Конституциялары



жүктеу 65.71 Kb.

бет1/26
Дата16.06.2017
өлшемі65.71 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ПАРЛАМЕНТТІК 
АССАМБЛЕЯСЫ
ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ 
КОНСТИТУЦИЯЛАРЫ
Т
ү
ркПА жарияланымдары
: 6
Анкара  – 2012

ii
Түркітілдес Елдердің Конституциялары
ӘЗІРБАЙЖАН
ҚАЗАҚСТАН 
ҚЫРҒЫЗСТАН 
ӨЗБЕКСТАН 
ТҮРКИЯ 
ТҮРКІМЕНСТАН
Аударма жасаған және редакциялаған:
Гүлбану Әмірова - филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
ТүркПА
Түркітілдес Елдер Парламенттік Ассамблеясы 
Халықаралық хатшылығы
Парламент даңғылы  
1, AZ1152. Баку/Әзірбайжан
Тел: +99412 4976208/03 
Факс: +99412 4976423
www.turk-pa.org 
e-mail: info@turk-pa.org

iii
2011 жылы 19 желтоқсанда өткен ТүркПА-
ның құқықтық мәселелер жөніндегі бірінші 
отырысында түркітілдес мемлекеттер 
парламенттерінің регламенттері мен 
конституцияларын Ассамблеяға мүше елдер 
тілдеріне аударып, жариялау туралы шешім 
қабылданды.
Парламентаралық ынтымақтастыққа 
жәрдемдесу мақсатында ТүркПА 
Халықаралық хатшылығы дайындаған 
Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, 
Өзбекстан, Түркіменстан және Түркия 
конституциялары мәтіндерінің жинағы 
мемлекеттік қызметшілердің, заңнама 
және халықаралық байланыстар саласында 
қызмет етіп жүрген ғалымдардың, сондай-
ақ мамандар мен студенттердің, қалың 
көпшіліктің қызығушылығын туғызады 
деген сенімдеміз.
ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ..............1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ..............47
ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ .....................91
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ.............131
ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ...................161
ТҮРКІМЕНСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫ .............................................233
МАЗМҰНЫ

1
ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
КОНСТИТУЦИЯСЫ

2

3
ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
Әзірбайжан Республикасының Президенті Гейдар Алиевтің төрағалығымен 
Әзірбайжан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын дайындау 
жөніндегі комиссия әзірлеген, 1995 жылы 12 қарашада жалпыхалықтық дауыс беру 
арқылы (референдум) қабылданып, 1995 жылы 27 қарашада күшіне енген.
(Референдумдар қабылдаған өзгерістерімен және толықтыруларымен)
24 тамыз 2002 жыл және 18 наурыз 2009 жыл)
Әзірбайжан  халқы  өз  мемлекеттілігінің  ғасырлар  бойғы  дәстүрлерін  жалғастыра 
отырып,  «Әзірбайжан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы» 
Конституциялық  актіде  негізделген  принциптерді  басшылыққа  ала  отырып,  барша 
және әрбір азаматтың игілігін қамтамасыз етуге, әділдікті, бостандық пен еркіндікті 
орнықтыруға  тілек  білдіре  отырып,  ұрпақтардың  өткені,  қазіргісі  және  келешегі 
алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, өзінің егемен құқығын пайдалана отырып, 
өзінің:
Әзірбайжан мемлекетінің тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын 
■ 
қорғау;
Конституция шеңберінде демократиялық құрылысқа кепілдік беру;
■ 
азаматтық қоғамды орнықтыруға қол жеткізу;
■ 
халықтың ерік-жігерінің көрінісі ретінде заңның ұлықтығын қамтамасыз ететін 
■ 
құқықтық, зайырлы мемлекет құру;
барлық азаматтарға әділ экономикалық және әлеуметтік тәртіпке сәйкес лайықты 
■ 
өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету;
адамгершілік  құндылықтар  ұстанымын  сақтай  отырып,  басқа  халықтармен 
■ 
достық,  бейбіт  және  қауіпсіздік  жағдайында  өмір  сүруге,  осы  мақсаттарда  өзара 
ынтымақтастықты жүзеге асыру ниеті туралы салтанатты түрде мәлімдейді.
Жоғарыда аталған биік мақсаттар үшін жалпыхалықтық дауыс беру - референдум 
арқылы осы Конституция қабылданады.
Бірінші бөлім. Жалпы ережелер
I тарау. Халық билігі
1-бап. Биліктің қайнар көзі
I.  Әзірбайжан  Республикасында  мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  қайнар  көзі 
әзірбайжан халқы болып табылады.
II.  Әзірбайжан  халқы  Әзірбайжан  Республикасының  аумағында  және  Әзірбайжан 
мемлекеті мен оның заңдарына бағынышты болып табылатын одан тыс жерлерде тұратын 
азаматтардан  тұрады,  бұл  халықаралық  құқықпен  белгіленген  нормаларға  қайшы 
келмейді.

4
2-бап. Халықтың егемендігі
I.  Өз  тағдырын  еркін  әрі  тәуелсіз  шешу  және  өзінің  басқару  нысанын  айқындау 
-Әзірбайжан халқының егемен құқығы.
II. Әзірбайжан халқы өзінің егемен құқығын тікелей жалпыхалықтық дауыс беру 
-референдум және жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде еркін, жасырын 
және жеке дауыс беру арқылы сайланған өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
3-  бап. Жалпыхалықтық дауыс беру - референдум арқылы шешілетін 
мәселелер
Әзірбайжан  халқы  өзінің  құқықтары  мен  мүдделерін  қозғайтын  кез  келген 
I. 
мәселені референдум арқылы шешеді.
Төменде көрсетілген мына мәселелер тек референдум арқылы шешіле алады:
II. 
Әзірбайжан Республикасының Конституциясын қабылдау және оған өзгерістер 
1) 
енгізу;
Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік шекарасын өзгерту.
2) 
III. Мына мәселелер бойынша референдум өткізуге болмайды:
салық және мемлекеттік бюджет;
1) 
рақымшылық және кешірім жасау;
2) 
сайлануы, тағайындалуы немесе бекітілуі тиісінше заң шығарушы және (немесе) 
3) 
атқарушы билік органдарының жүргізуіне жатқызылған лауазымды тұлғаларды сайлау, 
тағайындау немесе бекіту.
бап. Халық атынан өкілдік ету құқығы
4- 
Халық  сайлаған  өкілетті  өкілдерден  басқа  ешкімнің  халық  атынан  өкілдік  етуге, 
халық атынан сөз сөйлеуге және халық атынан үндеу тастауға құқығы жоқ.
бап. Халықтың бірлігі
5- 
Әзірбайжан халқы біртұтас.
I. 
Әзірбайжан  халқының  бірлігі  Әзірбайжан  мемлекетінің  негізін  құрайды. 
II. 
Әзірбайжан  Республикасы  Әзірбайжан  Республикасының  барлық  азаматтарының 
ортақ және бөлінбейтін отаны болып табылады.
бап. Билікті иемденіп кетуге жол бермеушілік
6- 
I. Әзірбайжан халқының бірде-бір бөлігі, бірде-бір әлеуметтік топ немесе ұйым, 
бірде-бір адам билікті жүзеге асыру өкілеттігін иемденіп кете алмайды.
II.  Билікті иемденіп кету халыққа қарсы жасалған аса ауыр қылмыс болып 
табылады.
II тарау. Мемлекеттің негіздері
бап. Әзірбайжан мемлекеті
7- 
I.  Әзірбайжан мемлекеті - демократиялық, құқықтық, зайырлы, біртұтас 
республика.
II.  Әзірбайжан Республикасында мемлекеттік билік ішкі мәселелерде тек құқықпен, 

5
сыртқы  мәселелерде  тек  Әзірбайжан  Республикасы  қатысушысы  болып  табылатын 
халықаралық шарттардан туындайтын ережелермен шектеледі.
III. Әзірбайжан  Республикасындағы  мемлекеттік  билік  мынадай  биліктің  бөліну 
принциптері негізінде ұйымдастырылады:
заң  шығару  билігін  Әзірбайжан  Республикасының  Милли  Меджлисі  жүзеге 
■ 
асырады;
атқарушы билік Әзірбайжан Республикасының Президентіне тиесілі;
■ 
■    сот билігін Әзірбайжан Республикасының соттары жүзеге асырады.
IV.  Заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  билігі  осы  Конституцияның  ережелеріне 
сәйкес
өзара іс-қимыл жасайды және өз өкілеттіктері шеңберінде бір-біріне тәуелсіз.
бап. Әзірбайжан мемлекетінің басшысы
8- 
Әзірбайжан мемлекетінің басшысы - Әзірбайжан Республикасының Президенті. 
I. 
Ол ел ішінде және сыртқы қатынастарда Әзірбайжан мемлекеті атынан өкілдік етеді.
Әзірбайжан  Республикасының  Президенті  Әзірбайжан  халқының  бірлігін 
II. 
бейнелейді және Әзірбайжан мемлекеттігінің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Әзірбайжан Республикасының Президенті - Әзірбайжан мемлекетінің тәуелсіздігі 
III. 
мен аумақтық тұтастығының, Әзірбайжан Республикасы қатысушысы болып табылатын 
халықаралық шарттардың сақталуының кепілі.
Әзірбайжан Республикасының Президенті сот билігі тәуелсіздігінің кепілі болып 
IV. 
табылады.
бап. Қарулы Күштер
9- 
I.  Әзірбайжан  Республикасы  өз  қауіпсіздігі  мен  қорғанысын  қамтамасыз  ету 
мақсатында Қарулы Күштерді және басқа да қарулы құрылымдарды құрады.
II.  Әзірбайжан Республикасы басқа мемлекеттердің тәуелсіздігіне қол сұғу құралы әрі 
халықаралық дауларды шешу тәсілі ретіндегі соғыстан бас тартады.
III. Әзірбайжан  Республикасының  Президенті  Әзірбайжан  Республикасы  Қарулы 
Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады.
бап. Халықаралық қатынастар принциптері
10- 
Әзірбайжан Республикасы басқа мемлекеттермен өзінің қарым-қатынасын жалпыға 
танылған халықаралық құқық нормаларында көзделген принциптер негізінде құрады.
бап. Аумағы
11- 
Әзірбайжан  Республикасының  аумағы  біртұтас,  оған  қол  сұғылмайды  және 
I. 
бөлінбейді.
Әзірбайжан Республикасының ішкі сулары, Әзірбайжан Республикасына тиесілі 
II. 
Каспий  теңізінің  (көлінің)  секторы,  Әзірбайжан  Республикасының  үстіндегі  әуе 
кеңістігі - Әзірбайжан Республикасы аумағының құрамдас бөліктері.
III. Әзірбайжан Республикасының аумағы бөлінбейді. Әзірбайжан Республикасы өз 
аумағының  ешбір  бөлігін  және  қандай  да  бір  түрде  ешкімге  бермейді;  Әзірбайжан 

6
Республикасы  Милли  Меджлисінің  шешімі  бойынша,  мемлекеттік  шекара  бүкіл 
Әзірбайжан халқы арасында өткізілетін референдум арқылы білдірілетін Әзірбайжан 
халқының ерік білдіруі негізінде ғана өзгеруі мүмкін.
бап. Мемлекеттің басты мақсаты
12- 
I.  Мемлекеттің басты мақсаты - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, 
Әзірбайжан  Республикасы  азаматтарының  лайықты  өмір  сүру  деңгейін  қамтамасыз 
ету.
II.  Осы  Конституцияда  атап  көрсетілген  адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен 
бостандықтары Әзірбайжан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық 
шарттарға сәйкес қолданылады.
бап. Меншік
13- 
Әзірбайжан Республикасында меншікке қол сұғылмайды және ол мемлекеттің 
I. 
қорғауында болады.
Меншік мемлекеттік, жеке және муниципалдық болуы мүмкін.
II. 
III. Меншік  адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарына,  мемлекет  пен 
қоғамның мүдделеріне, адамның жеке басының қадір-қасиетіне қарсы қолданылмауға 
тиіс.
бап. Табиғи ресурстар
14- 
Табиғи  ресурстар  қандай  да  бір  жеке  және  заңды  тұлғалардың  құқықтары  мен 
мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндей жағдайда Әзірбайжан Республикасына тиесілі.
бап. Экономикалық даму және мемлекет
15- 
I.  Әзірбайжан  Республикасындағы  меншіктің  алуан  түрлеріне  негізделген 
экономиканың дамуы халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етеді.
II.  Әзірбайжан  мемлекеті  нарықтық  қатынастар  негізінде  әлеуметтік  бағдарлы 
экономиканы дамыту үшін жағдай туғызады, кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік береді, 
экономикалық қатынастарда монополия мен жосықсыз бәсекеге жол берілмейді.
бап. Әлеуметтік даму және мемлекет
16- 
I.  Әзірбайжан мемлекеті халықтың және әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға, оны 
әлеуметтік  қорғауға  және  лайықты  өмір  сүру  деңгейін  қамтамасыз  етуге  қамқорлық 
жасайды.
II.  Әзірбайжан мемлекеті мәдениетті, білімді, денсаулық сақтауды, ғылымды, өнерді 
дамытуға жәрдемдеседі, елдің табиғатын, халықтың тарихи, материалдық және рухани 
мұрасын қорғайды.
бап. Отбасы, балалар және мемлекет
17- 
I.  Отбасы қоғамның негізгі ұйымы ретінде мемлекеттің ерекше қарауында 
болады.
Балаларына  қамқорлық  жасау  және  оларды  тәрбиелеу  -  ата-ананың  парызы. 
II. 
Мемлекет осы парыздың орындалуына бақылау жасайды.
Ата-аналары  немесе  қамқоршысы  жоқ,  ата-ана  қамқорлығынан  айырылған 
III. 
балалар мемлекеттің қамқорлығында болады.

7
Балаларды  олардың  өміріне,  денсаулығына  немесе  мінез-құлқына  қатер 
IV. 
төндіретін қызметке тартуға тыйым салынады.
15 жасқа толмаған балаларды жұмысқа қабылдауға болмайды.
V. 
VI. Мемлекет бала құқықтарының іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады.
бап. Дін және мемлекет
18- 
I.  Әзірбайжан Республикасында дін мемлекеттен бөлінген. Барлық діндер заң алдында 
бірдей.
Адамның қадір-қасиетін кемсітетін немесе адамгершілік принциптеріне қайшы 
II. 
келетін діндерді (діни ағымдарды) таратуға және насихаттауға тыйым салынады.
Мемлекеттік білім беру жүйесі зайырлы сипатқа ие.
III. 
19. Ақша бірлігі
I.  Әзірбайжан Республикасының ақша бірлігі - манат.
II.  Ақша белгілерін айналымға шығаруға және оны айналымнан алуға тек Орталық 
банктің  құқығы  бар.  Әзірбайжан  Республикасының  Орталық  банкі  тек  мемлекет 
меншігінде болады.
III. Әзірбайжан Республикасының аумағында төлем құралы ретінде манаттан басқа 
ақша бірлігін қолдануға тыйым салынады.
бап. Мемлекеттік қарыздарға салынатын шектеулер
20- 
Әзірбайжан  мемлекетіне  қарсы  жасалған  бүлікке  немесе  мемлекеттік  төңкеріске 
жәрдемдесу мақсатында берілген қарыз міндеттеме ретінде қабылдана алмайды және 
оны Әзірбайжан Республикасы төлей алмайды.
бап. Мемлекеттік тілі
21- 
Әзірбайжан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  -  әзірбайжан  тілі.  Әзірбайжан 
I. 
Республикасы әзірбайжан тілінің дамуын қамтамасыз етеді.
Әзірбайжан Республикасы халық сөйлейтін басқа тілдердің де еркін қолданылуы 
II. 
мен дамуын қамтамасыз етеді.
бап. Астанасы
22- 
Әзірбайжан Республикасының астанасы - Баку қаласы.
бап. Әзірбайжан мемлекетінің рәміздері
23- 
I.  Әзірбайжан 
Республикасының 
мемлекеттік 
рәміздері 
Әзірбайжан 
Республикасының  Мемлекеттік  туы,  Әзірбайжан  Республикасының  Мемлекеттік 
елтаңбасы, Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып табылады.
Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік туы ені бірдей үш көлденең жолақтан 
II. 
тұрады. Тудың жоғарғы жолағы көгілдір түсті, ортаңғы жолағы қызыл түсті, төменгі 
жолағы жасыл түсті, қызыл жолақтың ортасында тудың екі жағында сегіз бұрышты 
жұлдызы бар ақ түсті жарты ай бейнеленген. Тудың енінің ұзындығына қатысы - 1:2.
Әзірбайжан  Республикасының  Мемлекеттік  туы  мен  Әзірбайжан 
III. 
Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының  бейнесі,  Әзірбайжан  Республикасы 

8
Мемлекеттік  әнұранының  музыкасы  мен  мәтіні  Әзірбайжан  Республикасының 
конституциялық заңымен белгіленеді.
Екінші бөлім. Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер
III тарау. Адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары
бап.  Адам  мен  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарының  негізгі 
24- 
принциптері
I.  Әркім тумысынан қол сұғылмайтын, берік және ешкім айыра алмайтын құқықтар 
мен бостандықтарға ие.
II.  Құқықтар мен бостандықтарға сонымен қатар әркімнің қоғам мен басқа адамдар 
алдындағы жауапкершілігі мен міндеттері кіреді.
бап. Теңдік құқығы
25- 
I. Заң мен сот алдында барлығы тең.
II.  Еркектер мен әйелдер тең құқықтар мен бостандықтарға ие.
Мемлекет әркімге нәсіліне, ұлтына, дініне, тіліне, жынысына, тегіне, мүліктік 
III. 
және қызметтік жағдайына, нанымына, саяси партияларға, кәсіподақтарға және басқа 
қоғамдық бірлестіктерге тиістілігіне қарамастан, құқықтар мен бостандықтар теңдігіне 
кепілдік береді. Адам мен азаматтың нәсілдік, ұлттық, діни, тілге тиістілік, жыныстық 
белгілері,  шығу  тегі,  нанымы,  саяси  және  әлеуметтік  тиістілік  белгілері  бойынша 
құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тыйым салынады.
Осы баптың ІІІ бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша ешкімге зиян келтіруге, 
IV. 
жеңілдіктер немесе артықшылықтар беруге, сол сияқты жеңілдіктер не артықшылықтар 
беруден бас тартуға болмайды.
V.  Әркімге  мемлекеттік  органдармен  және  құқықтар  мен  міндеттерге  қатысты 
шешімдер  қабылдайтын  мемлекеттік-биліктік  өкілеттіктерге  ие  адамдармен  қарым-
қатынас жасауда тең құқықтар қамтамасыз етіледі.
бап. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
26- 
Әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңмен тыйым салынбаған әдістер 
I. 
және тәсілдер арқылы қорғауға құқылы.
Мемлекет әр адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік 
II. 
береді.
бап. Өмір сүру құқығы
27- 
I.  Әркім өмір сүруге құқылы.
II.  Мемлекетке  қарулы  шабуыл  жасалған  кезде  жау  солдаттарын  құртуды,  заңды 
күшіне енген сот үкімі негізінде өлім жазасын қолдануды және заңда көзделген өзге 
жағдайларды қоспағанда, кез келген адамның өмір сүру құқығына қол сұғылмайды.
III. Өлім жазасы алдағы уақытта оны толық жойғанға дейін ең ауыр жаза ретінде 
мемлекетке  қарсы,  адам  өмірі  мен  денсаулығына  қарсы  аса  ауыр  қылмыс  жасағаны 
үшін ғана заңмен белгіленуі мүмкін.
IV. Заңда  көзделген  қажетті  қорғаныс  жағдайларын,  аса  қажеттілік,  қылмыскерді 
қамау немесе тұтқынға алу, сотталған адамның қамауға алынған орыннан қашып шығуы, 

9
мемлекетке қарсы бүліктің алдын алу немесе мемлекеттік төңкерісті болдырмау, елге 
қарулы  шабуыл  жасау  жағдайларын  қоспағанда,  адамға  қарсы  қару  қолдануға  жол 
берілмейді.
бап. Бостандық құқығы
28- 
I.  Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
Бостандық құқығы ұстау, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру арқылы 
II. 
заңда көзделген тәртіпте шектелуі мүмкін.
Әзірбайжан  Республикасының  аумағында  заңды  түрде  жүрген  әрбір  адамның 
III. 
еркін  жүріп-тұруына,  тұрғылықты  мекенді  өз  қалауынша  таңдап  алуына  және 
Әзірбайжан Республикасынан тыс жерлерге кетуге құқығы бар.
Әзірбайжан  Республикасы  азаматының  кез  келген  уақытта  өз  еліне  кедергісіз 
IV. 
қайтып оралуына құқығы бар.
бап. Меншік құқығы
29- 
I. Әр адам меншік құқығына ие.
II.   Меншіктің бірде-бір түрі оның басқа түрлерінен артық емес. Меншік құқығы, оның 
ішінде жеке меншік құқығы заңмен қорғалады.
III. Әркімнің  меншігінде  жылжымалы  және  жылжымайтын  мүлік  болуы  мүмкін. 
Меншік құқығы меншік иесінің жеке-дара немесе басқа тұлғалармен бірлесіп иелену, 
пайдалану және билік ету құқығынан тұрады.
  Ешкімді  де  сот  шешімінсіз  меншігінен  айыруға  болмайды.  Мүлкін  толық 
IV. 
тәркілеуге  жол  берілмейді.  Мемлекет  мұқтаждығы  үшін  меншіктен  айыруға  оның 
құнын тек алдын ала, әділ өтеген жағдайда ғана жол беріледі.
Мемлекет мұрагерлік құқығына кепілдік береді.
V. 
бап. Зияткерлік меншік құқығы
30- 
I.  Әркімнің зияткерлік меншікке құқығы бар.
II.  Авторлық құқық, өнертапқыштық құқық және зияткерлік меншік құқығының өзге 
түрлері заңмен қорғалады.
бап. Қауіпсіз жағдайда тұру құқығы
31- 
I.  Әркімнің қауіпсіз жағдайда тұруға құқығы бар.
II.  Заңда  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  ешкімнің  өміріне,  оның 
физикалық  және  рухани  денсаулығына,  меншігіне,  баспанасына  қол  сұғуға,  оған 
қатысты күш қолдануға тыйым салынады.
бап. Адамның жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығы
32- 
I.  Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмайды.
II.  Әркімнің  жеке  өзінің  және  отбасының  құпиясын  сақтауға  құқығы  бар.  Заңда 
көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  жеке  өзінің  және  отбасының  өміріне  араласуға 
тыйым  салынады.  Әркім  жеке  өзінің  және  отбасының  өміріне  заңсыз  араласудан 
қорғалу құқығына ие.
III. Біреудің  жеке  өмірі  туралы  оның  келісімінсіз  мәліметтер  жинауға,  оларды 

10
сақтауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді. Заңмен белгіленген жағдайларды 
қоспағанда,  ешкімді  де  өзінің  рұқсатынсыз  және  қарсылығына  қарамастан  аңдуға, 
бейне- және фотосуретке түсіруге, даусын жазып алуға немесе басқа да осыған ұқсас 
іс-әрекеттерге тыйым салынады.
Мемлекет әркімге жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, 
IV. 
пошта,  телеграф  және  басқа  байланыс  құралдары  арқылы  берілетін  хабарламалар 
мен мәліметтердің құпиялылығының сақталу құқығына кепілдік береді. Бұл құқыққа 
қылмыстың алдын алу немесе қылмыстық істі тергеу кезінде ақиқатты анықтау үшін 
заңда көзделген тәртіпте шектеу қойылуы мүмкін.
Заңда  белгіленген  жағдайларды  қоспағанда,  әркім  өзі  туралы  жинақталған 
V. 
мәліметтермен  танысуға  құқылы.  Әркімнің  өзі  туралы  жинақталған  шындыққа 
сәйкес келмейтін, толық емес, сонымен қатар заңның талабын бұза отырып алынған 
мәліметтерді түзету немесе алып тастауды (жоюды) талап етуге құқығы бар.
бап. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқығы
33- 
I. Әркім тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқығына ие.
II. Заңда белгіленген жағдайларда немесе сот шешімі негізінде болмаса, ешкімнің 
тұрғын үйге онда тұрып жатқан адамдардың еркінен тыс басып кіруге құқығы жоқ.
бап. Некеге отыру құқығы
34- 
Әркімнің заңда көзделген жасқа толған кезде отбасын құруға құқығы бар.
I. 
Неке  ерікті  түрде  келісім  бойынша  жасалады.  Ешкімді  некеге  мәжбүрлеп 
II. 
отырғызуға болмайды.
Отбасы  мен  неке  мемлекет  қамқорлығында  болады.  Ана,  әке,  бала  заңмен 
III. 
қорғалады. Мемлекет көп балалы отбасыларға жәрдемдеседі.
Ерлі-зайыптылардың  құқықтары  тең.  Балаларға  қамқорлық  жасау,  оларды 
IV. 
тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі парызы болып табылады.
V. Ата-ананы сыйлау,оларға қамқорлық жасау балалардың парызы болып табылады.  
18 жасқа толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке қабілетсіз ата-аналарын бағып-қағуға 
міндетті.
бап. Еңбек ету құқығы
35- 
I.  Еңбек жеке және қоғамдық игіліктің негізі болып табылады.
Әркімнің өзінің еңбекке қабілеті негізінде қызмет, кәсіп, жұмыс түрі мен орнын 
II. 
еркін таңдап алуға құқығы бар.
Ешкімді еңбек етуге мәжбүрлеуге болмайды.
III. 
Еңбек шарттары еркін жасалады. Ешкімді еңбек шартын жасауға мәжбүрлеуге 
IV. 
болмайды.
V.  Талаптары  мен  мерзімі  заңда  көзделген  еріксіз  еңбекке  тартуға,  әскери 
қызмет  өтеу  кезінде  өкілетті  тұлғалардың  бұйрықтарын  орындаумен  байланысты 
еріксіз  еңбекке  тартуға,  азаматтарды  төтенше  және  әскери  жағдайлар  кезінде  талап 
етілетін жұмыстарды орындауға мәжбүрлеуге сот шешімі негізінде рұқсат етіледі.
Әркімнің қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі 
VI. 

11
үшін нендей бір кемсітусіз мемлекет белгілеген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем 
емес сыйақы алуына құқығы бар.
Жұмыссыздардың мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.
VII. 
VIII. Мемлекет  жұмыссыздықты  жою  үшін  өзінің  барлық  мүмкіндіктерін 
пайдаланады.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал