Кооперациялық балама > Үндістандағы ең көне жұмысшы кооперативі



жүктеу 0.69 Mb.

бет3/7
Дата24.02.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

> Уралунгал:

Мишель Уильямс, Витватерсранд университеті, Оңтүстік Африка Республикасы, ХӘҚ Еңбек 

қозғалысын зерттеу комитетінің мүшесі (ЗК44)



Ү  

ндістанның 

Керала 

штатында 



ғажайып 

бір  жұмысшылар  ко-

оперативі  90  жылдан 

бері  экономистердің  түрлі  сыни 

болжамдарына  қарамастан,  жемісті 

өмір  сүріп  келеді.  Уралунгал  Еңбек 

шарты  кооперативі  қауымдастығы 

(УЕШКҚ)  2000  мүшесі  бар  жұмыс-

шылардың  ұжымдық  меншігіндегі 

қуатты  құрылыс  кооперативі  жол, 

көпір  күрделі  тұрғын  ғимараттарды 

салумен  айналысады.    Солтүстік 

Кераладағы  Малабар  аймағында 

орналасқан 

ауылдың 

атымен 


аталған  Уралунгал  экономикалық 

ынтымақтастықтың 

демократия, 

теңдік,  ынтымақтастық,  әділдік 

және  интеграциялық  желі  сияқты 

сипаты жергілікті баламалы өндірісте 

көшбасшы  болып  табылады.  Бұл 

қағидалар  кооператив  діңгегіне 



Үндістандағы ең көне жұмысшы кооперативі

оның  мүшелерінің  этосы  арқылы 

енгізілуімен  қатар,  жұмысшылар 

қауіпсіздігі,  жақсы  жалақы  және 

ынталандыруды басты мақсат тұтатын 

ортақ  жарғы  негізінде  қалыптасқан. 

Мұны  жүзеге  асыру  үшін  тіпті 

қатал бәсекелестік пен пайда табуға 

бағытталған  келісімшарттар  кезінде 

демократиялық  жұмыс  жағдайын 

үйлестіріп,  игіліктерді  тең  бөлу 

мәселелерін шешу қарастырылған. 

УЕШКҚ  тың  демократиялық 

және  эгалитарлық  қағидаларды 

ұстануы  ХХ  ғасырдың  басындағы 

қалыптасу 

жылдарынан 

бастау  алады.  1930  және  1940 

жылдары  Малабарда  шаруалар 

мен  жұмысшылардың  қуатты 

қозғалыстары  белең  алып,  ұлттық 

қозғалыстар  радикалды  сарынға 

ауысып,  Коммунистік  партия  осы 

аймақта  гегемон  ретінде  пайда 

Үндістандағы Уралунгал көне жұмысшы кооперативіндегі құрылыс.

бола  бастағанда  Уралунгал  саяси 

ойындар 

ошағына 


айналды. 

Кооперативтің қалыптасу жылдары 

Малабардың осылай радикалдануы 

мәселені  демократиялық  жолмен 

шешіп,  әлеуметтік  мақсаттарды 

алға 


тартқан, 

экологиялық 

тазалықты  пір  тұтқан  және 

ұжымдық  өндіріске  бағытталған 

баламалы  экономика  этосының 

құрылуына  ықпал  еткен  болатын. 

Жылдар бойы аталмыш кооператив 

өзінің  демократиялық  ұйымдасуы, 

ұжымдық  шешім  қабылдау  және 

баламалы этосын пайдадан жоғары 

қоюын  әрбір  жаңа  мәселелерді 

шешуде пайдаланған.

Көптеген  экономистер  тіпті  жұ-

мысшы кооперативтері пайда болып, 

аман қалып, одан әрі дамығанымен, 

олар  өз  жұмысшыларын  басқару 

қағидаларын  жоғалтып,  қарапайым 


 15

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

капиталистік  компанияларға  ыды-

рап  кетеді  деп  жорамалдаған  бола-

тын. Мұндай дәйектерге қарамастан, 

УЕШКҚ 

сияқты 


жұмысшы 

кооперативтердің тұрақты өнімділігі 

болашақ тәжірибе үшін шабыт беріп, 

сабақ болды.

УЕШКҚ  жетістігінің  негізгі 

себебі  кооператив  ішіндегі  шешім 

қабылдауға 

қатыстылық 

пен 

тікелей  демократия  қағидаларын 



берік  ұстануында.  Әрі  қарай 

мақалада жетістікке жету жолында 

шешім 

қабылдауға 



қатысу 

демократиясының  орнына  көңіл 

бөлемін.

> Шешім қабылдау және 

Жұмысшы демократиясы  

Кооперативтер  қалайша  қатаң 

үйлестіру мен тиімді өнім өндіруді 

қарапайым  капиталистік  тәртіпті 

орнату 

және 


ынталандыру 

тәсілдерінсіз  жүзеге  асырады? 

Кооператив  жұмысшылар  мен-

шігінде болғандықтан, бастықтар өз 

бұйрықтарын қалайша орындатып, 

жұмысшылардың өз жұмыс орнын 

тастап  кетпеуін  қалай  қамтамасыз 

етеді? УЕШКҚ шешім қабылдауға 

қатысу  мен  иерархиялық  сатыны 

құқықтық тұрғыдан қалай реттейді? 

Осы  сұрақтарға  жауап  беру  үшін 

УЕШКҚ  тәжірибесіне  жалпы 

тиімділік  және  жұмысшылардың 

басқаруға  қатысу  үрдісін  дамыту 

тұрғысынан қарауымыз керек.

УЕШКҚ  та  жылдық  жалпы 

жиналысында 

жұмысшылар 

директорлар  кеңесін  сайлайды 

және  өткен  жылғы  кооперативтің 

толық  баяндамасын  талқылайды. 

Бұл  жалпы  кездесу  –  тек  ресми 

шара  емес  және  директорлар 

кеңесін  тағайындау  алдын  ала 

шешіліп  қойған  мәселе  емес. 

Директорлар  кеңесі  сайланғаннан 

кейін,  оларға  жаңа  келісімшарттар 

жасау,  технологияларды  таңдау, 

жұмысшыларды  басқа  жұмыс 

орнына  тағайындау  және  т.б. 

күрделі  шешімдерді  қабылдауға 

автономия  беріледі.  Осылайша, 

директорлар  кооператив  ұйым-

дастырушыларын  таңдайды,  бұл 

– капиталистік корпорациялардағы 

сайланбайтын басшылар тарапынан 

тағайындалатын  менеджерлермен 

салыстырғанда, 

ұйымдастыру 

тәртібін  жұмысшылар  таңдайды 

деген сөз.

Құрылыс  алаңдарында  құры-

лыс  басшысы  ретінде  сол  жер-

дегі  жұмысшылар  арасында  ме-

неджерлік  қабілеттері  кеңінен 

танымал және сенім мен құрметке 

ие  адамдар  ғана  сайланады. 

Жұмыс  орнының  басшылары  мен 

жұмысшылары  еңбек  бөлінісі 

мен  жұмыс  алаңындағы  жұмысты 

ұйымдастыру  мәселелерін  бірге 

талқылайды  (мысалы  кооператив 

дайындайтын  түскі  ас  та  талқыға 

түсуі  мүмкін).  Барлық  жұ-

мысшылар  қабылданған  шешімді 

құптағандықтан,  оны  орындау 

жалпыға  міндет  болып  табылады. 

Жұмыс 


алаңы 

бастығының 

нұсқаулықтары мен өз міндеттерін  

орындамау 

және 

қаржылық 



заң  бұзушылықтар  орын  алған 

жағдайда  тиісті    тәртіптік  шара 

қолданылады.

Демократиялық  үрдістер  ко-

оператив 

ішіндегі 

толассыз 

коммуникациялар  арқылы  жүзеге 

асады. 

Жұмыс 


алаңдарының 

басшылары  директорлар  кеңесінің 

күнделікті 

жиналыстарына 

қатысады. Барлық жұмыс алаңының 

басшылары, 

кеңес 

мүшелері, 



техникалық 

қызметкерлер 

аптасына  бір  рет  жиналыста  бас 

қосса,  барлық  жұмысшылар  жаңа 

даму  бағыттарын  талқылап,  өз 

келіспеушілктерін  білдіре  алатын 

ай  сайынғы  жиынға  қатысады. 

Қаржы мәселесі толықтай жылдық 

жалпы  жиында  талқыланады. 

Көптеген  жиындар  уақыт  пен 

қуатты 

сарқығанымен, 



бұл 

ұжымдық  меншік,  ортақ  мақсат, 

ықпалдастық  сезімі  мен  жоғары 

өнімділікті қамтамасыз етеді.



> Басқаруға қатысу және 

нарықтық бәсекелестік   

Жеке  құрылыс  компанияларымен 

бәсекелестіктегі  УЕШКҚ  үшін 

негізгі 


мәселе 

кооператив 

жұмысшылардың 

ақысын 


қысқарту  немесе  арзан  әрі 

сапасыз  құрылыс  материалдарын 

пайдалану  арқылы  бағаны  түсіре 

алмайды.  Кооператив  әрдайым 

келісімшартты  адал  орындауды 

қасиетті  қағида  санаған,  соның 

арқасында өз беделін жоғалтпаған. 

Үндістанның  қоғамдық  жұмыс 

жобалары  өздерінің  жемқорлығы 

мен  айла  шарғысымен  белгілі 

болғандықтан,  бұл  артықшылық 

ерекше рөл ойнайды.

Кооперативтің 

бәсекеге 

қабілеттілігі  жаңа  технология, 

жұмысшылардың  еңбек  сүйгіштігі 

және  жауапкершілігімен  қам-

тамасыз 


етілетін 

жоғары 


еңбек  өнімділігінің  арқасында 

жүзеге  асады.  Бұл  –  құрылыс 

бизнесіндегі  аса  маңызды  ак-

тив.  Мысалы,  қарапайым  қиыр-

шық  тасты  жолдың  сапасы 

мен  құны  түрлі  жабындардың 

қалыңдығы, 

жерді 


тегістеу, 

гудрон  араластыру  және  металл 

қабатын  салумен  байланысты. 

Әрбір  қадам  жұмысшылардың 

жоғары  қабілеті,  ынтасы  мен 

жауапкершілігін 

талап 

етеді. 


Құрылыста бірқалыпты құрастыру 

үшін  көптеген  жұмысшылардың 

ынтымақтастығы қажет. Оған қоса, 

жұмысшылардың  жоба  мерзімін 

ұстану  ынтасы  мен  артық  шығын 

шығармау  қағидасы  кооперативтің 

жобаны  уақытында  тапсырып, 

жемісті  болуы  үшін  маңызды. 

Сондықтан, 

жұмысшылардың 

қабілеті  мен  жауапкершілігі  тек 

бастық  не  менеджердің  ғана  емес, 

сонымен  қатар,  кооперативтің  де 

активі  болып  табылады.  УЕШКҚ 

жомарт  сыйақы  пакеттері  мен 

тиімді  еңбек  жағдайын  сақтай 

отырып, 

шешім 


қабылдауға 

белсенді  қатысушылықты  не-

гізгі  басымдылық  ретінде  қалып-

тастырды.

Механикаландыру  жұмыс  алаң-

дарын  өзгертіп,  көптеген  жұмыс 

түрлері  қажетсіз  болды.  Сондай  ақ, 

механикаландырумен  байланысты 

қарқынды  өзгерістер  қауіпті  ескере 

отырып,  кооператив  демократияны 

тереңдету  үшін  үш  бағытты  жауап 

тапты:  ашықтықты  терең  сезіну, 

ашық  талқылау;  жұмысшылармен


 16

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

кері  байланысты  қайта  жаңғырту; 

жаңа  қабілеттерді  игеру  бағдар-

ламасын шыңдау.

Тағы  бір  жасырын  қауіп  – 

қазіргі  жұмысшылар  арасындағы 

жауапкершіліктің  бәсеңдеуі.  Осы 

уақытқа  дейін  көптеген  кооператив 

мүшелері 

оны 


құрғандардың 

туыстары  болатын,  ал  бүгінгі 

жұмысшылардың  басым  бөлігі 

кооперативпен  туыстық  байланысы 

да,  жергілікті  ауданға  қатысы 

дажоқ. 


Жылдық 

жиналысқа 

қатысушылардың  басым  бөлі-гі 

ондағы 


талқылаулардың 

сапа-


сына  күмәнмен  қарайды  және 

жұмысшылар 

басым 

бөлігі 


кооперативпен  туыстық  байланысы 

да,  жергілікті  ауданға  қатысы 

дажоқ.  Жылдық  жиналысқа  қаты-

сушылардың  басым  бөлігі  ондағы 

талқылаулардың сапасына күмәнмен 

қарайды 


және 

жұмысшылар 

УЕШКҚ  тың  ерекше  кооператив 

ретіндегі 

өміршеңдігі 

ондағы 


саясатқа байланысты. Ол қоғамдағы 

кооперациялану 

құндылықтарын 

нарықтық  құндылықтарды  ескере 

отырып дамытуы тиіс. 

Хаттарды  Мишель  Уильямсқа 

michelle.williams@wits.

ac.za


 жолдауға болады.

 17

GD

 VOL. 6 / # 1 / MARCH 2016



>>

> Мондрагон

   кооперативтері: 

Шарын Касмир, Хофстра университеті, АҚШ

Мондрагонның Fagor құралдарын шығаратын жетекші ірі 

кәсіпорнының банкротқа ұшырауы.

Қ

аржы  дағдарысы  мен  қатаң  үнемдеуге 

қарсы  наразылық  көтерілістері  тұсында 

АҚШ  пен  Еуропада  пайда  болып  жатқан 

капиталистік емес әлеуметтік байланыстар 

мен  ынтымақтастыққа  құрылған  экономикаға 

қызығушылық артуда: академиктер мен ондай жүйені 

қолдаушылар жұмысшылар иелік ететін кооперативтер 

жұмыс  орнын  сақтауға,  жұмысшылардың  билікті  өз 

қолына  алуына  және  ынтымақтастықты  дамытуға 

мүмкіндік беретінін алға тартады. Олардың ойынша, 

бұл  өзгерістер  –  социализмнің  бастауы  немесе 

кем  дегенде,  ондаған  жылдарға  созылған  уланған 

неолиберализмнен кейінгі анағұрлым демократиялық 

қарапайым капитализммен қайта қауышу. 

Мондрагон  өзге  кооперативтерден  тек  көлемі 

мен  жетістігі  бойынша  ғана  ерекшеленбейді. 

Кооперативтер  бірлестігі,  тіпті,  экономикалық 

дағдарыс  кезінде  Испанияның  Баск  аймағындағы 

өз  мүшелерінің  жұмыс  орындарын  сақтап  қалды. 

Ынтымақтастық этосын жариялай отырып, мүшелер 

жалақыны 

қысқарту 

жолдарын 

қарастырып, 

қажет  болса,  өзге  кооперативтер  арасында  осы 

қысқартуды  бөліседі.  Мондрагон  өзінің  ең  жоғары 

қызметтегі 

менеджерлерінің 

жалақысын 

ең 

төменгі  қызметкерлерге  қарағанда  тоғыз  еседен 



асырмайды.  Бұл  көрсеткіш  жалпы  Испаниядағы 

127  есе  айырмашылықпен  салыстырғанда  көңілге 

қонымдырақ.    Мондрагонның  еңбектің  капиталдан 

егемендігін  сақтау  қағидасы  жеке  салымдар  және 

жаңа  жобаға  инвестициялар  ретінде  жинақталатын 

Каха Лаборальдың артық ақшаны мүшелер арасында 

бөлуінен көрінеді.

Алайда,  Мондрагонды  шынайы  өмірдегі  капи-

тализмге  балама  ретінде  көрсеткісі  келетіндер  үшін 

қатардағы  жұмысшылар  мен  жұмыс  жағдайлары 

туралы мәселелер тек қосалқы деңгейде қалып отыр.

Кооперативтері  негізінен  Баск  аймағында  шоғыр-

ланғанымен, Мондрагон 1990 жылы әлемдік деңгейге 

ауысып, қазір, әсіресе пост социалистік және дамушы 

елдерде орналасқан және көбіне төмен жалақысымен 

ерекшеленетін,    жүздеген  шетелдік  субсидиялық 

(еншілес)  ұйымдары  мен  бірлестіктері  бар.  Бұл 

ұйымдар  жұмысшылар  меншігінде  емес  және 

жұмысшылар кооператив мүшелері сияқты құқықтар 

мен  артықшылықтарға  ие  емес.  Тіпті,  Испания  мен 

Баскінің  өзінде  өнеркәсіптік  және  бөлшекті  сауда 

жетістік пен сынақ


 18

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

кооперативтері көптеген уақытша әрі қысқа мерзімді 

жұмысшыларды  жалдайды.  Бүгінде  Мондрагон 

кәсіпорындарының  тек  жартысы  ғана  кооператив 

мүшелері болса, жұмысшыларының үштен екісі мүше 

емес.


2013  жылы  Фагор  Электродоместикос  2008  жылғы 

қаржы  дағдарысының  салдарынан  өзін  банкрот  деп 

жариялауы  Испанияның  үйге  қажетті  ұсақ  түйек 

нарығын таң қалдырды. Көп жылдан бері Мондрагон 

ақшасына  қаржыландырып    келген  Фагор  брендінің 

алты  елдегі  18  зауытының  жұмысы  бәсеңдегенде 

кооператив  одан  әрі  бұл  брендті  сақтауға  құлық 

танытпады.  Банкрот  нәтижесінде  дағдарысқа  дейін 

11,000 болған жұмыс орнының  5,600 босады.

Осы  жағдай  25,000  тұрғыны  бар  Мондрагонға 

жағымсыз әсер етті. Мондрагон мен оның маңындағы 

қалашықтардағы  Фагор  мүшелерінің  кейбірі  ерте 

зейнетақыға шықса, қалғандары өзге кооперативтерге 

ауысты,  ал  келісімшарт  жасасқан  жұмысшылар 

мен  Фагор  субсидиялық  компанияларының  3,500 

қызметкерлері олай қорғалмады. Басқа кооперативтер 

субсидиялық  компанияларының  жұмысшылары 

да  кооператив  мүшелері  сияқты  демократиялық 

құрылым,  артық  ақшаны  өзара  бөлісу  сияқты 

қағидаларды ұстанған болатын.

Польшаның Ворцлав қаласында 2008 жылғы төмен 

жалақы  мен  кәсіподаққа  қарсы  репрессияларға 

наразылықтар Фагордың үш деңгейлі  жұмыс күшін 

ұйымдастыру,  яғни  Баскідегі  кооператив  мүшелері, 

бүкіл  Испания  аумағындағы  уақытша  жұмысшылар, 

субсидиялық  компания  жұмысшылары,  үлгісі 

сұрақ  тудырды.  Жұмыс  орнының  сақталуы,  жақсы 

жалақы  және  жұмыс  орнындағы  қатысушылық  Баск 

аймағынан басқа жерлерде орындалатынына кепілдік 

бар ма?


Мондрагонның Қытайдағы еншілес кәсіпорындарын 

шетелдік  кооператив  иелігіндегі  зауыттармен 

салыстырып  зерттегенде,  жалақының  аз,  жұмыс 

уақыты ұзақ және ауыр жұмыс жағдайы анықталды. 

Дәл  капиталистік  бәсекелестері  сияқты  Мондрагон 

кооперативтері  арзан  еңбек  күшін  пайдалану  және 

қалыптасу  үстіндегі  жаңа  нарыққа  жақын  болу 

мақсатында  Қытайға  инвестиция  салып  жатыр. 

Бұл  –  кооператив  мүшелерінің  халықаралық  даму 

бағыттарын ұйымдастыру жиналысында дауыс берген 

стратегиясы.

Еншілес  кәсіпорындар  кооперативтерге  ауысуы 

мүмкін  бе?  2003  жылы  Кооператив  конгресінде 

қатыстылық  пен  демократияны  дамыту  мақсатында 

әлеуметтік  экспансияға  шақырғанымен,  түрлі 

елдердегі  құқықтық  шектеулер  мұны  қиындатып 

отыр.  Мондрагонның  коммерциялық  емес  ұйымы 

АҚШ  та  Біріккен  болат  балқытушы  жұмысшыларға 

кәсіподақтық  кооперативтерді  дамытуға  көмектесу 

және Питсбургта жаңадан комерциялық бағдарламамен 

жұмыс  жасау  арқылы  жаһандық  әлеуметтік 

экономика  желісін  дамытуға  ниетті.  Дегенмен, 

мақсаттары пайданы арттыру емес Басқ аймағындағы 

кооперативтер  мен  жұмыс  орындарын  сақтау  болса 

да,  Мондрагонның  еншілес  кәсіпорындары  әлі  де 

стандартты компаниялар сияқты әрекет етуде.

Көптеген сарапшылар Мексикалық жұмысшыларды 

оқытуы  мен  Галициядағы  жеке  кәсіпорындарды 

кооперативтерге  айналдырудағы  қосқан  үлестерін 

ескере  отырып,  Мондрагон  тобының  өзіне  мүше 

емес  қызметкерлеріне  де  құрметпен  қарайтынына 

сенім артады. Өзгелер Мондрагон кооперативтерінің 

әлемдік  стратегиясы  капиталистік  әлемде  өмір  сүре 

аламайтынын  алға  тартады:      кооперативтер  қатаң 

бәсекелестікке түскенде не капиталистік кәсіпорынға 

айналады не дағдарысқа түседі.

Дегенмен,  бұл  мәселелердің  ұзақ  тарихы  бар. 

1980  жылдардың  аяғында  цехтағы  жұмыс  жағдайы, 

шешім  қабылдауға  қатардағы  жұмыскердің  қатысуы 

кәсіподаққа  бірікен  жұмысшылары  бар  көршілес 

капиталистік зауыттан еш айырмашылығы жоқтығын 

байқадым. Сондай ақ, сол уақытта белсенді солшыл 

коалиция  мүшесі  болған  кооператив  мүшелерінің 

Баск  еңбек  қозғалысымен  ынтымақтастығының 

төмен  екенін  көрсетті.  Мондрагон  институт  ретінде 

мұндай  саясатты  қолдайтынын  дәлелдеді  және 

кооператив  мүшелері  өз  жұмыс  орындарын  сақтап 

қалса, жергілікті металл секторының жұмысшылары 

наразылықтарын жалғастырды.

Мондрагон  капитализмнен  тыс  жұмақ  болып 

көрінгенімен, 

оның 


тәжірибесінде, 

мүше 


жұмысшылар,  келісімшарт  жасасқан  жұмысшылар, 

арзанқол  жұмысшы  күші  және  жұмысшы  тап 

қозғалыстарын  назарға  алсақ,  маңызды  сабақ  болар 

дүниелер  көп.  Мондрагонның  жалпы  мағынадағы 

еңбек пен әлеуметтік қозғалыстардың құрылуындағы 

рөлі қандай және оның эгалитарлық импульстері саяси 

пікірді қалай бекіте алады? Мондрагон капитализмнен 

тыс  ойлау  бастамасын  ұсынуымен  қатар,  оның 

мысалындағы  өзі  жүзеге  асырып  отырған  баламалы 

бизнес үлгісін ұсынуы тап пен билік туралы күрделі 

сұрақтарды қарастыру үшін құнды болып табылады.

Хаттарды Шарын Касмирге 

sharryn.m.kasmir@hofstra.edu

 жолдауға болады.



 19

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

>>

> Грекияда делдалдарға



   қарсы күрес 

1              

930-жылдардағы 

амери-

калық  депрессия  кезін-дегі 



транзит    немесе  рецессия 

уақытында, 

шығысеуро-

палық  постсоциалистік  өтпелі 

кезеңде,  2001  жылы  Аргентинаны 

шарпыған 

дағдарыс 

тұсында 


жұмыскерлерге  кепілдік  ретінде 

ұсына  отырып,  жұмыс  орындарын 

сақтап  қалу  үшін  экономикалық 

дағдарысқа  бейресми  тойтарыс 

беруші ретінде (немесе стихиялық, 

тіпті  халықтық)  кооперативтер 

болатын жағдайға Грекия осыдан 6 

жыл бұрын тап болды. 2015 жылы 

Грекия  жұмыссыздық  деңгейі  бір 

жылда  27%  асып  түскен  ұзаққа 

созылған  рецессияға  ұшырағанда 

дағдарыс жағдайындағы күнделікті 

өмірдегі  әлеуметтік  тетіктері  мен 

саяси  салада  қолдауға  сүйенетін, 

жоғары  деңгейде  саясиланған 

бейресми 

кооперативтердің 

шоғырлануы  орын  алды.  Кейде 

«ынтымақтасу»  немесе  «балама» 

Теодорос Ракопоулос, Берген университеті, Норвегия

1

Салоникидегі картоп саудасы.



экономика деп аталатын әлеуметтік 

экономикаға негізделіп, Грекияның 

барлық 

түкпіріне 



шашырай 

орналасқан 

өзарабайланыстағы 

бұқаралық  бейресми  қозғалыстар 

радикалданудың  жаңа  толқынын 

алып келді.

Соңғы  бес  жылда  бейресми 

әлеуметтік  қозғалыстардың  осы 

бейресми  желісінің  дамуы  грек 

солшылдарының күннен күнге өсіп 

отырған  танымалдығымен  және 

билік  басына  Сиризаның  (әсіре 

солшылдар коалициясы) жақындай 

түсуімен 

тығыз 

байланысты. 



Соған  қарамастан  осы  жағдай 

белсенділер  арасында  екіұштылық 

туғызып 

отыр: 


Сиризаның 

сайлаудағы  жеңісі  мен  партияның 

жақында  үнемдеудің  жаңа  қатаң 

ережесін қабылдауына байланысты 

ынтымақтасу 

экономикасын 

жақтаушы 

белсенділер 

жаңа 

түйткілдерге тап болды.



> Әлеуметтік қозғалыстардың 

іс-қимылы

Негізінен  бейресми  кооператив 

топтардың маңайына топтасқан осы 

тәжірибелер  –  бартер  нарығы  мен 

таймбанктар,  сондай-ақ  әлеуметтік 

емханалар  мен  дәріханаларды 

әлеуметтік  қамтамасыз  ету  үшін 

ұйымдасу экономикалық аскетизмге 

балама  ұсынып  отыр.  Грекияның 

жұмысшы  табы  мен  төменгі  орта 

тап  тұратын  аудандары  әсіресе, 

2011  және  2014  жылдар  арасында 

бейресми 

кооперацияланудың 

айқын 

үлгілерін 



көрсетті. 

Салоникиде 

(көлемі 

жағынан 


Грекияның екінші қаласы) қаланың 

және  қала  маңының  көптеген 

тұрғындары  «делдалдыққа  қарсы» 

қозғалыстан ұтты.

Ерікті 

қатысушылар 



азық-

түлікті 


бөлуші 

бейресми 

кооперативтерді үйлестіре отырып, 

ауыл  шаруашылығы  өнімдерін 

өндірушілердің 

өз 


өнімдерін 

тұтынушыларға  ашық,  уақытша 

және  фермерлік  базарларда  сатуға 

көмектесті.  2012-13  жылдары 

Грекияда  осындай  80  топ  жұмыс 

жасады. 


Осы 

қозғалыстың 

шарықтап  дамып  тұрған  2013 

жылдың  екінші  жартысында  тек 

Салоникидің  өзінде  әр  жексенбі 

сайын мыңдаған адам келетін онға 

жуық «флеш» базар болды.

Делдалдарға  қарсы  қозғалыс 

азық  түлікті  бөлуді  басқаратын 

бейресми 

кооперативтердің 

маңайында ұйымдастырылды. Қала 

белсенділері кедей аудандар мен орта 

тап тұратын аудандарда, алаңдарда, 

көлік  тұрақтары  мен  саябақтарда 

фермерлік  базар  ұйымдастырды. 

Осындай  жедел  ұйымдастырылған 

базарлар  нарықтық  делдалдарды 



 20

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

бейтараптандыру 

үшін 

ұйымдастырылды. Алыпсатарларға 



кететін шығынды үнемдей отырып, 

жас  және  жаңа  өнімдерді  қол 

жетімді  етті.  Белсенділер  жақын 

орналасқан  ауылдық  жерлердегі 

фермерлермен байланысып, оларды 

базарға  шақырды,  ұзақ  мерзімге 

ынтымақтастық  орнатып,  қолдау 

көрсетті.

Белсенділер  тұрақты,  бейресми 

жұмысшы тәртіпті қалыптастырды: 

фермерлер жас өнімдерді саудадағы 

бағаның (алыпсатарлардың бағасы) 

жартысына  сататын  болды.  Осы 

қатынастар  фермерлердің  Алтын 

Арайға (қазір парламенттегі орнына 

байланысты  үшінші  партия  болып 

табылатын  неонацистік  партия) 

дауыс  бермеуін  және  нәсілшілдік 

саясатты  қолдамауын  ұсынатын 

келісім арқылы заңдастырылған.




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал