Компания туралы



жүктеу 1.13 Mb.

бет1/13
Дата09.09.2017
өлшемі1.13 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

МАЗМҰНЫ



 

 

Компания туралы

 



«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының сөзі 



«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының сөзі 



2016 жылғы негізгі оқиғалар 



Нарыққа шолу 

 

11 

Мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасы электр энергетикасының 

құрылымы  

 

11 

Қазақстан Республикасы электр энергетикасының нарығы  

 

12 

Электр энергиясының теңгерімі

 

13 

 

 



«KEGOC» АҚ           

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ                 

2016 ЖЫЛ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



«KEGOC» АҚ Даму стратегиясы 

14 

1-мақсат ҚАЗАҚСТАН БЭЖ-нің СЕНІМДІ ЖҰМЫС ІСТЕУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ   

16 

Өндірістік қызмет

 

16 

Электр энергиясын жеткізу

 

16 

Техникалық диспетчерлендіру

 

16 

Электр энергиясын өндіру

-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру   

16 

Электр энергиясын сатып алу

-сату жөніндегі операция

 

17 



Инвестициялық қызмет

 

17 

Технологиялық даму

 

19 

2-мақсат КОМПАНИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ДАМУЫН ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛЕР 

МЕН ДАМУ ҮШІН АҚША АҒЫНДАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ   

 

21 

Қаржы

-экономикалық көрсеткіштер 

21 

Тариф саясаты

 

23 

Корпоративтік басқару

 

24 

Акционерлік капитал

 

24 

Акционерлердің жалпы жиналысы

 

25 

Дивидендтік саясат

 

26 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп  

26 

«KEGOC» АҚ Басқармасы 

35 

Ішкі аудит қызметі

 

37 

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау 

 

39 

Ақпараттық саясат

 

40 

«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексі ережелерінің сақталғаны 

туралы ақпарат

 

42 

Халықаралық ынтымақтастық

 

62 

3-мақсат ТҰРАҚТЫ ДАМУ 

63 

Кадр саясаты

 

63 

Қоршаған ортаны қорғау 

 

65 

Өндірістік қауіпсіздік

 

66 

«KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы

 

68 

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕ 

 

69 

1-қосымша. «KEGOC» АҚ еншілес компаниялары  

70 

2-қосымша. 2017 жылға арналған корпоративтік күнтізбе 

71 

3-қосымша. Глоссарий 

72 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

 

73 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

 

 

«Электр  желілерін  басқару  жөніндегі  Қазақстан  Компаниясы»  (Kazakhstan  Electricity  Grid 



Operating  Company)  «KEGOC»  акционерлік  қоғамы  (бұдан  әрі  –  «KEGOC»  АҚ,  Компания) 

«Қазақстан  Республикасының  энергетика  жүйесін  басқаруды  құрылымдық  қайта  құру  жөніндегі 

кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 

қаулысына  сәйкес  құрылды.  «KEGOC»  АҚ-ның  бастапқы  мемлекеттік  тіркелген  күні  —  1997 

жылғы 11 шілде. 

 

2006  жылға  дейін  «KEGOC»  АҚ  акцияларының  100%-ы  мемлекеттің  меншігінде  болды. 



2006  жылы  мемлекеттік  акциялар  пакеті  (100%)  «Самұрық»  мемлекеттік  активтерді  басқару 

жөніндегі  Қазақстан  холдингі»  АҚ  орналастырылған  акцияларын  төлеуге  берілді.  2008  жылы 

«Қазына»  Орнықты  даму  қоры»  мен  «Самұрық»  мемлекеттік  активтерді  басқару  жөніндегі 

Қазақстан  компаниясы»  акционерлік  қоғамдарының  бірігуі  жолымен  «Самұрық»  мемлекеттік 

активтерді  басқару  жөніндегі  Қазақстан  холдингі»  АҚ-ның  құқық  иеленушісі  болып  табылатын 

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылды.    

 

2014  жылғы  18  желтоқсанда  «Самұрық-Қазына»  Ұлттық  әл-ауқат  қоры»  акционерлік 



қоғамының (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ) еншілес және бағынысты ұйымдарының акциялар 

пакеттерін  бағалы  қағаздар  нарығына  шығару  бағдарламасын  іске  асыру  шеңберінде 

Компанияның  25 999 999  дана  жарияланған  акциялар  пакеті  жазылым  жүргізу  жолымен 

Қазақстанның қор биржасында орналастырылды.    

 

2016  жылғы  31  желтоқсандағы  жай-күй  бойынша  «КЕGОС»  АҚ  жарияланған  және 



орналастырылған  жай  акцияларының  жалпы  саны  260 000 000  дананы  құрады,  олардың 

234 000 001  данасы  (90%  плюс  бір  жай  акция)  «Самұрық-Қазына»  АҚ-ға,  25 998  609  данасы 

миноритарлық  акционерлерге  тиесілі  және  1 390  данасын  миноритарлық  акционердің  талап  етуі 

бойынша «KEGOC» АҚ сатып алды.   

 

Мекенжайы: 010010, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат. 



            Компанияның  миссиясы  –  қазіргі  заманғы  техникалық,  экономикалық,  экологиялық 

талаптарға,  кәсіби  қауіпсіздік  және  денсаулықты  қорғау  стандарттарына  сәйкес  Қазақстан  БЭЖ-

інің сенімді жұмыс істеуін және тиімді дамуын қамтамасыз ету. 

 

Қазақстан  Республикасының  электр  энергетикасы  саласындағы  заңнамасына  сәйкес 



«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік 

операторы бола отырып, мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:     

 

ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу; 



 

электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру; 



 

электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру. 



 

Жоғарыда  көрсетілген  қызмет  түрлері  табиғи  монополиялар  саласына  жатады,  соған 

байланысты,  «KEGOC»  АҚ  қызметі  «Табиғи  монополиялар  және  реттелетін  нарықтар  туралы» 

Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.    

«

KEGOC»  АҚ  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының  аумағында  жүзеге  асырады. 



Компанияның  құрылымына  9  «Жүйеаралық  электр  тораптары»  (ЖЭТ)  филиалдары,  Жүйелік 

оператордың  Ұлттық  диспетчерлік  орталығы  (ЖО  ҰДО)  филиалы  және 

«

KEGOC»  АҚ  Алматы 



қаласындағы  өкілдігі  кіреді.  ЖЭТ  филиалдары  филиалдың  жедел  басқару  аймағында  жүйелік 

қызметтер  көрсетеді.  ЖО  ҰДО  Қазақстан  Республикасы  БЭЖ-ін  орталықтан  диспетчерлік 

басқаруды  жүзеге  асырады.  Орталықтан  жедел  диспетчерлік  басқару  ЖЭТ  филиалдарының 

құрылымдық бөлімшелері болып табылатын 9 өңірлік диспетчерлік орталықтың (ӨДО) ЖО ҰДО 

тікелей жедел бағынуы схемасы бойынша ұйымдастырылды.   

Ақмола ЖЭТ

 

10 ҚС  


8137 МВА  

ӘЖ 4230км  



Ақтөбе ЖЭТ

 

7 ҚС 


2426 МВА 

ӘЖ 967км 



Алматы 

ЖЭТ

 

11 ҚС 


4229 МВА 

ӘЖ 3551км 



Шығыс 

ЖЭТ

 

6 ҚС 


3695 МВА 

ӘЖ 1161км 



Батыс ЖЭТ

 

5 ҚС 


950 МВА 

ӘЖ 1682км 



Сарыбай 

ЖЭТ

 

8 ҚС 


6570 МВА 

ӘЖ 2444км 



Солтүстік 

ЖЭТ

 

8 ҚС 


3521 МВА 

ӘЖ 3379км 



Орталық 

ЖЭТ 

 

10 ҚС 


3742 МВА 

ӘЖ 3482км 



Оңтүстік 

ЖЭТ

 

13 ҚС 


3395 МВА 

ӘЖ 4201км 



ЖО 

ҰДО

 

9 ӨДО 


31.12.2016 ж. жай-күй бойынша ЖЭТ филиалдарында мыналар пайдалануда болды: 

 



жалпы ұзындығы 25096,597 км (тізбектер бойынша) габариті 0,4-1150 кВ болатын 360 әуелік 

электр жеткізу желілері; 



 



трансформаторларының  белгіленген  қуаты  36 662,55  МВА,  кернеуі  35-1150  кВ-тық  78 

қосалқы электр станциялары.  

«KEGOC» АҚ қосалқы станцияларында мыналар пайдаланылуда:  

 

• 



273  күштік  трансформатор  және  1150-10  кВ  автотрансформатор  (олардың  8-і  –  тараптық 

ұйымдардың балансында);  

• 

1150-35  кВ-тық  184  шунттаушы  реакторлар  (олардың  9-ы  –  тараптық  ұйымдардың 



балансында);  

• 

1150-35  кВ-тық  1 570  ажыратқыштар  (ауалық,  май,  элегаздық,  вакуумдық)  (олардың  97-сі 



тараптық ұйымдардың балансында); 

• 

1150-35  кВ-тық  кернеу  трансформаторларының  1 581  фазасы  (олардың  75-і  тараптық 



ұйымдардың балансында);  

• 

1150-35  кВ-тық  ток  трансформаторларының  3 699  фазасы  (олардың  238-і  тараптық 



ұйымдардың балансында); 

• 

111 аккумуляторлық батареялар (олардың 2-еуі тараптық ұйымдардың балансында); 



• 

52 компрессорлық қондырғылар; 

• 

қатты  оқшаулағыш  пен  трансформатор  майын  өңдеуге  арналған  108  қондырғылар  мен 



құралдар; 

• 

62 199 бірлік РҚА және АА құрылғылары; 



• 

31 194 өлшеу құралдары. 

 

 

«KEGOC»  АҚ  еншілес  ұйымдар  -  «Энергоинформ»  АҚ  мен  «Жаңартылатын  энергия 



көздерін  қолдау  жөніндегі  қаржы-есеп  айырысу  орталығы»  ЖШС-ның  бас  компаниясы  болып 

табылады.  «Жаңартылатын  энергия  көздерін  қолдау  жөніндегі  қаржы-есеп  айырысу  орталығы» 

ЖШС  2013  жылы  жаңартылатын  энергия  көздері  (ЖЭК)  секторына  инвестициялар  салынуды 

ынталандыру және мемлекет тарапынан барлық (өзі үшін аталған қолдау схемасын таңдаған) ЖЭК 

объектілерінен тіркелген тарифтер бойынша электр энергиясын орталықтан сатып алуға кепілдік 

беру  жолымен  Қазақстанның  энергия  балансында  ЖЭК-ті  пайдалану  үлесін  арттыру  мақсатында 

құрылды. Еншілес ұйымдар туралы толық ақпарат 1-қосымшада берілді.     

Сонымен  қатар,  «KEGOC»  АҚ  «Батыс-Транзит»  АҚ-ның  серіктес  құрылтайшысы  (20% 

акциясы)  болып  табылады.  Бұл  акционерлік  қоғам  2005  жылы  «Солтүстік  Қазақстан-Ақтөбе 

облысы өңіраралық электр жеткізу желісін салу» жобасын іске асыру үшін құрылды.     



ҚАЗАҚСТАН РЕСУПБЛИКАСЫ БЭЖ 1150

-500-220-110кВ ЭЛЕКТР ТОРАПТАРЫНЫҢ КАРТА-СХЕМАСЫ 

 


Бұл  Жылдық  есепте  көрсетілген  жоспарларға  қатысты  кез  келген  ақпарат  болжамдық 

сипатта  және  «KEGOC»  АҚ-ның  алдағы  болатын  оқиғаларға  қатысты  ағымдағы  көзқарасын 

көрсетеді,  «KEGOC»  АҚ  бизнесіне,  қаржылық  жағдайына,  операциялық  нәтижелеріне,  өсу  және 

өтімділік  стратегиясына  жататын  басқа  да  тәуекелдерге,  тұрлаусыздық  пен  ұйғарымдарға  бейім 

келеді.   

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



 «KEGOC» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ  

 

2016 жылы «KEGOC» АҚ ірі акционер - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-

ның үмітін толығымен ақтады.      

Компанияның  қызметі  ең  жоғары  корпоративтік  стандарттарға  сәйкес  келетін  басқару 

моделін  дұрыс  таңдағанын  растады.  Есептік  жылы  «KEGOC»  АҚ  Директорлар  кеңесі  Қордың 

өкілдері Сүйншлік Тиесов пен Жанна Егімбаеваның келуімен күшейтіліп, тәуелсіз директорлар 

мен «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдерінің саны бойынша теңгерімделді.        

Директорлар  кеңесі  мен  Компания  топ-менеджерлерінің  келісілген  жұмысы  жақсы 

қаржылық  нәтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  берді.  2016  жылды  Компания  27,59  млрд. 

теңгеден  астам  мөлшерде  пайдамен  аяқтады.  Бұл  «KEGOC»  АҚ  бүкіл  даму  тарихындағы  ең 

жоғарғы көрсеткіш болып табылады.       

 

2016  жылғы  нәтижелер  «KEGOC»  АҚ  акционерлерінің  сенімін  ақтады.  Қазіргі  уақытта 



Компанияның  акциялары  Қазақстан  қор  биржасындағы  ең  өтімді  қаржы  құралы  болып 

табылады. 

Акцияларының 

тартымдылығы 

Компанияның 

тұрақтылығымен 

және 

орнықтылығымен,  сонымен  қатар  дивиденд  саясатының  тиімділігімен  негізделеді.  «KEGOC» 



АҚ  акцияларын  бағалы  қағаздар  нарығына  шығарған  сәттен  бастап  Компания  шамамен  17.5 

млрд. теңгені дивидендтерді төлеуге жіберді.      

 

Ұлттық  электр  торабын  жаңғыртуға  және  жалпы  алғанда  Қазақстан  Республикасының 



энергетикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге  бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды  іске 

асыруда «KEGOC» АҚ-ның тәжірибесі мол. «KEGOC» АҚ командасы 2016 жылы да өз кәсіби 

деңгейінің өте жоғары екенін растады. 500кВ «Екібастұз-Семей-Өскемен» ӘЖ-ні жоспарланған 

мерзімнен бір жылға ерте пайдалануға берді.   

«KEGOC» АҚ Қор бастама жасаған Бизнесті трансформациялау бағдарламасын табысты 

іске асыруда. Осылайша, 2016 жыл қорытындысы бойынша Бағдарламаны іске асырудан алған 

қаржылық пайдалар 7 150 млн.теңгеден астам мөлшерді құрады. Бұл жопарлаған көрсеткіштен 

1 920 млн.теңгеге көп.   

 

Директорлар  кеңесі  «KEGOC»  АҚ  2017  жылға  жоспарланған  барлық  міндеттерді 



табысты  шешіп,  стартегиялық  мақсатына  -  әлемдік  деңгейдегі  Компания  және  электр 

энергетикасының  өңірлік  ауқымдағы  құзырет  орталығы  болуға  қол  жеткізуге  маңызды  қадам 

жасайтынына сенімді.    

  

 

  



«KEGOC» АҚ Директорлар 

 

кеңесінің төрағасы 

 

                                                              Қуаныш Бектеміров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 «KEGOC» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ 

 

Қазақстан  Республикасы  үшін  мерейлі  2016  жыл  «KEGOC»  АҚ-ның  даму  тарихында  да 

атаулы  жыл  болып  қала  бермек.  Бұл  жыл  барлық  мүдделі  тұлғалардың  назарынан  тыс 

қалмайтындай оқиғаларға толы болды.     

Жүйелік  оператор  ретінде  «KEGOC»  АҚ  басты  міндетін  табысты  орындап,  Қазақстан 

Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз етті.       

Есептік кезеңде Қазақстанда 2015 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру-тұтыну 

көлемі  артты.  Электр  энергиясының  өндірісі  3,6%-ға  немесе  3,3  млрд.  кВт•сағатқа  өсіп,  94,1 

млрд.кВт•сағ.  құрады.  Электр  энергиясын  тұтыну  көлемі  1,6%-ға  немесе  1,4  млрд.кВт•сағ.  өсіп, 

92,3  млрд.кВт•сағ.  құрады.  Ұлттық  электр  торабы  арқылы  электр  энергиясын  жеткізу  бойынша, 

электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша, сонымен 

қатар  электр  энергиясын  өндіру-тұтынуды  теңгерімдеуді  ұйымдастыру  бойынша  біз  көрсеткен 

қызметтер көлемі де артты.     

Сыртқы  теріс  факторларға  қарамастан  2016  жыл  оң  қаржылық  көрсеткішпен  аяқталды. 

Тиімді менеджмент және кедергілерге жылдам әрекет ету нәтижесінде Компания тарихында 27.59 

млрд. теңге мөлшерінде өте жоғары пайда алынды.     

Компания  акционерлердің  сенімін  ақтауды  жалғастыруда.  Бірінші  жарты  жылдық 

қорытындылары  бойынша  шамамен  6,5  млрд.теңге  сомасына  дивидендтер  төленді,  бұл  бір  жай 

акцияға  есептегенде  25  теңгені  құрайды.  Жалпы  алғанда  «KEGOC»  АҚ-ның  Қазақстан  қор 

биржасындағы акциялары бағаланатын акциялардың бірі болды. 2016 жыл соңында  бір акцияның 

бағасы шамамен 1160 теңгені құрады, бұл оның бастапқы бағасынан екі есеге көп.   

Инвестициялық  бағдарламаларды  іске  асыру  шеңберінде  «KEGOC»  АҚ  Елбасының  500кВ 

«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік»  жоғары  вольттық  желілерін  салуды  тездету  туралы  берген  тікелей 

тапсырмасын  орындауда.  Аталған  жобаның  бірінші  кезеңі  -  500  кВ  «Екібастұз-Семей-Өскемен» 

ӘЖ-ні  салу  бір  жылға  ерте  аяқталып,  2016  жылғы  6  желтоқсанда  Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсіздігіне 25 жыл толу қарсаңында пайдалануға берілді.      

Біздің  Компания  халықаралық  ынтымақтастықты  табысты  дамытуда.  «KEGOC»  АҚ  2016 

жылы  Кернеуі  жоғары  үлкен  электр  желілері  жөніндегі  Халықаралық  Кеңестің  (Conseil 

International  des  Grands  Reseaux  Electriques  –  CIGRE)  ұжым  мүшесі  атанды.  Ол  электр 

энергетикасының  барлық  саласында  жұмыс  істейтін  1000-нан  астам  ұйымдарды  және  6000-нан 

астам сарапшыларды біріктіреді. Астана қаласында «KEGOC» АҚ-ның төрағалық етуімен өңірлік 

электр энергетикасындағы ең маңызды іс-шаралардың бірі – Орталық Азияның Үйлестіру Электр 

энергетикалық  Кеңесінің  (Орталық  Азияның ҮЭК)  25-ші  отырысы  өткізілді.  Оған  Қазақстан  мен 

Орталық Азия энергетикалық жүйелерінің бірінші басшылары қатысты.    

«KEGOC»  АҚ  үшін  ең  маңызды  қызмет  бағыттарының  бірі  бұл  әлеуметтік-еңбек 

қатынастары болып табылады. 2016 жылы  «KEGOC»  АҚ мен еңбек ұжымы арасында 2016-2020 

жылдарға  арналған  жаңа  Ұжымдық  шартқа  қол  қойылды.  Бұл  Ұжымдық  шарт  Қазақстан 

Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер есепке алынып, сонымен қатар жұмыс 

беруші мен қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынастардағы әлеуметтік серіктестіктің рөлі 

күшейтіліп әзірленді.      

Жалпы  алғанда  «KEGOC»  АҚ  жүргізіп  жатқан  кадр  саясаты  оң  нәтижелер  беруде. 

«Самұрық-Қазына»  АҚ  компаниялары  тобындағы  әлеуметтік  тұрақтылық  рейтингінің  жоғары 

болуы (82%) осының дәлелі болып табылады.     

2016  жылы  TUV  NORD  Cert  (ГФР)  сертификаттау  органы  «KEGOC»  АҚ  біріктірілген 

менеджмент жүйесінің  сапа менеджменті  (ISO 9001), экология менеджменті жүйесі (ISO 14001), 

кәсіби  қауіпсіздік  және  денсаулық  қорғау  менеджменті  жүйесі  (ISО IEC  27001)  саласындағы 

халықаралық  стандарттардың  талптарына  сәйкестігін  растап,  Компания  жұмысының  тиімділігін 

дәлелдеді.  

2017  жылы  «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік  транзитінің  500кВ  ӘЖ-сін  салу»  ірі  ауқымды 

инвестициялық  жобасының  екінші  кезеңін  іске  асыруды  жалғастыратн  болады.  Келешекте  біз 

Батыс  аймақты  Қазақстан  Республикасының  Біртұтас  электр  энергетикалық  жүйесімен  біріктіру 


мақсатында  Ұлттық  электр  торабын  дамыту  жөніндегі  бірқатар  жобаларды  іске  асыруды 

жоспарлап отырмыз.     

«KEGOC»  АҚ  Бизнесті  трансформациялау  бағдарламасы  бойынша  жұмыс  жалғасуда  және 

2017  жылы  Бағдарламаның  шешуші  кезеңіне  –  26  жобаны  қамтитын  Жобалар  портфелін  іске 

асыруға кірісеміз. Жобаларды іске асыру резервтерді тиімді пайдалану арқылы Компания  құнын, 

еңбек  өнімділігін  арттыруды  қамтамасыз  ету  және  озық  басқарушылық  тәжірибені  ендіру 

бойынша әлеуеті жоғары перспективалық қызмет бағыттарына назар аударуға мүмкіндік береді.   

Жалпы алғанда 2017 жылы «KEGOC» АҚ барлық қызмет бағыттарының тиімділігін арттыру 

үшін  жұмысты  жалғастыратын  болады  және  саладағы  өз  көшбасшылық  ұстанымын  және 

акционерлер мен серіктестердің сенімдерін сақтайтынына сенімдімін.      

 

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

                             Бақытжан Қажиев  

 

 

 

 

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал