Конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/14
Дата02.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
36 
 
  КРСО-ның батыс өңірлерінен көшірілген  халықпен қоса, 1941 жылдың 
күзінде Қазақстанға жүздеген мың немістер мен поляктар жер аударылды. 
  Ұлы  Отан  соғысы  төрт  жылға  созылды.  Майдан  даласында    алтыжүз 
мыңнан  астам  қазақстандық  қаза  тапты.  Соғыста  қаза  тапқандардың  саны 
туралы  мәлімет  бүкіл  әлемді  дүр  сілкіндірді.  Жекелеген  мәліметтер 
бойынша, адамзат тарихында  бұлең зұлмат соғыс жиырма миллионнан астам 
кеңес адамзаттарының өмірін қиды. 1 710 қала және 70 мыңнан астам село-
деревнялар,  31 850  өнеркәсіптік  кәсіп  орын,  65  мың  шақырым  темір  жол, 
4 100  темір  жол  станциясы,  36  мың  пошто  телеграф  мекемесі.  40  мыңдай 
аурухана  немесе  басқа  да  емдеу  мекемелері,  74  мың  мектеп,  техникум, 
жоғарғы оқу орны, ғылыми-зерттеуинституды, 42 мың кітапхана және басқа 
да көптеген нысандар жойып жіберілді, тоналған. 
  Мен  Ұлы  Отан  соғысын  10  бет  жазайын  100  бет  жазайын,  қанша  бет 
жазсамда соғысты толықтыра ала-алмаймын. 
 Жеңіс  күні  мәнгілікке  есімізде  қалады.  Биыл  Ұлы  Отан  соғысының 
басталуына 75 жыл болады, ал Ұлы Жеңіске 71 жыл толғалы отыр! 
 
 
 
 
 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
37 
 
Жумагулов  Жасұлан 
6сынып,Ақсай негізгі мектебі, 
Қобда ауданы,Ақтөбе облысы 
Жетекшісі :Бикеева Дина Тыныштыковна 
 
Ұлы Жеңіс 
 
«Ұлы Отан соғысы біздің халкымыздың, аға буын өкілдерінің, біздің 
әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен каһармандығын күллі 
әлемге таныткан касиетті соғыс болса, Ұлы Женіс аға ұрпақтың сол ұлы 
ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. 
Егер Сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгін жаркын 
болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазакстан да болмас еді»  
                                                                  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 
 
Жатқанда отан жері отқа жанып
Тұрғанда туысқандар жауда қалып, 
Жеңбесек , жойқын қайрат шығармасақ, 
Жігіттің неге жүрміз атын алып? 
                                                       Жұбан Молдағалиев 
 
 
Соғысты  біз  көргеніміз  жоқ.  Оның  қандай  ауыр  азабы  барлығын  тек 
оқулықтар  мен  кинофильмдерден,  ән  шумақтарынан  және  ата-әжелердің 
әңгімелерінен  ғана  білеміз.  1941-1945  жылғы  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде 
қазақтың  қаншама  ер  жүрек,  батыл,  өжет  ұлдары  мен  қыздары  Отан  үшін 
жандарын  пида  етті.  Менің  туған  жерім  Қобда  өңірінен  шыққан  есімі  елгі 
әйгілі  қазақтың  батыр  қызы  Әлия  Молдагұлованың  ерлігі  еш  уақытта 
ұмытылмайды.  Жас  ұрпаққа  өнеге  болу  үшін,туған  жерінде  мұражайы  бар. 
Ақтөбе қаласының Шернияз көшесіндегі Әлия Молдағұлова ескерткіші бар. 
Көптеген ақындар батыр қыз Әлия туралы өлеңдерін жазды. Осылар арқылы 
Әлия есімі ел есінде мәңгі қалды. 
         Менің  айтайын  дегенім,  Отан  үшін  от  кешкен  талай  жауынгер  ерлігі 
мен есімдері ескерілмей ,есімдері ұмыт болды. «Ешкім де ұмытылмайды, еш 
нәрсе де ұмытылмақ емес» Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған тәрбие сағатында 
апайымыз  өзінің  атасы  Бикеев  Қуаныш  Қабаковичтің  соғыстан  алған 
ордендері мен медальдарын әкеліп, ерліктері туралы айтты. Қуаныш атаның 
«Үшінші  Дәрежелі  Даңқ»,  «Қызыл  жұлдыз»  ордендері  мен  «За  взятие 
Кенигсберга»,  «За  Отвагу»медальдары  мен  «Отличный    разведчик»  төс 
белгісі  бар.  Ол  соғысқа  1941  жылы  шақырылып,  1946  жылы  елге  қайтқан. 
Соғыстың  алғаш  күндерінен  барлауда  болған.  Талай  қиын  тапсырмаларды 
өте  жақсы  орындап  жүрген.  Бірде  достарымен  барлауда  үш  күн  бойы  жау 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
38 
 
шебінде  жасырын  отырған.  Тек  үшінші  күні  түнде  ғана  сәті  түсіп,  неміс 
офицерін  қолға  түсіреді.  Арпалыс  кезінде  сол  аяғынан  қатты  жараланады, 
бірақ  жарасына  қарамастан  қолға  түскен  «тілді»дереу  штабқа  жеткізеді. 
Қолға түскен деректер өте құнды болған. 
Осы  барлаудан  әкелген  «тілі»  үшін  «Красная  Звезда»  майдан  газетіне 
шыққан. 
Қуаныш ата - соғыстан кейін де бейбіт өмірде аянбай еңбек еткен адам. 
Атаның    бес  баласы  болған.  Соғыс  туралы  айтып  беруді  сұраса,қария 
көзіне  жас  алып:  «Айналайын,  құлдықтарым.  Оның  несін  сұрайсыңдар,  еш 
адамның  басына  келмесін.  Аналар  бауыр  еті  балаларынан,  балалар  ата-
анасынан,  қаншама  адамдарымыздан  айырылдық.  Елі  үшін,  жері  үшін  қаза 
болғандарды ұмытпандар. Осы отырысымыз үшін өздеріндей балғын балалар 
ауыр  жұмыс  жасады.  Жеңіске  қол  жеткізгеніміз  де  сол  кінәсі  жоқ 
періштелердің қажымас қайраты. Сондықтан сендер жақсы оқуларың керек, 
елімізге адал қызмет етулерің керек. Бақытты болындар!» - деп қана қоятын. 
Бұл    біз  білетін  -  бір  атаның  ерлік  жолы.  Ал  Қобда  өңірі  –  батырлар 
мекені. 
 
Армысың! От жалыннан оралғандар, 
Аттарың аңыз болып таралғандар. 
Тірлікте жаны жарқын алау жандар
Ел үшін, ерлік үшін жаралғандар. 
Тойымсыз ажалға тосқауыл боп, 
Топ жарып тайсалмай-ақ бара алғандар, 
 
Жыл  санап  ардагерлер  қатары  сиреп  барады.  Оларды  құрметтеу  біздің 
міндетіміз.  Ұлы  Отан  соғысының,тылда  еңбек  еткен  ардагер  аталар  мен 
әжелерге көмекке барамыз. Биыл ауылда қайта-қайта боран соғып,аулаларды 
қар басып қалды. Біздің кластың ұлдары Зинаида әжей мен Николай атайға 
барып  ,ауласын  қардан  ашып,отын  тасып  бердік.  Қариялар  риза  болып 
қалды. 
Алғыстарын  айтып  ,бата  берді,ал  біз  болсақ  масаттанған  күймен  үйге 
оралдық. 
Керемет, елі үшін отқа түскен жандардың жанымызда болғаны. Олардың 
әр ісі  -бізге үлгі  өнеге. 
 
Қан майданның жүректе жарасы бар 
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар 
Арамызда жүретін алшаң басып 
Ардагерлер азайып барасыздар. 
 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
39 
 
Бойымызға туған жерден дарыған күш пен қуат, аталарымыздан қалған 
өжеттілік пен батырлық, қазағымның бойындағы даналық пен даралықты  өз 
бойыма сіңіріп өсемін. Аталарымыздың соғыста көрсеткен ерліктерін мақтан 
етемін.  Қазақ  халқының  қайсар  да  қайратты  азаматы  болуға  бар  күшімді 
жұмсаймын. Елімнің өркендеуіне жақсы оқу, саналы тәрбие арқылы үлесімді 
қосамын. Елімнің еңсесі биік ел болуына бар жігерімді жұмсаймы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
40 
 
Жұбатқан Жайнагүл 
Ақтөбе облысы Хромтау ауданының  
№6 Хромтау гимназиясының  
11-класс білім алушысы 
Жетекшісі: Спанова Ақгүл Спанқызы 
 
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес 
 
Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек 
отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп 
жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, 
ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк 
Бауыржан Момышұлы 
 
 
    1941-1945  жылдар…  Күркіреп  өткен  бір  соғыс. Төрт  жыл,  1418  күн 
мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін  жан қилы соғыс 
жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- 
деп  Бауыржан  Момышұлы  айтқандай,  Отан  үшін  өз  басын  өлімге  байлап, 
ажалмен  алысып,  өз  ұрпақтарының,  өз  халқының  намысын  қорғап  қалғаны, 
олардың  Отанға,  елге,  жерге  деген  үлкен    сүйіспеншілігі    болса  керек. 
Тарихта  баяндалғандай,  жеріміздің,  еліміздің  амандығын  ақ  найзаның 
ұшымен,  ақ  білектің  күшімен  қорғаған  ата-бабаларымыз  секілді  Ұлы  Отан 
соғысының  зұлматты  шақтарында  ержүрек  жауынгерлеріміз  кең  сахара 
даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды 
өжет  ерлікпен  қорғап  шығып,  ұлы  жеңіс  салтанатын  күллі  әлемге  паш  етті. 
Тылда  да  майданға  аттанған  жауынгерлердің,  оққа  ұшқан  боздақтардың 
отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты 
аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны 
қатпаған  балалар  белдері  бүгіліп,  ұзақты  күн  білегі  талып,  “Бәрі  де  майдан 
үшін,  бәрі  де  жеңіс  үшін!”  деп  ұрандатып  еңбек  етті.  Қаншама 
қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. 
    Жауынгерлік  ерліктері  үшін  жүздеген  мың  қазақстандық  медаль-
ордендермен марапатталса, 500 - дей адам Кеңес Одағының Батыры,100-ден 
астам  адам  -  Даңқ  орденінің  толық  иегері  атанған.Төрт  Қазақстандық  екі 
мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры  атанды,олар  -  Талғат  Бигелденов,Сергей 
Луганский,  Иван  Павлов  және  Леонид  Беда.  Отан  үшін  от  кешкен  Кеңес 
Одағы  Батырларының  қатарында  қазақтың  екі  қызы-мерген  Әлия 
Молдағұлова  мен  пулеметші  Мәншүк  Мәметова  бар. Жеңіс  туын 
тіккендердің  бірі  -  қазақ  жігіті  Рақымжан  Қошқарбаев.Жаудың  тылында 
партизандардың  қатарында  да  қазақстандықтар  шайқасқан.Солардың  бірі  - 
Қасым  Қайсенов.  Ал  танымал  қолбасшы,әскери  жазушы  Бауыржан 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
41 
 
Момышұлын,  28  понфиловшылардың  ерлігін  білмейтін  қазақ  жоқ  шығар. 
Себебі,өткенге  көз  жүгіртпей,болашаққа  бағдар  жасау  мүмкін  емес.  Жеңіс 
бізге  миллиондаған  адамдардың  төгілген  қанымен  келді.  Соғыс  салған 
қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. 
 
Қиындық кезең сындары, 
Ерліктің отын маздаттың. 
Соғыстың сұрапыл жылдары - 
Тағдыры талай боздақтың. 
Ерлікке толып өткені, 
Ұмытылмай тұрды ер ісі. 
Соғыстың соңғы көктемі - 
Солдаттың асқақ Жеңісі. 
 
       Адамзат  тарихында  мәңгі  өшпестей  болып  сақталып  қалған,  көздің 
жасы, маңдайдың тері, аққан қанның арқасында жеткен Ұлы Жеңіске, міне, 
биыл  71 жыл  толып  отыр.  Табандылық  пен  ерлік,  Отанға  деген патриоттық 
сезім,  сүйіспеншілік  қатал  соғыста  Жеңіске  жеткізді.  Біз  Жеңіс  күнін 
жақындатқан,  әрбір  жауынгерге  қарыздармыз.  Ұлы  Отан  соғысы  және  Ұлы 
Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірімен байланысып келеді. 9 мамыр – бұл мереке ғана 
емес,  бұл  халықтың  батырлығы,  қайсарлығы.  Ұлы  Жеңіс  біздің  ата-
бабаларымыздың  батырлығы.Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 
“Бұл  күн  –  сол  қанды  қырғыннан  қайтпай  қалған  қыршын  боздақтардың 
асқақ  рухтарының  аспандайтын  күні.  Бұл  күн  –  әділеттің   әділетсіздікті 
жеңген күні. Бұл күн  – бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт 
даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн” деп атап кеткен болатын. 
    “Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында” - деп батыр ағамыз 
Бауыржан  Момышұлы  айтып  кеткендей,  ардагерлер  -  Қазақстан  халқына 
бейбітшілік,  тыныштық,  береке,  бақыт  орнатқандар.  Сұрапыл  соғысты 
басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол 
жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен 
Жеңіс  күндерді  жақындатқан  аналарымызды  да  мақтан  тұтамыз.  Соғыс 
майдангерлері  Отанға  деген  шын  сүйіспеншілігімен,  ерліктерімен, 
қайсарлығымен,  жігер-қайратымен,  ел  қорғау  сезімімен  келер  ұрпаққа  үлгі 
болды.  Еліміздің  тарихында,  жалпы  әлем  тарихында  Ұлы  Отан  соғысы 
ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке  жазылып қалды. Жалпы 
тарих  үшін  бұл  азғана  уақыт  болса,  адамзат  өмірінде  алатын  орны  ерекше. 
Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында “Отан үшін отқа түс, күймейсің”  - 
деген  ұранмен  шайқасқан,  бүгінгі  күні  санаулы  қалған  ардагерлеріміздің 
ерліктеріне  бас  иіп,  құрмет  көрсету  бүгінгі  ұрпақтың  өтелмес  парызы.Ер 
есімі-ел  есінде  мәңгі  сақталады.  Ешкім  де,  ештеңе  де  ұмытылмақ  емес. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
42 
 
Тәуелсіз  Қазақстан  жастары  өз  аға-апаларының  көрсеткен  ерлігін  әрқашан 
жадында ұстап, қастерлеп қасиеттейді! 
 
Жас ұрпақ үшін бар мәні, 
Кемітпес ол да бағанды. 
Сонан соң солдат арманы 
Желбіреп көкке қадалды. 
Заманнан алға басар да, 
Тарихтан тағлым тыңдатты ой. 
Адамдар үшін қашанда 
 
Жеңістің құны қымбат қой! 
 
 
 
 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
43 
 
Зейнолла Роза  
9- сынып оқушысы Қобда гимназиясы Ақтөбе облысы 
                                                         Жетекшісі: Амиргалиева Роза Изтургановна 
 
Ешкім де ұмытылмайды
Еш нәрсе де ұмыт қалмайды 
                                             
                                                    
Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны-елдік 
                                                                                                       Мұхтар Әуезов 
 
    
 Қазақ  халқында  жерін  жаудан,  елін  езгіден,  қызын  күндіктен,  ұлын 
құлдықтан  қорғаған  батырлар  көп  болған.  Аналарымыз  жесір,  сәбилеріміз 
жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен көңіліндегі мұңы 
дүниені  күңірентті.  Тарих  толқыны  үнемі  жаңаланып  отырады.  Бірақ 
ұмытылмайтын,  ескермейтін,  мәңгі  сақталатын  тарихи  оқиғалар  болады. 
Қазақ халқының ерік- жігерін, батырлығын  көрсеткен тағы бір оқиға  – бұл 
екінші дүниежүзілік соғыс еді.Сұрапыл соғыс қасиетті қазақ жерінде болмаса 
да  жерлестеріміз  шайқаста  ерлікпен  асқан  шеберлікпен    көзге  түсіп  батыр 
атанды.Төрт жыл бойы қан қақсатқан фашистер патшасы Гитлердің сұмдық 
саясатына қарсы тұра білген қазақ батырлары бұл жылдары беріспей өліскен 
емес. 
        Әлемді  дүр  сілкіндірген  оқиға  1941  жылы  маусымның  22-  де  болған 
еді.  Бұл  кездер  халқымыздың  басына  қара  бұлт  үйірілген  жылдар  болды. 
Фашистік  Германия 1939 жылдың 23 тамызындағы шабуыл жасаспау туралы 
келісімді  бұзады.  Кеңес  одағына  қарулы  күштерімен  кенеттен  тұтқиылдан 
баса  көктеп  кіріп,  бейбіт  өмір  кешіп  жатырған  халықтың  тыныштығын 
бұзады.  Осылай ешқашан ұмытылмайтын,  жер беті қанға боялған Ұлы Отан 
соғысы басталады.  Немістер  үшін  бұл  соғыстың  сипаты  әділетсіз  болды,  ал 
Кеңес  Одағы  тарапынан  әділетті  өз  жерін  қорғаған  азаттық  соғыс  болды. 
Немістің  басшысы  Гитлер  1940  жылдың  орта  кезінде-ақ  кеңес  Одағына 
басып кірудің  «Барборосса жоспары» деп аталған жоспарды жасауға кіріскен 
болатын. Олар бұл жоспарда Кеңес Одағына бір мезгілде әуеден және соғыс 
теңіз күштері арқылы шабуыл жасайтын болды. 
 Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа 3-4 ай ішінде «Қауырт соғыс» идеясы 
1941 жылдың күзінде аяқтау тиіс еді. 
       Фашистік  Германия  Кеңес  Одағын  сансыз  көп  ұлтты  болғандықтан 
оларды ешқандай тұрақтылық, бірігушілік жоқ деп санады. Керісінше, Кеңес 
адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақ 
халқы  соғысты  ортақ  қасірет  деп  қабылдады.  Отан  қорғаушылар  қатарына 
қазақтар  өз  еркімен  жаппай  жазыла  бастады.  Қазақтың  қайсар  мінезді 
қыздары  да  өз  еріктерімен  соғысқа  аттанды.  Қалғандары  тылда  еңбек 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
44 
 
етті.Солардың  ішінде  әрбір  бесінші  майдангер  соғысқа  аттанды.  Сол  кезде 
Ұлы Отан соғыс өрті қазақ халқының жүрегіне ұмытылмас ауыр жара салды. 
Сол  кездегі  халқымыздың  тұрмыс  -  жағдайын  елестетудің  өзі  ауыр  еді. 
Балаларын  соғысқа  қимастықпен  жіберген  аналардың  қан  жылаған  жүрегін 
біздер ұмытпаймыз. 
        Ұлы  Отан  соғысынды  ерлікпен  қаза  тапқан  ата-бабаларымыздың  ерлігі 
кейінгі  ұрпаққа  үлгі  өнеге  боларлықтай.  Рейхстаг  басына  алғаш  ту  тіккен 
Рақымжан  Қошқарбаевтың  қай  қазақ  ұрпағы  есінен  шығара  алады?  Қандай 
ауыр  кезең  болса  да    қазағымыздың  батырлары,  жастары  ерен  ерліктің 
үлгісін  көрсетті.  Еліміздің  басына  осындай  ауыр  күн  туғанда  қазақ 
қауымының  бас  көтерген  батыр  да,  ержүрек  перзенттері  елдің  елдігін, 
бірлігін сақтау үшін еңбек етті. Өрімдей жастарымыз қанаты қайырылса да, 
намысын  жерге  таптатпай,  еңселерін  биік  ұстады.  Олардың  барлығының 
арманы бір еді, әрине, бұл – Отанымызды жаудан қорғау. 
 
Біз  соғыстағы  батырларымыздың  ерлігін  ешқашанда  ұмытпаймыз. 
Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап,  қазақстандықтар  барлық  майданда 
шайқасты. Осы қазақ жерінен ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімшелер 
майданға  жіберілді.Мыңдаған  қазақстандықтар  Даңқты  Брест  қамалын 
қорғаушылардың  қатарында  болды.  Қазақстандықтардың  ерекше  көзге 
түскен шайқас Москва түбіндегі шайқас еді. Онда аты тарихта алтын әріппен 
жазылған  Бауыржан  Момышұлы  соғыстағы  үлкен  жеңістердің  басталуына 
жетеледі.  Сонымен  қатар  соғыста  қару  мен  қаламды  қатар  ұстап  жүрген 
қазақтардың  бірі  болды.  Сол  үшін  Кеңес  Одағының  батыр  атағын  алды. 
Сонымен  қоса  соғыста  жарқыраған  қазақтың  батыр,  ержүрек  қыздарын  
айтпау мүмкін емес. Кеңестің Шығыс әйелдер арасынан бірінші болып Ленин 
орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталған қазақ қыздары еді. 
Олар  пулеметші  Мәншүк  Маметова  мен  54-ші  атқыштар  бригадасындағы 
мерген  Әлия  Молдағұлова  және  де  осы  соғыста  дұшпанмен  арпалыста 
ерекше көзге түскен тағы бір батыр қазақ қызы- Хиуаз Доспанова еді.  
 
Қазақстандықтар бүкіл өндірісі мен өнеркәсібі майданда жұмыс істеді. 
Осы Ұлы Отан соғысына қазақстаннан 1 млн 200 мың жауынгер аттанған еді. 
1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы –Кеңес мемлекетінің, сонымен қатар 
Қазақстанның тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі болды. Халық батыры 
Бауыржан  Момышұлы  «Қазақты  халық  ретінде  танымал  қылған  Ұлы  Отан 
соғысы Мәскеу түбіндегі шайқас»,- деп айтуы өте орынды. Соғыстың барлық 
ауыртпалықтарын  қарапайым  солдаттар  мен  офицерлер  көтерді.  Өздерінің 
өмірін аямастан олар фашистік жүйені қиратып, рейхстагқа Жеңіс туын тікті. 
Берлинді  алу  кезінде  және  рейхстагқа  алғаш  кіргендердің  ішінде 
қазақстандық жауынгерлер бар еді. 
Рейхстагқа  жеңіс  туын  тіккен  де  қазақ  батыры-  Рақымжан  Қошқарбаев  еді.
 
Менің  ойымша,  ең  бастысы,  ең  негізгі  батырдың  сапасы  -  бұл 
отаншылдық сезім. Отаншылдық - бұл туған  жерге, өз халқына, ұлтқа деген 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
45 
 
сүйіспеншілік.  Мен  Бауыржан  мен  Рақымжан,  Мәншүк  пен    Әлия,  Қайрат 
пен  Ляззат  сынды  батыр  апа  –ағаларымыздың  ерліктерін  өскелең  ұрпаққа 
үлгі-өнеге  қылып,  жастарды  патриоттық  рухта  тәрбиелеп  отырған  біздің 
ұлағатты  ұстаздарымыздың,    ардақты  ата-аналарымыздың  арқасы,-  деп 
білемін.  «Ұранды    ердің  -  ұрпағы  қайсар»,  -демекші  қазақ  ұлтының  киелі 
топырағында  туған  батыр  бабалардың  ұрпағымыз.  Осындай  жігерлі  де 
қайратты  намысы  кеудесін  өртеген  азаматтарымыз,  азаматшаларымыз  аз 
емес.  Қандай  қиын  шақ  болса  да  Отанды  қорғау  -  басты  міндетім,-  деп 
білемін. 
 
Мен киелі , қасиетті Қобда жері мектебінде білім алудамын. Бұл жер –
батырлар  мекені  Қобыланды,  Әлиядай  аға-апаларымыздың  кіндік  қаны 
тамған  киелі  орда.  Әрине,  әр  қазақ    ұлтының  азаматы  Әлия  мен  Мәншүкті 
мақтан  етеді.  Себебі,  намысынан  кем  түспейтін  намысты,  батыр  қыздар 
ішінде  Әлия  мен  Мәншүктің  шоқтығы  биік.  Әлия  мен  Мәншүкті  ардақтау-
тәуелсіздік рухының биік тұғыры. 
Бір  сөзінде  Бауыржан  Момышұлы  атамыз  айтып  кеткендей:  «Өз 
тарихыңды  ұмыту  –  ол  өзіңді  ұмытумен  тең»,  -деген  қанатты  сөздерінде 
терең  мағына  жатыр.  Мен  Қазақстанның  болашақ  білімді  жастарына 
айтарым:  ел қорғаған  батырларымызды есімізден шығармай, оларға тағзым 
етіп,  баршамыз  біліммен    қаруланып,    Отанымыздың  жарқын  болуына 
атсалысып, алға нық сеніммен қадам басайық! 
Жеңістің  71-жылдық  мерекесі  құтты  болсын,  тәуелсіздігіміз  мәңгілік 
болсын! -дегім келеді. 
 
 
 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
46 
 
Ищанова Гүлмайра 
10-сынып, Қобда гимназиясы,  
Ақтөбе обл., Қобда ауд. 
Жетекшісі: Муканова Шарипа Кулинтаевна 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал