  қажет.  Автордың  өзі  үшін 

жазғандарын  да 

(күнделіктердегі,  жазба  кітапшалардағы  және 

қолжазбалардағы  хаттардағы) 

әрі  баспаға  арналғандарын  да 

(мақалалардағы, 

кітаптардағы, 

баспасөздердегі, 

берілген 

интервьюдегі) тұтасымен пайдалану керек.

Бұлайша зерделеу зерттеушінің суреткерге деген сенімін теріске 

шығармайды,  қайта жақындата түседі.  Ғалым А.Г.Цейтлин былай деп 

атап  өтеді:  «Өз  бетінше  шығармашылық»  құбылысын  терістеуге 

немесе  бұрмалауға  болмайды,  бірақ  оның  өзі  кең  тарала  қоймаған. 

Басым  көпшілік  жағдайда  осы  бір  бұрмалау  жағдайлары  екінші 

дәрежелі  сипат  алады.  Нағыз  суреткер  оқырмандарын  «өмірдің  бүкіл 

маңызын құрадым» деп алдай алмайды»  [4,115].

Мемуарлық  әдебиеттің  өзіне  де  сақтықпен  қараған  жөн. 

Қайсыбір  суреткерді  жақыннан  білетін,  онымен  дос  болған  адамдар 

қызықты  жайттарды,  тіпті  суреткердің  өзі  айта  алмаған  нәрселерден 

хабардар  етуі  мүмкін.  Алайда,  кейбір  еске  алулардың  авторлары  өз 

жадына сене отырып, кейде шынайы  оқиғалар мен ойдан шығарылған 

оқиғаларды  шатастырып  алады.  Деректерден  өзін  әдейі  саналы түрде 

бұрмалау жағдайлары да ұшырасады.  Осыған  орай,  ешбір мемуарлық 

жазбалар,  егер  олар  суреткердің  тұлғасын  сипаттайтын  өзге  дерек 

және мәліметтермен келтірілген болмаса, абсолюттік шындық ретінде



қабылданбайды да.  Суреткерлік өнердің эстетикалық әлемін танытқан 

еңбектердегі  нақты  дәйектерден  көптеген  ерекшеліктерді  көруге 

болады. 

Ғ.Мүсірепов 

шығармашылық 

процесте 

пайдаланған 

материалдарын 

жойып 

отырса, 


С.Мұқанов 

керісінше 

көзінің 

қарашығындай  сақтаған.  Ұлы  жазушы  М.Әуезов  те  шығармасына 

қажетті  материалдарға  ұқыптылықпен  қараса,  Т.  Ахтановтың  бұл 

турасындағы  ұстанымы  мүлде  басқаша.  Мұны  жазушының  өзі 

былайша 

түсіндіреді: 

«Лаборатория 

демекші, 

менің 

негізгі 


лабораториям  -  басым  мен  көңілім-жүрегім.  Сол  екеуін  де  екшеліп, 

сонда  сақталғандарын  жазамын.  Бір  жаман  жерім,  жөндеп  қойын 

дәптер  тұтынбаймын.  Ел  аралағанда  қалтама  салып  шыққан  қойын 

дәптеріме  өнімді  жазу  түсе  қоймайды.  Жұрттың  көзінше  бір  нәрсені 

түртіп  жазуға  ұяламын.  Расында  керекті  нәрсенің  бәрі  жадында 

сақтала бермейді,  сондықтан түртіп алып жүрген керек-ақ»  [5,238].

Жазушының 

жекелеген 

шығармашылығына 

қатысты 


жүргізілген  сұхбаттар  мен  арнайы  қойылған  сұрақтарды  да  қатар 

алып қарастыру эвристикалық әдісте нәтижелі болып келеді.  Мәселен 

1970-1980  жылдардағы  әдебиет  сыншылары,  әдебиеттанушылар, 

зерттеуші  ғалымдардың  көрнекті  жазушылармен  шығармашылыққа 

қатысты  түрлі  формада  жүргізген  іс-шаралары  сөз  өнерінің  сан 

қырын  танытты.  Әдебиетті  сүйетін  оқырман  қауымға  тағылымы  мол 

шығармашылық  еңбектің  тылсым  сырын  ашты.  Бұл  еңбектердің 

біразы  кейін  жеке  кітап  болып  шықты.  С.Әшімбаев  «Парасатқа 

құштарлық»,  Ш.Елеукенов  «Жаңа жолдан»,  З.Серікқалиев  «Ақ  жол  » 

т.б.  Еліміз  егемендік  алғаннан  кейінгі  жылдары  Халық  жазушылары 

Қ.Жұмаділов,  М.Мағауин,  Ә.Нұршайықовтардың  қаламгерлік  өнер 

мен  шығармашылық  еңбектің  қиын  да  қызықты,  ауыр  да  аяулы 

кезеңдерін  сомдаған  романдары  жарық  көрді.  Аталған  еңбектердегі 

жазушылардың  шығармашылық  тағдырлары,  көркем  туындыны 

жазудағы  ұстанымдары,  лабораториясы  әр  түрлі  екенін  аңғару  қиын 

емес.  Соңғы  жылдары  жарыққа  шыққан  талантты  жазушы  Талаптан 

Ахметжанның  «Жан  әлемі»  атты  кітабы  біраз  жылғы  жүргізілген 

сұхбаттар  топтамасынан  тұрады.  Жазушы  жүргізген  бұл  сұхбаттар 

әдебиеттану  ғылымы  үшін  көптеген  өзекті  мәселелердің  шешімін 

табуына жол  ашты десек артық айтқандық болмас.  Бір  ғана  талантты 

жазушы  Ә.Таразимен  болған  сұхбатынан  шығармашылық  өнердің 

беймәлім тұстарын,  жазушылық өнердің  азапты да рахатты тағдырын 

көреміз.

«...Ұшы-қиыры  -  көрінбес  анализ,  зерттеу...  Досыңа  дос  деп 

қарай  алмайсың,  жақыныңа жақын  деп  қарай  алмайсың.  Сонда менің


өмірім-шын  өмір  емес,  күндіз-түні  жұмыс  істейтін  лаборатория... 

Жалығасың  тіпті.  Түсіңде  де  оқиғаларға  жазушы  ретінде  талдау 

жасап  жүресің.  Мұқағали  сәби  болғысы  келсе,  мен  пенде  болуды

\_г 


Т П  

\_г 



\_г

армандаймын.  Ешкім  білмейтш,  ешкім танымайтын қарапайым  пенде 

болсам  ғой»  -  дейді  жазушы.  Талғамы  биік,  тәжірбиесі  мол  суреткер 

Ә.Таразидің  бұл  ойы  шығармашылық  еңбектің  тұтас  тұрқын  тап 

басып көрсетті.  Ал осы азапты істі атқарушы жазушы туралы ол және 

былай деп ой түйеді  «Менің түсінігімде шын жазушы деген арқасына 

зіл  қара  тасты  өз  еркімен  байлап  алып,  шыңға  қарай  өрлеп  бара 

жатқан адам тәрізді»  [6,9].

Осы  айтылғандардан  ойымызды  түйіндер  болсақ,  көркем 

шығармашылық  -  шексіз  әлем.  Бұл  әлемді  танып-білудің  жолдары да 

сан  тарау.  Десе  де,  өнер  иесінің  күрделі  еңбегі  мен  жан  дүниесін 

тануда  эвристикалық  әдістің  тиімді  формаларын  пайдалану  (сұхбат, 

сауалнама, 

интервью 

т.б.) 

жазушының 



шығармашылығының 

ерекшеліктерінен  мол  мағлұмат  алып,  жаңа  қырларын  тануға  мол 

мүмкіндік беретінін көрдік.

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

1.Бахтин М.М.Эстетика словесного творчества.  -  М.:  Искусство,  1979. -  С.52.

2.  Громов Е.С. Художественное творчество. -  М.:  Политиздат,  1970. -  С.  16.

3.  Ергөбек Қ.  Сәбит Мұқанов. -  А.:  Санат, 2000. -   125  б.

4.  Цейтлин  А.Г.  Труд писателя.  М.:  «Советский писатель»,  1968. -  С.  128.

5. Ахтанов Т.  Керуен. А.:  Жазушы.  1978. -  248 б.

6. Ахметжан Т.  Жан әлемі.- А.:  Сөздік-словарь, 2006.  - 28 б.

*  *  *


В 

с т а т ье 

р а с с м а т р и в а ю т с я  

т в о р ч е с к и й  

п р о ц е с с  

с о зд а н и я  

произведений.

*  *  *

In this article written about the process  o f  art  production.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал