Коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



жүктеу 60.95 Kb.
бет2/5
Дата10.11.2022
өлшемі60.95 Kb.
#23625
1   2   3   4   5
Қазақстан тарихы 22-23 оқу жылы
аманжолов маияр, Мендыбаев Айдын ПТР 114-113
Байланыс ақпараты: Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Маресьев көшесі, 68-үй. Бас ғимарат, 6-қабат. Кафедра телефоны: 56-80-62; электронды почтамыз: kafedra.ogd@mail.ru
Пән саясаты: Кафедраның жалпы талаптары – білім алушы университет Жарғысы мен ережелерін сақтап, сыртқы киімі мен келбеті лайықты кейіпте болғаны жөн, сабаққа кешікпеуі, қоғамдық-этикалық нормаларды сақтай білуі, оқу құралдарының болуы керек.
Пәннің саясатына қойылатын жалпылама талаптар мына бөлімдерді қамтиды:
1. Оқу процесін ұйымдастыру. Кафедра факультеттер мен курстардағы сабақ кестелеріне, оқыту формаларына сай оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады. Білім беру процесінің формаларын жетілдіреді. Студенттердің үлгерімінің ағымдағы бақылауын сабақ кестелеріне сай жүргізеді. Білім алушылардың аралық бақылауы оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі.
2. Білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз ету.Силлабустардың электрондық нұсқасы студенттерге кафедрада және «Платонус» ААЖ мен Moodle платформасы арқылы ұсынылады. Кеңес берулер кестелері, ҒСҚ жүргізу кестелері, кафедра қызметкерлерінің жұмыс кестелері кафедраның ақпараттық стенділеріне ілінеді. Білім алушыларды уақтылы хабардар ету мен рейтингтік бағалары туралы ақпарат ОПҚ тарапынан сабақтар кезінде беріледі.
3. Білім алушыларға қойылатын талаптар: Студенттердің практикалық сабақтар мен дәрістерге қатысуы міндетті. Киім үлгісі ішкі нормативтік талаптарға сай. Айыптық шаралар «Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де білім беру процесін ұйымдастыру туралы ережелерге» сай жүзеге асырылады. Жіберілген сабақтардың өтелуі өтем сабақтарын тіркеу журналында тіркеледі. Жіберген сабақтарына өтем жасамаған білім алушылар, аралық бақылау тапсыруға жіберілмейді. өтем жасағаннан кейін аралық бақылауға деканаттың рұқсат қағазымен жеке кесте бойынша жіберіледі. өтем жасамаған немесе жіберілу рейтингін ала алмағандары аталмыш пәннен қорытынды бақылау тапсыруға жіберілмейді.

* Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, Білім алушылардың Ар-Намыс Кодексіне, Академиялық адалдық кодексіне, Университет Жарғысына қатаң сәйкестендірілуі тиіс.





  1. Кіріспе «Қазақстанның тарихы» пәні барлық мамандықтардың 1 курстарына оқытылатын міндетті компонент пәні. Бұл пән білім алушыларды Қазақстанның ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы жан-жақты оқып-үйренуге көмектеседі. Пән жас ұрпаққа тарихи-әлеуметтік және қоғамдық-саяси және рухани білімдер мен біліктерді сіңіруге бағытталған.

Бағдарлама 5 тақырыптық блоктан тұрады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).

жүктеу 60.95 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет