Кооперациялық балама > Үндістандағы ең көне жұмысшы кооперативі



жүктеу 0.69 Mb.

бет2/7
Дата24.02.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

> Бөлінген көшелер

Реформашыл блоктың консерватор элитаға қарсы жүйені 

түбегейлі  өзгертуге  алып  келмейтіндей  антогонистік 

әрекеттерді қолдануға үндеуге тырысуы радикалдардың 

арасында бөлінушілікті күшейтті. Жаһандық жылынудан 

зардап 


шеккен 

қауымдастықтардағы 

жағдайды 

жақсартуға мүмкіндік беретін қарапайым реформаларға 

консерваторлардың бөгет болуы және өз реформаларын 

популист реформаторлармен бірге қорғауы салдарынан 

радикал  желілер  мен  ұйымдар  екі  жаққа  бөлінді. 

Осылайша,  біреуі  жалпы  реформаторлармен  одақтар 

құрса,  екіншісі  популист    реформаторлармен  бірге  ең 

аз  дегенде  консерваторлар  бөгет  болған  шектелген 

реформалар  мен  жеңілдіктерді  қорғады  немесе,  тіпті 

жылжыта  бастады.    Осы  уақыттан  бастап  олар  ауа 

райының  дағдарысы,  бірінші  кезекте  капитализмнің 

жаһандық  реттелуінің  жоқтығынан;  мәселе  осындай 

реттеуді  жақсарту  арқылы  шешілуі  мүмкін;  және 

«дұшпандар»  –  тек  өндіруші  компаниялар  немесе 

«жаман»  капиталистер    ғана  емес,  сонымен  қатар 

жаһандық  реттеуге  қарсы  тұрған  «нашар»  элиталар 

деген  ойды  қайталап,  реформашыл  дискурсты  үдете 

түсті. Басқалар іргелі өзгерістерді қорғау немесе жүзеге 

асыруға  үміттеніп,  мұндай  одақтардан  бас  тартты. 

Олар  жүйені  реформа  жолымен  өзгерту  нәтижелерін 

толығымен жоққа шығармағанмен, жаһандық реттеудің 

болмауы  капитализмнің  өзіндік  қайшылықтарында 

жатыр; реттеуді жақсартуға қарамастан тек капитализмді 

жою  ғана  мәселені  шешеді;  «жақсы»капиталистер  мен 

«жақсы»  элиталарды  қоса  санағанда  «дұшпандар» 

мәнін  өзгертпей  «жүйені  өзгертуді»  жақтайды  дегенді 

ұсына  отырып,  реформашыл  дискурс  аясынан  шығуды 

ұсынады. 

Осылайша, майдан шегі ауа райының өзгерісі бойынша 

БҰҰ  саммитінің  «инсайдерлері»  мен  «аутсайдерлері» 

арасынан  ешқашан  өткен  емес  және  өтпейді  де,  ол 

мәжіліс залындағылар мен көшедегілер арасында жатыр. 

«Көшедегі  адамдар»  «билікті  әлемді  өзгертуге»  қалай 

мәжбүр  етеді  және  «мәжіліс  залындағы  адамдардан» 

үстем болатын жағдай көшеде кім жеңетініне байланысты 

болуы әбден мүмкін. 

Хаттарды Герберт Досенаға 

herbertdocena@gmail.com

 жолдауға болады.


 7

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

> Оңтүстік Африкадағы

   

 

күштеу демократиясы:

Карл фон Хольдпен сұқбат

>>

Карл  фон  Хольд  -  саяси  белсенді  және  ғылыми  тәжірибесі  мол  тұлға.  Ол  еңбекшілердің  Оңтүстік  Африка 



қоғамдық  қозғалысына  әмірі  жүріп  тұрғанда  Оңтүстік  Африка  Еңбек  жаршысының  редакторы  болған.  ОАКК 

(Оңтүстік  Африка  Кәсіподақтар  конгресі)  саяси  институтындағы  NALEDI-де    кәсіподақтар  болашағы  туралы 

ОАКК  комиссиясының  үйлестірушісі  ретінде  (1996-7)  қызмет  атқарған.  Соңғы  жылдары  Оңтүстік  Африка 

Ұлттық жоспарлау комиссиясында еңбекшілер өкілі ретінде қызмет атқарған болатын. Қазір Йоханнесбургтегі 

Витватерсранд университетінің жанындағы Жұмыс және даму институты қауымдастығының директоры. Оның 

көптеген еңбектерінің бірі Төменнен бастап ауысуОңтүстік Африкадағы кәсіподақ мәдениетінің қалыптасуы 



және  жұмыс  орнындағы  өзгеріс  мақаласы  Оңтүстік  Африканың  демократияға  өту  кезеңі  туралы  ең  маңызды 

сараптамалық  жұмыстардың  бірі.  Майкл  Буравоймен  бірігіп,  Бурдьемен  әңгіме:  Йоханнесбургтегі  сәт  (2012) 

еңбегін  жазды.  Қазір  ол  мемлекеттік  институттар  қызметі,  ұжымдық  зорлық  пен  қауымдық  өмір,  күштеу 

демократиясы, азаматтық пен азаматтық қоғам сияқты мәселелерді зерттеумен айналысуда. Фон Хольдпен ХӘҚ 

Еңбек қозғалысын зертеу комитетінің мүшесі (ЗК44). Берген университетінің қызметкері Алф Гунвальд Нилсен 

онымен  сұқбаттасқан  болатын.  Бұл  сұқбаттың  толық  нұсқасын  Норвегия  Әлеуметтану  кауымдастығының 

ақпараттық хабаршысынан табуға болады.

1993 жыл: оңтүстік африкалық қайшылықты 

өтпелі кезеңде Карл фон Хольд АҰК одағының 

шеруіне қатысуда. Суретті түсірген Уильям 

Матлал


 8

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

>>

1

994  жылы  Оңтүстік  Африка  апартеидтен 

демократияға  өте  бастағанда,  ондаған 

жылдарға  созылған  халықтық  күрес 

жүректерге  үміт  сыйлап,    ұлы  жеңіске 

жеткізгендей көрінген. Жаңадан сайланған президент 

Нельсон Мандела «Тәжірибе көрсеткендей, тым ұзақ 

уақытқа созылған кезектен тыс адамзат күйзелісінен 

кейін  бүкіл  халық  мақтан  тұтатын  қоғам  дүниеге 

келуі  тиіс»,  -  деп  жариялаған  болатын.  Шамамен 

жиырма  жыл  өткен  соң  Оңтүстік  Африкадағы 

әлеуметтік  болмыс  жағдайды  қиындатты:  жаңа 

саяси бостандықтарға қарамастан нәсілдік теңсіздік 

пен  кедейлік  сақталды.  «Көп  ұлтты  мемлекетте» 

қоғамдық  теңсіздік  нәтижесінде  пайда  болған 

наразылық  Африканың басқа елдерінен келген қоныс 

аударушыларға  қарсы  кемсітушілік  әрекеттерге 

соқтырды.  Мұндай күрделі әрі кереғар сценарийді 

әлеуметтанушы қалай түсіндіреді?



> Оңтүстік Африканың күштеу демократиясы

«Мұндай  таң  қаларлық  және  тығырыққа 

тірелген  мәселелер  көп»,  -  дейді  Витватерсранд 

университетінің  жанындағы  Жұмыс  және  даму 

институты  қауымдастығының  директоры,  доцент 

Карл  фон  Хольд.  Фон  Хольд  –  тек  әлеуметтанушы 

ғана  емес,  сондайақ  1980  жылдардың  басынан  бері 

саяси белсенділік пен академиялық арасындағы тұлға.

Фон  Хольд  апартеидтің  құлауының  маңызын 

жақсы  түсінеді.  «Біз  өмір  сүрген  әлемнің  нәсілдік 

үстемдік,  қысым  көрсетушілік,  жүйенің  күнделікті 

институттанған 

қатыгездігі 

және 


құқықты 

мойындамау  сияқты  келбетінің  салмағы  кетті». 

Сонымен  қатар,  бөлектенудің  негізгі  құрылымы 

сақталуда.  Дегенмен,  Фон  Хольдтың  пікірінше, 

ештеңе өзгермеді деуге болмайды. Керісінше, бүгінгі 

Оңтүстік Африкада болып жатқан өзгерістер бірқатар 

тұжырымдауды  қажет  етеді.  «Мұнда  саяси  және 

әлеуметтанулық тұрғыдан мемлекеттің қалай қызмет 

атқаруы және қалай әлеуметтік тәртіптің орындалуы 

керектігін  батыстық  модерннің  аса  маңыздылығына 

бағытталған  кейбір  тұжырымдар  үстемдігі  басым. 

Осы  тұжырымдар  тұрғысынан  өзімізге  қарасақ, 

біздің  қоғамда  қатыгездік  көп  болғандықтан, 

демократия  жоқ  деп  өз  кемшіліктерімізді  алға 

тартып,  қорытындылауға  мәжбүр  боламыз.  Алайда, 

мен  мәселеге  осы  тұжырымның  батыс  қоғамының 

тарихында қалай орындалғаны мен Оңтүстік Африка 

тұрғысында  қалай  пайдаланғаны  тұрғысынан  қарау 

керек деп есептеймін».

Осылайша, мәселеге басқаша қараудың нәтижесінде 

фон  Хольд  Оңтүстік  Африкадағы  демократияны 

қатыгез деп суреттеді. Қатыгездік пен демократияның 

өзара  байланыстылығы  –  Еуропаның  қалыптасу 

тарихында да, қазіргі Оңтүстік Африкада да кездесетін 

құбылыс. «Еуропалық контексінде модернді халықты 

тыныштандырып,  шиеленісті  бейбіт  жолмен 

шешудің ғасырға созылған үрдісі ретінде қарастыру 

оңай.  Бірақ,  егер  әлемдік  деңгейде  ойласақ,  бұл 

үрдістердің  барлығы  Еуропаның  дамуымен  қатар, 

отарлау мен басқыншылаудың құрамдас бөлігі екенін 

көреміз. Оңтүстік Африкада біздің модерндік тарихи 

тәжірибеміз  зорлықпен  жүзеге  асқан  процесс;  бізде 

қатыгездік төрт ғасырға созылды».

Фон Хольдтің ойынша, бүгінгі қатыгездік Оңтүстік 

Африкадағы 

маңызды 


өзгерістермен 

тығыз 


байланысты  –  әсіресе,  қара  нәсілділер  элитасының 

қалыптасуы  мемлекеттің  құрылуында  маңызды 

орын  алды.  «Оңтүстік  Африканың  саяси  тәртібінің 

негізгі  ұстанымы  –  әлеуметтікэкономикалық  даму 

және  адам  құқығы.  Сонымен  қатар,  жеке  меншік 

құқығын да қорғайды. Қазір жеке меншік құқығының 

Оңтүстік Африкадағы таралуы  360 жылға созылған 

отарлау  кезіндегі  мүліктен  айыру  мен  апартеид 

негізінде құрылып, нәтижесінде нәсілшілдікке әкеліп 

соқты».    Жүйелі  қайта  бөлу  мәселесін  конституция 

шектегендіктен,  мемлекет  ел  экономикасында 

маңызды  рөл  атқарады.  «Оңтүстік  Африкада 

мемлекет  ең  ірі  жұмыс  беруші  және  түрлі  келісім-

шарттарды  қаржыландырады.  Ірі  ресурстар  осы 

процестерге  байланысты  болғандықтан,  ресурстарға 

қол  жеткізу  элиталарды  қалыптастыруда  маңызды 

рөл  ойнайды.  Билікке  жету  және  онда  орнығу  үшін 

қолдаушылар, одақтастар және патронаждық желілер 

қажет.  Осы  деңгейлердің  барлығына  таралатын 

байлық пен ресурстарға қол жеткізу саяси капиталды 

қалыптастыру  жолы  болып  табылады.  Ал  кәсіпкер 

ретінде  жетістікке  жету  үшін,  керісінше,  саяси 

байланыстар болуы шарт. Осылай байлық пен билік 

бір  бірімен  тығыз  байланысты».  Билік  үшін  күрес 

анағұрлым  қатал  сипат  алса,  түрлі  фракциялар 

мен  қарсыластар  бір  бірін  қимылсыздандыруға 

тырысады:  «Бұл  нағыз  тұйық  шайқас».  Оңтүстік 

Африканың  күштеу  демократиясы,  сондайақ,  кедей 

қауымдардағы  наразылықтармен  ерекшеленеді. 

Мұндай 


көбінесе 

мемлекеттік 

қызметке 

қанағаттанбаушылықпен  байланысты  наразылықтар 

–  кедейлердің  өз  наразылықтарын  тәуелсіз  білдіруі 

деп жиі сипатталады, бірақ фон Хольдтың пікірінше, 

«элитаның  қалыптасу  динамикасын  қамтамасыз 

ететін патронаттың кедейлер арасындағы фракциялық 

желілерді  ұйымдастыруынан  пайда  болады». 

Фон  Хольд  пен  бір  топ  зерттеушілер  Мпумаланга 

және  Гаутенг  провинцияларындағы  қауымдық 

наразылықтарды  зерттегенде  «біз  наразылық 

білдірушілер  көшбасшылары  мен  ҚХА  арасында 

жақын  байланыс  бар  екенін  анықтадық.  Наразылық 

акциясын  ұйымдастырушылар  көбінесе  жергілікті 

ҚХА  белгілі  бір  фракциясының  мүшелері  болды. 

Олардың  мақсаттары  –  жергілікті  ҚХА  тармақтары 

мен жергілікті консул тарапынан қолдау табу», деді. 

Дегенмен,  фон  Хольд  кедей  адамдар  жергілікті 

элитаның қол шоқпары деуден аулақ. «Қауым ішінде 

шынымен  де  шағымдар  көп.  Егер  жергілікті  саяси 

көшбасшылар элитаға айналғысы келсе, кедейлердің 



 9

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

«жарасын  тырнауы»  тиіс.  Өз  кезегінде,  кедейлер 

дауысқа  ие  болып,  қажетті  ресурстарға  қол  жеткізу 

мақсатында  көшбасшыларды  да  пайдаланады. 

Сондықтан  патронаж  тек  элита  жүзеге  асыратын 

нәрсе  емес;  сонымен  қатар  оны  кедейлер  де  қажет 

етеді».

Дегенмен,  Оңтүстік  Африкадағы  саяси  ландшафт 



2013 жылдың 16 тамызында полиция қызметкерлерінің 

Мариканада  күресіп  жүрген  34  шахтерді  өлтірген 

оқиғасын қоса алғанда тұшымды өзгеріске ұшырауы 

мүмкін.  Оңтүстік  Африканың  эмблемалық  күштеу 

демократиясы,  Марикана  қанды  оқиғасы  ҚХАның 

ел кәсіподақтарына ықпалын әлсіретті. 2014 жылдың 

аяғында Бірлескен Шеп, яғни әлеуметтік қозғалыстар 

коалициясы, солшыл саясатты қайта құру мақсатында 

құрылды,  ал  Экономикалық  азаттық  күресшілері 

ҚХАдан  саяси  ажырағанда  әскери  ұлтшылдық  пен 

радикалды  қайта  бөлу  бағдарламасын  жасап,  ҚХА 

базасын  шайқалтты.  «ҚХА  гегемониясы  әлсіреуде», 

-  дейді  фон  Хольд,  бірақ  ол  «болашақ  бұлыңғыр», 

деп  сескенеді.  Гегемонияның  анық  құлдырауына 

қарамастан,  ҚХАның  жергілікті  қауым  арасында 

ықпалы  басым,  ол  әлі  де  өте  қуатты  ұйым  болып 

отыр».

> Бурдье, Фанон және Қатыгездік әлеуметтануы

Фон  Хольдтың  Оңтүстік  Африка  күштеу 

демократиясы-ның диагнозы қатыгездікті анағұрлым 

жалпы  терминдерде  тұжырымдауға  ұмтылуымен 

тығыз  байланысты.  Current  Sociology  журналында 

Майкл Буравоймен бірігіп жазған Бурдьемен әңгіме: 

Йоханнесбургтегі сәт атты қызықты мақаласында ол 

Оңтүстік Африканың даулы саясатымен байланысты 

қатыгездіктің  жоғарғы  шегін  зерттейді.  «Онда  мен 

Бурдьені  Оңтүстік  Африка  мәселесі  арқылы  оқуға 

тырысуымның  нәтижесін,  яғни  оның  кемшіліктері 

мен  айтпай  кеткен  тұстарын  анықтау  арқасында 

жеткен ойларымды жаздым. Сонымен қатар, ОАРға 

Бурдье көзқарасымен қарау қызықты болды, себебі 

оның  жұмысы  әлеуметтік  тәртіптің  орналасуы  мен 

оның өзін өзі жандандыруына арналған».

Өз  мақаласында  фон  Хольд  Бурдьенің  символдық 

қатыгездік  тұжырымы  мен  Фанонның  отарлық 

қатыгездік  есебінің  арасындағы  диссонанс  пен 

резонанстарды  зерделеді.  «Отарлық  жағдайда 

символдық  қатыгездік  Бурдье  ұсынған  мәнде 

кәдеге аспайды; бұл әлеуметтік тәртіпті түсіндіруде 

ыңғайсыз. 

Фанон 


көрсеткендей, 

шынайы 


қатыгездіктің  де  болуы  маңызды.  Дегенмен, 

символдық  қатыгездік  Фанон  отарлық  тәртіп 

нәсілшілдігі  мен  қатыгездігі  деп  көрсеткендей, 

тек  табиғи  және  материалдық  емес  екендігін  және 

оның  символдық  мәнінің  бар  екендігін  түсінуге 

көмектеседі.

Бұл  екі  ғұламаның  бір  қызық  жері  Фанонның, 

әсіресе,  өзінің  отарлық  және  постколониялық 

тәртіпке  арналған  толықтырылған  еңбегінде 

қатыгездік  пен  модерн  ұштасқан,  онда  модерн  – 

біржақты қатыгездік. Бірақ Бурдье, оның Алжирдегі 

еретеректегі 

тәжірибесін 

алсақ, 


толығымен 

батыстық  тыныш  қоғам  тұрғысында  көрінеді. 

>>

2014 жыл: әлеуметтанушы Карл фон Хольд 



Беда деп аталатын елдімекенде наразылық 

білдіруші қауымдастықта. Суретті түсірген 

Уильям Матлал


 10

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

Менің қызық деп тапқаным, Бурдьеге қайта барып, 

батыстық  модерн  өзі  ұсынғандай  жұмыс  істей  ме 

екен деп сұрау болып табылады. Жұмыс істейтініне 

күмәнім  бар.  Әсіресе,  батыстағы  қазіргі  дағдарыс 

тұрғысында  бұл  тұжырымдар  өз  күшін  жоюда. 

Қазіргі жаппай жұмыссыздық тұрғысында Бурдьенің 

символдық қатыгездік туралы идеялары не болмақ? 

Мемлекет пайданы қай жерден таппақ? Банктер мен 

корпорациялар қайда басымдылыққа ие болмақ? Бұл 

тұжырымдар әлсіреуде».

Сонда  бұл  Джин  және  Джон  Комарофтардың 

жаһандық Оңтүстік заманауи әлемнің артықшылыққа 

ие  жұмысын  ұсынуы  турасындағы  идеяларын 

еске  түсіріп  отыр  ма?  Фон  Хольд  мұнымен 

келіспейді.  «Мен  оған  күмәнмен  қараймын,  себебі 

Солтүстік  әрдайым  өзінің  ерекшелігін  сақтап 

тұратын.  Іргелі  мәселе  Солтүстіктің  қалай  білімді 

өндіріп,  байлықты  таба  алуында  болып  отыр. 

Бұл  басымдылыққа  деген  қатынас  өзгерейін  деп 

тұрған  жоқ.  Оңтүстік  Солтүстікті  жақын  арада 

басқаратын  сыңай  танытпайды».  Дегенмен,  фон 

Хольд ойлауды радикалды түрде өзгерту керектігін 

айтады.  «Солтүстікке  арналған  және  Оңтүстік 

үшін  де  пайдалануға  болатын  кейбір  идеялар  мен 

тұжырымдық  инновациялар  пайда  болуы  үшін 

Солтүстіктің тұжырымдық аппараты оның Солтүстік 

болмысымен  байланысын  ескере  отырып,  қайта 

тұжырымдалуы қажет».

Бұл  Равин  Коннелдің  Оңтүстік  теориясын 

пайдалануды  ұсынуына  ұқсас  емес  пе?  «Мен 

теорияны  Оңтүстікте  жасау  төңірегінде  ойлауды 

жөн көремін. Мен толығымен өзгеше ойлау дегенді 

елестете  алмаймын,  себебі  біздің  ойлау  жүйеміз 

әбден  батыстанған.  Баламалы  білімді  қалай  және 

қайдан  табуға  болады?»  Оңтүстік  Африкадағы 

әлеуметтану  метрополис  тілі  мен  тарихы  әлемдік 

жүйемен  байлансыта  дамығандықтан,  білім  өндіру 

үшін маңызды салдары болады. «Келімсек ақ элита 

ұрпағы болғандықтан, мен осы салада еңбектенемін. 

Батыстық  білімге  тәуелділігіміз  соншалықты,  сол 

мәдениет  арқылы  немесе  оған  қарсы  ойлауымыз 

қажет;  дегенмен,  басқалар  жергілікті  халық 

тұрғысынан ойлап, маңызды қарымқатынас орнатуы 

мүмкін.

> Пост-Апартеидтік ОАР қоғамдық 

әлеуметтануы

Батыстық  әлеуметтану  шектеулі  болғандықтан, 

біздің пост-апартеидтік ОАР қоғамдық әлеуметтануы 

туралы әңгімеміз түсініксіз әрі таң қаларлық сарынға 

ауысады. Мансабы академия мен саяси белсенділік 

арасында  қалыптасқан  фон  Хольд  қоғамдық 

әлеуметтану тек оппозициялық бағытта дамуы мүмкін 

емес екендігін айтады. «Прогресшіл әлеуметтанушы 

өзін  төменгі  топтармен  аралас  қарастырады;  бұл 

прогресшіл әлеуметтанулық талдаудың ықпалы және 

осы  арқылы  әлеуметтану  саяси  маңыздылыққа  ие 

болуы мүмкін». Фон Хольдың SWOP зерттеу ұйымы 

1980  жылдары  осы  көзқараста  ОАКК-тың  әскери 

бірлестіктерімен  тығыз  диалогта  қалыптасқан. 

Бірақ демократияға ауысумен қатар SWOP алдыңғы 

қатарлы  мемлекеттік  министрлермен  әріптестікті 

дамытты. Бұл тәжірибе фон Хольдқа саяси зерттеулер 

мен  қоғамдық  әлеуметтану  арасын  қатаң  ажырату 

мәселесіне  күмәнмен  қарауға  мүмкіндік  берді. 

«Саяси  әлеуметтану  биліктегі  тұлғалар  қалаған 

нәтижені  беретін  лас  тірлік  деп  қарастырылып 

келді.  Ол  өзгерісшіл  күштерді  қолдаудың  орнына, 

өз  статусквосын  тиімді  бекітуде.  Бірлестіктермен 

жұмыс  жасағанда  билікті  сынауға  бейім  боламыз, 

бірақ  түптің  түбінде  барлық  кәсіподақтардың  өзі 

мемлекетпен  ортақ  келісім  жасағысы  келетінін 

анықтауға  болады.  Олар  белгілі  бір  мәселелердің 

шешімін тапқысы келеді, ал бұл – саясат мәселесі. 

Мен  де  қоғамдық  әлеуметтану  аса  прогресшіл, 

ал  саяси  әлеуметтану  билікпен  байланысты  және 

жемқорлыққа  бейім  деп  қарастырудан  аулақпын.  

Наразылықтар әлемі мен басқару әлемінің арасында 

өзара әрекеттестік бар».

Бүгінгі ОАРда билікке шынайы сөйлеу өте қажет. 

«Біз  тағы  өзгеріс  үстіндеміз.  Кәсіподақтармен 

байланысты қағидалар мен тәжірибелер енді тиімсіз, 

себебі олардың өзі сан түрлі бағытқа бөлінеді. Ескі 

ережелер  қазір  тиімсіз,  сондықтан  біздің  қоғамдық 

әлеуметтану  тәжірибеміз  үнемі  өзгеріп  отырады». 

Бірақ  фон  Хольд  үшін  бұл  таза  оппозициялық 

қоғамдық әлеуметтануға қайта оралу деген сөз емес. 

«Бірыңғай  күрес  жолында  болсаңыз  да,  немесе 

қоғамды  басқару  жолында  болсаңыз  да,  әрдайым 

билікпен  келісімде  болуыңыз  қажет.  Сондықтан, 

бұл  –  ыңғайсыз  жол.  Кейбір  ғалымдар  үшін  тек 

сыни  ғылым  төңірегінде  жұмыс  жасау  жеткілікті. 

Дегенмен,  концепциялық  инновация  күнделікті 

болмыстан  пайда  болатын  талаптарға  сай  болудан 

туындайды». 

Хаттарды Альф Гунвальд Нилсен 

alfgunvald@gmail.com

 мен Карл фон Хольдқа 

karl@

yeoville.org.za



  жолдауға болады.

 11

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

>>

> Ынтымақтастық



   

 

экономикасы:

Пол Сингер.



Поль Сингермен сұқбат

Поль Сингер ынтымақтастық экономикасынан 

Бразилиядағы  және  әлемдегі  көрнекті 

зиялылардың бірі. Ол «Даму және дағдарыс» 

(1968),  «Экономикалық  даму  және  қала 

революциясы»  (1969),  «Халық  динамикасы 

және  дамуы»  (1970),  «Үстемдік  және 

теңсіздік: Бразилиядағы таптық құрылым мен 

кірістің бөлінуі» (1981) және Ынтымақтастық 

экономикасына кіріспе (2002) атты кітаптарды 

жариялады.  Ол  Венада,  Австрияда  дүниеге 

келді  және  1940  жылы  Бразилияға  қоныс 

аударды.  1953  жылы  21  жасында  Сингер 

Сан  Паулуда  болат  балқытушылар  одағының 

белсендісі  болды  және  бір  айға  созылған 

тарихи наразылықты басқарды. 1960 жылдары 

ол  белсенді  қызметін  интеллеуктуалдықпен 

ұштастырып,  Сан  Паулу  университетінде 

әлеуметтану  және  экономика  профессоры 

мансабын  бастады,  сонымен  қатар  Принстон 

университетінде 

демографияны 

оқыды. 

1960  жылдардың  соңында  саяси  диктатура 



оның  саяси  құқықтарын  жойды  және 

осы  жағдай  Талдау  мен  жоспарлаудың 

бразилиялық  орталығы  (CEBRAP)  белгілі 

талдау компаниясының негізін қалауға ықпал 

етті.  Оқытушылыққа  қайтып  оралғаннан 

кейін  Сингер  Жұмысшы  партиясын  құруға 

көмектесті  және  Сан  Паулуда  жоспарлау 

бойынша  жергілікті  хатшы  болды  және 

кейінірек,  Ынтымақтастық  Экономикасының 

Ұлттық  Хатшысы  қызметіне  ауысты.  Бұл 

жерде  Ынтымақтастық  Экономикасындағы 

өз  тәжірибесімен  және  бастамаларының  тең 

құқықты әлемге қол жеткізуге қалай көмектесе 

алатынымен  бөліседі.  Поль  Сингермен 

сұқбатты жазып алған Паулу университетінің 

зерттеушісі Густаво Танигути (әрі қарай - ГТ) 

және  Бразилиядағы  Әулие  Андре  Қорының 

профессоры  Ренан  Диас  де  Оливьера  (әрі 

қарай - РО).

ГТ&РО:  1969  жылы  сіз  Фернандо  Энрике  Кордозо, 

Октавио  Жанни,  Жозе  Артур  Жианнотти,  Жорж 

Бранд  Лопес  және  Франческо  де  Оливьеромен  бірігіп, 

Талдау  мен  жоспарлаудың  бразилиялық  орталығының 

негізін қаладыңыз. Бұл әскери биліктің ең репрессияшыл 

жылдарын  сынаған  зиялылар  тобы  болатын.  Осы 

бастаманың  Бразилиядағы  кедейлікті  талқылау  үшін 

қандай маңызы болды?

ПС: Біз шынында сол кезде кедейлікті зерттей отырып, ел 

үшін ең үлкен және нақты мәселе екенін түсіндік, алайда біз 

оның екінші жағы туралы білмедік: игілік, байлық, қалай 

атағыңыз келсе, солай атаңыз. Бүгінгі күні біз кедейлікті 

қалай  өлшеу  керек  екенін  білеміз,  ал  сол  кезде  білген 

жоқпыз, бізге қажетті ақпаратқа қол жеткізе алмадық. Сол 

кезде Бразилияның негізгі әлеуметтік мәселесі – әсіресе, 

Талдау  мен  жоспарлаудың  бразилиялық  орталығындағы 

біздер үшін, шығарып тастау мәселесі болды.



 12

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

ГТ&РО:  Әскери  билік  зейнетке  шығуға  мәжбүр 

еткендіктен  Сіз  он  жылға  созылған  саяси  қуғындаудан 

кейін  1979  жылы  ғылыми  жұмысқа  қайта  оралдыңыз, 

бірақ  1980  жылы  сіз  Жұмысшы  Партиясын  құруға 

қатыстыңыз. 

Осы 

жылдары 

Ынтымақтастық 

Экономикасы мен кооперативтер туралы пікірталастар 

туды. Осы мәселені талқылаудағы  Сіздің үлесіңіз қандай?

П.С.:  Жалпы  сол  кезде  CEBRAP-да  ешкімнің 

ынтымақтастық  экономикасына  қатысы  болған  жоқ, 

менің ойымша, бұл беймәлім мәселе болатын.  Кейінірек 

мен  Ынтымақтастық  Экономикасын  негізінен  Католик 

шіркеуі  шабыттандырғанын  түсіндім.  Ынтымақтастық 

Экономикасы  терминін  чилилік  экономист  Луиз  Розето 

ұсынған.  Ол  осы  туралы  бірнеше  кітап  жазған.  Қазір 

ол  зейнетте,  бірақ  осы  тақырыпқа  әжептәуір  жиі 

жазып  тұрады.  1979  жылғы  амнистиядан  кейін  1980 

жылы  жұмысшы  партиясын  құру  Ынтымақтастық 

Экономикасы  бойынша  пікірталаспен  тіпті  байланысты 

емес. Осы тақырыпқа қызығуымның төркіні менің жеке 

мүдделерімде  жатыр.  Көптеген  басқа  кісілер  сияқты 

мен  де  «нақты  социализм»  деп  аталған  нәрсенің  аяқ 

астынан ғайып болғанына таң қалдым. 1989 жылы Берлин 

қабырғасы  құлағаннан  кейін  көптеген  елдерде  саяси 

режимдердің  күлі  көкке  ұшты.  «Нақты  социализмнің» 

күйреуі Жұмысшы партиясын идеологиялық дағдарысқа 

алып келді. Бұл біз үшін орасан зор күйзеліс еді, себебі 

Бразилияда басқа қоғам орнатпақшы социалистік партия 

болатынбыз.  Біз  «демократиялық  социализм»  деп 

жүргенді жасауға мен көп уақыт жоғалттым.

1990  жылдары  Бразилия,  әсіресе  елдегі  еңбекпен  қамту 

жүйесіне ықпал еткен адам айтқысыз дағдарысқа тап болды: 

дағдарыс нәтижесінде 60 миллион жұмыс орны кәдімгідей 

жоғалып кетті. Осы жәйт мені терең толғандырды, себебі 

бұрын Бразилия ешқашан жұмыссыздықтың тап осындай 

деңгейін басынан кешірген емес. Кенеттен миллиондаған 

өнеркәсіп  жұмысшылары  жұмыс  орындарын,  үйлерін 

және кірістерін жоғалтты. Бұл аса ірі әлеуметтік қасірет 

болды, осыған байланысты шіркеу маған қиын жағдайда 

Бразилияда  құрылған  кейбір  кооперативтерге  баруды 

ұсынды.  Католик  шіркеуінің  әлеуметтік  тірегі  бола 

отырып,  Қайырымдылық  Қоры  негізінен  жұмыссыз 

адамдарға арналған 1000 аса жұмысшы кооперативтерді 

құрды.Осы  кооперативтермен  таныса  отырып,  мен 

әлеуметтік демократияның мәні сияқты күрделі сұрақтың 

жауабы  қандай  екенін  түсіндім.  Себебі  кооперативтер 

жұмыссыздар  үшін  құрылғандықтан,  оларда  бастықтар 

мен иерархия болған жоқ. Атқарылған істердің барлығы 

коллегиялық  шешім  мен  тең  құқықты  сипатта  болды. 

Мен «Folha de S.Paulo» басылымында бірнеше мақалалар 

жарияладым, 

соның 

арасында 



«Ынтымақтастық 

Экономикасы:жұмыссыздыққа  қарсы  қару»  мақаласы 

бар. Жаңа қозғалысты мен құрғаным жоқ, оны тек аштым.

ГТ&РО:«Ынтымақтастық 

экономикасы»бойынша 

пікірталастағы  Сіздің  теориялық  бағыттарыңыз 

қандай?

ПС.: Іргелі идея - утопиялық социалистерден басталатын 

социализм  тарихы.  Бұл  өте  қызық  нәрсе,  өйткені  мен 

>>

утопиялық социалистерді емес Маркс, Роза Люксембург 



және  басқа  марксшіл  авторларды  өте  көп  оқыдым. 

Осындағы  Сан  Паулу  университетінде  өткен  менің 

курстарымның  бірінде  студенттер  осы  авторлар  туралы 

айтуды  сұрағанда  мен  Роберт  Оуэннің  жұмыстарынан 

бастадым. Бұл қандай керемет деп ойладым және осыны 

бастау нүктесі ретінде бейімдедім.



ГТ&РО:  Мэр  Луиза  Эрундина  тұсында  Сан  Паулуда 

жоспарлау Хатшысы болып тұрған кезіңізде кедейлікке 

қарсы  қала  саясаты  ынтымақтастық  экономикасымен 

ұштастырылды ма? Егер солай болса, қалайша?

ПС.: Басында болмады, бірақ кейінірек осы байланысты 

дамыта  алдық.  Сан  Паулу  -  Латын  Америкасының 

ірі  қаласы,  бірінші  солшыл  бағыттағы  үкіметі  мен 

бірінші әйел мэрі бар орасан зор, жайыла және біртекті 

орналаспаған  мегаполис.  Оның  үстіне  Луиза  Эрундина 

солтүстік-шығыс  Бразилиядағы  Парайбада  кедей 

отбасында туылған. Жұмысшы партиясына қосылғаннан 

кейін  ол  тез  арада  партияның  көшбасшысына  айналды. 

Әрине,  оның  үкіметінде  кедейлік  негізгі  міндет  болды, 

осы  міндетті  1980  жылдардағы  дағдарыстан  кейін  ғана 

жүзеге асыра алдық.

Кедейлік  деңгейін  қалай  төмендету  жөніндегі  мэрмен 

және  жұмысшы  одақтарымен  пікірталастар  менің 

есімде.  Кейінірек  Луиза  маған  жұмысшы  одақтар 

жұмыссыздарды  қолдай  алмады,  себебі  олар  не  істеу 

керек  екенін  білмеді  деді.  Осы  ұстанымдар  тұрғысынан 

одақтар  тек  кооператив  мүшелерін  ғана  қолдай  алды. 

Бұл, әрине объективті. Өз кезегінде жұмыс берушілер өз 

көмектерін салықты төмендетуге айырбастауды ұсынды, 

бұл  мүмкін  емес  еді,  себебі  осы  жағдай  білім  беру  мен 

денсаулық сақтау сияқты негізгі қызметтердің бюджетіне 

ықпал етеді. Яғни бұл өте қиын контекст болды. Алдымен 

біз  үйсіздердің  алғашқы  санағын  оларды  аштықтан 

құтқару үшін ғана жүргізу мақсатында жұмысшы тобын 

құрдық. Кейінірек біз қалдықтарды өңдейтін кооператив 

құрдық.  Бұл  Ынтымақтастық  Экономикасының  бастауы 

болды.  Қайырымдылық  қорындағы  біздің  қызметіміз 

Ынтымақтастық  Экономикасының  маңызын  көрсетті. 

Сондықтан біз кооперация принциптерін 100% бейімдеу 

туралы  шешім  қабылдадық,  ал  1996  жылға  қарай  мен 

мұның  демократиялық  социализм  көрінісі  екеніне  көзім 

жетті.

ГТ&РО:  2000  жылы  Ынтымақтастық  Экономикасын 

талқылау мен жоспарлау үшін екі маңызды алаң құрылды. 

Ынтымақтастық 

Экономикасының 

Бразилиялық 

Форумы және Еңбек пен жұмыспен қамту Министрлігі. 

Осы алаңдардың құрылуының саяси мәні туралы айтып 

бере аласыз ба? Олар Ынтымақтастық Экономикасының 

ұлттық,  мемлекеттік  және  жергілікті  деңгейлерде 

жүзеге асуына қалай көмектесті? 

ПС:  Бұл  1980  жылдардағыдай  ауыр  болмаса  да 

жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне қатысты. Кардозо 

үкіметі барлық қырынан алғанда өте неолибералды. Ол 

үшін ең бастысы инфляциямен күрес болды, ақшаның 

құнсыздануымен  пайыздық  көрсеткіштерді  көтеру 



 13

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

әдісімен күресті, нәтижесінде жұмыскерлерге билікпен 

келіссөзге келу мүмкіндігін төмендеткен жұмыссыздық 

пайда  болды.  2002  жылы  Лула  сайланғанда, 

Ынтымақтастық 

Экономикасы 

оның 

үкіметтік 



бағдарламасының бір бөлігі болады дегенге сенімді еді. 

Жұмысшы  партиясы  Ынтымақтастық  Экономикасын 

бейімдеді және оны партия тұжырамдамасына енгізді. 

Лула  Ынтымақтастық  Экономикасы  қозғалысы 

президенті  қызметіне  кіріскеннен  бастап,  Еңбек 

пен  жұмыспен  қамту  Министрлігінде  Хатшылық 

ұйымдастыруға  негіз  болған  ұлттық  жиналыстарды 

өткізді.  Бұл  2003  жылы,  Лула  қызметке  кіріскеннен 

кейін  өте  жылдам  жүзеге  асты.  Парламенттің 

қолдауын  алуға  бірнеше  ай  уақытымыз  кетті,  бірақ 

нәтижесінде  сол  жылдың  маусым  айында  Еңбек  пен 

жұмыспен қамту Министрлігінде Хатшылық құрылды. 

Ынтымақтастық 

Экономикасының 

Бразилиялық 

Форумы  Хатшылықпен  байланысты  болды,  өйткені 

қандай да болмасын әлеуметтік саясатты біз әлеуметтік 

қозғалыстарсыз  жүргізген  емеспіз.  Мұның  мәнісі 

де  болмас  еді.  Форумның  арқасында  барлық  саясат 

ынтымақтастық  экономикасын  түйткілдер,  өтініштер 

мен талаптар туралы хабарламалармен қамтамасыз етіп 

отырған  әлеуметтік  қозғалыстармен  өзараықпалдасуға 

негізделді.  Бүгінгі  күні  Ынтымақтастық  Экономикасы 

Амазонкадан  Оңтүстікке  дейін  бүкіл  елге  тараған. 

Бұл  біз  қалағандай  үлкен  ұйым  болмаса  да,  ауқымы 

тар қозғалыс емес. Сонымен қатар Хатшылық Ұлттық 

кеңес құрды, оның мүшелерінің басым бөлігі Форумға 

қатысады.  Хатшылық  өз  бюджетін  Ынтымақтастық 

Экономикасы кооперативтерін көтеру және қолдау үшін 

пайдаланады. Әсіресе, Руссеффтің алғашқы мерзімінде 

«Кедейлерсіз  Бразилия»  бағдарламасына  қатыса 

отырып, солай жасадық. Министрлердің бесеуі немесе 

алтауы  осы  бағдарламаның  бөлігі  болды,  Хатшылық 

қызығушылық  танытқандарға  кооперативтерді  құруға 

мүмкіндік  беру  үшін  қалалық  аудандарда  нәтижелі 

жұмыстың  жүргізілуіне  жауапты  болды.  Біздің 

есептерімізге  қарағанда,  осы  саясат  жарты  миллион 

отбасына  кедейліктен  шығуға  көмектесті.  Бірақ 

біз  Ынтымақтастық  Экономикасына  институттық, 

ресми  қолдау  көрсеткен  бірінші  ел  емеспіз.  Бірінші 

болған  Франция.  2001  жылы  Бірінші  Әлеуметтік 

Форумда  Ынтымақтастық  Экономикасының  француз 

министрімен кездестік.

ГТ&РО:  Алғашқы  университеттік  инкубаторлар  қалай 

басталғаны туралы айтып бересіз бе?

ПС: Инкубаторлар АҚШ тан бастау алады. Университеттік 

ортада  студенттер  мен  оқытушыларды  кәсіпорындар 

құруға 


ынталандыратындығымен 

маңызды. 

Олар 

жақсы  жұмыс  жасайтыны  мәлім.  Рио  де  Жанейродағы 



Федералдық  университет  1994  жылы  Ынтымақтастық 

Экономикасының  бірінші  инкубаторын  жасады.  Біздің 

инкубаторлар ерекшелігі олардың ғылымға емес, көбінде 

әлеуметтік  мәселелерге  қызығушылықтарында.  Бірнеше 

жылдан кейін

біз  Рионың  кедей  аудандарында  пайда  болған  танымал 

кооперативтерді  көрдік,  бүгінгі  күні  Бразилияның 

қоғамдық университеттерінің басым бөлігінде  Хатшылық 

қолдап  отырған  өз  инкубаторлары  бар.  Бразилия 

университеттерінде  қазіргі  таңда  100  инкубатор  бар. 

Осы  танымал  инкубаторлардың  университеттерге 

ықпалы  зор,  себебі  студенттер  экономика,  география, 

әлеуметтік  ғылымдар  мен  инженерия  сияқты  саналуан 

кәсіби салаларда. Бірақ бұл негізінен таныстары бар және 

бастапқыда кедей қауымдастықтардан қолдау мүмкіндігіне 

ие  орта  тапқа  жататын  студенттер.  Бұл  университеттерге 

жағымды ықпал етеді.

ГТ&РО: 

Сіздің 

ойыңызша, 

жұмысшылар 

басқарып  отырған  экономикалық  ұйымның  қандай 

артықшылықтары 

бар? 

Заманауи 

Бразилияда 

Ынтымақтастық  Экономикасы  қандай  түйткілдерге 

тап болып отыр?

ПС.:  Біздің  ең  басты  жетістігіміз  демократия  деп 

айтар  едім.  Адамдар  бірге  жұмыс  істейді,  бірін  бірі 

сыйлайды,  бір  бірімен  бәсекелеспейді.  Ынтымақтастық 

Экономикасының  картасы  Бразилияда  30.000  белсенді 

кооперативтер  бар  екенін,  онда  үш  миллионға  жуық 

адам жұмыс жасайтынын көрсетіп отыр. Бізді қоғамның 

католик шіркеуі, ұлттық кәсіподақтар мен университеттер 

сияқты маңызды қоғам мүшелері қолдап отыр. Бұл жаңа 

және  ынталандырушы  әлемуеттік  тәжірибе.  Бразилияда 

Ынтымақтастық Экономикасы басынан кешіріп отырған 

түйткілдердің  арасында  кәсіпорындардың  белгілі 

дәрежеде әлсіздігін айту керек. Олардың көбі 5 жыл ішінде 

жабылып  қалады.Жалпы  шағын  кәсіпорындар  өмірі 

қысқа.  Дегенмен,  олардың    бәрі  шағын  емес.  Мысалы, 

«Жаңғыртылған  зауыттар»  кооперативін  алсақ,  банкрот 

болған  фабриканың  орнына  жаңғыртылған  кооператив 

құрылды. Бразилияда қазір 67 осындай кооператив болса, 

Аргентинада мұндайлар тіпті көп.

ГТ&РО:  Бразилиядағы  Ынтымақтастық  Экономикасы 

тәжірибесі Латын Америкасы елдерімен және жаһандық 

деңгейде салыстырғанда қандай баға берер едіңіз?

ПС.: Ынтымақтастық Экономикасы туралы жаңалықтарды 

күн сайын қадағалап, біліп отырамын. Жергілікті деңгейде 

шағын  кампаниялардың  үлкен  міндеті  –  кәсіпорынның 

әлсіздігін жою. Кәсіпорынның табысы мен сәтсіздіктерін 

анықтауда  ішкі  келіспеушіліктер  мен  текетірестер 

шешуші болуы мүмкін. Біз келіспеушіліктерді болдырмау 

жолдарын білуге тиіспіз, дегенмен бірінші кезекте оларды 

қалай  шешу  керек  екенін  түсінуіміз  қажет.  Мен  бүкіл 

әлем  үшін  Ынтымақтастық  Экономикасындағы  мәдени 

фактордың  маңызы  туралы  қазылық  жасай  алмаймын, 

алайда  Оңтүстік  Африка,  Филиппины,  Оңтүстік  Корея 

және  Еуропадан  Латын  Америкасына  дейінгі  басқа 

елдермен  салыстыру  демократиялық  жұмыс  ортасын 

құрудың  маңызына  күмән  тудырмайды.  Біз  осыған 

үйренуіміз абзал. 

Хаттарды Густаво Танигуттиға 

gustavotaniguti@gmail.com

 жолдауға болады.


 14

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

>>



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал