Коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған әдіс-тәсілдер



жүктеу 45.19 Kb.

Дата12.09.2017
өлшемі45.19 Kb.

коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған әдіс-тәсілдер. 

 

Курманбекова М.Д аға оқытушы 

АЭжБУ, Алматы 

 

Аннотация  

        Берілген  мақалада  ағылшын  тілі  сабағында  оқушылардың  бойында 

коммуникативтік  дағдыларды  дамытуға  арналған  әдіс-тәсілдер  баяндалады. 

Шет  тілін  үйренудің  аралас  әдісі,аралас  әдісі,аудио-лингвалық    сияқты  әдіс 

түрлері,тіл үйренудің алғышарттары мақалада толығымен суреттеледі. 

     Кілттік  сөздер:  грамматикасы  көрнекіліктер,  табиғи  әдіс,  лексиканың 

семантизациялану принципі, фонетика мен дыбыстау.  

        Шет  тілін  үйрену  барысында  ауызекі  тілін  жетік  меңгерудің  маңызы  өте 

үлкен. Көптеген әдіскерлер,тәлімгерлер ауызекі сөйлеу тілін дамытуға арналған 

әдіс  тәсілдерді  зетрттуге,құрастыруға,оларды  оқушының  санасына  жететіндей 

жұмыр  болып  щығуы  үшін  талай  еңбек  сіңірген  .Сондай  әдіс  тәсілдердің 

кйбіреуіне  тоқталайық.   

 

 

Өткен  ғасырдың  алпысыншы  жылдары  АҚШ  та  және  бірқатар  шет 



елдерде  аудио  линвалық  әдіс  кеңінен  тарай  бастады.Бұл  әдістің  негізін 

қалаушылар    Ч.  Фриз  және  Р.  Ладо  болды.  Бұл  әдіс  алғашында  үлкен 

адамдарды  шет  тіліне  үйрету  мақсатында  ойластырылған  болатын.Бірақ  бұл 

әдістің тұжырымдары мектептегі оқыту әдістемесіне де әсерін тигізді. 

Оқудың  бұл  түрінің  негізгі  мақсаты  ретінде  оның  негізін  қалаушылар 

үйреніп жатқан тілді жан жақты меңгеру немсе тілдік іс-әрекеттің ,тілдік қарым 

қатынастың  барлық  түрлерін  меңгеру  деп  қарастырды.  Тілдік  қарым 

қатынастың  барлық  түрлерін  меңгеру  дегеніміз  әр  халыққа  тән  тілдік 

ерекшеліктерді жете меңгеру және ұлттың мәдениетімен жан жақты таныс болу 

деп қасрастыруға болады. 

Ұлттың  мәдениетімен,  жүйесімен  таныс  болу  үшін,  сол  ұлттың  тілдік 

ерекшеліктеріне  нұқсан  келтірмей  сөйлеу,  үшін  алдымен  авторлар  тіл  үйрену 

әдісін  екі  топқа  бөлді.Бірінші  деңгейде  оқушылар  тілін  үйреніп  жатқан  елдің 

мәдениеті  мен салт дәстүрін,риялиаларын жартылай меңгерсе; екінші деңгейде 

олар толықтай  меңгеруі тиіс болды. Бұл әдістің негізгі принциптары болып [1] 

-

 



Тілді  үйренудің  алғы  шарттары  болып  ауыз  екі  сөйлеу  тіліне  үйрену 

болып табылады; өйткені тіл табиғаты бойынша дыбысқа жатады. 

-

 

 Тілдік материалды меңгеруді тілдің теориялық негізіне емес; түп нұсқаға 



ұқсатып дыбыстау арқылы жүзеге асыру керек. 

-

 



Ана  тілімен  аударма  тілдінің  сәйкессіздіктеріне  байланысты  бүл  әдіс 

барысында  аударма  қолданылмауы тиіс;сонымен қоса дыбысталуды үйреткен 

кезде  ана  тілмен  үйреніп  жатқан  шет  тілдің  арасындағы  дыбыстық 

ұқсастықтарды пайдалана отырып үйреткен жөн. 

Бұл  әдістемелік  бағыттың  ерекшелігі    шет  тілін  үйренудің  мазмұнын 

анықтау  болып  табылады.Әдістің  негізін  қалаушылар  тілдің  негізін  оның 

дыбыстық жұйесі және құрылымы құрайды деп айтып кеткен. Р. Ладо екі тілдің 

арасындағы  ең  маңызды  айырмашылық  олардың  сөзерінде  емес,әр  тіл  өзіне 



ғана  тән  сөйлемдер  моделінің  жүйесінен,  өзіндік  екпіннен,дауысты  және 

дауыссыз  дыбыстар  жүйесінен,  интонациясынан  тұрады  , сол себептен тілдің 

дыбысталуына жете көңіл болу дұрыс деген.  

Жоғарыдағы  айтылғанға  байланысты  оқу  курсының  құрамына  тілдің 

дыбыстық жүйесіне қатысы бар ерекшеліктердің барлығы кіруі тиіс. Оқытудың 

бірлігі  ретінде  сөйлемдер  құрауға  негізделген  жүйелер  қарастырылады.Тілдік 

жүйелер  оқушылардың  деңгейіне  байланысты  оңайдан  қиынға  қарай  өсіп 

отыруы  керек.Бастапқы  кезеңдегі  тілдік  материал  суреттер,схемалар  арқылы 

берілуі  тиіс.Барлық  сөздер  төрт  топқа  бөлінуі  тиіс  олар:грамматикалық 

функциялар  атқаратын  сөздер,есімдіктер,болымды  және  болымсыз  мағына 

беретін сөздер және ортақ сөздер. 

Бұл  әдіс  бойынша  оның  негізін  қалаушылар  оқу процессіне байланысты 

әдістемелер  жасамаған,  олардың  ойынша  оқу  және  жазу  дағдылары  тек  қана 

жақсы түсініп, сөйлей алатын оқушыларда ғана қалыптасады .[2] 

Сол  себептен  шет  тіліне  үйретудің  аудио  лингвалық  әдісі  тек  ауыз  екі 

сөйлеу тіліне  үйрететін әдіс болып табылады. 

Ауызекі  сөйлеу  тілін  дамытуға  арналған  әдіс тәсілдердің келесі бір түрі -

Табиғы әдіс.Бұл әдістің негізгі принциптары төменгілер:  

-

 

Ауызекі сөйлеу тілін  дамыту. 



-

 

Тілдік  материалды  түсіну  жалпылама  емес  толық  болуы  керек.Шет 



тілінің  сөздері  іс  әрекетпен  немесе  пәнмен  байланысуы  керек,грамматика 

интуитивті  түрде  санаға  жетуі  керек,сонда  бұл  процесс  жас  балаға  ана  тілін 

үйреткендей нәтиже береді. 

-

 



Материалды меңгеру тілдің түпнұсқасына ұқсату арқылы өтеді. 

-

 



Сөздердің мағынасы, грамматикасы көрнекіліктер арқылы іске асады. 

-

 



Жұмыстың негізгі формасы диалог болуы тиіс 

-

 



Тілдік  материал  алдымен  тыңдалуы  керек,  сол  кезде  дыбыстау 

қалыптасады.Одан саң ауызша жұмыстар жүргізіледі. 

-

 

Табиғи  әдістің  келесі  бір  өкілі  М.  Вальтер.  Ол  шет  тілін  үйренуді 



оқушылардың  белсенді  іс  әрекеттерімен  және  қоршаған  ортаға  деген 

қызығушылығымен  байланыстырды.  Соған  байланысты  ол  оқытуды  тілін 

үйреніп жатқан елмен тығыз байланыстыруға тырысты. 

-

 



Оның  ойынша  белгілі  бір  суретті  суреттеу  барысында  оның 

көлеміне,пішініне,түсіне  көңіл  аудару  керектігін  айтты.Сонымен  қоса  ол 

сөздерді 

синонимдар, 

антонимдар, 

біртүбірлі 

сөздер,  тақырыптық 

принциптарына  байланысты  топтастыру  принципін  ұсынды.Сөздерді  есте 

сақтау  негізі  ретінде  асоцациялық  психологияда  айтылғандай  сөздер 

ассоцациялау кезінде жақсы есте сақталады деген тұжырым негізге алынды.  

-

 

Ең алдымен табиғи әдістің жақтаушылары лексиканың семантизациялану 



принципин ұсынды. 

-затты көрсету,іс қимылды мимика арқылы жеткізе білу; 

- сөздің мағынасын синонимдар, антонимдар, анықтауыштар арқылы ашу; 

-контекст арқылы сөздің мағынасын ашу. 

Тіл  үйренудің  тура  әдісі.  Бұл  әдістің  жақтаушыларының  негізгі  мақсаты 

тілді  практикалық  түрде  меңгеру  болып  табылады.Ал  тілді  практикалық 



деңгейде  меңгеру  дегеніміз  ауыз  екі  тілін  дамыту  болып  табылады.Сонымен 

қоса  олар  ауыз  екі  сөйлеу  тілін  дамытумен  қатар  оқудың  да  маңызын  жоққа 

шығарған жоқ.[3] 

Тура  әдіс  арқылы  шет  тілін  оқытудың  принциптарына  келесілерді 

жатқызуға болады. 

-

 



Оқудың  негізіне  ауыз  әдебиеті  алынады.  Әр  тіл  табиғаты  бойынша 

дыбыспен  байланысты  болғандықтан  алдыңғы  қатарға  дыбыстық  және 

кинестетикалық сезімдер қойылады. 

-

 



Ана тілі мен аударманың оқу барысында мүлде қолданылмауы.Әр халық 

өзіндік  түсіну  жүйесіне  ие  болғандықтан,  шет  тіліндегі сөз ана тіліндегі сөздің 

аудармасының мағынасына дәл келмеуі мүмкін. 

-

 



Фонетика  мен  дыбыстаудың  дұрыс  жолға  қойылуына  зор  мән 

берілді.Тілдің дыбыстық жағын меңгеру ол шет тілінде тілдік қарым қатынасты 

сауатты  түрде  құрудың  кепілі  болып  табылады.Сондықтан  да  дыбастауды 

жолға қоюдың тіл үйренудегі маңызы зор. 

          Бұл әдісте грамматиканы индукция негізінде үйрену ұсынылады.Жоғары 

деңгейде  талқыланған  мәтін  негізінде  студенттер  мәтінге  зерттеулер 

жүргізіп,сол  зерттеу  нәтижесінде  қортындылар  жасап,грамматикалық 

ережелерді қайталап тұжырымдап отырған.  

Түра  әдіспен  өткізілетін  сабақ  төменгідей  құрастырылған:  оқытушы  заттарды  

суреттер арқылы ұсынады,оқушылар қайталайды,сұраққа жауап береді,суретке 

қарап әңгімедейді, лексикалық жаттығулар жасайды.Сабақ мазмұнын айту мен 

диалог  құру  арқылы  аяқталады.Егер  әістің  негізіне  мәтін  алынса, мұғалім оны 

үш  қабат  оқып,жаңа  лексикамен  жұмыс  өткізеді,  содан  кейін  жаттығулар 

жасалып, мәтін транскрипция арқылы оқылып ,соңында түпнұсқа оқылады. 

Бұл  әдіс  туралы  сөз  қозғағанда  тілдің  дыбысталу  ерекшеліктеріне  көңіл    

бөлінетінін  және  дыбыстауды  жолға  қоюға  арналған  бағыттарын  айта  кету 

керек. 

Шет тілін  үйренудің аралас әдісі.[4] 



Бұл  әдістің  жақтаушылары  тіл  үйрену  тек  қана  практикалық  мақсатқа 

ғана емес; сонымен қоса жалпы білімдарлық және тәрбиелік мақсатқа ие болуы 

керек  деп  ойлаған.  Жалпы  білімдарлық  талапқа  байланысты  тіл  үйрену 

барысында    тек  қана  тілдін  үйреніп  жатқан  елмен  танысу  ғана  емес,  сонымен 

қоса  бір  ой  әр  түрлі  тілде  түрліше  жеткізілетінін    түсіну  болып  табылады.  Ал 

тәрбиелік  мақсатқа  байланысты  оқушының  бойында  басқа елдің мәдениетіне , 

тіліне,  салт  дәстүріне  құрметпетпен  қарау  сияқты  сезімдерді  қалыптастыру 

және  дамыту  болып  табылады.  Ал  практикалық  мақсатына  келетін  болсақ  ;ол 

оқу,ауызекі  сөйлеу  тілін  дамыту,тыңдау  сияқты  дағдыларды  қалыптастыруға 

бағытталған.Жазу тек тіл үйрену құралы ретінде қарастырылды. 

 

 

 



 

Қолданылған әдебиеттер 

 


1.Lado  R.  Patterns  of  Difficulty  in  Vocabulary//  Teaching  English  as  a  Second 

Language.  - New York, 1965 

2.Пальмер Г. Устный метод обучения иностранным языкам. — М., 1960. 

 3.Луховицкий М.В. Методика обучения иностранным языкам 

  4.  Носонович  Е.В.  Методическая  аутентичность  в  обучении  иностранным 

языкам. // Иностр. языки в школе. – 2000. 

5.Интернет желісі 

 

Резюме 



        Встатье рассматриваются методы для развития устной речи при изучении 

иностранного языка. 

        В статье так же уделяется  внимание    коммуникативной   цели  обучения  

грамматике  в  средней  школе, которая  позволяет сформулировать  основное  

требование    к    объему    грамматического    материала,  подлежащего  усвоению  

должен  быть  достаточным  для пользования языком как средством общения в 

заданных    программой    пределах    и  реальным  для  усвоения  его  в  данных 

условиях 

Resume 

        The  article  deals  with  the problem of methods in studying of foreign languages. 



The  article  also  describes  the  ways  of  increasing  of  the  communicative  abilities  of 

students. 

         

The  article  also  focuses  on  the  communicative  goal  of learning grammar in high 

school,  which  allows  us  to  formulate  the  basic  requirement  for  the  volume  of 

grammatical material to be mastering should be sufficient for the use of language as a 

communication  tool  within  the  specified  range and the actual program to assimilate it 

in these conditions 

 

 

 



 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал