Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г. Н.Әбдіқа лықова, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың



жүктеу 467.04 Kb.

бет1/5
Дата05.06.2017
өлшемі467.04 Kb.
  1   2   3   4   5

Қ

Қ

Қазіргі заман  мен даму келешегі

Қазақстан және Еуразия кеңістігі: 

университетi



№ 21 (226)

қазан, 2016 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына арналған «Қазақстан және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман   мен даму келеше-

гі»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. 

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқа-

лықова, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, 

ғылым мен білімнің өкілдері,   белгілі қоғам қайраткерлері, қазақстандық  әрі шетелдік уни-

верситеттердің ректорлары, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты. 

 

(Басы. Соңы 3- бетте).

1

991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында 



«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. 

Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылғы 16 желтоқсан 

Республиканың Тәуелсіздік алған күні болып тарихта алтын әріппен жазылды.


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 21 (226), 

қазан, 2016 жыл

Танымалдылық шеңбері ұлғаюда

КАБИНЕТ – АКАДЕМИК АТЫНДА



Елшімен кездесті

ҚҰРМЕТ

САММИТ

Ақпарат айдыны

Дәріс оқыды



Қазан айының  26 күні Астана 

қаласындағы  Әлкей Марғұлан 

атындағы № 40 орта мектепте ҚР ҰҒА 

академигі Сейіт Асқарұлы  Қасқабасов 

атындағы әдебиет пәні кабинеті 

ашылды. 

Сейіт Қасқабасов - Қазақстан 

Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, 

Қазақстан Республикасы Ұлттық  Ғылым 

Академиясының  Ш.Уәлиханов атындағы 

сыйлығының, Жамбыл атындағы, 

Махамбет атындағы сыйлықтардың 

лауреаты, филология ғылымдарының 

докторы, профессор, "Бабалар сөзі" 100 

томдық жинағының авторы. Кабинеттің 

салтанатты түрде ашылу рәсімінде 

лентаны Баку мемлекеттік университеті 

Түркі халықтары әдебиеті кафедрасының 

меңгерушісі, ф.ғ.д. профессор Рамиз 

Аскер мен кабинеттің есімін беріп 

отырған  Сейіт  Қасқабасов кесті. 

Айтыскер ақын  Серікзат Дүйсенғазин 

жырдан шашу шашты. 

Республикаға есімі танымал білікті 

мектеп директоры Ербол Іргебай 

 

кабинеттің ашылуымен құттықтап, келген 



қонақтарға алғысын білдірді. Алғашқы 

дәрісті кабинетте  Сейіт Асқарұлы 

 

жүргізді. Осы айтулы шараға байланысты 



мектептің мәжіліс залында "Бабалар 

сөзі - халқымыздың асыл қазынасы" 

атты әдеби кеш ұйымдастырылды. 

Әдеби кеште оқушылар академиктің 

өмір жолы және әріптестері айтқан 

пікірлерін оқыды. Дарынды оқушылар  

Камила Еманғалиева, Елдос  Әнкей 

тырнақалды жырларын арнады. Кешке 

Баку мемлекеттік университеті Түркі 

халықтары әдебиеті кафедрасының 

меңгерушісі, профессор Рамиз Аскер, 

профессор Рахымжан Тұрысбек, 

профессор Сағымбай Жұмағұлов, 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің қазақ әдебиеті 

кафедрасының оқытушылары: Жанат 

Әскербекқызы, Қайырбек Кемеңгеров, 

 

Омар Жалел, Серікзат Дүйсенғазин және 



Лилия Сергазы қатысты.

Ж. ТОЙБЕК

Қазанда айының екінші онкүндігінде Беларусь Республикасының 

Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов Л.Н. Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде «Ұлы  Жібек  жолы» халықаралық 

жобасын Беларуссия мен Қазақстанда дамыту және оны жүзеге асырудың өзекті 

мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. 

Еуразия  ұлттық  университетінің «Беларусь» тіл  және  мәдениет  орталығы 

мен Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған шараға 

Әзірбайжан  Республикасының  Қазақстандағы  Төтенше  және  Өкілетті  елшісі 

Рашад Мамедов, ЕҰУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры Әсемгүл Молдажанова 

және профессор-оқытушылар,  магистранттар,    докторанттар мен студенттер 

қатысты. 

Кездесуді Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  Қазақстан 

халқы  ассамблеясы  кафедрасының  меңгерушісі Анатолий Башмаков жүргізіп 

отырды. 

ЕҰУ-дің  оқу  ісі  жөніндегі проректоры Әсемгүл  Молдажанова  дәріс 

алдында сөз алып, Елшіге университеттің әлемдік табысы жөнінде және білім 

мен ғылымдағы  жетістіктері  жайлы  әңгімеледі.  Сондай-ақ,  Еуразия  ұлттық 

университетінің білімгерлері алдында өз белсенділігімен дәріс оқуға келгендігі 

үшін ректор Ерлан Сыдықовтың атынан алғыс білдірді.

Өз кезегінде сөз алған дипломат Еуразия ұлттық университетін Беларуссияда 

Қазақстанның ең жоғары оқу орны ретінде қабылдайтынын жеткізді. Сонымен 

қатар  Еуразия  ұлттық  университеті мен Беларуссия  жоғары  оқу  орындары 

арасындағы  ынтымақтастық  бұдан да арта түсіп,  ғылым-білім  бағытындағы 

жұмыстар белсенділікпен жанданатынына сенім білдірді. 

Сабақ соңында Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы ассамблеясы 

кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков дәріс тақырыбына байланысты 

өз ой-пікірін білдірді. Соңынан мәртебелі лекторға университет атынан естелік-

сый тапсырылды. 

2016 


жылы 13 қазанда 

Македонияның  Қазақстандағы  алғашқы 

Елшісі  Илиа  Псалтиров  Еуразия 

ұлттық 


университетінде 

болды. 


Дипломатты   Л.Н. Гумилев атындағы 

ЕҰУ  ректоры  Ерлан  Сыдықов  бастаған 

басшылық құрам – халықаралық байланыс 

және инновациялар жөніндегі проректор 

Баубек  Сомжүрек, ректор аппаратының 

жетекшісі 

Думан 

Айтмағамбетов, 



халықаралық    қатынастар  департа-

ментінің  директоры Анастасия 

Кармелюк  қарсы  алды.  

Ерлан  Сыдықов  кездесу  үстінде 

мейманға 

университеттің 

негізгі 

жетістіктерін  айтып  берді:  ұлттық  білім 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ  Варшава 

қаласында  өткен (Польша) халықаралық 

«Uniagents European Education Summit 

– 2016» саммитіне  қатысты.  Аталмыш 

саммит - қазіргі  заманғы  білім  берудегі 

интернационалдандыру  мәселелері мен 

өзекті  сұрақтарын  талқылау  үшін  Таяу 

Шығыс, Азия және  Еуропа  елдерінен 

келген  алдыңғы  қатарлы  жоғарғы  оқу 

орындары,  білім беру мекемелері мен 

мемлекеттік  ұйымдар  өкілдерінің  басын 

біріктіретін алып халықаралық алаң болып 

табылады. 

Саммиттің  негізгі  мақсаты  қатысушы 

жоғары  оқу  орындары мен білім беру 

ұйымдарына  халықаралық  аренада  өз 

ұйымдарын  танытуға,  шетелдік  білім 

беру рейтингінде көш бастап келе жатқан 

оқу  орны  әлемдегі  ең  үздік ТОП-400 

университет қатарына  кіретіні, сонымен 

қатар  көпвекторлы  ынтымақтастықта 

әлемдегі  ірі  ғылыми  орталықтармен 

байланыстығы,  Ұлыбритания, Германия

АҚШ,  Жапония, Корея және  т.б. 

елдердің  университеттерімен  тығыз 

қарым-қатынастығы кеңінен сөз болды.  

Ректор сондай-ақ Л.Н. Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті 

ғылыми-зерттеу  университеті  статусына 

ұмтылған  және  магистранттар мен 

докторанттар саны жыл  сайын  артып 

келе  жатқан  бірден-бір  оқу  орны  екенін 

атап өтті.

Өз  кезегінде  сөз  алған доктор Илиа 

Псалтиров Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия  ұлттық  университеті  алдағы 

уақытта Македонияның жетекші жоғары 

оқу  орындарымен  тығыз  байланыс 

орнатып,  бірлескен  ғылыми  зерттеулер 

жүргізуге, 

академиялық 

ұтқырлық 

бағдарламасы  бойынша  студенттер 

мен оқытушылар  алмасуға  байланысты 

барлық  мүмкіндіктерді  қарастыратынын 

жеткізді.

Қорытындысында  тараптар  сөзден 

іске көшу жайын сөз етіп, уақыт ұттырмай 

университеттің  бірінші  басшыларының 

кездесуін ұйымдастыруға   уағдаласты.

алушыларды  тартуға  және  өздеріне 

қызықты  бағыттар  бойынша  жаңа 

ынтымақтастық  орнатуға  қолайлы  жағдай 

жасау болды. 

Әр  елден  келген  қатысушылар   бір 

уақытта  көрме  барысында  өз  білім 

мекемелерін  таныстырып  және  саммиттің 

жұмысына қатысуға мүмкіншілік алды. Бұл 

саммит форматының  өзге  саммиттерден 

ерекшеленуіне  септігін  тигізді.  Сонымен 

қатар  ұйымдастырушы  тарап  заманауи 

жаңа 


электронды 

технологияларды 

қолдануға көп көңіл аударды. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті  атынан  ресми  өкіл  ретінде 

Халықаралық  ынтымақтастық  департаменті 

халықаралық  қызметті  дамыту  бөлімінің 

бастығы Сейілбек Асанов қатысты. 

Көрме  барысында Варшава қаласы 

мектептерінің  түлектері,   университет 

студенттері ЕҰУ-дің 

білім беру 

бағдарламаларына  ерекше  қызығушылық 

танытты. 

Әсіресе, 

ақпараттық 

технологиялар, менеджмент, экономика 

және  халықаралық  құқық,  шет  тілдері 

сияқты оқу бағдарламалары зор сұранысқа 

ие болды. 

Саммит жұмысы  барысында b2b 

кездесулер де орын  алды. ЕҰУ өкілі Вильнюс 

университеті (Литва), Окан  университеті 

(Түркия), Лазар университеті (Польша) 

және  Еуропалық туризм университеті 

(Италия) сияқты  шетелдік  жоғары  оқу 

орындарымен бірқатар кездесулер өткізді. 

Атап 


өтетін 

жәйт, 


аталмыш 

университеттер ЕҰУ-мен бірлескен 

оқу  бағдарламалары мен жобаларын 

іске  асыру  және «ERASMUS +» 

халықаралық 

бағдарламасы 

аясында 

ынтымақтастық  орнатуға  ниет  білдірді. 

Сонымен  қатар  шетелдік  университеттер 

ЕҰУ магистранттарын  қысқа  мерзімді 

тағылымдамадан  өтуге  қабылдауға  дайын 

екендіктерін жеткізді.  

Тағы  бір  ресми  кездесу «Uniagents»   

халықаралық  компаниясының  негізін 

салушысы  Дишант  Харбандамен  өтті. 

Кездесу  барысында ЕҰУ имиджін Uniagents 

платформасы  арқылы  таныту  және 

ынтымақтастық мәселелері талқыланды.



Еуразия ақпарат

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 21 (226),

қазан, 2016 жыл



(Соңы. Басы 1- бетте).

Мемлекеттік хатшы өзінің кіріспе сөзінде өткен ши-

рек ғасырда біз тарихи дамудың таңғажайып секірісін 

жасай отырып, Елбасы   Нұрсұлтан Назарбаевтың бас-

шылығымен қазіргі заманғы, қуатты әрі серпінді мемле-

кет құрғанымызды атап айтты. Бүгінде Қазақстан мем-

лекет басшысының бастамасы бойынша қолға алынып

Бес институционалдық реформада мазмұндылығы ай-

қындалған мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа саты-

сына көтерілді. Ұлт Жоспарының мақсаты – әлемнің ең 

дамыған 30 мемлекет қатарына ену болып табылады. 

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының 

арқасында «еуразиялық» идеясы қазіргі заманғы ге-

осаяси және геоэкономикалық ағымдағы ахуалдың те-

ориясы мен тәжірибесіне байытыла отырып,   жаңа 

тынысқа ие болғанын атап өтті. Бүгінгі таңда бұл 

идея толыққанды өңірлік бірлестікке айналған Еу-

разиялық экономикалық одақта ойдағыдай іске асы-

рылуда. 

Мемлекеттік хатшы бүгінде Еуразиялық экономика-

лық одақтың  аумағында  180 млн.-нан астам адам тұра-

тынын, жалпы ішкі өнімнің   көлемі 1,5 трлн.-нан астам 

долларды құрайтынын жеткізді. Гүлшара Әбдіқалықова 

мүмкіндіктердің еңселі терезелерін ашып, «шыны түстес 

шектеулердің» алдын алуда ЕуразЭҚ-та геосаяси ерік-жі-

гер, экономикалық әлеует және дамыған инфрақұрылым 

бар екенін атап көрсетті. 

Өзінің сөзін қорытындылай келіп, Қазақстан Респу-

бликасының Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның Еу-

разиялық экономикалық одаққа төрағалық ету жылында 

өткізіліп отырған конференция  жаңа идеялармен және 

әзірлемелермен толығып, еуразиялық интеграция дамуы-

на үлес қосатынына сенім білдірді. 

Халықаралық конференцияға модераторлық еткен 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

ректоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА акаде-

мигі Ерлан Сыдықов «Еуразиялық экономикалық одақ – 

еуразиялық идеяның жүзеге асырушысы» тақырыбында 

арнайы баяндама жасады. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі 

мәселеге байланысты   тарих ғылымдарының докторы, 

ҚР ҰҒА академигі Болат Көмеков «Тәуелсіз Қазақстан 

және тарихи зерттеулердегі жаңаша ғылыми бағыттар», 

Еуразиялық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі (Ла 

Плата университеті, Буенос Айрес, Аргентина) Пауло 

Ботта «Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы Ла-

тын Американың негізгі әріптесі»,   Бурятия мемлекет-

тік  университетінің факультет деканы, профессор (Улан-Удэ, 

Ресей) Эльвира Раднаева «Тәуелсіз Қазақстан – еура-

зиялық идеяны дамытқан көшбасшы», Қазақстан Ре-

спубликасындағы Беларусь Республикасының Төтенше 

және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов «Қазақстан 

және Беларусь республикалары арасындағы саяси-мә-

дени байланыстары», Қазақстан халқы Ассамблеясы 

кафдрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының 

докторы, профессор Анатолий Башмаков «Қазақстан 

халқы Ассамблеясы – мемлекет тәуелсіздігі мен ұлттық 

қауіпсіздікті нығайтудағы рухани құрал», Варшава уни-

верситетінің профессоры (Польша) Михал Педрацки 

«Орталық Азия мен Қазақстандағы археология және 

этнология саласындағы поляк зерттеулері», Шоқан Уә-

лиханов атындағы Тарих және этнология институтының 

директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор 

Ханкелді Әбжанов «Мәңгілік Ел» идеясы: тарихы, мәні, 

маңызы», тарих ғылымдарының докторы, Орынбор мем-

лекеттік педагогикалық университетінің профессоры 

(Ресей) Сергей Любичанковский «Тәуелсіз Қазақстан 

және РФ Орынбор облысы: қарым-қатынастар қалып-

тастыру мәселесі», заң ғылымдарының докторы, Қа-

зақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 

мүшесі Марат Сәрсембаев «Тәуелсіз Қазақстанның Ата 

Заңы», тарих ғылымдарының кандидаты, Сібір Басқар-

ма институтының саясат және халықаралық қатынастар 

факультетінің деканы, «Сібір Еуразия» КБ сараптама 

клубының атқарушы директоры (Ресей) Сергей Козлов 

«Жаһандық саясаттағы Қазақстанның рөлі», ҚР Ұлттық 

Банкінің алғашқы төрағасы Ғалым Байназаров «Ұлттық 

валюта – Тәуелсіздігіміздің тірегі», доктор, профессор 

Гюрер Гюлсевин (Еге университеті жанындағы Түркі 

әлемі ғылыми-зерттеу институты, Измир, Түркия) «Қа-

зақ тілі мен батыс оғыз тілі арасындағы кейбір қызықты 

орталықтар», филология ғылымдарының докторы, про-

фессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қытай филологи-

ясы кафедрасының меңгерушісі Дүкен Мәсімханұлы 

«Елбасы және қазақ диаспорасы», «Астана арландары» 

КБК Бас директоры Серік Сәпиев «Еліміздің спорттағы 

қадамдары» жайлы кеңінен сөз қозғады. 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция түс 

ауа секциялық жұмыспен жалғасты. Қатысушылар ме-

рейтойлық конференция жұмысының сәтті аяқталғанын 

қорытындылай келіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл-

дығы мерейтойына арналған конференция 1916 жылғы 

Ұлт азаттық көтерілістің 100-жылдығын атап өту жағдай-

ында өткізіліп отырғаны сөз етті. Тәуелсіздік пен ұлттық 

егемендігіміздің бастауы болған 1986 жылғы желтоқсан 

оқиғасынан кейінгі Қазақстанда басталған толағай өз-

герістер ғалым-зерттеушілердің ғылыми баяндамалары-

ның негізгі өзегі болды. Сонымен қатар, қатысушылар-

дың баяндамаларында Қазақстан Тәуелсіздігінің қалып-

тасуы мен дамуының негізгі бағыттары, мәдени-эконо-

микалық және әлеуметтік-саяси дамуының мәселелері 

ғылыми тұрғыда терең зерделенді. 

Мерейтойдың ерекше маңыздылығын ескере оты-

рып, конференция қатысушылары   ежелгі заманнан 

бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның тарихы мен мәде-

ниетін зерттеудің әртүрлі аспектілерін; Ұлы дала өр-

кениетіндегі маңызды үдерістерді зерттеудің мәселе-

лерін; Л.Н. Гумилевтың еуразияшыл көзқарастарын 

бағалау, Әлихан Бөкейхан мен ХХ ғасыр басындағы 

қазақ зиялыларының ой-танымдық мұраларының 

мемлекеттік, ғылыми, мәдени маңызын, сондай-ақ 

Қазақстан Республикасының жаһандық бастамала-

рын және Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен жаңғы-

руындағы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі 

туралы  мәселелер қарастырылды. 

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан респу-

бликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Ата Заңы 

қабылданды. Бұл халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы 

аңсаған армандары мен үміттерінің орындалған тарихи 

оқиғасы болды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық дамуында 

Қазақстан барынша бәсекеге қабілетті елдердің қата-

рынан көрініп, «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы негізін-

де «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру 

жөніндегі 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарын орын-

дауға көшті. 

Президент Н.Ә. Назарбаевтың сарабдал саясаты 

мен жаһандық бастамаларының нәтижесінде ЕҚЫҰ мен 

Астаналық саммит, Ислам ынтымақтастығының ұйымы, 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы Өзара Ықпал-

дастық және Сенім Шаралары Жөніндегі Кеңесі, Еура-

зиялық экономикалық кеңес сияқты ірі халықаралық қа-

уымдастықтарда Қазақстан  Республикасы төрағалық жа-

сады. Қазақстанның осындай маңызды жетістіктері мен 

халықаралық беделі әлемдік қауымдастықтағы сенімін 

қамтамасыз етті.  

Сондай-ақ конференцияға қатысушы отандық және 

шетелдік ғалымдардың баяндамаларында қазақ халқы-

ның тәуелсіздігі мен бостандығы үшін ұлт-азаттық күрес-

тің өшпес мәні және ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері де 

сөз болды. 

Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығын атап өту қарсаңын-

да Қазақ елі тарихының өзекті мәселелері мен ұлттық 

тарихты зерттеудің бағыттары мен этномәдени өзара 

ықпалдастықты айқындау және  Еуразиялық кеңістіктегі 

мемлекеттердің әлеуметтік-мәдени байланыстарын да-

мыту мақсатында конференцияға қатысушылар     бірқа-

тар мәселелерді ұсынды. Олардың ішінде: 

-             Қазақстан Республикасының әлемді ядро-

лық қарудан азат ету және тұрақтылықты сақтау 

жөніндегі жаһандық бастамаларын қолдау; 

-       Тең құқылы, ерікті және сындарлы әріптес-

тік негізінде еуразиялық интеграцияны күшейтуге 

жағдай жасау; 

-       Еуразия аумағындағы білім және ғылыми ме-

кемелеріне Қазақ елі және Еуразиялық Экономикалық 

одақ (ЕАЭО) елдерінің тарихын пәнаралық зерттеу 

бойынша ғылыми зерттеу жобаларын жасау және жү-

зеге асыру; 

-         Ынтымақтастық елдерінің ғылыми орта-

лықтары мен жетекші білім беру мекемелеріне Еура-

зия халықтары арасында толеранттылықтың еура-

зиялық үлгісін жасау; 

-         Еуразия кеңістігіндегі  ЖОО-на Қазақстан 

және Ұлы Дала халықтарының   мәдениеті мен та-

рихын насихаттау бойынша ағартушылық қыз-

метін жүзеге асыру; 

-         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрлігі пәнаралық ғылыми-зерттеу жобаларын 

ұйымдастыру аясында ұлттық тарих мәселелерін 

зерттеудің ғылыми Бағдарламасын қабылдау; 

-         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет 

және спорт министрлігіне Қазақ мемлекеттілігінің 

тарихын насихаттайтын ғылыми-танымдық әде-

биеттер шығаруға, көркем және деректі фильмдер 

түсіруге мүмкіндіктер жасау; 

-     Қазақстан ЖОО «Мәңгілік Ел» ұстанымда-

ры негізінде қазақ мемлекеттілігі тарихының өзекті 

мәселелерін жүйелі-ғылыми тұрғыда зерделеу секілді 

жайттар бар. 

Бір сөзбен айтқанда, конференция тақырыбының 

өзектілігі – отандық тарих, археология және антропо-

логияның өзекті мәселелері; Қазақстан Республикасы 

қауіпсіздігінің ұлттық, аумақтық және жаһандық мәселе-

лері мен сыртқы саясаты; Қазақстан Республикасының 

қалыптасуы мен нығаюының саяси, әлеуметтік-эконо-

микалық, мәдени-идеологиялық аспектідегі «Мәңгілік 

Ел» идеясы; Қазақстанның жаңару жоспарындағы сая-

си-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гу-

манитарлық даму бағыттары;   Ежелгі дәуірден қазіргі 

кезеңге дейінгі Қазақстан тарихы мен мәдениеті; Ұлы 

Дала елі және Л.Н. Гумилевтің еуразиялық  көзқараста-

ры; Әлихан Бөкейхан және ұлт зиялыларының  ой-таным 

мұрасы; Жаһандық саясаттағы Қазақстан және Ұлт көш-

басшысы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі; Тәуелсіз Қазақстан 

Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі 

бағыттары болды. 

Қазіргі заман  мен даму келешегі

Қазақстан және Еуразия кеңістігі: 



4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 21 (226), 

қазан, 2016 жыл

"МӘҢГІЛІК ЕЛ" ИДЕЯСЫ: 

ТАРИХЫ, МӘНІ, МАҢЫЗЫ



НЕЗАВИСИМЫЙ КАЗАХСТАН КАК  

ФЛАГМАН РАЗВИТИЯ ЕВРАЗИЙСКОЙ ИДЕИ

Мәңгілік ұғым-түсінігі – барша адамзатқа ортақ қазына. 

Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, 

қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр. Мәңгілікке 

ұмтылған арман-мақсаттың нышанына, ескерткішіне Египет 

пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, суға батпайтын, отқа 

жанбайтын батырлар жайлы тарихқа дейінгі аңыз-ертегілерді 

жатқызуға болады. Біздің пайымдауымызша, әлемдік және 

дәстүрлі діндердің бастау-бұлағында да мәңгілік түпжаратушы 

тұр. Оның есімі – Тәңірі, Құдай, Алла, Бог, т.б. 

Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да 

нұсқа «Мәңгі Ел» ұстанымы арғы бабаларымыздың адамзат 

өркениетіне, оның ақыл-ой қазынасына қосқан айрықша 

интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың 

әрқайсының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының 

сабақтастығы мен жалғастығын жарасымды үйлестіруге 

септесетін әмбебап формуласы.  

2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 

ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік 

Ел» деп жариялады. Осылайша кемел келешекке байсалды 

қадамдар жасау үстіндегі тәуелсіз Қазақстанның көздеген 

заманауи мақсат-мұраты артта қалған ғасырлар құндылығымен 

сабақтасып, жалғасып жатқаны, біз Еуразия түркілерінің қара 

шаңырағын ұстап қалған мұрагері болып табылатынымыз 

ресми дәйектелді.

«Мәңгі ел» тұжырымдамасы дүниеге келген VІІІ ғасырда 

байырғы түркілер саяси, экономикалық, әлеуметтік, өркениеттік 

дамудың биік шыңына көтерілген еді. Бұған Күлтегін тасындағы: 

«Тәңірі жарылқап, құтым бар үшін, нәсібім бар үшін өлімші 

халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай 

қылдым. Аз халықты көп қылдым. Ығыр (болған) елдікті, ығыр 

(болған) қағандықты игі қылдым. Төрт тараптағы халықты 

бағындырып, бейбіт қылдым. Жаусыз қылдым. Бағынып менің 

От профессорско-преподавательского 

– состава Бурятского  государственного 

университета сердечно приветствую руко-

водство и коллектив нашего вуза-партнера 

–   Евразийского национального  универ-

ситета имени Л.Н. Гумилева и участников 

конференции.

Разрешите поздравить всех с великой 

датой – 25-летием Независимости Респу-

блики Казахстан! Этот праздник является 

значимым не только для казахстанского 

народа, но и всех братских народов цен-

тральной части Евразии, поскольку именно 

Республика Казахстан является флагманом 

развития евразийской идеи и постоянным 

инициатором евразийских интеграцион-

ных процессов, которые являются в совре-

менном мире одним из главных факторов 

экономического и политического развития. 

Можно также привести замечательные 

слова, что «евразийство – это алмаз в ко-

роне интеграционных процессов, которые 

требует сегодня глобализация», который 

были сказаны на лекции в Евразийском 

национальном университете Президентом 

Казахста на Н. Назарбаевым�,  вклад ко-

торого в развитие политической теории и 

практики евразийства невозможно перео-

ценить.


 Интересно отметить, что сама по себе 

проблема государственно-правовой инте-

грации на евразийском пространстве име-

ет глубокие исторические корни. Есть все 

основания согласиться с концепцией Л. Н. 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал