Кооперациялық балама > Үндістандағы ең көне жұмысшы кооперативі



жүктеу 0.69 Mb.

бет5/7
Дата24.02.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

> Латын Америкасында

   жаңа кен игеруден 

Маристэлла Свампа, Ла-Плата ұлттық университеті, Аргентина

Б   

елсенділер  мен  зиялылар 

Латын 

Америкасында 



капиталдың 

жинақталу 

динамикасы  мен  даму 

үлгілерін сынап, жаңа экстрактивизм, 

жақсы 

өмір, 


ортақ 

байлық 


категорияларын  талқылауда.  Қазіргі 

даму  үлгілерінің  тұрақтылығын 

сынай 

отырып, 


сынаушылар 

қоғам,  экономика  және  қоршаған 

орта  арасындағы  басқа  да  мүмкін 

қатынастарды ұсынуда. Бұл пікірталас 

Эквадор  мен  Боливияда  ерекше 

қарқынмен  жүріп  жатыр,  себебі 

бүкілхалықтық  сайлау  нәтижесінде 

билікке  келген  үкіметтер  ХХІ  ғасыр 

басында  дамудың  балама  жолдарын 

қарастыруға дайын еді.

Соңғы  уақытта  пікірталастыру 

күрделеніп  барады.  Үкімет  табиғи 

ресурстар 

эксплуатациясын 

кү-

шейтіп,  жаңа  экстрактивизм  сы-



ны  қалыптаса  бастады.  «Жаңа 

экстрактивизм»  табиғи  ресурстарды 

пайдалануға  негізделген  капитал 

жинау  үлгісіне  айнала  отырып, 

жергілікті 

және 


шаруашылық 

ұйымдардың 

әлеуметтік-аумақтық 

қозғалыстарындағы саяси аппараттың 

негізгі  ұғымына  айналды.  Ірі 

инвестициялар  (ірі  кәсіпорындар) 

арқылы 

шикізат 


экспортымен 

және  аумаққа,  экожүйеге  қауіп 

төндірумен 

сипатталатын 

жаңа 

Мапуче Аргентинадағы кен өндіруге 



наразылық білдіруде.

>>

түскен табыстың дауы

экстрактивизм 

ашық 


тау-кен 

өндірісін,  көмірсутегін  пайдалануды, 

ормандардың 

жойылуына 

алып 

келетін 


балық 

шаруашылығын 

дамытуға бағытталған үлкен су электр 

стансаларының  салынуын,  ауыл 

шаруашылығын  (соя,  пальма  майы, 

биожанармай сынды трансгенді өнім) 

қамтиды.

Капитал  жинақталуының  осы 

кезеңін «шикізат келісімі» деп атадым 

(Svampa,  2011,  2013).  1990-шы 

жылдармен  салыстырғанда  Латын 

Америкасының 

экономикасына 

әлемдегі 

шикізат 

бағасы 


оң 

ықпал  етуде.  Латын  Америкалық 

үкіметтер  экономикадағы  шикізат 

бағасына  қатысты  тенденцияның 

артықшылығын  қолдап,  теңсіздіктің 

жаңа түрлері мен халықаралық еңбек 

бөлінісі  және  аумақ  негізінде  орын 

алатын  экологиялық,  экономикалық 

және 

әлеуметтік 



сәйкессіздікті 

ескермеді.  Мемлекеттердің  басым 

бөлігі  мұндай  даму  үлгісінің  кері 

әсерін көрсететін сын мен әлеуметтік 

қарсылықты  елемей,  нәтижелі  даму 

жолы ретінде қабылдады. 



 27

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

  «Шикізат  келісімі»  аймақтың 

шикізат 

өндірісіне 

қайта 

оралуын  айқын  көрсетеді.  Латын 



Америкасының  негізгі  тұтынушысы 

болып  табылатын  Қытай  Халық 

Республикасының  осы  процестегі 

орны  ерекше.  Қытай  –  2013 

жылы  Чили  мен  Бразилияның 

шикізат  экспортының  басым  бөлігі 

жеткізілген  ең  негізгі  ел.  Ал, 

Аргентина,  Перу,  Колумбия  және 

Куба  елдерінің  шикізат  экспорты 

көлемі  бойынша  екінші  орында, 

Мексика, 

Уругвай, 

Венесуэлла 

үшінші орында (Slipak, 2014).



> Шикізат келісімінің кезеңдері

Шикізат  келісімі  бірнеше  кезеңнен 

өтті.  Оның  бастамасы  Латын 

Америкасы  қоғамы  мен  экономика 

жүйесінде күрделі өзгерістерге алып 

келген неолибералды жаһандану мен 

1990-шы  жылдардағы  Вашингтон 

келісімінде  жатыр.  Мемлекеттер 

трансұлттық 

компаниялар 

мен 

тау-кен  өндірісіне,  мұнай  игеруге, 



трансгенді  дақылдарды  өсіруге  жол 

ашқан жаңа заңдарды қолдады. 

1990-шы  жылдардың  соңында 

Боливия,  Эквадор,  Аргентина  және 

басқа  елдерде  неолибералдыққа 

қарсы  қоғамдық  қозғалыстар  пайда 

болды. 

Осындай 


процестерден 

қалыптасқан  прогресшіл  үкімет-

тер 

сыртқы 


шектеулер 

мен 


келіспеушіліктерге қарсы тұра алды. 

2003  жылы  шикізатқа  халықаралық 

сұраныс  пен  бағаның  өсуі  кезінде 

жоғары  кіріс  пен  салыстырмалы 

артықшылықтарды біріктіре отырып 

Шикізат Келісімі де кеңейді. Бірінші 

кезең  кен  игерумен  байланысты 

келіспеушіліктердің  пайда  бола 

бастауымен  және  мемлекеттердің 

трансұлттық 

компаниялармен 

жаңа  байланыстарды  орнатуымен 

сипатталады.  Он  жыл  ішінде 

ұлттық  қарсылыққа  қарамастан 

кен  игеру  жобалары  көбейіп, 

трансұлттық  корпорациялар  халық 

шаруашылығында  негізгі  орынға  ие 

болды.  


2009-2010  жылдарда  екінші  кезең 

басталды.  Осы  кезең  кен  игеру 

жобаларының 

көбейе 


түсуімен 

сипатталады:  Бразилияның  Қарқын-

ды экономикалық даму бағдарламасы 

Амазонкада  бірнеше  су  бөгетін 

салуды 

көздейді; 



Боливияның 

gran  salto  industrial  немесе  үлкен 

өнеркәсіптік  секірісі  кен  игерудің 

(газ,  литий,  темір,  агроөнеркәсіп) 

бірнеше жобасын ұсынады; Эквадор 

ірі  тау-кен  өндірісін  дамытады; 

Венесуэланың  Стратегиялық  жос-

пары  Ориноко  аймағында  мұнай 

игеруді  кеңейтеді;  Аргентинаның 

2010-2020 

жылдарға 

арналған 

Ауыл  шаруашылық  өнімдерінің 

стратегиялық  жоспары  соя  өсіруді 

60%  арттыруды  және  тау-кен 

өндірісін дамытуды жоспарлап отыр.

Тау-кен 

өндірісі 

әлеуметтік-

экологиялық  наразылықтың  тууы-

на  түрткі  болды.  Латын  Аме-

рикасындағы 

тау-кен 

өндірісі 

келіспеушіліктер 

обсерваториясы 

ақпаратына  сай  2010  жылы  Латын 

Америкасында  150  қауымдастықты 

қамтыған  120  келіспеушілік  орын 

алды. 2012 жылы 173 жобаға қатысты 

212  қауымдастыққа  ықпал  еткен 

161  келіспеушілік  болды.  2014 

жылы келіспеушілік саны 198 жетіп, 

296  қауымдастықтағы  207  жоба 

негізінде  орын  алды.  2015  жылдың 

сәуіріндегі  ресми  ақпарат  бойынша 

218  жобаға  қарсы  208  келіспеушілік 

312  қауымдастыққа  кері  ықпалын 

тигізген. Қақтығыстар ең көп болған 

ел – Мексика (36 келіспеушілік). Одан 

кейін Перу (35), Чили (34), Аргентина 

(26),  Бразилия  (20),  Колумбия  (13), 

Боливия (9), Эквадор (7) (

http://www.

conflictosmineros.net/

).

Бұл кезеңде әлеуметтік-экологиялық 



және аумақтық күрес жергілікті саясат 

аумағынан  шығып,  ұлттық  сипатқа 

ие  бола  бастады,  яғни  Боливияның 

Isiboro 


Sécure 

ұлттық 


паркін 

және  жергілікті  халық  шоссенің 

салынуына  қарсы  болып  отырған 

жергілікті  аумақты  (TIPNIS)  қорғау; 

Бразилияның Belo Monte су қоймасын 

салуға  қарсылық;  Аргентинаның 

бірнеше аймағында тау-кен өндірісіне 

қарсы  күрес;  2013  жылы  Эквадорда 

Yasuní-ITT 

бастамасының 

және 

Интаг  аймағы  милитаризациясының 



тоқтатылуы. 

Неолибералдар 

не 

консерваторлар  басқарып  отырған 



елдерде  де  толқулар  көрніс  табуда. 

2011-2013 

жылдар 

аралығында 



Перудің  Конго  аумағында  кен  игеру 

жобасына  наразылықта  25  адам 

қайтыс  болды.  Қудалау  мен  зорлық 

көрсетудің  артқанына  қарамастан 

Мексикада тау-кен өндірісі мен дамба 

салуға қарсы күрес жалғасты.

Үкіметтердің басым көбі қылмысқа 

жол беріп, қарсылықты баса отырып

жергілікті  және  байырғы  халықтың 

саясатқа араласуын шектей отырып, 

кен игеруді қолдауда. 

Табиғи 


ресурстарды, 

шикізат 


пен 

аумақтарды 

пайдаланудың 

кеңеюі  ұжымдық  және  экологиялық 

құқықтарды шектеді, сонымен қатар 

тәуелсіздік  туралы  пікірталастар 

негізінде  Боливия  мен  Эквадор 

мемлекеттері 

тұрғындарының 

үміттерін  үзді.  Дискурс  пен  әрекет 

арасының  алшақтауы,  кен  игеруге 

қарсы күрестің қылмысқа белшесінен 

батуы  демократиялық  шегіністі 

көрсетіп отыр: прогресшіл үкіметтер 

классикалық популистік және ұлттық 

даму үлгісіне негізделген басқарудың 

дәстүрлі тәртібіне өтуде. 

Хаттарды  Маристэлла  Свампаға 

maristellasvampa@

yahoo.com

 жолдауға болады.

Сілтеме


Slipak, A. (2014) “Un análisis del ascenso de China y 

sus vínculos con América Latina a la luz de la Teoría de 

la Dependencia.” Realidad Económica 282: 99-124.

Svampa, M. (2011) “Modelo de Desarrollo y cuestión 

ambiental en América Latina: categorías y escenarios 

en disputa,” in F. Wanderley (ed.), El desarrollo en 

cuestión. Reflexiones desde América Latina, CIDES, 

OXFAM y Plural, La Paz. 

---------- (2013) “Consenso de los ‘Commodities’ y 

lenguajes de valoración en América Latina” in Nueva 

Sociedad, 244.


 28

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

>>

> Эквадордағы



   

 

экстрактивизм 

Уильям Захер және Мишель Баэс, ФЛАКСО (Латын Америкасының әлеуметтік ғылымдар 

институты), Эквадор

Тундаймада ашық әдіспен кен өндіру үшін болашақ Мирадор мыскеніші

тұрағын салу. Замора-Чинчипе, Эквадор. Суретті түсірген Омар Ордонес.



2

007  жылы  президент  Рафаэль  Корреа  La  Rev-

olución  Ciudadana  (Азаматтық  революция) 

жаңа  саяси  бағдарламасымен  аймақтық  және 

халықаралық  қызығушылық  тудырды.  2008 

жылы Құрылтай қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 

жаңа  Конституцияны  бекітті,  ал  2009  жылы  үкімет 

ұсынған  дамудың  алғашқы  жоспары  (Plan  Nacional 

para  el  Buen  Vivir,  Жақсы  өмірдің  ұлттық  жоспары) 

«Оңтүстік  елдері  үшін  қауіпті  бағыт  болып  табылатын 

өндіру жолын жалғастыру мүмкін еместігін» мойындай 

отырып,  дамудың  үстем  парадигмасынан  бас  тартты. 

Сондай-ақ,  жаңаYasuní-ITT  бастамасы  халықаралық 

Жаңа Өмірге қарсы

қауымдастық  бөлетін  қаржыға  айырбас  ретінде 

эквадорлық  Амазонияда  мұнай  өндіруді  тоқтатып, 

пост-экстрактивизм  Эквадорын  құруға  бетбұрыс 

жасайтынына уәде берді. La Revolución Ciudadana саяси 

жобасын  жүзеге  асыра  бастағаннан  жеті  жыл  өткеннен 

соң тау-кен өндірісі мен мұнай игеру салаларында Корреа 

саясатының нәтижесі қандай? Алғашында берілген уәде 

мен үміттен не қалды? 

> Игеру аймақтарының кеңеюі

Соңғы  бірнеше  жыл  ішінде  президент  Корреа  кен 

орындарын  игеру  аймақтарын  кеңейту  туралы  үнемі 


 29

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

айтуда.  Мұнай  саласында  мұнай  бағасын  ұсынудың 

соңғы екі раундында Амазонканың үш миллионнан астам 

гектарын игеруге жаңа жағдайлар пайда болды. 2013 жылы 

Эквадор ITT бастамасынан бас тартып, байырғы халықтың 

және еркін оқшауланған адамдар тобының қонысы болып 

табылатын  Ясуни  ұлттық  паркінің  бір  бөлігі  кен  игеруге 

ашық  болатындығына  емеурін  танытуда.  Осылайша,  2009 

жылдан бастап үкімет кен игерудің ірі жобаларын қолдауда. 

Жобалардың  басым  бөлігі  Эквадорды  тау-кен  өндірісі 

еліне  айналдыруды  мақсат  еткен  неолибералдық  кезеңде 

қабылданды. Қазіргі таңда мыс және алтын кен орындарын 

игерумен  айналысатын  он  шақты  жоба  сезімталдығы 

жоғары, яғни байырғы халық территориясы мен табиғаты 

өте бай аумақтарда жүзеге асырылып жатыр.

Тау-кен өндірісі жобаларының маңыздылары трансұлттық 

компанияларға тиесілі: Интаг жеріндегі Yurimagua жобасы 

тиесілі  Чилидің  Codelco  компаниясы;  Канададағы  «заңды 

айлақтан»  эквадорлық  активтерін  еселендіріп  отырған 

Lundin  Mining,  Cornerstone  және  Dynasty  Metals  сияқты 

теу-кен өндірісімен айналысатын канадалық компаниялар; 

Қытай  мемлекетінің  меншігіндегі  Tongling  және  China 

Railways компаниялары. Тау-кен өндірісімен айналысатын 

мемлекеттік  ENAMI  (Empresa  Nacional  Minera) 

компаниясының  құрылғанына  қарамастан  Эквадор  қазба 

байлықтарының игерілуіне еш қадағалау жүргізе алмайды.

Мұнай  саласында  жаңа  үкімет  келісімшарттарды  қайта 

қарастыра  және  мемлекеттік  компаниялардың  қатысу 

шекарасын кеңейте отырып, мұнай сатудан мемлекет кірісін 

көбейтті.  Дегенмен,  мұнай  өндірудің  жаңа  аймақтары 

шетелдік  компанияларға  арналған.  Сонымен  қатар,  соңғы 

бес жылдың ішінде Эквадор қытай банктерінен $10 млрд 

қарыз  алған  және  бұл  Эквадордың  мұнай  өндірісінен 

алшақтауына  ықпал  етті,  себебі  қытай  компанияларының 

қарызы  мұнай  баррелімен  қайтарылуда.  Сондықтан, 

игерілген  Эквадор  мұнайының  90%  осы  қарызды  өтеуге 

жұмсалады деп күтілуде.

> Тартып алу арқылы жинақтау

Мұнай және тау-кен өндірісі аумақтарында компаниялар 

мен  мемлекеттік  органдар  Revolución  Ciudadana 

қалыптастырған  құқықтық  негізді  қолданады.  Rev-

olución  Ciudadana  ірі  көлемді  игеруді  ұйымдастыруға 

бағытталған  материалдық  шарттарды  бекіту  үшін  кен 

өндіруші компаниялардың құрал-жабдықтарын алу және 

адамдардың жерін тартып алуға негізделген.

Бұл  процестер  –  Дэвид  Харви  ұсынған  «тартып  алу 

арқылы жинақтауының» жарқын мысалы - соңғы 40 жыл 

ішінде эквадорлық Амазонияда мұнай өндіру нәтижесінде 

орын  алған  табиғи  және  әлеуметтік  апаттардың 

болашақта  өршуі  алдындағы  қорқыныштан  кен  игеруге 

қарсы  қозғалыстардың  (қайта)  жандануына  алып 

келді.  Әлеуметтік  қозғалысқа  қосылғандар  қатарында 

шаруалар,  Cordillera  del  Condor  мекен  ететін  сараяку, 

шуар  және  метистер  сияқты  байырғы  халықтар,  Интаг 

және  Пакто  ылғалды  ормандарында  өмір  сүретіндер, 

Парамо тұрғындары және Ясуни ұлттық паркін пайдалану 

бойынша бүкілхалықтық референдум (Сайлаудың ұлттық 

кеңесі қолдау көрсетпеді) өткізуді талап еткен Yasunidos 

сияқты қалалық ұйымдар бар.



>  Әлеуметтік  наразылықтың  маргиналдануы, 

репрессиясы және қылмыстық сипаты

Қозғалыстардың  кен  игеру  саясатын  сынауын  Үкімет 

қабылдамады.  Мемлекеттік  пресс-релиздерде  де,  сенбі 

күні  президент  Корреа  сөз  сөйлейтін    бағдарламада  да 

(Sabatinas),  мемлекеттік  БАҚ  та  кен  игеруге  қарсылық 

білдіргендерді «балалықпен» теңеп, кен игеру «даму» мен 

«прогрестің» жалғыз жолы ретінде сипаттайды.

Қылмыстық құқық кен игеруге қарсылық білдірушілерді 

абақтыға қамау құқығын берді. Қозғалыс қатысушыларын 

қамауда  ұстау  үшін  «терроризм»  және  «диверсия» 

ұғымдары  кең  қолданылды.  Басқа  да  заңнамалық 

құралдар  (мысалы,  Codigo  16)  Амазония  халқын  мұнай 

компанияларымен  қарсы  күресте  қолдаған    Pachamama 

сияқты үкіметтік емес ұйымдарды жабу үшін қолданылды.

Тау-кен  өндірісі  мен  мұнай  өндіруді  жүргізіліп  жатқан 

аймақтарда полиция мен әскердің көбеюі жергілікті халық 

арасында қорқыныш сезімін ұялатты және бірнеше өлімге 

де  алып  келді. Сын  айтатын  белсенділер мен  азаматтық 

қоғам қорыққаннан үнсіз қалды және кен игеру үлгісіне 

қатысты ашық пікірталас алаңы мүмкін емес болды.

Ірі  көлемде  кен  игеру  немесе  мұнай  өндіруді  капитал 

жинақтау  үшін  пайдалану  процесіне  өз  құралдарын 

ензігетін  мемлекеттерді  «минералды  елдер»  не 

«мұнай  елдері»  деп  басқа  жұмысымызда  (Захер,  2010) 

анықтағанбыз.  Revolución  Ciudadana  саяси  жобасын 

жүзеге  асыру  барысында  Эквадор  мемлекеті  аталған 

әрекеттердің  дамуына  қажетті  материалдық  және 

әлеуметтік  жағдай  туғызып  отыр.  Соңғы  бірнеше  жыл 

ішінде  Рафаэль  Корреа  Эквадор  неолиберал  мемлекетін 

өзгеріске  ұшыратты:  ел  аумағында  орын  алмаған 

минералды және мұнай еліне айналдырды.

> «Buen Vivir»-ден не қалды?

Корреа  мен  оның  үкіметі  ұсынған  кен  игеру  саясаты 

ресми  құжатпен  (бағдарлама)  сай  келмейді.  Ресми 

баяндамалар  «даму»  үлгісі  мен  экономикалық  өсуді, 

адам мен табиғатты қанауды сынап, кен игеруді тоқтату 

керектігін  талап  етеді.  Бірақ,  үкіметтің  нақты  өмірдегі 

әрекеті  2008  жылғы  Конституция  рухын  көрсетпейді. 

Үкімет  тау-кен  өндірісімен  және  мұнай  игерумен 

айналысатын компаниялар табиғи ресурстарды қолдануға 

«жауапты» және бүгінгі таңда кен игеру ертеңгі болашақ 

үшін қажетті қадам екенін айтуда. Эквадорлық философ 

Дэвид  Кортес  Корреаның  «Sumak  Kawsay»  (Buen  Vivir) 

дамудың жаңа парадигмасын ұсынбағанын, агрессиялық 

кен игеру саясатын заңдастыру құралы не биліктің жаңа 

тәсілі болғанын көрсетеді. 

Хаттарды  Уильям  Захерге 

william.sacher@mail.mcgill.ca

  және  Мишель  Баэске 

bamic@gmail.com

 жолдауға болады.

Сілтеме

Sacher, W. “The Canadian mineable pattern: institutionalized plundering and impu-



nity.” Acta Sociológica 54, January-April 2010, pp. 49-67.

 30

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

>

 

Мексикадағы

   қауымдар  

күресі

Мина Лорена Наварро, Пуэбладағы Benemérita автономды университеті

C   

оңғы  он  бес  жылда  Мексикада  қоршаған 

ортаны  қорғау  күресі  өршіп  тұр.  Мұны 

Маристэлла 

Свампа 

(2013) 


«шикізат 

келісімі»  деп  атады,  яғни  жалпыға  ортақ 

табиғи  ресурстардың  қолжетімділігі,  оларды  қадағалау 

мен  басқарудағы  келіспеушіліктер.  Күрес  негізінде  үш 

процестің  қатысуымен  капитал  жинау  үшін  қоғамдық 

байлықты тауар ретінде игеру жатыр (Наварро, 2015): 

• Ауылдағы шағын кәсіпкерлік пен шаруа қожалықтарының 

мүддесі ескерілмейтін трансұлттық азық-түлік саласында 

жаңа агроөндірісін құру

>>

• Жаңа кен игерумен байланысты жолдардың, порттар мен 



әуежайлардың, темір жолдар мен туристік ірі жобалардың 

кеңеюі және ұлғаюы; 

•  Егіншілік  пен  қорғауға  алынған  аймақтарға  қауіп 

төндіріп  тұрған  ірі  инфрақұрылымдық  жобалар  мен 

қалалардың үлкеюі нәтижесінде әлеуметтік құрылымның 

бөлшектенуі.

Биліктің  түрлі  деңгейі  және  ұйымдасқан  қылмыспен 

ұлттық және трансұлттық капитал одағы негізінде осындай 

Сантьяго өзеніндегі өлі балық, Мексика.


 31

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

өзгерістер орын алды. Кооптациялардың қатысуымен заң 

стратегиялары қауымдарды қадағалай және бөле отырып, 

пайдалану мен маркетингтің жаңа салаларын қолдауда. 

Ортақ  ресурстарды  қорғау  күресі  қатысушыларына 

қатысты зорлық пен қамауға алу да күрт өсті. Мексиканың 

қоршаған ортаны қорғау құқығы орталығы (CMDA) 2005-

2013  жылдар  аралығында  қоршаған  ортаны  қорғаушы 

44  азаматтың  өлтірілгені,  қылмыстың  16  жағдайы, 

14  заңсыз  күш  көрсету  және  64  заңсыз  қамауға  алу 

орын  алғанын  хабарлады.  Қарсылық  қозғалысын  басу 

талпынысына  қарамастан,  жергілікті  және  шаруашылық 

қауымдастықтар, соңғы уақытта қалалық тәуелсіз топтар 

да  Мексиканың  түкпір-түкпірінен  қарсылық  көрсетуін 

жалғастырды.  Ауылдық  бірлестіктер  орындарынан 

жылжуына  және  күнкөріс  көзінен  айырылуға  себеп 

болатын су электр стансаларын салуға тыйым салу үшін 

стратегиялық күш көрсете бастады. Геррерода Эхидо мен 

қауымдар  одағы  (CECOP)  Парота  су  қоймасын  салуға 

қарсы он екі жылдық сәтті кампаниясымен әйгілі. 

Осы он бес жыл ішінде Мексика үкіметі ашық тау-кен 

өндірісі мен сланц газын алу үшін 24 000 концессия бөлді. 

Шаруа мен жергілікті қауым арасында қарсылық тудырған 

тағы  бір  мәселе  –  гендік  модификацияланған  өнім. 

Орын алған наразылыққа қатысты сот процесінде гендік 

модификацияланған  жүгеріні  өсіруге  корпорацияларға 

тыйым  салу  шешімі  қабылданды.  Күрестің  тағы  бір 

себебі  –  шикізат  тасымалын  арзандатуға  бағытталған 

жол, темір жол, порт және әуежай инфрақұрылымдарын 

дамытуға  бағытталған  жобалар.  Эстадо  де  Мехикодағы 

Атенко жерлерін қорғау үшін құрылған Халықтық майдан 

2001 жылы тағы да бір рет Мехикода жаңа халықаралық 

әуежайдың  салынуына  қарсылық  білдірді.  Туристік  ірі 

жобалар табиғаты өте бай аймақтар мен шаруалар және 

балық аулаушылар қауымына қауіп төндіруде. Cabo Pul-

mo  қауымдастығының  күресі  әлемдік  маңызды  коралл 

рифтерінің  жойылуына  алып  келетін  жобаға  қарсы 

күрестің символына айналды. 

Мехико және Пуэбло сияқты қалаларда қорғауға алынған 

немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерде 

инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуына қарсы он 

шақты қозғалыс әрекет етуде. Аймақтардың басым бөлігі 

ашық  жатқан  қоқыс  пен  зиянды  қалдықтардан,  уланған 

өзендер  мен  су  ағыстарынан  зардап  шегуде.  Кен  өндіру 

салдарынан мыс сульфатының 40 млн литрі Мексиканың 

солтүстігіндегі  Сонора  өзеніне  төгіліп,  23  000  тұрғынға 

зиян келтірді. Тұрғындар Grupo México қарсы Бірлескен 

майданға  бірікті.  Сондай-ақ,  мемлекеттік  мұнай 

компаниясы PEMEX игеруде бірқатар жарылыс пен улы 

заттардың таралуы орын алды. 

Қауымдастықтар  кейде  аумақтарын  сақтап  қалмаса 

да,  кейбір  жағдайларда  ірі  жобалардың  толық  немесе 

уақытша тоқтатылуына себепкер болды. Бұған ұжымдық 

өзін-өзі  ұйымдастыру  мен  басқарудың  дәстүрлі  түрлері 

ықпал  етті.  Мысалы,  Мичоакандағы  Херан  жергілікті 

қауымы  ұйымдасқан  қылмыс  және  ағаш  кесушілерден 

қорғана отырып, ормандардың жойылу қаупін тоқтатты.

Әрине, бұл күрес капиталистік даму қаупі тұрғысынан 

үлгі  аларлық  және  адами  және  адами  емес  өмірді 

қайта  өндіруді  қорғаудың  мүмкін  жолдарын  көрсетуші 

болды.  Күрестің  екі  мақсатты  саяси  бағдары  бар:  өз 

қауымдастықтарымызды өзгертуге бағытталған саясатты 

қайта  ассигнациялау  және  өмірді  символдық  және 

материалдық  қайта  өндіру  жағдайын  қайта  қарастыру. 

Ортақ  байлықты  бөлу  және  қорғау  –  адам  күнкөрісінің 

негізі,  алайда  қауымдар  мен  бірлестіктердің  ортақ 

байлыққа  қолжетімділік  пен  пайдалануды  қадағалауға 

жіберілуі не жіберілмеуі – адам өркениеті қазіргі заманғы 

дағдарысындағы басты мәселе. 

 

Хаттарды Мина Наварроға 



mina.navarro.t@gmail.com

 жолдауға болады.

Сілтеме

Navarro, M. L. (2015) Luchas por lo común. Antagonismo social contra el despojo capi-



talista de los bienes naturales en México. Mexico: ICSyH BUAP/ bajo tierra ediciones. 

Svampa, M. (2013) “Consenso de los ‘Commodities’ y lenguajes de valoración en 

América Latina” in Nueva Sociedad, 244. 


 32

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал