Конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/14
Дата02.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
19 
 
Байжуанова Мерует 
10-сынып, Қобда гимназиясы,  
Ақтөбе обл., Қобда ауд. 
Жетекшісі: Муканова Шарипа Кулинтаевна 
 
Ұлы  Жеңіске 71 жыл! 
Ешкім де , ешнәрсе де ұмытылмақ емес!  
 
 
Еліміздің  сан  ғасырлық  тарихында  мақтаныш  тұтар,  бүгінгіміз  бен 
келешегіміз  үшін    ғибрат  алар,  кеудемізге  қиналғанда  үміт  отын  жағар 
оқиғалар мен  Отан   алдындағы  адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз 
болмаған.  Олардың  қатарына:  қазақтың  ұлт  болып  ұйысуы  мен  оның  ұлан-
ғайыр  ата-қонысының    қалыптасуын,  ата-бабаларымыздың  елімізге,  тән 
өзіндік  шаруашылық  жүргізу    жүйесін  қалыптастыруын,  батырларымыздың  
елі мен жерін, халқын сыртқы  жауларынан қорғаған үлгісін жатқызамыз.  
            Елбасымыздың  “  Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар    жол  “  атты 
Жолдауында  “  2015  жыл  –  ұлттық  тарихымызды  ұлықтау  және  бүгінгі 
биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы“ деп атады. “ Қазақ 
хандығының  550  жылдығын“,  “  Қазақстан    халқы    Ассамблеясы    мен  
Конституциямыздың  20 жылдығын“, “ Ұлы  Жеңістің 70 жылдығын“ ерекше 
атап өткен болатын. Бұл атаулы мерекелер 2016 жылы да аталып  өтілмекші.  
           “ Соғыс  басталды! “   
            Қандай  қасіретті  үн.  Қазақтың  мамыражай  даласын  қалың  тұман 
басты. Тарихқа таңбаланған  қаралы  күндер  бойы  сіркіреген  ажал  рухы  
онымен  тапталмайды. 
Арада  қаһарлы  1418  күн  откенде,  бүгін  бір  ұрпақтың  жанқиярлық  ерлігі 
– Жеңіс те  келіп жетті! Көктемнің көкорайлы сәтінде, бұлбұлы сайрап, құс-
көбелегі жадырап, жеңіс  күнін олжалаған халқымыз әсем даланы “ Көктем “ 
биіндей құлпыртты. “ Жеңіс “ тойын  тойлатты. 
 
Көктем келді  тіршілікке  сән  беріп, 
Ерлік  туын  олжалады  жан беріп
Нағыз  қазақ  рухына  жарасты 
“ Жеңіс “ деген  Отанына  ән келіп ! 
                       
            Жеңіс!  1945  жылдың    9  мамыр  күні  дәл  осы  шаттық    хабарды    естіп  
тұрып,  бүкіл    әлем  теңселіп  кетті.  Жер  жүзі  халықтарының    жүректері  
қуаныштан  лүпіл  қақты.  
            Бұл  сұм  соғыста    сан  мыңдаған    адамдар    мерт  болып,    қаншамасы  
мүгедек  болып  қалды. Дегенмен  бәрібір Берлиндегі  рейхстаг  үстінде жеңіс 
туы    желбірей    көтерілді.    Осы  жеңісте  Қазақстаннан    шыққан  қаһарман 
жауынгерлердің    қанымен  ,  жанымен    мына    жарық  өмір  үшін  аянбай 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
20 
 
ұмтылған  зор  үлестері  ерекше.“  Өз    халқын    құрметтеп,  сүймеген    адам  – 
опасыз, оңбаған  адам“ - деп қазақтың қаһарман жауынгер - ақыны Бауыржан  
Момышұлы  айтқандай,  біздің  батырларымыз  Отан  үшін  өз  басын  өлімге 
байлап,    ажалмен    алысып,  өз  ұрпақтарының,  өз  халқының  намысын 
қорғағаны    өз  халқын  шын  сүйетіндігін,  құрметтейтіндігін  білдіреді. 
Қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым  күшіне төтеп беріп, 
олармен  табан  тіресе  шайқасқан  аталарымыздың  ерлігі  біздің    көкірегімізге 
мақтаныш сезімін ұялатады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы  ерлігі  үшін  
500  қазақстандық  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алды.  Соғыста  біздің 
аталарымыз    ежелден  еркіндікті  аңсаған  ер  қазақтың  өршіл  рухын, 
батырлығын  әлемге  паш  етті.  Қазақ    ұлты    ұландарының  антқа  адалдығын  
көрсетті.  
      Халқымыз  соғыс  қарсаңында    көрген    азаптарына,  қиындықтарына  
ерекше    төзімділік    көрсетіп  ,  тағдыр    талқысымен    келгендерге    қол-ұшын 
берді .  
      Бұл соғыста Кеңес Одағын  мекендеген  барлық  халық  бір  жеңнен қол, 
бір  жағадан    бас    шығарып    Отанын    қорғады.  “  Ел    үмітін    ер  ақтар,  ер  
атағын  ел сақтар “ – дей келе,  Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай, 
ата-бабаларымыздың  рухани  тағзым  ретінде, олардың ерен ерліктерін, жер, 
Отан,  біздердің  жарқын  болашағымыз  үшін  жасаған  ерліктерін    мәңгілікке 
есте  сақтап,  жадымызда    ұстаймыз.    Қанша    жылдар    өтсе    де,  бұл  соғыста  
ерлікпен  қаза тапқан  әрбір  батырларымыз тарих төрінен  орын  алады  және  
біз, ұрпақтары  мәңгі  жеңіс  алауын  сөндірмей, Отан  үшін от кешкендерді  
әрдайым  жүрек  түкпірімізде  ұстаймыз. 
 
 
 
 
 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
21 
 
Байтөлекова Нұргүл 
7 класс, Сағашилі орта мектебі 
Мұғалжар ауданы,Ақтөбе облысы 
Жетекші: Байтөлекова Гүлнафиз Жеткергенқызы 
 
Өмір тауқыметі 
(шығарма ҰОС –нан оралмай қайтыс болған   
Ертілеуов Жетеген атама  арналады) 
 
 Таңсәрі    жаңа    шыққан  күннің    бетін  бұлт    басқан,  айнала    аппақ,  қар 
жауып  тұр. Жел уф етсе, боран соққалы  тұр. Ауылдағы  барлық кемпір-шал,  
бала-шаға    келіншектер    жиналып  соғысқа  аттанып  бара  жатқан    Сары 
шалдың  баласы  Әлібиді,  Қоңқанның    баласы  Ерғалиды,  Ертілеудің    баласы 
Жетегенді  шығарып  салып  тұр.  Жетегеннің    келіншегі    Бати  тозған 
шарқатының  шетімен    парлаған  көз  жасын  сүртіп  тұр.  Жетегеннің  артында  
шешесі Дәме, қызы Бажау мен аяғы ауыр келіншегі қалып барады. Жиналған  
жұрттың  ішіндегі  ақсақалды қарт адам 
-
 
Ал,  балаларым,  қайда  жүрсеңдерде  аман  болыңдар!  Жауды  жеңіп  
аман-есен оралыңдар, деп  ақ батасын  беріп бетін сипады.  
Қара  торы  ат  жегілген  шанадағы  әскери  киінген  сұсты  адам, 
-
 
Тез  болыңдар,  боран    басталғалы    тұр,  жолымыз  ұзақ,  Шалқар 
стансасына    жетуіміз керек деп, - айқайлады. 
 Жиналған    қара    құрым  халық  шу  етіп  жылап-сықтап  қол  былғап  қала  
берді. 
 Қара  торы  ат  жегілген  шана  көзден ғайып  болғанша  тарқаспады. 
 Бұл  1941 жылдың  желтоқсан айы  еді.  Фашистік Германияның  нағыз  
қаһарланып  тұрған кезі. Соғысқа аттанған жас жігіттер Шалқар стансасына 
одан  Ақтөбе  қаласына  жеткізіліп,  казармаға  орналастырылды.  Ақтөбе 
қаласында  он  күн  бойы  дайындалғаннан    кейін  Мәскеу  қаласына  поезбен 
жеткізілді.  Бұдан  бұрын  ешқайда    шығып  көрмеген    ауыл    жігіттеріне  бәрі 
таңсық болса да, іштерінен үрей мен қорқыныш  басымырақ. Мәскеуде  екі 
күн болған соң, Мәскеу жанындағы Орел қаласына аттанды. Қасындағы ауыл  
жігіттері  әр  жаққа  бөлініп  кеткен.  Ұрыстың  дәл  ортасына  түскен  26  адам, 
көбісі жас жігіттер болса, кейбірі егде тартқан жігіт ағалары. Командир сапқа 
тұруға бұйрық берді.   
- Ал, жігіттер ертеңнен бастап, сендер ұрысқа түсесіңдер! Орел қаласын 
біз    фашистердің  қолына  бермеуіміз  керек.  Қасық  қанымыз  қалғанша 
күресеміз. Әрқайсыларыңның үйлеріңде  аналарың, бауыр еті  балаларың мен 
жан  жарыларың  қалды.    Олар    сендердің    балаларыңды    бағып, 
амандықтарыңды    тілеп  отыр,  сондықтан    біз    қалай  да  жеңіске  жетіп, 
Отанымызды  жау  қолына  бермей  аман  оралуымыз  керек!  Мына  кішкене   
темірдің ішіне өздерің туралы толық мәлімет жазыңдар және ол өздеріңмен 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
22 
 
әрдайым    жүретін  болсын.  -  деді  де,  демалуға    рұқсат    берді.  Мен  ауылдан 
әкелген  кішкене  қатқан  құрттың  қалғанын  қасымдағы  жігіттерге  қылдай 
қылып    бөліп  аузымызға  салып  кеп  қалғанда,  ой  шіркін,  ішімізге  ел 
қонғандай тер бұрқ ете қалды.  
 Сөйтіп  соғыс  уақытындағы  өмір  де  жалғасып    жатты.  Ертесіне  майдан 
алаңына  шығып,  ұрыстың  не  екеніне  көз    жеткіздік.  Ұзына  бойы    қазылған  
жер    окопында    бәріміз  ұрысқа  дайындалып  отырмыз.  Командир  окопта 
былай бір өтіп, былай бір өтіп  ұрыстың   басталар кезін тағатсыздана күтіп 
жүргендей.  Бір  кезде  үстімізден  гуілдеген    дауыс  естілді.  Жатыңдар,  жау 
самолеті  сақ болыңдар, деген дауыс естілді. Барлығымыз окопка құлап жата 
қалдық. Ысқырып шыңғырған дауыстан кейін  тарс-гүрс жарылған бомбаның 
дауыстары шықты. Бір бомба ысылдап келіп бізден жоғары жақтағы окопты 
бұзып    жарылды.  Бомбаның  сынықтары  менің  қасымдағы  жігіттің  аяғын 
жанай  жерге  түсті.    Көзімізді    жұмып  үлгергендей    болдық.  Сөйтіп  кезекті 
ұрыс  та  басталып    кетті.    Командир    атыңдар,  атыңдар,  тек    оқты  босқа 
атпаңдар,  жауды  өлтіруге  ғана  жұмсаңдар  деп  өзі  де    қаруын  кезеніп 
дырылдатып  жатыр.  Бір  кезде  алға,  алға    деген  дауыстар    шықты.  Барлық  
солдаттар  шулап  алға  қарай  ұмтылды.  Бізде  шинелімізді  сүйрете  тұра 
ұмтылдық.    Қолымыздағы  автоматты    кезеніп    жүгіріп  келе    жатырмыз.  
Алыстан  танкілердің  дауысы  шығып бұрқ-бұрқ еткізіп біздің солдаттарды 
да  қырып  жатыр.  Алдымыздағы  үлкен  көзілдірікті    фашист    шыға  келіп  
автоматының шүріппесін  басып үлгерді.  Қасымдағы  жауынгер жігіт  жерге  
құлап  бара  жатса да, автоматын  кезене  фашистке  атып  үлгерді. Ол  да 
сұлай    түсті.  Оның  атқан    бір  оғы    менің    қолыма    тиді    ма,  әйтеуір  менің  
дауысым  шықпай  қалды.    Құлағым    даңғұр-дүңгір    етіп,    көзімнің    алды  
бұлдырап  бара  жатты.   Біреу  сүйреп  әкеле жатқаны есімде, онан  ары не 
болғанын білмеймін.  
-Женя, Женя есіңді жи, бетімнен  шапалақ тиген секілді   болды. Басым 
мең-зең  басымды  дәкемен  айналдырып таңып тастаған. Басымды көтерейін 
десем    зіп-зілдей.  Ыңырсыған  дауыс  естілді.  Жанымда  екі  жігіт  қатарынан 
жатыр. Олардың да   жарақаттары  ауыр сияқты.   
 Бізді    жарақаттары  ауыр  деп  госпитальға  жіберді.  Госпиталь  дегенді  
бірінші    көруім.  Ұзына    бойы    созыла    жатқан    солдаттар.  Бірінің  басы 
жарылған,  бірінің  аяғы  сынған,  кесілген.  Түрлі    ыңырсыған    дауыстар. 
Дауыстарынан  жаның  түршігеді. Олардың  қасында менің ауруым  жеңілдеу 
ма  деп  қалдым.  Бірақ    басым  зың-зың    етіп  көтертпейді.    Сөйтіп    8  күн 
емделіп  шықтым.  Өз ротама қайтып келдім.   
 Кезекті  ұрысқа  дайындалып  жатырмыз.  Қасымызда  бір  пулеметшіміз 
бар.    Командир    дүрбімен    қарап    жоғарғы    жақтағы    басшыларға    хабар 
жіберіп    тұр.      Бір    кезде    екі  солдатты  барлап    келуге  жіберді.  Қыс  кезі 
болғандықтан үстерінде    ақ  киім.  Біз   жақтан    бара жатқан  барлаушыларды 
байқап    қалды    ма,  атыс  кенеттен  басталып    кетті.  Тағы  да  тарсылдап, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
23 
 
гүрсілдеген  дауыстар.  Кім-кімді    атып    жатқанын    біліп    болмайсың. 
Командир  «Отан  үшін,  алға!»  деп    окоптан    шығып    алға    қарай    жүгіре  
жөнелді.  Бізде  алға,  алға  деп    жүгіре  жөнелдік.  Алдымызда  немістер    мен  
танкілер    қара    құрттай    қаптап  келеді.  Біздің    әскерлер  беріспей  атысып 
жатыр. Қасымдағы Вадим деген орыс жігіті беліндегі  гранатасын жақындап 
қалған  танкіге  лақтырып  жібергенде,   неміс  танкісінің  бір    жанына  тиді  ма, 
біз  жерге  жата  қалдық.  Ішінен    ұзын  неміс    атып    шығып    қаша    жөнелді.  
Мен    де  өзімше    автоматтың    шүріппесін    басып    қалдым.  Ұзын  неміс  
немісше    бірдеңе    деп    жерге    құлады.  Ол  немістің  үйінде  де  баласы  күтіп 
отырған  шығар  деген  аяушылыққа  бой    алдырсам.  Менің    жеріме  келіп  
тиіскен   өздері    емес    пе, ендеше    мен неге   оны    аяуым  керек.  Бойымдағы  
қорқыныш  жойылып,  жігерлік пайда  болғандай.   Қатарымыз  сиреп  қалған 
сияқтымыз. Немістердің бекінген жеріне жетіп қалдық. Әліміз де азайды. Бір  
жерден  пулеметтің  атысы  естілді.  Біздің    бір-екі    жігітті    сұлатты.  
Мығымдалып    орнығып  алған,  тоқтайтын    түрі  жоқ.  Командирдің    өліспей,  
беріпейміз  деген  дауысы    естіледі.    Оқ-дәрімізде  азайған.  Пулемет  жаққа 
қарай  жақындап  келемін.Қолымда  соңғы  қалған    граната  әлі  де    жақындай  
түсейінші.  Жер    жастанып    бұғып    келе    жатырмын.  Мені    байқап    қалды, 
маған қарай  дырылдата  жөнелді. Жерге  жабысып  жата қалдым,  жаныма  
пулемет    оқтары    тырсылдап    түсіп    жатыр.    Тынышталғандай    болды,  
шамалы   еңбектеп   келіп  атып    тұрдым    да   жүгіре    қолымдағы    гранатаны  
барлық  күшіммен  лақтырып  қалдым. Сол кезде  маған  көзделген   пулемет  
даусы      естілді    де,  гүрс  еткен    гранатаның    даусынан  кейін  су  сепкендей 
басылып  қалды. Жерге  құлап  барамын,  әйтеуір  Отанымды  бір фашисттен 
құтқардым-ау! Шешем, Бәти, балаларым маған қарап қолдарын бұлғайды.   
-Тұрсайшы,  әке!  
Ақ кебін киген  әкесі Ертілеу де «балам жарақаттанып қалдың ба? Кел 
мен сені  атыма  мінгізіп  алайын» - деп сүйемелдеп атына мінгізіп алып кете  
барды.  Бұл  1943  жылдың желтоқсан айы еді.  
Дәме  кемпір  ұлынан  хабар  күтіп,  зар  жылайды.  Бәти  түнімен  кейде 
шаршап  ұйықтап кетсе, кейде  көз  ілмей көпшігі жасқа малынып шығады.  
1943 жылдың қара күзінде кешқұрым үйге ауылдың үлкен ақсақалдары 
кіріп келді. 
-Амансың ба,  Дәме?  
-О, құдайым бір өзің  жар  бола гөр! 
-Дәме өзіңе  бекем  бол, азаматымыздан  айырылып қалдық. 
-Не деп  отырсыңдар, мүмкін емес,  балам  аман-есен, сендер  баламның  
хабарын қайдан білесіңдер,    майданға  бірге барып  па  едіңдер? Жоқ  балам  
тірі,    ол    әлі-ақ  үйге    кіріп  келеді.    Көрде    тұр,  сен  шал    аузыңа    келгенді  
соқпай    отыр,  -деп    не    істерін    білмей    зарлаған  даусы    жер    жарып    не  
сенерін, не  сенбесін  білмей  абдырады.  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
24 
 
-Құдайдың  салған  ісіне  на    шара.  Атаңанәлет  қанішер  фашист    не 
істемеді?  
Тепсе  темір  үзетін  ауыл  балаларының    жартысына    жуығынан    қара  
қағаз  келді ғой. Мұндай  қасіреттен  басқа  не  бар?  -деген  қара  сақалды  
Сары    шалдың    сақалы    кемсеңдеп    соңғы    сөзі    түсініксіз    болып    кетті.  
Ауылдың  барлық  үлкен-кішісі  жиналып  қалған.  У-шу  дауыс  шығарған  
әйелдердің  даусы  ауылды  алып кетті. 
1945 жылдың  көктемі . Соғыс аяқталып ауылдағы  бірең-сараң  соғысқа  
кеткендер  оралып жатты. Анау Әліби  шалдың  баласынан  да  қара  қағаз 
келігенді.    Ол    да    оралды    соғыстан.  Сонда    қара  қағазы    өтірік    болып  
шыққаны  ма, әлде  қателесіп  кеткен болар.  Онда менің Жетегенім де ертең 
есік  қағып    келіп  тұрса    ғой!-деп  жатса-тұрса  ойлайтынды.  Бәтидің    көзі 
ілініп, ұйқыға кетті. Сиыр  сауып  болып, қасындағы  келіншектермен бірге 
ауылға қарай келе  жатыр. Алыстан қараңдап біреу келе   жатқандай,  
-О, тоба рас па?  Шынымен  біреу  келе  жатыр,   жақындай  түскендей. 
-Әй мынау  Жетеген  ғой,-деп  келіншектер  шу  ете  қалды 
-Рас ей,  мынау  Жетеген  ғой 
-Аман  екен  ғой,  о  құдайым-ау,  жақындап  қалған  Жетегенді  көрген 
Бәтидің көзі  қарауытып құлап барады. Біраз уақыттан соң есін жинағандай 
болды.  Қасындағы    келіншектер  қасына  жақындамай,  алыстан  бұған  қарап  
тұр.  Есін      дұрыстап  жинаған  Бәти    артына  қасынан  өтіп  бара  жатқан 
Жетегенге қайда  барасың  үйде  апам  мен  балаларың  күтіп отыр  ғой  деп  
айтқысы    келеді.  Бірақ  дауысы    шықпайды.  Артынан  жүгірейін    десе    аяғы  
қозғалмайды. Сол  орнында  тұрып  жылай  береді.  Ыңырсыған  даусынан  
өзі  шошып  оянды.  Қол-аяғы  зіп-зілдей  біреу ұрып  тастағандай, мең-зең  
күйде.  Көпшігі    малмандай    су.    Бәти    түсі    екенін    енді  түсінді.    Әлі  де    
оралатынына    үмітпен  қараған    келіншек    мына    түсінен  кейінгі  ащы  
шындыққа  сенгісі  келмесе де  ендігі күйеуінің оралмайтынына  көзі  жетті 
де,  жастығына  құлай  өксіп жылай  берді, жылай  берді.  
 
 
 
 
 
 
 
 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
25 
 
 
Барахатқызы Жұлдыз 
11 класс, №3 Қарауылкелді орта мектебі, 
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы 
Жетекші: Тынышбаева Лиза Жакиповна 
 
Қаһарман қыз - Хиуаз Доспанова 
 
 
     Қаһармандығы тарихта белгілі болғанымен, дүйім жұртқа  көп таныс емес   
қазақтың  батыр  қыздарының  бірі  Хиуаз  Қайырқызы  Доспанова.  Ол  1922  жылы 
Орал қаласында дүниеге келген.  
    Ұшқыштық  өмір  жолын  Оралдың  аэроклубында  бастап,  кейін  әйгілі 
ұшқыш  Марина  Раскова  басқарған  46-гвардиялық  полкінің  құрамында  300-ден 
астам  әуе  шайқастарына  қатысқан  Хиуаз  Доспанова  сол  кездің  өзінде  теңдессіз 
ерлігі  үшін  «қанатты  қыз»  атанған  еді.  Әлия,  Мәншүк,  Хиуаз...  Олардың 
есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. 
    Хиуаз  Астрахандағы  балық  кәсіпшілігімен  айналысқан  жұмысшы 
отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, 
көрші  болғанының  өзі  өмірінің  естен  кетпес  бір  сәті  іспеттес.  Есімдері  тарихта 
мәңгі  қалатын  бір  көшенің  батыр  қыздарының  мінездерінде  де  ұқсастық  бар. 
Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет.  
    Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш 
болуды армандайды.
 
Сонымен алған бетінен қайтпайтын пысық қыз 1940 жылы 
мектепті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп 
Мәскеуге  жол  тартып,  Жуковский  атындағы  әскери-әуе  академиясына  түспек 
болады.  Бірақ  ол «жастарға  қайда  барса  жол  ашық»  деген  ұран  жұрттың  бәріне 
бірдей  емес  екенін  болжай  алмапты.  Қазақ  даласынан  келген  қара  торы  қызға 
мұндай оқу орнының есігі жабық екен. Сонда, тұңғыш рет маңдайы тасқа тиген 
жас  қатты  налиды.   Бірақ  налыса  да жасымаған  Хиуаз  Мәскеудің  1-ші 
медициналық институтына оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз құрбыларының 
алды  болып  жүреді.  Сабақты  жақсы  оқуымен  қатар  ол спорттық  гимнастикамен 
де айналысып, әрі қоғам жұмысының белсендісі болады.  
    Сөйтіп  жүргенде  бір  жыл  өте  шығып,  жазғы  сессия  күндері  басталады. 
Каникулға енді-енді шығайын деп тұрған күндерінің бірінде соғыс өрті бұрқ ете 
қалады...   Бойында  патриоттық  сезім  шалқыған  қыз  өзге  құрбылары  секілді 
демалыста үйіне кетпей Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Олар 
әуелі  «Метрострой»  жүйесінің  қарамағында  болса,  еріктілерді  артынан 
Мемлекеттік  қорғаныс  комитеті  өз қолына  алады.   1941  жылдың  қыркүйегінде 
Мәскеудің  оқу  орындарында  жаңа  оқу  жылы  басталады.  Жан  дүниесі  белсенді 
іске  жанығып  тұратын  Хиуаз  бүкіл  ел соғысқа  аттанып  жатқанда  өзінің  ақырын 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 
начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 
 
26 
 
жүріп,  сабақ  оқи  алмасын  біледі.  Майданға  сұранып,  медбике,  тым  болмаса 
санитар  болып  кеткісі  келіп  жүрген  бір  күні  атақты  Марина  Раскованың  қыз-
келіншектер  авиаполкін  құрғалы  жатқанын  естиді.  Көктен  іздегені  жерден 
табылған  Хиуаз  алдыңғылардың  бірі  болып,  атақты  М. Расковаға  келеді. 
Жасыратыны жоқ, қара торы қызға мұнда да сенімсіздікпен қарайды. Бірақ соғыс 
кезінде  жаны  жанығып,  жалындап  тұрған  қызды  полкқа  қабылдайды.   Сөйтіп, 
Хиуазды  Саратовтың  әскери-әуе  училищесіне  жібереді.  Мұнда  штурмандар 
дайындайтын  сыныпты  аяқтап,  1942  жылдың  көктемінде  авиация  тарихында 
тұңғыш  рет  құрылған,  түнгі  мезгілде  жау  позицияларын  бомбалайтын  әйелдер 
авиаполкының құрамында майданға аттанады. Полктың командирі, аға лейтенант 
Е. Бершанская  болады.  Ал М.  Раскованың  өзі  майданға  бармай,  басқа  қыздарды 
дайындау үшін Саратовта қалады.  
    Мәскеудің  бірінші  медициналық  институтының  екінші  курсынан 
өз еркімен  майданға  аттанып,  әскери  ұшқыш  болған,  сөйтіп  аспанда  300-ден 
артық әскери тапсырмамен ұшып, ерлік көрсеткен қазақтың қаһарман қызы Хиуаз 
Доспанованың  есімі  бүгінде ұмыт  болып  бара жатқаны  өкінішті.   Әрине,  қайсар 
мінез,  шыншыл  жүрек,  тура  сөйлеу  ол кездегі  үкіметке  жақпайтын.  Жоғарыда 
шешілген  істерге  ешқандай  қарсылық  көрсетуге,  қарсы  пікір  айтуға  болмайтын. 
Бірақ  бойында  қайсар  мінезі  бар  Хиуаз  үнсіз  бас  шұлғаудан  аулақ  болды. 
Ол өзінің ойын дұрыс деп санаса кімнің алдында болса да айта алатын. Оның осы 
мінезін басшылар жек көреді. Сөйтіп, оны үлкен қызметтерден шеттете бастайды. 
Ақырында,  соғыстан  алған  жараларын,  контузиясын,  мүгедектігін  сылтауратып, 
оны 
мезгілінен 
бұрын 
зейнет 
демалысына 
жіберді...  
«Арада  ширек  ғасырдан  астам  уақыт  өтсе  де,  алғашқы  әскери  операцияға 
барғаным  көз  алдымда  кеше  ғана  болғандай  сайрап  тұр»  дейді  Хиуаз  апай. 
...Даланы  түн  қараңғылығы  жайлаған  кез.  Алдымен  жарық  бергіш  бомба 
тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап 
алу  қажет  болған.  Сол  сәт  төңірек  жап-жарық  болып  кетеді.  Звено  командирі 
Е.Пескова  мен  Х.Доспанова  бұйрық  түсісімен  жаудың  атыс  ұясын  бомбалай 
бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермепті. Неше 
мәрте  бомбалап,  даланың  астаң-кестеңі  шығып  жатқанда  ұшқыш  қыздар  аққан 
жұлдыздай  көзден  ғайып  болады.  Алғашқы  әскери  тапсырманы  осылай  сәтті 
орындаған  қос  қыз  жан-жақтан  қаумалап  алған  майдандастарының  қошеметіне 
емес,  өздерінің  осындай  маңызды  іске  дайын  екендіктерін  сезініп,  қуанғанды. 
Жаумен  аспандағы  шайқаста  300  рет  болып  қайтқан  Хиуаз  ұшақтан  14  рет 
құлапты.  Төрт  мәрте  ауыр  жарақат  алып,  есін  жиысымен  ұрыс  даласына  қайта 
оралып отырған. Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді.  
     Қазақтың  жас  қызы  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  Марина  Раскова 
басқарған  46-гвардиялық  түнгі  бомбалаушы  –  ұшқыштар  полкінде  штурман 
қызметін  атқарған.  Майдандағы  ерлігі  үшін  ол  «Қызыл  жұлдыз»,  ІІ  дәрежелі 
«Отан  соғысы»  ордендерімен  және  көптеген  медальдармен  марапатталған.  Ал 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал