Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ



жүктеу 1.11 Mb.

бет1/11
Дата05.03.2017
өлшемі1.11 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 №17 (1252)           22

  сәуір  

2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

„

Еліміздің бірқатар аймақтарын қызыл су шайып, төтенше жағдай орын алды. Күні 



кеше Қарағанды облысында зардап шеккен тұрғындарға жамбылдықтар материалдық 

көмек жөнелтті. 



жамбылдықтар жылуы

Супер 

бойдақтың 

соңғы селфиі

«тараз» 

тағы да жеңіс 

тұғырында

    13 бет.

    23 бет.

    3 бет.



құрметті 

тараз қаласының 

тұрғындары

2015 жылдың 26 сәуір күні 

сағат 8.00-ден бастап №№ 

5, 7, 9, 10, 16, 18, 21, 22, 24, 

25, 26, 28, 32, 33, 35, 37, 38, 

42, 43, 44, 46, 47, 48, 49, 51, 

53, 54, 55, 56 мектептерінің 

ауласында төмендетілген 

бағамен ауылшаруашылығы 

өнімдерінің жәрмеңкесі 

өткізіледі. 

Жәрмеңкеге барлығыңызды 

шақырамыз!

тараз қаласының әкімдігі


қала қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №17 (1252), 22 сәуір 2015 Жыл 



Ислам – өркенИет діні

 

„



Ислам дінінің қазақ тарихындағы рөлі қандай? Осы сауалға жауап іздеген 

ғалымдар м.Х.Дулати атындағы Тарму Жастар сарайында  «қазақстан 

тарихындағы ислам дінінің рөлі» тақырыбында өткен аймақтық тәжірибелік 

конференцияда талқылады. басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат 

манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ 

хандығының 550 жылдық торқалы тойының мәні мен маңызына айрықша назар 

аударылатынын атап өтті.

 

„



Облыс орталығында 

қр Президенті сайлауын 

бақылау жөніндегі 

республикалық қоғамдық 

комиссияның облыстағы 

филиалында бақ-қа 

арналған брифинг өтті. 

Оған аталған комиссияның 

мүшесі, «7 арна» 

директорлар кеңесінің 

төрайымы, республикалық 

«бас редакторлар клубы» 

қоғамдық бірлестігінің 

президенті бибігүл 

Жексенбай қатысты.

бұл дода  әділ өтеді



Арсен БАЙЗАҚ

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің бас ғимаратында 

өткен брифинг жұмысын ашқан ҚР Президент сайлауын 

бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның 

облыстық филиалының төрайымы Парида Мамедова іс-

шараның негізгі мақсатына тоқталды. Ол бүгінде облыс 

аумағында 461 байқаушы тіркелгенін және байқаушылар 

мен  штаб  арасында  байланыс  орнағанын  алдыға 

тартты.  Қоғамдық  комиссияның  облыстағы  филиалы 

байқаушыларға  түсіндіру  жұмысын  жүргізе  отырып, 

сайлау барысы заңға сәйкес, талаптарға сай жүргізу керек 

екендігін басты назарда ұстайтындығын атап кетті.

–  Жамбыл  жеріне  келудегі  негізгі  мақсатымыз  – 

еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауына орай ар-

найы құрылған республикалық бақылау комиссиясының 

жұмысын кеңірек айтып беру және аймақтық бақылау 

комиссияларының жұмыстары туралы ақпарат жинау. 2005 

жылы Азаматтық альянс жанынан сайлауларды бақылау 

республикалық комиссиясы құрылған болатын. Соңғы 

он жыл ішінде бұл комиссия үлкен тәжірибе жинақтады 

және осы кезектен тыс Президенттік сайлауға да кеңінен 

атсалысып жатыр деп айтуға болады. Қазір осы сайлаудың 

жұмысын  бақылауға  он  мыңнан  аса  байқаушылар 

қатысуда, – деген республикалық қоғамдық комиссияның 

мүшесі  Бибігүл  Жексенбай  бұған  дейінгі  өткен                                                                                                                      

сайлауларда көбіне шетелдік байқаушылардың белсенділік 

танытып келгенін жасырмады. Байқаушылардың қоғамдық 

комиссиясының құрылуына байланысты бұдан былай 

еліміздің  азаматтарынан  құралған  байқаушылар  да 

сайлаудың әділ де ашық өтуі үшін үлкен белсенділік та-

нытатын болады. «Барлық аймақтарда құрылған комиссия 

мүшелері жалпы олардың міндеттері мен мақсаттары 

қандай, қандай құқықтары бар екендігі туралы толық 

ақпарат алды. Әрбір аудан, ауылдарда өздерінің өкілдері 

жұмыс істеп жатыр. Сондықтан осы сайлаудың ойдағыдай, 

сәтті, әділ де ашық өтуіне өзіміздің әріптестеріміз, азамат-

тарымыз толыққанды атсалысуға мүмкіндік бар» - деді 

Б.Жексенбай. Сондай-ақ, ол комиссия халықтың сайлау 

туралы сауатының төмендігі салдарынан туындап жататын 

заңсыздықтар мен кемшіліктердің алдын алып, халықтың 

сайлауға сауатты түрде қатысуына мүмкіндік жасайтында-

рын да атап өтті. Басқосуда «Бас редакторлар клубының» 

президенті ретінде Бибігүл Жексенбай сайлаудың өту 

барысы жайлы ақпарат таратуда БАҚ басшылығы жалған 

әрі жеңіл пиарға бой алдырмайтынын да жеткізді. Бұл 

бағытта республикалық көлемде бас редакторлармен бірге 

арнайы хартия қабылданған. Байқаушылар сайлау күні әр 

екі сағат сайын штабқа мәлімет беріп отырмақ. Ол үшін 

олар ақпаратты мүмкіндігінше жедел жеткізу мақсатында 

телефон байланысы және интернет желілерімен толық 

қамтылған.

Арсен БАЙЗАҚ 

Конференцияда алдымен облыс әкімдігі дін істері 

басқармасының басшысы Жангелді Омаров сөз алып, 

ислам дінінің орталық Азиядағы, екі мың жылдан астам 

тарихы бар Тараз қаласындағы рөлін кеңінен сөз етті. 

Мұнан соң сөз кезегі М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың 

бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, 

профессор Асқар Абдуалыға берілді. Ол өз кезегінде 

«Қазақ хандығы және ислам өркениеті» тақырыбында 

баяндама жасады. Хабарламашы өз сөзінде сан ғасырлар 

бойы  қазақ  жұртшылығында  сабақтастығын  үзбей 

келе жатқан ислам діні мен қазақ өркениетінің байла-

нысын толыққанды әңгімеге арқау қылды. Дәуірлер 

бойы жалғасып келе жатқан ислам өркениеті кезең-

кезеңімен дамып отырғанын, әр хандар мен сұлтандар 

тұсында да исламға деген құрметтің толастамағанын 

сөз етті. Сондай-ақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық  университетінің  «Еуразиялық  талдаулар» 

кафедрасының  профессоры,  тарих  ғылымдарының 

докторы Мақсат Алпысбес «Қазақ жеріндегі исламдық 

құндылықтар  мен  жәдігерлер:  тарихи  қалыптасуы 

және рухани қызметі» тақырыбындағы хабарламасын 

назарға ұсынды. «Жалпы қазақ тарихын дін тұрғысынан 

алып қарағанда, исламға дейінгі дәуір және исламнан 

кейінгі дәуір деп қарастыруға болады. Бүгінгі қазақ 

қоғамының дамуы адамның бойындағы ізгі қасиеттерді 

тәрбиелеу, рухани қажеттіліктерді қанағанттандыру, 

мәдени дәстүр сабақтастығын жалғаумен астасады. 

Әлем халықтарының тарихи қалыптасқан наным-сенімі, 

діни танымы бар. Қазақ даласына ықылым заманда 

талай уағызшылар келіп, дінді насихаттаған. Арғы ата-

бабаларымыз ислам қағидаларын ертеден қабылдаған. 

Алайда, ислам діні біздің санамызға оңай сіңісті болды 

дегенді тарих растамайды. Арабтар көршілес елдерге 

ислам дінін таратқаны да айқын» деген ол арабтардың 

VII ғасырда Сырдария сағасына жетіп, одан Түркістанға 

ойысқанын  да  дәйекпен  айқындады.  Адам  қайтыс 

болғандағы ислами үрдістердің қазақ болмысында ерте-

ден қалыптасқанын да сөз етті. Діннің қайырымдылық, 

ізгілік, шарапатты істерді атқарудағы маңызына да 

тоқталды. Ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті «Дінтану» кафедрасының профессоры, та-

рих ғылымдарының докторы Асылбек Избайров «Қазақ 

тарихындағы дәстүрлі дін және оның бүгінгі жайы» 

тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде ғасырлар 

айрығында ізгі дінімізге іріткі салуға тырысқандардың 

жымысқы  әрекетінен  еш  нәрсе  өнбегенін  дәйекті 

пікірлермен дәлелдеп отырды. 

Жиында  өзге  де  баяндамашылар  ислам  дінінің 

қоғамдағы рөлін әртүрлі дәйектер арқылы нақтылады. 

Соңыра конференция жұмысына орай қарар қабылданды. 

Конференция секциялық жұмыстармен жалғасын тауып, 

келесі күні өзге де шаралар өткізілді. Экскурсия жасал-

ды. Бейнефильм көрсетілді. Мазмұны ауқымды жиында 

қазақ хандығы тұсындағы ислам өркениеті төңірегінде 

де сөз айтылды.

 

„

м.Х.Дулати атындағы Тарму-дің бас ғимаратында 



аймақтағы сайлау учаскелерінің өкілдерімен «2015 жылғы 

26 сәуірге тағайындалған қр Президентінің кезектен 

тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбында 

семинар өтті.

сайлауға дайынбыз!

Айсана НҰРБАП

Іс-шараны ҚР Орталық сайлау комис-

сиясы Жамбыл облыстық аумақтық сайлау 

комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Семинар жұмысына ҚР Орталық сайлау 

комиссиясының  мүшесі  М.Сәрсембаев, 

облыстың  аумақтық  және  учаскелік 

сайлау  комиссияларының  төрағалары, 

хатшылары  мен  мүшелері,  аудандық 

әкімдер  аппараттарының  басшылары, 

ҚР  Президенттігіне  кандидаттардың 

сенім  білдірген  азаматтары,  саяси  пар-

тиялар  мен  қоғамдық  бірлестіктердің, 

мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, 

халықаралық және отандық байқаушылар, 

сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының 

өкілдері  қатысты.Жиналғандар  алдын-

да  Жамбыл  облыстық  аумақтық  сайлау 

комиссиясының  төрағасы  М.Сарыбеков 

кіріспе  сөз  сөйледі.  М.Сәрсембаев  ҚР 

Президентінің  кезектен  тыс  сайлауын 

өткізуге  дайындық  барысы,  26  сәуірде 

учаскелік  сайлау  комиссиялары  іске 

асыратын  сайлау  рәсімдері  туралы  ай-

тып,  олардың  бұл  кезеңдегі  қызметінің 

негізгі  аспектілерін  баяндады.Сонымен 

қатар  Ортсайлауком  мүшесі  сайлауды 

дайындауға  және  өткізуге  байланысты 

өзіне қойылған өзекті сұрақтарға бірқатар 

түсініктер беріп, сайлау науқаны барысында 

сайлау  комиссияларының  өкілеттігі  мен 

мемлекеттік органдар арасындағы қарым-

қатынастың кейбір ерекшеліктеріне жіті 

тоқталып өтті.Жамбыл облыстық аумақтық 

сайлау комиссиясы төрағасының орынба-

сары  Н.Врублевская  сайлау  учаскесінде 

дауыс беру мен дауыстарды санау рәсімдерін 

өткізу  тәртібі  мен  кезеңдеріне,  сондай-

ақ  аумақтық  сайлау  комиссияларының 

қызметіне  толық  тоқталды.Сайлау 

процестерін өткізу кезеңінде заңдылықты 

сақтау жөніндегі шаралар туралы Жамбыл 

облысы прокуратурасының бірінші басқарма 

басшысы  Б.Сейілханов  түбегейлі  айтып 

берді.Семинарға қатысушыларға қалалық 

және аудандық сайлау комиссияларының 

сайлауға  дайындық  бойынша  жүргізген 

жұмыстары  туралы  Тараз  қаласының 

аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы 

Ж.Пәрімбек  және  Жамбыл  аудандық 

аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы 

Ж.Сариев баяндады.Жалпы облыс көлемінде 

461 сайлау учаскелік сайлау комиссиялары 

қызмет атқаруда. Оның ішінде 112-і Тараз 

қаласының үлесінде болса, қалған 349-ы 

аудандарда орналасқан. 

 Жиында, сайлау науқанын қаржыландыру 

сұрақтарына да ерекше назар аударылды. 

Республикалық бюджеттен ҚР Президентінің 

сайлауына Жамбыл облысына барлығы 194 

миллион  939  мың  теңге  бөлінген  екен. 

Аталмыш шараға облыста ҚР Президентінің 

кезектен  тыс  сайлауының  өту  барысын 

бақылау мақсатында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Мис-

сиясымен келген ұзақ мерзімді халықаралық 

байқаушылары  Норвегия  азаматы-  Даг                                                                                                      

Хэллезунд, Германия азаматшасы- Брид-

жит  Хауэр  және  ТМД  Миссиясының 

байқаушылар  Штабы  басшысының 

орынбасары  –  Кулеба  Олег  Викторович 

қатысты. Семинар соңында М.Сәрсембаев 

сайлау органдарының сайлау заңнамасы 

нормаларының бұлжытпай сақталуы мен 

азаматтардың өздерінің конституциялық 

сайлау құқығын іске асыруы үшін барлық 

қажетті жағдайлардың жасалуын қамтамасыз 

ету қажеттігін баса айтты.

Тарихқа тәу еткен күн...   



қала қарбалас

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №17 (1252),  22 сәуір  2015 Жыл 



БейБіт күннің алғысы

 

„



№53 орта мектептің мәжіліс залында Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров  Ұлы Отан соғысының бір топ 

ардагерлеріне мерекелік медальдар табыс етті.

қол ұшын созуда

 

„



Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты қарағанды облысындағы 

су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерге  гуманитарлық 

көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын 

ұйымдастыруда.  «Жас отандықтар»  осы бағытта  тұрғындарды 

игілікті іске атсалысуға шақырып, жылы киімдер, азық-түлік, 

балалар тағамдары, гигиеналық құралдар, ыдыс-аяқ, төсек-орын 

жабдықтарын жинауда. 

Апат  айтып  келмейді.  Қайырымдылық 

акциясына  тұрғындар  түсіністік  танытып, 

мүмкіндігінше  қол  ұшын  созуда.  Бұл  іске 

облыстық  іскер  әйелдер  қауымдастығы  да 

айрықша атсалысуда.  Қазіргі таңда  қажетті 

заттар  қала бойынша  «Нұр Отан» партиясы 

облыстық  филиалында,  орталық  базардағы 

«Кеңес  беру  орталығында»,  «Ауыл-Береке» 

базарының  әкімшілік  ғимаратында  және 

«ИРС» сауда орталығында қабылдануда.  Бүгін  

жиналған көмектің алғашқы легі Қарағанды об-

лысына жөнелтілді.  «Жас Отан» жастар қанаты 

сонымен қатар зардап шеккен елді мекендерді 

қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізетін 

еріктілер топтарына да қабылдау жүргізуде. «Көп 

түкірсе - көл» демекші,  қайырымдылық акция-

сына «Нұр Отан» партиясы  облыстық, қалалық, 

аудандық  филиалдарының    қызметкерлері 

қолдау көрсетіп,  бір күндік айлық жалақыларын 

аударды. 

«Нұр Отан» партиясы

 Жамбыл облыстық  филиалының 

баспасөз-қызметі

Айсана НҰРБАП

Мерекелік  шараны  қала  әкімдігінің    жұмыспен  қамту,  әлеуметтік 

бағдарламалар және білім бөлімдері ұйымдастырды. «Біз салтанатты шараға  

Жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік медальдарды тапсыру үшін «Химпо-

селк» аумағында тұрып жатқан және «Астана» мөлтек ауданындағы Ұлы Отан 

соғысы  майдангерлері мен мүгедектерін және тыл ардагерлерін  шақырдық. 

Алдағы уақытта әрбір округ бойынша қаладағы барлық мектепте  ардагерлерді 

марапаттау рәсімі  жалғасатын болады» - деді қалалық жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілі Жұлдыз Далиева. Ал осындай 

мерекелік шараны жүргізген мектеп оқушылары тарихи кезеңге шолу жасады. 

-    Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тапсырмасы  бойынша 

«1941-1945жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 70 жыл» мерекелік 

медалімен  соғысқа қатысушылар мен тыл ардагерлері марапатталуда. Біз 

бүгін 64 ардагерге осы медалді табыс етеміз. Олардың ішінде Тәжібай 

Қарабаев, Тілеуқабыл Төребеков, Петр Гончаров, Фарида Алтаева, Константин 

Добрыдень, Григорий Ефремов, Тұран Бегалиев, Гүлнұр Губайдулина, Абиш 

Юлдашевтер б

ар. Біз үшін бұл мерекенің жөні бөлек. Бабаларымыз жарқын 

болашақ үшін жан беріп, жан алысты. Елінің тәуелсіздігі жолында құрбан 

болды. Майдангерлеріміз бен тыл ардагерлері күн-түн демей Жеңіс үшін 

күресті. Бұл жолда тер де, қан да төгілді.  Сонау зұлматты басынан кешірген 

батырларымыздың есімдері мәңгілік жадымызда, ерліктері жүрегімізде 

сақталып қала бермек. Бүгінгі бейбіт өмір үшін ардагерлерімізге алғысымыз 

шексіз,- деді ардагерлерді марапаттау  рәсімінің алдында сөз алған қала 

әкімі Нұржан Календеров. Сондай-ақ, қала әкімі мерекеге орай атқарылып 

жатқан жұмыстарға да жіті тоқталып өтті. Мәселен, бүгінде қаладағы Ұлы 

Отан соғысына арналған  тоғыз ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. 

Оның ішінде тері комбинаты маңындағы «Мәңгілік алау»  ешкерткіші де бар. 

14 ҰОС ардагерлерінің үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Және мемлекет 

тарапынан жан-жақты әлеуметтік көмектер көрсетілуде.  Ағымдағы жылдың 

29-шы наурызында «Бәйтерек» мөлтек ауданынан 5 ҰОС ардагеріне жаңа 

пәтердің кілттері табыс етілген болатын. Нақты уақытта қала бойынша 122 

ҰОС ардагері мен 3700 тыл ардагерлері бар. Олардың сегізі 9-шы мамыр 

күні Елордада өтетін мерекелік шараға қатысуға әзірлік үстінде. Сондай-

ақ, шара барысында Наталья Гончарова мен оның әкесі, тыл ардагері Петр 

Гончаровтың жағымды жаңалығымен бөлісті. Петр Терентьевичтің әкесі 

Терентий Кузьмич Гончаров Ұлы Отан соғысына қатысқан екен.  Соғыс 

уақытысында үш мәрте «із түссіз жоғалған»  деген  хабар келіпті. 70 жыл 

бойы Гончаровтар әулеті аталарының жерленген жерін іздестірген екен.  Олар 

осыдан тура екі апта бұрын ғана Терентий Гончаровтың  Ржевский ауданы, 

Бельково ауылындағы бауырластар зиратында жатқандығы  көрсетілген 

құжаттарға қол жеткізген. Ендігі жерлесіміздің есімі Ресей елінде мәңгі 

жаңғырып тұратын болады. 

Шара соңында №53 мектептің оқушылары ардагерлердің құрметіне арнайы 

дайындаған мерекелік бағдарламаларын қойды. Жоғары сынып оқушылары 

соғыс жайлы өлеңдер оқып, «Катюша», «В землянке» әндерін орындады. 

Ерлігі үлгі ұрпаққа.   

Тазалыққа әркім жауапты

 

„

Наурыз айының басында бастау алған қала аумағын 



абаттандыру мен көгеріштендіру және санитарлық тазалық 

жұмыстарын жүргізудің екі айлығы өз жалғасын табуда.



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Өткен  сенбілік  бары-

сында  11  аумақтық  округ-

те  жүргізілген  тазарту 

жұмыстарына  3140  адам 

атсалысты. Арнайы 8 техни-

ка  жұмылдырып,  90  тонна 

күл-қоқыс, қатты тұрмыстық 

қ а л д ы қ   ш ы ғ а р ы л д ы . 

Сенбілікке  қалалық  ме-

кемелер,  кәсіпорындар, 

облыстық басқармалар мен 

жоғары  және  орта  білім 

ошақтары үлестерін қосты. 

Елдік  шара  аясында  қала 

аумағын  күл-қоқыстан 

тазартумен  қатар,  ағаш 

отырғызу,  тал-дарақтарды 

әктеу, көгалдандыру секілді 

жұмыст ар  жүргізілді. 

Қаланың  11  аумағында 

барлығы  ұзындығы  –  3440  метр  арық-атыздар 

тазаланып, 2282 талдар мен бағаналар сырланды. 

Мұнымен қоса «Бәйтерек» мөлтекауданында 1000 

түп ағаш көшеттері отырғызылды. Оған қалалық білім 

бөлімі басшысының орынбасары Уалихан Байдуанов 

бастаған сала мамандары мен студенттер белсене 

қатысты. Сондай-ақ, 19 сәуір Республикалық ағаш 

отырғызу күніне орай «Табиғатты қорғап – болашақты 

ойлайсың» атты акция аясында М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ-дің гидрокешені ауласында шаған, үйеңкі 

талдарының көшеттері отырғызылды. Бұл шараға 

облыстың қоршаған ортаны қорғау саласының маман-

дары, «Экология» кафедрасының оқытушылары мен 

студенттері қатысты. 

Тараз қаласын ортақ үйіміз деп есептейтін болсақ, 

оның гүлденіп, көркеюі – әрбір қала тұрғындары 

үшін маңызды болуы керек. Дей тұрғанмен, сенбілік 

жұмыстарына ат үсті қарап, селқостық танытқан ме-

кемелер бар екенін жасырмаймыз. Атап айтар болсақ, 

«Энерджи Тараз» ЖШС, «РосЭнергоАзия» ЖШС, 

«Жамбыл ГИПС» АҚ, Орталық базар, «Орталық ста-

дион», Облыстық драма театры, «Тараз Ирригация» 

ЖШС, «Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 

филиалы», «Қоныс Б» дәріханасы, Ауылшаруашылық 

басқармасы, «Нұрбанк», «АТФ» банк сынды 30-дан 

астам ұжым бар. Осыған байланысты қала әкімдігі 

тарапынан  аталған  мекемелерге  арнайы  хаттар 

жолданып отыр. Осы жыл көне шаһарымыз елдік 

көлемде аталып өтілетін арнаулы даталардың ырысты 

ордасына айналмақ. Мәселен, Қазақ хандығының 

550 жылдық мерейтойы тұтастай дерлік қаламызда 

өткізіледі. Осыған орай, түрлі игілігі мол шаралар 

жүзеге асырылуда. Сондықтан, алдағы уақытта жоғары 

да аталған мүйізі қарағайдай мекемелер тазалық жо-

лында енжарлық танытпай, жіберген олқылықтарының 

орнын жабады деген сенім білдіреміз.


зЕрДЕ

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №17 (1252),  22 сәуір  2015 Жыл



550

жыл


Оның тұсында батыр қонтайшы басқарып 

тұрған  жоңғар-ойраттардың  күшеюі 

байқалды. Олар қазақ хандығына үздіксіз 

шабуыл жасап тұрды. Жәңгір ханның билік 

еткен  жылдары  жоңғар  феодалдарының 

қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз 

жорықтар  кезеңіне  сай  келеді.  Кейбір 

мәліметтерге сәйкес Жәңгір ханның ордасы 

Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір 

хан бұхар хандығымен одақтастық келісімге 

келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес 

жүргізді. сонымен бірге, ол қырғыздармен де 

осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. 

мұның  бәрі  жоңғар  шабуылынан  қорғану 

мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде қазақ 

хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы 

қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың 

басшылары  көшіп-қонуға  жайлы  жерлер 

және  сырдария  өзені  бойындағы  сауда 

орталықтары  үшін  күрес  жүргізді.  сол 

кезеңдегі  тарихи  мәліметтер  бойынша, 

Жәңгір  хан  тұсында  қазақтар  мен  ойрат 

жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған. 

бірінші шайқас — 1635 жылы, екіншісі — 

1643-1644 жылдары, үшіншісі — 1652 жылы. 

1635  жылғы  шайқаста  қазақ  әскерлеріне 

батыр  қонтайшы  бастаған  жер  қайысқан 

қалың қол қарсы тұрды. бұл ұрыстың нақты 

нәтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ 

шайқас  кезінде  Жәңгір  ханның  тұтқынға 

түсіп, біраз уақыттан соң қашып құтылғаны 

туралы  деректер  кездеседі.  сол  кезден 

бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл 

жасап тұрады. Екінші ірі шайқас 1643 жылы 

қыста  батыр  қонтайшының  қазақ  жеріне 

шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар 

Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, 

он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. 

Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен 

самарқан  билеушісі  Жалаңтөс  баһадүр 

келеді. Жалаңтөс баһадүр қолының көмегі 

арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске 

жетеді. батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр 

болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл 

ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. 

сақталып  қалған  тарихи  мәліметтер 

бойынша,  бұл  шайқаста  Жәңгір  хан  зор 

қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік 

таныта білген.Жәңгір хан жоңғарларға қарсы 

күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін 

біраз  әрекет  етті.  Олармен  тату  көршілік 

қарым-қатынас  орнату  үшін  екі  рет  елші 

жіберді. бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір 

ханның ұлдары Тәуке мен апақ сұлтандарға 

жүктелді.1643-1644 жылдардағы шайқаста 

толық  жеңілмеген  жоңғарлар  болашақта 

болатын соғысқа мұқият дайындала бастады. 

Жоңғар қонтайшысы 1643-1644 жылдардағы 

жеңілістен  кейін  бытыраған  иеліктерін 

біріктіріп, сібірдегі орыс қалаларынан қару-

жарақтар және оқ-дәрілер сатып алады.1652 

жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы 

үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске 

ұшырап, Жәңгір хан қаза табады.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал