Компаниясының Жалпы Іскерлік этика кодексі



жүктеу 115.18 Kb.

Дата22.02.2017
өлшемі115.18 Kb.

Takeda 

компаниясының Жалпы Іскерлік этика кодексі

 



 



 

 

Кіріспе –



 

Негізгі қағидалар және қолданылуы

 

 

Takeda Pharmaceutical Company Limited компаниясы және оның барлық еншілес кәсіпорындары 



(біріге

 



 

“Takeda”) барлық қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді орындауды 

міндетіне алады. Дегенмен

біздің корпоративтік саясатымыз



 

Такедаизм одан да көпті талап етеді

біз 


өзіміздің барлық іскерлік қызметімізде әділдікпен

әрі адалдықпен және ең биік адамгершілік 



стандарттарына сәйкес әрекет етеміз; ең биік адамгершілік стандарттарын ұстану ең бірінші орында 

тұрады.


 

 

Такедаизм рухына негізделетін Takeda компаниясының жалпыға бірдей іскерлік этика кодексі 



 

(осы “Іскерлік этика кодексі”) белгілі бір өзекті салаларда бағыт беру арқылы ең биік адамгершілік 

стандарттарына сай болу үшін дұрыс әрекет етуімізге көмектесу мақсатында құрастырылған. Осы 

Іскерлік этика кодексі Takeda тобындағы бүкіл компаниялар директорларының, лауазымды тұлғалары 

мен қызметкерлерінің бәріне қолданылады, сондықтан осы Іскерлік этика кодексіндегі “біз” деген сөз 

осындай жеке адамдардың барлығын қамтиды. Осы Іскерлік этика кодексінде барлық ықтимал 

жағдайларды және қолданыстағы барлық заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді қамту мүмкін 

емес, сондықтан

Takeda тобының әр компаниясы осы Іскерлік этика кодексінің ережелерін қамти 



және қосымша стандарттарды кіргізе отырып, өз кодекстерін қабылдай алады. Алайда, осындай 

жергілікті кодекстерде осы Іскерлік этика кодексіне қайшы келетін немесе қатаңдығы одан төмен 

қандай да бір ереже болмауы

 

керек. Takeda тобының әр компаниясы барлық қызметкерлерінің осы 



Іскерлік этика кодексін немесе жергілікті кодексті (егер қолданылатын болса) оқып шығып, түсінуін 

және орындауын қамтамасыз етеді.

 

 

Барлық директорлар, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер осы Іскерлік этика кодексі мен 



жергілікті кодексті (егер қолданылатын болса) түсінуі

орындауы



 

және өздерінің күнделікті 

іскерлік қызметіне ендіруі

 

керек



.

 

 



Осы Іскерлік этика кодексін немесе жергілікті кодексті (егер қолданылатын болса) кез келген түрде 

бұзу жергілікті еңбек туралы заңнамаға сәйкес тәртіптік шара қолданылуына әкелуі мүмкін.

 

 

Осы Іскерлік этика кодексі 2010 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған және мезгіл



-

мезгіл жаңартылуы 

мүмкін.

 

 



 

Адамгершілік пен адалдыққа негізделген қызмет

 

 

1. 



Өнімдердің қауіпсіз әрі сапалы болуы / есірткі заттар туралы заңнама мен нормативтік 

 

құқықтық актілер

 

 



Науқастардың қауіпсіздігі –

 

Takeda компаниясы үшін бірінші дәрежелі басымдылық. Өзіміздің 



зерттеу, дамыту, өндіру, сақтау, тарату және кейінгі маркетингтік жұмысымызда біз қолданыстағы 

барлық заңдар мен нормативтік

-

құқықтық актілерді ұстанамыз, соның ішінде фармацевтік 



өнімдердің қауіпсіздігі мен сапалылығын қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік туралы

 

ақпаратты 



беріп отырамыз. Біз

сондай



-

ақ



науқастардың қауіпсіздігін қорғау және өнімдердің сапасын 

қамтамасыз ету үшін әзірленген ішкі саясаттарымыз бен стандартты жұмыс әдістемесін 

ұстанамыз.

 


Takeda 

компаниясының Жалпы Іскерлік этика кодексі

 



 



 

 

 



Мысалы:

 

 



(i) 

Өзіміздің зерттеу, дамыту және кейінгі маркетингтік

 

жұмысымызда біз қолданыстағы барлық 



заңдар мен нормативтік

-

құқықтық актілерді, соның ішінде Зертханалық іс



-

тәжірибе 

ережелерін, Клиникалық іс

-

тәжірибе ережелерін және Фармакологиялық қадағалау іс



-

тәжірибесін ұстанамыз, сонымен қатар

 

біз зерттеу және



 

дамыту жұмыстарының барлық 

нәтижелерінің, соның ішінде клиникалық сынақтардың нәтижелерінің дәл тіркелуін және 

бұрмалану мен жалған жасалу жайттарының болмауын қамтамасыз етеміз. 

 

 

(ii) 



Өнімдерді өндіру кезінде біз қолданыстағы барлық заңдар мен нормативтік

-

құқықтық 



актілерді, сондай

-

ақ



ішкі стандарттарды, соның ішінде Озық өндірістік іс

-

тәжірибені 



ұстанамыз, және де біз бүкіл өндірістік

 

үдерістерде тиісті сапа бақылау жұмысын 



жүргіземіз. 

 

(iii) 



Өнімдерді сақтау және

 

тарату жұмысында біз қолданыстағы барлық заңдар мен 



    

 

 



нормативтік

-

құқықтық актілерді, сондай



-

ақ



ішкі стандарттарды, соның ішінде Тиісті 

  

 



дистрибьюторлық іс

-

тәжірибені ұстанамыз. 



 

 

 



2. 

Жарнамалау / насихаттау 

 

 



Takeda компаниясы өнімді насихаттау және жарнамалау жұмысын реттемелейтін барлық қолданыстағы 

заңдарды, нормативтік

-

құқықтық актілер мен салалық өнеркәсіптік кодекстерді міндетті түрде 



ұстанадыжәне осы жұмысты лайықты әрі этикаға сай түрде жүргізеді.

 

 



Біз өнімді насихаттайтын ақпарат пен жарнаманың нормативтік

-

құқықтық талаптарға сай әрі дәл, 



теңгерімді, адал болуын, ғылыми дәлелдемесі қоса берілуін, сондай

-

ақ



өтірік алдап

-

арбайтындай 



болмауын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген компанияның қолданыстағы рәсімдерін 

орындаймыз.

 

 

Біз қандай да бір елде өнімдеріміздің белгілі бір мақсатта пайдаланылуы үшін нарыққа шығаруға 



қажет рұқсатты

 

алмайынша, сол елде оларды пайдалануды насихаттамаймыз.



 

 

 



3.  Денсаулық сақтау саласының мамандарымен қарым

-

қатынас

 

 



Takeda компаниясы денсаулық сақтау саласының мамандарымен әрекеттескен кезде барлық 

қолданыстағы заңдарды, нормативтік

-

құқықтық актілер мен салалық өнеркәсіптік кодекстерді (соның 



ішінде IFPMA (Фармацевтік өндірушілер мен қауымдастықтардың халықаралық федерациясы) 

Фармацевтік маркетингтік

 

іс

-



тәжірибе кодексін және аймақтық және жергілікті өнеркәсіптік 

қауымдастықтар қабылдаған басқа кодекстерді) міндетті түрде ұстанады.

 

 

Біз өнімдерімізді өткізу үшін қолайлы жағдай жасалуына көндіру немесе көтермелеу үшін ақша, 



материалдық игіліктер, қонақжайлық белгілерін немесе кез келген басқа құнды заттар бермейміз, 

ұсынбаймыз және уәде бермейміз.

 

 

Денсаулық сақтау саласының мамандары бізге кеңес



 

беру


 

қызметтерін, сарапшылық қызметтер 

немесе кез келген басқа қызметтер көрсеткен кезде, біз заңды жұмысқа қатысты қажеттілікке 

негізделеміз және көрсетілген қызметтер үшін тиісті нарықтық бағасынан артық төлемейміз.

 


Takeda 

компаниясының Жалпы Іскерлік этика кодексі

 



 



 

 

 



 

 

4.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы / парақорлыққа қарсы ережелер

 

 

Біз мемлекеттік лауазымды тұлғалардың пара алуына тыйым салатын қолданыстағы барлық 



заңдар мен нормативтік

-

құқықтық актілерді және шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғалардың 



пара алуына тыйым салатын қолданыстағы барлық заңдар мен нормативтік

-

құқықтық актілерді 



орындаймыз.

 

 



Кейбір елдерде ауруханалардың немесе қоғамдық қызметтер көрсететін басқа мекемелердің немесе 

үкімет қаржыландыратын және реттейтін кәсіпорындардың қызметкерлері парақорлыққа қарсы 

заңнама бойынша мемлекеттік лауазымды тұлғалар деп саналады. Сондай

-

ақ



кейбір елдерде

тіпті 


жекеменшік сектордың қызметкерлеріне де пара беруге тыйым салынады. Біз осындай заңдар мен 

нормативтік

-

құқықтық актілерді ұстанамыз.



 

 

Біз мемлекеттік лауазымды тұлғаларға немесе шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларға тікелей 



немесе жанама түрде пара (соның ішінде ақша, материалдық игіліктер, қонақжайлық белгілері 

немесе кез келген басқа құнды заттар) бермейміз, ұсынбаймыз және уәде бермейміз. Сонымен 

қатар, жеке меншік сектордың қызметкерлерінің жұмыс бойынша артықшылық алуына немесе 

беруіне ықпал ету үшін оларға ақша немесе сыйлық бермейміз.

 

 

Біз сондай



-

ақ біздің агенттеріміз сияқты біздің атымыздан әрекет ететін адамдардың сыбайлас 

жемқорлыққа қатысты істерге тартылмауын қамтамасыз етеміз.

 

 



5.  Бәсекелестік туралы және монополияға қарсы заңнама

 

Біз өзіміз жұмыс істейтін барлық елдерде бәсекелестік туралы және монополияға қарсы 



қолданыстағы барлық заңдарды орындаймыз. Атап айтқанда, біз төмендегілерді ұстанамыз:

 

 



(i) 

Біз  бәсекелестермен  баға  белгілеу,  шығарылған  өнімдер,  өнімділік,  клиент  таңдау  туралы

 

ақпаратты  немесе  кез  келген  басқа  бәсекелестік  ақпаратты  бөліспейміз  және  сол 



мәселелер  бойынша  ешқандай  келісімдер  (баға  бекіту,  нарықты  үлестіру  және  сауда

-

саттықтағы алаяқтық сияқты) жасамаймыз. 



 

 

(ii) 



Біз осындай ақпарат бөлісу немесе келісімдер

 

жасау туралы сұратылуы мүмкін деп 



топшыланатын сауда қауымдастықтарының жиналыстарына немесе бәсекелестермен 

басқа кездесулерге қатыспаймыз. Егер бәсекелес осындай мәселелерді көтерсе, біз 

әңгімені тоқтатамыз немесе жиналыс төрағасынан немесе жиналысты ұйымдастырушыдан 

әңгімені тоқтатуды өтінеміз, ал

 

егер әңгіме тоқтамаса, жиналыстан дереу кетіп қаламыз. 



Осындай әңгіме болған жағдайда, біз жұмыс орнындағы заң бөлімінен немесе заң 

кеңесшілерінен

 

дереу ақыл



-

кеңес сұраймыз. 

 

 

(iii) 



Біз  көтерме  сатушыларға,  дистрибьюторларға,  лицензия  иелеріне,  сауда  агенттеріне 

немесе кез келген басқа тарапқа сату бағасы бойынша заңсыз шектеулер қоймаймыз. 

 

 


Takeda 

компаниясының Жалпы Іскерлік этика кодексі

 



 



 

 

6.  Халықаралық сауданы қадағалау

 

 

Біз өнімдерді, материалдарды, құрал



-

жабдықты, технологиялар мен басқа да заттарды экспортқа 

шығарған және импортқа әкелген кезде қолданыстағы барлық заңдар мен нормативтік

-

құқықтық 



актілерді орындаймыз. Атап айтқанда, кейбір елдерде мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне 

байланысты тауарлар мен технологиялардың экспорты үкімет тарапынан қатаң бақылауда 

болады. Тауарлар мен технологияларды экспортқа шығарумен және (немесе) импортқа әкелумен 

айналысатын қызметкерлер осы заңдармен және нормативтік

-

құқықтық актілермен танысулары 



керек

 



 

Активтерді / ақпаратты қорғау

 

 

7.  Компанияның активтері



 

 

Біз Takeda компаниясының ақшасын, мүлкін және басқа да активтерін қорғаймыз және оларды тек  



Takeda компаниясындағы міндеттерімізді атқару үшін пайдаланамыз, сонымен қатар

 

оларды 



өзіміз немесе кез келген үшінші тарап үшін заңсыз иеленбейміз немесе талан

-

таражға 



салмаймыз.

 

 



Біз алаяқтықпен шығындарды өтеуді талап етпейміз және оған жол бермейміз.

 

 



Сонымен қатар, біз компьютерлер мен басқа ақпараттық технология

 

жүйелерінің тиісті түрде әрі 



тиімді пайдаланылуын насихаттаймыз және компанияның қолданыстағы саясаттары арқылы 

рұқсат етілетін кезейсоқ пайдалануды қоспағанда, оларды заңсыз немесе орынсыз немесе жеке 

мақсатта пайдаланбаймыз. Біз ақпараттың үшінші тараптарға абайсызда жария етілу қатері бар 

файлдарды ортақтасатын бағдарламалық жасақтама сияқты рұқсат етілмеген бағдарламалық 

жасақтаманы немесе құрылғыны компьютерімізге орнатпаймыз.

 

 



 

8.  Құпия ақпарат / интеллектуалды

 

меншік

 

 



(1) Құпия ақпарат

 

 



Жұмысты атқарып жүргенде және одан кейін біз барлық құпия ақпаратты, соның ішінде Takeda 

компаниясы мен оның өнімдері туралы сауда құпиялары мен іскерлік немесе техникалық 

ақпаратты құпия сақтаймыз және қорғаймыз, сондай

-

ақ



біз Takeda компаниясында міндеттерімізді 

атқарудан басқа қандай да бір мақсатта осындай ақпаратты кез келген үшінші тарапқа жария 

етпейміз және пайдаланбаймыз. Тіпті Takeda компаниясының ішінде де біз осындай ақпаратты 

Takeda компаниясында міндеттерімізді атқарудан басқа кез келген мақсатта пайдаланбаймыз және 

осындай ақпаратты өздерінің міндеттерін атқару үшін білуге тиісті

 

адамдардан басқа адамға оны 



жария қылмаймыз.

 

 



(2) 

Интеллектуалды

 

меншік құқығы



 

 

Зерттеу, дамыту немесе басқа жұмыстар арқылы Takeda компаниясы иеленген, әзірлеген немесе 



алған барлық интеллектуалды

 

меншік (соның ішінде патенттер, жасақтамалар, авторлық құқықтар, 



сауда белгілері, ноу

-

хау, деректер және техникалық білім) Takeda компаниясының маңызды 



активтері болып табылады. Сондықтан

біз Takeda компаниясының интеллектуалды



 

меншігін 

мұқият қорғаймыз және Takeda компаниясының интеллектуалды

 

меншік құқықтарын белгілеуде, 



қорғауда, сақтауда және күзетуде толық ынтымақтасамыз.

 


Takeda 

компаниясының Жалпы Іскерлік этика кодексі

 



 



 

 

 



(3) Басқалардың құпия ақпараты

 

 



Takeda үшінші тараптардың құпия ақпаратын құрметтейді. Сондықтан

біз осындай ақпаратты 



заңсыз немесе этикаға жат әдістермен тікелей немесе агентті пайдалану арқылы алмаймыз 

немесе осындай ақпаратты кез келген үшінші тарапқа орынсыз жария етпейміз және осындай 

ақпаратты заңсыз иеленбейміз. Сонымен қатар, біз Takeda компаниясының басқа 

қызметкерқызметкерлерінен

 

олардың бұрынғы жұмыс берушілеріне қатысты құпия ақпаратты 



сұрамаймыз.

 

 



(4) Басқалардың интеллектуалды

 

меншік құқығы



 

 

Takeda үшінші тараптардың интеллектуалды



 

меншік құқығын құрметтейді. Сондықтан

біз 


үшінші тараптардың интеллектуалды

 

меншік құқығын заңсыз иеленбейміз және бұзбаймыз.



 

 

 



9.  Жеке ақпарат / деректерді қорғау

 

 



“Жеке ақпараттың” құпиялығын құрметтеу Takeda компаниясының саясаты болып табылады. (Жеке 

ақпарат дегеніміз адамды аты

-

жөні, туған күні немесе ақпаратта жазылған басқа сипаттамасы 



бойынша сәйкестендіру үшін пайдаланылатын ақпарат. Оған қызметкерқызметкерлер, науқастар, 

клиникалық сынақ

 

субъектілері, дәрігерлер, клиенттердің қызметкерлері және басқалар туралы 



ақпарат жатуы мүмкін). Біз өзіміз жұмыс істейтін елдердегі жеке ақпаратты қорғау туралы 

қолданыстағы барлық заңдар мен нормативтік

-

құқықтық актілерді орындаймыз. Осындай заңдар мен 



нормативтік ережелер әр елде әр түрлі болғанымен, біз кем дегенде төмендегілерді ұстанамыз:

 

 



(i) 

Біз  жеке  ақпаратты  тек  заңды  қызмет  мақсаттарында  және  заңды  әдістер  арқылы  жинаймыз 

және  жеке  ақпаратты  заңды  қызмет  мақсатынан  немесе  заңмен  талап  етілетіннен  басқа 

мақсатта жария етпейміз және пайдаланбаймыз. 

 

 

(ii) 



Біз жеке ақпаратты кездейсоқ жоғалудан немесе рұқсатсыз кіруден, пайдаланудан, өзгертуден 

немесе жария етуден ақылға қонымды қауіпсіздік құралдары арқылы қорғаймыз. 

 

 

 



Компания құжаттамасы, жария етуі және бағалы қағаздармен жасалатын 

мәмілелері

 

 

10. Компания құжаттамасы



 

 

Біз корпоративтік есеп жүргізуге қатысты қолданыстағы барлық заңдар мен нормативтік



-

құқықтық актілерді және компанияның саясаттарын ұстанамыз. Біз барлық мәмілелерді 

компанияның кітабына жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларына сәйкес 

мұқият және дұрыс тіркейміз және жалған немесе жасанды жазбаларды жүргізбейміз. Біз 

барлық мәмілелердің мұқият және дұрыс тіркелуін қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүйелерін 

қолданамыз.

 

 

11. Жария ету



 

 

Takeda компаниясы өз ақпаратын инвесторларға уақтылы әрі дәл жария етіп отырады.



 

 

Біз қаржылық ақпаратты ашуға қатысты қолданыстағы барлық заңдар мен нормативтік



-

құқықтық 

актілерді және компанияның саясаттарын ұстанамыз. Көпшілікке жария етумен айналысатын 

барлық қызметкерлер осы заңдармен және ережелермен таныс болулары керек

.

 


Takeda 

компаниясының Жалпы Іскерлік этика кодексі

 



 



 

 

 



 

12. Инсайдерлік сауда

 

 



Біз

 

бағалы қағаздармен жасалатын инсайдерлік сауданы шектейтін бағалы қағаздар туралы 



барлық заңдар мен нормативтік

-

құқықтық актілерді орындаймыз. Егер Takeda компаниясында 



жұмыс істей жүріп біз Takeda компаниясына немесе Takeda компаниясымен бизнес жүргізетін кез 

келген компанияға қатысты “материалдық ішкі ақпараттан” хабардар болсақ, біз Takeda 

компаниясының немесе сол компанияның бағалы қағаздарын өз есебімізден немесе Takeda 

компаниясының немесе басқалардың атынан сатып алмаймыз немесе сатпаймыз, сондай

-

ақ

 



сол 

материалдық ішкі ақпарат қолданыстағы заңнамаға, нормативтік

-

құқықтық актілерге және 



компанияның рәсімдеріне сәйкес көпшілікке жария болмаса, оны басқаларға бермейміз.

 

 



“Материалдық ішкі ақпарат” дегеніміз инвесторлардың бағалы қағаздарды сату не сатып алу 

туралы шешімдеріне ықпал етуі мүмкін кез келген жасырын ақпарат. Мысал ретінде акциялар 

шығаруды, акцияларды қайта сатып алуды, бірігу мен сіңіруді, жаңа өнімдерді коммерциялық 

жолмен сатып өткізуді, клиникалық сынақтар барысын немесе сәтсіздігін және қаржылық 

болжамдардағы елеулі өзгерістерді атауға болады.

 

 



Жұмыс орны

 

 



13. Мүдделер қайшылығы

 

 



Біз Takeda компаниясының мүдделеріне сай әрекет етеміз және Takeda компаниясының 

мүдделеріне қайшы келуі мүмкін кез келген әрекеттен немесе жағдайдан аулақ боламыз. Егер біз 

өзіміздің жеке мүдделеріміз Takeda компаниясының мүдделеріне қайшы келетін нақты немесе 

ықтимал жағдайға кездессек, біз әрекет жасаудан бұрын менеджерімізбен ақылдасамыз да, 

Takeda компаниясының мүддесіне сай әрекет етеміз.

 

 



Жабдықтаушылармен және клиенттермен қарым

-

қатынас

 

 



Біз жабдықтаушылар мен клиенттерді адал әрі әділетті стандарттардың негізінде және жеке 

қатынастың негізінде жеңілдік не артықшылық берместен таңдаймыз.

 

 

Қонақжайлылық және сый



-

сыяпат

 

 



Біз бірлесіп жұмыс жүргізетін жабдықтаушылардан, клиенттерден немесе басқалардан қандай да 

бір заңсыз немесе лайықсыз төлемақылар (соның ішінде ақша, материалдық игіліктер, 

қонақжайлылық белгілері, сый

-

сыяпат



 

немесе кез келген басқа құнды заттар) алмаймыз және 

сұрамаймыз.

 

 



Қаржылық немесе жұмысқа жалдау мүдделері

 

 



Біз Takeda компаниясының рұқсатынсыз кез келген бәсекелестен немесе нақты не ықтимал 

жабдықтаушыдан немесе клиенттен материалдық қаржылық мүдде алмайсыз, олардың 

жұмыстарымен айналыспаймыз.

 

 



Қызметкерлерге қатысты мәселелер

 

 



Біз қызметкерлерге риясыз әрі әділдікпен

 

қараймыз және қызметкерлерді жұмысқа жалдау, 



бағалау, ауыстыру немесе ілгерілету сияқты мәселелерді шешуде қызметкермен жеке қарым

-

қатынас



 

жасау


 

негізінде оған ешқандай артықшылық бермейміз.

 


Takeda 

компаниясының Жалпы Іскерлік этика кодексі

 



 



 

 

 



14. Мәдени өзгешеліктерді құрметтеу / алалауға немесе қудалауға жол бермеу

 

 



Takeda компаниясы өзінің қызметкерлерінің мәдени өзгешелігі мен жеке ар

-

ожданын құрметтейді. 



Ұлтына, нәсіліне, терісінің түсіне, діни нанымына, діни сеніміне, жынысына, жасына, 

кемтарлығына немесе заңмен қорғалатын кез келген басқа күйіне қарап алалауға немесе 

кемсітуге

 

тыйым салу Takeda компаниясының саясаты болып табылады. Біз жыныстық 



дәмешілдікке

 

немесе кемсітудің



 

басқа түрлеріне немесе өшпенді жұмыс ортасын қалыптастыруы 

мүмкін кез келген басқа мінез

-

құлыққа жол бермейміз.



 

 

Takeda компаниясы осындай алалауға және қудалауға жол бермеу үшін тиісті шараларды 



қабылдайды.

 

 



 

15. 

Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі

 

 



Takeda компаниясы өзінің қызметкерлері үшін салауатты әрі қауіпсіз жұмыс ортасын 

қамтамасыз етуге ұмтылады. Біз өнеркәсіптік гигиена мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты 

қолданыстағы барлық заңдарды, нормативтік

-

құқықтық актілерді және компанияның 



саясаттарын ұстанамыз.

 

 



Қоршаған орта

 

 



16.  

Takeda компаниясы өзінің өнімдері мен өндірістік қызметінің қоршаған ортаға келтіретін әсерін 

 

барынша азайтуға ұмтылады.



 

 

Біз өзіміздің барлық іскерлік қызметімізде қоршаған ортаны қорғауға және жазатайым 



оқиғалардың алдын алуға қатысты қолданыстағы барлық заңдарды, нормативтік

-

құқықтық 



актілерді және компанияның саясаттарын ұстанамыз.

 

 



Кодекстің бұзылу мүмкіндіктері

 

туралы баяндау



 

 

17. 

Біз  осы  Іскерлік  этика  кодексінің  немесе  жергілікті  кодекстің  (егер  қолданылатын  болса)  барлық 

ережелерін  орындау,  бұзылуына  жол  бермеу  және  бұзылуы  туралы  күдікті

 

жайттар  туралы 



баяндау  арқылы  оның  барлық  мақсаттарын  жүзеге  асыруға  көмектесу  жауапкершілігін  өз 

мойнымызға  аламыз.  Осы  Іскерлік  этика  кодексінің  немесе  жергілікті  кодекстің  (егер 

қолданылатын болса) бұзылуы  немесе ықтимал бұзылуы деп  ойлайтын жағдайлардың барлығы 

туралы мәселе көтеру –

 

біздің міндетіміз. 



 

 

Takeda компаниясының саясаты:



 

 



 

Takeda  компаниясының  кез  келген  қызметкері  немесе  басқарушы

 

қызметкері  осы  Іскерлік 



этика  кодексін  немесе  жергілікті  кодексті  (егер  қолданылатын  болса),  кез  келген  заңды 

немесе компанияның саясатын бұзып жүр деп адал ниетпен топшылайтын қызметкерлерден 

ықтимал бұзу

 

жайты туралы хабарлауын талап ету; 



 

 



 

кез  келген  заңнама  бұзу  жайтына  жедел  тексеріс  жүргізу  және  тиісті  түзету  шарасын  және 

(немесе) тәртіптік шара қабылдау; 

 

 



 

тіпті  тергеп



-

тексеру


 

нәтижелері  хабардың  негізсіз  екенін  дәлелдесе  де,  осы  Іскерлік  этика 

кодексінің  немесе  жергілікті  кодекстің  (егер  қолданылатын  болса),  кез  келген  заңның  не 

компанияның саясатының ықтимал бұзылғаны туралы адал ниетпен хабарлаған кез келген 

Takeda 

қызметкеріне қарсы жазалау әрекетіне тыйым салу. 



 

Takeda 

компаниясының Жалпы Іскерлік этика кодексі

 



 



 

 

 



Егер осы Іскерлік этика кодексінің немесе жергілікті кодекстің (егер қолданылатын болса), кез 

келген заңның не компанияның саясатының ықтимал бұзылғаны туралы күдігіміз болса, біз 

төмендегілердің біреуіне хабарласуға тиіспіз:

 

 



 

Өзіміздің менеджеріміз; 



 

 



 

Өзіміз жұмыс істейтін жердегі басқа басқарушы

 

қызметкер; 



 

 



 

Кадрлар бөлімінің менеджері; 

 

 



 

Өзімізбен бірге жұмыс істейтін қызметкерлер; 

 

 



 

Заң бөлімінің қызметкерлері; 

 

 



 

Ведомстволық жедел телефон желісі (егер жұмыс істейтін жерде болса). 



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал